І ішиіШмішінпрш ітшріРіиішштш



жүктеу 51.87 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.03.2017
өлшемі51.87 Kb.

Ч



Ш Ш М



і

Ж

і

М

і

і^ішиіШмішінпрш ітшріРіиішштш

>

1



р ш у ш  

В®оптііік ПІГУ



ӘОЖ :32  (524)

ҚАЗАҚ ӘҢПМЕЛЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ПОРТРЕТТЕУ

Б.Ә. Ысқақ

С.  Торайеыров атындаеы Паелодар мемленеттін 

университеті



В 

статье речь  идет  о рассказе  писателя А.Кемелбаевой, 

в  котором  анализируется  психологический  портрет  героя.

Мақалада  Айгүл  Кемелбаеваның  әңгімесі  талданып, 

жазуіиыныц  тәсілі:  кейіпкердің  психологиялың  портретте- 

луі  туралы  сөз  болады.

Тһе  агіісіе

  і і  


аһоиі 

іһе 

ІаЬогх  о /  іһе 

\\тііег А. 

КетеІЪаех 

ін  иһісһ  цігеп  іһе  апаіухіх  о/рхугһоіодіс  рогіеі  о/1   іһе  һего.

238

Вест ник П ГУ  Мь4,2007

Әңгіме жанрының біртіндеп толысып, толығуы -  зандылық. 

Бұл жерде З.Қабдоловтың «әңгіменің жанрлық табиғаты құбыл- 

малы» деген пікірінің зерделі айтыл ғанын атап өту керек. Себебі, 

өңгіме  жанрының  табиғаты  -  шығармашылық  ойдың,  сергек 

сезімнің, ұшқыр қиялдың ұштасуына тәуелді болады. Ал, сіңісті 

қағидаларды өзгеріске әкелетін жайт—жазушы шеберлігі екендіп 

әдебиетшілерге аян. Бұдан келіп шығатын түйін: әңгіменің таби- 

ғатын тап басып айтқан анықгамалар мен оның жанрпық ерекше- 

ліктерін айқындайтын қисындар осындай әдеби  ілгерілеулердің 

нәтижесінде үнемі жаңаланып отыруы тиіс.  М.Әуеэовтің «Қор- 

ғансыздың күнійен» нәр алған модернистік бағытгағы философи- 

ялық әңгімелер қазақ әдебиетінің жаңа бір кірпіші болып қалана 

бастады: Т .Жармағамбетовтің «Отамалысы», О.Бөкейдің «Қамшы- 

гері»,  А.Кемелбаеваның  «Қоңырқазы».  Ал,  аңыз  әнгімелердің 

жөні бір бөлек. Ж.Д үйсенбаеваның «Ә.Кекілбаев прозасы. Халық- 

тық аңыэдар жөне көркемдік шешім» атты кандидаттық диссерта- 

циясында аңыздарды пайдалану арқылы автордың кейіпкер тұлға- 

сын сомдауы мен м інездемесін берудегі шеберлігі далелді пайым- 

далған. Ж.Д үйсенбаеванын Ш. Айтматов, Ә.Кекілбаев үшін мифтік 

әлем  көркемдік  қана  емес,  көркемдік  мұраттық  қүрал  деген 

пікірінің жаны бар. Қазіргі қарастырып отырған әңгімел ердің бірка- 

тарында аңыз дерегі мен шындық өмір дерегін кіріктіре пайдапа- 

ну арқылы жазушының айтайын деген негізгі  шешімі  анықтал- 

ған. Атап айтсақ, А.Кемелбаеваның «Космосы», Ә.Орынбаеваның 

«Қадишаның қара тасы» осыны айғактайды.  Жоғарыда, аталған 

әңгімелердің модернистік дәсгүрі, философиялық, психологиялық 

сипаты  аталды.  Бұдан  шығар қорытынды:  әңгіме сипаты  ұнемі 

бір белгімен  тұрмайды, оны өр қырынан тануға мүмкіндік бар. 

Мұны жаңа реализм  бағытында жазылған туындылар деп сана- 

дық. Қ.Жанүзақованың зертгеуінде бұл құбылыс «қос желілі ту- 

ындылар> деп берілген. МӘуеэовтщ «Қорғансыздың күні» әңгіме- 

сінде өмір шындығының контрасты күйінде Ғазиза трагедиясы мен 

Ақандардың «өмір сүру мақсаты» деңгейінде суреггелуі -  әлеу- 

метгік теңсіздікті аңғаргқан. Аяусыздыққа қарсы ұмтылдыруы -


серия  Филопогическая

239

ұлтты оятып «Оян, қазақ» деп ұрандаумен бірдей дөрежеде. Сон- 

дықтан, қазақәңгімелерініңтақырыптарытабиғатгьщ, кейіпкердің 

алай-түлей сан  қырлы  жан дүниесі  арқылы  өрнектелген.  «Қор- 

ғансыздың күні» Б.Майтановтыңтұжырымдауынша қазақ өңгіме- 

сіндегі модернистік бағытты көрсетеді. Жақып қыстауын—мекен- 

шағын (хронотоп) атай келе, М.Әуезов кейіпкеріне тығырықган 

шығудың жолын іздетпейді, себебі таусылмас өмір қайшылығы- 

на қарсы тұрмай-ақ жеңімпаз еткен деп дөлелдейді. Қазақ әңгіме- 

леріндегі модернистік дәстүр О.Бөкей өңгімелеріндегі жатсыну, 

А.Алтайдың «Алтай  новелласындағы»  меңіреулік,  А.Кемелбае- 

ваның «Қоңырқазындағы» Хорданның адамдардан безініп періш- 

телікке ұмтылуы,  Ә.Орынбаеваның  «Қадишаның  қара тасын- 

дағы» кейіпкердің өлімнен пана табуынан анықталды.  Б.Майта- 

новтың М.Әуезовтің «Қорғансыздьщ күнінен» пайымдаған тосын, 

тың дүниетаным  мен  көркемдік арна модернизм  -  қазіргі  қазақ 

әңгімелерінде түрліше, бірінде барынша ашық, бірінде білінбей 

(мекеншақтық белгіге жинақталып) өз сүрлеуіне түскен.  ҒазИза 

қорғаған  ар-намыс мөселесі, трагедиялық жағдайы -  ұлт рухын 

паш  етсе,  аталған  жазушылардың  кейіпкерлері  де тұрмыстың 

күйбеңінен бөлек оқшау тіршілік етеді. Бұл әңгімелерге кезегінде 

тоқгалатын  боламыз.  Б.Майлин өңгімелерінің тақырыптарында 

Н.Гогольдің, А.Чеховтің, М.Горькийдің,татар жазушысы Ғ.Ибра- 

гимовтың ықпапы болды және Ғ.Мүсірепов Чехов, Горький, Мо- 

пассан, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығынан дәстүр қабыл- 

дады  деген  академик  М.Қаратаев  пікірі  кейінгі  жазушылардьщ 

Мүсірепов  мектебінен  тәлім  алды  деген  пікірімізді  салмақгай 

түседі. Әңгіме жанрында еңбегі еленген жазушыларымыз Т.Жар- 

мағамбетов, Ш.Мұргаза, Ә.Кекілбаев, Ж.Моддағалиев, Т.Ахтанов, 

С.Мұратбеков, Ә.Тарази, О.Бөкей, Т.Әбдік, Ә.Сараев, Т.Әлімқұлов, 

Ш.Құмарова, М.Әбдіқалықов, Д.Досжанов, Қ.Жұмаділов, А.Ал- 

тай, М.Байғұт, Ә.Орынбаева, А.Кемелбаевалардың әдеби үрдісте 

жанр мен тақырыптың дамуына үлестері  мол. Талант иелерінің 

ізденісінен үнемі ұлттық топырақгың және әлемдік әдеби стилдің, 

тақырыптың, жанрдын өрісі андалды.


240

Вестник ПГУЛН 2007

А.Кемелбаеваның «Космос» әңгімесінде: «...Ақкудың көгідцірі 

құсаған,  аршыған  жұмыртқадай  аппақ Елена Троянская анасынан 

іңгапап нәресте болып тумаған.  Әкесі көрсеқызар Зевс кұдай Леда 

сұлумен ақку кейпіңде кездескеннен соң, ұрпағына жұмырпгқа күйінде 

жаралу бұйырды»,- деп [1,8] жанр табиғатына лайықгал-ған автор 

толғанысы десек те, кейіпкердің өзін-өзі талдауы десек те жарасатын 

психологиялык орга аркылы баяндау тәсілінен тамаша жаңа өзгерісті 

бойына жинаған әңгіме дүниеге келген. Ары қарай назар салыңыз: 

«...Бағзыда ергежейлілер тайпасы пигмейлер тырна деген құс бала- 

сына ерекше өш болышы. Қошқар мен текені, я кұркетауықгы ат 

қыльш мініп алып, тырналардың жұмыргкасьш ұрлап, я шағып құрггу 

үшін ергежейлілер жорық бастаған. Жауынан қор-ғанған тырналар 

содан соң көшпенді жыл құсына айнадцы ма екен? Түйепі қазаққа 

керуен тартуды ұйрегкен солар еді»,- деп [1,84] ке-лістіруінде жазу- 

і т і ы н ы ң

 

ой ағымы ұлттық өрнекке еріксіз соғып, өзгелердің рухани 



дұниесін сипатгаса да өзіміздің таным бағамымызға қарай лайықтат- 

қан. Тағы да: «...Тоғыз жолдьщ торабында қара сиырдың сүті мен 

қара тауықгың жұмыртқасьш іздеген бөтеннен безі нген момын мен 

едім. Тауық түрып, қораз жұмыртқалайды, онда түлен тұргкені»,- 

деген [1,84] кейіпкер сырының көркемдігі шығысгық ізді бағдарла- 

тады. Жазушының психологизмді танытатын қүраддарының бүдан 

өрі кетпкер жанындағы затгық психол огиялық орга тәсілімен қиюла- 

стырған:«... Жұмыртқадай шайқалған уыз дүниенщ тұбі ойран бола- 

рына сенгісі жоқ данышпан  ойдан  құса шеккен  соң,  жалбарыньш 

Жаратушысын  мойындады.  ... Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ 

отау. Меніңеншімсол. Дүниедебір күмбез іспетті, шырайналсанда 

бейнесін тани алмайсьщ. Арғымақ ат жалында, төрт түлік мал со- 

ңында күн көрген баяғы ата-бабамның ақ жұмбағын мен жасырып 

сақгасам деймін»,- деу [ 1,84] казақ жанына жақын байлам. Әңгіменің: 

«Түнығы лайланбасыншы,  қаймағы  бұзылмасыншы.  Жауабынан 

бүрын сұрағы көркемірек болған соң, квркемдікке сызат тұспесе екен 

деп зар илегенім есімде»,- деген шешімінен [ 1,85] өнер туралы толғ- 

анысы, оган деген құрмет пен аялау тілеп танылады. Әңпме -  жазу- 

шыныңжан дауасын іэдеген және руханият азатгығын ансаған үнін


серия 

Фшюлогическая

241

аңғартады. Қараңыз: «...Қаңбақ мінез, кейде тым бекзада көңіл-күйді 

сараң тұрмыс өктем  билей  алмай қор болады.  Пейілсізді  ырқына 

көндіру, ақпақұлақгы үйрете қою оңай емес»,- деп [1,83] баяндалған 

көркем ойдын астары әр адамды өз бегінше талдау жасауға ұмтыл- 

дыруымен сөтгі, көркемділікталаптың деңгейінен шыққан. Жұмыр- 

тқа сатып алып уызын шайқап алудан басталған сюжет жепісі қара- 

пайым көрінгенімен, көркем мазмұны тереңдікті қамтыған. Жазушы 

суреггелігі: «Жіпсіз байлану—сәуленің алгын тұзағы, күн нұрымен 

шапмалау»,- деп [1,83] те, «...тоңазыған күміс жұмыртқа—Ай, міне, 

ыстық жұддыз, алтын жұмыргқа -  Күн»,- [1, 83] деп те өзіне тарта 

түседі. А.Кемелбаеваның «Күміс инелер» атгы әңгімесі пішіні жағы- 

нан, көркемдігі жағынан сәтгі жазылған. Кемелбаеваның кейіпкерінің 

түсі бұған дейінгі түс көру, оны жорудан бадегірек Қараңыз: «Түсімде 

бір уыс ине тауыппын. Көдімгі ине емес. Ай нұрыныңсынығы тәрізді 

сыңғырлаған күміс инедер екен, көзі шағъшысып, жалт-жұлт егеді. 

Аяғымның асты бір уыс ине, біреуі жұмсақ егке кіріп кетсе, қан та- 

мырын жыралай ағып, күміс жебедей ыстық жүрекке кадалса ажа- 

лымнан бұрьш елем ғой деп ойлаймын. Үйқыда жатсам Қорқыт ба- 

бам құсап өлімді ұмьпу бұйырмапты. Адам өз еркін түсіңде де би- 

леп-төстей алғанын сопыдар тәуір көреді»,- деген  [1, 86] жазушы- 

ның көркем ойы түс көру тәсілінің жадғасы десек те, жанарған түрі 

деп  атау  орынды.  Кейіпкердің жасырын дүниесі,  өзіне гана тән 

меншікгілігі(түсі)өнгімедөйекгемесі болған. Жан дүниенің әрекетін 

сипаттау арқылы кейіпкерді жаңабиікгікгетаньпу суреггелігі біріккен. 

Байқағанымыз, қисыңдағы сюжет жепісі турғысынан қарасақ -  кей- 

іпкердің жан жылулығы динамикасын психологиядык талдау өнері 

көрсеткен. Назар салайық:«...күміс инелердің сикыр өсемдігіне таң- 

дандым. Түс үлбіреп, көбігі тарқап ыдырап кегсе, ой сұйылып, бөлек 

отау тігеді. Шөптің басындай салмагы жоқ мөлдір көркемдік»,- деді- 

нетін [ 1,86] психологиядық түс көру, оны өңіңде жалғастыра қиял- 

дау  үрдісі  тізбегінен  кейіпкердің толыққанды  бейнесі  ашылған. 

Әңгімеде көркемді к айналымгл түскен түс адамның сана-сезіміне те- 

реңірек бойлатады. Қазақы болмыс пен ұлтгық психологиялык иірім 

кіріге жымдасқан суреттеуте назар салыңыз: «Қолым бір қалт епсен-


242

Вестник ПГУ№4, 2007

де:  Аллаға  сиынудан,  күн  мен  айды  сүюден,  кітапқа қүмаріудан, 

жүлдызға телміруден,  әңгіме тындаудан,  мұң  мен  қападан,  ойын- 

күлкіден, жагаыздық үрейден, шатгыктан, бақытган, шабыт шаруа- 

дан босаған бір сөт кішкентай ерке қыздарыма окшап, маржан мон- 

шақгар әшекейлеп, сәнді тақиятігіп берер ме едім» [1,86]. Өнертура- 

лы, өнерпаздар туралы, олардың жанкешті еңбегі  жайында аитылғ- 

ан. Бір кейіпкердің бір сәтіне жиналған сезімнін бір күйі емес, түрлі 

күйі бейнепенуі өнермен «ауырған» өнерпаздың басында ғана бола- 

тынын мойындатгырады. Әңгіме түйіні ойымызды дәлелдей түскен: 

«Күміс инелермен шабақгап маржан теріп» [1,86]. Өнер іуралы ой 

толғаған  жазушы  А.Кемелбаеваның  көркем  әңгімесі  Р.Ролланның 

мына бір пікірін еске тусіреді: «Толстой әңгімелері, ондағы хапық- 

тьіқ-ертегілік оқнғалы бейнелгак жемістілік, шьшайы өмірмен, түрмы- 

стық маңызды, түбірлі мәселелермен кеітіскені соңдай, бізді ойлануға 

мөжбүр еггі» [2,38].

А.Кемелбаева әңгімелеріні ң «гөл таңбасында» қазақ үлты- 

на тән болмыс, қазақы салт-дәстүр, бабалар ырым-жоралғысы 

қатар  сипатталады.  Сонымен  қатар  алдыңғы  буын  әңгімеші- 

жазушылардың (Т.Жармағамбетов, О.Бөкей) ертегілік, мифтік 

сюжетпен өңгіме қүру дөстүрін дара ерекшелігімен  (психоло- 

гиялық талдау өнерімен) үштастырған. Аталған жазушылардың 



негізгі ортақ ерекшеліктер қатарына психологи змнің түрақтал- 

ғаны  және  лирикалық,  мәселелік,  астарлы  символдық,  әлеу- 

меттік талдауды толық меңгергені баса айтылады.

Әңгіме жанры қырланып-түрпеніп келеді, дей түрсақга фальк- 

лордан, оның ішінде ертегіден бастау апады. Осы генезис қазақ 

әңгімелерінде  көптеп  ньшіан  байқатады.  Әңгіме  кейіпкерінің 

сыр дүниесі адамдардың байқап, елей қоймайтын арман-қиялы- 

нан туындағаны және аңыздық үлгіде тез сіңетін тәрбиелік мөні 

қазіргі таңда өз қүндылығын  мөңгі жоғалтпайтын, жоймайтын 

әңгімелердің қатарына қосылады деп сендіреді.

А.Кемелбаеваның  әңгімелері  әдебиеттің  рухани  сусыны- 

ның тамшысы болуға лайық шығарма: Әңгіме жанрында өзіндік 

табысы бар жазушы, кейіпкерін бейнелеу тәсілдерінде дәстүр


жалғастығы бар.  Жазушы  А.Кемелбаева әңгімелерінің улттык 

сипаты  айқын,  әсіресе  әйел-ана  бейнелері  ұлттық  болмысты 

кейіпкерлердің  санатын  толы қты рады.  Қазақ  әңгімелерінде 

жазушы Э.По тәсілінің тамаш а бағыты жалғасқан.

ӘДЕБИЕТ

1 Кемелбаева А. Тобылғысай. -  Астана: Елорда, 2001. -1 2 0 6 .



2  Гольденвейзер.  Вблизи Толстого. Т.  2.  С.  38.

ссрия 


Филологическая 

243

жүктеу 51.87 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет