I f, pvr Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрлігі



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата28.01.2017
өлшемі1.4 Mb.
#1578
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

б 83.3(3) 
М79
Р.  М.  Муталиева,  Г. А. Жұмабекова
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІНІҢ 
ТАРИХЫ
Павлодар

i f  
,
PVr
Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым  министрлігі
С.  Торайғыров  атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Р.  М .  М уталиева,  Г.  А .  Ж ұм абекова
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІНІҢ 
ТАРИХЫ
Оқу кұралы
Павлодар
Кереку
2014
М
\

ӘОЖ 821  (100-87) (075.8) 
КБЖ 83.3(3) я73 
М 79 
^   ~
С. 
Торайғы ров атындагы  Павлодар  мемлекеттік университетінін
Ғылыми  кенесімен басуға  усынылды
Пікірсарапшылар:
Қ.  П. Ж үсіп -  фил.  гылымдарының докторы,  проф.
Б.  Ш.  Құралканова  -   фил.  гылымдарының  канд.,  доц.,  Павлодар 
мемлекеттік педагогикалык институты;
М.  И.  Оразханова  -   фил.  гылымдарының  канд.,  доц.,  Павлодар 
мемлекеттік педагогикалык институты.
М уталиева  Р.  М., Ж умабекова  Г. А.
М79 
Ш етел әдебиетінің тарихы  : оқукұралы/ Р.  М.  М уталиева.,
Г.  А.  Ж ұмабекова -  Павлодар  :  Кереку, 2014. -   179 б.
ISBN 978-601-238-455-0
түн»
Шекспир  трагедиялары,  М ольер  комедиялары,  Бальзак  повестері,
Мопассан  новеллалары  мен  романы,  Э.Хемингуэй  повесі, Дж.  Лондон
повесі,  О.Уайльд  ертегілері,  Дж.  Голсуорси  новеллалары,  В.Гюго,
Флобер,  Стендаль  романдары  бойынш а  тәжірибеш ілік  сабактардын 
материалдары берілген.
Jj  Оку  ^ р | л в г   ^  филология
JJ 
атындағы  П
іуіу
-^ 
•’академик  С.Еейсемй**
мамандықтарының  студенттеріне
Ыгі£ДҒ Ы 
Ғ
Ы
П
Ы
І А
М
Ә О Ж 821  (100-87) (075.8) 
КБЖ  83.3(3) я73
ISBN 
978-601-238-455-0 
©
Ж ұмабеко
ПМУ
Материалдың дүрыс болуына, грамматикалык және орфографиялық қателерге
авторлар мен кұрастырушылар жауапты

Алғы сөз
«Шетел  эдебиетінің  тарихы»  оқу  құралында  Гомердеи  бастап 
орта  гасырдағы  «Мың  бір  түн»  ертегілері,  Шекспир,  Мольер,  кейінгі 
ХІХ-ХХ  гасырдагы  батыс  әдебиетінің  өкілдері  Стендаль,  Бальзак, 
Гюго,  Флобер,  Мопассан,  Уайлд,  Дж.  Лондон,  Хемингуэй,  Голсуорси 
шығармалары  карастырылды.
Оқу  құралы  практикум  болгандықтан,  эр  жазушы  ту рал ы  кеңсс 
берілді.  Кеңесте  жазушылардың  өмірбаяндары,  шыгармашылық 
ерекшеліктері,  орыс  әдебиетімен  байланыстары  айтылды.  Кеңестен 
соң  мәтіннен  үзінді  алынып,  сол  бойынша  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
ұсынылды.  Сұрактар  шыгармадагы  жазушы  шеберлігін  ашатындай 
көркемдік 
детальдарга, 
кейіпкерлер 
бейнесін 
ашуга, 
астарлы 
сөздердің  магынасын  табуга,  сюжетке,  идеяга,  қазақ  эдебиеті  мен 
орыс  әдебиеті  туындыларымен  байланыстылыгына  қатысты  болып 
келеді.
Студенттерге бұл  оқу  кұралы әрі дәріс жинагы, әрі  тәжірибешілік 
сабактарга  тапсырмалар  жинағы  қызметін  атқарады.  Оқу  қүралында 
студенттердің өздік жұмыстарының сұрақтары да қамтылды.

1  Гомер шығармашылыгы және онын «Илиада» поэмасы
1.1  Антикалык эдебиет кезендері
Шетел  әдебиеті  антикалык  дәуірден  басталады.  Антикалық 
эдебиет грек, рим  әдебиеті болып екіге бөлінеді.
Антикалык  деп  аталу  себебі,  кұл  иеленуші  когамга  байланысты. 
Антикалык  қогамда  адам  өндіріс  үшін  пайдаланылды,  ал  кейінгі 
буржуазиялык когамда өндіріс адам үшін колданылды.
Антикалык  әдебиеттің  тарихи  мәні.  Грек  әдебиеті  -   Еуропадағы 
баска  әдебиетке  сүйенбей,  өздігінен  дамыган  көне  әдебиет.  Шыгыс 
әдебиетінің  элементтері  грек  әдебиетіне  фольклорлык  жолмен 
араласып отырган.  Рим әдебиеті  грек әдебиетінен кеш дамыды.
Антикалык  әдебиет  өнерімен  бірге  көп  гасырлардан  өтті. 
Окырман  оган  тарихи  документ  ретінде  емес,  эстетикалык  мәні  бар 
көркем  шыгарма ретінде карайды.
Антикалык  әдебиет  суреттеудің  өміршеңдігі  жағынан  жогары
саналады.  Бұл  грек  әдебиетінің  классикалык  дәуірінде  байкалады.
Антикалык  әдебиет  көкейкесті,  саяси  мазмұнга  бай.  Грек,  рим
әдебиеті  күнделікті  қажеттіліктерге жауап  берумен  бірге,  көп  гасырга
жететін  кұнды  көркем  шыгарма  жасай  алды.  Антикалык  көркем
әдебиет фольклордан қол үзген жоқ. Г рек, рим  әдебиетінде әдебиеттін
барлык  жанры  болды.  Әдебиеттегі  теория  антикалык  эдебиеттен 
бастау алады.
Грек  әдебиеті  тарихы  мынадай  кезеңдерге  бөлінеді:  Архаикальпс 
(ерте  әдебиет) -  б.ғ.д.  V  ғасырға дейін,  кұл  иеленушілікке  өту  дәуірі; 
антикалык  (классикаіық  грек  әдебиеті)  б.г.д.  V -IV   г.г.;  эллинистік  -
б.г.д.  IV  ғасырдың  соңынан  XVII  гасырдың  соңына  дейін;  Римдік 
(Рим  империясы кезіндегі  грек эдебиеті) -  б.ғ.д.  I ғасыр соңынан.
Архаикалык  іштей  былай  бөлінеді:  эдебиетке  дейінгі  («Гомерге 
дейінгі»)  кезең;  көне  эдебиет  ескерткіштері  (Гомерлік  поэмалар, 
Гесиод);  антикалык  құлиеленушілік  қогамындагы  эдебиет  (б.г.д.  VII 
ғасыр мен V  ғасырдың басы).
1.2 «Илиада» мен «Одиссей» поэмалары ту рал ы
Көне  жазба  еекерткіштеріне  Гомердін  «Илиада»,  «Одиссея» 
поэмалары  жатады.  «Илиада»  жэне  «Одиссей»  поэмаларының 
шығарылган уакыты туралы  ешкандай  мәлімет жоқ.  Әлі  күнге осы екі 
поэмага  байланысты  шешілмеген  күрделі  мәселелер  көп.  Сондыктан 
«Илиада»,  «Одиссей»  поэмаларының шыккан уакыты тарихи  жагынан 
дәлелденбеген.  сюжеті  Троян  согысы  туралы,  гректің  Троя  (Илион) 
каласына жорыгы жайлы батырлық аныздан алынган.
4

Гомер  поэмапары  эпопеяның  классикалық  үлгісі  саналады,  яғни 
фольклорлық  негіздегі  эпикалык  поэма  деп  атауға  болады.  Гомер 
шыгармалары  реалистік  болғанымен,  стихиялы,  қарапайым  реализмге 
жатады. 
\
Фольклорлық 
шығарма 
аз 
адамга 
көңіл 
белее, 
Гомер 
поэмаларында  бірнеше  түлгалар  кең  көлемде  көрінеді.  Гомер 
кейіпкерлері  каншалықты  көп  болса  да,  бір-бірін  қайталамайды. 
Мысалы,  тәкаппар  Агамемнон,  батыл  Аякс,  кұбылмалы  Менелай, 
қызба  Диомед,  тәжірибелі  Нестор,  айлакер  Одиссей,  сезімтал  Ахилл, 
жеңілтек сұлу  Парис,  биязы  отбасы  Гектор,  қайырымды  карт  Приам -  
бәрі  «Илиадада»  өзіндік  бейнелерімен  көрінеді.  «Одиссеяда»  да 
осындай  әртүрлілік  байқалады. 
Күйеулер  әртурлі 
мінездермсн 
шыгады.  Әйелдер  бейнесі де  эр  килы.  «Илиадада»  эйелдер бейнесінде 
Гекуба,  Андромаха,  Елена  беріледі,  «Одиссеяда»  -   Пенелопа,  Елена, 
Арета -  бәрі бір-біріне ұқсамайды.
Гомер  кейіпкерлері  өміршең,  адами  болганымен,  ішкі  дүниелері 
дамымады,  яғни  статистикалык  түрде  сипатталган.  Демек,  грек 
эпосында  ішкі  кобалжу  анализі  жоқ  деуге  болады.  Мысалы, 
«Илиадада» 
Ахиллдің 
Агамемнонды 
өлтірер-өлтірмесін 
білмей 
кұбылған  кезін  автор  іштей  көрсетпейді,  тек  күдай  Афинаны 
араластыру  арқылы  жагдайды  өзгертеді.  Демек,  кейіпкер  қобалжуы 
сырткы түрлерімен гана беріледі.
Ғалым  Гнедич  «Илиада»  мен  «Одиссеяны»  ежелгі  дәуір 
энциклопедиясы деп атаган.
Гомер 
поэмаларында 
хронологиялық 
сиымсыздык 
заңы 
сақталған:  бір  уакытта  болып  жатқан  екі  оқига  бір  мезгілде 
баяндалмайды. 
Бірінен  еоң  бірі  айтылады.  Әңгімеші 
шегініс 
жасамайды.
Оқиғаның дамуы,  эпизодтың  байланысуында  қүдайдмц  араласуы 
үлкен  роль  атқарады.  Гомер  күдайлары  адамга  көбірек  үксайды, 
адамга  тән  түр,  кұштарлыққа  ие.  «Илиада»  құдайлары  болса,  үсақ, 
катыгез,  кыңыр,  қырсық,  әділетсіз  сйяқты  жагымсыз  қылыктарымен 
көрінеді.  Ал  «Одиссея»  қүдайлары  эділеттілік  пен  адамшылық  үлгісі 
ретінде беріледі.
Гомер  поэмаларында  салтанатты  (көтеріңкі)  стиль  басым. 
Мәселен,  жануар,  өсімдік,  су,  жер,  қару,  ат  -   бэрі  де  марапатталып
отырады.
Поэмаларда  кұдай,  адам,  зат  -   бэрінің  өз  эпитеттері  бар.  Зевс  -  
бұлт  айдаушы,  Гера  -   өгізкөз,  Ахилл  -   желаяқ,  Гектор  -   дулыгасы 
жылтылдаушы,  найза  -   ұзын  көлеңкелі,  кеме  -   кызыл  кеуде,  теңіз  -  
көп  шулы.  Кейде  эпитеттер  жагдайга  тәуелсіз  түрде  түрақты

колланыла  береді.  Мысалы,  аспан  күндіз  де  жұлдызды  деп  айтыла
береді. 
• 
*  -г?
Екі  поэмада  да  кайталаулар  көгі.  Эпитет,  сипаттаулармен  бірге
тұтас 
сөйлемдер 
кайталанып 
отырады. 
Табиғат 
суреттерін
сипаттаганда теңеу көп  колданылааы.
Эпос  эпикалық  еркіндікпен  акырын  баяндалады.  Сонымен  бірге 
тез айтылатын  қыска эңгімелер де кездеседі.
«Илиада» 
мен 
«Одиссея» 
әлемдік 
эпопеялар 
арасынан 
өміршеңдігі  мен  адамияттылык  дүниетанымы  жагынан  ерекше  орын 
алады.  Поэмалар  айбындылык,  ерлік,  ақыл  өткірлігі,  адамшылык, 
тагдыр қиындығына төзе білу секілді  касиеттерді  мадактайды.
А.Сейдімбектін  зерттеуі 
бойынша, 
Геллеспонттың  (казіргі 
Жерорта  теңізі  мен  Мәрмәр  тенізін  қосып  жаткан  Дарданелл  бұгазы) 
оңтүстік  жагалауында  бір  кездерде  ескілікті  Троя  каласы  болган. 
Қаланың  орнын  тапкан  неміс  ғалымы  Генрих  Шлиман.  Кала  орны 
казіргі  Түркия  жеріне  қарасты  Дарданелл  бұгазынын  Кіші  Азия  жақ 
жагалауындагы  Гиссарлық  деп  аталатын  төбешік  екені  аныкталады. 
Казба  жұмысы  кезінде  бір  ғана  қала  емес,  бірінің  үстіне  екіншісі 
салынган  әлденеше  кала  екенін  аныктайды.  Шлиман  бұл  калалардын 
қабатын  ең  төменгісінен  бастап  Троя  I,  Троя  II  деп  атай  келіп,  Троя 
ІХ-ға дейін жеткізеді.
Ертедегі  гректер  табын-табын  сиырды,  отар-отар  кой-ешкіні, 
шошканы  негізгі  байлык деп  есептеген.  Малды  ақшага да айырбастап 
отырган.  Малға  қару-жарак,  теңіз  сыртынан  келетін  мата,  қул  сатып 
алатын  болған.  Алтыннын  өзі  малмен  өлшенген.  Мәселен.  алтын 
тостақты бес өгізге балаган.
«Халық  көсемі»  күдіретті  Агамемнон  бірде  ашкарак,  бірде 
өзімшіл, 
енді 
бірде 
карапайым 
жауынгерлердің 
алдында 
менмендігімен  көрінеді,  бірақ  соның  бәрінде  де  ол  халыктын  камын 
ойлап,  талап-тілегін  орындап  отыруга  міндетті.  Ол  бір  сөзінде: 
«Халық  басындағы  қасірет  үшін  мені  күйдірмесе  болганы»,  -  лейді. 
Тіптен  өзінің  ашу-ызасын  да,  өзімшілдігін  де  тежеп,  көсем 
Ахиллеспен  бітімге  келу  үшін,  ахей  әскерлерін  колдап  ұрыска  шыгу
үшін оған елшілерін жібереді.
Ал  ажалды  пенденің  данасы,  «акыл-айласы  аскан»  Одиссей
патша ашушан,  кекшіл,  өзімшіл  болып  көрінеді.  Бірак,  жолдасы  үшін
жанын беретін, ешбір қауіп-катерден  каймыкпайтын батыр.
«Илиададағы»  алапаты  артык  батырлардын  бірі  Ахилесс  — 
кайтпас  кайсар,  араша  бермес  ашушан,  тіптен  кайырымсыз  қатад
болып  та  кететін  жан.  Бірак,  бойындагы  сол  әлсіздіктердін  бәрін  жан
6


l
дүниесіндегі  мейірбандыққа  ауыздыктата  алады,  ашуды  акылга
жендіріп отырады.
Гректер  Ахиллесті  батырлардың  ішіндегі  ең  құдіреттісі  санаған. 
Тегін 
адам 
емес, 
құдайлардың 
баласы  деп 
оның 
күдайдан 
жаралғандыгы  туралы  аңыз-әңгімелер  айтатын  болган.  Алгашкы 
кауымдык  жағдайдан  жаңа  аттаган  гректер  өресі  жетпес  істің 
барлығын  да  кұдайлардың  құдіретіне  таңған.  Грек  поэмаларындагы 
мэңгі  өлмес құдай  бейнелерінің  адамдарды үнемі  желеп-жебеп  немесе 
қудапап жүретіні де сондыктан.
Гректердің  түсінігінде  кұдайлардың  мекенжайы  -   бұлт  бұіідасы 
жетпейтін,  карлы  жаңбыр  жаумайтын,  кұйынды  дауыл  болмантын 
шұгылалы  шуакты,  олимптің  (фессалияның  солтүстік-батысындагы 
тау) шың басы. Гректердің Трояга жасаған  ұлы  шабуылында құдайлар 
да екі  топка бөлініп  алады:  «күміс  жебелі  қүдай»,  Аполлон  мен  «тэіті 
күлкінің  тәңірі»  Афродита  троялыктар  жагында  болады;  ал  Зевстің 
жауынгер де дана  кызы  Афина, теңіз  құдайы  Посейдон  және баска да 
күдіреті  күшті  құдайлар  гректерге  көмектеседі.  Кейін  Посейдон 
Одиссейге  ашуланып,  оның  кыр  соңына  түсіп  апады,  ал  кемеңгер 
Афина  өзінің  каһары  катты  немере  агасына  білдіртпей  Одиссейге 
көмектеседі.  «Ажалды  пенденің  ақылдысы»  атанган  Одиссейді 
«Қүдайлардың елшісі», ақылды әрі  көңілді  Гермес те колдайды.

Бакылау сүрактары
1. Антикалык эдебиет деген не?
2. Антикалык эдебиет іштей  нешеге бөлінеді?
3.  Гомер поэмаларының стильдік ерекшелігі?
1.3 Тәжірибешілік сабактарга арналган материал дар
Гомер.  «Илиада»  поэмасы (А. Сейдімбеков аудармасы)
Агамемнон  мен Ахиллес арасындагы араздык
Агамемнон ахейліктерді  менменси  шолып өтті де, тіл  катты:
-  
Жарайды,  кайтаруга  келістім.  Халыктыц  өліміне  мені 
күйдірмесе  болтаны.  Кемелерді  дәл  бүгін  камдасын  да,  гекатомбага 
шалатын  өгіздерді  арта  бастасын.  Кеме  басшысы  етіп  ахейліктердің 
данышпаны  Одиссейді  белгілейміз;  Аполлонды  райынан  қайгарар 
күрбандық  беріп,  Хризеиданы  әкесіне жеткізеді.  -   Патша  енді  даусын 
көтере  сөйлейді.  -   Бірак  айырылган  олжаның  орнын  оздеріц
7

толтыруларың  керек!  Ахей  әскелерінің  ортасында  жалғыз  менің  сыи-
сияпатсыз қалуым  маскара гой!
Бұл сөзге Ахиллес қатты жауап  қайырды:
-  Дандайсыган Атрид, сенің кұлқыныңда тойым жоқ!  Саған деген 
сыйлықты  біз  кайдан  аламыз?  Ортаға  жиған  казынамыз  жоқ:  жорык 
олжалары  бірден  бәріміздің бөлісімізге түседі.  Ал  үлеске  түскен  олжа 
болса,  оны  ең  бір  жетесіз  жауынгердің  өзінен  кайтып  алу  ұят  кой. 
Егер  сен  казір  өз  үлесінді  берсең,  Зевс  жар  болып  Трояның  берік 
қорғанын бұзганда саған үш-төрт есе етіп олжа байлар едік!
Агамемнон найзасымен жер шаншып, ызалана айқайлап жіберді:
-   Қуланба,  айбынды  Ахиллес!  Үлесіме  сен  ие  болып,  маған  қол 
қусырып  отыр  демексің  ғой?  Жоқ,  егер  ахейліктер  менің  олжамның 
орнын  лайықты  сыймен  толтырмаса,  онда  мен  өз  колыммен 
толтырамын.  Хризеиданың  орнын  басатын  тап  сенің  колындагы 
түтқын  қыз  Брисеиданы  алып  кетемін.  Бұл  жерде  менімен  ешкімнің 
үзеңгі  қағыстыра  алмайтынына  және  сенен  каншалықты  жогары 
түрғаныма  көзінді  жеткізу  үшін,  жаңағы  ойымды  дэл  қазір  жүзеге 
асыратыныма, құдайлардың атымен  ант етемін!
-  Арсыз,  жауыз,  құлқынның  құлы!  Сенің  әміріне  бас  ие  қояр  кім 
бар?!  Мен  троялықтармен  қырқысуға  осында  өзім  үшін  келді  гой 
деймісің?!  Приам  ұрпағының  маған  деген  қылдай  киянаты  жоқ:  олар 
менің  үйір-үйір  жылкым  мен  табын-табын  өгіздерімді  айдап  алган 
жоқ,  даламды  таптаған  жоқ,  қойнымдагы  катынымды  алып  қашқан 
жоқ.  Мен  мұнда  сенің  інің  Менелайдың  намысын  жыртып,  кек 
кайыргалы  келдім!  Оның  қадірін  біліп  түрған  сен  жоқсың,  енді  келіп 
кан  майданда  қабырғам  қайыскан  еңбегім  үшін  ахейліктердің  берген 
сыйын  тартып  аламын  деп  қыр  көрсетесің!  Жаны  тәтті  жалмауыз 
төбет!  Біз  жорықка  шыққанда  ғой,  сен  шатырыңның  саясында  калып 
шарап  ішуге  кұмарсың,  сонан  соң,  өзгенің  үлесіне  езеурей  жүгіресің. 
Мен  қан  төгуді  каламаймын,  әйтпесе,  бұл  кылығың  сен  үшін  өмірінде 
көрсеткен  соңгы  зәбірің  болар  еді.  Бірақ  бұдан  былай  сен  үшін 
шай касқа шықпаспын!
Қатерлі  дабыл  кагылмай  тұрып-ақ  троялықтардың  катарынан 
сымбатты  бір  жауынгер  шыға  келді.  Иығына  кабыланның  шұбар 
терісін  жамылыпты,  колына  соғыс  найзасынын  екеуін  ұстаган. 
Қарсыластары  оны  бірден-ақ  таныды,  бұл  Еленаны  алып  қашкан, 
аскан  сұлу  Парис  Приамид  болатын.  Ол  ахейліктерге  тақалып  келді 
де, даусын көтере тіл катты:
-   Аргивяндар,  сөзіме  кұлак  салындар!  Орталарыңда  ержүрек 
жауынгер бар ма екен?!  Приамның ұлы  Париспен жекпе-жек  шығатын 
қайсың бар?!
8

Осы  кезде  Приам  тәрізді  иыгына  қабыланның  шүбар  тсрісін 
жамылған,  сұлу  тұлгалы,  қарасақал  жауынгер  күймедеи  ыргып  түсіп, 
троялықтарга  қарай  беттеді.  Парис  болса  қарсыласының  жакындауыи 
күтіп  тұрып  қалган  еді.  Кенет  оның  өңі  қашып,  айналасына 
дегбірсіздігіне  қарагыштай  берді.  Ол  Атридтің  Менелайын  таныган
еді.
Елшілік
Үрыс  алдында  акжүрек  Аякс  пен  Одиссейді  жогаргы  косем
түнделетіп  қайда жүмсап еді?
Елшілерге жакын  келген  Агамемнон толқыган үнмен тіл  қатып:
-  Не болды,  айбынды  Одиссей,  сөйле жылдамырак,  не деп  жауап 
берді  Пелид?  Кемеміздің  түбінен  жаудың  бетін  қайтаруға  келісс  ме 
екен, жоқ әлде тәкаппар көнілі бүрынгыша қаскөйлікке толы  ма екен?
-   Патша,  -  деп  жуап  берді  Одиссей,  -  айтқан  әміріңнің  бэрін  де 
‘  жеткіздім  мен оган. Түбімізге жетер ашуды тастап, ахейліктерге комек
көрсёт дедім.  Сенің  оган  Брисеиданы  кайтарып  қана  қоймай,  колынан 
өнері төгілген тагы да жеті  күңді  қосып беретініңді айтып уэде бердім. 
Оның  ренішін  жуып  -  шаю  үшін  беретін  сыйлықтарыңның  бэріп  дс 
атап  шықтым:  он  талант  алтын  (талант  -   салмақ  өлшемі,  26,2  келіге 
тең),  жиырма алтын  ыдыс,  үш  аяқ мосының жаңадан  соғылган  жетсуі, 
он  екі  ат.  Бұган  коса  Трояны  басып  алганда  алтынды,  мыс  пен  ақ 
темірді  калауынша  кемесіне  тиейтінін  және түткынга түскен  троялык
жиырма  күңді  бірінші  болп  тавдайтынын да айттым.  Микенге  қайтып 
оралган соң үш  қызыңның бірін  беріп, өзіне күйеу бала ететініңді, ескі 
салт бойынша ешкандай  калың  мал алмайтыныңды,  керісінше, бұрын- 
сонды  болмаган  жасауды  өзің  беріп,  теңіз  жагасындагы  байлыққа 
бөккен  жеті  сэулетті  калаңды  сыйга тартатыныңды  да  жеткіздім.  Ант 
етейін,  Атрид,  сенің  ұсыныстарыңның  бірде-бірі  үмыт  қапган  жоқ, 
мұны  менін  жолдастарым  да  қуаттайды.  Ешкім  тіс  жарып  үндеген 
жоқ.  Батыр  сөзін  жалгай  берді.  —  Менің  сөзімді  Ахиллес  ашуга 
булыгып,  шыдамсыздана тындап  отырганын сезіп  калдым да,  басқаша 
үгіттеп  те  көрдім.  Мен  троялыктардың  бетпе-бет  ұрыска  шыққан 
кезінде  оны  кандай  ерліктер  күтіп  түрганын  айттым...  Ахейліктсрдіц 
арасынан  өзіне  тірі  жанды  тең  санамаган  Гекторды  да  жеңетінін 
айттым... Трояны жеңушінің мәңгілік даңққа бөленетінін де айттым...
-  Пелид не деді? -  деп  Агамемнон  шыдамсыздана сұрады.
-  О патша, -  деп күрсінді Одиссей, -  менің сөзімнің бэрі де желге 
ұшқанмен  тең  болды.  Ахиллес  сенің  сыйлыгыңныц  бәрін  де 
кабылдамады:  кемелер мен  әскерді  Гекторды  коргаудың тәсілін  өздері 
ойласын деп, саган, ахейліктерге сәлем айтты.
9

Патрокл өлімі
Ол  Патроклдің  даусын  алыстан-ақ  естіді.  Досы  коймастан. 
тагатсыздана шакырып  келе жатыр. Ахиллес мойнын бұрды.
-   Сұмдык  бақытсыздык,  Пелид!  -   деп  айгайлайды  Патрокл.
-  Ержүрек ахейліктер дұшпанның жезінен жеңілейін деді. Кескілескен
ұрыс кемелердің дәл түбінде жүріп жатыр!
Ахиллес  түнерген  күйі  тіл  каткан  жок.  Патрокл  өршелене 
сөйледі:
-  Жібір  түрің  жок  кой,  Ахиллес!  Ашуыңды  басып,  ахейліктерге 
көмектесетін  де  түрің  жок.  Онда  шайкаска  мені  босат,  сенсен 
жауынгерлеріңді 
косып 
бер 
жаныма. 
Мүмкін 
тың 
күшпен 
троялықтарды тойтарармыз: оларды ұрыс әбден титыктатқан гой.
Сонда Ахиллес терең күрсініп алып, досына жауап берді:
-  Менің ашуымды  сөз етіп  кажеті жок, Патрокл.  Шегі  жоқ ашуды 
жүрекке  сақтау  мүмкін  емес.  Бірак  мен  ахейліктерге  айтқанмын: 
кашан  менің  лагерімнің  кақпасына  ұрыс  такалмайынша  кару 
көтермеймін.  Айткан  сөзімде  түруым  керек.  Ал  сенін  жөнің  бөлек. 
Егер  үрыска  шыгамын  десең,  карсы  емеспін.  Сауыт-сайманым  мен 
атымды  ал.  Менің  мәңгі  өлмес  аттарым  күбыла  желі  Зефирден 
жаралған:  олармен  ешкім  үзеңгі  кағыстыра  алмак  емес.  Шайкаска 
мирмидондарды  алып  шык. Олар жаумен жағаласуга жібермейсің деп, 
көптен  құлагымнын  кұрыш  етін  жеуде.  Тойтар  троялыктарды, 
Патрокл,  бірақ  мынаны  есіне  сакта:  егер  дұшпанды  күрем ен  
тықсырып  шығатын  болсаң,  әрі  карай  өкшелемей-ак  кой!  Кейін 
кайтаратын  бол,  мұны  мен  сенен  каггы  өкінемін,  саган  бұйырамын! 
Ерлерді  каусаткыш  Гекторға  карсы  сені  жалғыз жіберуден  коркамын, 
тагы да айтарым,  сен толық жеңіп  шыкпауың керек.  Ахейліктер әлі де 
болса менен  көмек сүрап, кінәсін өтесін.
Бұл  уакытта  үясынан  шыга  ұшқан  сонадай  каптап,  ұрыс 
даласымен  мирмидондар  да  жүгіріп  келе  жатыр  еді.  Ең  алдындағы 
кемеде  ахейліктердін  көзіне  оттай  басылып,  дулыға  мен  жарқырауык 
сауыт  киген  колбасшы  келе  жатты.  Шайкас  алаңын  қуанышты  айкай 
кернеді. 
«Ахиллес! 
Ахиллес!» 
-   деп 
шуылдады 
ахейліктер. 
Троялықтар  қалтыраған  күйі  кейін  шегінді.  Кеме  тубіндегі  кескілес 
өзінен-өзі токтады.
Ахиллестің 
сауыт-сайманын 
асынган 
Патрокл 
кемелерді 
коршаған  троялықгардың  тобырына  екпіндей  соктыкты.  Оның
өкшесін 
баса, 
жолындагы 
троялыктарды 
баудай 
түсіріп,
мирмидондықтар  да риы п  келеді.  Троялыктар  кемеден  серпіле  берді. 
Көбісі  күрен  какпасының аузына карай  кашты.
10

ГІатрокл  жауын  өкшелей  куып  келді.  Ол  сілтеген  найзадан 
троялыктар өз  күймесінің  астына сұлап түсіп  жатты.  Олардык  көбі  op 
ішінде  қаусаған  күймесімен  бірге  калды,  қалғандары  Трояға  карай 
жөңкілді.  Патроюуіін аттары ордан  бір-ак ыргып  өтті. Сол  кездс батыр 
қарсы 
алдында 
құйындатқан 
Гектордың 
күймесін 
корді.
Троялыктарды  куа  берме  деген  Ахиллестің  эмірі  ГІатроклдің  есінен
шығып  кетті. Оның күймесі тура Трояға карай  сырғып  келе жатты.
Троя  қорғанының  түбіне  келгенде  Автомедон  аттарды  тежей 
беріп  еді,  Патрокл  күймеден  қарғып  түсті.  Іле  ахейліктер  де  жегті. 
Олар  да  асығып-аптығып  Патроклдің  соңын  ала  үмтылды.  Скей 
кақпасы  ашық  болатын,  троялыктар  капаға  кіріп  бекіиу  үшін 
жанталасты.  Оларды  өкшелеген  күйі  қақпаға  Патрокл  де  кірмек 
болды.
Скей  кақпасының алдына  келіп  Гектор да токтағам-ды.  Ол  мойын 
бұрып,  қуғыншысына  қарап  еді,  соңына  түсушінің  Ахиллес  емес, 
Патрокл  екенін  сонда  барып  бір-ақ  білді.  Мұнам  әрі  Троя  көсемі 
күймеден  карғып  түсіп,  найзасын  көтерген  күйі  Патроклге  тап  берді. 
Бұл  екі  арада  екінші  бір  жауынгер  Патроклдін  бүйірінен  тиіп, 
колындағы  қалканын  найзамен  кағып түсірді.  Батыр  ашық калды.  Сол 
кезде  Гектордың найзасы  ішіне бойлай  кадалды.  Құдіретті  Патроклдің 
гүрс  етіп  жерге  құлағанын  көргенде  ахейліктер  «аһ»  үрды.  Жеңісін 
мактаныш еткен Гектор айкайлап жіберді:
-  Патрокл,  сен  біздің  Трояны  киратып,  катын-баламызды  тұткын 
етемін  деп  ойлап  едің!  Жок,  түйсіксіз!  Оларды  масқара  құлдыктаи 
арашалау  біздің  колымыздан  келді!  Ал  сен  дәл  осы  жерде  қарга- 
кұзгының додасына түсесің!
Қаны  сорғалап,  сұлап  жатқан  Патрокл  әлсіз  дауыспен  жауап 
қатгы:
-   Қаға  бер  кеудеңді,  мактана  түс,  Гектор!  Жауыз  қүдайлар 
женуіңді  жактады.  Бірак  сенің де  санаулы-ак  күнің  бар.  Өлім  түзағы 
енді  саган да қүрылды: мен үшін ұлы Ахиллес кек алады.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов

жүктеу 1.4 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет