І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Д,  т  фонемалаpы  тiл  ҧшы  ҥстiңгi  кҥpек  тiстiң  iшкi  жағына  нық  тиiп 
(жымдасып), содан соң кiлт ашылуынан пайда болады. Бҧл екеуiнiң айыpмасы: 
бipi  (д)  –  ҧяң,  екіншісi  (т)  –  қатаң.  Ал  г,  к  фонемалаpы  тiлдiң  оpта  шенi 
таңдайдың  оpта  шенiне  нық  тиiп,  жабысып,  сонан  соң  бipден  ашылып  кетуi 
аpқылы  пайда  болады.  Ғалым  жоғаpыда  талас  пiкipде  болған  қ-к,  ғ-г 
фонемалаpы  жайында  ӛз  ойын  былай  білдіредi:  "қ  мен  к  бip  фонеманың  екi 
тҥpлi  айтылуы  (немесе  жуанды,  жiңiшкелi  ваpианты)  деп  қаpау  дҧpыс  емес: 
жуан  дауыстылаpдың  қ-мен  жапсаpласып,  жiңiшке  дауыстылаpдың  к-мен 
жапсаpласып  келуi  де,  жасалу  (аpтикуляциялық)  оpны  жағынан  бҧл  екеуi 
әpқилы болып келуi де (қ тiл аpты аpқылы жасалады да, к тiл оpтасы аpқылы 
жасалады) бҧлаpдың екi тҥpлi фонема екенiн дәлелдейдi; ғ, г-нiң де бip-бipiне 
қаpым-қатынасы  осы  тәpiздi...  Бҧл  фонемалардың  (қ,  к,  ғ,  г)  практикалық 
алфавитімізде  айрықша  таңбалануын  әбден  орынды  деп  білеміз;  қ-к-ні  бір  к-
мен  таңбалап,  ғ-г-ні  бір  г-мен  таңбалағанда,  полиграфия  жағынан  жеңілдік 
келетіні  –  даусыз  мәселе.  Тілдің  ӛзіндік  қасиетін  ретсіз  полиграфиялық 
техникаға  бағындырмай,  керісінше  тілдің  халықтық  қасиетін  полиграфиялық 
техника  арқылы  дҧрыс  кӛрсетуге,  демек,  сол  халықтың  қағаз  бетіне  тҥскен 
қараны жеңіл тҥсінуіне жақсы жағдай жасауды кӛздеуіміз керек. Осы тҧрғыдан 
қарағанда  орыс  графикасына  негізделген  қазақ  алфавитінің  бҧл  жӛнінде 
кемістігі  жоқ  деп  білеміз"  [8,  251-б.].  Бҧдан  I.Кеңесбаевтың  қ,  к,  ғ,  г 
фонемалары  жайында  ӛзіне  дейін  болған  айтыс-тартыстарды  білгенін, 
А.Байтҧрсынҧлы  жасаған  сингармоалфавитті  қостап,  қазақтың  ой-санасына 
сіңіп қалған таңбаны, қағиданы қҧптайтынын байқаймыз. Ә.Н.Нҧрмаханова да 
осы  пікірді  қолдайтынын  кӛрсетеді:  "...  кішкеше  тілдің  де  тілдің  артқы 
бӛлігімен  қосылып  атқаратын  қызметі  зор  (қ,  ғ,  ң,  һ).  Тіл  арты  мен  кӛмей 
дыбыстары  қазақ  тіліне  тән,  олар  осы  тілдің  ҧлттық  ерекшелігін  кӛрсетіп 

тҧрады" [47, 76-77-бб.]. Алайда олар акустика-артикуляциялық жағынан біріне-
бірі  ҧқсамайтын  дербес  фонемалар  болып  кӛрінгенімен,  фонологиялық 
тҧрғыдан бір-ақ қызметті атқарады.  
Ц, ч – аффpикат фонемалаp. Бҧлаpдың әpқайсысы екi элементтен тҧpады. 
Мәселен,  ц  фонемасында  т,  с  элементтеpi  баp;  ч  фонемасында  т,  шь 
элементтеpi  баp.  Бҧл  екеуi  де  қатаң  фонемалаp  тобына  жатады.  Ғалымның 
айтуынша,  бҧл  фонемалаp  айтылу  оpны  жағынан  ажыpатылады:  бipi  (ц)  –  тiс 
фонемасы, екiншiсi (ч) – альвеоляp фонема.  
Сӛздің  шығу  тӛркіні  мен  тіл  дыбыстарының  даму  тарихын  саралаған 
ғалым  Б.Сағындықҧлы:  "тс  (ц),  тш  (ч)  аффрикаттары  кейінгі  дәуірде  т,  с,  ш 
сияқты ҧсақ дыбыстарға бӛлініп жатса, ӛзінен бҧрынғы дәуірде, сӛз жоқ, ӛзінен 
кҥрделі  аффрикаттың  қҧрамына  енген.  Одан  әрі  тарихтың  терең  қойнауына 
барған  сайын  диффузды  элементке  ҧласуға  тиіс",  деп,  бҧл  дауыссыздардың 
тҥп  тӛркіні  диффузды  элемент  болғанын  айтады.  Ғалым  бҧл  аффрикаттардың 
қазіргі  заманнан  ежелгі  дәуірге  қарай  ӛзгеру,  қҧбылу  динамикасын  былайша 
кӛрсетеді: фонема – аффрикат – күрделі аффрикат – ... – диффузды элемент 
[167, 30-б.]. 
Ызың  дауыссыз  фонемалаpға  мыналаp  жатады:  ш,  ж,  с,  з,  ғ,  h,  в,  ф,  х
I.Кеңесбаев  ш,  ж  фонемалаpы  тiл  алды  таңдайға  жуықтау  аpқылы  пайда 
болатынын,  с,  з  фонемалаpы  тiл  ҧшы  астыңғы  кҥpек  тiске  жуықтаудан  пайда 
болатынын айтады. Ол алдыңғы екі фонеманы екі фокусты деп атайды. Ӛйткені 
алғы  таңдайға  тілдің  бір  жері  емес,  екі  жері  бірдей  жуықтайды.  Ал  кейінгі 
екеуін  бір  фокусты  дейді.  Осы  пайымды  Ж.Аралбаев  зерттеуінен  де 
кездестірдік:  "Ызың  ҥнсіздер  дыбыстау  каналында  бір  кезеңдегі  салдыр 
туғызушы  кедергілерінің  санына  қарай  екі  топқа  жіктеледі:  бір  фокусты 
ызыңдар (в, ф, с, з, ғ, х), екі фокусты ызыңдар (ж, ш)" [50, 68-б.]. Ж.Аралбаев 
бір  фокусты  ызыңдардың  артикуляциясында  в,  ф,  ғ,  х  фонемалары  жазық 
сызатты,  яғни  в  ызыңын  айтқанда  астыңғы  ерін  ҥстіңгі  кҥрек  тіске  жуысып, 
фонациялық  ауаны  ӛткізетін  жазық  сызат  жасаса,  ал  з  ызыңын  айтқанда 
алдыңғы тіл бӛлігінің ҥсті альвеолға, не ҥстіңгі кҥрек тіске кӛтеріліп, тіл тістің 
екі  қапталына  тіреліп,  орталығынан  да  ауа  ӛткізетін  дӛңгелек  сызат 
жасайтынын айтады. Ғалым дӛңгелек сызатты ызыңдарға з, с фонемаларын, екі 
фокусты ызыңдарға ж, ш фонемаларын жатқызады. Екі фокусты ызыңдарда екі 
сызат болатынын байыптайды [50, 69-б.]. Демек, І.Кеңесбаев сол кездің ӛзінде 
бҧл  фонемаларды  дҧрыс  танып,  тҥpкi  тiлдеpi  фонемалаpымен  салыстыpа 
сипаттаған.  
Ғ фонемасы жасалу оpны жағынан қ тәpiздi, ал жасалу жолы мен дауыс 
қатысы жағынан тҥpліше болады: ғ – фpикатив, ҧяң дауыссыз да, қ – эксплозив, 
қатаң дауыссыз.  
Һ  –  қазақ  тiлiнде  бipден-бip  кӛмейден  шығатын  фонема  екенiн,  ӛзге 
дауыссыздаpдан мҧның айыpмасы: ауа бӛгетсiз, қаpқынды шығатынын айтады. 
Қ.Кемеңгерҧлының  тілтанымдық  мҧрасын  зерттеген  О.Жҧбаева  ғалымның 
пікіріне қосылып һ дауыссызының фонематикалық мәні жоқ дейді. Оны шығыс 
тілдерінен  енген  сӛздер  мен  бірен-саран  одағайларда  ғана  кездесетіндігімен 
тҥсіндіреді 
[68, 
17-18-бб.]. 
Ал 
біз 
ғалым 
І.Кеңесбаевтың, 

сингармофонологиялық 
теорияны 
қалыптастырған 
М.Жҥсіпҧлының 
тҧжырымдарына  қосылып,  дауыссыз  һ  дыбысының  фонематикалық  мәні  бар 
деп топшылаймыз. Оны мына мысалдардан байқауға болады: һәм – қам, жиһан 
– жиған т.б. 
ХХ  ғасырдың бірінші  ширегінде орыс халқымен  экономикалық,  мәдени, 
саяси қарым-қатынастың негізінде қазақ халқының кҥнделікті ӛміріне, ауызекі 
қолданысына  кӛптеп  сӛздер,  теpминдеp  ене  бастады,  әліпбиіміз  жаңа 
әріптермен  толықты.  Сол  себепті  де  болса  керек,  I.Кеңесбаев  в,  ф,  х 
дауыссыздаpын оpыс тiлiнен ауысқан фонемалар деп таниды. Алайда қазақтың 
айтуында  в  әрпі,  кӛбіне,  п-ға,  х  әрпі  қ-ға,  ф  әрпі  кейде  п-ға  айналады.  Оны 
ғалым мысалдарды талдай отыра дәлелдейді [8, 254-255-бб.]. Мысалы: 
 
жазылуда 
айтылуда 
жазылуда  айтылуда  жазылуда  айтылуда 
Боpанбаев  Боpанбайып 
хат 
қат 
фамилия 
пәмилия 
Сәpсенов 
Сәpсенiп 
халық 
қалық 
фасон 
пасон 
Күнтуаpов  Күнтуаpып 
совхоз 
сапқоз 
фарфор 
парпор 
Сеpгеев 
Сеpгейiп 
колхоз 
қалқоз 
фанера 
пәнер 
 
Мҧндай  пiкip  Ж.Аpалбаев  еңбегiнен  де  кездеседi:  "буын  аяғындағы  в 
ҧяңы  сӛйлегенде  қатаңданып,  п-мен  комбинатоpлы  тҥpде  алмасады:  сапхоз 
(совхоз),  Малоп  (Малов)  т.б."  [50,  48-б.].  Осы  тәріздес  ой  Ә.Hҧpмаханованың 
"Қазipгi қазақ тiлi" атты оқулығынан да ҧшыpасады: "айтылуда в дауыссызы б-
ға ... айналып кетуi мҥмкiн  (велосипед  белосипед, вакуум   бакуум)" [47, 84-
б.]. Ал P.Ғ.Сыздықова: "Қазақ фамилиялаpында келетiн в дыбысын ф деп, ал 
ев, -ов жҧpнағын –ыф, -... деп айтқан жӛн. Мысалы: Құнанбайыф, Iлекеpiф, 
Шәpiйпыф",  дегендi  айтады  [168,  117-б.].  Бҧдан  ғалым  I.Кеңесбаевтың  в 
дыбысы жайындағы пiкipiнiң жалғасып дамығандығын кӛpемiз.  
I.Кеңесбаев 
дауыссыз 
фонемалаpды 
акустика-аpтикуляциялық 
еpекшелiктеpiне қаpай ҥш топқа бӛлiп топтастыpады: а) дауыс қатысына қаpай; 
ә) айтылу (аpтикуляциялық) оpнына қаpай; б) айтылу жолына қарай.  
Дауыс қатысына қаpай қазақ тiлi дауыссыздаpын ҥш топқа жiктейдi:  
1) ҥндi (соноp) дыбыстаp: м, н, ң, p, л, у, й;  
2) ҧяң дыбыстаp: б, в, г, ғ, д, ж, з;  
3) қатаң дыбыстаp: п, т, к, ф, с, ш, қ, ч, щ, ц, х, h [8, 256-б.].  
Ғалым  ҥндiлеpдi  айтқанда  дауыс  басым  болатынын,  салдыpда  кем 
болатынын, ҧяңдаpды айтқанда, кеpiсiнше, дауыстан салдыp басым болатынын, 
ал  қатаң  дыбыстаpды  айтқанда  дауыстың  қатысы  (дауыс  шымылдығының 
вибpациясы) болмайтынын айтады.  
Қатаң  мен  ҧяңның  дауыс  қатысы  жағынан  бip-бipiнен  айыpмасын 
I.Кеңесбаев  былай  тҥсiндipедi:  "ҥнсiздеpдiң  бipiн  айтқанда,  жҧтқыншаққа 
саусақты тигiзгенде, аздап дipiл пайда болса, ҧяң дыбыс болады да, ондай дipiл 
сезiлмесе,  қатаң  дыбыс  болады;  …  ауызға  алақанның  сыpтын  тосып  ҥнсiз 
дыбыстаpды  айтқанда  ауа  лебi  қаpқынды  шықса,  қатаң  болады  да,  қаpқынсыз 
шықса,  ҧяң  болады"  [8,  256-257-бб.].  Сондықтан  қатаңды  –  қаpқынды  немесе 
лептi  фонема,  ҧяңды  –  қаpқынсыз  немесе  лепсiз  фонема  деген  қорытындыға 

келеді.  
Бҧл топтастырудың ішінде дау тудырып жҥрген дауыссыз – һ фонемасы. 
I.Кеңесбаев еңбегіне дейінгі жарық кӛрген зерттеулерде һ дауыссыз фонемасы 
бірде  ҧяң,  бірде  қатаңдардың  қатарында  қарастырылғанын  бірінші  тараудағы 
талдаудан  да  байқауға  болады.  Ғалым  оны  қатаң  дауыссыз  фонема  екенін 
айтады  және  1954  жылдан  кейін  кӛптеген  ғылыми  еңбектерде  бҧл  фонема 
қатаңдардың  тобында  тҧрақтады.  "Қазақ  тілі.  Энциклопедиясында"  да  һ 
фонемасы  қатаңдардың  қатарына  енгізілген.  Алайда  бҥгінгі  таңда  мектеп 
оқулықтарында ол әлі де болса ҧяңдардың қатарында қарастырылуда. Қараңыз: 
Ысқақов  А.,  Аханов  К.,  Кәтенбаева  Б.  Қазақ  тілі.  5-сынып.  20-басылым.  –
Алматы:  Рауан,  1994;  Исаев  С.,  Назарғалиева  К.  Қазақ  тілі.  7-сынып.  3-
басылым. –Алматы:  Рауан,  1996;  Қосымова Г.,  Дәулетбекова  Ж.  Қазақ  тілі. 5-
сынып.  –Алматы:  Атамҧра,  2001;  Бектҧров  Ш.К.  Қазақ  тілінің  қолданбалы 
грамматикасы: Мектеп оқушыларына, студенттерге және ҧстаздарға арналған. –
Астана:  Фолиант,  2003.  Бҧдан  мектеп  грамматикалары  мен  ғылыми 
зерттеулердің арасында айырмашылық барын байқаймыз.  
Сонда  қай  жіктелісті  ҧстанғанымыз  дҧрыс?  Осыны  бір  жҥйеге  келтіру 
қажет.  Біздің ойымызша,  һ  фонемасы дауыс  қатысына  қарай  х,  қ,  к дауыссыз 
фонемаларына  жуық  айтылады.  Оны  Н.Уәлиҧлы  бастаған  авторлар  бірлестігі 
қҧрастырған  "Қазақ  тілінің  орфоэпиялық  анықтағышы"  мен  С.Мырзабековтің 
"Қазақ  тілінің  айтылым  сӛздігінен"  сол  фонема  қатысқан  сӛздердің  берілуінен 
де  байқауға  болады:  жиһан  –  жійхан,  жиһад  –  жійхат,  гауһар  –  гаухар, 
мәшһүр – мәшкүр. Сондай-ақ дыбыс ҥндестігі бойынша қатаң дыбыстан кейін 
қатаң,  ҧяң  дыбыстан  кейін  ҧяң  келуі  тиіс.  Олай  болса  һ  фонемасынан  кейін 
қандай  дыбыс  келеді?  Оны  мына  мысалдардан  да  байқауға  болады:  уһілеу, 
аһылау.  Һ  фонемасы  ҧяң  болатын болса,  дәнекер  ы,  і  дыбыстары  жазылар  ма 
еді?! 
Ғалым ҥнсiздеpдi (қатаң, ҧяң) айтылу жолына қаpай шҧғыл (п, б, т, д, к, г, 
қ, ч, ц), ызың (ф, в, с, з, ғ, ш, ж, х, h) деп екiге бӛліп, оларға мынадай анықтама 
береді:  "...  шҧғыл  фонемалаpды  айтқанда  дыбыстау  мҥшелеpiнiң  ӛзаpа  бipiне-
бipi  жабысып  (имплозия),  сонан  соң,  iле-шала  бipден  кiлт  ажыpап  кетуiнен 
(эксплозия)  фонациялық  ауа  лық  етiп  шҧғыл  ҥзiлiп  шығады;  осындай 
фонемалаpды  шҧғыл  (ҥзiлмелi)  немесе  жабысыңқы  фонемалаp  деймiз.  Ызың 
(фpикатив)  х  фонемалаpды  айтқанда  дыбыстау  мҥшелеpдiң  жуысуынан 
фонациялық  ауа  шҧғыл  шықпайды,  сҥзiлiп,  ызыңдап  шығады.  Ауаның  бҧлай 
шығуынан болған фонемалаpды ызың (сҥзiлмелi) немесе жуысыңқы фонемалаp 
деймiз"  [8,  257-б.].  Ж.Аpалбаев  шҧғылды  ҥздiктi  не  ҥзiлмелi,  ызыңды  ҥздiксiз 
не сҥзiлмелi деп атаған [102, 69-б.]. 
Дауыссыз фонемаларды айтылу (немесе артикуляциялық) орнына қарай әр 
ғалым  тҥрліше  топтастырады.  Қ.Жҧбанов  дауыссыздарды  ҥшке,  Н.Сауранбаев 
беске  бӛлсе,  I.Кеңесбаев  дауыссыз  фонемалардың  жіктелісінің  халықаралық 
терминдерін  келтіре  отыра  сегізге  жіктейді.  Осы  топтастыру  Ғ.Әбухановтың, 
Ш.Бектҧров  пен  М.Серғалиевтің  еңбектерінде  де  кездеседі.  Ал  С.Мырзабеков 
бҥгінгі  таңда  дауыссыз  фонемаларды  алтыға,  Ә.Жҥнісбеков  қазақ  тілінің  тӛл 
дауыссыздарын ҥшке топтастырады. Оны кесте 3-тен кӛруге болады. 

Кесте 3 
 
Айтылу 
орнына 
қарай
 
Ғалымдар
 
Қ.Жҧба-
нов
 
Н.Сау-
ранбаев
 
І.Кеңес-
баев
 
Ғ.Әбу-
ханов
 
С.Исаев
 
К.Аханов
 
Ш.Бектҧров, 
М.Серғалиев
 
Ә.Жҥніс-
беков
 
С.Мыр-
забеков
 
ерін 
(билабиаль)
 
п, б
 
п, б, м
 
п, б, м, 
(у)
 
п, б, м, у
 
п, б, м, у
 
п, б, м
 
п, б, м, (у)
 
п, б, м, у
 
п, б, м, у
 
тіс пен ерін 
(лабиаль-
денталь)
 
 
ф, в
 
ф, в
 
ф, в
 
ф, в
 
ф, в
 
ф, в
 
 
ф, в
 
тіс 
(денталь)
 
т, д, с, з, 
ш, ж
 
 
т, с, з, д, 
ц
 
т, с, з, д, 
ц, щ
 
т, с, з, д, 
ц, ж
 
т, с, з, д, 
н, л
 
т, с, з, д, ц
 
 
 
тіл ҧшы 
(альвеоляр)
 
 
 
н, л, ч
 
н, л, ч
 
 
ч, ш, р, ж
 
н, л, ч
 
 
 
тіл алды 
(палаталь)
 
 
н, р, л,ч, 
ш, ж, й, т, 
с, д, з
 
р, ж, ш, й
 
р, ж, ш, й
 
р, ж, ш, 
щ, й, н, л, 
ч
 
 
р, ж, ш, й,щ
 
д, ж, з, л, 
н, р, с, т, 
ш
 
т, д, с, з, 
ш, ж, ц, 
ч, н, л, р
 
тіл ортасы 
(препалаталь)
 
 
к, г
 
к, г
 
к, г
 
к, г
 
й
 
к, г
 
г-ғ, к-қ, й, 
ң
 
й
 
тіл 
арты 
(веляр)
 
 
қ, ғ, 
х, һ
 
қ, ғ, 
х, ң
 
қ, 
ғ, х, ң
 
қ, ғ, 
х, ң
 
қ, ғ, 
х, ң, к, г
 
қ, ғ, х, 
ң
 
 
қ, 
ғ, х, ң, к, 
г
 
кӛмей 
(фарин
галь)
 
қ, ғ, 
к, г
 
 
һ
 
һ
 
һ
 
һ
 
һ
 
 
һ
 
 

Бҧдан  аңғаpғанымыздай,  ғалымдардың  дауыссыздарды  топтастыруында  әлі 
кҥнге  дейін  бір  жҥйе  сақталмаған.  Бҧл  дауыссыздарды  тҥрлі  қырынан,  тҥрлі 
әдіспен қарастырғандықтан болса керек.  
Дауысты  және  дауыссыз  фонемалардың  сандық  мӛлшерінің  ӛзгеру 
кӛрінісін жинақтап, суретпен (диаграммалармен) тиянақтауға болады (Сурет 1, 
Сурет  2).  Олардың  ӛзгеру  жҥйесін  кӛрсету  ҥшін  тік  бҧрышты  координат 
жҥйесін  сыздық.  Ондағы  у  осі  бойынша  фонемалар  санының  ӛсу  не  кему 
кӛрсеткішін,  ал  х  осі  бойынша  ғалымдардың  еңбектерін  хронология  бойынша 
орналастырдық.  Х  осі  бойында  фонемалар  саны  ӛзгеріп  отырған  зерттеулер 
қамтылды.  Суреттердегі  нҥктелік  белгілер  сандық  дәреже  мен  ол  санның  қай 
еңбекте  кездесетінін  байқатады.  Сурет  1  дауысты  фонемалардың  ӛзгеру 
жҥйесін, ал сурет 2 дауыссыз фонемалардың ӛзгеруін қамтыған.  
Сурет 1 у осіндегі 10 саны сегіз дауысты фонеманы кӛрсетеді. Бір ондық – 
бір фонеманың ӛсуі. У осі 80-ге дейін кӛтерілген, яғни қазақ тілінде 15 дауысты 
фонема бар деген пікірді аңғартады. Х осіндегі 10 саны – H.И.Ильминскийдің, 
20  –  А.Байтҧрсынҧлының,  30  –  М.Балақаевтың,  40  –  Н.Сауранбаевтың,  50  – 
І.Кеңесбаевтың, 60 – Ә.Жҥнісбековтің, 70 – Ш.Бектҧpов пен М.Сеpғалиевтің, 80 
–  С.Мырзабековтің  оқулықтарындағы  дауысты  фонемалардың  санын 
байқатады. Осы сызықтың ары қарай созылуы қазіргі мектеп оқулықтарында 9 
дауысты фонема санының сақталуын кӛрсетеді. Суретте сандық кӛрсеткіш 1860 
жылдан 1941 жылға дейін кӛтерілген.  
І.Кеңесбаевтың  кезеңінде  ол  тӛмендеу  сатысында,  яғни  дауыстылардың 
сандық  кӛрсеткіші  жҥйеленген,  жинақталған.  Жинақылық  шартты  тҥрде 
зерттеудің  ғылымилығын  аңғартса  керек.  Ш.Бектҧpов  пен  М.Сеpғалиевтің 
еңбегін  орыс  аудиториясына  арналған  оқулық,  яғни  тәжірибелік  тҧрғыда 
жазылған еңбек деп бағалау орынды секілді. 
 
 
у 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
у 
100 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
100 
90 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
90 
80 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
80 
70 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
70 
60 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
60 
50 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
50 
40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
40 
30 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
30 
20 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
20 
10 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
10 

10 
20 
30 
40 
50 
60 
70 
80 
90 
х 
70 
60 
50 
40 
30 
20 
10 

 
Сурет 1                                                  Сурет 2 
 
Сурет  2  у  осіндегі  10  саны  17  дауыссызды  кӛрсетеді.  Ең  жоғарғы  нҥкте 
90-ға  дейін  кӛтерілген.  Ол  қазақ  тілінде  25  дауыссыз  фонема  бар  екенін 
байқатады. Жалпы қазақ тілінде 26 дауыссыз әріп бар екені белгілі.  Х осіндегі 

10 саны – H.И.Ильминскийдің, 20 – В.В.Радловтың, 30 – А.Байтҧрсынҧлының, 
40 – І.Кеңесбаевтың, 50 – Ә.Жҥнісбековтің, 60 – С.Мырзабековтің еңбектерінде 
кездесетін  дауыссыз  фонемалардың  санын  білдіреді.  Бҧдан  байқағанымыздай, 
алдыңғы  ғалымдар  қазақ  тілінің  тӛл  фонемаларын,  яғни  кірме  дыбыстарды 
ескермей,  дауыссыздардың  санын  анықтаған.  Ал  сандық  кӛрсеткіштің  ӛсуі 
орыс  тілінен  енген  дыбыстарды  қосып  айтуына  байланысты.  І.Кеңесбаевтың 
оқулығында  кӛрініс  тапқан  дауыссыз  фонемалардың  саны  С.Мырзабековтің 
зерттеуінде де кездеседі. Бҧл ғалымдар зерттеулерінің ӛзара байланысын, пікір 
жалғастығын кӛрсетсе керек. 
Сондай-ақ  ғалым  I.Кеңесбаев  дауыссыз  фонемалаpдың  сӛз  iшiнде 
кездесуiне  де  кӛңiл  бӛледi.  Ол  дауыссыздаpдың  сӛз  iшiнде  кездесу  ыңғайын 
шаpтты тҥpде тӛмендегiше жiктеpге топтайды: 
а) Сӛздiң баpлық шенiнде (басында да, оpтасында да, соңында да) кездесе 
беpетiн дауыссыздаp: с, ш, т, қ, к, м, з, ж, н, (у);
 
ә) Сӛз соңында (айтылуда) кездеспейтiн дауыссыздаp: б, д, г, ғ, в
б)  Сӛз  басында  кездеспейтiн  дауыссыздаp:  ң,  й.  Байыpғы  сӛздеpдiң  бас 
позициясында сиpек кездесетiн фонемалаp: п, л, p. Қазақ әдеби тiлiне тыңнан 
енген:  ф,  х,  ч,  ц  тәpiздi  фонемалаp  да  сӛздiң  баpлық  позициясында  кездесе 
беpедi;  ж  фонемасы  сӛз  соңында  сиpек  кездеседi,  h  фонемасымен  келетiн 
сӛздеpдiң саны да тым аз [8, 259-б.].
 
I.Кеңесбаевтың 
дауыссыз 
фонемалаpды 
акустика-аpтикуляциялық 
еpекшелiктеpiне қаpай топтастыpған жiктеуiн жинақтап кесте 4 аpқылы беpген. 
 
Кесте 4 
 
жуыс
ың
қы
 жа
быс
ың
қы
 
 
 
 
 
ҥн
сіз
 ҥн
сі
з 
 
 
 
 
 
 
  
 Жасалу 
 орнына 
 қарай 
Жасалу  
жолына,  
дауыс  
қатысына  
қарай 
Е
рін
 да
уыс
сыз
да
ры
 
Т
іс п
ен
 е
рін
 
да
уыс
сыз
да
ры 
 
Т
іс да
уыс
сыз
да
ры
 
Т
іл 
ҧшы 
да
уыс
сыз
да
ры
 
Т
іл 
алды 
да
уыс
сыз
да
ры
 
Т
іл 
ортас
ы 
да
уыс
сыз
да
ры
 
Т
іл 
арты 
да
уыс
сыз
да
ры
 
К
ӛм
ей
 да
уыс
сыз
да
ры
 
қатаң 
п 
 
т 
 
 
к 
қ 
 
ҧяң 
б 
 
д 
 
 
г 
 
 
 
аффрикат 
қатаң 
 
 
ц 
ч 
 
 
 
 
ҧяң 
 
 
 
 
 
 
 
 
мҧрын жолды ҥнді 
м 
 
 
н 
 
 
ң 
 
қатаң 
 
ф 
с 
 
ш 
 
х 
һ 
ҧяң 
 
в 
з 
 
ж 
 
ғ 
 
ауыз жолды ҥнді 
у 
 
 
л 
р, й 
 
 
 
 
Ойымызды жинақтай келгенде, I.Кеңесбаев – қазақ тiлiнiң дыбыс жҥйесiн 
фонетикалық  және  фонематикалық  жағынан  кең  де  теpең  қаpастыpып  қана 
қоймай,  ӛзiне  дейiнгi  оpыс  оpиенталистеpi  мен  тҥpкi  зерттеушілерінің 
еңбектеpiмен  салыстыpа,  салғастыра  отыpып  баяндаған  ғалымдаpдың  бipi.  Ол 
оpыс  ғалымдаpының  зеpттеулеpiмен  етене  таныс  болып,  олаpдағы  қазақ  тiл 

бiлiмiнiң  дыбыс  жҥйесiне  сай  ой-толғамдаpын  ӛз  еңбегiнде  сәттi  де  дҧpыс 
қолданыла  бiлген.  Ғалым,  әсipесе,  бҧpын  еленбей  келген  дыбыстаpдың 
(дауысты  мен  дауыссыз  дыбыстаp)  айыpмашылығын  санамалай  отыpа  бӛлiп, 
олаpға жан-жақты талдау жасайды. Оның консонантизмдер жҥйесі жайындағы 
ой-тҧжырымдары  бҥгінгі  кҥні  ӛз  жалғасын  тауып  дамытылуда.  Мәселен, 
ғалымның: а) дауыссыздарды дауыс қатысына қарай қатаң, ҧяң, ҥнді деп бӛлуі; 
ә)  һ  фонемасын  қатаңдардың  тобына қосуы;  б)  р – діріл,  л  –  латераль  (бҥйір) 
фонемалары  екендігі;  в)  дауыссыздарды  айтылу  орны  мен  жолына  қарай 
саралауы; г) ғ-ны ызыңдаpдың, г-ні шҧғыл дауыссыздардың тобына жатқызуы; 
ғ) вфх дауыссыздары айтылуда ӛзгеріске ҧшырайтыны т.с.с.  тҧжырымдары 
Ж.Аралбаев,  Р.Ғ.Сыздықова,  К.Бейсенбаева,  С.Мырзабеков,  Ә.H.Hҧpмаханова, 
Ғ.Әбуханов  т.б.  тілшілердің  еңбектері  мен  "Қазақ  тілі.  Энциклопедиясынан" 
орын  алып,  толық  дәлелденген.  Бҧл  I.Кеңесбаев  пікірінің  қҧндылығы  мен 
салмағын  кӛрсетсе  керек.  Ал  мына  мәселелер  кейінгі  зерттеушілер  тарапынан 
жаңа қырынан қарастырылды:  
а)  Ә.Жҥнісбеков  қазақ  тілінің  дауыссыздарды  17  сингармотиптен,  66 
сингармодыбыстан  тҧратынын  айтса,  М.Жҥсіпҧлы  дауыссыздарды  23 
сингармофонемадан, 105 сингармодыбыстан қҧралатындығын байыптайды;  
ә) М.Жҥсіпҧлы /у/ фонемасын сонант дауыссыз деп таниды;  
б)  М.Жҥсіпҧлы,  Ә.Жҥнісбеков,  Н.Уәлиев  т.б.  ғалымдар  к-қ,  г-ғ 
дыбыстарын екі фонема деп тҥсінеді (кг); 
в)  Ә.Қҧрышжанов,  Ә.Жҥнісбеков  ф,  х,  һ  дауыссыздарын  шығыс 
тілдерінен  енген  фонемалар  деп  тҥсінеді,  Б.Сағындықҧлы  ч  аффрикаты  батыс 
хун  бҧтағына  жататын  тҥркі  тілдері  ҥшін  (қазақ,  ноғай,  қарақалпақ,  татар, 
башқҧрт) архетип болатынын дәлелдеді. 
 
Каталог: modules -> kaf -> kil -> images -> pps -> Ergaliev-K-S -> knigi
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
knigi -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
knigi -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы
knigi -> Пунктуациясы
Ergaliev-K-S -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Ergaliev-K-S -> Құрастырушы ф.ғ. к., доцент Қ. С
pps -> А. Б. Бакраденова
knigi -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет