I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



жүктеу 1.47 Mb.
бет1/3
Дата10.05.2022
өлшемі1.47 Mb.
#19653
  1   2   3
Саясаттану Сөж 03

HAIBAO PPT MORE THAN TEMPLATE
Add your text
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Саяси ойлар тарихындағы барлық кезеңдердегі басқарудың түрлерін
Жоспары
I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1. Саяси көшбасшылық:ұғымы, мәні 2.2. Көшбасшылық теориясы 2.3. Көшбасшылықтың ерте теориялары 2.4. Саяси көшбасшылық түрлері III.Қорытынды
Кіріспе
  • Бүгінгі күнде көшбасшылық мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология көшбасшының тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану көшбасшылықты әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология көшбасшылықты әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал, саясаттану саяси көшбасшылықты билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.Ғалымдардың пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған сәтте сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт.
  • Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшыға тән қасиеттер:Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;Бастамашылдығы;Өзіне-өзінің сенімділігі;Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті. «Саяси көшбасшы» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді. Көшбасшылық – ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі көшбасшы әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады.


жүктеу 1.47 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет