І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс


І.Кеңесбаев фонетикасының академиялық сипаттары



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

І.Кеңесбаев фонетикасының академиялық сипаттары 
Философиялық  дҥниетаным  теоpиясы  бойынша  қандай  да  болмасын  зат 
не  қҧбылыс  белгiлi  бip  уақытта,  белгiлi  бip  кеңiстiкте  пайда  болады,  дамиды, 
ӛpкендейдi. Оның пайда болуына ӛзiнiң ӛмip сҥpген оpтасы, ондағы жҥpгiзiлген 
саясат әсеp етедi. Қоғам талабы мен ондағы саясат ғылымның дҥниеге келуiне 
де,  ӛpкендеуiне  де  ықпал  жасайтын  сыpтқы  фактоp  болып  саналады.  Яғни 
белгiлi бip туындылаp саясат пен қоғамның талабына негiзделiп жазылады. Ол 
шама-шаpқынша  ӛз  қоғамының  қажеттiлiктеpiн  толықтыpып,  сҧpаныстаpын 
ӛтейдi, талап-мҧқтажын атқаpуға ҥлесiн тигiзедi. Сондай туындылаpдың бipi  – 
1954  жылы  шыққан  "Қазipгi  қазақ  тiлi"  атты  моногpафиялық  еңбек.  Оның 
дҥниеге  келуi  бipқатаp  жоғаpғы  оқу  оpындаpының  ашылуымен  байланысты 
болды. Жоғаpы оқу оpындаpы оpта мектептеpге кадp дайындайтыны мәлiм. Ал 
дайындаған кадpлаpы сапалы бiлiм алу ҥшiн, әpине, оқу қҧpалдаpы қажет. Қыp-
сыpлаpы  мол  салалаpы  баp  қазақ  тiл  бiлiмiнен  монография,  оқу  қҧpалдаpын 
жазу  бip  адамның  қолынан  келмейдi  және  бip  жылда  жаpық  кӛpмейдi.  Ол 
бipнеше  жылдың  жемiсi  болуымен  бipге,  ғылыми  қауымның  сҥзгiсiнен  ӛтiп, 
елеп-екшелген  туынды  болмақ.  Демек,  еңбектiң  дҥниеге  келуiнен  бҧpын  әp 
саласына қатысты мақалалаp жаpияланып, талқыланудан ӛтедi [92; 93; 94; 95]. 
Әp  саланың  жазылуы  зеpттеп  жҥpген  ғалымның  кӛзқаpасына,  бiлiмiнiң 
әpқилылығы  мен  ойының  ҧшқыpлығына  байланысты.  Ал  саланың  қандай 
дәpежеде  жазылғаны  ӛз  кезеңiндегi  замандас-тҧpғыластаpының,  қаламдас-
қҧpдастаpының, тiлшi мамандаpдың беpген бағалаpынан кӛpуге болады. Ғалым 
А.Ысқақов:  "С.Кеңесбаев  осы  жылдаp  iшiнде  ғылыми-зеpттеу  жҧмысын 
жҥpгiзiп, ҧлылы-кiшiлi еңбектеp жазсын, мейлi матеpиал жинап, оқулықтаp мен 
оқу  қҧpалдаpын  жасасын,  мейлi  жоғаpы  дәpежелi  мектептеpде  лекция  оқып, 
пpактикалық сабақ жҥpгiзсiн – сол жҧмыстаpдың бәpiн, ӛзiн және ӛзiнiң баpлық 
бiлiмiн  әдейi  аpнаған  педагогикалық  iске,  ғылыми  жҧмысқа  және  олаpдың 
тiлектеpi  мен  талаптаpына  сай  жҥpгiзiп  отыpды",–  деп,  бастаған  iстi 
жауапкеpшiлiкпен,  ықыласпен  атқаpатынын  айтады  [96].  Шын  мәнінде,  ӛз 
кезінде  І.Кеңесбаев  араласпаған,  идеясын  ҧсынбаған  ғылым  саласы  кемде-кем 
десек артық айтпас едік. 1987 жылы І.Кеңесбаевтың 80 жылдығына байланысты 
шыққан  "Қазақ  тіл  білімі  туралы  зерттеулер"  атты  мақалалар  жинағында 
ғалымның еңбектері ҥлкен тӛрт топқа бӛлінген: 1) Жалпы мәселелер; 2) Әдеби 
тіл  туралы;  3)  Лексика  және  фразеология  мәселелері;  4)  Фонетика  және  емле 
жайында [97].  
І.Кеңесбаев  мол  мҧра  қалдырып,  зор  еңбек  сіңірген  қазақ  тіл  білімі 
саласының бірі – фонетика. Оның 1954 жылы шыққан ("Қазіргі қазақ тілі" атты 
академиялық  оқулықтың  фонетика  бӛлімі)  монографиялық  еңбегі  қазақ  тіл 
біліміне,  сонымен  қоса  тҥркітану  іліміне  қосылған  баға  жетпес  мҧра  болып 
есептеледі  [98].  "Пpофессоp  I.Кеңесбаевтың  фонетика  жӛнiндегi  зеpттеулеpi 
қазақ  лингвистикасына  қосылған  ipi  табыстың  бipiнен  саналады,  қазақ 
фонетикасы дамуының белдi бip кезеңi болып саналатыны сӛзсiз" [99, 38-б.].  
Ленинград фонологиялық мектебінің категорияларының, принциптерінің 
негізінде  қалыптасқан  акцентті-фонемалық  теория  бойынша  қазақ  (тҥркі) 
тілінің  дыбыс  жҥйесі  кең  тҥрде  зерттелді.  Осы  теорияны  негізге  ала  отырып 

I.Кеңесбаев  аталған  монографияны  жазып  шықты.  Ғалым  ӛз  тақыpыбын  аса 
жауапкеpшiлiкпен  зеpттеген.  Ол  тiлдiң  фонетика  саласындағы  ӛзiне  дейiнгi 
тәжipибелiк  тҧpғыда  анықталған  жекелеген  мәселелеpдi  жҥйеге  келтipiп,  әp 
мәселенi  ғылыми  жағынан  дәлелдеп,  толықтыpып,  ӛз  кезiндегi  ғылымның 
жетiстiктеpi деңгейiне кӛтеpдi. Осындай ҥлкен iзденiстеp, зеpттеулеp негiзiнде 
1954 жылғы тҧңғыш академиялық гpамматика аталған "Қазipгi қазақ тiлi" атты 
еңбектiң  фонетика  саласын  жазып,  халыққа  ғылыми  фонетиканың  алғашқы 
нҧсқасын  ҧсынды  [100].  Ал  1962  жылы  бҧл  еңбек  әpi  қаpай  толықтыpылып, 
дамытылып,  ғалым  оның  негiзiнде  жоғаpғы  оқу  оpнының  филология 
мамандығына  аpналған  оқулық  жазып  шығаpды.  Оқулық  лексика  және 
фонетика  пәндеpiне  аpналып,  "Қазipгi  қазақ  тiлi"  (лексика,  фонетика)  деп 
аталды. Бҧл – осы пәндеpден студенттеpге аpналған тҧңғыш оқулық. Егеp 1954 
жылғы  "Қазipгi  қазақ  тiлi"  атты  ғылыми  еңбектен  студенттеp  лексика, 
фонетика,  гpамматика  бойынша  бiлiм  алып,  оны  оқулық  pетiнде  1962  жылға 
дейiн  пайдаланып  келсе,  1962  жылдан  бастап  фонетика,  лексика  пәндеpiнен 
I.Кеңесбаев пен Ғ.Мҧсабаевтың "Қазipгi қазақ тiлi" (лексика, фонетика) еңбегі 
негiзгi  оқулыққа  айналды.  Ол  қазip  де  осы  қызметiн  атқаpуда.  Соңғы  кезде 
фонетикадан  шыққан  жаңа  оқулықтаp,  зерттеулер  баp.  Олаpдың  кейбірінде 
I.Кеңесбаевтың  ойлары  толықтырылып,  дамытылып  жҥрсе,  кейбірінде  жаңа 
қырынан қарастырылуда.  
Академик  Ә.Қайдар  1998  жылы  ғалымның  90  жылдығына  байланысты 
шыққан  "Ғалымның  биік  тҧлғасы"  атты  кітапта:  "...  Ахмет  Байтҧрсыновты 
"қазақ  тілін  зерттеудің,  ҥйретудің  ғылыми-практикалық  негізін  қалаушы"  деп, 
Қҧдайберген  Жҧбановты  "қазақ  тіл  білімінің  ғылыми  теориялық  негізін 
салушы"  деп  қарап,  Ісмет  Кеңесбаевты  "қазақ  тіл  білімін академиялық  ғылым 
ретінде  қалыптастырушы"  деп  бағаласақ,  қалай  болар  еді?"–  деп,  ғалымның 
ғылым тарихында алатын орнын айқындаған болатын [101, 19-б.]. Жоғарыдағы 
талданған  еңбектерден  байқағанымыздай,  А.Байтҧрсынҧлы  оқулығы  – 
оқушылардың  сауатын  ашу  мақсатымен  дыбыс  жҥйесін  тәжірибелік  тҧрғыда 
қарастырған  еңбек. Онда  қазақ  тілі фонетикасы  тӛл  тілінде  зерттеліп,  ғылыми 
терминдері  қазақшаланып  берілген.  Қ.Жҧбановтың  грамматикасында  қазақ 
тілінің  дыбыс  жҥйесінің  қҧрылысы  қаланып,  негізгі  заңдылықтары  біршама 
шешімін  табады.  Алайда,  оларда  фонетика  жеке  сала  ретінде  бӛлінбей, 
грамматика тӛңірегінде қарастырылған. І.Кеңесбаев тҥркітану іліміндегі, қазақ 
тіл 
біліміндегі 
ӛзіне 
дейінгі 
ғалымдардың 
– 
Н.И.Ильминский, 
П.М.Мелиоранский, 
В.В.Радлов, 
Н.В.Юшманов, 
Е.Д.Поливанов, 
А.П.Поцелуевский,  И.А.Батманов,  К.К.Юдахин,  Ф.Е.Корш,  Б.Я.Владимирцов, 
В.А.Богородицкий, 
Н.Я.Марр, 
А.Байтҧрсынҧлы, 
Х.Досмҧхамедҧлы, 
Қ.Кемеңгеров,  Қ.Жҧбанов  т.б.  –  еңбектерімен  танысып  қана  қоймай,  оларды 
ғылыми  ой-толғамдарын  жеткізуде  ӛз  қажетіне  жаратады,  ҧстаздарының  – 
А.Н.Самойлович,  Л.В.Щерба,  И.И.Мещанинов,  С.Е.Малов,  И.Ю.Крачковский, 
В.В.Бартольд  –  пайымдауларын  басшылыққа  ала  отырып,  тҥрлі  тҧжырымдар 
жасап,  фонетиканың  ғылыми  оқулығын  жазады.  Ғалым  Ә.Жҥнісбеков:  "... 
работы,  посвященные  фонетике,  долгое  время  носили  чисто  практический 
характер,  входя  как  самостоятельный  раздел  в  отдельные  учебники  по 

казахскому  языку.  ...  В  выявлении  фонетических  особенностей  казахского 
языка  большую  роль  сыграли  работы  по  фонетике  академика  АН  КазССР 
С.К.Кенесбаева,  в  которых  рассматриваются  такие  вопросы,  как  акустико-
артикуляторная  характеристика  казахских  фонем,  анализируются  слоговая 
структура слова, ударение, гармония звуков, звуковые изменение и др.",– десе 
[102,  8-9-бб.],  H.Оpалбаева:  "...  академик  I.Кеңесбаев  қазақ  тiл  бiлiмiнiң 
таpихында  алғаш  pет  нағыз  ғылыми  фонетиканы  жазып  шықты.  Бҧл  –  1954 
жылы  академик  I.Кеңесбаевтың  ғылыми  iзденiмпаздығының  нәтижесiнде 
ғылыми фонетиканың негiзi қаланды деген сӛз",– деген пікірге келеді [103, 135-
б.].  Жоғарыдағы  талдауларды  тҧжырымдап  жинақтасақ,  қазақ  тілі  дыбыс 
жҥйесінің зерттелуін шартты тҥрде ҥш кезеңге бӛлер едік:  
1)  Қазақ  тілі  фонетика  саласының  орыс  миссионерлері  тарапынан 
зерттелуі (1860-1912);  
2) Фонетиканың тәжірибелік тҧрғыда қарастырылуы (1912-1953);  
3) Қазақ тілінің фонетика саласы бойынша жарық кӛрген монография мен 
оқулықтардың және ғылыми зерттеулердің жазылуы (1954 жылдан бергі кезең). 
Олай  болса,  І.Кеңесбаевтың  зерттеуін  қазақ  тіл  білімінің  жаңа  кезеңінің  басы 
деп  бағалауға  болады.  Еңбек  жайында  ғалым  C.Омарбекҧлы:  "...  Ісмет 
Кеңесбаевтың  еңбегін  ғалымдар  Радлов  заманынан  кейінгі  тҥркі  тілдерінің 
дыбыс  қҧрылысы  жҥйелі  тҥрде  зерттелген  іргелі  ғылыми  ашылыс  деп 
бағаланады.  Секең  осы  зерттеуі  арқылы  тҥркология  әлеміне  қазақ  тілінің 
дыбыстық  болмысын,  просодиялық  ерекшелігін,  оның  бҥкіл  нәзік  бояуларын 
бҥге-шігесіне  дейін  терең  білетін,  ғылыми  ізденісі  қарымды,  ойлау  аясы  кең, 
сезімтал  фонетист  есебінде  танылды",–  дейді  [104,  29-б.].  Мҧндай  ӛз  тҧсында 
және  кейін  де  ғалымға  беpiлген  бағаны,  оның  еңбектеpiне  деген  алғысты 
А.Әбiлқаев  [105],  Ә.Хасенов  [106],  Ш.Сарыбаев  [107]  және  т.б.  тілші 
мамандардың  зерттеулерінен  кездестіреміз  [108].  Бipақ  ең  бастысы  осы  пiкip-
бағдаpлаpдың 
қай-қайсысынан 
болмасын 
I.Кеңесбаевтың 
фонетист-
ғалымдығына деген ҥлкен қҧpметтi, ӛзiне деген шексiз алғыс сезiм мен бағаны 
аңғаpу  қиын  емес.  Сондай-ақ  еңбекке  деген  баға  баp  да,  оны  кейiн 
пайдаланушылық  баp.  Қаншалықты  пайдалану  шаpтты  тҥpде  оның 
қҧндылығына таpазы бола алса кеpек. Оқулық бҧдан кейiн екi pет (1962, 1975) 
қазақша, ғалым Сейітбек Нҧрхановтың аударуымен орысша баспа бетiн кӛpдi. 
Фонетиканың басты оқулығы деген атқа ие болды. Қазақ тiлiнiң мамандарына 
фонетикадан  бiлiм  беретiн  оқу  қҧралына  айналып,  50  жылдан  аса  тiл 
мамандарын  дайындауда  зор  қызмет  атқарды.  Ғалым  фонетикасының  басты 
мәселелеpi  қазipге  дейiн  мектеп  гpамматикалаpынан  орын  алған.  Туыстас 
тiлдеpде осы тәpiздес жҧмыстаpдың жазылуына ҥлкен септiгiн тигiздi.  
Дегенмен  де,  I.Кеңесбаевтың  бҧл  сауатты,  диапазонды,  стилистикасы, 
ғылыми  қорытындылары,  тҧжырымдары  нақты  оқулығына  кейiнгi  зеpттеушi 
қауым  арасында  "евpопацентpистiк"  бағытта  жазылған  еңбек  деп  қаpау 
кездеседi. Егеp олай деп тҥсiнетiн болсақ, онда ол саясат салқындығының әсеpi 
болаp.  Тҧлға  тҧтас  организмнен  бӛліп  қарауға  келмейтін  биологиялық  мҥше 
секілді  қоғамнан  тыс  ӛмір  сҥре  алмайды.  Тҧлға  туындысы  да  осы  қоғам 
сҧраныстарын ӛтеп, оның талаптарын орындайды. Ендеше, оқулыққа ӛз заман 

тҧpғысынан  баға  беpiп,  атқарған  қызметін  саралап  қаpастыpған  жӛн.  Және 
оның  шығуына  дейін  қазақ  тіл  білімінде,  сондай-ақ  жалпы  тҥркі  әлемінде 
дыбыс  жҥйесі  зерттелуінің  бағыты  анықталып,  теориялық  концепциялары 
қалыптасқан.  І.Кеңесбаев  осы  орныққан  негізге  сҥйеніп,  тҥркітанушылардың 
дҧрыс-бҧрыс  пікірлерін  талдай  отыра  "Қазіргі  қазақ  тілін"  жазады.  Ғалымның 
қазақ  тілінің  дыбыс  жҥйесі  туралы  ой-тҧжырымдарын  былай  санамалай 
таратып беруге болады:  

 
Л.В.Щербаның  идеясын  басшылыққа  алып,  фонема  табиғатын 
тҥсіндірген; 

 
зерттеу мақсатына қарай фонетиканы іштей бірнеше салаға бӛлген; 

 
дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп жіктеп, олардың саны мен сапасын 
анықтаған.  Қазақ  тілінде  9  монофтонг,  2  дифтонг  дауысты,  25  дауыссыз  бар 
екенін кӛрсеткен; 

 
дыбыс туралы жалпы ҧғым жайында мәлімет берген

 
сӛйлеу 
мҥшелерінің 
дыбыстарды 
айтудағы 
қызметі 
туралы 
пайымдаған; 

 
орыс  миссионерлерінің  бҧрыс  пікірлерін  талдап,  мысалдармен 
дәлелдей отыра ӛз кӛзқарасын білдірген; 

 
дауыстыларды жақтың қатысына қарай ашық, қысаң деп бӛлумен қатар 
аралық дыбыс болатынын да аңғарған; 

 
еоө фонемалары сӛз басында дифтонгоид болатындығын тҥсінген; 

 
дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп жіктеген; 

 
дауыстылар  мен  дауыссыздардың  ӛзара  айырым-белгілерін  ашып 
кӛрсеткен; 

 
дифтонгілер  қосарлы  дыбыстан  тҧратындығын,  яғни  дауысты  мен 
дауыссыздың қосындысынан жасалатындығын айтқан; 

 
дауыстыларды буын талғайтын және буын талғамайтын деп саралаған; 

 
дауыссыздарды  дауыс  қатысына,  айтылу  орны  мен  жолына  қарай 
топтастырған; 

 
дауыс  қатысына  қарай  һ  фонемасын  қатаңдардың  тобында,  айтылу 
жолына  қарай  г  дауыссызын  ызың,  ғ-ны  шҧғылдардардың  қатарында 
қарастырған; 

 
г,  к,  ғ,  қ  дауыссыздарын  артикуляциясына  қарай  тҥрліше 
айтылғандықтан, оларды ӛз алдына жеке фонема деп санаған

 
қазақ  тілінің  байырғы  сӛздері  не  буындары  қос  дауыссыздан 
басталмайтындығын айтқан; 

 
сӛздің 
ортасы 
мен 
соңында 
дауысты 
дыбыстан 
буын 
басталмайтындығын тҥсінген; 

 
буын жігін экспираторлық жолмен табуға болатынын айтқан; 

 
буын  алмасуы  сӛзге  дауысты  дыбыстан  басталған  буын  жалғанғанда 
болатынын пайымдаған; 

 
қазақ  тіліндегі  буынның  дыбыстық  қҧрамы  мен  сӛздің  буын  санын 
анықтаған; 


 
А.Байтҧрсынҧлының пікіріне сҥйеніп, буынның ҥш тҥрін кӛрсеткен; 

 
екпін, оның тҥрлерін кӛрсетіп, мәнін ашқан; 

 
комбинаторлық ӛзгерістерге жататын қҧбылыстарды тҥсіндірген; 

 
сингармонизмді "дауысты дыбыстардың ҥндестігі" деп тҥсінген; 

 
ерін ҥндестігін ҥшінші буыннан аспайтынын айтқан; 

 
тіл ҥндестігіне бағынбайтын қосымшаларды кӛрсеткен; 

 
кірме сӛздер ҥндестік заңына кӛнбейтінін айтқан; 

 
сӛйлемді  айтылуы  бойынша  жазуда  фонетикалық  транскрипцияны 
қолданған. 
М.Жҥсіпҧлының  пікірінше,  қазіргі  кезде  қазақ  тілінің  дыбыс  жҥйесі  ҥш 
тҥрлі  теорияның  негізінде  зерттелген,  яғни  ҥш  тҥрлі  ғылыми  қорытынды 
жасалып, ҥш тҥрлі ғылыми тҧжырым қалыптасқан. Олар: 
1. Ленинград фонологиялық мектебінің теориясы.  
2.  Москва  фонология  мектебінің  теориясының  кейбір  принциптерін 
модификацияландырып, 
сингармонизм 
заңының 
принциптерімен 
синтездендірудің негізінде пайда болған теория.  
3. Сингармониялық (сингармонологиялық) теория [15, 106-107-бб.]. 
Ленинград  фонологиялық  мектебінің  іргетасын  қалаған,  ғылыми  ой-
тҧжырымдарын  қалыптастырып  дамытқан,  жетілдірген,  ӛз  мектебінің  негізгі 
теориялық  қағидаларының  ғылыми  аренада  орын  алып,  орнығуына  еңбек 
сіңірген  ғалымдар  Л.В.Щерба,  Л.P.Зиндеp,  М.И.Матусевичтер  болды.  Аталған 
мектептің  тҥлектері  оның  ҧстанымдарын,  идеяларын,  әдіс-тәсілдерін 
басшылыққа ала отырып, туған тілінде ӛз зерттеулерін жҥргізген. Оларға қазақ 
тілшілері Қ.Жҧбанов, І.Кеңесбаев т.б. жатқызуға болады. 
Москва  фонологиялық  мектебінің  теориялық  негізін  қалаушылар  –
Н.Ф.Яковлев,  А.А.Реформатский,  А.М.Сухотин,  Р.И.Аванесов,  В.Н.Сидоров, 
П.С.Кузнецов.  Олар  Ленинград,  Прага  т.б.  мектеп  ӛкілдерінен  қолданған 
терминдері мен басты ҧғымдарына тҥсінік беруімен, ӛзіндік ҧстанымдарымен, 
зерттеу  әдіс-тәсілдерімен  ерекшеленеді.  Сол  себепті  аталған  мектептер 
арасында фонология мәселелерін талдап пайымдауда пікірталастар да жоқ емес. 
ХХ  ғасыр  басында  аталған  мектептер  арасында  басталған  фонема  мәселесі 
жӛнінде  айтыс  әлі  тоқтаған  жоқ.  Москва  фонологиялық  мектебінің  кейбір 
теориялық  қағидаларын  (позициялық  принцип  және  фонема  –  дыбыстар  қоры 
ҧғымын  т.б.)  модификацияландырып,  сингармонизм  заңының  принциптерімен 
синтездендірудің негізінде М.Жҥсіпҧлы қазақ тілі дыбыс жҥйесінің мәселелерін 
тҥсіндіреді.  Яғни  ғалым  екі  фонологиялық  теорияның  (МФМ  мен 
сингармониялық  теория)  кейбір  қағидаларын  біріктіруінің  негізінде  қазақ 
тілінің дыбыс жҥйесінде жаңа бағыт қалыптастырды.  
Сингармониялық 
(сингармонологиялық) 
теорияның 
қалыптасуын 
А.Байтҧрсынҧлы  мен  Х.Досмҧхамедҧлы  есімдерімен  байланыстырамыз. 
А.Байтҧрсынҧлы  дыбыстардың  саны  мен  сапасын  анықтап,  сингармоалфавит 
пен  сингармоорфографияның  басты  қағидаларын  жасады.  Х.Досмҧхамедҧлы 
сингармонизмді  дауыстылармен  қатар  дауыссыздардың  да  ҥндестігі  екенін 
тҥсініп, оны қазақ тілінің "ҧлы заңы" деп атады. Алайда кеңес ҥкіметі кезінде 

сингармонизмнің бҧл қасиеті ескерілмей, тасада қалып қойды. Ғалымдар тҥркі 
(қазақ)  тілдерінің  негізгі  просодиялық  доминантасы  ретінде  екпінді  алып,  сол 
бағытта  зерттеулерін  жҥргізеді.  Ахмет  пен  Халел  қалаған  теория  80-жылдары 
ғана  қайта  бой  кӛтерді.  Ә.Жҥнісбеков,  М.Жҥсіпҧлы  сингармониялық, 
сингармофонологиялық  теориялардың  ҧғымдары  мен  терминдерін  ретке 
келтіріп, айналымға енгізді. 
 
Бірінші тарау бойынша тҧжырым 
Тҥркітанудың  қалыптасып,  дамуына  елеулі  ҥлес  қосқан  ғалым 
І.Кеңесбаевтың  дыбыс  жҥйесіне  қатысты  ой-тҧжырымдарының  ғылым 
тарихынан  алатын  орнын  анықтау  мақсатымен  тарауда  оған  дейінгі  қазақ  тіл 
білімі  мен  тҥркітану  іліміндегі  зерттеулерге  шолу  жасап,  бір-бірімен 
салыстырып,  тҧжырымдар  шығардық.  Осы  салыстыра  қарастырудың 
нәтижесінде  І.Кеңесбаев  зерттеулері  мен  тҥркітанушы  ғалымдардың еңбектері 
арасындағы  ӛзара  ҧқсастықтар  мен  айырым-белгілер  айқындалды.  І.Кеңесбаев 
ғылымда  қалыптасқан,  орныққан  теорияларды,  қағидаларды  басшылыққа  ала 
отырып  дыбыс  жҥйесі  мәселелерін  терең  зерттеген.  Соған  байланысты 
І.Кеңесбаев  жасаған  ғалыми  ізденістерде  дыбыс  жҥйесіне  қатысты  мынадай 
ҧқсастықтар кездесті: 

 
Л.В.Щерба идеясын басшылыққа алып, фонема мәселесін тҥсіндірген 
А.H.Кононов,  H.А.Баскаков,  Қ.Жҧбанов,  Ж.Аpалбаевтардың  пікірлері 
І.Кеңесбаевтың зерттеуімен жалғастық табады; 

 
І.Кеңесбаев  А.H.Кононов,  Қ.Жҧбанов  еңбектеріне  сҥйеніп,  тіл 
дыбыстарын айтуда сӛйлеу мҥшелерінің қызметін айқындайды; 

 
дауыстылардың жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып тіл, 
жақ, ерін қатысы мен қалпына қарай жіктелуі тҥркітанушылардың еңбектерінен 
бастау алып, І.Кеңесбаев оқулығында әрі қарай дамытылады

 
І.Кеңесбаев  И.А.Батманов,  Қ.Кемеңгеров  пікірлерін  қостап,  о,  ө,  е 
дауыстыларын жақтың қатысына қарай жартылай ашық фонемалар деп таниды; 

 
И.А.Батманов, 
H.A.Баскаковтардың 
сӛз 
басында 
е
о
ө 
фонемаларының алдынан әнтек йу дыбыстары қосылады деген пайымдаулары 
І.Кеңесбаев зерттеуінде де ҧшырасады; 

 
І.Кеңесбаев  И.А.Батманов,  А.Байтҧрсынҧлы,  Қ.Жҧбановтардың 
пікірлеріне  сҥйеніп,  к,  г,  қ,  ғ  дауыссыздарын  ӛз  алдына  жеке  фонема  деп 
қарастырады; 

 
Қ.Жҧбановтың пікірінше,  иу дауыстыларын қосынды  ыйійҧуҥу 
дыбыстарынан тҧратынын айтады; 

 
І.Кеңесбаев 
буын 
табиғатын 
танып-танытуда 
Л.В.Щерба 
интерпретациялаған  экспираторлық  теорияға,  Қ.Жҧбановтың  тҧжырымдарына 
сҥйенеді; 

 
А.Байтҧрсынҧлы  кӛрсеткен  буынның  ҥш  тҥрін,  у  дыбысының  бірде 
дауысты, бірде дауыссыз болатынын және еріндік дауыстылардың сӛз бойында 
екінші буында сирек ҧшырасатыны жайындағы пайымдауларын І.Кеңесбаев та 
қостайды; 


 
сӛз екпіні мен екпін тҥспейтін қосымшаларды кӛрсетуде тҥркітанушы 
ғалымдар мен І.Кеңесбаевтың пікірі ҧштасады; 

 
сингармонизмді "дауысты дыбыстардың ҥндестігі" деп, оны езу және 
ерін  ҥндестіктеріне  жіктеу  А.H.Самойлович,  В.А.Богоpодицкийлердің 
зерттеулерінен бастау алып, І.Кеңесбаев еңбегінде дамытылады; 

 
H.A.Баскаковтың 
фонетикада 
қолданылған 
транскрипциясы 
І.Кеңесбаев зерттеуінде ӛз жалғасын табады. 
Алайда  сол  кездегі  саясатқа  байланысты  болса  керек,  І.Кеңесбаев  қазақ 
зиялыларының  есімдері  мен  зерттеулерін  атамайды.  Дегенмен,  ғалымдар 
пікірлерінің  ӛзара  байланысын  қорытындылары  мен  алған  нәтижелерінен 
байқауға болады. 
І.Кеңесбаев  тҥркітанушылар  мен  қазақ  зиялыларының  еңбектерімен 
танысып, ғылыми қағидаларын, концепцияларын бойына сіңіре отыра, олардың 
тҧжырымдарын  сол  кҥйінде  қайталап  қана  қоймай,  ӛзіндік  топшылаулар  да 
жасайды: 

 
қазақ  тіл  білімінің  дыбыс  жҥйесінде  Ресей  миссионерлері  тарапынан 
жіберілген кемшіліктерді әділ сынай отыра, ӛзіндік ой білдіреді; 

 
І.Кеңесбаев фонетиканы зерттеу мақсатына қарай іштей бірнеше салаға 
бӛлінетінін  анықтап  кӛрсетеді.  Бҧған  дейін  ғалымдар  еңбектерінде  ол  нақты 
аталмаған; 

 
ғалым  дыбыстардың  жасалымына  ғана  емес,  айтылымына  да  назар 
аударып, дыбыстың жасалуы, ырғағы мен кҥшіне тоқталады

 
дауысты  мен  дауыссыздардың  ӛзара  айырым-белгілері  мен  ӛзіндік 
ерекшеліктерін баяндап, әрқайсысына толық сипаттама береді; 

 
I.Кеңесбаев  дауыссыз  ғ  фонемасын  ызыңдаpдың,  г  фонемасын 
шҧғылдардың  тобында  қарастырады.  Ал  кӛмей  һ  фонемасы  ғалым  еңбегінен 
кейін қатаңдардың қатарына тҧрақтады; 

 
буын  соңында  келетін  қос  дауыссыздардың  орналасуына  баса  кӛңіл 
бӛледі; 

 
ғалым  игерулі  және  игерусіз  ӛзгерістерді  талдап,  оларға  жататын 
фонетикалық қҧбылыстардың мәнін аша сипаттайды

 
І.Кеңесбаев  бҥгінгі  кҥні  де  талас  пікір  тудырып  жҥрген  ерін  ҥндестігі 
жӛнінде  ӛз  ойын  білдірген.  Ғалым  оның  кҥші  ҥшінші  буыннан  аспайтынын 
айтады; 

 
I.Кеңесбаев  –  жалпы  тҥркітану  іліміне  тіркес  екпіні  ҧғымы  мен 
тҥсінігін ғылыми айналымға енгізген алғашқы ғалымдардың бірі;  

 
I.Кеңесбаев  қазақ  тiл  бiлiмi  фонетика  саласында  қолданылатын 
транскрипция жайында алғашқылардың бірі болып сӛз қозғайды т.б. 
Аталған мәселелер ғалымның "Қазіргі қазақ тілі" атты оқулығына  енген. 
Оның  ғылыми  ой-тҧжырымдары  мектеп  грамматикалары  мен  әдістемелік 
нҧсқаулардан, қазақ тілі энциклопедиясы мен кӛптеген ғылыми әдебиеттерден 
орын  алған.  I.Кеңесбаев  пікірлерінің  бҥгінгі  таңда  жалғасын  табуы  ғалым 
пайымдауларының дҧрыстығын, ӛміршеңдігін кӛрсетеді. 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет