І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік



жүктеу 297.22 Kb.
Pdf просмотр
бет2/17
Дата08.02.2022
өлшемі297.22 Kb.
#17071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1-лекция
    Навигация по данной странице:
  • қазір
Фонетика  (грекше phonetіkos – дыбыстық) – дыбыс  туралы  ілім,  тілдің  дыбыс  ж‰йесін 

зерттейтін  тіл  білімінің  бір  саласы  (оны  қазақ  тілінің  дыбыс  ж‰йесіне  лайықтап  пәнетике  деп 

айту, жазу жөн болар еді). Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс ж‰йесі 

деп алған. Әзірше бұл екеуі синоним т‰рінде қолданылатынын ескеру керек. 

Дыбыс  ж‰йесі  қарастыратын  мәселелер:  тіл  дыбыстарының  пайда  болуы,  олардың  т‰рлері, 

іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, ‰йлесіп, ‰ндесіп тіркесіп тұрудың тетігі, буын, 

екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б. 

Тіл  мәдениеті  сөздерді  айтуда  да,  жазуда  да  бірізділіктің  болуын  талап  етеді.  Кезінде 

тіліміздің  дыбыс  ж‰йесі,  дыбыс  заңдары  жете  ескерілмегендіктен,  қазіргі  айту,  жазуымызда  ала-

құлалық,  ақау  көп  (бұған  осы  кітапты  оқып  шыққанда  көз  жететін  болады).  Мысалы,  алдыңғы 

сөйлемде  кездесетін  қазір  сөзін  емлені  құрметтеп,  осылай  жазып,  айтатындармен  қатар  қазыр 

көбіне кәзір т‰рде қолдану да жарысып ж‰р. Олай болатыны, аралас (жуанды-жіңішкелі) буынды 



қазір  сөзі  тіліміздің  ‰ндестік  заңымен  ‰йлеспейді.  Фонетиканы  жете  меңгергенде  ғана  тіліміздің 

дыбыстық  ж‰йесін,  дыбыстардың  сырын  дұрыс  т‰сініп,  әлгіндей  ‰йлесімсіздікке  жол  бермеуге 

болады. 

Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та 

құбылыстарға  ғылыми  т‰сінік  беру,  өзімізге  мектептен  таныс  қатаңдану,  ұяңдану  сияқты 

дыбыстық  өзгерістерді  т‰сіндіру‚  қазіргі  жазудың  сырын  т‰сіну  қиын.  Фонетика  тіліміздегі 

бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, 

тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге м‰мкіндік береді. 

Мәселен:  қазіргі  емле  бойынша,  қос  сөз  т‰рінде  жазылып  ж‰рген  жапа-тармағай  сөзі 

Досмұхаметұлы Халелдің айтуынша, арабтың жамхан, туран, мағхан (бәрі бірге ұмтылу) деген 

сөздерінен шыққан

1

. Жат сөздердің тіліміздің дыбыстық заңына орай өзгеріске ұшырауы – заңды 



құбылыс.  

Ана  тіліміздегі  дыбыстардың  артикуляциясын  жетік  білу  шет  тілін  дұрыс  меңгеру,  қазіргі 

ақпарат‚  байланыс  құралдарын  жетілдіру  ‰шін  де  қажет.  Техниканың  т‰р-т‰рі  дыбыс  арқылы 

басқарылатын дәуір қарсаңында тұрғанымызды да ескермеске болмайды. 




жүктеу 297.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет