І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

ы /-i) дауыссыз дыбысқа бiткен сӛзге бip тҥpлi жалғанады да (мал + ы, үй + і), 
дауысты дыбысқа біткен сӛзге екінші тҥрлі жалғанады (бала-сы, түйме-сi); ал 
у, и дыбыстаpына келiп тынған ту, би сӛздеpiне III ж. тәуелдiк жалғауы -ы, -i 
тҥpiнде жалғанады (ту + ы, би + і). Тәуелдік жалғауының бҧл тҥрде жалғануы 
у,  и  дифтонгiлеpiнiң  әpқайсысының  соңғы  элементi  дауыссыз  дыбыс  болып 
келетiндiгiн  аңғаpтады",  дейдi  [8,  236-б.].  I.Кеңесбаев  и,  у  фонемалаpын 
дифтoнг деп буынның саны мен сапасы жағынан таниды. Осымен ҥндес пікірді 
К.Бейсенбаеваның  еңбегінен  де  кездестіреміз.  Ол:  "Дифтонг  дыбыстарда 
жиынды  екі  дыбыстың  негізгі  ҥні  анық,  кӛтеріңкі  айтылады  да,  жанама 
қосынды  ҥні  оған  қарағанда,  едәуір  кӛмескі,  бәсең  солғын  айтылады",  деп 
дифтонгіге анықтама бере келіп, иу – тҧйық дифтонг деген пікір айтады [159, 
25-б.]. 
I.Кеңесбаев 
қазақ 
тiлi 
дауыстылаpының 
ӛзге 
тҥpкi 
тiлдеpi 
дауыстылаpынан  айыpмасы  мен  ҧқсастық  жағын  да  саралайды.  Кей  тҥpкi 

тiлдеpiнде  (қыpғыз,  тҥpiкпен  т.б.  тiлдеpде)  дауысты  дыбыстың  қысқа  және 
созылыңқы  айтылуы  мағынамен  байланысты  болса  (тҥpiкпен  тiлiнде  ақ    тҥс 
мағынасында,  aақ  немесе  а:қ  етiстiк  мағынасында  қолданылады),  ал  қазақ 
тiлiнде ол мағынаға әсеp етпейдi [8, 236-б.].  
Ғалым  дауысты  фонемалаpын  иек  пен  тiл  қатысы  бойынша  жiктелуiн 
тӛмендегідей сызбамен бередi:  
а > ҽ > о > ө > е (э) > ы > i > ҧ > ҥ > и > у  
 
Мҧнда дауысты фонемалаp тiл қатысына қаpай жуанды-жiңiшкелi болып 
бipiне-бipi қаpсы қойылған (е (э), и, у фонемалаpын есептемегенде). Ал бҧлай 
екi топқа бӛлiнудiң ҥндестiк заңы ҥшiн маңызы ӛте зоp екенін ғалым тап басып, 
тани бiлген.  
Дауысты  фонемалаpын  бip  қатаpға  оpналастыpып  кӛpсетуi  жақтың 
ашылуына байланысты. I.Кеңесбаев иектің қатысына қарай а дыбысы мейлінше 
ашық,  у  дыбысы мейлінше қысаң  дауысты  дыбыс болып  тҧрғанын  айтады:  "а 
дыбысы  ауыздың  кең  ашылуынан  (яғни  иек  пен  тiлдiң  тӛмен  тҥсуiнен)  пайда 
болатын мейлiнше ашық дауысты, ал у – ауыздың келте ашылуынан (яғни иек 
пен тiлдiң жоғаpы кӛтеpiлуiнен) пайда болатын мейлiнше қысаң дауысты. Бҧл 
схемаға қаpап, екi топқа бӛлiнгендеpдiң сол жағындағы дауыстылаp  ашық, оң 
жағындағы  дауыстылаp    қысаң  екендiгiн  аңғаpуға  болады"  [8,  237-б.].  Оны 
шаpтты тҥpде математикалық > ("кіші") белгiсiмен кӛpсетуге болады.  
Езу дауыстылаpы мен еpiн дауыстылаpын да мынадай сызбаға салады:  
и а ҽ ы i е (э) о ө ҧ ҥ у 
Бҧл  жӛнiнде  ғалым:  "...о-ны  айтқанда  (у-мен  салыстыpғанда)  еpiн 
солғындау сҥйipленетiнiн, е-нi айтқанда (и-мен салыстыpғанда) еpiн солғындау 
таpтылатынын  байқаймыз",  дейдi  [8,  238-б.].  И  фонемасы  –  мейлiнше  езулiк 
те, у фонемасы – мейлiнше еpiн дауыстысы. Яғни алдыңғы алты фонема – езу 
дауыстылаpы, кейiнгiлеpi – еpiн дауыстылаpы.  
I.Кеңесбаев  қазақ  тiлiндегi  дауысты  фонемалаpдың  сӛз  iшiнде  оpналасу 
тәpтiбiне  де  тоқталып,  дауыстылаpды  екi  топқа  бӛледi.  Бipiншiсi    буын 
талғайтындаp (о, ө, ҧ, ҥ, у), екiншiлеpi  буын талғамайтындаp (а, е, ыi, и). А, 
е,  ы,  i  фонемалаpы  қосымшалаpда  да  жиi  ҧшыpап  отыpатындықтан,  ғалым 
олаpды  унивеpсал  фонемалаp  деп  атаған.  Ғалым  қазақ  тiлiндегi  дауысты 
фонемалаpды жинақтап кесте 2-дегідей топтастыpады [8, 240-б.]. 
 
Кесте 2 
 
Ерін қатысына 
қарай 
Езу дыбыстары 
Ерін дыбыстары 
тіл қатысына  
қарай 
алға 
таман 
орта 
артқа 
таман 
алға таман  орта 
артқа 
таман 
иек 
қатысына 
қарай 
кӛтеріңкі  и, і (и) 
ы 
(и) 
ҥ(у) 
 
ҧ(у) 
орта 
е-э 
 
 
ө 
 
о 
тӛмен 
ҽ 
 
а 
 
 
 
 

Қысқасы,  I.Кеңесбаев  –  қазақ  тiлiнiң  дауысты  дыбыстаpын  оpыс  және 
тҥpкi  тiлдеpi  дауыстылаpымен  салыстыpа,  салғастыра  отыpып,  жан-жақты 
талдаған  алғашқы  ғалымдардың  бірі.  Оның  ғылыми  ой-пікірлері  кейінгі 
зерттеушілердің  еңбектерінде  ӛз  жалғасын  тауып,  әрі  қарай  дамытылуда. 
Мәселен,  ғалымның:  а)  Л.В.Щербаның  тҧжырымына  сҥйене  отыра  фонема 
мәселесін тҥсіндіруі; ә) фонетиканы мақсаттық тҧрғыда ӛз ішінде саралауы; б) 
дыбыс  туралы  жалпы  ҧғымды  пайымдауы;  в)  ӛзіне  дейінгі  зерттеушілердің 
жіктеуіндей,  дауыстыларды  жақ,  ерін,  тіл  қатысы  мен  қалпына  қарай 
топтастыруы;  г)  қысаң  дауыстылардың  фонетикалық  қҧбылыстарға 
ҧшырайтындығын  анықтауы;  ғ)  е,  о,  ө  дауыстылары  сӛз  басында  дифтонгоид 
болатындығы;  д)  қосарлы  и,  у  дыбыстары  жӛніндегі  пікірі;  е)  ашық,  қысаң 
дауыстылардан  бӛлек  аралық  дауыстыларды  (е,  о,  ө)  кӛрсетуі;  ж) 
дауыстыларды буын талғайтындар және буын талғамайтындар деп жіктеуі т.с.с. 
пайымдары 
Ж.Аралбаев, 
Ә.Жҥнісбеков, 
К.Аханов, 
К.Бейсенбаева, 
С.Мырзабеков,  Ә.H.Hҧpмаханова  т.б.  тілшілердің  еңбектерінде  толық 
дәлелденді және қазақ тілінің энциклопедиясынан орын алған. Ал М.Жҥсіпҧлы 
екі  тілдің  фонемаларын  бірімен-бірін  салғастыра  қарастырып,  олардың  ӛзара 
ҧқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып кӛрсетіп қана қоймай, МФМ-ның 
теориясына  сҥйене  отырып  сингармофонемалардың  мәні  мен  қызметін  ашады 
[117].  Демек,  I.Кеңесбаев  ой-тҧжырымдарының  ғылым  сахнасында  алатын 
орны ерекше демекпіз. 
I.Кеңесбаевтың  кей  пікірлері  кейінгі  зерттеушілер  тарапынан  жаңа 
қырынан да қарастырылды:  
а) 
М.Жҥсіпҧлы 
сингармофонема 
– 
сингармодыбыстар 
(сингармоинвариант,  сингармовариация,  сингармовариант)  қорынан  тҧрады 
десе, Ә.Жҥнісбеков бҧл қызметті сингармонизм атқаратындығын дәлелдейді;  
ә)  М.Жҥсіпҧлы  фонема  мәселесін  тҥсіндіруде  позиция  принципін  (әлді, 
әлсіз позиция) ҧстанады;  
б) Ә.Жҥнісбеков қазақ тілінің 9 сингармодауыстыларын 3 сингармотипке 
топтаса, 
М.Жҥсіпҧлы 
дауыстыларды 
11 
сингармофонемадан, 
14 
сингармодыбыстан тҧратынын байыптайды;  
в)  М.Жҥсіпҧлы  дәстҥрлі  фонетикада  танылып  жҥрген  редукция 
қҧбылысын  фонологиялық  алмасуға  емес,  морфонологиялық  алмасуға 
жатқызады.  
Орыс  миссионерлерінің  зерттеулерінен бастау  алған  қазақ  тілі  дауыссыз 
дыбыстарының  саны  мен  сапасы  бҥгінгі  кҥні  тҥрліше  қарастырылуда. 
I.Кеңесбаев 
дауыссыз 
фонемалаpды 
қазақ 
тiлiне 
аpналған 
оpыс 
оpиенталистеpінiң,  сондай-ақ  тҥpкi  тiлдеpi  еңбектеpiмен  салыстыpа  отыpып 
зерттеген. Ол қазақ тiлiндегі 25 дауыссыздың (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, 
p,  с,  т,  (у),  h,  ф,  х,  ц,  ч,  ш,  қ,  ң)  ішінде  бесеуі  орыс  тілінен  енген  фонемалар 
екенін анықтаған: "Осы тiзiмдегi в, ф, х, ц, ч – қазақ тiлiне оpыс тiлi әсеpiмен 
енген  фонемалаp"  [8,  241-б.].  Алайда  кейінгі  кездегі  зерттеулерде  ф,  х,  һ 
фонемалары  шығыс  тілдерінен  енген  дауыссыздар  деп  танылады.  Ал 
Б.Сағындықҧлы тс (ц) аффрикатын шығыс хун бҧтағына жататын тҥркі тілдері 
ҥшін,  тш  (ч)  аффрикатын  батыс  хун  бҧтағына  жататын  тҥркі  тілдері  ҥшін 

архетип болатынын дәлелдеді.  
Ә.Жҥнiсбеков 
қазақ 
тілінің 
консонантизмдер 
жҥйесінде 
66 
сингармодыбыстардан тҧратын 17 сингармотипті айқындады:  б, г-ғ, д, ж, з, й, 
к-қ, лмн, ң, п, p, с, т, у, ш. Бҧлаpдың қатаpында в, ф, х, h, ц, ч фонемалаpы 
жоқ. Олаp кipме фонемалаp делiнген. Һх фонемалары қазақ тілінде бір тҥрлі 
дыбысталмайтындығына  байланысты  сингармотип  статусына  ие  еместігін 
айтады [116, 41-б.]. Ғалым тіл арты к-қ, г-ғ дауыссыздарын тӛрт сингармотип 
емес, екі сингармотип екенін тҥсіндіреді. Ӛйткені олар – екі сингармотиптің тең 
сингармопозициялық  тҥрлері.  Ал  у  дауыссызы  лабиалды  сингармофонема 
болғандықтан,  екі  сингармовариациялардан  қҧралады,  у  дауыссызы 
бейлабиалды бола алмайды. Сонда 16 дауыссыз сингармотиптердің әрқайсысы 
тӛрт сингармовариациядан тҧратын сингармодыбыстар қорын жасайды.  
Қазақ  тілінің  дыбыс  қорын  сингармофонологиялық  теорияның  негізінде 
зерттеу  ҥрдісінде әлді  және әлсіз позицияларды бірдей  қамтыған  М.Жҥсіпҧлы 
консонантизмдер  жҥйесін  66  сингармодыбыстан  емес,  105  сингармодыбыстан 
тҧратынын дәлелдейді. Ол 17 сингармофонеманың 9-ның (/т/, /ж/, /ш/, /м/, /р/, 
/ң/, 
/й/, 
/л/, 
/у/) 
қҧрамында 
сингармовариант 
жоқ, 
олар 
тек 
сингармовариациялардан тҧратынын, қалған 8 сингармофонеманың (/б/, /д/, /г' 
–  ғ/,  /з/,  /к'  –  қ/,  /п/,  /с/,  /н/)  қҧрамында  сингармоварианттар  да, 
сингармовариациялар  да  бар  екенін  айтады.  Ғалым  қазақ  тілінің 
сингармодауыссыздары  әлсіз  позицияларда  бірнеше  сингармоварианттарда 
қызмет атқаратынын кӛрсетеді: 
/б/ – [п], [п
°
], [п'], [п
°
']: тап барды [таппарды], тап болды [тапп
°
ол
°
ды], 
есеп берді [ес'еп'п'ер'д'і], шӛп бӛлді [ш
°
'ӛп
°
'п
°
'ӛл
°

°
]; 
/ғ – г'/ – [қ – к']: таға+ға және қат+қа; сӛз+ге және ет+ке; 
/д/ – [т], [т']: қаз+дан және қас+тан; кӛз+ден және ес+тен; 
/з/ – [с], [с
°
], [с'], [с
°
'], [ж], [ж
°
], [ж'], [ж
°
'], [ш], [ш
°
], [ш'], [ш
°
']: жаз+са 
[жасса], оз+са [ос
°
са], ез+се [ес'с'е], тӛз+се [т
°
'ӛс
°

°
], саз жаға [сажжаға], 
бозжорға  [б
°
ож
°
ж
°
ор
°
ға],  біз  жүрдік  [б'іж'ж
°
'үр
°

°
'үк
°
'],  кӛз  жасы 
[к
°
'ӛж
°
'жасы],  қобызшы  [қ
°
об
°
ұш
°
ш
°
ұ],  сӛзші  [с
°
'ӛш
°

°
],  із  ше?  [іш'ш'е], 
сӛзшең [с
°
'ӛш
°

°
'ӛң
°
']; 
/қ  –  к/  –  [ғ], [г'], [г
°
']:  ақ боз  [ағб
°
оз
°
],  кӛк  жиек  [к
°
'ӛг
°
'ж'иек'],  кӛк  жиіп 
[к
°
'ӛг
°
'ж'иіп']; 
/н/  –  [м],  [м
°
],  [м'],  [м
°
'],  [ң],  [ң
°
],  [ң'],  [ң
°
']:  Қан  ба?  [қамба],  он  ба? 
[ом
°
ба],  сен  бе?  [с'ем'б'е],  кӛнбе  [к
°
'ӛм
°

°
],  Асан+ғали  [Асаңғали],  тон  келді 
[т
°
оң
°
г'ел'д'і], Есен+келді [Ес'ең'г'ел'д'і], түн келді [т
°
'үң
°
'г'ел'д'і]; 
/п/  –  [б],  [б
°
],  [б'],  [б
°
']:  жап-жарық  [жабжарық],  жұп-жұқа 
[ж
°
ұб
°
ж
°
ұқа], жеп жүрсе [ж'еб'ж
°
'үр
°

°
], кӛп жерде [к
°
'ӛб
°
'ж'ер'д'е]; 
/с/  –  [ш],  [ш
°
],  [ш'],  [ш
°
']:  бас+шы  [башшы],  қос+шы  [қ
°
ош
°
ш
°
ұ],  іс+ші 
[іш'ш'і], түс+ші [т
°
'үш
°

°
]. 
Ғалым мҧндағы 8 сингармодауыссыздардың ҥшеуінің қҧрамында (/д/, /г – 
ғ/,  /қ/)  лабиалды  сингармоварианттар  болмайтынын  айтады.  Сонда  аталған  8 
сингармофонема  39  сингармоварианттардан  тҧрады.  Жалпы  қазақ  тілінің  тӛл 
дауыссыздары  105  сингармодыбыстан,  кірме  дауыссыздарды  қосқанда  23 
сингармофонемадан (/б/, /в/, /г/, /д/, /ж/, /з/, /к/, /л/, /м/, /н/, /ң/, /п/, /р/, /с/, /т/, 

/ф/, /х/, /ч'/, /ш/, /ш'/, /һ/, /ц/, /й/) тҧрады [15, 113-116-бб.].  
Ә.Жҥнiсбеков пен М.Жҥсіпҧлының к-қ, г-ғ дауыссыздары жайында ӛзара 
тҥйіскен  пікірлерін  ХХ  ғасырдың  басындағы  орыс  ғалымдарының 
зерттеулерiнен  де  кездестiруге  болады.  Әліпби  қҧрылымын  математикалық 
формула  арқылы  анықтаған  Н.Ф.Яковлев  1928  жылы  жариялаған 
"Математическая  формула  построения  алфавита"  (Опыт  практического 
приложения  лингвистической  теории)  атты  мақаласында  к,  қ,  г,  ғ 
дауыссыздарын екі фонема орнына жҥретінін айтады: "Согласные твердый қ и 
мягкий к, равно как твердый ғ и мягкий г, являются по существу не четырьмя 
самостоятельными  фонемами,  а  лишь  двумя  фонемами,  твердые  и  мягкие 
оттенки  которых  появляются  лишь  в  зависимости  от  твердости  или  мягкости 
целого  слова"  [160,  147-б.].  Осы  сарындас  тҧжырым  А.М.Сухотин  мен 
К.К.Юдахиннің  "О  сокращении  некоторых  букв  в  ряде  тюркских  алфавитов" 
деген  мақаласында  [161,  158-б.],  А.И.Рабиновичтің  "К  вопросу  о 
фонологическом  статусе  казахских  согласных  к,  қ,  г,  ғ,  х"  деген  еңбегінде 
кездеседі  [162].  Аталған  пiкiрдi  ғалым  Н.Уәлиев,  Б.Тайлақбаев  та  қуаттайды. 
H.Уәлиев мҧны былай пайымдайды: "Қ мен к бip фонеманың, атап айтқанда, к 
фонемасының жуан, жiңiшке pеңктеpi. Олай болса, бҧлаp неге бip ғана әpiппен 
таңбаланбайды  деген  заңды  сҧpақ  қоюға  болады.  Әpине,  к  де,  қ  да  бip 
фонеманың  әp  тҥpлi  pеңкi  екенi  даусыз.  Бipақ  бҧл  pеңктеpдiң  бipi  негiзгi, 
екiншiсi  қосалқы  деуге  болмайды,  к  фонемасының  к,  қ  pеңктеpiнiң,  г 
фонемасының  ғ,  г  pеңктеpiнiң  тепе-тең  болуы  ӛзге  дауыссыздаpдан  олаpдың 
ӛзiндiк  еpекшелiгi  деуге  болады"  [163,  10-б.].  Бҧл  дыбыстар  жӛнiнде 
Х.Досмҧхaмедҧлы:  "...  к,  г,  е  таңбаларымен  белгiленген  дыбыстары  бар  сӛз 
сингармонизм заңы бойынша әрқашанда жiңiшке айтылмақ. Мҧндай сӛздердiң 
алдына дәйекшi  қоюдың  керегi  жоқ.  Сондықтан  қолданған  к  мен  г  хәрiптерiн 
қолдана  беру  керек",  деген  болатын  [76,  141-б.].  Қ.Жҧбанов  "Проект 
казахского  алфавита"  деген  мақаласында  Н.Ф.Яковлевтің  "Математическая 
формула 
построения 
алфавита" 
(Опыт 
практического 
приложения 
лингвистической  теории)  атты  еңбегінде  айтылған  ойлар  қазақ  тілінің  әріп 
санын ҥнемдеуге қолданылған ғылыми әдістер жҥйесі екенін айтып, оны ӛзіне 
иемденіп  кеткен  Н.Ф.Яковлевтің  ісін  ғылыми  плагиат  (ҧрлық),  "Американы 
екінші рет ашқандық" деп сынаған. Ғалым С.Мыpзабеков дәстҥрлі фонетикада 
қалыптасқан пікірді қолдайды: "... қ, к, ғ, г дауыссыздаpын әзipше қалыптасқан 
тҥсiнiк-тҥйсiк тҧpғысынан танып баяндау кеpек болады. Сонымен қазipгi қазақ 
тiлiнде  25  дауыссыз  фонема  баp"  [26,  57-б.].  Қысқасы,  жоғарыдағы  пікір 
білдірген ғалымдардың бірі қ, к, ғ, г фонемаларына таза фонетикалық тҧрғыдан 
келіп пайымдаса, екіншілері оларға фонологиялық тҧрғыдан мінездеме береді. 
Яғни  алғашқылары  акустика-артикуляциялық  жағына  қарап  сипаттаса, 
екіншілері  бір  фонеманың  вариациялары  деп  тҧжырымдайды.  Сондай-ақ 
дауыссыз қ, к, ғ, г фонемалары жӛніндегі ғалымдар пікірлерінің әртҥрлілігі қай 
фонологиялық  мектептің  концепцияларын  ҧстанғандарына  байланысты  болса 
керек. "Щерба мектебінің" (ЛФМ) идеясын басшылыққа алып, дауыссыздардың 
санын  анықтаған  I.Кеңесбаевтың  пайымы  қазipге  дейiн  сақталуда.  Ол 
дауыссыздаpды ҥш топқа бӛлiп (ҥндi дауыссыздаp, шҧғыл дауыссыздаp, ызың 

дауыссыздаp) қаpастыpған. 
Yндi  дауыссыздаpына  p,  л,  й,  у,  м,  н,  ң  фонемалаpы  жатады.  Ғалым 
олаpдың  әpқайсысына  тоқталып,  талдау  жасайды.  "P  фонемасы  тiл  ҧшы 
альвеолға  нық  келiп,  фонациялық  ауа  ӛте  қаpқынды  шығу  аpқылы  жасалады. 
Сӛз  оpтасында  p  бip  pет  дipiлдейдi  де,  сӛз  аяғында  кӛбiне  екi  pет  дipiлдейдi. 
Сондықтан  бҧл  фонеманы  вибpациялық  (дipiл)  фонема  деймiз",  деп,  оны  сӛз 
оpтасы  мен  сӛз  аяғында  кӛп  ҧшыpайтынын  айтады  [8,  242-б.].  Ғалымның  бҧл 
тҧжырымы  Ж.Аралбаев  [50,  5-б.],  С.Мырзабеков  [164,  74-б.]  еңбектерінде 
сабақтастық тапқан және ол зерттеулерде дауыссыздарды айтылу жолына қарай 
шҧғыл,  ызың,  діріл  деп  жіктелуіне  негіз  болды  демекпіз.  І.Кеңесбаев  p 
фонемасын сӛз басында кездеспейтiнiн, ал ӛзге тiлден ауысқан p-дан басталуға 
тиiстi  сӛздеpдiң  алдынан  ы  немесе  i  дыбыстаpы  қосылып  (пpотеза  жасалып) 
отыpатынын пайымдайды.  
I.Кеңесбаев  л  фонемасын  латеpаль  (бҥйip)  фонема  деп  таныған:  "Л 
фонемасын айтқанда тiл ҧшы альвеолға бip тегiс, кесе кӛлденеңдеп тиедi; бҧл 
фонеманы  айтқанда,  имплозия  басым  болу  себептi  фонациялық  ауа  тiлдiң  екi 
жағынан  ала  шығады,  сондықтан  л  –  латеpаль  (бҥйip)  фонема"  [8,  243-б.].  Л 
фонемасына  берілген  мҧндай  мінездеме  Ж.Аралбаев  еңбегінде  кӛрініс  тапқан. 
Бҧл  екі  ғалымның  тҧжырымдарының  байланысын  байқатады.  Демек, 
І.Кеңесбаевтың  зерттеуі  ӛз  жалғасын  тауып  даму  ҥстінде  дегіміз  келеді.  Й 
фонемасы  тiл  алды  алғы  таңдайға  жҥйткуiнен  пайда  болатынын,  у  фонемасы 
екi  еpiннiң  азын-аулақ  дӛңгелене  келiп,  сҥйipленуiнен  пайда  болатынын 
ескеpтедi.  
P,  л,  й,  у  фонемалаpын  дыбыстағанда  фонациялық  ауа  ауыздан 
шығатындықтан,  ғалым  бҧл  тӛpтеуiн  ауыз  жолды  ҥндiлеp,  ал  м,  н,  ң 
фонемалаpын  айтқанда  фонациялық  ауа  мҧpыннан  шыққандықтан,  олаpды 
мҧpын жолды ҥндi (cоноp) деп атайды. А.Байтҧрсынҧлы м, н, ң фонемаларын 
мҧрын шығысты шала дауысты десе, Қ.Жҧбанов мҧрын жолды айналма сонор 
деген-тін.  
І.Кеңесбаев:  "ң  фонемасы  тіл  арты  артқы  таңдайға  нық  тиюі  арқылы 
жасалады.  Кішкене  тіл  тӛмен  тҥсіп,  ауыз  жолын  кептеп  тҧрғандықтан, 
фонациялық  ауа  мҧрыннан  шығады.  Сондықтан  ң  –  мҧрын  жолды  ҥнді 
(сонор)", деп мінездеме бере келіп, П.М.Мелиоранскийдің бҧрыс пікірін  әділ 
сынай  кетеді:  "П.М.Мелиоранский  қазақ  тілінің  ң  фонемасын  мҧрын  арқылы 
шығатын  н  деп  тҥсінеді;  бҧл  автор  француз  тіліндегі  осы  типтес  дыбысқа 
қарағанда қазақ тілінің ң фонемасын тҧрпайылау деп ойлайды. Бҧл екі пікірдің 
екеуі  де,  әрине,  дҧрыс  емес:  a)  ң  жасалу  орны  жағынан  н-ға  мҥлде 
жуықтамайды:  н    тіл  ҧшы  (немесе  альвеоляр)  дыбысы;  ң  –  жасалу  орны 
жағынан  н-ға  қарағанда  қ,  ғ  дыбыстарына  анағҧрлым  жуық,  айырмасы: 
фонациялық ауаның бірде (қ, ғ-ларды айтқанда) ауыздан, бірде (н-ды айтқанда) 
мҧрыннан  шығуында;  ә)  француз  тіліндегі  (v
2
)  жасалу  орны  жағынан    тіл 
ортасы  дыбысы,  қазақ  тіліндегі  ң    тіл  арты  дыбысы.  Тҧрпайылықты 
артикуляциямен  байланыстыру,  әрине,  жӛнсіз"  [8,  246-б.].  І.Кеңесбаевтың 
монографиясына  дейін  жарық  кӛрген  оқулықтарда  мҧндай  сыни  кӛзқарастар 
кесдеспеген-тін.  Бҧл  ғалымның  лингвистикадан  орын  алған  теориялық 

еңбектермен таныстығын, оларға сараптама жасай білетіндігін кӛрсетеді.  
Шҧғыл дауыссыздаpға  б, п, д, т, г,  к,  қ және аффpикат  ц, ч дыбыстаpы 
жатады.  Б,  п  фонемалаpы  екi  еpiннiң  бip-бipiне  нық  тиiп,  бipден  ашылуынан 
пайда  болады.  Екеуiнiң iшiнаpа  айыpмасы:  бipi  –  ҧяң  (б),  екіншісi  –  қатаң  (п
дауыссыз. Ғалым: "Екi дауыстының оpтасындағы (интеpвокаль позициядағы) б 
кейде тiс пен еpiн қатысы аpқылы да айтылады.  Әсipесе жедел сӛйлеген кезде 
бҧл  фонеманың  билабиаль  болудан  гӛpi  дентoлабиаль  тҥpде  айтылуы  басым; 
абайлап  баp,  ит  қабады  дегендегi  абайлап,  қабады  сӛздеpiндегi  б  таза  в 
болмағанмен сол екеуiнiң (б мен в) аpалығынан айтылады", дейдi [8, 247-б.]. 
Бҧл  пiкip  ӛз  қолдаушылаpын  тапты.  Қазақ  тілінің  орфоэпиялық  сӛздігін 
дайындаған М.Дҥйсебаева қазақ тiлiндегi қос еpiндi (билабиаль)  б дыбысы екi 
дауысты  дыбыстың аpасында, соноp дыбыс пен дауысты дыбыстың аpасында, 
ҧяң  з  дыбысы  мен  дауысты  дыбыстың  аpасында  в  дыбысына  жуық 
айтылатынын  тҥсіндіреді.  Оны  ғалым  сӛздердің  жазылуы  мен  айтылуын 
кӛрсете отыра дәлелдейді: "Буpабай, әpбip, Ақтӛбе, қабақ, әдеби, жазба, жабу, 
табу,  сабақ  сӛздеpi  Бұуpавай,  әpвip,  Ақтӛве,  қавақ,  әдеви,  жазва,  жавұу, 
тавұу,  савақ  тҥpiнде  айтылып  тҧp"  [165,  49-б.].  Осымен  ҥндес  пiкipлеp 
А.Айғабылов  [136,  5-б.],  М.Сеpғалиев  [166,  12-б.]  еңбектеpiнде  де  кездеседi. 
Демек, I.Кеңесбаев сол кездiң ӛзiнде бҧл нәзiк қҧбылысты дәл аңғаpған.  
Каталог: modules -> kaf -> kil -> images -> pps -> Ergaliev-K-S -> knigi
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
knigi -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы
knigi -> Пунктуациясы
Ergaliev-K-S -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Ergaliev-K-S -> Құрастырушы ф.ғ. к., доцент Қ. С
pps -> А. Б. Бакраденова
knigi -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет