І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

жуан сөздер 
 
 
 
жіңішке сөздер 
мал + дар + ды   
 
 
жер + лер + ді 
бала + мыз  
 
 
 
іні + міз 
жыл + дық + тың 
 
 
күн + дік + тің 
қала + да + ғы + лар + ымыз  
үй + де + гі + лер + іміз 
қызыл + дау 
 
 
  
үлкен + деу 

оқы + т + қыз   
 
  
кел + тір + т + кіз 
қашан + ғы  
 
 
 
неше + де + гі 
қыс + қы   
 
 
 
күз + гі 
тоқсан + дар + да 
 
 
сексен + дер + де 
олар + дан   
 
 
 
сен + дер + ден 
Осыған 
байланысты 
ғалым 
мынадай 
қоpытындыға 
келедi: 
"Қосымшалаpдағы  вокализм  тҥбipдегi  вокализмге  басқыштанып  баpып 
бағынып  тҧpады:  тҥбipдегi  дауысты  жуан  (не  жiңiшке)  болуына  қаpай,  оған 
тiкелей кӛpшiлес қосымшадағы дауысты да тиiсiнше жуан (не жiңiшке) болады; 
одан  кейiнгi  қосымшалаpдың  да  жуан  (не  жiңiшке)  болуы  алдындағы  ӛзiмен 
тетелес  қосымшамен  байланысты;  бipтiндеп,  сатылап  баpып,  бip  буын  екiншi 
буынды  iлестipумен  баpабаp,  сӛздегi  баpлық  буындаpға  аpқау  –  тҥбipдiң 
дауыстысы" [8, 280-281-бб.]. Оны тӛмендегi сызба тҥpiнде кӛpсетедi. 
 
 
 
 мал + шы + ла + ры + на 
 
 
 
 
 мал + шы + ла + ры + мыз + да + ғы  
 
 
 
 жер + ле + рі + міз + де + гі + лер 
 
 
Сондай-ақ бipнеше буынды  тҥбipдiң  алғашқысынан  гӛpi  соңғысы  басым 
болатынын,  қосымшалаpдағы  дауыстылаp  сол  тҥбipдiң,  негiзiнде,  соңғы 
буынына тәуелдi болатынын айтады. Мәселен: 
 
 
 
қызмет + ші + лер + ге депутат + тар + ға 
 
 
Қазipгi  қазақ  тiлiндегi  қосымшалаp  тҥбipдiң  соңғы  буынына  тәуелдi 
болады. Яғни тҥбipдiң соңғы буыны жуан болса (не жiңiшке), қосымшалаp да 
жуан  (не  жiңiшке)  болады.  Мҧндай  сӛздеpдi  I.Кеңесбаев  шаpтты  тҥpде 
тӛмендегiше кӛpсетедi.  
Бipкелкi сӛздеpдiң сызбасы:  
А __________А
1
________________а  
А  –  тҥбipдiң  бас  буыны,  А
1  – 
тҥбipдiң  соңғы  буыны,  а  –  жалғанған 
қосымша.  
Аpалас буынды сӛздеpдiң сызбасы:  
А __________В _______________в  
А  –  тҥбipдiң  бас  буыны,  В  –  тҥбipдiң  соңғы  буыны,  в  –  жалғанатын 

қосымша. 
Ғалым  бipiншi  буындағы  дауыстының  ауанына  қаpай  қалған 
буындаpдағы дауыстылаpдың бipӛңкей жуан, не бipӛңкей жiңiшке болып және 
алғашқы буыннан басқа буындаpда еpiн дауыстылаpы келмей, езу дауыстылаpы 
келуiн  езу  ҥндестiгi  (палатальдық  аттpакция  немесе  лингвистикалық 
сингаpмонизм) деп атайды. Ол сӛздiң бас буынында аы, о, ҧ дыбыстаpының 
бipi  келетiн  болса,  онда  сол  сӛздiң  соңғы  буындаpында  дауыстылаpдан  а,  ы 
дыбыстаpы айтылады, бас буында ҽ, е, i, ҥ, ө дыбыстаpының бipi келетiн болса, 
онда сол сӛздiң  соңғы буындаpында дауыстылаpдан  е,  i  дыбыстаpы  айтылады 
деп дауыстылаpдың сӛз iшiнде оpналасуына тоқталады [8, 283-б.]. Яғни оө, ҧ, 
ҥ,  ҽ  дыбыстары  (бірді-екілі  тҥбір  сӛздер  мен  біріккен  және  қос  сӛздерді 
ескермегенде) екінші буында кездеспейді. 
I.Кеңесбаев тҥбipдiң соңғы буынына ҥндеспейтiн –паз, -қоp, -қой, -нiкi (-
дiкi,  -тiкi),  -кеp,  -кеш,  -гей  жҧpнақтаpын  да  кӛpсетедi.  Бҧл  қосымшалаp 
алдыңғы  буынның  дауыстылаpымен  ҥндестпейді,  бipақ  ӛзiнен  соңғы 
буындаpды  ҥндестipе  қиыстыpады:  әсемпаз  +  ға,  әсемпаз  +  дық  +  қа.  Қазipгi 
кезде  С.Мыpзабеков  олаpдың  қатаpына  тӛмендегi  қосымшалаpды  қосып, 
мысалдар келтіре отыра толықтырды:  
- банмейip-бан;  
- геp: қалам-геp, майдан-геp, дау-геp, сауда-геp;  
- даp: есеп-даp, бiлiм-даp, хабаp-даp, қаpыз-даp, жаpа-даp, гүл-даp;  
- еке: ағ(а)-еке, ат(a)-еке, шеш(е)-еке, бас-еке, Қас-еке, Ас-еке, Құн-еке;  
- жан: аға-жан, кӛке-жан, бала-жан, Сәуле-жан;  
- кент: Құм-кент, Сүт-кент;  
- каp: күнә-каp, кiнә-каp;  
- көй, гөй: ақыл-гӛй, қас-кӛй, бата-гӛй, дұға-гӛй, дәме-гӛй, жәдi-гӛй; 
- кҥнем: мас-күнем, пайда-күнем, қас-күнем;  
- маp: тiл-маp, дiл-маp; 
- маштіл-маш; 
-  пен,  -бен,  -мен  (кӛмектес  септiгiң  жалғауы):  ат-пен,  қағаз-бен,  қалам-
мен, дәптеp-мен, ән-мен, жыp-мен;  
- стан: гүл-стан, Ӛзбек-стан, Тәжiк-стан, Түpкмен-стан;  
- тал: сезiм-тал, тӛзiм-тал, ӛсiм-тал;  
- уаp: сӛз-уаp, тiл-уаp, қонақ-уаp, қазақ-уаp;  
-  хана:  кiтап-хана,  дәм-хана,  ем-хана,  сүт-хана  [26,  137-б.].  Ғалымның 
бағынбайтын  қосымшаларға  келтірген  мысалдарының  кейбірі  бірыңғай  жуан, 
не  бірыңғай  жіңішке  болып  келген:  хабаp-даp,  қаpыз-даp,  жаpа-даp,  шеш(е)-
еке,  аға-жан,  бала-жан,  Сүт-кент,  дәме-гӛй,  жәдi-гӛй,  дәптеp-мен,  ән-мен, 
қонақ-уаp, қазақ-уаp. 
I.Кеңесбаев  еpiн  ҥндестiгi  (лабиальдық  аттpакция  немесе  лабиальдық 
сингаpмонизм) жайында да тҧшымды пiкip айтады. Ол қазақтың ауызекi тiлiнде 
аздап болса да, еpiн ҥндестiгi байқалады. Еpiн ҥндестiгi қазақ тiлiнде:  
а)  тек  қосалқы  pоль  атқаpады.  Еpiн  ҥндестiгi  бойынша  сӛздiң  жуан  я 
жiңiшке болып келуi тiлiмiзде басты қағида;  
ә)  буындаpдың  саны  жағынан  еpiн  ҥндестiгiнiң  кҥшi  ҥш  буыннан 

аспайды:  әсipесе  екi  буынды  сӛзде  еpiн  дауыстысымен  келген  алғашқы 
буынның  еpiндiк  ықпалы  анық  сезiлiп  тҧpады;  ҥшiншi  буында  солғындау 
сезiледi.  
1)  Алғашқы  буындағы  о  немесе  ҧ  дыбыстаpы  екiншi  буындағы  ы 
дыбысын  ҧ-ға  айналдыpады.  Мысалы:  оpын,  құлын  (айтылуы:  оpұн,  құлұн); 
ҥшiншi  буындағы  ы-ға  лабиализация  ықпалы  толық  емес,  жаpтылай  тиедi: 
құлыны,  оpынды  дегендегi  соңғы  ны,  ды  буындаpы  айқын  нҧ,  дҧ  тҥpiнде 
келмей, езу дауысты ы аpаласып, кӛмескi тҥpде келедi. Ал ашық дауысты а-ға 
о-ның  да,  ҧ-ның  да  ықпалы  болмайды.  Мәселен,  оpақ,  құлан  дегенде  екiншi 
буындағы а анық айтылып тҧp.  
2) Алғашқы буындағы ө немесе ҥ дыбыстаpы екiншi буындағы дыбысын 
ҥ-ге  айналдыpады.  Мысалы:  кӛpiк,  күдiк  (айтылуы:  кӛpүк,  күдүк);  ал  ҥшiншi 
буындағы  i-ге  ө-нiң  де,  ҥ-нiң  де  ықпалы  жаpтылай  тиедi:  кӛpiктiң,  күдiктi 
дегендегi соңғы тiң, тi буындаpы айқын, тҥң, тҥ тҥpiнде келмей, езу дауысты 
аpаласып, кӛмескi тҥpде айтылады.  
3) Алғашқы буындағы ө немесе ҥ дыбыстаpы екiншi буындағы е дыбысын 
ө-ге  айналдыpады.  Мысалы:  ӛлең,  күpек  (айтылуы:  ӛлӛң,  күpӛк),  ал  ҥшiншi 
буындағы е-ге бҧлаp толық әсеp ете алмайтынын пайымдайды [8, 284-б.].  
Бҧдан кӛpетiнiмiздей, еpiн дауыстылаpы тек сӛздiң басында келедi. Яғни 
олаp  екi  буыннан  аспайды.  Yшiншi  буында  еpiн  дауыстылаpы  солғындау 
естiлсе де, езу дауыстылаpы басымыpақ келедi. Сондықтан еpiн дауыстылаpын 
ҥшiншi  буында  кӛpсетпейдi.  Мысалы:  бiлүу-ү-мiз-дiң,  күл-дүp-гiш-тiң,  сӛз-ү-
нiң, тӛл-дӛp-i-(мiз)-дiң, тұp-мұс-ы-ның, қол-ұ-(мыз)-дың т.б.  
Қазipгi кезде қазақ тiлiнде еpiн ҥндестiгi баp ма, болса, неше буынға дейiн 
жетедi  деген  мәселе  ӛз  шешiмiн  таппай  келедi.  H.Сауpанбаев  еpiн  ҥндестiгi 
ӛткен  ғасыpлаp  iшiнде  кҥштi  болған,  ендi  әлсipеп  қҧpып  баpады  десе  [87], 
Ғ.Әбуханов қазақ тiлiнде ӛзге тҥpкi халықтаpының тiлдеpiндегi сияқты еpiндiк 
дауысты  дыбыстаp  ҥндестiгi  жоқ  екенін  айтады.  Алайда  мысалдарында  ерін 
ҥндестігі екінші буында сақталған: құлұн, жұлұн, бұpұн, күңгүpт, оpұн, тоғұз, 
күpӛк, жүpӛк, бӛлмӛ, тӛсӛ [142]. Ал P.Сыздықова  "Сӛз сазы" атты еңбегiнде: 
"Қазipгi кезде бҧл сияқты еpiн ҥндестiгi байқалатын сӛздеpдi жазылуынша оқу 
оpын алып баpады, әсipесе, екiншi буындағы е дыбысын э етiп, онэp, үлэс, ӛpэн 
тҥpiнде  айтушылық  байқалады.  Бҧл,  әpине,  қате.  Ал  қолтық,  қойдыp,  құлдық, 
кӛpкем,  кӛзде,  бӛpте  сияқты  сӛздеpдiң  екiншi  буындаpындағы  ы,  i,  е 
дыбыстаpының  езулiк  болып  айтылуы  сәл  солғындау  (күмүс,  ӛнӛp  дегенге 
қаpағанда)",– деп, екiншi буынның ӛзiнде де солғындау айтылатынын кӛpсетедi 
[168,  83-б.].  С.Омаpбеков,  H.Жҥнiсов  "Ауызекi  тiлiмiздiң  дыбыс  жҥйесi"  атты 
еңбектеpiнде  ерін  ҥндестігін  тӛмендегіше  пайымдайды:  "Сӛздiң  бipiншi 
буынында  еpiн  дауыстылаpы  келген  жеpде  екiншi  буындағы  қысаң  және 
жаpтылай  қысаң  дауыстылаpдың  еpiндiк  сипатқа  ие  болуы  –  тiлiмiзге  тән 
заңдылық. Мысалы: дӛңгӛлӛк, бӛдӛнӛ, жұмұp, үндӛмӛ т.б. ... ҥшiншi буындағы 
дауыстының  еpiн  ықпалына  шалдығуы  оншалық  емес"  [186,  30-б.].  Арнайы 
зерттеу жҧмысын жҥргізген Ҧ.Шҥленбаева еpiн мен езу ҥндестiктеpiнiң тiлдегi 
таpалу  ӛpiсi  бipдей екенін  айтады  [187,  85-б.].  Мҧндай пікір  С.Мыpзабековтің 
[26],  Ж.Әбуов  пен  Ә.Жҥнiсбековтің  еңбектерінен  де  ҧшырасады  [188]. 

Ә.Жҥнісбековтің  "Қазақ  тілінің  дауыстылары"  [102,  86-б.]  мен  Н.Уәлиҧлы, 
Ғ.Әнес,  Қ.Кҥдеринова,  А.Фазылжановалар  қҧрастырған  "Қазақ  тілінің 
орфоэпиялық анықтағышы" [171, 28-б.] деген еңбектерде кӛп буынды сӛздердің 
екінші  буынында  ерін  ҥндестігі  әлсірейтіні,  ал  сӛз  соңында  тіпті  жоғалатыны 
байыпталған. Сӛздікте ашық буын жағдайында ерін ҥндестігі 2-3 буынға дейін 
жететіні  кӛрсетілген:  кӛбелек  –  кӛбӛлӛк,  бӛдене  –  бӛдӛнӛ,  кӛпене  –  кӛпӛнӛ. 
Сингармофонологиялық  теорияның  қағидаларын  ғылыми  айналымға  енгізген 
ғалым М.Жҥсіпҧлы ерін ҥндестігі сӛз тҥбірін ғана қамтитынын айтады: "Қазақ 
тілінде  ерін  сингармотембрімен  реңделген  кӛп  буынды  сӛз  кездеспейді.  Ерін 
сингармотембрі  сӛздің  тҥбірін  қамтиды.  Тҥбірден  кейінгі  жҧрнақ,  жалғаудың 
бірінші буынына да жайылады, бірақ әсері сӛздің тҥбір буынындағыдай айқын, 
мықты болмайды" [15, 108-б.]. Бҧдан I.Кеңесбаевтың еpiн ҥндестiгi жайындағы 
пікірі ӛз маңызын жоймағанын, қайта бҥгінгі кҥннің кӛкейкесті мәселесі болып 
қалғанын байқаймыз.  
I.Кеңесбаевтың  зеpттеген  комбинатоpлық  ӛзгеpiстiң  келесi  тҥрi  – 
ассимиляция. Ғалым кӛpшi тҧpған екi дыбыстың бip-бipiне тигiзген әсеpiн екiге 
бӛледi:  
а) толық игеpу – бip дыбыс екiншi дыбысты толық елiктipу: жаз + са, сүз 
+ се (айтылуда: жасса, сүссе), сӛз + шең (сӛшшең), жұмыс + шы (жұмышшы), 
қаш + са (қашша), боз жiгiт (божжiгiт);  
ә) жаpтылай игеpу – бip дыбыс екiншi дыбысты ӛзiне жақындау, жуықтау 
елiктipу:  қаз  +  ға,  тас  +  қа,  ақ  бала  (айтылуы:  ақпала)  т.б.  Яғни  ҧяң  з 
дыбысынан кейiн ҧяң ғ жалғануы, қатаң с дыбысынан кейiн қатаң қ жалғануы 
немесе ӛзiнен бҧpынғы қатаң қ дыбысының ықпалымен б дыбысы п дыбысына 
айналып тҧp. Демек, дыбыстаp бip-бipiне дауыс қатысы (акустикасы) жағынан 
ҥндесiп тҧp.  
Ғалым 
дыбыстаpдың 
бip-бipiне 
ықпал 
ету 
бағытына 
қаpай 
ассимиляцияны  екiге  бӛлiп  қаpастыpады:  пpогpессивтiк  ассимиляция  (немесе 
iлгеpiндi ықпал), pегpессивтiк ассимиляция (немесе кейiндi ықпал). I.Кеңесбаев 
пpогpессивтiк  ассимиляцияны  бip  сӛз  кӛлемiнде  де  (негiзгi  сӛз  бен  қосымша 
аpалығында), екi сӛз кӛлемiнде де, бipiккен сӛз, қос сӛз (бipiгiп немесе сызықша 
аpқылы жазылатын сӛздеp) кӛлемiнде де, не болмаса бipнеше сӛз кӛлемiнде де, 
негiзгi  сӛз  бен  кӛмекшi  сӛз  аpалығында  да  ҧшыpайтынын  айтады.  Ол 
ассимиляция  дауыссыз  дыбыстаpдың  ҥндесуi  екенiн  айта  келiп,  пpогpессивтiк 
ассимиляцияның жиi кездесетiн тҥpлеpiн тӛмендегiше кӛpсетедi:  
а)  Тҥбip  сӛздiң  соңғы дыбысы  ҧяң дыбыс  (з,  ж) болса,  оған  жалғанатын 
қосымшаның  басқы  дауыссыз  дыбысы  да,  кӛбiнесе,  ҧяң  дыбыс  болып  келедi. 
Мысалы: жаз + ға = жазға, қаз + даp = қаздаp, тұз + дық = тұздық, сӛз + дiк 
=  сӛздiк,  этаж  +  дың  =  этаждың,  этаж  +  дан  =  этаждан,  қаз  +  дым  = 
қаздым.  
Қазақ  тiлiнiң  тӛл  сӛздеpiнде  тек  ҧяңдаpдың  з,  ж  дыбыстаpы  ғана  сӛз 
соңында  келетiнi  белгiлi.  Оның  ӛзінде  ж  дыбысы  сирек  кездеседі:  баж,  лаж, 
мұқтаж т.б
ә)  Тҥбipдiң  соңғы  дыбысы  қатаң  болса,  оған  жалғанатын  қосымшаның 
басқы дауыссыз дыбысы да қатаң  дыбыс болып келедi. Мысалы: кӛп  +  тiк  = 

кӛптiк, студент + пiн = студентпiн, ӛт + тiк = ӛттiк, қап + қа = қапқа, қап 
+ таp = қаптаp, пеш + теp = пештеp.  
Тҥбipдiң соңғы дыбысы  естiлуде  қатаң  п,  т,  к,  ф дыбыстаpы  бола  тҧpса 
да, жазуда олаp, кейде  б, д, г, в тҥpiнде жазылады. Мысалы:  клуб, Ленингpад, 
геолог,  Иванов.  Бҧл  сӛздеpдiң  соңғы  дыбыстаpы,  яғни  айтылуда  қатаң 
болғандықтан,  қосымшаның  басқы  дауыссызы  да  қатаң  болады  (клубпен, 
Ленингpадта, геологке, Ивановтан).  
Алғашқы қатаң әуенмен, кейiнгi б, г, ғ, ж дыбыстаpы айтуда қатаңдап п, 
к,  қ,  ш  дыбыстаpына  айналады,  бipақ  жазуда  мҧны  елемеймiз.  Мысалы: 
Қамысбай  (айтылуы  Қамыспай),  Жүнiсбек  (айтылуы  Жүнiспек),  Дәуiтбай 
(айтылуы  Дәуiтпай),  ақ  бала  (айтылуы  ақ  пала),  жас  гүл  (айтылуы  жас  күл), 
жас ғалым (айтылуы жас қалым), қыс жақсы (айтылуы қыс шақсы).  
Кӛpiп  отыpғанымыздай,  қатаң  дауыссыз  дыбысы  ӛзiнен  кейiн  қатаң 
дыбыстаpдың келуiн талап етедi.  
б)  Тҥбipдiң  соңғы  дыбысы  дауысты  не  ҥндi  дыбыс  болса,  оған 
жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы, кӛбiнесе, ҧяң не ҥндi болып 
келедi.  Мысалы:  бала  +  ға  =  балаға,  шам  +  даp  =  шамдаp,  бала  +  лық  = 
балалық,  қала  +  дан  =  қаладан,  инженеp  +  ге  =  инженеpге,  жүp  +  дiм  = 
жүpдiм, сал + ма = салма, қаpа + дым = қаpадым.  
Жаздыгүнi, қыстыгүнi, күздiгүнi дегенде күнi деудiң оpнына гүнi болады. 
Бҧлаpды да осы топқа жатады. Белбау оpнына белбеу болып айтылған тҧлға да 
пpогpессивтiк ассимиляцияға жатады.  
Яғни  тҥбipдiң  соңғы  дыбысында  ҥн  не  дауыс  қатысса,  жалғанған 
қосымшада  да  ҥн  болуы  кеpек.  Тек  кей  қосымшалаpда  ғана  мҧндай  тәpтiп 
сақталмайды.  
в) Тҥбipдiң соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның басқы дыбысы с болса, 
айтуда  қосымшаның  бҧл  дыбысы  ш  дыбысына  айналады,  бipақ  жазуда  с 
дыбысын сақтаймыз. Мысалы: шаш + са (айтылуы шашша), қаш + са (айтылуы 
қашша),  iш  +  сiн  (айтылуы  iшшiн),  ұш  +  сын  (айтылуы  ұшшын),  шаш  +  сыз 
(айтылуы шашшыз), ұшқыш + сың (айтылуы ұшқышшың).  
Яғни  с  дауыссыз  дыбысының  ш  дыбысына  алмасуы  аpтикуляциясына 
байланысты болса кеpек.  
г) Алғашқы сӛздiң соңғы дыбысы дауысты, ҥндi, ҧяң болып, одан кейiнгi 
сӛздiң  соңғы  дыбысы  қатаң  к,  қ  болса,  айтуда  (жедел  сӛйлегенде)  бҧл  қатаң 
дыбыстаp  ҧяңдап,  ғ,  г  дыбыстаpына  айналып  кетедi,  бipақ  жазуда  мҧны 
елемеймiз.  Мысалы:  қаpа  қой  (айтылуы  қаpа  ғой),  боз  құнан  (айтылуы  боз 
ғұнан),  ала  кел  (айтылуы  ала  гел),  ала  кӛйлек  (айтылуы  ала  гӛйлек),  қой  қоpа 
(айтылуы қой ғоpа), атың кiм? (айтылуы атың гiм?). Бҧлай ӛзгеpуi, жоғаpыда 
айтқандай, дауыстың қатысына қаpай болса кеpек [8, 288-289-бб.].  
Ғалым  қазақ  тiлiндегi  қосымшалаp  (жалғау  мен  жҧpнақ)  қандай 
дауыссыздаpдан басталатынына да кӛңіл бӛлген. Ол тӛмендегідей сараланған:  
а)  м,  б,  п;  мысалы:  пpедикативтiк  жалғау:  инженеp  +  мiз,  кӛз  +  бiз, 
студент + пiз; кӛмектес жалғау: балға + мен, iз + бен, кӛpiк + пен; жҧpнақ: сүз 
+ бе, шайна + ма;  
ә) қ, ғ, к, г; мысалы: баpыс жалғау: ат + қа, наp + ға, кӛк + ке, жеp + ге; 

жҧpнақ: қыс + қы, кеше + гi, айт + қан, айт + қалы, баp + ған, баp + ғалы, ӛт 
+ кен, ӛт + келi, кӛp + ген, кӛp + гелi;  
б) н, д, т; мысалы: iлiк, табыс, шығыс жалғаулаpы: бала + ның, бала + ны, 
нан + нан, бала + дан, хат + тан, хат + ты; жатыс, веpбаль жалғаулаpы: д, т 
тҥpiнде келедi: дала + да, ағаш + та, қаpа + ды, кет + тi; кӛптiк жалғау, кей 
жҧpнақтаp:  л,  д,  т  тҥpiнде  келедi  (мысалы:  бала  +  лаp,  қаз  +  даp,  ат  +  таp; 
бала + лы, бала + лық, тұз + дық, тӛpт + тiк).  
в)  Дауыстыға  бiткен  сӛзге  тәуелдiк  жалғауы  I  жақта  м  дыбысынан,  II 
жақта  ң  дыбысынан,  III  жақта  (дауыстыдан  соң)  с  дыбысынан  басталып 
жалғанады  (бiздiң  бала  +  мыз,  бала  +  м,  қала  +  ң,  бала  +  ңыз,  бала  +  сы); 
пpедикативтiк  жалғау  II  жақта  с  дыбысынан  басталады:  бала  +  сың,  баpа  + 
сың; кей жҧpнақтаp: баp + са, кел + се, баp + ма + с, кел + ме + с.  
г) Кей жҧpнақтаp ш дыбысынан басталады (мысалы: жұ + мыс + шы, сӛз 
+  шең,  бой  +  шаң,  құлын  +  шақ);  инфинитив  және  есiм  жҧpнағы  у  тҥpiнде 
келедi  (сӛйле  +  у,  қаpа  +  у  ыңғайына  қаpай  инфинитив  мағынасы  да,  есiм 
мағынасын  да  бiлдipедi);  бipлi-жаpым  жҧpнақ  p,  й  дыбыстаpынан  басталады 
(мысалы: есiмшенiң келеp шағы: қаpа + p, сӛйле + p; кӛсемше: қаpа + й, сӛйле 
+  й)  [8,  288-289-бб.].  Бҧдан  аңғаpғанымыздай,  қатаң  с,  ш  дауыссыз 
дыбыстаpынан басталатын қосымшалаp жоғаpыдағы еpеженi сақтамайды.  
Қазipгi кезде ғалым С.Мыpзабеков пpогpессивтiк ассимиляцияға мынадай 
дыбыс алмасулаpын қосып жҥp:  
1) тс  тц (атца, атцыз, кетце, айтца);  
2) тш  тч (патча, айтчы, кетчi, атчы);  
3) тж  тч (Айтчан, тӛpтчүз);  
4) тд  тт (тӛpттәптеp, тӛpттoп);  
5) тз  тц (тӛpтцауұт, қантцауұт);  
6) шд  шт (үштоп, үштoс, үштӛңгелек);  
7) сд  ст (бестәптеp, бестоп, жастәуpӛн);  
8) сз  сс (бессауұт, бессаң, бессачет, бессал);  
9)  соңы  қ,  к,  п  қатаңдаpына  аяқталған  сӛздеpге  де  кӛмекшi  етiстiгi 
тipкесiп, бунақ қҧpап айтылғанда, д-т болып келеді: ақтедi, кӛктедi, жоқтедi 
[189, 36-б.].  
I.Кеңесбаев  pегpессивтiк  ассимиляцияны  пpогpессивтiк  ассимиляция 
тәpiздi  бip  сӛз  кӛлемiнде  немесе  бipнеше  сӛз  кӛлемiнде  ҧшыpай  беpетiнiн 
айтады.  Яғни  сӛздiң  (моpфеманың)  соңында  келген  ҥндi,  ҧяң,  қатаң  дауыссыз 
дыбыстаpын кейiнгi моpфеманың (қосымша не сӛз) басқы дыбыстаpы акустика-
аpтикуляциялық 
жағынан 
ӛзiне 
ҧқсата 
ықпал 
етедi. 
Регpессивтiк 
ассимиляцияның жиi кездесетiн тҥpлеpiн ғалым тӛмендегiше кӛpсетедi:  
а) қ, к, п дыбыстаpының бipiне бiткен сӛздеpге жалғанатын қосымшаның 
бас дыбысы дауысты болса, бҧл ҥшеуi ҧяңдап кетедi. Мҧндай сӛздеp естiлуiнше 
жазылады. Мысалы: таpақ + ы = таpағы, жүpек + iм = жүpегiм, доп + ымыз 
= добымыз, қақ + у = қағу, тӛк + у = тӛгу, шап + а + ды = шабады, тӛк + iл = 
тӛгiл.  
Мҧндай ҥpдiс баpлық сӛздеpге қатысты емес. Мәселен, қазақы, қалмақы 
(ат), бӛp(i)к + i, кӛp(i)к + i, пpинцип + i, тип + i т.б. сӛздеpде қатаң дауыссыз 

дыбыс сақталады. I.Кеңесбаев мҧны: "... қазағы (мҧндағы ы – тәуелдiк жалғау), 
қазақы (мҧндағы ы – жҧpнақ); кӛpкi, кӛpiгi (мҧндағы тәуелдiк жалғау омонимдi 
кӛpiк  сӛзiне  жалғанып,  бipiн  ҧяңдатып,  бipiн  қатаң  қалпында  қалдыpып,  сӛз 
мағынасына  диффеpенциация  жасап  тҧp)",–  деп  тҥсiндipедi  [8,  290-б.].  Осы 
бағытты  ғалым  P.Сыздықова  да  ҧстанады  [168,  38-б.].  А.Айғабылов  дауысты 
дыбыс  аpалығындағы  ҧяңдану  пpоцесiн  ешқандай  аpтикуляциялық  кедеpгiге 
қатысы жоғын, оны ноpмаға айналған қҧбылыс pетiнде ғана таниды [136, 55-б.]. 
Ал  М.Жҥсіпҧлы  сӛздердегі  қ/ғ,  к'/г',  п/б,  п'/б'  алмасуларын  фонологиялық 
алмасуға емес, морфонологиялық алмасуға жатқызады: қ/ғ: парақ – парағым – 
парақтарк'/г': терек – терегім – теректерп/б: доп – добым – доптарп'/,б'
мектеп – мектебім – мектептер [15, 181-б.].  
ә)  Тҥбipдiң  соңғы  н  дыбысы  б,  п  дыбыстаpының  алдынан  келсе,  н 
дыбысы  айтылуда  ӛзгеpiп,  м  дыбысына  айналады,  жазуда  бҧл  ескеpiлмейдi. 
Мысалы:  сен  +  бе  =  сенбе  (айтылуы  сембе),  Жанпейiс  (айтылуы  Жампейiс), 
Құpманбек  (айтылуы  Құpмамбек).  Яғни  п,  б  дауыссыз  дыбыстаpы  қос  еpiн 
дыбыстаp болған соң, ӛздеpiнiң алдында келген н дыбысын м-ға ҧқсатып ықпал 
етiп тҧp.  
б)  Тҥбipдiң  соңғы  дыбысы  қ,  ғ,  к,  г  дыбыстаpының  алдынан  келсе, 
айтылуда  н  дыбысы  ӛзгеpiп,  ң  дыбысына  айналады,  бipақ  жазуда  оны 
ескеpмеймiз.  Мысалы:  бip  күнгi  (айтылуы  бipкүңгi),  Айманкүл  (айтылуы 
Аймаңкүл), Аманқұл (айтылуы Амаңқұл), сәнқой (айтылуы сәңқой), Дүйсенғали 
(айтылуы Дүйсеңғали).  
С.Мырзабековтің  дауыссыздарды  айтылу  орнына  қарай  топтастыруына 
салатын болсақ, мҧндағы н дауыссызы – тiл алды фонемасы да, к, г, қ, ғ – тiл 
аpты  фонемалаpы.  Яғни  тіл  арты  фонемалары  н  дауыссызын  аpтикуляциялық 
оpны жағынан ӛзiне ҧқсата ықпал етiп тҧp.  
в) Тҥбipдiң соңғы с, з дыбыстаpының бipi ш дыбысының алдынан келсе, 
ол  екеуi  айтылуда  ш  дыбысына  айналады.  Жазылуда  бҧл  ескеpiлмейдi. 
Мысалы:  колхозшы  (айтылуы  колхошшы),  жұмысшы  (айтылуы  жұмышшы), 
Оpазша  (айтылуы  Оpашша),  сӛзшең  (айтылуы  сӛшшең),  жұмыс  шамасы 
(айтылуы жұмыш шамасы), бос шылбыp (айтылуы бошшылбыp).  
г)  Тҥбipдiң  соңғы  з  дыбысы  с  дыбысының  алдынан  келсе,  з  дыбысы 
ӛзгеpiп,  с  дыбысына  айналады.  Жазылуда  бҧл  ескеpiлмейдi.  Мысалы:  кӛз  сал 
(айтылуы кӛссал), тұзсыз (айтылуы тұссыз), жазса (айтылуы жасса).  
Алғашқы  сӛздiң  соңғы  дыбысы  з  болып,  одан  кейiнгi  сӛз  ж  дыбысынан 
басталса,  з  дыбысы  ӛзгеpiп,  ж  дыбысына  айналады.  Бipақ  сӛздiң  тҥбipi 
сақталып  жазылады.  Мысалы:  Боз  жiгiт  (айтылуы  божжiгiт),  Оpазжан 
(айтылуы Оpажжан).  
ғ) Алғашқы сӛздiң соңғы дыбысы да, одан кейiнгi сӛздiң бас дыбысы да 
дауысты  болса,  айтуда  бҧл  қатаp  келген  екi  дауыстының  алдыңғысы  тҥсiп 
қалады. Жазуда сӛздiң тҥбipiн сақтаймыз. Мысалы: тоpы ат (айтылуы тоpат), 
тоpы  ала  ат  (айтылуы  тоpалат),  баpа  алмады  (айтылуы  баpалмады),  келе 
алмады (айтылуы келалмады).  
Бҧдан  кӛpетiнiмiздей,  ғалым  кейінді  ықпал  мен  элизия  қҧбылысын  бір-
бірімен ҧштасатынын мысалдарды келтіру арқылы байқатады.  
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет