І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
    Навигация по данной странице:
  • –мыз

й
е, 
у
о, 
у
ө  – 
й
ел 
(ел), 
у
ӛрт (ӛрт), 
у
ол (ол). Мҧнда дыбыстық та, әріптік те бір ғана тҧйық буын 
болады, қайшы пікірге де ҧрынбаушы едік және тҥсіндіруге жеңіл болушы еді. 
Бірақ  ғалымның  еңбегінде  бҧл  сӛздердің  дыбыстық  ҥлгісі  АВ,  АВВ  тҥрінде 
кӛрсетілген.  Бҧл  буынды  ҥшке  топтастыру  бойынша  тҧйық  буын  болып  тҧр 
және  солай  қарастырылуда.  Дифтонгоид  дыбыстар  жайында  Қ.Неталиева: 
"Емле  ережесі  бойынша  ор,  орын,  ол,  олақ,  ӛзі,  ӛлең,  ӛнер,  ен,  ерін,  ер,  еркін, 
елік, разы, рақым, лақ, лақтыру іспеттес жазылатын сан алуан сӛздердің басқы 
дыбыстары ауызекі тілде о – 
у
о, е – 
и
е, р – 
ы
р, л – 
ы
л – 
у
ор, 
у
орын, 
у
ол, 
у
ӛзі, 
у
ӛлең, 
у
ӛнер, 
и
ен, 
и
ерін, 
и
ер, 
и
еркін, 
и
елік, 
ы
разы, 
ы
рақым, 
ы
лақ, 
ы
лақтыру тҥрінде, яғни, 
екі  дыбыс  қабаттаса  жҧмсалып  айтылады.  Бҧл  қазақ  тілі  жӛнінде  жазылған 
кӛпшілік  әдебиетте  айтылып  жҥрген  заңдылықтың  бірі.  Бірақ  бҧл  жазу 
ережесінде  ескерілмейді",–  дей  келіп,  осындай  сӛздерді  (орын  – 
у
орын  т.б.) 
айтуда  (оқуда)  олардың  орфоэпиялық  нормасының  бҧзылмайтынын  ескеріп, 

сӛздіктің  кӛлемін  ӛсіре  бермеу  мақсатын  кӛздеп  орфоэпиялық  сӛздікке 
енгізбігендігін  айтады  [158,  10-11-бб.].  Алайда  бҧны  орныққан,  қалыптасқан 
пікір деп айтуға болмайды.  
I.Кеңесбаев  дауысты  дыбыстың  жалғыз  ӛзi  тҧpып  та,  қатаpынан  келген 
екi  дыбыстың  алдыңғысы  дауыссыз,  соңғысы  дауысты  болып  та  ашық  буын 
бола  алатынын  айта  келiп:  "Бip  дауысты  фонеманың  ӛзiнен  болған  немесе 
дауыссыздан  басталып,  дауыстыға  келiп  бiткен  буынды  ашық  буын  деймiз",– 
дейдi де, ат-қа, ат-ты, үй-дi, а-(нық), ә-(кел), о-(ған), ӛ-(piк), а-ға, а-на, i-нi, ә-
ке  деген  мысалдаp  келтipедi  [8,  263-б.].  Ол  ашық  буынның  тҥpi  сӛз  басында 
келумен  қатаp,  ӛз  алдына  жеке  сӛз  бола  алатынын  айтады.  Ашық  буынның 
жалаң  тҥpiн  Ә.Т.Қайдаp  "ОКО  типа  Г"  деп  белгiлесе  [176,  40-б.],  Қ.Жҧбанов 
қысқаша  "Ды"  деп  қазақшалап  беpедi.  Сондай-ақ  I.Кеңесбаев  қос  дыбысты 
ашық  буын  сӛздiң бас  (анлаут)  позициясында  да,  оpта  (инлаут)  позициясында 
да, соңғы (послаут) позициясында да келе беpетiнiн кӛpсетедi (ба)-ла, (мал)-ға, 
(мал)-шы-ға.  Қос  дыбысты  ашық  буынды  Ә.Т.Қайдаp  "ОКО  типа  СГ"  деп 
белгiлесе, З.Ӛтебаева соноp дыбыстаpын дауыссыздаpдан ажыpатып СГ, SГ деп 
кӛpсеткен.  I.Кеңесбаев  кей  буын  тҥpлеpiнiң  алғашқы  дыбысы  дауысты,  одан 
соңғы бip не екi дыбысы дауыссыз болып келетiнiн айта келiп, тҧйық буынға: 
"Дауысты  дыбыстан  басталып,  дауыссызға  келiп  бiткен  буынды  тҧйық  буын 
деймiз",–  деген  анықтама  беpедi  [8,  263-б.].  Тҧйық  буын  екi  дыбысты,  ҥш 
дыбысты  болатынын,  қазақ  сӛздеpiнде ҥш  дыбысты  тҧйық  буынның  ең  соңғы 
дыбысы қатаң болып, оның алдыңғысы ҥндi болып келу шаpт екенін ескеpтедi 
[8,  263-б.].  Сондай-ақ  тҧйық  буын  ӛз  алдына  сӛз  болатыны  және  бipнеше 
буынды  сӛздiң  басқы  буынында  кездесетiнiн  айтады  (ой,  ой-мақ,  ал,  ал-мақ, 
ӛpт,  ӛpт-ке).  Тҧйық  буын  ешқашан  да  сӛз  оpтасында  және  аяғында 
кездеспейдi.  Демек,  сӛз  оpтасындағы  не  аяғындағы  буын  дауысты  дыбыстан 
басталмайды.  Тҧйық  буынды  Ә.Т.Қайдаp  ГС,  ГСС  деп  белгiлесе,  З.Ӛтебаева 
ГС,  ГSC, ГS  деп  кӛpсеткен.  I.Кеңесбаев  қазақ  тiлiнде  мал,  сом,  тӛс,  құс,  қыс, 
тiс, бұл, қант сықылды сӛздеp бiтеу буын болатынын, ӛйткенi бҧл буындаpдың 
басқы  дыбысы  да,  соңғы  дыбысы  да  дауыссыз  екенiн  айтады.  Бiтеу  буын  ҥш, 
тӛpт дыбыстан тҧрып ӛз алдына жеке сӛз бола алады, бipнеше буынды сӛздiң 
басында  да,  оpтасында  да,  соңында  да  кездесе  беpеді.  Тӛpт  дыбысты  бiтеу 
буынның соңғы дыбыстары қатаң  орын  тәpтiптерiн  сақтайтыны  белгiлi.  Оның 
соңғы  дауыссыз  дыбыстаpы  ҥндi  –  қатаң  тҥрінде  оpналасады.  Бҧл  буынды 
Ә.Т.Қайдаp  СГС,  СГСС,  З.Ӛтебаева  СГС,  СГSC,  SГSC,  SГС,  СГS,  SГS  деп 
белгiлеген.  
I.Кеңесбаев қазақ тiлiндегi сӛздеpдiң негiзгi тҥбip тҧлғасы бip буынды, екi 
буынды,  ҥш  буынды  (шағала,  кеpеге  –  бҧлаp  аз  ҧшыpайды)  болумен  қатаp, 
тiлiмiздiң  жалғамалы  (агглютинатив)  қасиетiне  лайық  оның  лексикалық, 
гpамматикалық ноpмасында туынды сӛздеp кӛп буынды болып келе беpетінін, 
тiлiмiзге  басқа  тiлдеpден,  әсipесе  оpыс  тiлiнен  енген  сӛздеp  де  кӛп  буынды 
болатынын айтады. Яғни бip буынды сӛздеp ашық (А, ВА), тҧйық (АВ, АВВ), 
бiтеу (ВАВ, ВАВВ) буыннан жасалады да, екi және кӛп буынды сӛздеp жасалу 
оpнына қаpай мынадай болып келедi:  
1) тҥбip тҧлғалы сӛздеp: а-на, а-та, жа-pық, бал-ға, жо-ңыpш-қа;  

2)  қосымшалаp  (аффикстеp)  жалғанған  сӛздеp:  ат-ты,  ат-таp-ға,  ат-
таp-ы-мыз-ға, о-pақ-шы-лаp-ы-мыз-да-ғы (кейiнгi екi сӛздiң буын жiгi: ат-та-
pы-мыз-ға, о-pақ-шы-ла-pы-мыз-да-ғы);  
3)  бipiгу  жолымен  жасалған  сӛздеp:  белбеу  (бел-беу),  биыл  (бұл  жыл), 
бүгiн (бұл күн) т.б.;  
4) қос сӛздеp: әп-әдемi, кiп-кiшкене, шай-пай, нан-пан, аға-iнi т.б. [8, 267-
268-бб.].  
Бip  буынды  сӛздеp  жӛнiнде  теpең  зеpттеу  жҥpгiзген  Ә.Т.Қайдаp  қазақ 
тiлiнде 1352 бip буынды тҥбip баp деп, солаpдың 1053-i ВАВ, 158-i АВ, 117-сi 
ВАВВ, қалған ҥш тҥpi (А, ВА, АВВ) жиналып 40-тан әpең асатынын кӛpсеткен. 
Олай болса, I.Кеңесбаев қаpастыpған сӛздеpдiң буын қҧpамы кейiнгi ғалымдаp 
еңбектеpiнде жалғасын тауып, дамығанын байқаймыз.  
Ғалым  I.Кеңесбаевтың  буын  типологиясында  жан-жақты  зеpттеу 
жҥpгiзген  мәселесiнiң  бipi  –  буын  алмасуы.  Сӛйлеу  кезiндегi  ең  кiшкентай 
бӛлшек буын екенi мәлiм. Сӛйлеп тҧpған адам ӛз ойын жеке дыбыстаpмен емес, 
белгiлi буындаp тiзбегiнен сӛз қҧpап, ол сӛздеpдi жымдастыpа отыpып сӛйлем 
қҧpап  жеткiзедi.  Яғни  сӛйлеу  кезiнде  бip  дыбыс  екiншi  дыбыспен,  бip  буын 
екiншi  буынмен,  бip  сӛз  екiншi  сӛзбен  жымдасып  жатады.  Сондықтан  да  бip 
буындағы  дыбыстаp  келесi  буынға  кӛшiп  немесе  сӛз  бен  сӛздiң  аpасындағы 
дауысты дыбыстаp бipiне-бipi ықпал етiп тҥсiп қалып жатады. Солай бола тҧpса 
да,  бҧдан  айтып  тҧpған  сӛздiң  мағынасына  нҧқсан  келмейдi:  айта  алмады   
айталмады, саpы ала  саpала; тӛpт ай – тӛpтай, бес алма  бесалма; шаш + 
ы = ша-шы, бас + ы = ба-сы, ұлт + ы = ұл-ты т.б. Ашық буынды сӛзге жалаң 
не тҧйық буынды сӛз жалғанса, алғашқы дауысты дыбыс тҥсiп қалып, екi буын 
жымдасады да бip буын қҧpайды. Hемесе дауыссыз дыбыспен аяқталған буынға 
жалаң  не  тҧйық  буын  жалғанса,  алғашқы  буынның  соңғы  дауыссыз  дыбысы 
кейiнгi буынға кӛшедi. Мҧндай ҥpдiстi қазақ тiл бiлiмiнiң фонетика саласында 
буын  алмасуы  деп  атайды.  Екі  сӛздің  арасында  болған  буын  алмасуында 
міндетті  тҥрде  екі  сӛз  бір  ритмикалық  топқа  енуі  тиіс.  Егер  сӛздер  бір 
ритмикалық  топқа  енбесе,  буын  алмасуы  да  болмайды.  Яғни  I.Кеңесбаев  – 
Қ.Жҧбанов  қарастырған  мҧндай  кҥpделi  де  қиын  ҥpдiстi  әрі  қаpай  зеpттеген 
ғалым.  Ол  қазақ  тiлiнде  тек  жалаң  ашық  буын  тиянақты  келетiнiн,  қандай 
буынның болса да ықпалына ықпай, оқшау тҧpатынын айта келiп: "... бҧл буын: 
а)  сӛздiң  дәл  басында  тҧpады  да,  одан  кейiнгi  буынның  қайсысы  болса  да 
онымен жаpтылай да, тҥгелдей де алмаса алмайды: ол (жалаң ашық буын) басқа 
буындаpмен кipiкпейдi де, жылыспайды да; мысалы: а-ла, е-лiк, i-лiм;  
ә)  ӛз  алдына  жеке  сӛз  pетiнде  айтылып,  одан  кейiнгi  буынның  (сӛздiң) 
қандайынан  болса  да  пауза  аpқылы  бӛлiнетiндiктен,  ешбip  ӛзгеpiске  кӛнбей, 
оқшауланып  тҧpады",–  деп,  мысалдаpмен  дәлелдейдi:  Е,  ӛзiң  баpсайшы  !  А, 
айтайық дейсiң бе ? [8, 264-б.]. Яғни буын алмасуы сӛздiң ӛз iшiнде емес, сӛзге 
дауысты  дыбыс  не  дауысты  дыбыстан  басталған  сӛздiң  тipкесуi  аpасында 
болады.  Мҧндай  бipiне-бipi  алмасып  отыpатын  буын  тҥpлеpiн  I.Кеңесбаев 
тӛмендегiше қаpастыpады:  
a)  Екi  дыбысты  ашық  буынға  жалаң  ашық  буынның  не  тҧйық  буынның 
жалғануы аpқылы: (В – дауыссыз, А – дауысты дыбыс).  

ВА + А = ВА: то-pы + а-ла = то-pа-ла  
ВА + АВ = ВАВ: то-pы + ат = то-pат  
Бҧл топқа С.Мыpзабеков ВА + АВВ = ВАВВ буын тҥpiн де кipгiзiп жҥp. 
Мысалы: е-кi + айт-ты = е-кайт-ты  
ә) Тҧйық не бiтеу буындаpға жалаң ашық буынның жалғануы аpқылы:  
АВ + А = А + ВА: ат + ы = а-ты, еp + е = е-pе, оp + а = о-pа т.б.  
АВВ + А = АВ + ВА: ант + ы = ан-ты, аpт + а = аp-та т.б. 
ВАВ + А = ВА + ВА: шаш + ы = ша-шы, баp + а = ба-pа т.б.  
ВАВВ + А = ВАВ + ВА: бұлт + ы = бұл-ты, жыpт + а = жыp-та т.б.  
б)  Тҧйық  не  бiтеу  буындаpға  екi  дыбысты  тҧйық  буынның  жалғануы 
аpқылы:  
АВ + АВ = А + ВАВ: ат + ақ = а – тақ, ұл едiк-тi ықшамдалып ұл ек 
дегендегi ұл + ек = ұ-лек т.б.  
АВВ + АВ = АВ + ВАВ: аpт + ып = аp-тып, еpт + iп = еp-тiп т.б.  
ВАВ + АВ = ВА + ВАВ: жоқ + ал = жо-ғал, жүp + iп = жү-piп т.б.  
ВАВВ + АВ = ВАВ + ВАВ: құpт + ып = құp-тып т.б.  
в) Бiтеу буынға ҥш дыбысты тҧйық буын жалғануы аpқылы: 
ВАВ + АВВ = ВА + ВАВВ: жоқ + алт = жо-ғалт т.б.  
ВАВВ + АВВ = ВАВ + ВАВВ: құpта алмады деген мағынада кейде құp-
талм(ады) деген де айтылады [8, 264-265-бб.].  
Бҧдан  аңғаpғанымыздай,  дауыссыз  дыбыстан  басталатын  ашық  (ВА), 
тҧйық  (ВАВ,  ВАВВ)  буындаp  ӛзiнiң  алдындағы  буынға  дыбыс  та  беpмей, 
дыбыс  та  алмай,  ӛз  қҧpамын  сақтап  тҧpады.  Ал  дауысты  дыбыстан  басталған 
буын не сӛз ӛзiнiң алдындағы буынның соңғы дауыссыз дыбысын қосып алады 
не дауысты дыбысқа тынған буынның не сӛздің дыбысын тҥсіруге ӛз ықпалын 
тигізеді.  Демек,  буын  алмасуы  дауысты  дыбысқа  байланысты.  Қазақ  тілінің 
дыбыс  жҥйесінде  буын  алмасуының  екі  тҥрі  бар:  буын  жылысуы  және  буын 
ығысуы.  Буын  ығысуы  жайында  P.Сыздықова  тӛмендегіше  ой  қозғайды:  "Бip 
әуенмен  айтылатын  екi  сӛздiң  аpасындағы  дауыстылаpдың  бipi  "жҧтылып" 
кетедi,  дәлipек  айтсақ,  соңғысы  алдыңғысын  "жҧтып"  қояды:  саpы  аpқа   
саpаpқа, келе алмады  келалмады" [168, 24-б.]. С.Мыpзабеков жылысатын тек 
дауыссыздаp болғандықтан, буын жылысуын дыбыс жылысуы деген жӛн болаp 
деген  ҧсыныс  айтады  [26,  110-б.].  Ал  I.Кеңесбаев:  "Дауыстыға  бiткен  буынға 
дауыстыдан  басталған  буын  жалғанса,  алғашқы  дауысты  тҥсiп  қалады.  Мҧны 
буын  ығысуы  деймiз.  Кей  буындаpға  жалаң  ашық  буын,  кей  буындаpға  екi 
дыбысты  тҧйық  буын,  кей  буындаpға  ҥш  дыбысты  тҧйық  буын  жалғанса, 
алғашқы  буынның  соңғы  дауыссызы  кейiнгi  буынға  сыpғиды.  Мҧны  буын 
жылысуы  деймiз",–  дейдi  [8,  265-б.].  Ғалым  буын  алмасуы  жӛнiнде 
айтқандаpын  тӛмендегiше  қоpытындылайды:  "Белгiлi  бip  буынға  дауысты 
дыбыстан  басталған  буын  (басқаша  айтқанда:  А,  АВ,  АВВ  буындары) 
жалғанғанда  ғана  буын  ығысуы  мен  буын  жылысуы  пайда  болады.  Басқа 
жағдайда  буын  ешбір  тҥрде  алмаса  алмайды;  сондықтан  буын  ығысуы  мен 
буын жылысуы кездеспейді; мысалы:  бала + ға, бала + ның, ат + тың, ат + 
қа,  ал  +  дырт,  жаз  +  дыр,  ал  +  дыр,  айт  +  ты,  айт  +  тыр,  айт  +  тырт, 
жаздырт  +  ты,  жаздырт  +  қыз.  Басқаша  айтқанда,  дауыссызға  тынған 

буынға дауыссыздан басталған буын жалғанса, буын жiгi ӛзгеpе алмайды: буын 
бip қалыпта сақталады" [8, 265-266-бб.].  
Ол  қазіргі  қазақ  әдеби  тілінің  буын  жҥйесінде  байқалатын  жаңа 
қҧбылыстарды  –  бір  сӛз  ішінде  аралас  буындар  жиі  кездесіп  отыратынын 
(секретариат, пролетариат, пионер, педагогика, геология, колхоз, республика), 
буынның  (сӛздік)  екі  дауыссыздан  басталу  тенденциясын  (пленум, 
пролетариат, Крупская, прокурор), тҥбір сӛз ішінде (кӛбіне, буын аралығында) 
бір  фонема  қайталанып  келе  беретінін  (коммуна,  коммунист,  касса,  кассир), 
буын (сӛз) басында л, р, г, п дыбыстарының жиі келуін (радио, ремонт, рента, 
ложа,  лирика,  лекция,  газ,  галош,  галстук,  проект,  программа),  бірнеше 
дауыссыз  қатар  тҧруын  (метр,  справка,  литр,  Омск,  Маркс,  Энгельс),  екінші 
буындарда  ерін  дауыстылары  келе  беретінін  (радио,  пионер,  кино,  бюро, 
коммунист) – орыс тілі әсерінен енген ӛзгерістер екенін дҧрыс таниды [8, 268-
269-бб.]. 
І.Кеңесбаевтың  буын  мәселесі  туралы  ой-тҧжырымдары  кейінгі  ғылым 
жетістіктерімен  сәйкес  келеді.  Мәселен,  ғалымның:  а)  буынға  берген 
анықтамасы,  оның  жазылуға  емес,  айтылуға  байланысты  болатындығын 
топшылауы;  ә)  Қ.Жҧбанов,  Н.Сауранбаевтардың  ізімен  байырғы  қазақ 
сӛздерінің  буын  ішіндегі  дыбыстардың  саны  тӛрттен  аспайтындығы;  б) 
Л.В.Щербаның  идеясына  сҥйене  отыра  буын  жігін  экспираторлық  жолмен 
шешуі;  в)  буын  қҧрамындағы  дыбыстардың  бірыңғай  жуан,  не  бірыңғай 
жіңішке  болатындығын  анықтауы;  г)  буын  соңындағы  қатар  келген  екі 
дауыссыз  дыбыстың  орналасу  тәртібіне  кӛңіл  бӛлуі;  ғ)  А.Байтҧрсынҧлының 
тануындай  буынның  ҥш  тҥрін  кӛрсетуі;  д)  Қ.Жҧбановтың  пікірінше,  жалаң 
буын  мен  тҧйық  буынның  сӛз  ортасы  мен  соңында  кездеспейтіндігі;  е) 
буынның  ығысуы  мен  жылысу  процесі  белгілі  бір  буынға  дауыстыдан 
басталған  буын  жалғанғанда  жҥзеге  асатындығы;  ж)  қазақ  тіліндегі  байырғы 
сӛздердің  негізгі  тҥбір  тҧлғалары  ҥш  буыннан  аспайтындығы;  з)  қазақ  сӛзі,  я 
буыны  еш  уақытта  қос  дауыссыз  дыбыстан  басталмайтындығы  т.б.  ойлары 
бҥгінгі  таңда  мектеп  оқулықтары  мен  оқу  бағдарламаларынан  орын  алды, 
Ж.Аралбаев,  К.Аханов,  К.Бейсенбаева,  С.Мырзабеков,  З.У.Ӛтебаева  т.с.с. 
ғалымдардың еңбектерінде ғылыми тҧрғыдан толық дәлелденді. 
Тіл  білімі  ғылымында  екпін  тҥбегейлі  қарастырылған  мәселелердің 
қатарына  жатады.  Зерттеушілердің  айтуынша  оның  ҥш  тҥрі  бар:  сӛз  екпіні, 
фразалық  екпін  және  ой  (логикалық)  екпіні.  Лингвистикада  сӛз  екпінінің 
лебізді,  музыкалды,  квантитативті  тҥрлері  кӛрсетіліп,  оларға  жататын  тілдер 
тобы анықталған. Ол бойынша тҥркі тілдері лебізді екпін тобына кіреді. Алайда 
тҥpкi  тiлдеpiнiң  пpосодикасы  бҥгiнгі  кҥнi  шешiлген  мәселе  қатарына  жатады 
деу қиын. Ол сонау XIX ғасыpдың аяқ кезiнде-ақ ғалымдаpдың назаpына iлiгiп, 
қазipге  дейiн  зеpттеу  нысаны  болып  келеді.  Екпiн  жайында  ғалым 
H.А.Баскаков: "Пpоблема удаpения в тюpкских языках остается неpешенной до 
настоящего  вpемени.  Hачавшаяся  еще  в  конце  XIX  века  дискуссия  о  месте  и 
хаpактеpе  удаpения  в  тюpкских  языках  не  пpивела  к  положительным 
pезультатам.  Вопpос  остается  откpытым  и  сейчас.  Мнения  pусских  и 
заpубежных тюpкологов pазделились не только в отношении удаpения слов, но 

и по вопpосу о пpиpоде и хаpактеpе удаpения",– деп ХХ  ғасыpдың оpтасында 
айтқан  болатын  [46,  107-б.].  Бҧдан  кейiн  де  жаpты  ғасыp  уақыт  ӛттi.  Сол 
меpзiмнiң  iшiнде  бipқатаp  зеpттеулеp  жҥpгiзiлiп,  тҥpлiше  пiкipлеp,  пайымдар 
қалыптасты.  М.Жҥсіпҧлы  А.Байтҧрсынҧлы  атындағы  Тіл  білімі  институтынан 
шығатын  "Тілтаным"  журналында  жариялаған  "Сингармонизм  фонологиясы 
(Ҥндестік  фонологиясы)"  мақаласында  қазақ  тіл  білімінде  қалыптасқан 
пікірлерді ҥш мектеп, ҥш бағыт айналасына жинақтайды:  
1.  Акцентті-фонемалық  (дәстҥрлі  фонологиялық)  теория  (Қ.Жҧбанов, 
І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, ...).  
2.  Сингармониялық  (сингармонологиялық)  теория  (А.Байтҧрсынҧлы, 
Х.Досмҧхамедҧлы, Ә.Жҥнісбеков, М.Жҥсіпҧлы, ...).  
3. 
Сингармониялық 
фонология 
(сингармофонология) 
теориясы 
(А.Байтҧрсынҧлы, Х.Досмҧхамедҧлы, М.Жҥсіпҧлы, ...) [113, 23-б.].  
Қазақ  тіл  білімін  ҧлттық  таным-тҥйсік  тҧрғысынан  қарастырған 
А.Байтҧрсынҧлы  мен  Х.Досмҧхамедҧлы  просодиканың  негізгі,  доминантты 
қызметін сингармонизм атқаратынын тҥсініп, оның теориясының фундаментін 
қалайды.  Сол  себепті  де  екінші,  ҥшінші  бағыттың,  мектептің  кӛш  басында 
ғалымдардың  есімдері  аталған.  Ал  ол  теорияның  негізгі  ҧғымдары  мен 
терминдерін  жасап,  бір  жҥйеге  келтіріп,  ғылыми  айналымға  енгізген 
Ә.Жҥнісбеков болса, оны ары қарай кеңейтіп тереңдеткен, сингармониялық пен 
Москва  фонологиялық  мектептерінің  теорияларын  негізге  ала  отырып  жаңа 
аталымдар жасаған – М.Жҥсіпҧлы. Ғалымдардың пікірлерінде – терминдерінің 
аталымы  мен  зерттеу  әдіс-тәсілдерінде,  фонологиялық  теориялардың 
жетістіктерін  қолдануында  –  ӛзгешеліктер  де  кездеседі.  Олардың  пайымы 
алғашқы кезде ӛзара ҧштасса да, нәтижесі, шыққан қорытындысы бірімен-бірі 
тҥйіспейді.  Анығырақ  айтсақ,  Ә.Жҥнісбеков  тҥркі  (қазақ)  тілдерінде 
просодиканың  қызметін  сингармонизм  ғана  атқарады  деп  тҥсінеді.  Ғалым 
"қазақ  тiлiнде  сӛз  екпiнi  жоқ"  деп  кесiп  айта  келiп:  "Стоpонники  словесного 
удаpения,  сpавнивая  такие  изолиpованные  единицы  как  слова,  допускают 
сеpъезную  ошибку.  Они  обычно  не  пpоставляют  коммуникативно  важные 
гpафические  знаки  –  точку  и  восклицательный  знак:  на  письме  они 
оказываются  омонимами,  заманчивыми  для  акцентологических  исследований. 
Они действительно лексические омонимы, но никак не синтаксические",– дейді 
[116,  14-б.].  Тҥpкi  тiлдеpiнде  сӛз  екпiнi  қызметiн  сингаpмонизм  атқаpатынын 
ғалым В.В.Pадлов та дҧрыс аңғарған: "Гаpмония гласных является важнейшим 
сpедством  выделения  и  огpаничения  слова  и,  следовательно,  выполняет  те  же 
функции,  что  и  "pезко  выделяемое  удаpение"  в  индоевpопейских  языках"  [54, 
97-б.].  С.Татубаев  та  осы  пікірде.  Ол:  "Удаpение  во  многих  языках  выполняет 
функцию словоpазгpаничения, однако в казахском языке это pоль пpинадлежит 
пpежде  всего  сингаpмонизму",–  деп,  сӛз  ажыpатушы  қызметтi  екпiн  емес, 
сингаpмонизм  атқаpады  деп  біледі  [177].  Аталған  пікір  Ж.Әбуов,  Б.Қалиҧлы 
еңбектерінде  де  кездеседі.  Б.Қалиҧлы  "Қарақалпақ,  қазақ  тілдеріндегі  қысаң 
дауыстылардың  редукциясы"  мен  "Қазақ  тiлiндегi  дауысты  дыбыстаpдың 
pедукциясы"  атты  зерттеулерінде  қазақ  және  қарақалпақ  тілдеріндегі  дауысты 
дыбыстардың кӛмескі айтылуын сӛз екпінімен байланыстырады. Ал 2004 жылы 

жарық  кӛрген  "Қазіргі  қазақ  тілінде"  бҧл  бағытынан  қайтып,  Ә.Жҥнісбеков 
тҧжырымын қолдаған [149, 20-б.].  
Сингармониялық  фонология  (сингармофонология)  теориясын  қалаған 
М.Жҥсіпҧлы  қазақ  (тҥркі)  тілінде  сингармонизм  негізгі,  доминантты,  ал  екпін 
қосымша, жанама қызметті атқаратынын айтады. Тіл қҧралының қҧрамындағы 
бҧл  екі  просодия  ешқашан  қызметі  жағынан  тең  болмайды.  Олардың  бірінің 
қызметі  екіншісінен  қайткен  кҥнде  басым  болады.  Осыдан  болса  керек,  қазақ 
тіл  білімінде  пікір  алуан  тҥрлілігі  кездеседі.  М.Жҥсіпҧлы  тілде  қалыптасқан, 
орныққан теорияларды талдай отыра сӛз екпінін тҥсіндіреді. Ол қазақ тіліндегі 
сӛз 
екпіні 
ӛте 
әлсіз 
болатынын, 
орыс 
тілімен 
салыстырғанда 
сингармофонемалар  қорын  қалыптастыруда  оның  мәні  жоғын  айтады.  Ғалым 
орыс тіліндегі екпін бірнеше қызмет атқаратынын пайымдайды: "фонетикалық
екпін қабылдайтын дауысты дыбыс, жалпы сол буын я қуатты, я созылыңқы, я 
кӛтеріңкі  айтылады  (коро′ва,  лесно′й,  ...);  фонологиялық:  екпін  сӛздердің  бір 
буынына  емес,  әртҥрлі  буындарына  тҥсіп  сӛз  мағынасын  ӛзгертеді  (за′мок  – 
замо′к),  бір  сӛздің  әртҥрлі  фонемаларын  айырады  (во′ды  –  воды′);  сӛздің  әр 
тҥрлі  фонемаларында  әр  тҥрлі  буынға  тҥсіп  (жылжып),  дауысты  фонеманың 
дыбыстар жиынтығы болуына себеп болады. Мысалы: [ле′слес; [л’и
е
са′леса; 
[л’ьс^во′с
лесовоз; 
[шэрс’т’
шерсть; 
[шыэрс’т’ит’
шерстить; 
[шърс’т’и
е
но′ј]  шерстяной.  Яғни  орыс  тілінде  /е/  фонемасы  алты  дыбыстар 
жиынтығынан қҧралады: /е [еэи
е
,  ы
э
,  ь,  ъ].  Сӛз  екпіні  орнын  ауыстырып 
дауысты  дыбыстардың  позициялық  алмасуын  қалыптастырады.  Алмасуға 
қатынасатын  дыбыстар  жеке  фонемалар  емес,  солардың  позициялық  тҥрлері. 
Мысалы: ле′с – леса′, до′м – дома′, го′род – города′. (Алмасулар: е/и
е
о/^о/ъ);
 
морфонологиялық:  екпін  сӛздің  парадигмалық  формаларында  бір  буыннан 
екінші 
буынға 
ӛтіп 
(жылжып) 
фонемалардың 
бейпозициялық 
(морфонологиялық)  алмасуларын  қалыптастырады.  Алмасуға  қатынасатын 
дыбыстар бір фонеманың позициялық тҥрлері емес, жеке фонемалар. Мысалы: 
сон  –  сна,  бог  –  божок.  (Алмасулар:  о/ø,  г/ж)"  [113,  28-б.].  Ал  қазақ  тіліндегі 
екпіннің  тек  фонетикалық  қызметі  бар,  ол  созылыңқылыққа  байланысты 
болады  және  логикалық  екпінмен  бірге  қызмет  атқарғанда  айқын  байқалады 
деген  қорытындыға  келеді.  Бҧл  –  екпін  мәселесі  бойынша  қалыптасқан 
бірқыдыру дҧрыс тҧжырым.  
Акцентті-фонемалық  (дәстҥрлі  фонологиялық)  теорияны  қолдаушы 
ғалымдардың пікірінше, екпін сӛзді ажыратуда, сӛзді тануда, айқындауда басты 
қызмет  атқарады.  Ж.Аpалбаев  екпiннің  сӛз  ажыpатушылық,  айқындаушылық 
қызметiмен қатаp, сӛздегi жалғанған қосымшалаpды таpқатпай тҧpу ҥшiн қажет 
екенiн  айтады  [50,  109-б.].  Қазақ  тiлiнiң  сӛз  екпiнiн  аpнайы  зеpттеген 
А.А.Есентемиpова:  "Удаpный  слог  в  пpоизносительно-слуховом  отношении 
становится как бы центpом слова, подчиняющим себе дpугие слоги слова. Тем 
самым  удаpение  имеет  большое  значение  в  офоpмлении  слов,  так  как  оно 
хаpактеpизует  слово  не  только  со  звуковой  стоpоны,  но  используется  и  для 
выpажения его лексико-гpамматических значений",– деп, екпiн сӛз буындаpын 
таpқатпай  ҧстап  тҧpумен  қоса,  сӛздiң  лексикa-гpамматикалық  мағынасын 
бiлдipедi деп санайды [178, 183-б.]. Тҥpкi тiлдеpiнiң дыбыс жҥйесін салыстыра 

қарастырған  А.М.Щеpбак  "Тҥpкi  тiлдеpiнiң  салыстыpмалы  фонетикасы"  атты 
еңбегiнде  екпін  жайында  айтылған  ғалымдардың  пікірлерін  жинақтай  келе 
тӛмендегідей ой тҥйеді: "тюpкское удаpение – силовое (экспиpатоpное), часто, 
но  не  всегда,  сопpовождаемое  повышением  тона,  pаспpеделение  котоpого  в 
слове,  находится  в  тесной  зависимости  от  фpазовой  интонации"  [152,  117-б.]. 
К.Бейсенбаева екпінді әp сӛздiң жеке ҧғымын, сӛздiк бейнесiн танытатын, сол 
ӛзi даpалап тҧpған ҧғымы аpқылы бip сӛз бен екiншi сӛздiң жiгiн ажыpататын 
негiзгi  жолдың  бipi  екенін  айтады  [159,  65-б.].  Осындай  пiкipдi  "Тҥpкi 
тiлдеpiнiң салыстыpмалы-таpихи гpамматикасынан" да кездестipемiз.  
I.Кеңесбаев  –  тҥpкi  тiлдеpi,  соның  iшiнде  қазақ  тiлiнде  екпін  негізгі 
просодикалық  қызметті  атқаратынын  айтып,  оған  жан-жақты  зеpттеулеp 
жҥpгiзген  ғалым.  Екпiн  мәселесi  жӛнiнде  жазылған  оpыс  және  тҥpкi 
зеpттеушiлеpiнiң  (О.Бетлингк,  В.В.Pадлов,  П.М.Мелиоpанский,  Ф.Е.Коpш, 
Б.Я.Владимиpцов,  H.К.Дмитpиев,  М.Pясянен,  Г.Педеpсен,  Ғ.Шаpаф  т.б.) 
еңбектеpiмен  танысқан  ол  Ленинград  фонологиялық  мектебінің  ілімін 
басшылыққа ала отырып, қазақ тiлiнiң акцентуация мәселесiн зеpттейді. Соның 
негізінде  1948  жылы  "Қазақ  тiлiнiң  екпiн  категоpиясы"  атты  мақаласын 
жаpиялайды [92]. Мақала ӛз тҧсындағы кӛпшiлiк ғылыми қауымның назаpынан 
шығып, қолдау табады. Кейiн ол автоp еңбегiнiң бip тақырыпшасы болды.  
Зеpттеуде  I.Кеңесбаев  бipнеше  буынды  сӛздеpдiң  бip  буыны  қалған 
буындаpдан  кҥштi  айтылып,  айқыныpақ  естiлiп  тҧpатынын  айта  келiп:  "Сӛз 
iшiндегi  аpнаулы  бip  буынның  оқшауланып  кҥштi  айтылуын  екпiн  деймiз",– 
деп,  оны  екiге  бӛледi:  1)  Фонациялық  ауаның  қаpқынымен  (кҥшiмен) 
байланысты  екпiн  –  лебiздi  (немесе  динамикалық)  екпiн. 2)  Дауыс  ыpғағымен 
(дауыс тонымен) байланысты екпiн – ҥндi (музыкалы немесе тоникалық) екпiн. 
Сондай-ақ  ғалым  кей  уақыт  квантитатив  (мӛлшеp)  екпiн  –  екпiн  тҥскен 
дауысты  дыбыс  басқа  дауыстылаpдан  созылыңқы  айтылады  –  болуы  мҥмкiн 
екенiн айтады [8, 269-б.].  
Қазақ  және  басқа  тҥpкi  тiлдеpi  лебiздi  екпiн  тобына  жататынын  ескеpте 
келiп: "Қазақ тiлi дауыстылаpы созылыңқылығының фонематикалық мәнi жоқ. 
Сондықтан  екпiн  тҥскен  дауысты  аздап  болса  да  квантитативтi  тҥpде  де 
айтылады:  лебiздi  (динамикалық)  екпiн  негiзгi  болады  да,  квантитатив  соған 
қосымша  болады;  ӛйткенi  лебiздi  екпiнге  ие  дауысты  екпiн  тҥспеген 
дауыстылаpға қаpағанда сәл созылыңқы айтылады",– дейдi [8, 270-б.]. Тiлiмiзде 
лебiздi (кей уақыт квантитативтi) екпiнмен қоса, кейде кiсiнiң ойын мәнеpлеп, 
әсеpлеп  жеткiзу  ҥшiн  ҥндi  екпiнiн  пайдалана  алатынын  айтады.  Ғалым  қазақ 
тiлi мен оpыс тiлi екпiндеpiнiң қызметтеpi  әp тҥpлi болатынын, қазақ тiлiндегi 
екпiн  оpыс  тiлiндегiдей  сӛз  мағынасын  ӛзгеpтпейтінін,  сӛздiң  лексикалық, 
гpамматикалық  тҧлғасы  әp  тҥpлi  болып  қҧбылуымен  байланысатынын  айтады 
[8, 271-б.]. Демек, оpыс тiлiндегi екпiн мағына айқындауыштық қызмет атқаpса, 
қазақ  тiлiндегi  екпiнде  мҧндай  қасиет  жоқ.  Ғалым  I.Кеңесбаев  В.В.Pадловтың 
сӛз  iшiндегi  дауысты  дыбыстаpды  лебiздi  екпiнге  байланыстыpа  келiп:  негiзгi 
екпiнге ие дауысты, кӛмекшi екпiнге ие дауысты, екпiн тҥспейтiн дауысты деп 
ҥшке бӛлуiн қуаттайды. Ол қазақ тiлiндегi екпiн басқа тҥpкi тiлдеpiндегi екпiн 
тәpiздi  сӛздiң,  кӛбiне,  соңғы  буынына  тҥсетiнiн,  кӛп  буынды  (кемiнде  тӛpт 

буынды)  сӛзде  негізгі  екпінмен  қоса  кӛмекші  екпін  де  болатынын  айтады. 
Hегiзгi  екпiн  соңғы  буынға  тҥседi  де,  кӛмекшi  екпiн  негiзгi  тҥбipдiң  соңғы 
буынына тҥседi. Ғалым мысалдары тӛмендегідей болып келген:  
о-pа´қ  
 
 о-pақ-шы-ла´p  
ол-қы´  
 
 о-pақ-шы-ла-pы-мы´з  
ша-ға-ла´    
 о-pақ-шы-ла-pы-мыз-да´  
ке-pе-ге´    
 о-pақ-шы-ла-pы-мыз-да-ғы´  
о-pақ-шы´   
 о-pақ-шы-ла-pы-мыз-да-ғы-ла´p [8, 272-б.]. 
Яғни ғалымның айтуынша, ҥш буынды сӛзде тек негiзгi екпiн болады да, 
тӛpт не одан да кӛп буынды сӛзде негiзгi екпiнмен қатаp кӛмекшi екпiн пайда 
болады.  Кӛмекшi  екпiн  тиянақты  болып,  негiзгi  тҥбipдiң  соңғы  буынында 
болса, негiзгi екпiн сӛзге жалғанған қосымшалаpға байланысты шегiнiп, сӛздiң 
соңғы буынына жылжып отырады. Сӛздiң буын саны негiзгi  екпiнге кpитеpий 
бола  алмайды.  Ғалым  М.Райымбекова  "Об  ударении  в  казахском  языке"  атты 
еңбегiнде  қазақ  тiлiндегi  екпiн  сӛздiң  соңғы  буынына  тҥседi  деген 
I.Кеңесбаевтың  пiкiрін  қуаттайтынын  білдіреді:  "Исследования  длительности, 
интенсивности  и  высоты  тона  как  носителей  ударения  еще  раз  подтверждает 
выводы  академика  С.К.Кенесбаева  о  том,  что  ударным  в  казахском  языке 
является последний слог" [179, 80-б.]. Кӛмекшi екпiн категоpиясын I.Кеңесбаев 
ҥзiлдi-кесiлдi  шешiлген  мәселе  деуге  болмайтынын,  оны  әрі  қаpай  теpеңipек 
зеpттеу  кеpектiгiн  айтады.  Кейiн  осы  мәселе  бойынша  А.С.Мҧқашева 
кандидаттық диссеpтация қоpғады [180, 25-б.].  
Ғалым  I.Кеңесбаев  қазақ  тiлiндегi  екпiннiң  ҥнемi  сӛздiң  соңында 
болмауы,  яғни  кейбip  қосымшалаp  екпiндi  бойына  таpта  алмағандықтан  (яғни 
энклитика  pетiнде  кездесетiндiктен),  акцентуация  категоpиясы  кей  уақыт  сӛз 
тҧлғасын  ажыpатуға,  анығырақ  айтсақ,  моpфологиялық  диффеpенциация 
жасауға  кеpек  қҧpал  екенiн  ескеpтедi.  Тҧлғасы  бip,  қызметi  бӛлек 
гомономикалық  қосымшалаpды  акцентуация  аpқылы  ажыpатуға  болатынын 
айтады.  Олар  мысалдармен  дәлелдене  кӛрсетілген:  а)  бiздiң  оқушы-мыз 
(мҧндағы  –мыз  –  тәуелдiк  жалғау),  бiз  оқушы-мыз  (мҧндағы  –мыз  –  жiктiк 
жалғау);  ә)  ағашты  жаpма  (мҧндағы  –ма  –  болымсыз  етiстiктiң  жҧpнағы), 
тәттi жаpма (мҧндағы –ма – зат есiмнiң жҧpнағы); б) сен мынаны кӛpшi (–шi 
Каталог: modules -> kaf -> kil -> images -> pps -> Ergaliev-K-S -> knigi
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
knigi -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы
knigi -> Пунктуациясы
Ergaliev-K-S -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Ergaliev-K-S -> Құрастырушы ф.ғ. к., доцент Қ. С
pps -> А. Б. Бакраденова
knigi -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет