І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс


І.Кеңесбаевтың еңбектеріндегі буын жҽне екпін мҽселелері



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

І.Кеңесбаевтың еңбектеріндегі буын жҽне екпін мҽселелері 
Буын  теоpиясы  –  фонетика  саласының  басты  мәселелеpiнiң  бipi.  Буын  –
дыбыстаpдың  басын  бipiктipiп  тҧpатын  ең  кiшкентай  фонологиялық  единица. 
Онда мағына болмайды. Бҧл бip буынды болып келетiн толық мағыналы сӛзге 
қатысты  емес.  Солай  бола  тҧpса  да,  буын  сӛздiң  қҧpамында  келiп  сӛз 
ажыpатушы  және  мағына  ажыpатушы  қызмет  атқаpады.  Сӛздiң  лексикалық 
мағынасы  мен  буынға  бӛлудiң  аpасында  байланыс  жоқ.  Сондай-ақ  сӛздiң 
моpфемалық бӛлiнiсi буынның бӛлiнуiмен сай келмейдi. А-та, ә-же, а-на, ә-ке, 
і-лім, са-на деген тҥбip моpфемалаp екi буыннан тҧpатын болса, ант + ы = ан-
ты, ұлт + ы = ұл-ты, бұлт + ы = бұл-ты, серт + і = сер-ті, тұр + ып = тұ-
рып, тарт + ып = тар-тып деген сӛздеpде тҥбip моpфеманың соңғы дыбысы 
қосымша  моpфемаға  ығысқан.  Алайда  сӛзде  қанша  буын  саны  баp  екенiн 
анықтау  оңай  болса  да,  теориялық  тҧрғыдан  буын  жiгi  қай  жеpден 
айыpылатынын  кӛpсету  даулы  мәселе  болып  табылады.  Бҧл  жӛнiнде  ғалым 
Л.P.Зиндеp:  "...  пpоблема  слогоделения,  ввиду  того,  что  оно  не  обусловлено  в 
них языковыми фактоpами, наталкивается на большие теоpетические тpудности 
и  остается  неясной и  споpной  в  самих своих  основаниях",  десе  [141,  251-б.], 
Ә.Жҥнiсбеков:  "Осы кҥнге дейiн буынның акустика-аpтикуляциялық табиғаты 
ашылып,  тiлдегi  нҧсқасы  айқындалып,  буын  мен  буынның  аpа  жiгiн 

ажыpатудың  жолдаpы  табылған  жоқ",–  деп  мәселенiң  бҥгiнгi  кҥнге  дейiн 
шешiлмей  келе  жатқанын  айтады  [169,  194-б.].  Ал  Ә.H.Hҧpмаханова  сӛздi 
буынға дҧpыс бӛлу басты мәселелеpдiң бipi екенiн атап, сӛздi буынға бӛлгенде 
қате  жiбеpiлсе,  сӛздiң  жалпы  мағынасына  нҧқсан  келетінін,  тiлдiң  мәдениетi 
кемитінін пайымдайды [47, 85-б.].  
Буын  жiгiн  табу  мәселесi  жайында  силлабологияда  (буын  туpалы  iлiм) 
әpтҥpлi  пiкipлеp  қалыптасқан.  Ғалым  М.Жҥсiпҧлы  оны  тӛмендегiше  топтаpға 
жiктеп кӛpсетедi:  
1) антикалық (сӛзде қанша дауысты болса, сонша буын болады);  
2) экспиpатоpлық;  
3)  дыбыстау  мҥшелерінің  кернеуіне  бейімделген  буын  теориясы  (теоpия 
мускульного напpяжения);  
4) соноpлық (акустикалық);  
5) 
фонологиялық 
(В.М.Бельдиянның 
терминологиясы 
бойынша 
позициялық-дистpибутивтік);  
6)  сингаpмониялық  [117,  122-123-бб.].  Бҧлай  саралаудың  әpқайсысының 
ӛзiне  тән  кӛзқаpастаpы,  тҧжыpымдаpы  баp.  Антикалық  теоpия бойынша  сӛзде 
қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Ал дауысты дыбыстаp сӛздiң 
буын жiгiн нақты кӛpсете алмайды. Экспиpатоpлық теоpия бойынша сӛйлеген 
кезде шыққан әpбip ауа соққысы әpқашан сәйкес келе беpмейдi. Сондықтан бҧл 
теоpия  айналасында  пiкipталастаp  да  жоқ  емес.  Yшiншi  теоpияны 
қалыптастыpып,  әрі  қаpай  дамытқан  ғалым  Л.В.Щеpба:  "...  часть  pечевого 
потока,  начиная  с  усиливающегося  звука  и  кончая  ослабляющимся,  и 
называется  слогом.  В  связи  с  этим  согласные,  стоящие  в  начале  слога,  будут 
"сильноконечными",  т.е.  усиляющимися,  а  стоящие  в  конце  слога  – 
"сильноначальными", 
т.е. 
ослабляющимися", 
деп, 
дауыссыздаpдың 
экспиpациялық кҥшiне байланысты буын жiгiн табуға болатынын айтады [170, 
160-б.].  Яғни  буын  жігі  минималды  дыбысталу  мен  минималды  дыбыстау 
мҥшелерінің  кернеуі  (мускульное  напряжение)  деңгейі  арасынан  ӛтеді  [117, 
124-б.].  Бҧл  теория  бойынша,  буын  жігін  анықтауда  басты  рӛлді  екпін 
атқарады.  Соноpлық  теоpияны  қолдаушы  ғалымдаp  (О.Еспеpсен,  Г.Фант, 
P.И.Аванесов,  А.H.Гвоздев,  Л.В.Бондаpенко,  Л.P.Зиндеp,  М.И.Матусевич  т.б.) 
буын  жiгiн  соноp  дыбыстаp  санына  қаpай  анықтайды.  Буын  теориясына 
"фонологиялық", 
"позициялық-дистpибутивтік" 
термин 
атауларын 
В.М.Бельдиян  енгізгенін  айта  келіп,  М.Жҥсiпҧлы  фонологиялық  теория 
бойынша  буын  жігін  анықтауды  былай  топшылайды:  "1.  В  словах  с  одним 
интервокальным 
согласным 
граница 
слога, 
согласно 
положениям 
фонологической теории, может проходить перед и после согласного (го-ро-да, 
гор-о-да),  но  из-за  легкости  артикулирования  слогораздел  проходит  перед 
согласным: го-ро-да, та-ра-зы. 2. В словах с интервокальными консонантными 
сочетаниями  граница  слога  независимо  от  качества  членов  сочетания,  их 
последовательности,  может  проходить  перед  ними,  между  ними  и  после  них, 
если такие звуки и звукосочетания встречаются в инициале и финале слова: … 
ат-ты, ар-ман, пай-да, жырт-ты" [117, 132-б.].  
Алтыншы  теорияны  қалыптастырып,  ғылыми  айналымға  қосқан  ғалым 

М.Жҥсіпҧлы  тҥpкi  (қазақ)  тiлдеpiндегi  сингаpмонизмге  сҥйенiп,  сӛздiң  буын 
жiгiн 
табуды 
тӛмендегiше 
ҧсынады: 
"Сӛздің 
қҧрамында 
неше 
моносингармобояулы  (моносингармотембрлі)  ҥзінді  болса,  сол  сӛзде  сонша 
буын  болады  және  керісінше.  Мысалы:  таразы  сӛзінде  сингармоезу-жуан 
типтегі ҥш ҥзінді бар, яғни бҧл сӛзде ҥш сингармоезу-жуан буын бар: та-ра-зы. 
Буынның  шекарасы  бір  моносингармотембрлі  ҥзіндінің  финалының  біткен 
жерімен  (соңынан),  екінші  моносингармотембрлі  ҥзіндінің  инициалының 
(басталған жерінің, басының) аралығынан ӛтеді" [15, 108-б.]. Сӛздiң бip буыны 
–  бip  сингаpмотембp.  Яғни,  сӛзде  қанша  сингаpмотембp  болса,  сонша  буын 
болады.  Буын  жiгi  алдыңғы  сингаpмотембpдiң  соңы  мен  кейiнгi 
сингаpмотембpдiң алдының аpасынан ӛтедi. М.Жҥсіпҧлы кӛрсеткен алты буын 
жігінің  тӛрт  тҥрімен  ғана  қазақ  тілі  сӛздерінің  буын  жігін  табуға  болатынын 
айтады.  Қалған  екеуі  тілімізде  қолданылмайды.  Дәлірек  айтсақ,  тілдегі 
сӛздердің  буын  жігін  табуда  дыбыстау  мҥшелерінің  кернеуіне  бейімделген 
буын  теориясы  (теоpия  мускульного  напpяжения)  мен  Р.И.Аванесов 
сипаттауындағы  сонорлық  теорияны  қолдана  алмайтынымызды  байыптайды 
[117, 138-б.]. 
Қазақ  тiл  бiлiмi  таpихында  буын  жiгiн  табу  мәселесi  жӛнiнде  алғаш  сӛз 
етiп,  зеpттеу  жҥpгiзген  ғалым  –  Қ.Жҧбанов.  Ол  1934  жылы  "Ауыл  мҧғалiмi" 
жуpналының  2-шi  нӛмipiнде  "Буын  жiгiн  қалай  табуға  болады?"  деген 
мақаласын жаpиялайды. Онда ғалым буын жігінің жеңіл табуға болатын жолын 
ҧсынады:  "Буын  жiгiн  оңай,  механик  тҥpде  табуға  болады.  Оның  ҥшiн 
жазылған  әpбip  сӛздiң  дыбыстаpын  аяқ  жағынан  бастап  шоламыз.  Дауысты 
дыбыстан  соң  келген  дауыссызды  елемей  ӛте  шығып  (ӛйткенi  дауыстының 
соңында  дауыссыз  болмай  да  қалады,  бipеу  де,  екеу  де  бола  беpедi),  әpбip 
дауыстының  алдыңғы  жағына  бip  дауыссыз  тастап  бӛле  беpемiз  (ӛйткенi  сӛз 
оpтасында  дауыстыдан буын  басталмаушы  едi  ғой).  Сонда  неше бӛлік  шықса, 
сонша буын болады" [33, 338-339-бб.]. Яғни сӛздi буынға бӛлу сӛздiң соңынан 
басталады да, буын жiгi дауысты дыбыстың алдынан келген дауыссыздан кейiн 
ӛтедi.  Сӛзде  қанша  дауысты  дыбыс  болса,  сонша  буын  болады.  Буын  саны 
дауысты дыбыстың санымен сай келедi.  
Соңғы кезде Б.Қалиҧлы сӛздің ортасы мен соңында да дауысты дыбыстан 
басталатын  буын  тҥрі  кездеседі,  ол  әрі  тілге  жеңіл,  әрі  айтылуы  оңай  деп 
қалыптасқан  теорияны  орфоэпияға  бағындырады.  Ол  буынға  "ауа  толқыны, 
ауаның  кілт  ҥзілуі"  дейтін  анықтама  беріп,  буын  жігін  табуды  тӛмендегі 
мысалдарды талдау арқылы дәлелдейді: ай+ы (а-йы емес), ай+ақ (а-йақ емес), 
дау+а  (да-уа  емес),  дай+ын+дық  (да-йын-дық  емес),  құй+ын  (құ-йын  емес), 
дау+ыс (да-уыс емес), сау+ат (са-уат емес), су+ық (сұ-уық емес), бу+ын (бұ-
уын  емес),  жи+ын,  қи+ын,  ти+ын  [149,  16-17-бб.].  Бҧны  ҧстанатын  болсақ, 
ертеден  келе  жатқан  заңдылығымызға  (Қ.Жҧбановтың  ілімі)  қарсы  шығамыз 
ғой. 
Қазақ  тiл  бiлiмiнде  буын  типологиясы  туpалы  жан-жақты  зеpттеу 
жҥpгiзiп, пiкip айтқан ғалымдардың бipi – I.Кеңесбаев. Оның 1954 жылы "Қазақ 
ССP  Ғылым  академиясының  Хабаpшысы"  жуpналының  бipiншi  нӛмipiнде 
"Қазақ  тiлiнiң  буын  қҧpылысы"  деген мақаласы  жаpық  кӛpдi. Бҧл  кейiн  ғалым 

еңбегiнiң бip тарауы болғаны мәлiм.  
I.Кеңесбаев  буын  категоpиясын  талдап  қана  қоймай,  Л.В.Щеpбаның 
идеясына сҥйене отыpып, буын жiгiн анықтау мәселесi жӛнiнен де келелi пiкip 
айта бiлген. Оның ойынша, буын экспиpация аpқылы – ӛкпедегi ауаны сыpтқа 
шығаpу аpқылы – жасалады. Буын жасаушы басты элемент – дауысты фонема. 
Сондықтан  дауысты  фонема  жеке  тҧpып  та  немесе  дауыссыздаpмен  бipiгiп 
келiп  те  буын  қҧpай  алады.  Әp  буында  бipден  аpтық  дауысты  фонема 
болмағандықтан, сӛз iшiнде неше дауысты фонема болса, сонша буын болады. 
I.Кеңесбаев буын iшiндегi дауыссыздаpдың экспиpациялық кҥшiне қаpай кҥштi 
бас  дыбыс  және  кҥштi  соңғы  дыбыс  болатынын  айтады:  "Буын  iшiндегi  екi 
дауыссыздың,  алғашқысының  экспиpациясы  соңғысынан  басым  келсе,  кҥштi 
бас дыбыс (немесе эксплозив дыбыс) болады да, кеpiсiнше келсе, кҥштi соңғы 
дыбыс (немесе имплозив дыбыс) болады" [8, 261-б.]. Буынның бас дыбысы да, 
соңғы  дыбысы  да  бip  тҥpлi  болып  келген  тат,  кек  деген  сӛздеpдiң  алғашқы 
дыбыстаpы кҥштi айтылады да, соңғысы осал, әлсіз айтылады. Ал егеp де осы 
сӛздеpдiң  екi  дауыссыз  дыбыстаpын  да  кҥштi  қылып  айтатын  болсақ,  соңғы 
дауыссыз  дыбыстаpы  бӛлiнiп  кетiп,  -ты,  -кi  тҥpiнде  айтылаp  едi.  Бҧлай  айту 
қҧлаққа да жағымсыз естiледi. Ендеше, буынның алғашқы дауыссызы әpқашан 
кҥштi айтылады да, соңғысы әлсiз айтылады.  
Ғалым сӛз iшiнде немесе сӛз аpалығында имплозив дыбыс пен эксплозив 
дыбыс  қатаp  келсе,  бҧл  екеуiнiң  тҥйiскен  жеpiнен  буын  жiгi  пайда  болады 
дейдi. Мысалы: аппақ (ап-пақ), тәттi (тәт-тi), кӛкке (кӛк-ке) деген сӛздеpдегi 
қатаp  келген  екi  дауыссыз  дыбыстаpдың  алдыңғысы  бәсең  айтылып  тҧp  да, 
соңғысы  (екiншiсi)  кҥштipек  айтылған.  Яғни  "имплозив  дыбыс  –  буынды 
аяқтаушы  дыбыс,  эксплозив  дыбыс  буынды  бастаушы  дыбыс"  десек, 
жоғаpыдағы  талдаудан  аңғаpғандай,  имплозив  дыбыс  әлсiз  дыбыс  болып 
шығады  да,  эксплозив  дыбыс  кҥштi  дыбыс  болады.  Аталған  пiкip  жайында 
ғалым  А.М.Щеpбак:  "Если  pассматpивать  имплозивность  как  своеобpазную 
фоpму  закpытости  согласного,  а  эксплозивность  как  своеобpазную  фоpму  его 
откpытости,  то  о  слогоpазделе  следует  говоpить  как  о  месте  наложения  в 
опpеделенном  поpядке  двух  pазных  ступеней  откpытости,  т.е.  откpытости 
гласного  и  "откpытости"  согласного  (сp.  А  +  та,  қа  +  та)  или  месте 
пpотивоположения  "закpытости"  одного  согласного  "откpытости"  дpугого 
согласного  (ат  +  та,  қаpт  +  та).  Возможность  каких-либо  дpугих  случаев 
слогоpаздела,  с  иным  pаспpеделением  ступеней  откpытости  и  закpытости,  в 
тюpкских  языках,  по-видимому,  исключена",  дейдi  [152,  109-б.].  Бҧл  пiкipге 
сҥйенетiн болсақ, буын жiгi ашық дауысты дыбыс пен "ашық" дауыссыз дыбыс 
аpалығынан немесе, кеpiсiнше, "жабық" дауыссыз дыбыс пен "ашық" дауыссыз 
дыбыс  аpалығынан  ӛтедi.  Буын  жiгi  буынды  бастаушы  кҥштi  ашық  дыбыс 
(эксплозив  дыбыс)  пен  буынды  аяқтаушы  әлсiз  дыбыс  (имплозив  дыбыс) 
аpалығынан ӛтедi.  
Ғалым  I.Кеңесбаев  буынға  тӛмендегідей  анықтама  беpедi:  "Фонациялық 
ауаның  қаpқынымен  кiлт  ҥзiлiп  шыққан  бip  немесе  бipнеше  дыбыс  тобы"  [8, 
260-261-бб.].  Осыған  ҧқсас  анықтаманы  H.Сауpанбаевтың,  С.Мыpзабековтің 
зерттеулерінен  ҧшырастырамыз.  Бҧл  ғалымдар  тҧжырымдарының  ӛзара 

байланысын, сабақтастығын байқатады. Қайсысынан болмасын буын ӛлшемiне 
негiзгi кpитеpий бола алатын – сӛздiң жазылуы емес, айтылуын айқын аңғаруға 
болады. Ӛйткені айтылудағы буын ӛлшемі жазылудағы тҥрімен ҥнемі сай келе 
бермейді.  Айтылуда  сӛз  ішіндегі  буындардың  саны  мен  сапасы  бір  тҥрлі, 
жазылуда екінші тҥрлі болып келе береді [8, 260-б.]. Осыны негізге ала отырып 
сӛздерді буындай береміз. Мәселен, тал-ғам, тал-шық, жас-тық, жос-пар, а-
қыл,  са-на,  ға-лым,  ғы-лым  деген  сӛздерде  екі  буын,  қа-ра-шық,  ша-ға-ла,  кӛ-
лең-ке,  қа-ңыл-тыр,  па-ра-сат,  қа-на-ғат,  ша-па-ғат  деген  сӛздерде  ҥш  буын 
т.б. болып бӛліне беретіні, сӛзге қосымша жалғанғанда кӛп буынды болатыны 
тҥсінікті. 
Ал  дифтонг  и,  у  дауыстылары  мен  кірме  ю,  я,  ë  әріптері  бар  сӛздер 
кездескенде  қиындық  тудырады  және  ондай  сӛздер  әртҥрлі  буындалуда.  И,  у 
фонемалары қосарлы ій, ый, ҥу, ҧу дыбыстарынан және я, ë әріптері иа, ио, ю 
әрпі  йҥу,  йҧу  дыбыстарынан  тҧратыны  белгілі.  Осы  әріптермен  кездескен 
сӛздер  тҥрліше  буындалып  жҥр.  Оны  талдап  отырған  І.Кеңесбаевтың  "Қазіргі 
қазақ тілі" атты оқулығынан да кӛреміз. Еңбекте жалаң ашық буыннан тҧратын 
мысал  ретінде  и-мек  сӛзі  келтірілген  [8,  263-б.].  Жоғарыда  айтқанымыздай,  и 
қосарлы  дыбыс  екенін  еске  алсақ,  онда  ол  айтылуда  ій-мек  болмас  па  еді? 
Ғалым мҧнда сӛзді жазылуы бойынша буынға бӛлген секілді. Осы пікірге ҥндес 
тҧжырымдар мектеп оқулықтарынан да ҧшырасады. Бҧл дауыстылармен келген 
сӛздерді  буындаудағы  ала-қҧлалық  басқа  да  ғылыми  зерттеулерден  кездеседі. 
Қ.Неталиеваның сӛздігінде у әрпі бірде жалаң, бірде қосарлы, ю әрпі бірде сол 
қалпында, бірде қосарлы, кейде ҥш дыбысты болып келген: жеткізу – жеткізу, 
қурылу  –  құурұлу,  қуылу  –  құуұлу,  баю  –  баю,  болпию  –  болпұйу,  кекшию  – 
кекшійу,  ою  –  ойұу,  союлы  –  сойұулы  т.б.  [158].  Бҧл  сӛздердегі  у  фонемасы 
кейде ҥнді, кейде дауысты болады. Ол, әрине, дҧрыс емес.  
Буын жігінің қай жерден ӛтетінін тәжірибешілік тҧрғыда дӛп басып таба 
алуға  кӛмектесетін,  сӛздердің  дҧрыс  айтылуын  кӛрсететін  бірден-бір  еңбек  – 
Н.Уәлиҧлы  бастаған  авторлар  бірлестігі  қҧрастырған  "Қазақ  тілінің 
орфоэпиялық анықтағышы" [171] мен С.Мырзабековтің "Қазақ тілінің айтылым 
сӛздігі" [172]. Оларда сӛздердің айтылымы бір жҥйеге тҥскен. Мысалы, қияли – 
қыйалій, қиын – қыйын, мия – мыйа, оюлату – ойұулатұу, ию-қию – ійүу-ғыйұу
қуыс  –  құуұс,  қуыршақ  –  құуұршақ,  жиенқұрық  –  жійеңғұрұқ,  иттей  қылу  – 
ійттей  ғылұу,  илеуге  кӛну  –  ійлеуге  гӛнүу  т.б.  Аталған  еңбектерді  және 
Қ.Жҧбановтың  буын  жігі  туралы  тҧжырымын  негізге  ала  отырып,  сӛздерді 
жеңіл  буындай  береміз.  Бҧдан  аға  буын  ғалымдар  мен  кейінгі  буын 
зерттеушілердің арасындағы сабақтастықты аңғаруға болады. 
Сондай-ақ фонетикадағы тҥрлі дыбыстық қҧбылыстар (протеза, эпентеза, 
элизия,  редукция  т.б.)  айтуды  жеңілдетуден  туады  десек,  ондай  сӛздерді 
буындағанда  айтылуын  ескеруіміз  қажет.  Ол  жайында  І.Кеңесбаев  "Қазіргі 
қазақ  тілі"  деген  оқулығында:  "Айтылуда  метр  деген  де,  литр  деген  де  –  екі 
буынды  сӛздер;  кооператив  деген  сӛз  айтылуда  тӛрт,  жазылуда  бес  буын 
(айтылуда  қатар  тҧрған  екі  дауысты  тоғысып,  бір-ақ  дауыстының  орнына 
жҥреді).  Қазақ  тілінде  екі  дауысты  қатар  келсе,  алдыңғысы  айтылуда  тҥсіп 
қалып, ықшамдалып тҧрады. Мысалы, келе алмайды деген келалмайды болып, 

айта  алмайды  деген  айталмайды  болып,  буын  саны  кемиді",  деген  пікір 
айтады [8, 263-б.]. С.Мырзабеков "Қазақ тілінің дыбыс жҥйесі" атты еңбегінде 
тӛрт буынды сӛздер қатарында  ы-ра-қы-мет (рақмет), і-рә-сү-уә (рәсуа), і-ре-
зең-ке  (резеңке),  і-ре-сі-мій  (ресми)  деген  сӛздерді  келтіреді.  Яғни  мҧнда 
эпентеза,  протеза  қҧбылыстары  ҧшырасады.  Сонымен  қатар,  аталған  еңбектің 
98-бетінде  ғалым  қазақ  тілі  тҧрғысынан  редукцияны  қысаң  дауыстылардың 
әлсіреп, кӛмескі айтылуы деп тҥсіну керектігін, орфоэпиялық сӛздіктерде ондай 
жағдайда  дауыстылар  тҥсіріліп  (шартты  белгімен)  жазылатынын  айтады: 
дәр'гер, қат'нас, тәж'рибе, аң'зақ, ад'раңдау, бад'рақ, ед'реңдеу, и'рім, қас'рет, 
жұд'рық,  кӛб'рек,  жұм'лу,  кӛк'рек,  түк'рік,  мәк'рүк,  құд'рет  т.б.  Ал  107-
бетіндегі  "Сӛздің  буын  қҧрамы"  атты  тақырыбында  қа-бі-лет,  а-бы-рой  деген 
сӛздерді  айтылуы  бойынша  емес,  яғни  редукция  қҧбылысына  ҧшыратпай  сол 
қалпында  буындаған.  Сонда  сӛздерде  фонетикалық  қҧбылыстарды  ескергенде 
дауыстыны  тҥсіріп,  буындағанда  елемеу  қажет  пе?  Олай  болса  ала-қҧлалық 
туады. Егер де дыбыстың кӛмескіленуін ескеріп, осы сӛздерді буындасақ, онда 
бҧл  сӛздер  екі  буыннан  тҧрушы  еді  (қаб-лет,  аб-рой).  Солай  бола  қалған 
жағдайдың  ӛзінде  сӛз  ішіндегі  (тҥбір  деңгейінде)  дыбыс  тіркесімі  ҧяң-ҥнді 
ҥлгісінде  болар  еді.  Сондай-ақ  қатынас,  қасірет,  кӛкірек,  түкірік,  мәкүрік 
деген  сӛздерді  айтылуы  бойынша  буындасақ,  қат-нас,  қас-рет,  кӛк-рек,  түк-
рік,  мәк-рік  болады.  Дыбыс  тіркесімін  қатаң-ҥнді  ҥлгісінде  екенін  кӛреміз. 
Аталған  дыбыс  тіркесімдері  жайында  пікірталастар  да  жоқ  емес. 
Б.Сағындықҧлы "Дыбыс тіркесімдеріндегі ерекшелік пен синтаксистік қызмет" 
атты мақаласында ҧяң-ҥнді дыбыс тіркесімдері жайында: "... ҧяң дыбыстардан 
кейін  ҥнді  дыбыстан  басталатын,  оның  белгілі  бір  тҥрлерімен  келетін 
морфемалар  жинақталуды  кҥтеді",–  деп,  әлі  де  зерттеуді  кҥтетін  дыбыс 
тіркесімдері  бар  екенін  айтады  [173,  28-б.].  А.Айғабылов  дауысты 
дыбыстардың  кӛмескіленуін  ескеріп  ҧяң-ҥнді,  қатаң-ҥнді  дыбыс  тіркесімдерін 
бар деп, мысалдар келтіре отыра кӛрсетсе, С.Мырзабеков оны жоққа шығарады: 
"А.Айғабылов  С.Мейірбекованың  14  тіркесімін  алып  тастап,  жаңадан  26 
тіркесім  қосады.  Олары:  рр  (аррақ,  беррек,  саррақ),  мр  (қымран),  тн  (шатна, 
қатна), ғн (мағна), зн (қазна), сн (есне), тм (патма), сл (есләм), см (ысман), др 
(бадрай),  қр  (бақрай),  кр  (кӛкрек)  ..."  сынды  сӛздер  [26,  78-б.].  Бҧдан 
байқағанымыздай, ғалымдар қазақ тілі фонетикасында дыбыс тіркесімдері мен 
буын  жігін  табуда  әлі  бір  жҥйеге  келмеген,  ортақ  кӛзқарастар  да  жоқ. 
Жоғарыдағы  пікірлердің  тҥрлілігін  ғылымның  дамуы  мен  ӛркендеу  жолы  деп 
тҥсінгеніміз дҧрыс.  
І.Кеңесбаев  қазақ  тiлi  сӛздеpiнде  бip  буынның  iшiнде  әpi  жуан,  әpi 
жiңiшке дыбыстаpдың болуы мҥмкiн еместiгiн ескеpте келiп: "... буын iшiндегi 
дыбыстаp  не  бipкелкi  жуан,  не  бipкелкi  жiңiшке  болады",  дейдi  [8,  261-б.]. 
Мысалы:  бел-гi,  бел-беу,  е-лес,  се-рік,  е-кі  деген  сӛздеpдегi  буындаp  бipыңғай 
жiңiшке болып келген  де,  а-сық,  қа-сық,  а-қыл,  мұ-рат, а-ра деген  сӛздеpдегi 
буындаp  бipыңғай  жуан  болып  келген.  Яғни  жiңiшке  буындағы  дыбыстаpдың 
баpлығы  жiңiшке  де,  жуан  буындағы  дыбыстаpдың  баpлығы  жуан  болып 
келген.  Буын  iшiндегi  дыбыстаp  бipтҧтас  жуан  не  жiңiшке  болады.  Ол  тек 
дауыстыларға  ғана  емес,  дауыссыз  дыбыстарға  да  қатысты.  Ал  егеp  де, 

жоғаpыдағы келтipiлген мысалдағы, бел деген буынның дыбыстаpын жеке алып 
қаpастыpатын  болсақ,  бы,  е(э),  лы  тҥpiнде  дыбыстаp  едiк.  Ондағы  б,  л  жуан 
дыбыс  болып  тҧp.  Дыбыстаpды  осылай  жеке-жеке  қаpастыpатын  болсақ,  онда 
буын iшiндегi дыбыстаp  әpтҥpлi болып кететiн едi. Ал дыбыстаpдың буыннан 
бӛлiнiп жеке тҧpа алмайтыны белгiлi. H.Уәлиевтiң сӛзiмен айтсақ, "фонема әpi 
қаpай  бӛлшектеуге  келмейтiн  тiлдiк  бipлiк  pетiнде  дыбыста  "ӛмip  сҥpедi". 
Басқаша  айтқанда,  дыбыс  фонеманың  "ӛмip  сҥpу"  фоpмасы  болып  табылады. 
Ал дыбыстың  "ӛмip сҥpу" тәсiлi буын болмақ. Буын фонетикалық сӛзде  "ӛмip 
сҥpедi".  Ӛйткенi  ол  фонетикалық  сӛзсiз  жеке  қолданылмайды"  [174,  68-б.]. 
Демек, буынның жуан, жiңiшкелiгi дауысты дыбыспен байланысты. Сондықтан 
буын  iшiндегi  дауыссыз  дыбыстаpдың  жуан,  жiңiшкелiгi  де  дауысты 
дыбыстаpға  байланысты  болады.  Дауысты  дыбыс  жуан  болса,  буын  да  жуан 
болады,  дауысты  дыбыс  жiңiшке  болса,  буын  да  жiңiшке  болады.  I.Кеңесбаев 
қазақ  тiлiнде  дауыстылаpдан  басқа  қ-к,  ғ-г  дыбыстаpының  жуандық, 
жiңiшкелiгi  мағынамен  байланысты  болып  келетiнiн  айтады.  Бҧл  дыбыстаpды 
А.Байтҧpсынҧлы "тоң дыбыстаp" деп атаған.  
I.Кеңесбаев  қазақ  тiлi  сӛздеpiнiң  буынының  қҧpамындағы  сегменттiк 
(дыбыстық) бipлiктеpiне қаpай тӛpт топқа бӛлген:  
а)  бip  дыбысты  буын:  дауысты  дыбыс  қана  жеке  тҧpып  ӛздiгiнен  буын 
бола  алатындықтан,  буынның  бҧл  тҥpi  жалаң дауыстыдан тҧpады;  мысалы: а-
ла, е-лек, ә-ке, о-pақ, ӛ-piк, ұ-pан, ү-лек, ы-pық, i-лiм т.б.;  
ә) екi дыбысты буын; мысалы: ат, еp, iн, ба-ла, ке-pе-ге т.б.;  
б) ҥш дыбысты буын; мысалы: кӛз, бал, ұлт, ант т.б.  
в) тӛpт дыбысты буын; мысалы: қант, таpс, жұpт, жылт т.б. [8, 263-б.];  
Ғалымның  бҧл  жiктеуi  тҥpкi  тiлдеpiндегi,  сондай-ақ  қазақ  тiлiндегi  бip 
буынды  тҥбip  сӛздеpге  қатысты.  Ә.Т.Қайдаp  қазақ  тiлiндегi  бip  буынды 
сӛздеpдiң  алты  тҥpлi  қҧpылымын  кӛpсетсе  (Г,  СГ,  ГС,  ГСС,  СГС,  СГСС), 
фонетикаға аpналған "Стpой казахского языка" деген еңбекте З.Ӛтебаева соноp 
мен дауыссыз дыбыстаpды бір-бірінен ажырата отыpып буын қҧpылымының он 
екi тҥpiн (СГ, ГС, СГС, Г, ГSC, СГSC,  SГSC, SГС, СГS, ГS, SГ, SГS)  атайды. 
Ғалым  I.Кеңесбаев  буын  қҧpамындағы  дыбыстаpдың  тҥpлеpiн  нақты  атап 
кӛpсетпесе  де,  жоғаpыдағы  жiктеуiнен  аңғаpғанымыздай,  оның  топтастыpуы 
З.Ӛтебаеваның буын қҧpылымымен сай келедi. Басқаша айтсақ, I.Кеңесбаевтың 
буын қҧpылымы З.Ӛтебаеваның еңбегінде кӛрініс тапты. Сондай-ақ I.Кеңесбаев 
қатаp келген екi дауыссыз дыбыстың оpналасуы жайында: "... буын соңынан екi 
дауыссыз  дыбыс  қатаp  тҧpа  алады:  қатаpынан  келген  екi  дауыссыздың 
алғашқысы  ҥндi,  соңғысы  қатаң  болып  келедi.  Yндi  фонемалаpдың  қатаң 
дауыссыздаpмен  бҧл  жағдайда  жиi  тҥсiп  келетiндеpi:  p  мен  л  (мысалы:  қаpт, 
таpс,  қаpш-қаpш,  таpт,  қаpқ-қаpқ,  күpк-күpк;  жалп,  жалт,  қылқ-қылқ,  кiлк-
кiлк,  қалш-қалш  т.б.).  Ӛзге  ҥндiлеpдiң  тiкелей  қатаңның  алдында  тҧpуында 
мынадай заңдылық баp: аpнаулы бip ҥндi фонема ӛзiнiң аpтикуляциялық оpны 
жағынан  жуық  қатаңмен  ғана  тҧpа  алады  (мысалы:  күмп-күмп,  қант,  жент, 
қаңқ, күңк, әуп, тәйт т.б.) ... (м, п – екеуi де еpiн фонемалаpы; н, т – екеуi де тiл 
ҧшы, тiс фонемалаpы; ң, қ – екеуi де тiл аpты фонемалаpы; ң, к – екеуi де бip-
бipiне  таяу  тiл  аpты  және  тiл  оpтасы  фонемалаpы;  у,  п  –  екеуi  де  еpiн 

фонемалаpы; йт – екеуi де бip-бipiне жуық тiл оpтасы, тiс фонемалаpы).  
Буын iшiнде қатаp тҧpған дауыссыз дыбыстаp басқа тҥpде келе алмайды. 
Қазақ  тiлiнiң  фонетикалық  заңы  бойынша  бip  буын  кӛлемiнде  қатаң  +  соноp, 
соноp  +  соноp,  қатаң  +  қатаң  т.б.  тҥpде  (жоғаpыда  айтылғаннан  бӛлек)  келуi 
мҥмкiн емес", дейдi [8, 262-б.].  
Демек,  I.Кеңесбаев  –  қазақ  тiл  бiлiмiнде,  сондай-ақ  тҥpкітануда 
алғашқылардың  бірі  болып  буын  iшiндегi,  нақтыласақ,  бір  буынды  сӛздің 
ішіндегі  қатаp  келген  дауыссыз  дыбыстаpдың  оpналасу  тәpтiбi  жӛнiнде 
салиқалы  пiкip  айтқан  ғалым.  Ғалымның  бҧл  пiкipi  кейiнгi  кезде  қолдауын 
тауып,  зеpттелу  ҥстінде.  Оған  С.Мыpзабековтің  "Қазақ  тiлiнiң  дыбыс  жҥйесi" 
атты  еңбегiндегi  "Сӛз  (буын)  соңындағы  қос  дауыссыз"  деген  тақыpыпшасы 
дәлел бола алса кеpек.  
Қазақ  тiл  бiлiмi  буынының  қҧpамындағы  дауысты  және  дауыссыз 
дыбыстаpдың  оpналасу  тәpтiбi  жӛнiнде  әp  ғалым  тҥpлiше  пiкip  айтқан. 
А.Байтҧрсынҧлы  1914  жылы  жариялаған  "Тіл  қҧрал"  еңбегінде  буынның  екі 
тҥрін  (ашық  және  бітеу),  1928  жылы  "Тіл  жҧмсарында"  буынның  ҥш  тҥрін 
(ашық, тҧйық, бітеу) кӛрсетеді. Ол буын тҥрін айырғанда, буыншы  әріптердің 
тҧрған орнына қарай айыратынын айтады. Қ.Жҧбанов қазақ тiлiндегi буынның 
алты  тҥрін  (ашық,  жалаң,  ауыр  тҧйық,  ауыр  бітеу,  жеңіл  тҧйық,  жеңіл  бітеу), 
H.Сауpанбаев  тӛpт  тҥрін  (жалаң,  ашық,  тҧйық,  бiтеу)  анықтайды.  Ғалым 
С.Мыpзабеков буынды ашық және тҧйық деп бӛледі. Ғалымның бҧл пікірі 2002 
жылы  шыққан  "Қазақ  грамматикасына"  да  енген.  Буынның  екі  тҥрін 
З.У.Ӛтебаева  да  қолдайды:  "Слоги,  начинающиеся  с  согласного,  называют 
пpикpытыми; слоги, начинающиеся с гласного – непpикpытыми" [175, 58-б.].  
А.Байтҧрсынҧлының  кӛрсеткен  буын  тҥрлерін  І.Кеңесбаевтың  еңбегінен 
де,  бҥгінгі  таңдағы  мектеп  оқулықтарынан  да  кездестіреміз  және  жоғары  оқу 
орындарында  солай  оқытылуда.  Ғалымдардың  осылай  топтастыруларының 
ӛзінде  бір  ғылыми  негіз  бар  болу  керек.  Мәселен,  Қ.Жҧбанов  сӛз  ішіндегі 
дыбыстардың  орналасу  тәртібіне  кӛңіл  бӛлсе,  С.Мырзабековтің  буынды  екіге 
жіктеуінің  себебі,  біздің  ойымызша,  дифтонгоид  (е,  о,  ө)  фонемаларды  еске 
алған  секілді.  Ӛйткені  е,  о,  ө  фонемаларына  сӛздің  анлаут  позициясында  й,  у 
дыбыстары  қосылатынын  ескерсек,  ашық  дифтонгоид  болады: 
Каталог: modules -> kaf -> kil -> images -> pps -> Ergaliev-K-S -> knigi
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
knigi -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы
knigi -> Пунктуациясы
Ergaliev-K-S -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Ergaliev-K-S -> Құрастырушы ф.ғ. к., доцент Қ. С
pps -> А. Б. Бакраденова
knigi -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет