Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
Дата14.09.2017
өлшемі0.68 Mb.
#15275

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БІЛІМ 

БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ 

ҰЙЫМДАРЫНДА 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАМАСЫ ТУРАЛЫ» 

 

Әдістемелік нұсқау хат  

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана 2014 

 

 

 

УДК 

ББК  

С  

 

ISBN 


Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының  Ғылыми 

кеңесімен баспаға ұсынылды (хаттама № ___         2014 жылдан бастап). 

 

 

«Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында және 



арнайы білім беру ұйымдарында  2014-2015 оқу жылының бастамасы туралы». 

Әдістемелік  нұсқау  хат.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы, 2014. – 17 б. 

 

 

Әдістемелік нұсқау хатқа арнайы мектептердегі және жалпы орта білім 



беретін  арнайы  сыныптардағы,  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын 

ұйымдардағы оқу үдерісін ұйымдастыру материалдары енгiзiлген. 

Әдістемелік  нұсқау  хат  арнайы  және  жалпы  орта  білім  беретін 

мектептердің басшылары мен бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.  

 

ISBN  


 

УДК  

ББК  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе.................................................................................................................... 



 



Арнайы білім беру ұйымдарындағы және инклюзивті білім 

беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы білім беру үдерісі.......... 

 





Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) оқушыларға арналған 

арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері....................... 

 





Есту қабілеті зақымдалған (нашар еститін, кейін естімей 

қалған) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) 

оқыту ерекшеліктері....................................................................... 

 

 



10 

Көру қабілеті зақымдалған (көрмейтін, нашар көретін, кейін 



көрмей қалған) оқушыларға арналған арнайы мектепте 

(сыныпта) оқыту ерекшеліктері..................................................... 

 

 

11 



Тірек қимыл аппараты зақымдалған оқушыларға арналған 

арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері....................... 

 

12 



Ауыр тіл кемістіктері бар оқушыларға арналған арнайы 

мектепте (сыныптағы) білім беру ерекшеліктері......................... 

 

13 



Психикасының дамуы тежелген (ПДТ) оқушыларға арналған 

арнайы мектепте (сыныптағы) оқыту ерекшеліктері.................. 

 

14 



Зияты зақымдалған (ақыл ой кемістігінің жеңіл және орташа 

 


түрі) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту 

ерекшеліктері................................................................................ 

 

14 


 

Мазмұны..................................................................................................... 

 

23 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Кіріспе 

Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептерінде 

инклюзивті  білім  берудегі  оқыту  үдерісі  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта 

білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  (бұдан  әрі  -  ҚР  МЖМБС  1.4.002-

2012)  негізінде,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  8 

қарашадағы  №  500  және  2012  жылғы  20  желтоқсандағы  №  557 

бұйрығымен  бекітілген  мектепке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы 

орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарлары  және  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  орта 

мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасы  мемлекетінің  «Білім  туралы»  Заңының  1 

бабына  сәйкес,  инклюзивті  білім  берудің  мақсатын  жүзеге  асыратын 

жүйелі  білім  берудің  барлық  деңгейінде  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

жандарды  біріктіріп  оқытуда,  дамуындағы  ақаулықты  түзетуде  және 

әлеуметтік бейімдеуде арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.  

Инклюзивті білім білім беру келесідей ұйымдарда ұйымдастырылуы 

мүмкін:  жалпы  білім  беретін  мектеп,  шағын  жинақты  мектеп  және  тірек 

мектебі  (ресурстық  орталық),  түзету  мекемесіне  қарасты  жалпы  білім 

беретін  мектеп,  кешкі  мектеп,  девианттық  мінез-құлықты  балаларға 

арналған білім беру ұйымы, мектеп-интернат, ерекше режимдегі балаларға 

арналған білім беру ұйымы және ауруханаға қарасты мектеп.  

Инклюзивті  білім  беруді  іске  асыру  отбасының  белсенді 

қатысуымен, 

коррекциялық-педагогикалық 

және 

баланың 


жеке 

қажеттіліктерін  әлеуметтік  қолдау  мен  балалардың  жеке  ерекшеліктерінің 



білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, 

яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылады.  

Логопед,  арнайы  психолог,  арнайы  педагог  т.б.  мамандары  жоқ 

жалпы  білім  беретін  ұйымдардың  инклюзивті  сыныптарында  оқитын 

мүмкіндігі  шектеулі  балалар  психологиялық-педагогиалық  түзету 

кабинеттерінде 

және 

оңалту 


орталықтарында 

коррекциялық 

педагогикалық қолдау ала алады. 



Инклюзивті  білім  беретін  жалпы  орта  мектептерде  сабақ  ерекше 

білім  алу  қажеттіліктері  бар  оқушыларға  жеке,  дербес  тұрғысынан 

қарастырылып өткізіледі.  

Оқыту  сапасын  арттыру  барысында  жұмыстың  маңызды  бағыттары 

білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары 

мен  технологияларына  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  болып 

табылады.  

Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  беру  академиясының «2014-

2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін 

(сонымен  бірге  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын)  ұйымдарында 

ғылым  негіздерін  оқытудың  ерекшеліктері  туралы»  әдістемелік  нұсқау 

хатында  жалпы  орта  білім  беру  (бастауыш,  негізгі  және  орта  білім 

деңгейлері) деңгейі пәндеріне оқыту ерекшеліктері баяндалған. 

Арнайы  білім  беру  ұйымдарының  қызметі  жөніндегі  Типтік 

ережелер  ҚР  Үкіметінің  №  499  қаулысымен  2013  жылы  17  мамырда 

бекітілген;  Дамуында  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  арналған  арнайы 

білім  беру  ұйымдарының  қызметі  жөніндегі  Типтік  ережелер  ҚР  БҒМ  № 

258  бұйрығымен  2013  жылы  4  шілдеде  бекітілген;  Жалпы  білім  беретін 

ұйымдардың  қызметі  жөніндегі  Типтік  ережелер  (бастауыш,  негізгі  орта, 

жалпы және жалпы орта), ҚР Үкіметінің № 499 қаулысымен 2013 жылы 17 

мамырда  бекітілген;  Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларға  бастауыш, 

негізгі орта, жалпы және жалпы орта білім берудің Типтік оқу жоспарлары 

ҚР  БҒМ  №  61  бұйрығымен  2014  жылы  25  ақпанда  бекітілген  мектептер 

мен арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие үдерістері реттеледі. 

Арнайы  білім  беру  және  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыратын 

ұйымдарда  оқу  жылының  басталуы  мен  ұзақтығы,  каникул  күндері 

республиканың  барлық  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерінде  іске 

асырылып жатқан оқу мерзімдеріне сәйкес бекітіледі. 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті сыныптарға қабылдануы 

нормативтік  нұсқамалармен  айқындалған.  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499  «Жалпы  білім  беру 

ұйымдары  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта)  қызметінiң  үлгілік 

қағидаларының»  қаулысымен  бекітілген  18)  тармақшасына  сәйкес,  ата-

аналардың  немесе  өзге  де  заңды  өкiлдердiң  мүдделерiн  ескере  отырып, 

жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру 

ұйымдарында  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  дені  сау  балалардың 

бірлесіп  оқитын  сыныптары  (бір  сыныпта  даму  мүмкіндігі  шектеулі  екі 


баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының 

үлгілік  қағидаларында  көрсетілген  толымдылыққа  сәйкес  бұзушылық 

түрлері  бойынша  арнайы  сыныптар  ашылуы  мүмкiн.  Инклюзивті  білім 

беретін  арнайы  сыныптар  оқушылардағы  ауытқу  түрлері  бойынша 

сараланған, яғни:  

-  есту  қабілеті  бұзылған  балаларға  арналған  (ішінара  естімейтін, 

сөйлеу  қабілеті  қиын,  бірақ  есту  құралының  көмегімен  сөз  қорын  өз 

бетінше жинақтау мүмкіндігін сақтайтын балалар);  

-  көру  қабілеті  бұзылған  балаларға  арналған  (көру  өткірлігі  ерекше 

төмендеген  нашар  көретін  0,05  –  0,5-ке  дейін  оптикалық  түзетілген 

балалар);  

-  ауыр  тіл  кемістігі  бар  балаларға  арналған  (балалардың  сөйлеу 

қатынасын  шектейтін  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  қабілетінің  тұрақты 

бұзылысы, яғни сөйлеу тілінің қарым-қатынас қызметі бұзылған балалар);  

- тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларға арналған (қимыл-

қозғалысының жартылай немесе толық бұзылысы);  

- психикалық дамуы тежелген  (ПДТ) балаларға арналған (психикалық 

дамуының  қалыпты  жағдайдан  ауытқуы,  яғни  органикалық  минималды 

зақымдары  немесе  орталық  жүйке  жүйесінің  функционалдық  кемшілігі 

бар,  сондай-ақ,  ұзақ  уақыт  бойы  әлеуметтік  депривация  жағдайында 

болған балалар);  

-  зияты  зақымдалған  балаларға  арналған  (танымдық  әрекеттерінің 

тұрақты бұзылыстары, яғни ақыл-ой кемшілігінің жеңіл және орташа түрі) 

жүзеге асырылады.  

Инклюзивті  сыныптардағы  оқу  үдерісі  Қазақстан  Республикасының 

білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

Мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  білім  берудің  Типтік  оқу  жоспары 

факультативті  сабақтар,  еңбекке  дайындық  және  түзету  курстары  мен 

инвариантты  компоненттегі  жалпы  білім  беретін  пәндер  арасындағы  оқу 

сағат жүктемесін құрайды. 

Есту,  көру  қабілеттері,  тірек-қимыл  аппараты  зақымдалған,  ауыр  тіл 

кемістігі  бар,  психикалық  дамуы  тежелген  оқушыларға  арналған  Типтік 

оқу жоспарларының инвариантты бөліміндегі жалпы білім беретін пәндер 

тізімі мемлекеттік білім беру стандарт талаптарына сай. 

«Түзету  компоненті»  -  оқушылардың  даму  ақаулықтарын  жоюға 

бағытталған  түзету  пәндері  енгізілген  типтік  оқу  жоспарының  арнайы 

бөлімі. 

Зиятында бұзылыстары бар оқушыларға (жеңіл және орташа ақыл-ой 

кемістігі)  арналған  Типтік  оқу  жоспары  таным  әрекетінің  тұрақты 

бұзылыстары  мен  орталық  жүйке  жүйесінің  органикалық  бұзылысымен 

айқындалатын  эмоциялық-ерік  сферасының  себептері  бойынша  мазмұны 

МЖМБС  талаптарына  бағытталмаған  оқу  пәндері  енгізілген.  Ақыл  ойы 

кем  оқушыларға  білім  беру  тек  қана  арнайы  әзірленген  оқу 

бағдарламаларымен, оқулықтармен және ОӘК жүзеге асырылады. 

Типтік  оқу  жоспарының  негізінде  оқушылар  контингентінің 


ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  әрбір  сыныпқа  оқу 

жоспары  әзірленеді.  Типтік  оқу  жоспарының  инвариантты  бөлігінің  15-

20%  оқушылардың  психофизикалық  даму  ерекшеліктеріне  сәйкес  қайта 

бөлуге болады (сыныптарға бөлінген жалпы сағат санының аясында). 

Күрделі  кемістіктері  бар  оқушыларға  білім  беруде  (есту  және  зият 

бұзылысы,  көру  және  зият  бұзылысы,  тірек-қимыл  аппараты  және  зият 

бұзылысы)  есту  немесе  көру,  немесе  тірек-қимыл  аппаратында 

бұзылыстары  бар  оқушыларға  типтік  оқу  жоспарының  түзету  компоненті 

енгізіліп,  ақыл-ойы  кем  (жеңіл  және  орташа)  балаларға  арналған  Типтік 

оқу жоспарының негізінде оқу жоспары әзірленеді.  

Оқушыларға  білім  беру  ақыл-ойы  кем  балаларға  арналған 

бағдарламалар  негізінде,  яғни  көрсетілген  категориядағы  оқушыларға 

білім  берудің  арнайы  әдістері  мен  тәсілдерін  қолдану  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

Білім  беру  ұйымының  педагогикалық  кеңесі  оқуда  қиындықтар 

туғызатын үйде оқытылатын оқушылардың қабілеттілігіне қарай жеке оқу 

жоспарлары мен жеке оқу бағдарламаларын бекітеді.  

Арнайы  білім  беру  ұйымдарында  және  инклюзивті  білім  беруді 

жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында үйде оқытылатын оқушылардың 

дамуының  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып, сыныптар  бойынша  үйде 

білім  алуының  Типтік  оқу  жоспарында  көрсетілген  сағаттар  ауқымында 

пәндер бойынша білім мазмұны меңгерілуі қамтамасыз етілуі тиіс.  

Оқытылатын  пәндер  тізімі  мен  үйде  білім  алудың  Типтік  оқу 

жоспарында  көрсетілген  сағаттар  пәндер  бойынша  ата-аналармен  (немесе 

олардың орнындағы тұлғалармен) келісе отырып бөлінеді. 

Инклюзивті  сыныптарда  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту 

жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ, арнайы оқу 

бағдарламалары бойынша ПМПК нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  инклюзивті  сыныптарда 

түрлеріне сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарының 

және жеке оқу жоспары, баланы оқытуға ұсынылған үлгілі бағдарламалар 

негізінде,  оқу  жоспарының  әрбір  оқу  пәндері  бойынша  жеке  жұмыс 

жоспары әзірленеді. 

Білім  берудің  жеке  бағдарламалары  –  оқушылардың  даму 

деңгейінің  өзектілігін  ескеріп,  оқытылатын  пәндер  саласындағы  және 

дамудың жақын аймағындағы білім, білік және дағдыларын құрайды. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  инклюзивті  сыныптарындағы 

оқушылардың  саны  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  бекіткен 

нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.  

Шетелдіктер  балалары  мен  білім  беру  ұйымдарында  мекендеген 

(тұрақтанған)  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  ана  тілін  терең  меңгеруі  үшін 

жағдай жасалуы қажет. Осы категориядағы балаларды оқу-тәрбие үрдісіне 

біріктіру  мақсатында  және  қазақ  тілі  мен  орыс  тілін  меңгеруге  қосымша 

сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады.  

Жалпы білім беретін мектептерде оқыту барысында даму мүмкіндігі 



шектеулі  балалардың  саны  10-нан  асқан  жағдайда,  қызметі  «Даму 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  біріктіре  (инклюзивті)  білім  беруді 

ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда» көрсетілген инклюзивті 

білім  берудегі  педагог-дефектолог-үйлестірушінің  жалақы  мөлшері 

қарастырылады. 

Білім  беру  үдерісіне  қатысушыларға  арнайы  психологиялық-

педагогикалық қолдау жеке және топтық үлгіде жүргізіледі.  

Инклюзивті  білім  берудің  мақсаттары  мен  міндеттеріне  тиімді  жету 

мақсатында жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және 

біріктіретін  орталықтармен,  кәмелеттік  жасқа  толмағандарды  бейімдейтін 

орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту 

орталықтары  және  психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеттерімен 

серіктестік ұйымдастырады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

 

Арнайы білім беру ұйымдарындағы және инклюзивті білім беруді 

жүзеге асыратын ұйымдардағы білім беру үдерісі  

 

Тіл  мен  әдебиет  пәндерінің  мұғалімі  оқушылардың  ауызша  және 

жазбаша  сөйлеу  тіл  кемшіліктерін  ескеруі  керек,  сөздердің  дұрыс 

дыбысталу 

деңгейінің 

дамуына, 

сөйлеу 


тілінің 

лексикалық-

грамматтикалық  жағына,  байланыстырып  сөйлеу  ерекшеліктеріне  назар 

аударуы тиіс.  



Математика  және  жаратылыстану  пәндерінің  мұғалімі  зияты 

бұзылған 

балалардың 

танымдық 

әрекеті 

мен 


эмоциялық-ерік 

сферасындағы  ерекшеліктерді  ескеруі  керек,  сонымен  қатар,  психикалық 

дамуы  тежелген  балалардың  (ПДТ)  психофизикалық  ерекшеліктері 

тұрақты түрде назарда ұсталынуы тиіс.  



Адам  және  қоғам  білім  саласына  байланысты  пәндерінің  мұғалімі 

балаларды қоғамға бейімдеуде және олардың мінез-құлықтарын түзетудегі 

жақсы,  оңтайлы  әлеуметтендірушілік  және  тәрбиелік  әлеуеттеріне 

(әлеуметтік-экономикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  жағдайы 

төмен,  оралмандар,  босқындар,  аз  ұлттар  отбасыларынан  шыққан, 

девиантты  мінез-құлықты  балалар)  сонымен  қатар,  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларға көңіл бөлуі керек.  

Музыка  және  бейнелеу  өнері  пәндерінің  мұғалімі  тірек-қимыл 

аппараты  және  сөйлеу,  есту,  көру  бұзылыстары  бар  балаларды  оқыту 

үдерісіндегі  қиындықтарын,  оңтайлы  психологиялық-эмоциялық  күйге 

келтіруін  дамытуын,  ұсақ  моторикасын  және  танымдық  іс-әрекетін 

белсендіруін ескеруі керек.  

Технология  пәнінің  мұғалімі  жеке  тәсілдерді  қолдану  және 

жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы тірек-қимыл аппараты, ПДТ және 

зиятында  бұзылысы  бар  оқушылардың  сенсорикасы  (сезімталдығындағы) 

мен ұсақ моторикасындағы, танымдық әрекетіндегі ерекшеліктерін ескеруі 

тиіс. 

Дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі  тірек-қимыл  аппаратындағы 

бұзылыстарын  ескеруі,  жалпы  және  ұсақ  моторикасына  назар  аударуы, 

сонымен  бірге,  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  арналған  балалардың 

денсаулығын  нығайту  мен  дене  дамуына  арналған  арнайы  жаттығуларды 

жоспарлауы  керек.  Сонымен  қатар,  сабақ  өткізу  кезінде  есту,  көру 

бұзылыстары  бар  балалардың  ерекшеліктерін  ескеру  (анық  және  нақты 

командалар  беру,  әрекеттерді  арнайы  көрсету  және  т.б.)  және  емдік  дене 

шынықтыруларды ұйымдастыру қажет. 

Арнайы  мектептерге  әзірленген  оқу  жоспарының  жалпы  білім 

беретін  тәртіптері  мен  түзету  курстары  бойынша

 

оқулықтар  мен  ОӘК 



болмаған  жағдайда,  РФ  әзірлеген  және  басылымға  шығарған  оқулықтар 

мен дидактикалық материалдарды қолдануға болады. 

Мүмкіндіктері  шектеулі  оқушыларға  білім  беретін  білім  беру 

ұйымдары  оқушылардың  білім  беру  мазмұнының  ерекшеліктері  мен 

мүмкіндіктерін  ескеріп,  формалар  мен  оқу  үлгерімінің  ағымдағы  кезекті 

бақылауын,  тәртібін  білім  алушыларды  аралық  аттестатциялауды  өз 

бетімен анықтайды. 

Түзету  курстары  мен  пәндер  тізімі  оқушылардың  даму 

бұзылыстарын  ескере,  олардың  әрбір  категориясына  қарай  Типтік  оқу 

жоспарларымен белгіленеді.  

Түзету  компонентінің  пәндерін  оқу  жоспарындағы  инвариантты 

компонент  тәртіптерімен  ауыстыруға,  сондай-ақ,  осы  сағат  сандарын 

қысқартуға  болмайды.  Мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  білім  берудің 

Типтік  оқу  жоспарында  бір  балаға  түзету  сабақтарын  өткізу  үшін  ең  аз 

уақыт мерзімі көрсетілген. 

Арнайы 


сыныптарда 

білім 


алушылардың 

психофизикалық 

денсаулығын  сақтауға  бағытталған  қорғаушы  педагогикалық  режим 

қамтамасыз етіледі.  



Мүмкіндіктері 

шектеулі 

оқушыларды 

еңбекке 

баулу 

психофизикалық  дамуының,  денсаулығының,  мүмкіндіктерінің  өзіндік 

ерекшеліктерін  ескере,  сондай-ақ,  еңбек  профилін  таңдау  негізінде 

тәрбиеленушілер  мен  олардың  ата-аналарының  (заңды  өкілдерінің) 

мүдделері ескеріле жүзеге асырылады.  

 

2. Есту қабілеті зақымдалған (естімейтін) оқушыларға арналған 



арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері  

Білім беру үдерісі білім беру мазмұнының күрделенуі мен бірізділікті 

(кезекті) дамуына қарай 4 деңгейге бөленеді:  

- оқытудың дайындық кезеңі (0 сынып),  

- бастауыш деңгей (1-3 сыныптар); 

- 1-ші негізгі деңгей (4-7 сыныптар); 

- 2-ші негізгі деңгей (8-10 сыныптар). 

Оқу  жоспарында  келесідей  міндетті  коррекциялық  пәндер 

көрсетілген:  

«Заттық-практикалық  оқыту»  (0-4  сыныптар).  Міндеті  –  тілді 

меңгеру  мен  жоғары  психикалық  функцияларды  қалыптастыру  үшін 

полимодальды  сезімдік  таным  негізін  және  білімді  меңгеру  негізінде 

тұрмыстық түсініктерді игеру үшін жалпы білім беру пәндерін қолдану.  



«Түзету 

ырғағы» 

(0-4 

сыныптар)

Түзету 


жұмысы 

электроакустикалық 

аппаратураны 

қолданып, 

естіп 

қабылдауын 



интенсивті  дамыту  жағдайында  сөйлеу  тілі  мен  қимылдарын  дамытуға 

бағытталған. 



«Жест тілі» (4-11 сыныптар). Міндеті – оқушының коммуникативтік 

әрекетін  дамыту.  Қазақстан  Республикасында  естімейтіндерді  оқыту 

үдерісі  есту-көру  негізінде  жүзеге  асырылады,  ал  білім  беру  үдерісінде 

жест  тілі  көмекші  тәсіл  ретінде  қолданылады.  Жест  тілін  сауатты 

меңгерудің нәтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді.  

«Дағдыланған  сөйлеу  тілі»  (4-11  сыныптар).  Міндеті  –  еститін 

адамдармен  қарым-қатынасқа  түсу  үшін  күнделікті  пайдаланатын  сөз 

қорын, коммуникативті әрекетін дамыту. 

«Естіп  қабылдауын  дамыту  және  дыбыс  айтуын  қалыптастыру» 

(ЕҚД  және  ДАҚ).  Сабақтар  есту  мүкістігі  бар  оқушыларды  түзете 

оқытудың  және  оңалтудың  негізі  болып  табылады.  Сабақтарда  ауызша 

сөйлеуі  қалыптастырылады  және  қалдық  естуі  дамытылады.  0  ден  4 

сыныптарға  дейін  ЕҚД  және  ДАҚ  бойынша  сабақтар  сыныпта  апталық 

жүктеме  көлемінде  18  сағат  өткізіледі.  5-6  сыныптарда  жеке  сабақтардың 

апталық  жүктемесі  аптасына  16  сағатқа  дейін  қысқартылады,  яғни  білім 

берудің  бұл  кезеңінде  дыбыстарды  қою  мен  машықтандыру  аяқталып, 

сөйлеу  тіл  дыбыстарын  ажырату,  естіп  қабылдауын  дамыту  және  өзінің 

сөйлеу тілін бақылау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ, жұптармен сөйлеу 

тілін  дамыту  жұмысы  басталып,  әдеби  мәтіндерді  естіп  қабылдауы 

бойынша жұмыстар жүргізіледі. 7-9 сыныптарда ЕҚД және ДАҚ сабақтары 

аптасына 4 сағат (жұптармен), ал 10-шы сыныпта 2 сағат өткізіледі. Өзінің 



сөйлеу  тілін  бақылау  дағдыларын  жетілдіру  бойынша,  сөйлеу  тіл 

дыбыстарының айтылуын түзету және диалогтық сөйлеу тілімен жұмыстар 

жалғастырылады.  

5-сыныптан бастап  қазақ  әдебиетін  зерделеу  орыс  тілінде  жүргізіледі 

(орыс  тілінде  білім  беретін  мектептерге  арналған).  Математика  бойынша 

естімейтін  балаларға  арналған  арнайы  оқулықтар  7-сыныпта  аяқталуына 

байланысты  «Алгебра»  және  «Геометрия»  пәндерін  8-сыныптан  бастап 

зерделеуі мүмкін. 



 

3.  Есту  қабілеті  зақымдалған  (нашар  еститін,  кейін  естімей 

қалған) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) білім беру 

ерекшеліктері  

Білім беру үдерісі білім беру деңгейлеріне сәйкес қамтамасыз етіледі: 

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар; 

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар. 

Алдын ала мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық 

(0) сыныбына келіп түседі. Мектепке  дейінгі арнайы дайындықтың толық 

курсынан  өткен  балалар  1-ші  сыныпқа  келіп  түседі.  Дайындық  (0),  1-4 

сыныптарда  білім  беру  арнайы  бағдарламалар  мен  оқулықтар  бойынша 

іске  асырылады.  Оқушылар  5-10  сыныптарда  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктері  ескеріліп  қайта  қарастырылған  және  бейімделген 

материалдармен,  жалпы  білім  беретін  мектептің  бағдарламалары  мен 

оқулықтары бойынша білім алады. 

Түзетуге  бағытталған  қағида  барлық  оқу-тәрбие  үдерісінің 

компоненттерінде  жүзеге  асырылатын  арнайы  білім  беру  мен  тәрбие 

берудің ерекше қағидасы болып табылады: жалпы білім беру және түзету 

кезеңінің пәндерінде, қосымша білім беруде. Білім беру мен тәрбие берудің 

түзетушілік бағыты кәсіби білім мен бала дамуының бұзылыс құрылымын 

есепке  алуын,  оның  әлеуетті  мүмкіндіктерін  қолдануын  болжайды. 

Оқушылардың  ауызша  сөйлеу  тілінің  жетілуіне  және  есту-көру  негізінің 

қалыптасуына  септігін  тигізетін  дыбыс  айту  мен  еріннен  оқу  жұмысы 

барысында  естіп  қабылдауын  дамытуға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Осы 

міндеттерді  шешу  үшін  оқу  жоспарына  түзету  курстары  енгізілген: 

«Дыбыс айтуын қалыптастыру және естіп қабылдауын дамыту»  (0-10 

сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7 сыныптар), «Қоршаған ортамен танысу» 

(0-2  сыныптар).  Түзету  кезеңінің  сабақтары  күннің  бірінші  жартысында 

қалай  өткізілсе,  екінші  жартысында  да  дәл  солай  топпен  және  жеке 

өткізіледі.  

Негізгі  мектеп  курсында  жалпы  білім  бетерін  бағдарламаларды сәтті 

меңгерген  оқушылар  жалпы  орта  білім  мен  мамандық  алу  мақсатында 

кәсіби колледждерде, лицейлерде, кешкі мектептерде оқиды.  

 

4.  Көру  қабілеті  зақымдалған  (көрмейтін,  нашар  көретін,  кейін 

көрмей  қалған)  оқушыларға  арналған  арнайы  мектепте  (сыныпта) 

оқыту ерекшеліктері  


Білім беру үдерісі білім беру деңгейлеріне сәйкес қамтамасыз етіледі: 

- бастауыш білім – 1-4 сыныптар; 

- негізгі орта білім - 5-10 сыныптар; 

- жалпы орта білім – 11-12 сыныптар. 

Орта білім алу ұзақтығын арттыру себептері: 

-  көрмейтін  және  нашар  көретін  оқушылардың  таным  әрекеттерінің 

ерекшеліктері;  

-  оқыту  қарқынының  (темп)  баяулауы  және  оқушылардың  қоршаған 

орта  туралы  таяз  түсініктері  мен  білімдерінің  орнын  толтыратын  жалпы 

білім  беру  пәндеріне  пропедевтикалық  (дайындық)  тарауларды  енгізу 

қажеттілігі; 

- көрмейтіндердің ақпарат алуының сукцессивті тәсілін қолдану (сезім 

мүшелерін қолдану негізінде); 

-  Брайль  жүйесі  бойынша  оқу  мен  жазу  ерекшеліктеріне,  рельефті 

суреттер мен сызбаларды оқуға үйрету; 

-  практикалық  және  зертханалық  жұмыстарын  бақылау  барысында, 

кеңістікте  бағдарлай  алуы  үшін  тифлоқұралдарды  және  құрылғыларды 

қолдану қажеттілігі. 

Мектепке  дейінгі  дайындықтан  өтпеген  6-7  жастағы  балалар  үшін 

дайындық  (0)  сыныптары  ұйымдастырылады.  Бастауыш  білім  беру 

бағдарламаларын  меңгеруде  (1-4  сыныптар)  оқушылардың  функционалды 

сауаттылығының  негіздері  қалыптасады,  оларды  негізгі  қарым-қатынас 

біліктері  мен  дағдыларын  және  оқу  еңбегімен  қаруландырады,  отандық 

және әлемдік мәдениет негіздеріне баулиды, сонымен бірге, негізгі жалпы 

білім беру бағдарламаларын меңгерудің базасын құрайды. 

Көру  қабілеті  зақымдалған  балаларға  білім  беру  негізгі  орта  білім 

деңгейінде  6  жыл  мерзімде  жүзеге  асырылады.  Осыған  орай,  пән 

мұғалімдерімен  жүзеге  асырылатын  әр оқу  пәнінің  аясында  оқу  жылдары 

бойынша, сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескеріп, оқу материалын 

қайта бөледі. 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  бәсекеге  қабілетті  білім  беру 

кеңістігін  құруға  бағытталған  профильді  білім  беру  жүзеге  асырылады. 

Профильді білім беру оқушылардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес 

саралау  жүйесі  ретінде  қарастырылады.  Екі  бағыт  жүзеге  асырылады: 

қоғамдық-гуманитарлы  және  жаратылыстану-математикалық.  Бір  немесе 

екі  бағытты  таңдау  оқушылардың  қажеттіліктері  мен  ата-аналарының 

сұранысы бойынша мектеппен жүзеге асырылады. 

Білім  беру  үдерісінің  коррекциялық  бағыты  жалпы  білім  беру 

пәндерін және қалдық көру қабілетін, көріп қабылдауын дамыту және  оны 

қорғау;  әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  (ӘТБ),  кеңістікте  бағдарлау; 

мимика  мен  пантомимиканы  дамыту;  сөйлеу  тілі  бұзылыстарын  түзету 

(логопедтің сабақтары), емдік дене шынықтыру (ЕДШ) және түзету ырғағы 

арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады.  

Түзету  сабақтарының  мақсаты  –  көрмейтін  және  нашар  көретін 

балалардың  қоршаған  орта  туралы  түсініктерін  кеңейту,  олардың  бейнелі 


және  саналы  ойлауын  дамыту,  өзін-өзі  бақылау  мен  қимылдарын  реттеу 

тәсілдерін  қалыптастыру,  кеңістік  және  уақыт  туралы  түсініктерін 

қалыптастыру,  бағдарлама  материалын  толық  меңгеру  үшін  графикалық 

дағдыларын  дамыту.  Сабақтар  қоршаған  ортадан  ақпарат  алу  және  сезім 

тәжірибесінің тапшылығын толықтыру тәсілдерін кеңейтуге бағытталған.  

 

5.  Тірек  қимыл  аппараты  зақымдалған  оқушыларға  арналған 



арнайы мектепте (сыныптағы) оқыту ерекшеліктері 

Білім беру үдерісі білім алу деңгейіне сай қамтамасыз етіледі: 

- бастауыш білім беру – 1-4-сынып; 

- негізгі орта білім беру - 5-10-сынып; 

- жалпы орта білім беру– 11-12-сынып. 

Мектепке 

дейінгі 

білім 


алмаған 

6-7 


жастағы 

балаларға 

пропедевтикалық-диагностикалық  қызмет  ететін  дайындық  (0)  сынып 

ұйымдастырылады.  Дайындық  сыныбының  негізгі  міндеттері  баланың 

мүмкіндіктерін  зерттеу,  психикалық  даму  деңгейін  анықтау,  болашақта 

бастауыш 

мектепте 

оқуына 


дайындау. 

1-4-сыныптарда 

жалпы 

міндеттерден  басқа,  баланың  барлық  қимыл  әрекеттерін,  танымдық 



әрекеттері  мен  сөйлеу  тілін  қалыптастыруға  бағытталған  кешенді  түзету 

міндеттері  шешіледі.  5-6-  сыныптарда  жалпы  білім  берудің  және  еңбекке 

даярлықтың  негіздері  қалыптасады,  балалардың  қимыл  әрекеттерін, 

ойлауын,  сөйлеу  тілі  дағдыларын  дамыту  және  әлеуметке  бейімдеу  мен 

еңбекке  баулуды  қамтамасыз  ету  бойынша  түзете-қалыптастыру  жұмысы 

жалғастырылады.  11-12-сыныптарда  профильді  білім  беру  жүзеге 

асырылады.  Профильді  білім  беру  оқушылардың  қабілеттілігі  мен 

бейімділігіне  сәйкес  саралау  жүйесі  ретінде  қарастырылады.  Екі  бағыт 

жүзеге 

асырылады: 



қоғамдық-гуманитарлық 

және 


жаралыстану-

математикалық.

 

Бір  немесе  екі  бағытты  таңдау  оқушылардың 



қажеттіліктері  мен  ата-аналарының  сұранысы бойынша  мектеппен  жүзеге 

асырылады. 

Білім беру үдерісінің коррекциялық бағыты жалпы білім беру пәндері 

бойынша  жүргізілетін  сабақтар  сияқты,  арнайы  түзету  сабақтарында  да 

қамтамасыз етіледі. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған оқушылар шағын 

топтық және жеке сабақтарда коррекциялық-педагогикалық қолдау алады: 

1)  массажбен,  балшық-сумен,  дәрі-дәрмекпен  емдеу  негізінде  емдік 

дене  шынықтыру  (ЕДШ).  Емдік  дене  шынықтыру  оқушылардың  жалпы 

дене  тәрбие  жүйесінің  маңызды  бөлшегі  болып  табылады.  Әр  балаға 

арналған  түзету  жұмысының  жоспарын  оқу  жылына  ЕДШ  әдіскері  мен 

дәрігер  бірлесіп  құрады.  Сабақ  2-4  баладан  құрылған  топпен  немесе жеке 

өткізіледі. Сабақ өту уақыты - 45 минут. Сабақ түске дейін де, түстен кейін 

де өткізілуі мүмкін; 

2) сөйлеу тілі бұзылған балалар үшін ұйымдастырылған логопедиялық 

сабақтар.  Сабақтар  әр  оқушымен  аптасына  үш  реттен  кем  болмауы  тиіс. 

Сабақ өту уақыты 25 минут. Сабақ түске дейін де, түстен кейін де өткізілуі 

мүмкін; 


3)  танымдық  әрекеттерін  қалыптастыру  мен  дамыту  бойынша  түзету 

сабақтары. Бұл сабақтарда бағдарлама материалын меңгеру, қоршаған орта 

туралы  білімдерін  кеңейту,  кеңістіктік  және  уақыттық  түсініктерін 

қалыптастыру,  графикалық  дағдыларын  дамыту,  даму  кемістіктерінің 

орнын  толтыру  және  оқу  материалын  меңгеру,  бұзылған  психикалық 

қызметтерін  түзету,  күрделі  оқу  материалын  меңгеруге  дайындау 

қамтамасыз етіледі. Сабақ өту уақыты 20-25 минут.  

 

6.  Ауыр  тіл  кемістіктері  бар  оқушыларға  арналған  арнайы 



мектепте (сыныптағы) оқыту ерекшеліктері 

Білім беру үдерісі білім беру деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады: 

- бастауыш білім беру – 1-4-сынып; 

- негізгі орта білім беру - 5-10-сынып. 

Мектепке дейінгі арнайы дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) 

сыныпқа  қабылданады.  Ауыр  тіл  кемістігі  бар  балаларға  арналған  мектеп 

(сынып) қызметі сөйлеу тілі бұзылыстарын және соның салдарынан болған 

психикалық даму ерекшеліктерін жою мақсатымен жүзеге асырылады. 

Мектепте оқушыларға арналған бөлімшелер ашылуы мүмкін: 

-  ауыр  деңгейдегі  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  (алалия,  дизартрия, 

ринолалия,  афазия),  сонымен  қатар,  тұтықпаның  көрінісі  бар  жалпы 

сөйлеу тілі дамымаған балаларға; 

- сөйлеу тілінің қалыпты дамуындағы тұтықпаның ауыр түріне. 

Логопедиялық  сабақтар  оқу  сабақтарының  мазмұны  мен  формасын 

қайталамай түстен кейін өткізілуі керек. Оқушылар логопедиялық көмекті 

жеке,  шағын  топтық,  топтық сабақтарда  алады.  Шағын  топтар сөйлеу  тіл 

кемістігінің көрінісі мен біркелкілігін ескере отырып құрылады. 

Жеке  сабақтар  сөйлеу  тілінің  жүйелі  бұзылысы  бар  және 

артикуляциялық  аппаратының  құрылысы  мен  қозғалысы  бұзылған 

(ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі.  

Жеке  сабақтардың  өткізілуі  аптасына  екі  реттен  кем  болмауы  тиіс. 

Жеке сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. 

Шағын  топтық  сабақтар  ауыр  тіл  кемістігі  бар  балаларға  арналған 

мектепте  логопедиялық  жұмыстың  негізгі  түрі  болып  табылады.  Топқа 

сөйлеу  тілінің  бұзылысы  біркелкі  балалар  қабылданады.  Логопедиялық 

сабақтар  5-10  сынып  оқушыларына  шағын  топпен  ұйымдастырылатын 

жетекші жұмыс түрі болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут. 

Фронтальды  сабақтар  сыныптарда  (0,  1-4-сыныптарда)  баланың 

дыбыс айтуы мен фонетикалық-фонематикалық түсініктерін қалыптастыру 

бойынша  сөйлеу  тілі  тәжірибесін  кеңейтуі,  меңгерген  дыбысын  дұрыс 

айтуы,  дыбыс  айтуы  мен  естуінде  дыбыстарды  саралай  білуі  бекітіледі. 

Лексикалық-грамматикалық категорияларын дамыту бойынша фронтальды 

сабақтар 

лексикалық-грамматикалық 

категорияларды 

қолдануға 

бағытталған  тренингтерден,  сондай-ақ,  байланыстырып  сөйлеуіне 

бағытталған жаттығулардан құрылады. Фронтальды сабақтардың ұзақтығы 

дайындық  сынып  пен бірінші  сыныптың  алғашқы  жарты  жылдығында  35 



минутты, ал жоғарғы сыныптарда 45 минутты құрайды. 

Негізгі орта буын оқушыларына қазақ тілін және орыс тілін қосымша 

оқыту үшін факультативтер ұйымдастырылуы мүмкін.  

 

7.  Психикасының  дамуы  тежелген  (ПДТ)  оқушыларға  арналған 



арнайы мектепте (сыныптағы) оқыту ерекшеліктері 

Білім  берудің  түзете-дамыту  бағыты  оқушылардың  жалпы  білім 

беру  кезеңінің  пәндері,  сондай-ақ,  коррекциялық  пәндер  аясында  және 

қосымша  білім  беру  жүйесі  бойынша  білім  беру  үдерісінде  жүзеге 

асырылады. Коррекциялық пәндерге келесі пәндер жатады:  

«Қоршаған  ортамен  таныстыру  және  тіл  дамыту»  (0–2- 

сыныптар) баланың мектеп жасына дейін толық қалыптаспаған қоршаған 

орта  туралы  білімдері  мен  түсініктерін  кеңейтуге,  сөздік  қорын, 

байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған.  

«Түзету  ырғағы»  (0-4-  сыныптар)  психикалық  дамуы  тежелген 

балалардың  жалпы  моторикасы  мен  қимыл  үйлесімдігінің  ақаулықтарын 

жоюға бағытталған.  

«Әлеуметтік  тұрмысқа  бағдарлау»  (ӘТБ)  өмірлік  компетенция 

дағдыларын  қалыптастыруды,  қоғамда  және  тұрмыста  дербес  өмір  сүре 

білуіне  тәжірибелік  дайындығын  қамтамасыз  етеді.  Сабақ  арнайы 

жабдықталған бөлмеде өткізіледі.  

Сабақ  барысында  оқу  бағдарламаны  меңгеруде  қиналатын  оқушылар 

үшін  жалпы  дамытушылық  және  пәнге  бағыттаушы  жеке  және  топтық 

түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут.  

6-10-сыныптарда  жеке,  топтық  сабақтарға  бөлінген  сағаттар  пән 

мұғалімдері  арасында  бөлінеді.  Бұл  сабақтарда  күрделі  материалдарды 

меңгеруге дайындық жүргізіледі, біліміндегі олқылықтар жойылады. 

 

8.  Зияты  зақымдалған  (ақыл  ой  кемістігінің  жеңіл  және  орташа 

түрі)  оқушыларға  арналған  арнайы  мектепте  (сыныпта)  оқыту 

ерекшелігі 

Зияты зақымдалған оқушылар екі бөлім бойынша білім алады: 

1  бөлім  –  ақыл-ой  кемістігінің  жеңіл  дәрежесіндегі  оқушыларға 

арналған;  

2  бөлім  –  ақыл-ой  кемістігінің  орташа  дәрежесіндегі  оқушыларға 

арналған. 

Білім  беру  және  еңбекке  баулу  тәсілдерімен  олардың  даму 

ақаулықтарын  түзету,  сондай-ақ,  түлектерді  болашақта  қоғамға  біріктіру 

үшін  әлеуметтік-психологиялық  оңалту  мақсатымен  жүзеге  асырылады. 

Бірінші  сыныпқа  7-9  жастағы  балалар  қабылданады.  Білім  беру  үдерісі 

білім  беру  деңгейіне  сәйкес  жүзеге  асырылады:  дайындық,  бастауыш 

сыныптар  (0,  1-4);  жоғары  сыныптар  (5-9).  Мектепте  сәйкес  жағдайдың 

болуына  қарай  тереңдетілген  кәсіби-еңбекке  дайындықпен  10-шы 

өндірістік сынып ұйымдастырылады. 

0, 1-4- сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыруда ақыл ойы кем 


оқушының 

тұлғасын 

жан-жақты 

психологиялық, 

медициналық, 

педагогикалық  зерттеу  түрлері  мен  әдістерін  әзірлеу  мақсатында,  оның 

мүмкіндіктері  және  жеке  ерекшеліктері  анықталады.  Оқушылардың  білім 

алуға  қызығушылығы  оянады,  оқу  әрекетінің  дағдылары  мен  дербестігі 

қалыптасады және жалпы сөйлеу тілін дамытуға, моторика бұзылыстарын 

түзетуге,  балалардың  тәртібіндегі  зият  және  ерік-жігер  сферасының 

ақаулықтарын жоюға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.  

5-9-сыныптарда  балалар  еңбектің  түрлі  профильдері  бойынша 

тәжірибелік  бағыттылығы  мен  психофизикалық  мүмкіндіктеріне  сәйкес 

дағдылығы  бар  жалпы  білім  беру  пәндері  бойынша  білім  алады.  Жалпы 

білім  беру  пәндері  бойынша  білім  мазмұнының  көлемін  меңгере  алуына 

байланысты  оқушылардың  әлеуметтік  бейімдігі  мен  кәсіби-еңбекке 

дайындығына аса назар аударылады.  

Мектептің  бірінші  бөлімінде  дайындық  (0)  және  1-сыныптарда 

баллдық  бағалар  қойылмайды.  Оқушылардың  білім  алудағы  даму 

деңгейінің  нәтижесі,  олардың  өнімді  әрекеттерінің  негізінде,  яғни  сөйлеу 

тілінің  даму  деңгейімен,  жазба  жұмыстарымен,  сурет  салуымен,  жасаған 

жұмыстарымен анықталады.  

5-9-сыныптарда  математика  сабағының  1  сағатын  геометрия 

элементтерін оқытуға бөледі. 



Кезеңдегі сабақтар: 

«Коррекциялық  технология»:  «Түзету  ырғағы»,  «Сөйлеу  тілі 

дамуының  кемшіліктерін  түзету  (логопедиялық  сабақтар)»,  «Таным 

әрекеттерін  түзету»,  «Емдік  дене  шынықтыру»  түске  дейін  және  түстен 

кейін  өткізуге  болады.  Жеке  және  шағын  топтық  түзету  сабақтарының 

ұзақтығы  20–25  минут.  Шағын  топтар  сөйлеу  тілі  бұзылыстарының  және 

психофизикалық  бұзылыстарының  ескерілуімен  құрылады.  Емдік  дене 

шынықтыру сабақтары үшін топтар дәрігерлердің ұсынысымен құрылады. 

«Түзету  ырғағы»  топтарға  бөлінбестен  фронтальді  түрде  өткізіледі. 

Түзету  компоненттерінің  пәндері  бойынша  бағалау  жетістіктері  баллдық 

көрсеткіштермен белгіленбейді, сипаттама түрінде беріледі.  

«Жалпы еңбек дайындығы» 4-сыныптан 6-сыныпқа дейін енгізіледі. 

Мақсаты:  кәсіби-еңбекке  оқуына  және  болашақта  сәтті  әлеуметтік 

бейімделуіне дайындау.  

 

Бірінші бөлім  

7-сыныптан  9-сыныпқа  дейін  еңбекке  оқытуды  кәсіптік  бағытта 

жүзеге  асырады.  Еңбекке  оқыту  профилі  түлектерді  жұмыспен  қамту 

мүмкіндіктері  мен  аймақтардың  ерекшелігін  ескере  отырып,  мектеп 

әкімшілігімен  белгіленеді.  Осыған  орай,  еңбекке  дайындау  профилінің 

көпқырлығы  және  жергілікті  жағдайдың  ерекшелігіне  байланысты 

мектептерге  еңбектің  жеке  түрлері  бойынша  бағдарламаларды  әзірлеуге 

құқық беріледі.  

Еңбек тәжірибесі: 

 5-6-сыныптарда мектеп базасында; 


7-9-сыныптарда мектеп шеберханасында жүзеге асырылады.  

Еңбек  тәжірибесін  өту  мерзімі  мен  тәртібі  мектеп  педагогикалық 

кеңесімен  белгіленеді.  Мектепте  еңбекке  оқыту  бойынша  білім  алуы 

емтиханмен  аяқталады.  Білім  алушылар  белгіленген  тәртіп  бойынша 

қорытынды емтиханнан босатылуы мүмкін. 

Факультативті  сабақтарға  бөлінген  сағаттар  түзету  бағытының 

еңбекке  оқыту  профилі  бойынша,  сабақтар  мектептің  шешімімен 

пайдаланылуы мүмкін. 

Ақыл  ойы  орташа  зақымдалған  оқушылар  саны  жеткілікті  болған 

жағдайда арнайы сыныптары бар екінші бөлім ұйымдастырылады.  

Ақыл  ойы  орташа  зақымдалған  оқушыларға  білім  беру  осы 

категориядағы  оқушыларға  арналған  Типтік  оқу  жоспары  мен  оқу 

бағдарламаларына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Оқу  бағдарламалары 

нұсқаушы сипатта болады. Егер, жеңіл ақыл ой кемістігі бар оқушылар оқу 

пәндері  бойынша  білім  беру  бағдарламасын  игере  алмаса,  онда  оларға 

мектеп  консилиумының  қорытындысының  негізінде  мектептің  екінші 

бөлімінің  бағдарламасына  бағытталған  жеке  білім  беру  бағдарламасы 

құрылады. 



 

Екінші бөлім 

 Оқушылар тек жеке бағдарламалар бойынша білім алады, яғни сынып 

мұғалімінің  және  мектептің  арнайы  консилиумының  оқушыны  кешенді 

психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жарты жылдан аспайтын 

мерзімде  құрылуымен  жүзеге  асырылады.  Жеке  бағдарламаны  орындау 

мерзімі  аяқталған кезде оқушының жетістіктерін талдау жүргізіліп, келесі 

жарты жылға жоспар құрылады. 

Педагогтар 

мен 

мектеп 


мамандары 

оқушылардың 

психофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқушылармен жүргізілетін оқу-

тәрбиелік  және  түзете  дамыту  жұмыстарының  мазмұнын,  оқушының 

тәжірибелік  дағдыларын  және  әлеуметтік  құзыреттілігін  меңгерудің  даму 

жетістіктерін көрсететін құжаттарды жүргізіп отырады. 

Педагог  әр  оқушының  жеке  мүмкіндіктерін  және  білімділік  пен 

тұлғалық  жетістіктерінің  мониторингісін  ескере  отырып,  білім  беру 

мазмұнын,  әдістерін,  формаларын,  дидактикалық  құралдарын  өз  бетімен 

таңдайды. 

Сыныптардағы білім беру мазмұны

- өзі туралы түсінігін; 

- өз-өзіне қызмет көрсету және өмірде өзін өзі қамтамасыз етуін; 

-  ортада  бағдарлау  және  қоршаған  орта  туралы  қолжетімді 

түсініктерін;  

- коммуникативті дағдыларын; 

- заттық-тәжірибелік және қолжетімді еңбек әрекеттерін; 

-  тәжірибелік  бағыттағы  және  тәрбиеленушілердің  психофизикалық 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша  қолжетімді 

білімдерін қалыптастыруға бағытталған.  



Алғашқы сатыдағы білім беру үдерісі пәнсіз білім беру негізінде, яғни 

барлық  сабақтар  оқушыларды  жалпы  (коммуникативтік,  қимыл-

қозғалысын,  сөйлеу  тілін,  сенсорлық)  дамытуға  бағыттала  біріктіріліп 

ұйымдастырылады. 

Оқушылардың  жеке  даму  жетістіктері  бойынша  оқу  үдерісінде 

жағымды  динамиканың  болуы  пәндік  білім  беруге  өтумен  жүзеге 

асырылады.  

Екінші  бөлімнің  оқушыларының  зияттық  мүмкіндіктерінің  айрықша 

шектелуіне  байланысты,  әр  оқушының  жетістіктерінің  баллдық 

көрсеткіші  психологиялық-педагогикалық  мониторинг  негізінде  жүзеге 

асырылатын сипаттама түрінде бағаланады. 

Екінші 


бөлімге 

арналған 

оқу 

бөлмелері 



оқушылардың 

психофизикалық 

ерекшеліктерін 

ескере 


отырып 

жабдықталады. 

Оқушылардың  заттық-тәжірибелік, 

тұрмыстық-шаруашылық, 

ойын 

әрекетін  ұйымдастыру  және  коммуникативті  дағдыларын  қалыптастыру 



қажеттілігіне  сәйкес  бөлмені  зоналарға  бөлген  дұрыс  болады.  Оқушылар 

сабақ  барысында  бөлмеде  еркін  жайғасып  отыруына,  сабаққа  керек 

дидактикалық  материалдарды  өзбетімен  таңдап  алуына  мүмкіндігі  болуы 

тиіс.  Екінші  бөлімдегі  сыныптарда  күнделікті  өтетін  сабақ  кестесі 

оқушылардың  күн  бойғы  әрекеттерінің  табиғи  ырғағын,  физикалық  және 

зияткерлік  шаршағыштығын,  олардың  белсінділігін  түрлендіре  ауыстыру 

қажеттілігін ескере отырып әзірленеді. 

Зияты  зақымдалған  оқушыларға  арналған  арнайы  мектептердің 

(сыныптардың)  екінші  бөлімінде  оқушылардың  психофизикалық  даму 

ерекшеліктері  мен  мектеп  ресурстары  ескеріліп,  еңбекке  оқытудың 

қарапайым түрлері ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі оқушының 

психофизикалық  ерекшеліктерін,  дәрігердің  нұсқауын  және  мектеп 

мүмкіндігін ескеріп, жеке анықталады. Қажеттілігіне қарай еңбекке оқыту 

профилі  өзгертілуі  мүмкін.  Екінші  бөлім  оқушылары  еңбекке  дайындау 

пәндері бойынша бітіру емтиханын тапсырмайды. 

Зияты  зақымдалған  оқушыларға  арналған  арнайы  мектептерде 

(сыныптарда) білім алатын оқушылар екінші жылға қалдырылмайды.  

Зияты  зақымдалған  оқушыларға  арналған  арнайы  мектептердің 

(сыныптардың)  екінші  бөліміндегі  түлектер  облыстық  (қалалық)  білім 

басқармаларымен келісе отырып, мектеп әзірлеген формадағы мемлекеттік 

үлгіде куәлік алады. 

 

 

 



 

 

 



 

 


жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет