І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

в,  ф  дауыссыздары  орыс  тілінен  енген  және  в  фонемасы  айтылуда  п-ға,  ф 
фонемасы  п-ға  айналады  деген  пікірлер  кездеседі.  Сондай-ақ  І.Кеңесбаевтың 
зерттеуінде ол дыбыстармен араб, иран тілдерінен келетін сӛздер кездесетіндігі 
де  сӛз болады:  "Араб, иран  тілдерінің кҥшті  ықпалымен революциядан  бҧрын 
жазылған  қазақ  тіліндегі  кітап,  қиссаларда  ф,  в  дыбыстары  бірен-саран 
кездесетін-ді"  [8,  242-б.].  И.А.Батманов  пен  І.Кеңесбаевтың  к,  г,  қ,  ғ 
фонемалары жайындағы тҧжырымдары ӛзара тҥйіскен. И.А.Батманов кгқғ 
дауыссыздарын  талдағанда  К.К.Юдахиннің  1940  жылы  жарық  кӛрген  "Жаңа 
алфавитте  қ,  ғ  фонемалары  қажет  пе?"  мақаласына  сілтеме  жасап,  ӛзі  тӛрт 
фонеманы қолдайтынын айтады. 
Буын  мәселесiн  талдауда  ғалымдар  Л.В.Щербаның  пікірін  басшылыққа 
алған  [43].  Сол  себепті  де  бірқатар  тҧжырымдары  бір-бірімен  ҥндеседі. 
И.А.Батманов  буын  жасаушы  басты  элемент  дауысты  дыбыс  сӛздің  буын 
қҧрамын  анықтайтынын  дҧрыс  аңғарған:  "...  количеством  гласных  в  слове  в 
киpгизском  языке  опpеделяется  и  количество  слогов  слова"  [42,  119-б.]. 
Л.В.Щербаның  еңбегіне  сҥйене  отыра  буын  жігін  қай  жерден  ӛтетінін 
кӛрсетеді:  "...  когда  в  речевом  потоке  встречаются  сильноконечный 
(имплозивный)  и  сильноначальный  (эксплозивный)  согласные,  образуется 
линия слогораздела" [42, 120-б.]. Қыpғыз тiлiнде CV, V, VC, VCС, CVC, CVCC 
типті  ашық,  тҧйық,  бітеу  буын  тҥpлерi  барына,  буын  қҧрамындағы  дауыссыз 
дыбыстардың  орналасу  тәртібіне  тоқталады,  буын  жылысуы  жӛнінде  де  сӛз 
қозғайды:  "Линия  слогоpаздела  пеpедвигается  в  том  случае,  когда  в 
пpедыдущем  слоге  имеется  сочетание  гласного  и  согласного,  а  последующей 
слог начинается на гласный; тогда согласный пеpеходит в последующий слог, 
оказывается  в  интеpвокальной  позиции,  а  линия  слогоpаздела  пеpеходит  в 
пpедыдущий  слог:  күн  +  ым  =  кү-нүм,  ат  +  ы  =  а-ты"  [42,  143-б.]. 
И.А.Батмановтың  буын  жылысуы,  дауыссыз  дыбыстардың  комбинаторлық 
ӛзгерістері тараушасында талданған ассимиляция мәселелері қазақ тіл білімінде 

Қ.Жҧбанов,  І.Кеңесбаев  еңбектерінде  ары  қарай  жалғасын  тауып  дамытылса, 
диссимиляция 
мен 
метатеза 
қҧбылыстары 
К.Аханов, 
А.Айғабылов, 
С.Мырзабеков зерттеулерінде кеңейтіліп жетілдіріледі. 
Сонымен, И.А.Батманов еңбектері осы бағыттағы зеpттеу жҧмыстарының 
жазылуына  септігі  тигені  анық.  Оның  дәлелі  –  ғалым  І.Кеңесбаев  зерттеуінде 
берілген 
сілтемелермен 
қатар, 
олардағы 
кей 
мәселелерінің 
ӛзара 
байланыстылығы. Мәселен: 
а)  дауыстылардың  жуан-жіңішке,  ашық-жартылай  ашық-қысаң,  еріндік-
езулік болып тіл, жақ, ерін қатысы мен қалпына қарай жіктеуі;  
ә)  сӛз  басында  е,  о,  ө  фонемаларының  алдынан  әнтек  й,  у  дыбыстары 
қосылатынын пайымдауы;  
б) дауыссыздаpды дауыс қатысына қарай ҥндi, қатаң, ҧяң деп саралауы;  
в)  фонемалаpды  сипаттауда  артикуляцияға  баса  кӛңіл  бӛліп,  қазақ  пен 
оpыс тiлдерiнің фонемалаpын ӛзара салыстыpа талдауы;  
г) сингармонизмді "дауысты дыбыстардың ҥндестігі" деп тҥсініп, оны тіл 
және ерін ҥндестігіне бӛлуі;  
ғ)  дауыссыздаpдың  ҥндесуiн  пpогpессивтiк  ассимиляция  және 
pегpессивтiк ассимиляция деп жіктеуі;  
д)  екпіннің  сӛз  соңына  тҥсетiнi  және  екпін  тҥспейтін  қосымшаларды 
кӛрсетуі;  
е)  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың  әсерінен  болатын 
комбинаторлық ӛзгерістерді тҥсіндіруі;  
ж) вф дауыссыздарын орыс тілінен енген фонемалар деп тҥсінуі және в 
фонемасы айтылуда п-ға, ф фонемасы п-ға айналады деген пікірлері;  
з) кгқғ дауыссыздары ӛз алдына жеке фонема болатындығы;  
и) Л.В.Щербаның пікірін басшылыққа алып буын табиғатын тҥсіндіруі.  
І.Кеңесбаев  И.А.Батмановтың  пікірін  ӛз  тарапынан  толықтырып, 
дамытқан,  ӛзіндік  тҧжырымдар  да  шығарған.  Оны  біз  екі  ғалымның 
кӛзқарастарын салыстыра отырып анықтай аламыз:  
а)  И.А.Батманов  дыбыстардың  артикуляциясына  баса  мән  берсе, 
І.Кеңесбаев  дыбыстардың  артикуляциясына  ғана  емес,  акустикасына  да  кӛңіл 
бӛліп, дыбыстың жасалуына, ырғағы мен кҥшіне тоқталады;  
ә)  И.А.Батманов  дыбыстарды  талдауға  бірден  кіріссе,  І.Кеңесбаев 
дауысты  мен  дауыссыздардың  ӛзара  айырым-белгілерін  анықтап,  атқаратын 
қызметтерін тҥсіндіреді;  
б)  І.Кеңесбаев  П.М.Мелиоpанскийдің  бҧрыс  тҧжырымын  сынға  алып, 
дауыссыз  дыбыстардың  жіңішке  тҥрінің  фонематикалық  мәні  жоқ  екенін 
пайымдайды;  
в)  И.А.Батманов  буын  типін  ғана  кӛрсетсе,  І.Кеңесбаев  буын  соңында 
келетін  қос  дауыссыздың  орналасу  тәртібіне  тоқталады,  сӛз  ортасы  мен 
соңында дауысты дыбыстан буын басталмайтынын айтады;  
г)  И.А.Батманов  буын  жылысуына  тоқталып,  ығысуына  мән  бермесе, 
І.Кеңесбаев  буын  ығысуы  мен  жылысуын  мысалдарды  талдай  отыра 
тҥсіндіреді;  
ғ)  И.А.Батманов  тҥркі  тілдерінде  буынның  санына  қарай  кӛмекші  екпін 

сӛз бойында жылжып отырады десе, І.Кеңесбаев кӛмекші екпін негізгі тҥбірдің 
соңғы буынына тҥсетінін айтады;  
д)  И.А.Батманов  комбинаторлық  ӛзгерістерге  баса  кӛңіл  бӛлсе, 
І.Кеңесбаев игерулі және игерусіз ӛзгерістерге тоқталып, олардың мәнін ашып 
талдайды;  
е) И.А.Батманов қырғыз тілінде ерін ҥндестігі сӛз соңына дейін сақталады 
десе,  І.Кеңесбаев  қазақ  тілінде  ерін  ҥндестігі  ҥшінші  буыннан  аспайтынын 
кӛрсетеді т.б. 
 
І.Кеңесбаев 
еңбектерінде 
H.А.Баскаковтың 
фонетикалық 
көзқарастарының дамуы 
Тҥркі  ілімінің  қалыптасып,  дамуына  сҥбелі  ҥлес  қосқан  зерттеушілердің 
қатарында H.A.Баскаков есімі ерекше аталады. Ноғай және қарақалпақ тілдерін 
зерттеп, оқулық жазған H.A.Баскаков фонетика мәселелерін барынша тереңірек 
қарастырады. Дыбыстарға мінездеме бергенде олардың жасалымына баса кӛңіл 
бӛліп,  аталған  тілдердің  фонемаларын  орыс  тілі  фонемаларымен  салыстыра 
сипаттайды. Ол да дауыстылаpды дәстҥр бойынша жуан-жіңішке, ашық-қысаң, 
еріндік-езулік  деп  топтастырып,  о,  ө,  е  фонемалаpының  сӛз  басында  келу 
жағдайына  тоқталады:  "Хаpактеpна  дифтонгизация  в  начальной  позиции: 
у
о, 
у
оъ, 
и
е; пpавда, в отличие от языка каpакалпакского, а также некотоpых говоpов 
казахского  языка  в  ногайском  языке  дифтонгизиpованные 
у
о, 
у
оъ, 
и
е 
встpечаются  pедко"  [44,  12-б.].  H.A.Баскаковтың  бҧл  тҧжырымы  қазақ  тiл 
білімiнде  ӛз  жалғасын  тапқандай  болды.  О,  ө,  е  дауысты  фонемаларының 
алдынан қосылған қосымша уй дыбысын ғалым М.Томанов "сына" дауыссыз 
деп  атайды  [45,  371-б.].  I.Кеңесбаев  о,  ө,  е  дауыстылаpы  сӛздiң  бас 
позициясында  келгенде  алдынан  әнтек  ҧ,  ҥ,  й  дыбыстары  қосақталатынын 
айтып,  оларды  ашық  дифтонг  деп  таныған  [8,  236-б.].  Осылармен  ҥндес  пікір 
Ә.Жҥнiсбеков, С.Мырзабеков еңбектерінде кездеседі.  
H.A.Баскаков  алдыңғы  тҥркітанушылар  ізімен  дауыссыздарды  дауыс 
қатысына, айтылу орны мен жолына қарай жіктеген. Ғалымның ноғай тiлiндегi 
дауыссыз  дыбыстаpды  айтылу  оpнына  қаpай  жетіге  саралауы  І.Кеңесбаевтың 
топтастыруымен тҥйіскен. Қараңыз:  
1) оpтаңғы қатаp – оpтаңғы аpтикуляциялық база (тiс, тiл ҧшы, тiл алды);  
2) аpтқы қатаp – аpтқы аpтикуляциялық база (тiл аpты, тiл оpтасы);  
3) алғы қатаp – алғы аpтикуляциялық база (еpiн-еpiн, еpiн-тiс) [44, 71-б.]. 
І.Кеңесбаев  халықаралық  аталымдарды  қолдана  отырып,  бҧлардың  қатарын 
сегізге жеткізген:  
1) ерін (билабиаль) фонемалары: пбм, (у);  
2) тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: фв;  
3) тіс (денталь) фонемалары: тсздц
4) тіл ҧшы (альвеоляр) фонемалары: нлч
5) тіл алды (палаталь) фонемалары: ршжй
6) тіл ортасы (препалаталь) фонемалары: кг
7) тіл арты (веляр) фонемалары: қғңх
8) кӛмей (фарингаль) фонемалары: һ [8, 258-б.]. 

H.A.Баскаков  –  буын  табиғаты  жайында  жҧтаң  болса  да,  алғашқы  сӛз 
қозғаған  тҥркологтердің  бірі.  Ноғай  тілінде  буын  қос  дауыссыздан 
басталмайтынын,  буынның  ашық  және  бітеу  тҥрлері  барын  кӛрсеткен  ғалым 
оны алты топқа жіктейді:  
1) дауысты: а-та;  
2) дауыссыз + дауысты: де, ба-ла; 
3) дауысты + дауыссыз: ат, ал-ды; 
4) дауысты + дауыссыз + дауыссыз: айт-ты, аст(ы);  
5) дауыссыз + дауысты + дауыссыз: бас, тас-лар; 
6) дауыссыз + дауысты + аpалық дауыссыз + дауыссыз: қайт-ты, таpт-
ты  [44,  105-б.].  Яғни  буынның  ашық  тҥpi  жеке  дауыстыдан  не  дауысты 
дыбысқа  аяқталған  буыннан  жасалады  да,  басқа  кӛpсетiлгендері  бітеу  буын 
тҥpiне  жатады.  Атауының  айырмасында  болмаса,  буынды  осындай  екі  тҥрге 
бӛлу қазақ тіл білімінде ғалым С.Мырзабеков пен З.Ӛтебаеваның еңбектерінде 
ҧшырасады.  Бҧл  зерттеулердің  бір-бірімен  байланысын,  ӛзара  сабақтастығын 
кӛрсете  алады.  Ал  буынның  дыбыстық  қҧpамының  анықталуы  аталған 
зерттеуден  бастау  алып,  дамыған,  І.Кеңесбаевтың  "Қазіргі  қазақ  тілінде" 
жалғасын тауып, жетілдірілген. 
H.А.Баскаков Л.В.Щербаның еңбегіне сҥйене отыра қаpақалпақ тiлiндегі 
фонема  мәселесін,  оның  қызметін  тҥсіндіреді,  дауысты  мен  дауыссыздарды 
орыс тіліндегі фонемалармен салыстыра сипаттайды. Ғалымның дауыстыларды 
ерін мен жақ қатысына қарай  жіктеп, сызба арқылы тҥсіндіруі І.Кеңесбаевтың 
оқулығында  да  кездеседі.  H.А.Баскаков  дыбыстардың  қатысымен  болатын 
сингармонизм  мен  ассимиляция  заңдылықтарын  жеке  бӛліп  қарастырмай, 
олардың  қҧрамында  талдайды.  Ғалым  қарақалпақ  тіліндегі  ерін  ҥндестігінің  қай 
буынға  дейін  жететінін  нақты  кӛрсету  қиын  екенін  пайымдайды:  "В 
каракалпакском  языке  закону  губной  гармонии  подвергаются  только  узкие 
гласные  ы,  и  и  широкий  е,  причем  точные  фиксированные  границы  огубления 
этих гласных, напр., в пределах 2-х, 3-х, 4-х и т.д. слогов отсутствуют" [46, 37-б.]. 
Ерін  ҥндестігінің  сӛз  бойында  орналасуы  қазақ  тілінде  де  ӛз  шешімін 
тапқан  жоқ.  Тілді  зерттеушілер  тҥрлі  кӛзқарасты  ҧстануда.  І.Кеңесбаев 
буындардың  саны  жағынан  ерін  ҥндестігінің  кҥші  ҥш  буыннан  аспайтынын 
айтады  [8,  284-б.].  H.А.Баскаков  сӛзде  негізгі  екпінмен  қатар  кӛмекші  екпін 
болатынын,  екпін  тҥспеген  екінші  ашық  буын  редукцияға  ҧшырайтынын 
пайымдайды.  Белгілі  бір  ойды  жеткізуде  ритмикалық  пен  логикалық 
екпіндердің ролі зор екенін де тҥсіндіреді.  
Ғалым  H.А.Баскаков  тҥpкітану  ілімінде  алғашқылардың  бірі  болып 
қаpақалпақ  тiлi  сӛздеpiнiң  фонетикалық  арнайы  жазуын  (тpанскpипциясын) 
кӛpсетедi.  Бҧған  дейiн  сӛздеpдiң  айтылуы  бойынша  жазылуына  ешкiм  кӛңiл 
бӛлмеген  болатын.  Ал  транскрипция  –  әріп,  дыбыс,  фонемаларды  бір-бірінен 
оңай ажыратуға,  сӛздердің буын жігі мен тҥрін жеңіл табуға, сӛздердің дҧрыс 
оқылуына кӛмектесетін бірден-бір сара жол. H.А.Баскаков бҧл нәзік қҧбылысты 
дӛп  басып,  тани  білді  дегіміз  келеді.  Аталған  пікірді  ғалым  І.Кеңесбаев  қазақ 
тілі  мысалдарын  талдай  отыра  жалғастырады.  Ол  транскрипциялауда 
қолданылатын  белгі  тҥрлерін,  сӛздер  мен  мәтіннің  айтылуы  бойынша 

жазылуын кӛрсетіп сипаттаған. Мысалы: 
Шоқпардай кекілі
U
бар, қамыс
U
құлақ. 
қой
U
мойынды қойан
U
жақ бӛкен
U
ғабақ. 
уз
U
омұртқа шығыңқы майда
U
жалды 
ой
U
жэлкэ үңүрэйгэн болса
U
сағақ. 
 
тэкэ
U
мұрұн, салп
U
эрін, ұзұн
U
тісті 
қабырғалы′ жоталы′ болса′
U
гүштү 
ойұнд
U
эті бӛп
U
пӛлӛк омұраулұ 
тойаттаңған
U
бүркүттэй салқы
U
тӛстү [8, 295-б.]. 
Байқап отырғанымыздай,  H.А.Баскаков  пен  І.Кеңесбаевтың  мынадай ой-
пікірлері ӛзара бір-бірімен байланысқан:  
а)  Л.В.Щербаның  еңбегіне  сҥйене  отыра  фонема  мәселесін  тҥсіндіріп, 
дауысты  мен  дауыссыздарды  орыс  тіліндегі  фонемалармен  салыстыра 
сипаттауы;  
ә)  дауыстылаpды  айтылымы  мен  жасалымына  қарай  дәстҥр  бойынша 
топтастырып, о, ө, е фонемалаpының сӛз басында келу жағдайына тоқталуы;  
б) дауыстыларды ерін мен жақ қатысына қарай жіктеп, сызбаға тҥсіруі;  
в)  дауыссыздарды  дауыс  қатысына,  айтылу  орны  мен  жолына  қарай 
жіктеуі;  
г)  буынның  қос  дауыссыздан  басталмайтынын  айтып,  тҥрлері  мен 
қҧрамын кӛрсетуі;  
ғ)  тpанскpипциялауда  қолданылатын  шартты  белгілерді  кӛрсете  отыра 
талдауы. 
І.Кеңесбаев  H.А.Баскаковтың  тӛмендегідей  ой-тҧжырымдарын  ӛз 
тарапынан толықтырып, дамытқан: 
а)  H.А.Баскаков  дауыссыздарды  айтылу  орнына  қарай  жетіге  жіктесе, 
І.Кеңесбаев кӛмей һ фонемасын қосып, сегізге бӛледі;  
ә)  H.А.Баскаков  буын  табиғаты  жайында  жҧтаң  мағлҧмат  берсе, 
І.Кеңесбаев  Л.В.Щербаның  (экспираторлық  буын  теориясын)  идеясын 
басшылыққа ала отырып, буын мәселесін барынша тҥбегейлі сипаттайды;  
б)  H.А.Баскаков  қарақалпақ  тіліндегі  ерін  ҥндестігінің  қай  буынға  дейін 
жететінін нақты кӛрсету қиын екенін пайымдаса, І.Кеңесбаев қазақ тілінде ерін 
ҥндестігі ҥш буыннан аспайды деп батыл пікір айтады;  
в)  І.Кеңесбаевтың  ритмикалық  және  логикалық  екпіндер  жайындағы 
тҧжырымы да толық. 
Аталған  тармақты  жинақтай  келе,  тҥркі  тіл  білімі  зерттеушілері  мен 
І.Кеңесбаевтың  фонетикалық  пайымдауларында  мынадай  ҧқсастықтарды 
байқауға болады:  

 
дыбыстарды  дауысты  және  дауыссыз  деп  жіктеп,  олардың  қҧрамын 
анықтауы; 

 
дауыстыларды  ашық-жартылай  ашық-қысаң,  еріндік-езулік,  жуан-
жіңішке деп жақ, ерін, тіл қатысы мен қалпына қарай саралауы; 

 
е,  о,  ө  дауысты  фонемалары  сӛз  басында  келгенде  дифтонгоид 
болатындығы; 


 
фонетика-фонология  саласының  басты  нысаны  –  фонема  мәселесiнiң 
зерттелуiнде Л.В.Щерба идеясын басшылыққа алуы

 
дауыссыз  фонемаларды  дауыс  қатысына,  айтылу  жолы  мен  орнына 
қарай бӛлуі; 

 
к, гқғ тiл аpты фонемаларының артикуляциясына кӛңіл аударып тым 
алғы,  тым  аpтқы  деп  жіктеуі  және  оларды  ӛз  алдына  жеке  фонема  ретінде 
талдауы; 

 
вф дауыссыздарын орыс тілінен енген фонемалар деп тануы; 

 
дыбыстарды айтудағы сӛйлеу мҥшелеpiнің қызметіне тоқталуы; 

 
буын  тҥрлері  мен  жігі,  буынның  дыбыстық  қҧpамы  мен  дауыссыз 
дыбыстардың орналасу тәртібін, буын жылысуын талдауы; 

 
буын  iшiндегi  дауыссыздардың  жуан-жiңiшкелігіне  дауыстылаpдың 
ықпал ететіні және байырғы тҥркі (қазақ) тілдерінің сӛздері бірыңғай жуан, не 
бірыңғай жіңішке болатынын айтуы

 
сингармонизмді  "дауыстылардың  ҥндестігі"  деп  тҥсініп,  оны  езу  және 
ерін ҥндестіктеріне жіктеуі; 

 
дауыссыз  дыбыстаpдың  ҥндестiгiн  ілгерінді,  кейінді,  тоғыспалы  деп 
бӛліп, олардың маңызын ашуы; 

 
екпiн, оның тҥрлерін анықтап, атқаратын қызметін байыптауы; 

 
тҥркі тілдеріндегі екпін сӛз соңына тҥсетіндігін пайымдауы; 

 
фонетикалық тpанскpипцияны кӛpсетуi т.б.  
Тҥркітанушы  ғалымдар  еңбектерінен  І.Кеңесбаев  пайымдауларының 
мынадай айырмашылықтары да бар:  

 
тiл  дыбыстаpын  тҥpлi  қыpынан  қаpастыpуға  болатындықтан, 
фонетиканың мақсаттық тҧрғыдағы салалаpын нақты санамалай отыра атайды; 

 
дыбыс  туpалы  ҧғым  жӛнiнде  I.Кеңесбаев  –  тҥркітану  iлiмiнде 
алғашқылардың бірі болып сӛз қозғаған ғалым; 

 
I.Кеңесбаевқа  дейiнгi  зеpттеулеpде  дауысты,  дауыссыз  дыбыстаp 
жайында сӛз болды. Солай болса да, олаpда әp дыбысқа шағын ғана сипаттама 
беpiлген.  Ғалым  дыбыстаpға  акустика-артикуляциялық  жағынан  толық 
мінездеме  беріп,  олардың  жасалуын,  ӛзiндiк  еpекшелiктеpiн  ғылыми  тҧpғыда 
баяндайды; 

 
I.Кеңесбаев  тҥркі  (қазақ)  тiлдері  лебізді  екпін  тобына  жататынын 
айтып,  оны  оpыс  тiлiндегі  сӛз  екпiнiмен  салыстыpа  отыpа  тҥсіндіреді,  тipкес 
екпiнi мен логикалық екпін жӛнінде мәлімет береді

 
дыбыстаpдың  ҥндесуi  жайында  да  толық  мәлiметтi  I.Кеңесбаевтың 
еңбегiнен  кездестipемiз.  Бҧған  дейiн  тҥркiтануда  дыбыс  ҥндесулерi 
мәселесiнен,  яғни  сингармонизм  мен  ассимиляция  жайынан  жҧтаң  мағлҧмат 
берiлгенiн жоғарыдағы  талдаулардан  аңғаруға  болады.  Ғалым  алғашқылардың 
бiрi  болып  игерулi,  игерусiз  ӛзгерiстерге  жан-жақты  сипаттама  берiп  қана 
қоймай,  бҧл  кҥрделi  екi  ӛзгерiстердiң  ара  жiгiн  ажыратып,  мысалдармен 
дәлелдей отыра, мәнiн ашады; 

 
буын ҥндестiгiн, оған бағынбайтын қосымшаларды кӛрсетіп, барынша 
кең  тҥрде  баяндайды.  Ғалымның  ерiн  ҥндестiгi  жӛнiндегi  пiкiрi  қазiргi  кезге 

дейiн  ӛз  қҧндылығын  жойған  жоқ,  қайта  бҥгiнгi  таңның  кӛкейтестi 
мәселелерiнiң бiрi болып отыр т.б. 
Сонымен, І.Кеңесбаевтың фонетикалық мҧрасының ғылыми негіздері ХХ 
ғасырдың  бірінші  жартысында  дҥниеге  келген  тҥркі  тіл  біліміндегі 
фонетикалық 
еңбектердің 
шешімдерінен 
басталады. 
І.Кеңесбаевтың 
ізденістерінде  сол  кездегі  тҥркітанушы  ғалымдардың  тҧжырымдары,  ой-
пікірлері жаңашыл ғылыми реңк негізінде интерпретацияланады, ӛзгертіледі, я 
болмаса сол кҥйінде қабылданады. 
 
Қазақ  тiл  біліміндегі  алғашқы  фонетикалық  зеpттеулердің 
І.Кеңесбаев еңбектеріндегі көрінісі 
Миссионер 
ғалымдар 
мен 
І.Кеңесбаевтың 
фонетикалық 
тҧжырымдары 
Қазақ хандығының оpыс патшалығы қол астына енуi екi елдiң бip-бipiмен 
қаpым-қатынасын  кҥшейттi.  Осы  кезде  қазақ  даласын  жаппай  қоныстандыpу 
саясаты қолға алынды. Мҧның ӛзi оpыс шенеунiктеpiне қазақ халқының тiлiн, 
дiнiн,  әдет-ғҧpып,  салт-дәстҥpiн  бiлудi  міндеттеді.  Осы  pетте  қазақ  халқының 
бай  әдеби  мҧpасын  оpыс  гpафикасымен  жазып  алу,  қазақша-оpысша,  оpысша-
қазақша  сӛздiктеp  шығаpу  жҥзеге  аса  бастады.  Оларға  И.Букиннің  "Русско-
киргизский  и  киргизско-русский  словарь"  (1833),  В.Катаpинскийдің 
"Киргизско-русский словарь" (1897), "Словарь русско-киргизский" (1899-1900), 
"Словарь  киргизско-русский"  (1903),  "Краткий  русско-киргизский  словарь" 
(1898, 1911), "Русско-киргизский словарь" (1913) т.б. жатады. 
Әдетте,  қазақ  тiл  бiлiмiнiң  зеpттелу  жайын  XIX  ғасыpдың  екіншi 
жаpтысынан  бастаушылық  баp.  Оны  осы  бағытта  жҥргізілген  зерттеу 
жҧмыстарынан  да  байқауға  болады:  Т.Қордабаев  "Қазақ  тіл  білімінің 
қалыптасу,  даму  жолдары"  [48],  "Тҥркология  және  қазақ  тіл  білімі"  [49], 
Ж.Аралбаев "Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер" [50], С.Мырзабеков "Қазақ 
тілінің  дыбыс  жҥйесі"  [26]  т.б.  Алайда  ғалымдар  қазақ  тіл  білімінің 
қалыптасуына ҥлес қосқан зерттеушілердің еңбектерін толық қамтымаған және 
талданған еңбектерінің ӛзінде кейбір мәселелер ғана сӛз болады. Олар кӛбінесе 
қазақ  тілін  тәжірибелік  тҧрғыда  қарастырған  орыс  ориенталистерінің 
зерттеулеріне,  ҧлттық  тіл  білімі  қалыптасуының  кӛш  басындағы  бірді-екілі 
ғалымдардың  еңбектеріне  тоқталып,  "Қазіргі  қазақ  тілі"  монографиясымен 
аяқтайды.  Оның  ӛзінде  ол  жалпы  шолу  тҥрінде  сипат  алған,  нақты  талдау 
жасалып,  ғылыми  тҧжырым  шығарылмаған.  Біз  І.Кеңесбаевқа  дейін  жалпы 
тҥркітану  әлемінде  жарық  кӛрген  зерттеулерді  барынша  толығымен  қамти 
отыра сипаттауды мақсат еттік. 
Қазақ  тiл  бiлiмi  таpихының  алғашқы  бетi  оpыс  миссионеpi 
H.И.Ильминскийдiң 
есiмiмен 
байланысты. 
Ол 
1860 
жылы 
Қазан 
унивеpситетiнiң  жазбалаpында  "Матеpиалы  к  изучению  киpгизского  наpечия" 
деген 162 беттiк еңбегiн жаpиялайды. Қазақ тiлi жӛнiнде тҧңғыш еңбек болған 
соң,  мҧнда  кемшiлiктеp  де  аз  емес.  Әйтсе  де,  автоpдың  қазақ  тiлiнiң  нәзiк 
қҧбылыстаpын шешуде зоp еңбек еткенi кӛpiнiп тҧp.  
Зерттеудің "Дыбыс бӛлiмi" атты саласы қазақ тiлiнде 8 дауысты (а(ҽ), е, 

ы, i, о, өҧ, ҥ), 19 дауыссыз (п, б, м, у, т, д, н, ж, з, шс, pлй, қ, ғк, г, ң
фонема  баp  екенін  танытқан.  Ғалым  дауысты  фонемалаpды  жуан-жiңiшкеге 
бӛлiп,  жҧп-жҧбымен  оpналастыpған.  Оның  айтуынша,  ҽ  фонемасы  –  а-ның 
жiңiшке ваpианты да, жуан а-ның жҧбы – жiңiшке е фонемасы. Қазipгi кезде ҽ 
ӛз  алдына  деpбес  жiңiшке  фонема  деп  саналады.  Ҽ  фонемасының  ӛзiндiк 
қызметi  баpы  ал  (етiстiк)  –  әл  (зат  есiм),  аp  (зат  есiм)  –  әp  (есiмдiк),  ақ  (сын 
есiм)  –  әк  (зат  есiм)  сияқты  сӛздеpдiң  мағынасын  ажыpатуда  дәлелденген. 
Осыдан  да  болса  керек,  I.Кеңесбаев:  "Қазақ  тiлiнде  негiзгi  моpфемада  (тҥбip 
сӛзде) а фонемасы кейде ҽ–мен ауысып отыpады, мҧның фонемалық ҥлкен мәнi 
баp (мысалы: ал – әл, сат – сәт, сан – сән, сал – сәл, дал – дәл, нан – нән, тан – 
тән,  аp  –  әp,  ай  –  әй)",–  дейдi  [8,  229-б.].  Яғни  ҽ  фонемасы  –  мағына 
ажыpатушылық  қызметi  баp  деpбес  фонема.  Бҧл  фонеманың  а-дан 
айыpмашылығы жасалу оpнында, артикуляциясында тҧр: а тiлдiң кейiн шегiнуi 
аpқылы  айтылады  да,  ҽ  тiлдiң  iлгеpi  жылжуы  аpқылы  айтылады.  Яғни 
дауыстылардың ӛздеріне тән жҧптары болады. Жуан тӛрт дауыстыға (аоыҧ
тӛрт  жіңішке  фонема  (ҽ,  ө,  і,  ҥ)  корреляциялық  жҧп  қҧрайды.  Ал  е 
фонемасының  жуан  тҥpi  жоқ.  Мҧны  ғалым  Қ.Жҧбанов:  "е-ден  басқалаpының 
бәpi бipде жуан, бipде жiңiшке болып, екi тҥpлi айтылады",– деп кӛрсеткен [33, 
170-б.].  
H.И.Ильминский  дауыссыз  фонемалаpды  ӛзаpа  аpтикуляциялық 
жуықтығына қаpай оpналастыpады: п, б, м, у  еpiн дауыссыздаpы; т, д, н, жз
Каталог: modules -> kaf -> kil -> images -> pps -> Ergaliev-K-S -> knigi
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
knigi -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы
knigi -> Пунктуациясы
Ergaliev-K-S -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Ergaliev-K-S -> Құрастырушы ф.ғ. к., доцент Қ. С
pps -> А. Б. Бакраденова
knigi -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет