1. Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан.
2. Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі – мәселені қарап, реттеп, шешім қабылдаған кесімдері басқа істерді, реттеп шешуге негізгі норма бола алады. Бұл шешімдер нормативтік актілердің бір түрі.
3. Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: Германия Федеративтік Республикасы мен Германия Демократиялық Республикасының бірігу шарты, мемлекеттердің арақатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
4. Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі. Сондықтан бұл кесімдер құқывқтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдум жалпы мемлекеттік түрде және жергілікті мақсатпен өткізіледі.
5. Нормативтік-құқықтық кесім – мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен кесімі. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігі осы нормативтік кесімдер арқылы реттеліп, басқарылады.