І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік


Мелиоранский  де  В.  Радловтың



жүктеу 297.22 Kb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата08.02.2022
өлшемі297.22 Kb.
#17071
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
1-лекция
Мелиоранский  де  В.  Радловтың  ізімен  л  дыбысын  (жуан-жіңішке)  екеу  етіп  алады  және 

дауыссыздардың  қатарына  дж  дыбысын  қосады  да,  д-ны  анық,  айтпау  керек,  ол  батыс 

қазақтарының тілінде тіпті сезілмейді дегенді айтады. Ол ‰нді у дыбысын онымен қатар келетін 

дауыстымен біріктіріп қосарлы т‰рде (ау, еу, уа, уә т. б.) қарайды. Мұндай дыбыстардың жоқ екені 

бізге мектептен таныс. 

П. Мелиоранский аталған дыбыстардың араб, орыс жазуында қалай таңбаланатынын, қалай 

айтылатынын (дыбысталатынын) тәптіштеп т‰сіндіреді. 

Дауыстыларды  жуан,  жіңішке,  ашық,  қысаң  деп  ажыратады.  Сингармонизм  заңына  зор  мән 

беріп,  дыбыстар  ‰ндестігін  жап-жақсы  т‰сіндіреді.  Сөздердің  бірыңғай  жуан  не  жіңішке  болып 

келетінін,  еріндік  дауыстылардың  ‰шінші  буыннан  кейін  әлсірейтінін  мысалмен  (көр‰ст‰рдіңіз 

деген сияқты) көрсетеді. 

Сөйте  тұра,  еріндіктерді  шектеу  байқалмайды:  төрөлөрд‰ң,  төрөлөргө,  төрөлөрдөн, 

төрөлөрдөй,  төрөлөрду  деп  септеп,  ж‰дөгөйм‰н‚  ж‰дөгөйсің,  ж‰дөгөйм‰з‚  ж‰дөгөйс‰з  т‰рде 

жіктейді. 

Бірсыпыра  сөздерді  В.  Радловтың  еңбектерінен  алғанын  дәлелдеу  ‰шін  кітаптың  бетін,  тіпті 

жолына  дейін  көрсетіп  отырады.  Мәселен,  к‰йөу‰мнөн  (326, 6), суйрөтулгөннен  (323, 21). 

Қысқасы,  В.  Радлов,  П.  Мелиоранскийлер  қазақ  тілінде  еріндік  дауыстылардың  қолданылуын 

теориялық жақтан (‰ш буынмен) шектегенмен, іс ж‰зінде (жазуда) ерін ‰ндестігі толық сақталған. 

Бұл – қазіргі қазақ тілі туралы айтқанда есте болатын маңызды фактор. 


жүктеу 297.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет