І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік



жүктеу 297.22 Kb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата08.02.2022
өлшемі297.22 Kb.
#17071
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1-лекция
    Навигация по данной странице:
  • Сөйлеу


 

1

І. КІРІСПЕ 

 

ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ Т‡СІНІК 

 

Адамдар  арасындағы  тілдік  қатынас  екі  т‰рде  болады:  ауызша  және  жазбаша.  Мұның 

алдыңғысы  сөйлеу  арқылы,  кейінгісі  жазу  арқылы  іске  асады.  Сөйлеу – іштегі  ойды  дыбыс 

арқылы  сыртқа  шығару,  айту.  Бұл – адамзатпен  бірге  жасасып  келе  жатқан  ең  көне,  ең  негізгі 

қаруЖазу – сөйлеудің қағазға т‰скен бейнесі. Бұл бертінде пайда болды. Мәселен, қазақ халқы 

ХХ-ғасырдың орта тұсынан бері ғана жаппай сауатты елге айналды. 

Адам  баласының  тілі – дыбыстық  тіл.  Жеке  тұрғанда  мән-мағынасыз  көрінетін  дыбыстар 

бірімен-бірі  ұстасып,  берік  қиюласып  сөзді  жасаса,  сөздерден  сөз  тіркестері,  сөйлемдер 

құралатыны  белгілі.  Бұдан  сөздердің  қаңқасы  да,  қаны  да,  жаны  да  дыбыстар  екенін,  сөйлеу  де, 

жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір с‰ретінін аңғару қиын емес. 

Тілдің дыбыстық жағы – оның өмір с‰ру амалы. Тілдегі санаулы ғана дыбыс сөздік құрамға 

енетін  әлденеше  мың  сөздің  құрамында  белгілі  бір  тәртіппен  қиюласып,  тіркесіп  қайталану 

арқылы дыбыс ж‰йесінтілдің бет пішінін, болмысын айқындап, өзге тілдерден ерекшелендіреді. 

Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған алғашқы к‰ннен бастап жеке дыбыстарды айтып, 

олардың  таңбалары – әріптерді  жазып  ‰йренеміз.  Бертін  келе  дыбыстарды  дауыстылар, 

дауыссыздар  деп  бөліп,  дауыстыларды  жуан-жіңішке,  ашық-қысаң,  еріндік-езулік  деп, 

дауыссыздарды ‰нді, ұяң, қатаң деп жіктеп, олардың сөз ішінде біріне-бірі ықпал жасап, ‰ндесіп 

тұратынын,  дыбыстардың  айтылу,  жазылуындағы  кейбір  ерекшеліктерді,  буын‚  екпін  сияқты 

ұғымдарды пайымдауға тырыстық. Мұны танытатын ғылым фонетика деп аталатынын да білеміз. 


жүктеу 297.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет