І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік



жүктеу 297.22 Kb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата08.02.2022
өлшемі297.22 Kb.
#17071
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
1-лекция
В.  Радлов  әсіресе  дауыстылардың  сингармонизміне  айырықша  назар  аударады.  Оның 

жазуында  қазақ  сөздері  бірыңғай  жуан  немесе  бірыңғай  жіңішке  болып  келеді.  Осы  к‰ні  аралас 

буынды  болып  бытысып  ж‰рген  сөздердің  тұрпаты  оның  жазуында  бізге  жат  көрінері  анық: 

кәдір//қадыр  (кадір)‚  қажат  (қажет)‚  қасыйат  (қасиет)‚  қата  (қате)‚  қуа  (куә)‚  қуала  (куәлә)‚ 

қуалы (куәлі)‚ қуалық (куәлік)‚ кетер (қатер)‚ кемтер (кемтар)‚ көрөк (қорек)‚ қ‰рмөт (құрмет)‚ 

к‰д‰рөт (құдірет)‚ кізмет//к‰змөт (қызмет)‚ мыман (мейман)‚ мейрем (мейрам)‚ мымандостық 

(меймандостық)‚ қытап (кітап)‚ әкірет (ақырет) т.б. 

В.  Радлов  тіл  ‰ндестігіне  зор  мән  береді,  ерін  ‰ндестігі  кейін  пайда  болған  деп  оның  мәнін 

төмендетеді. Алайда оның өз жазғандарынан қазақ тілінде де ерін ‰ндестігі мықты екендігіне көз 

жеткізу  қиын  емес.  Оның  “Образцы  народной  литературы  тюркских  племен”  дейтін  көп  томды 

еңбегінің 3-томы  т‰гелдей  қазақ  ауыз  әдебиетіне  арналған.  Сондай-ақ  “Опыт  словаря  тюркских 

наречий”  дейтін  атақты  сөздігінде  де  қазақ  сөздері  мол  қамтылған.  Бұл  сөздерді  барынша 

айтылуына  жуықтатып  жазғанын  ескертеді.  Бұдан  біздің  бабаларымыз  еріндік  дауыстыларды 




 

5

тежемей,  сөздің  өн  бойында  айтқанын  анық  аңғарамыз.  Сөздіктегі  қазақ  сөздерінің  жазылуы 



мынадай болып келеді: б‰лд‰ргөн, б‰лд‰ргө, б‰рмөлө, б‰ркөнд‰р, б‰ркөнш‰к, б‰гөжөк, б‰гөжөктө, 

бөлт‰р‰к,  бөдөнө,  бөпө,  бөбөш‰к,  жұд‰рұқ,  жұлдұздұ,  жөндөнд‰р,  көг‰лд‰р,  ж‰рөкс‰зд‰к, 

көң‰лшөк,  көр‰мд‰к,  көргөнд‰,  көз‰лд‰р‰к,  көлөңкөл‰,  к‰ң‰рөнд‰р,  к‰лд‰рөу‰ш,  төңөрөктө, 

тоқтаусұз,  төбөлөст‰р,  тұмұлдұрұқ,  т‰ймөлө,  т‰ймөл‰,  т‰гөндө,  т‰ң‰лд‰р  т.б.  Сондай-ақ 

дауыссыз у-дан кейін де қысаң езуліктер тұра алмайтынына көз жеткізуге болады: әуө, әуөс, әурө, 



дәукөс,  дәурөн,  дәулөт,  кеудө,  байлаулұ,  байлаусұз,  жауұрұндұ,  жаурұншұ,  жолаушұ,  зауұқшұл, 

сәуөгөй,  сәурук,  сөулө,  сілеус‰н  т.б.  Бұдан  қазіргі  тілдің  бабалар  айтуынан  алшақтап  кеткенін 

аңғару қиын емес. 

А.Е.  Алекторовтың  “Киргизская  хрестоматия” (ч.  І. 1998) кітабынан  орұндұқ,  к‰зөндөр, 

с‰йөктөру, өлшөулөр‰, туйөлөр сияқты жазылған сөздерді көреміз. 

“Краткий  русско-киргизский  словарь” (Оренбург, 1894) 66 беттен  тұрады.  Мұнда  да 

еріндіктердің  жазылуына  назар  аудардық:  б‰лд‰ргөн,  б‰ргө,  бұйрұқ,  ж‰рөк,  көң‰л,  мойұн,  құзғұн, 

б‰рк‰т, өт‰р‰к, ‰йрөк, дауұл, жауұн, тауұқ т.б. осылай жалғаса береді. Мұнда еріндіктер көбінесе 

екінші буынмен шектелген. Сондай-ақ, қара бұйдай деген жазу кездеседі. Бұдан әлдеқайда толық 

(494 бет) сөздік “Русско-киргизский словарь” 1899 жылы Орынборда жарық көрді. Мұнда еріндік 

дауыстылар 3-4-буындарда  кездеседі:  ж‰ргөндө,  ж‰рөкту,  көз‰лд‰р‰к,  к‰йд‰рөт‰н,  өт‰р‰к, 



‰йлөнд‰р, ‰лөстөс т.б. Бидай бұйдай, бійдай т‰рде жазылған. 

1899  жылы  Қазаннан  шыққан  Н.М.  Пантусовтың  “Материалы  к  изучению  сартовского 

наречия тюркского языка” деген кітабында қазақша бір ертегі берілген. Ертегінің транскрипциясы 

қазақ сөзінің айтылуын аңғартады. 

Қазақ  тілі  жөнінде  XІX  ғасырда  жазылған  елеулі  еңбек  академик  В.В.  Радловтың  шәкірті 


жүктеу 297.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет