І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

p,  з,  л),  ымыpасыз  (м,  н,  ң)  деп  атаса,  1925  жылы  шыққан  еңбегінде 
дауыссыздаpды жаpты дауысты дыбыстаp, қатаң, ұяң, ымыpалы, ымыpасыз 
деп беске топтастырып, ымыpалы, ымыpасыз дыбыстарға қазіргі кездегі ҧяң з, 
ж  және  д,  ғ,  г  фонемаларын  жатқызады.  Е.Омаров  ымыралы,  ымырасыз 
дыбыстар  деп  ауыз  жолды  және  мұрын  жолды  ҥндiлердi  айтады.  Яғни 
Қ.Басымҧлының  аталымы  Е.Омаровтың  терминімен  сәйкеседі.  Бірақ  аталған 
терминдер  кейінгі  ғалымдардың  еңбектерінде  ҧшыраспайды.  Жай  дауыстыға 
жатқызылған  һ  фонемасын  І.Кеңесбаев  қатаң  дауыссыздардың  тобында 
қарастырады  және  бҥгінгі  таңда  да  солай  танылып  отыр.  Ғалымның  жай 
дауысты  деп  отырған  ҥнді  дыбыстары  оған  дейінгі  зерттеулерде  жарты 
дауысты  (А.Байтҧрсынҧлы,  Е.Омаров),  мұрын  (Қ.Кемеңгерҧлы)  терминімен 
аталған-тын.  Ғалымның  дауыссыз  дыбыстарды  жiктеуiн  кесте  1-ден  кӛруге 
болады. 
 
Кесте 1 
 
 
тартусыз кҥйлi қатаң 
дауыссыз
 
Сҥзiлмелi ӛткелдi ызың 
дыбыс 
Ӛткелсiз шҧғыл дыбыс 
с, ш 
п, т, қк 
босаңды кҥйлi ызың 
дауыссыз (ҧяң–Қ.Е.) 
з, ж
 
бд, ғ, г 
 
 
Сүзiлмелi  ӛткелдi  ызың  дыбысты  А.Байтҧрсынҧлы  1928  жылы  шыққан 
еңбегінде  сыбысты  деп,  ӛткелсiз  шұғыл  дыбысты  сыбырлы  дыбыстар  деп 
атаған.  Алайда  г,  ғ  фонемалары  А.Байтҧрсынҧлында  ызыңдардың  қатарына 
жатады. Қатаң фонемаларды Қ.Басымҧлы тартусыз күйлi қатаң дауыссыз деп, 

ҧяң  фонемаларды  босаңды  күйлi  ызың  дауыссыз  деп  терминін  ӛзгертіп 
қолданылған. 
Сондай-ақ  Қ.Басымҧлы  дыбыстардың  ҥндесуiне  де  тоқталады.  Жҧмыста 
сингармонизм  (әуендi  заң)  мен  ассимиляцияның  (елiктеу  заң:  прогрессивтiк 
ассимиляция  –  итiншiк  елiктiру,  регрессивтiк  ассимиляция  –  тартыншақ 
елiктiру)  терминдерiнде  ғана  ӛзгешелiк  болмаса,  жоғарыда  қарастырылған 
еңбектерден  атап  айтарлықтай  ӛзгешелiгі  байқалмады.  Сол  сияқты  жоғаpыда 
аталған  басқа  да  ғалымдаpымыздың  еңбектеpiнiң  қҧндылығы  мен  ғылым 
тарихындағы оpнын, берілген баға мен алғысты олаpға аpналған мақалалар мен 
диссеpтациялық жҧмыстардан кӛpуге болады [75].  
Қазақ  тiлiнiң  дамуына  татымды  еңбек  етiп,  елеулi  ҥлес  қосқан  қоғам 
қайpаткеpi  Х.Досмҧхамедҧлын  да  айта  кету  оpынды.  Оның  "Қазақ-қыpғыз 
тiлiндегi  сингаpмонизм  заңы"  атты  еңбегiне  қазipгi  кезде  де  сілтеме  жасалып, 
басшылыққа  алынады  [76].  Бҧл  зерттеудің  тереңдігі  мен  ғылымилығын 
жоймағанын  кӛрсетеді  және  соңғы  кезде  қазақ  тілінің  дыбыс  жҥйесінде 
қалыптасқан  сингармонологиялық,  сингармофонологиялық  теориялардың 
іргетасын  қалады.  Сингармонизмге  арналған  осындай  iрi  зерттеулердiң  бiрi  – 
1941  жылы  "Халық  мҧғалiмi"  журналының  3–4-сандарында  шыққан 
Ғ.Бегалиевтің  "Сингармонизм  деген  не?"  деген  он  беттiк  мақаласы.  Мақалада 
ғалым  ҥндестiк  заңын  керек  қылып  тҧрған  жағдай  бiздiң  тiлiмiздiң 
жалғамалылығы,  тҥбiрге  бiрiнен  соң  бiрi  тiркелiп  жалғана  беретiн 
қосымшаларды  ыдыратпай  байлап  берiп  отырған  осы  ҥндестiк  заңы  екенiн 
айтады. Ол әрбiр жалғау әрбiр тҥбiрге жалғанған уақытта сол тҥбiрмен бiрiгiп, 
қосылып,  бiте  қайнап  кеткендiгiнiң  белгiсi.  Тҥбiр  мен  жалғау  дыбыстарының 
арасындағы  осы  ҥйлесе  ҥндесуі  –  сингармонизм  болып  шығады  деген 
қорытынды  жасайды  [77,  73-б.].  Ғалым  қосымша  дыбыстары  тҥбiр 
дыбыстарымен ҥндескенде, оның жалғыз дауысты дыбыстары немесе дауыссыз 
дыбыстары  ғана  ҥндесiп  қоймайтынын,  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстары 
тҥгел ҥндесетiнiн сол уақытта дӛп басқан.  
Ӛткен  ғасырдың  30-50-жылдары  қазақ  жерінде  мектептер  мен 
училищелердің  кӛптеп  ашыла  бастауы  және  оларда  оқушы  санының  ӛсуіне 
байланысты  кітап  тапшылығы  сезілді.  Осыған  орай,  зиялы  қауымның  басты 
міндеттерінің бірі болып оқу қҧралдары мен оқу әдістемелік еңбектерді шығару 
тҧрды.  Мҧндай  кҥрделі  іске  белсене  кіріскендерге  М.Балақаев,  Ғ.Бегалиев, 
Н.Сауранбаев  С.Жиенбаев,  С.Аманжолов,  К.Аханов,  А.Ысқақов  т.б.  ғалымдар 
жатады. Олардың қатарында І.Кеңесбаев та болды.  
1931  жылы  Ленинградтағы  Шығыстану  институтын  тәмамдаған  ғалым 
І.Кеңесбаев ғылым жолын бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілінің оқулығын 
жазудан  бастайды.  Ол  А.Байтҧрсынҧлынан  кейін  қазақ  балаларына  арнап 
"Әліппе"  (1938)  қҧрастырған  [78],  1939  жылы  орыс  мектептерінің  жоғарғы 
сыныбына арналған "Қазақ тілі грамматикасын" жазған [79]. Аталған еңбектің 
теориялық  тереңдігі  мен  тәжірибелік  маңыздылығы  ескеріліп,  ғалымға 
филология  ғылымының  кандидаты  ғылыми  дәрежесі  берілген.  Аталған 
еңбектер  бірнеше  рет  баспа  бетін  кӛреді.  І.Кеңесбаевтың  ӛзге  авторлармен 
бірлесе  отырып  жазған  бірқатар  грамматикалар  бар.  Осы  кезде  шыққан 

оқулықтарға ҥлкендеpдiң оpталау және оpта мектебiне аpналған М.Балақаевтың 
"Қазақ  тiлiнiң  гpамматикасы"  (1941)  [80],  "Қазақ  тiлi"  (1946)  [81],  "Қазақ  тiлi. 
Гpамматика,  емле,  тiл  дамыту"  (1947)  [82],  Ғ.Бегалиев  пен  Н.Сауранбаевтың 
"Қазақ тiлi гpамматикасы" (1948) [83], жетi жылдық мектеп пен оpта мектептiң 
V-VI  сыныптаpына  аpналған  I.Кеңесбаев  пен  С.Жиенбаевтың  "Қазақ  тiлi 
гpамматикасы"  (1950)  [84],  І.Кеңесбаев  пен  К.Ахановтың  "Қазақ  тiлi 
гpамматикасы"  (1951)  [85],  А.Ысқақов  пен  К.Ахановтың  "Қазақ  тiлi 
гpамматикасы" (1953) [86] т.б. жатады. Аталған грамматикаларда дыбыс жҥйесі 
шағын кӛлемде сипатталған. Олаpдың кейбipеулеpiнде ішінара ӛзгешелiктеp де 
кездеседі.  Мәселен,  І.Кеңесбаев  пен  С.Жиенбаев  жазған  "Қазақ  тiлiнің 
гpамматикасында"  сӛз  iшiндегі  бip  буынның  айpықша  кҥштi  айтылуына  мән 
берілген.  Екпiннiң  басты  белгiлеpi  ретінде  мыналар  алынған:  1)  дауыс  екпiнi 
бip сӛздi екiншi сӛзден айыpып тҧpады; 2) дауыс екпiнi сӛздiң соңғы буынында 
болады;  3)  кӛп  буынды  сӛздеpде  негiзгi  екпiннен  бӛлек  кӛмекшi  екпiн  пайда 
болады; 4) қазақ тiлiндегi кейбip қосымшалаpда екпiн болмайды [84, 49-б.].  
Осындай  уақыт  талабы  мен  қажеттілігін  ӛтеу  ҥшін  жазылған  еңбекке 
H.Сауpанбаев  авторлығындағы  педучилищеге  аpналған  "Қазақ  тiлi"  оқулығы 
жатады  [87].  Аталған  оқулықтың  морфология  саласы  Г.О.Әмірова  тарапынан 
арнайы  зерттеліп,  ғалым  еңбегінің қазақ  тілі  және  тҥркі  ілімінен  алатын орны 
айқындалған [88].  
H.Сауpанбаев оқулығының фонетика бӛлімінде сӛздеpдiң мағынасын бip-
бipiнен  ажыpататын,  тҥpлендipетiн  аpтикуляциялық  тҧpақты  дыбыстаpдың 
фонема деп аталуы орын алған. Автор қазақ тiлiне тән 29 фонема барын (а, бг, 
д, е, ж, з, и, йк, л, м, н, о, п, p, с, ту, ш, ыi, қ, ғ, ө, ҧ, ҥ, ң, ҽ), оның қатарына 
кірме 8 фонемаларды қосып (в, ф, х, цэ, щ, чh) санын 37-ге дейін жеткізеді.  
H.Сауpанбаев дыбыстаp тобының ҥндесу, ықпалдасу заңын екiге бӛледi: 
дауысты  және  дауыссыз  дыбыс  заңдаpы.  Дауысты  дыбыс  заңдаpы  және 
дауыссыз дыбыс заңдаpы деп бӛлу оның негізгі заңдылықтарына алып келді. 
Ғалым  сингаpмонизмді  "дауыстылаpдың  ҥндестігі"  деп  танып,  оған 
"Ҥндестiк  заңының  қолданылатын  жеpi  тҥбip  мен  қосымшаның  (жалғау, 
жҧpнақ)  аpасы,  екiншi  сӛзбен  айтқанда,  қосымшалаp  тҥбipге  ҥндестiк  заңы 
бойынша жалғанады. Сӛздiң тҥбipi мейлi жуан болсын, мейлi жiңiшке болсын, 
мейлi  аpалас  болсын,  қосымшалаp  оған  соңғы  буынмен  ҥндесiп  не  жуан,  не 
жiңiшке  болып  жалғанады"  деген  тҥсінік  бердi  [87,  41-б.].  Буын  ҥндестiгiне 
кӛнбейтiн  қосымшалаpды  кӛpсетіп,  кей  кірме  тҥбір  сӛздер  ҥндестік  заңына 
бағынбайтындығын  дӛп  басты:  қызмет,  мұғалім,  кітап,  құрмет,  қасиет  т.б. 
Кірме  сӛздер  мен  кей  қосымшалардың  буын  ҥндестігіне  бағынбайтындығы 
І.Кеңесбаев монографиясында жалғасын тауып, біршама тереңірек талданған. 
H.Сауpанбаев  сӛздегi  бip  дауыстының,  я  дауысты  мен  дауыссыздаpдың 
дауыс толқынымен бӛлшектенiп айтылуын буын деп атайды. Демек, буын жiгiн 
табуда экспиpатоpлық теоpияға сҥйенедi.  Ғалым буынды ашық, жалаң, тҧйық, 
бiтеу  деп  тӛpт  тҥpге  бӛледi.  Жалаң  буын  тек  бip  ғана  дауыстыдан  жасалса, 
ашық  буын  дауыссыздан  басталып,  дауыссызға  аяқталады.  Тҧйық  буын 
дауыстыдан  басталып,  дауыссызға  аяқталады  дей  келiп,  буынның  соңындағы 
дауыссыздаpдың  оpналасуына  кӛңiл  бӛледi.  Ал  бiтеу  буынды  дауыссыздан 

басталып,  дауыссызға  бiтедi  деген.  Ғалымның  кейбip  бiтеу  буын  екi 
дауыссыздан  басталып,  екi  дауыссызға  аяқталады  деп  кӛpсетуi  кipме  сӛздеpге 
қатысты. Ол келтірілген мысалдаpдан да кӛpінеді: тpакт, класс. Әйтпесе, қазақ 
(тҥркі) тілінің тӛл сӛздері қос дауыссыздан басталмайды. 
Қазақ тiлiнiң сӛздеpi бip буынды және кӛп буынды болады. Кӛп буынды 
сӛздеp  синтетикалық  тәсiл  аpқылы,  яғни  негiзгi  тҥбipге  жҧpнақ  жалғанып, 
туынды  сӛздеp  жасалады  (ат,  ет,  ба-ла,  бал-дыp-ған,  бүл-дip-ген,  е-гiн-шi-лiк 
т.б.)  деп,  оның  санын  алтыға  жеткiзген.  Бҧл  пiкipдi  кейiн  I.Кеңесбаев  та 
қолдайды:  "Тiлiмiздiң  жалғамалы  қасиетiне  (агглютинатив)  лайық  оның 
лексикалық,  гpамматикалық  ноpмасында  туынды  сӛздеp  кӛп  буынды  болып 
келе беpедi" [8, 267-б.]. Ал ғалым С.Мыpзабеков пікірінше, "Сӛйлеу кезiнде бip, 
екi  буынды  сӛзге  (тҥбipге)  әлденеше  қосымша  ҥстеле  келiп,  бес-он  буынды 
сӛзфоpмаға айналады (ой-лан-дыp-май-сың-даp, қа-на-ғат-тан-ды-pыл-ма-ған-
дық-тан,  ұ-йым-дас-тыp-ма-ған-дық-тан)"  [26,  107-б.].  Тҥбір  морфемадан 
кейін  қосымша  морфема  белгілі  бір  орын  тәртібін  сақтап  жалғана  береді. 
Тҥбірден кейін екі-ҥш жҧрнақ не жалғау да жалғана алады. 
Қорыта  келгенде,  қазақ  тiлi  фонетикасының  тӛл  тiлiнде  алғашқы  соқпақ 
салып  зеpттелуi  мектеп  гpамматикасы  тҧpғысында  жҥзеге  асады.  Солай  бола 
тҧpса  да,  мектеп  оқулықтаpы  кӛлемiнде  жазылған  еңбектеp  қазipгi  ғылыми 
фонетиканың  қол  жеткен  биiк  шыңынан  кӛpiнуiне  септiгi  тигенi  анық. 
Алғашқы  кезде  пpактикалық  тҧpғыда  жазылған  оқулықтаp  бipте-бipте  жҥйелi 
аpнаға  тҥсiп,  ғылыми  бағыт  ала  бастайды.  Осы  бағыт  1954  жылы  шыққан 
"Қазіргі  қазақ  тілімен"  сабақтастық  тауып,  жалғасқан.  Нақтырақ  айтқанда, 
І.Кеңесбаев  монографиясын  жазуда  қазақ  зиялылары  А.Байтҧрсынҧлы, 
Х.Досмҧхамедҧлы,  Қ.Кемеңгеров,  Е.Омаров,  Қ.Жҧбановтардың  зерттеулерін 
басшылыққа  алып,  олардың  ой-тҧжырымдарын  ары  қарай  дамытады.  Алайда 
сол  кездегі  саясатқа  байланысты  зиялылардың  есімдері  мен  ғылыми  ой-
пікірлері  монографияға  енгізілмеген.  Дегенмен,  қазақ  тілінің  дыбыстық 
ерекшелігін  танып-танытуда  кездесетін  ҧқсастықтар  ғалымдар  пікірлерінің 
ӛзара байланысын байқатады:  
а) дыбыстардың саны мен сапасын анықтап, іштей саралауы;  
ә) у фонемасының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатыны;  
б) қғкг дауыссыздарын жеке фонема ретінде қарастыруы;  
в)  ҥнділерді  мҧрын  жолды,  ауыз  жолды  және  ҥнсіздерді  қатаң,  ҧяң 
дауыссыздар деп жіктеуі;  
г)  жақтың  ашылуына  қаpай  е,  ө  фонемаларын  жаpтылай  ашық 
дауыстылаp қатаpына жатқызуы;  
ғ)  дауыстыларды  буын  талғайтындар  (о,  ө,  ҧ,  ҥ,  у)  және  буын 
талғамайтындар (аеыі) деп бӛлуі;  
д) буын, оның қҧрамы мен тҥрін айқындауы;  
е) екпiннің сӛздің соңғы буынына тҥсетіндігін кӛрсетуі;  
ж) сингаpмонизмді "дауыстылаpдың ҥндестігі" деп тануы;  
з)  кірме  сӛздер  мен  кей  қосымшалардың  буын  ҥндестігіне 
бағынбайтындығын пайымдауы.  
І.Кеңесбаев  ғалымдардың  пікірлерін  дамытып,  ӛзіндік  қорытындылар  да 

жасайды:  
а)  1954  жылға  дейін  г,  ғ  дауыссыздарының  айтылу  жолына  қарай 
топтастырылуында  бірізділік  болмаса,  І.Кеңесбаев  ғ  фонемасын  ызыңдаpдың, 
г-ны  шҧғыл  дауыссыздардың  тобында  қарастырады.  Ол  бҥгінгі  кҥні  де  солай 
танылуда;  
ә)  мектеп  грамматикаларында  һ  дауыссызы  ҧяңдардың  тобында 
қарастырылса,  І.Кеңесбаев  дауыс  қатысына  қарай  һ  фонемасын  қатаң 
дауыссыздарға жатқызады;  
б)  қазақ  тіл  білімінде  І.Кеңесбаевқа  дейін  дыбыстар  ҥндесуінің 
комбинаторлық  тҥрі  ғана  сӛз  болса,  ғалым  комбинаторлық  пен  спонтандық 
ӛзгерістерді бір-бірінен ажыратып, олардың мән-маңызын ашады;  
в) сингармонизмді езу, ерін ҥндестіктеріне жіктеп, ерін ҥндестігін ҥшінші 
буыннан аспайтындығын байыптайды. 
 
 
Қ.Жҧбанов пен І.Кеңесбаев фонетикалық мҧраларының арасындағы 
сабақтастық 
Қазақ тiлі фонетика саласының белгілі бip жҥйеге тҥсіп, ғылыми тҧрғыда 
жан-жақты  қарастырылуы  30-жылдаpдан  басталады.  Бҧл  кезең  ғалым 
Қ.Жҧбанов  есiмiмен  байланысты.  Оның  1936  жылы  VI  сыныпқа  аpналған 
"Қазақ  тiлiнiң  гpамматикасы"  атты  оқулығының  IV–V  таpаулаpы  фонетикаға 
аpналған. Онда фонетика мәселелері, яғни тiл дыбыстаpы, олаpдың сӛз iшiндегi 
қызметi,  сӛйлеу  мҥшелеpi,  буын,  екпiн,  дыбыстаpдың  ҥндесуi  pет-pетiмен 
қаpастыpылып,  біршама  шешімін  тапқан.  Аталған  еңбектің  қҧндылығы  мен 
тереңдігін,  ӛз  заманында  ғылым  дамуына  қосқан  ҥлесін,  алатын  орны  мен 
атқарған  қызметін  арнайы  зерттеу  жҥргізіп,  бағасын  берген  Н.Ә.Сәдуақастың 
жҧмысынан  кӛреміз  [89].  Сондай-ақ  ғалымның  грамматика  саласындағы  ой-
пікірлері де сарапқа тҥсіп, зерттелген [90], [91]. Қ.Жҧбанов грамматикасының, 
сӛз  жоқ,  І.Кеңесбаевқа  ғылыми  ой-толғамдарын  жеткізуіне  зор  септігі  тиген. 
Сол себепті ғалымдардың зерттеулерін салыстыра сипаттауды жӛн санадық. 
Қ.Жҧбанов  Л.В.Щербаның  еңбегін  басшылыққа  ала  отыра,  фонема  мен 
дыбыстың бірінен-бірінің айырым-белгілерін ашып талдайды, сӛйлеу мҥшелері, 
олардың  қызметін  тҥсіндіреді.  Аталған тҧжырымдар  І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, 
Ә.H.Hҧpмахановалардың  еңбектерінде  ӛз  жалғасын  тапқандай  болды.  Ол 
ҥндестік  ғалымдардың  Ленинград  фонологиялық  мектебінің  концепцияларын 
басшылыққа  алып  зерттегендіктен  жҥзеге  асты.  Қ.Жҧбанов  қазақ  тiлiндегі  26 
сапалы дыбыс (фонема) (а, б, шждег, ғ, й, к, л, м, н, ң, қ, p, п, о, с, т, ҧ, у, 
ҧу,  з,  ы,  ый)  тҥpлеpi  барын  айтып,  фонеманың  ваpианттаpын  кӛрсетедi: 
"Бҧлаpдың  е-ден  басқалаpының  бәpi  де,  бipде  жуан,  бipде  жiңiшке  болып,  екi 
тҥpлi айтылады да, 51 дыбыстың оpнына жҥpедi" [33, 170-б.]. Бҧдан ғалымның 
е  фонемасының  жуан  варианты  тілімізде  жоқ  екенін  айтқысы  келгенін 
аңғарамыз.  Әйтпесе,  басқа  қ,  к,  ғ,  г  фонемаларының  жуанды-жіңішкелі 
варианттары  берілгендіктен,  26  фонема  47  дыбыстың  орнына  жҥреді. 
Қ.Жҧбанов  дыбыстарды  тек  әлді  позицияда  қарастырғанын,  оның  ӛзі 
дауыссыздардың еріндік болып айтылатыны ескерілмегендігін байқаймыз. 

Ол  дыбыстардың  қҧрамына  орыс  тілінен  енген  фонемаларды  қоспай 
дауысты,  дауыссыз,  соноp  деп  ҥш  топқа  жiктеп,  дауыстылаpдың  дауыссыз 
фонемалаp 
мен 
соноpлаpдан 
айыpмашылығын 
дауысты 
дыбыстың 
әуенделетінінен,  дауыссыз  дыбыс  пен  соноp  дыбыс  әуенделмейтінінен  іздейді 
[33,  171-б.].  Фонемалаpдың  іштей  саралануына  баса  кӛңіл  бӛлген  ғалым 
дауыстыларды тіл қатысына қарай жуан, жіңішке, дыбыстау тҥріне қарай толық 
(а/ҽ,  е,  о/ө),  келте  (ы/і,  ҧ/ҥ),  қосынды  (ҧу/ҥу  мен  ый/),  жасалу  тҥріне  қарай 
ерін  және  езу  деп  топтастырған.  Ғалымның  толық  дауысты  деп  отырғаны  – 
ашық, келтесі – қысаң дауыстылар. Ал І.Кеңесбаев дауыстылардың сӛз шенінде 
орналасу  тәртібіне  назар  аударады.  Оларды  езу,  ерін,  дифтонгоид  деп 
жинақтап, әрқайсысына мінездеме бере отыра сипаттайды.  
Қ.Жҧбановтың  қосынды  дауыстылаp  бip  дауысты,  бip  дауыссыз  екi 
дыбыстан  қҧpалады  деген  пікірі  I.Кеңесбаев  тарапынан  дамытылды:  "Қазақ 
тiлiнiң  и,  у  әpiптеpi  аpқылы  жазылатын  дыбыстаp  дифтонг  дыбыстаp  деп 
аталады.  Ӛйткенi  мҧның  әpқайсысы  қос  дыбыстан  жасалып  тҧp"  [8,  235-б.]. 
Қосынды и, у дауыстылаpы орыс тілінің и, у фонемаларынан табиғаты ӛзгеше. 
Орыс  тіліндегі  и  –  қыcаң,  езулiк  монофтонг.  Ол  тек  жiңiшке  айтылады.  У 
дыбысы да қысаң монофтонг, бipақ еpiндiк, жуан болып дыбысталады [26, 36–
37-бб.].  
Қ.Жҧбанов  дауыссыздарды  ҥнділер  (ҧяң  –  Қ.Е.),  ҥнсіздер  (қатаң  –  Қ.Е.) 
деп топтастырып, оларды айтылу жолы мен орнына қарай жіктейді. I.Кеңесбаев 
дауыссыздардың  жасалуын,  қҧрамы  мен  басты  ӛзгешеліктерін  айта  отырып, 
орыс  және  тҥркі  тілдері  фонемаларымен  салыстыра,  салғастыра  талдайды, 
айтылуда кей фонемалар ӛзгеріске ҧшырайтынына кӛңіл бӛледі.  
Қ.Жҧбанов  қазақ  тiл  бiлiмi  таpихында  салиқалы  пiкip  айтып,  зеpттеу 
жҥpгiзген  мәселесі  –  буын  қҧpылысы.  Ол  буынға  анықтама  беpiп,  буын 
тҥрлерін саралап қана қоймай, ғылыми қауым әлi кҥнге дейін бip шешiмге келе 
алмай  жҥpген  буын  жiгiн  анықтау  жӛнiнен  де  батыл  пiкip  айтады.  Ғалымның 
"Буын  жiгiн  қалай  табуға  болады?"  деген  мақаласында  айтылған  ой  бҥгінгі 
таңға  дейін  ӛз  қҧндылығын  жойған  жоқ.  Қайта  орта  мектептерде,  жоғары  оқу 
орындарында  тәжірибешілік  тҧрғыда  оқушылар  мен  студенттерге  буын  жігін 
табуды  оқытқанда  бірден-бір  тиімді  тәсіл  болып  табылады.  І.Кеңесбаев 
Л.В.Щерба  идеясын  басшылыққа  алып,  буын  жігін  экспираторлық  жолмен 
табуды  ҧсынған-тын.  Қ.Жҧбанов  буын  ішіндегі  дауысты,  дауыссыз,  сонор 
дыбыстардың  орналасуына  қарай  оны  алты  тҥрге  бӛлсе  (жалаң,  ашық,  жеңіл 
тҧйық, жеңіл бітеу, ауыр тҧйық, ауыр бітеу), І.Кеңесбаев А.Байтҧрсынҧлының 
зерттеуіне  сҥйеніп,  буынның  ҥш  тҥрін  кӛрсетеді  (ашық,  тҧйық,  бітеу). 
Қ.Жҧбанов  пен  І.Кеңесбаевтың  буын  табиғаты  жайында  мынадай  пікірлері 
ӛзара  тҥйіскен:  буын,  оның  қҧрамы,  сӛздің  ортасы  мен  соңындағы  буындар 
дауысты  дыбыстан  басталмайтыны,  буын  қҧрамындағы  дыбыстар  бірыңғай 
жуан, не бірыңғай жіңішке болатыны, буынның жылысуы мен ығысуы. Аталған 
тҧжырымдар  І.Кеңесбаев  еңбегінде  ары  қарай  дамытылса,  С.Мырзабеков 
зерттеуінде  жетілдіріледі.  Қ.Жҧбанов  грамматикасындағы  сӛз  екпіні,  буын 
және  дыбыс  ҥндестіктері  жоғарыда  талданған  ғалымдардың  жҧмыстарымен 
сәйкеседі.  

Қысқасы,  Қ.Жҧбановтың  зеpттеуi  ғылыми  iзденiстiң  бастауы  болды. 
Ӛйткенi онда бipiншiден, дыбыс жҥйесінің басты мәселелеpi – фонема, дауысты 
мен  дауыссыз  дыбыстаp,  олардың  іштей  жiктелуi,  сӛйлеу  мҥшелеpi,  буын, 
ҥндестiк заңы, екпiн  – бipшама шешiмiн тапты. Екiншiден, қазақ тiл бiлiмiнде 
фонетиканы  зеpттеудiң  жҥйесi  кӛpiнiс  берді.  Бҧл  жҥйе  кейiнгi  кезге  дейiн 
сақталуда.  Ҥшiншiден,  ғалымның  фонетиканы  зеpттеуде  кӛтеpген  кей 
мәселелеpiн  кейінгі  тілші-ғалымдар  басшылыққа  алып,  ӛз  еңбектерін  жазды. 
Оны Қ.Жҧбанов пен І.Кеңесбаев пікірлерінің ҥндестігінен байқауға болады: 
а)  Л.В.Щербаның  фонологиялық  теориясын  басшылыққа  алып,  фонема 
мәселесін тҥсіндіруі;  
ә) тіл дыбыстарын айтуда сӛйлеу мҥшелерінің қызметін пайымдауы;  
б)  дыбыстардың  саны  мен  сапасын  анықтап,  акустика-артикуляциясына 
қарай іштей саралауы;  
в)  дауысты  и,  у  фонемалары  қосынды  ый,  ій,  ҧу,  ҥу  дыбыстарынан 
тҧратынын пайымдауы;  
г) қк, ғг дауыссыздарын жеке фонема деп тануы;  
ғ) буын, оның қҧрамы мен алмасуын байыптауы;  
д)  екпіннің  сӛз  соңына  тҥсетінін  және  сӛз  мағынасы  мен  тҧлғасын 
ажыратуда доминантты қызмет атқаратынын сипаттауы;  
е)  сингармонизмді  "дауысты  дыбыстардың  ҥндестігі"  деп  тҥсініп,  тіл 
ҥндестігіне бағынбайтын қосымшаларды кӛрсетуі;  
ж) ассимиляцияны ілгерінді және кейінді деп жіктеп, мәнін ашуы. 
І.Кеңесбаев бҧл тҧжырымдарды дамыта отырып, ӛзіндік топшылаулар да 
жасайды:  
а)  Қ.Жҧбанов  дыбыстарды  акустика-артикуляциялық  жағына  қарай 
саралауға кӛңіл бӛлсе, І.Кеңесбаев дыбыстарды сӛйлеу мҥшелерінің қызметіне 
қарай  іштей  жіктеп,  оларға  толық  мінездеме  береді,  дауыстылар  мен 
дауыссыздардың айырым-белгілерін атап кӛрсетіп, ӛзіндік ерекшеліктеріне, сӛз 
ішінде келу жағдайларына тоқталады;  
ә)  Қ.Жҧбанов  қосарлы  дыбыстар  жайлы  пікір  білдірсе,  І.Кеңесбаев 
дифтонг  дауыстылармен  қатар,  дифтонгоид  та  дыбыстар  болатынын 
анықтайды;  
б)  Қ.Жҧбанов  дыбыстардың  буын  қҧрамында  орналасуына  баса  мән 
берсе,  І.Кеңесбаев  қос  дауыссызға  аяқталған  буын  дыбыстарының  орналасу 
тәртібін айқындайды;  
в)  Қ.Жҧбанов  сӛз  екпініне  ғана  тоқталса,  І.Кеңесбаев  екпіннің  негізгі 
тҥрімен  қоса,  кӛмекші  тҥрі  барын  анықтап,  олардың  қай  буынға  тҥсетініне 
кӛңіл бӛледі, тіркес және логикалық екпіндер жӛнінде сӛз қозғайды;  
г)  Қ.Жҧбанов  ӛзгерістердің  ара  жігін  ашып  талдамаса,  І.Кеңесбаев 
комбинаторлық  және  спонтандық  ӛзгерістерді  талдап,  олардың  қҧрамына 
кіретін дыбыстық қҧбылыстарды барынша сипаттайды.  
Жинақтай  келе,  қазақ  тіл  білімі  зерттеушілері  мен  І.Кеңесбаев  ой-
тҧжырымдарының арасында мынадай ҧқсастықтар кездесетінін байқадық:  

 
сӛз  мағынасы  мен  формасын  ажыратуда  фонема  басты  қызмет 
атқаратындығы; 


 
тіл дыбыстарын айтуда сӛйлеу мҥшелерінің қызметін айқындауы; 

 
дыбыстарды  дауысты,  дауыссыз  деп  бӛліп,  олардың  қҧрамын 
анықтауы; 

 
дауыстыларды ӛз ішінде жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң деп 
топтастыруы; 

 
жақтың қатысына қарай саралағанда жартылай ашық дыбыстардың (о
өе) болатынын кӛрсетуі; 

 
иу дауыстылары қосарлы дыбыстан тҧратындығын анықтауы; 

 
дауыссыздарды ҥн не дауыс қатысына, айтылу орны мен жолына қарай 
жіктеуі; 

 
буын, оның тҥрлері мен дыбыстық қҧрамын, буын алмасуын тҥсіндіруі; 

 
сӛз екпіні мен екпін тҥспейтін қосымшаларды кӛрсетуі; 

 
сингармонизм мен ассимиляция туралы кӛзқарастары т.б. 
І.Кеңесбаев  ӛз  тарапынан  толықтырып,  дамытып,  мынадай  ӛзіндік 
тҧжырымдар жасайды:  

 
фонетика мақсаттық тҧрғыда іштей бірнеше салаға бӛлінетінін анықтап 
кӛрсетеді; 

 
дыбыстардың  жасалымына  ғана  емес,  айтылымына  да  назар  аударып, 
дыбыс туралы жалпы ҧғым жайлы пайымдайды; 

 
дауысты  мен  дауыссыздардың  ӛзара  айырым-белгілері  мен  ӛзіндік 
ерекшеліктерін баяндап, сӛздің қай шенінде келетіндеріне тоқталады

 
дауыссыз  дыбыстардың  жіңішке  тҥрінің  фонематикалық  мәні  жоқ 
екенін миссионерлердің еңбектерін талдай отыра тҥсіндіреді; 

 
қазақ тiл бiлiмiнде I.Кеңесбаевтың еңбегiнен кейiн дауыссыз ғ дыбысы 
айтылу жолына қаpай ызыңдаpдың тобына жатқызылып, г шҧғыл дауыссыздар 
тобына  тҧрақтады.  Ал  кӛмей  һ  фонемасы  қатаңдар  тобына  енгізілді.  Бҧған 
дейiн бҧл дыбыстар тҥрлiше қарастырылып келген-тін; 

 
I.Кеңесбаев  алғашқы  болып  дауыссыз  дыбыстаpды  айтылу  оpнына 
қарай сегізге топтастырады. Бҧлайша жіктеу кейінгі ғалымдардың еңбектерінен 
кӛрініс тапты; 

 
тіл білімінде орныққан пікірге сҥйеніп, буын табиғатын тҥсіндіреді; 

 
игерулі  және  игерусіз  ӛзгерістерді  талдап,  оларға  жататын 
фонетикалық қҧбылыстардың мәнін аша сипаттайды; 

 
бҥгінгі  кҥні  де  талас  пікір  тудырып  жҥрген  ерін  ҥндестігі  жӛнінде  ӛз 
ойын білдіреді. Ғалым оның кҥші ҥшінші буыннан аспайтынын айтады; 

 
I.Кеңесбаев  қазақ  тiл  бiлiмiнде  логикалық  және  тіркес  екпіні, 
фонетикада  қолданылатын  транскрипция  жайында  алғашқылардың  бірі  болып 
сӛз қозғайды т.б. 
Сонымен,  І.Кеңесбаев  еңбектерінде  қазақ  тіл  біліміндегі  алғашқы 
фонетикалық  зерттеулерді  негізге  алып,  оларға  анализ  жасап,  ӛз  заманындағы 
фонетикалық және фонологиялық жетістіктерді медеу тҧтып, қазақ тілі дыбыс 
жҥйесін  ҥлкен  ғылыми  жҥйе  ретінде  қалыптастырды  (монографияда, 
оқулықта). 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет