Хvі ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі заманда



жүктеу 69.82 Kb.

Дата05.03.2017
өлшемі69.82 Kb.

Қандастар 

ХVІ ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі заманда 

Ма-уереннахр мен Хорасан жерінде өте ірі саяси өзгерістер көп болған. Билік 

Темір әулеттерінің қолынан көшпелі өзбектер — Шайбаниларға өтті.  

Мұхаммед Шайбани хан бұл жердің көп бөлігін жаулап алып, өзіне қаратты. 

Темір ұрпағы биліктен ысырылды. 1500 жылы Шайбанидың ешқандай 

соғыссыз-ақ Самарқанды өз иелігіне қаратып алғаны тарихтан мәлім. 

Сонымен қатар, ол Хисар уәлаятының әміршісі Хусравшахтың жігерсіздігін 

пай-даланып, ешқандай қиындықсыз-ақ бүгінгі Тәжікстан мен Өзбекстанның 

оңтүстік аймағын, Ауғанстанның солтүстік бөлігін жаулап алды.  

1505 жылы ол Хо-резмде де өз билігін орнатты. Міне, осы Шайбани ханның 

шерігімен бірге келген түркі халықтар тобының біразы, сондай-ақ 

қазақтардың сол кезде әлі өзбек-қазақ (М. Х. Дулати) деп аталатын бөлігінің 

талайы осында қоныс теуіп қалады.  

Кейбір ресми емес деректерге қарағанда, қазақтардың бұл аймақтағы саны 

60-70 мың адам деп көрсетілген. Мысалы, «Тарихи Гүлшани» (1909) атты 

қолжазбада қазақтардың Шығыс Бұқара (қазіргі Тәжікстан) жеріндегі саны 

15 мың отбасыдан кем болмағандығы айтылады. Ал Кеңес заманында 

қазақтардың бұл саны азая бастаған. Оған қазақтардың бір тобын өзбек деп 

жазып көрсетуі себеп болса, екінші жағынан аз санды қазақтардың 

біразының Тәжікстандағы Лақай, Өзбекке сіңген Қоңыраттар, Құрамалар, 

тағы басқа туыс тайпаларға біртіндеп сіңісіп кетуі болып табы-лады. Осы 

аталған тайпалардың фольклорында, тілі мен әдет-ғұрыптарында қазақтың 

тілі, салт-дәстүрінің сақталынып қалуын арнайы зерттеп, талдау, зерделеу 

талап ететін келелі іс деп ойлаймыз.  

Көптеген тарихи шығармаларда 704 жылы өз қағандығын құрған түркештер 

Арал маңы, Тұрандағы Суяб, Тараз қалаларын өзіне астана еткендігі айтыла-

ды. Тарихшылардың жазуына қарағанда, түркештер соғдылармен бірлесіп 

арабтарға қарсы (766 жылға дейін) соғысқан. Міне сол заманда болған әскери 

ынтымақтастық бұл екі халықтың арасындағы достық қарым-қатынасына, 

сауда-саттық жасауы-на әсерін тигізді.  

Егер түркеш қағандығының қазақ жеріндегі қазақ хандығына дейін өмір 

сүрген хандық болғанын есепке алсақ, олардың соғдылармен, тікелей 

тәжіктермен одақтас болуы бүгінгі қазақ-тәжік қарым-қатынасының 

өз заманындағы жақсы бір көрінісі деп бағалау керек. Ал олардың ұлттық 

құрамына сақ-массагет тайпаларының өкілдері енгендігі де рас.  

Тәжіктер иран текті халық болғанымен, олар Орталық Азия түркілеріне 

барынша жақын ел (ал бүгінгі ирандықтардың Әзірбайжан халқымен етене 

жақын екендігін ешкім жоққа шығармайды). Көрші елдердің осылайша өзара 


араласып, қарым-қатынас жасауы баяғы замандардан бері жалғасып келе 

жатқан дәстүр. Бүгінгі парсы тілінің о баста Мауереннахрда тәжіктер 

арасында қалыптасып, кейіннен парсы (иран) елінің тіліне айналғанын айта 

кеткен жөн.  

Тарихи деректерде көрсетілгендей, 1500 жылдан кейін Дешті Қыпшақтан 

біржолата ығысып шыққан Шайбани хан Мауереннахрды жаулап алып, 

жерін кеңейткені белгілі. Осындай алмағайып соғыс, жорықтар кезінде 

бүгінгі Тәжікстан жеріне көптеген түркі, соның ішінде қазаққа туыс тайпалар 

келіп қоныстана бастаған. Шайбани ханға ерген біраз түркі тектес халықтар 

Мауереннахрға келіп қоныстанып, жергілікті отырықшы тәжіктермен 

араласып, сіңісіп кеткен.  

Бұл нулы да сулы, малға жайлы жердің халқының көпшілігі тәжіктер болған 

еді. «Көшпелі өзбек ұлысының Мұхаммед Шайбаниге ерген біраз тайпалары 

екі өзенге барды да, жергілікті отырықшы халыққа әбден сіңісіп, өзбек ұлтын 

қалыптастырды. Тегі бір бола тұра, өзбек тілінің қазақ тілінен алшақтау 

болатын себебі — олардың ежелгі соғдылармен (тәжіктермен А. Н.), 

ферғаналықтармен көп арала-суынан еді», — деп жазады осындай үрдіс 

туралы Ғ.Хабсатарұлы. Шығыс Бұқараның бүкіл тарихында осындай араласу, 

сіңісіп кету тоқтаусыз жүріп жатты. Сонымен, қорыта айтқанда, Тәжікстанды 

мекендейтін түркі тайпаларының кейбіреуінің ата-тегінің кестесімен 

танысқан соң мынадай ойға келдік: 1. Кестеге ендірілген ру аттарының көбісі 

қазақ руларымен аттас, тектес келіп отырады. Оған жылантамғалы, балғалы, 

қара қоңырат, қазақ, төлеңгіт, қанжығалы, бесбала, ноғай т. б. көптеген 

ру аттары мысал бола алады. 2. Қоңырат, лақай руларының әрқайсысында 

«қазақ» деген атаға бөліну бар, олар да өзінше отба-сы, туыстық, 

ағайындастық жағынан бөлініп жатады. 3. Бұл айтылғандардың осы жерде 

тіршілік ететін өзбек қоңыраттары деп аталатын үлкен рудың қазақтармен 

туыстығы, сөйлеу мәнерінің қазақтарға мейлінше жақындығының айғағы 

сияқты. 

Ертеректе келген қазақтардың біразы осы руларға сіңіп кет-кен болуы 

да ықтимал. Олардың үлкен бір тобы бүгінгі күні де Қорғантөбе облысының 

аудандарында тұрады. Ата-бабаларының өткен тарихынан азды-көпті хабары 

бар Рүстем Әбдиев сияқты қария кісілер «Біздің ата-бабаларымыз бұл жерге 

шамамен бұдан 300 жылдай бұрын көшіп келген, біздердің әкелеріміз де, 

шешелеріміз де, өздеріміз де осы Тәжікстан топырағында туылып, өскенбіз» 

деседі. Бұл сөздің жөні де бар шығар, өйткені олар мұндай әңгімені өз әке-

шешелерінен естіген.  

Солай болса да өздерінің ата-жұртынан ауа көшіп келіп, қоныс тепкен осы 

шағын бір топ қазақтың жүздеген жылдар бойы көрші түркі тайпаларымен 

қатар араласып өмір сүре оты-рып, оларға толық сіңіп кетпей, өздерінің 

табиғи қазақ қалпын жоғалтпай, тілін, салт-дәстүрлерін сақтап, 


ассимиляцияға ұшырамауының өзі таңқаларлық жай. Бұл өз заманында ұлт 

болып қалыптасқан қазақтардың бір шоғыры ғана деуге болатындай, 

қалыптасқан ұлт қана тамырын үскірікке алдырмайды, оның бойындағы 

қасиеттер даралық сипат беріп, болмыс-бітімін жоғалтпайды.  

Ал салт-санасы, ұлттық тілі, мәдениеті, психологиясы қалыптаса қоймаған 

ел басқа түбі бір түркі халықтары немесе тәжіктермен араласу барысында 

сіңісіп кететін жағдайлар тарихта болып тұратын құбылыс. Күні бүгінге 

дейін сол «жергілікті» қазақтардың осы елдің тұрмыс-тіршілігіндегі 

ерекшеліктеріне байланысты тілі мен ділінде, дәстүр-салтында, ата кәсібінде 

болмашы ғана айырмашылық болғанымен, олар өздерінің қазақ қалпын 

мықтап сақтап қалған, бірақ олар өткен тарихы-нан хабардар бола бермейді. 

Осы орайда өкінерлік бір жәйтті айта кетейік, Тәжікстанды мекендеген 

қазақтардың ішінде, сондай-ақ ертеректе, бұдан шамамен екі ғасыр бұрын 

сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында мұнда ауып келген 

қазақтар өздерінің ата-бабаларының көші-қон тарихын анық біле бермейді, 

білетіндерді кездестіре алмадық.  

Біздегі деректерге қарағанда ұзақ жол жүріп, қиыншылықпен ауа көшіп 

келген қазақтар талай азапты бастан өткеріп, тар жол, тайғақ кешулер-ден 

өтіп, бүгінгі Тәжікстан — байырғы Шығыс Бұқара жеріне жеткен кезде иесіз 

жатқан кең дала, малға жайлы жайылымды таңдап Хисар, Қорғантөбе, Ку-

ляб өңіріне орналаса берген. Нулы да сулы өлкедегі қамысты, батпақты 

жерлерді игеріп, көп машақатпен диқаншылықты да үйреніп, жергілікті 

халықтың тіршілігіне бейімделіп кәсіп еткен. Сондай-ақ 1991-1997 

жылдардағы тәжіктердің өзара қақтығысы салдарынан саяси жағдай ушығып 

тұрған кезде байырғы қазақтар амалсыз ата жұртына көшуге мәжбүр болды. 

Оларға ғасырлар бойы өмір сүрген ор-таны, ата-бабаларының сүйегі жатқан 

жерді, кіндік қаны тамған мекенді, туған-туысқанның бейітін тастап, жаңа 

жер, жаңа ортаға қарай, мал-жанына қарамастан, бас сауғалай жөңкілу, әрине 

оңайға түспеген де болар.  

Дегенмен, әрқашанда қандай ұлт болмасын атамекені саналған жер ерекше 

қастерлі де қасиетті болып қала береді. Ауғанстан жеріне қарай өте алмай, 

Тәжікстан жерінде кідіріп қалып қоюға мәжбүр болған қазақтардың өздерінің 

ұлттық рухын, дәстүрін аздырып-тоздырмай, ұлттық ерекшелігін сақтап 

қалғандығы да сондықтан болса керек.  

Әрине, бір елден екінші бір елге қоныс аударудың қиындығы мен мехнаты, 

әурешілігі көп болатыны белгілі. Бірақ та ХХ ғасыр басындағы дүрбелеңнен 

соңғы қысылтаяң шақта амалсыздан басқа елдерге қарай үдере көшкен 

қазақтардың бүгінгі тәжік жеріне келіп қоныстануы да тегіннен тегін 

болмаған шығар. Осы Тәжікстанға келген қазақтар ішінен шыққан Абдол-ла 

Ярмұхамедов, күйші Әлшекей, Бабай Ишан, ақын Шанайұлы, Сағидолла 

молда, белгілі мүсінші Көбей Жұмағазин, еңбекқор Рүстем Әбдиев, ғалым 


Шалбаев, дәрігер ғалым Ғалия Есенғалиева, ет комбинаты дирек-торы болған 

Алмағамбетов және тағы басқа көптеген еңбек саңлақтарының еңбегі 

ұмытылмауы керек. Бүгінде қазақтардың қашан, қай заманнан ба-стап қазіргі 

оңтүстік Тәжікстанды өздеріне мекен ете бастағандығы туралы анық дерек, 

құжат, жаз-ба мағлұматтардың аздығынан, біз кейбір тарихи оқиғаларға 

байланысты бағзы бір мәселелерді топшылап айтуымызға тура келеді. 

Қазақтар және қазаққа туыс түркі халықтары топтарының қазіргі Тәжікстан 

жеріне көшіп келуінің тарихын бірнеше кезеңге бөліп қарауға болатын 

сияқты.  

Бірінші кезең: Қазақ ел болып қалыптасқаннан кейінгі дәуірдегі XVI 

ғасырдың басында Шайбани бастаған көшпелі өзбектердің Мауереннахр мен 

Ауғанстанға жасаған шабуылы кезінде өзбек-қазақ болып атала-тын тайпалар 

құрамында бірге келген қазақтар. Сон-дай түркі тайпаларымен араласу 

негізінде олардың кейбіреулері Дүрмен, Қатаған, Найман, Қоңыраттардың 

бір бөлігін құрап жатса, ал кейбір топтары Лақай халқының құрамындағы 

тайпаларға сіңіскен, олардың 52 руының ішіндегі Лақай — Қазақ, 

Қанжығалы, тағы басқа ру аттары осыны меңзейді. Аз топтың көпке сіңуі 

табиғи нәрсе деп білу керек. Бұған олардың бет-пішіні, антропологиялық 

жағынан жақындығы, тілінің бір-біріне мейлінше түсініктілігі, етене 

туыстығы куә бола аларлықтай. Бүгінгі күнде де лақайлар қазақша сөйлейді 

деуге болады. Олардың «Біз өзбек емеспіз, лақай деген дербес түркі 

тайпасының өкілдеріміз» деп әлі күнге дейін өздерінің ұлттық дербестігін 

сақтау үшін күресіп жүргендігі осының айғағы деуге болады. Ұзақ 

ыждаһатты зерделеуді талап ететін мұндай құбылыс арнайы, түбегейлі 

зерттеуді талап етеді. Сонда да біз осыған орай азын-аулақ пікірімізді айттық. 

Өйткені мұнда кейбір «даулы» мәселелердің басын ашарлықтай қысқа 

мағлұматтарды Бабыр мен Мырза Мұхаммед Хайдардың жазбаларынан, осы 

өңірде ертеректе жазылған бағзы бір қолжазба құжаттардан табуға бола-ды 

деп ойлаймыз.  

Екінші кезең: 1723 жылдан кейінгі жоңғар жаугершілігі кезінде «Ақтабан 

шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп ата-латын кезеңде бас сауғалап, үдере 

көшкен қазақтардың бір тобының осы жерге келіп қоныстануы. Мұны да 

кейбір шежіре білетін қарттар анық айта алмағанымен, жоққа 

да шығармайды. Оған Куляб өңірінде тұратын қазақтардың «біздің ата-

бабаларымыздың мұнда көшіп келгеніне 300-ден астам жыл болған. Бұл 

әңгімені біз кезінде аталарымыздан естігенбіз» деуі куә. Осы бір қысылтаяң 

заманда өздерінің байырғы атамекенін та-стап, Бохтар, Вахш, Қорғантөбе, 

Ғиссар жеріне қоныс аударуға мәжбүр болған қазақтар аз болмаған көрінеді.  

Үшінші кезең: Қазақ жерінде Кеңес өкіметі орнаған соң 1920 жылдары 

ауқатты адамдарды, бай-кулактарды қудалау науқаны басталған кезде жаны 

мен малын аман сақтап қалу ниетімен Ауғанстан еліне қарай көшін артқан 

қазақтар топ-тобымен осы Шығыс Бұқара — қазіргі оңтүстік Тәжікстан 



жерімен малын алдына салып айдап, тыныш мекенді іздеп ауа көшкен. Талай 

қиыншылықтармен олар Өзбекстан жеріне өтіп, Қорғантөбе, Вахш алабына 

келгенде әрі қарай өте ал-мастан амалсыздан Тәжікстан жерінде қалып 

қойған. Олардың саны аз болмаған. Қызыл әскерлер Ауғанстан шекарасын 

жапқан соң қазіргі Хатлон облысының жоғарыда аталған талай аудандарында 

қазақтар қоныстана бастайды.  

Олар осы аймақтың сар даласы мен батпақты жерлерін игеріп, өздеріне 

мекен, малдарына жайылым, егіндік жер еткен. Бұлардың бәрін олар 

жергілікті тәжіктер көмегімен, өз маңдай терімен жасаған. Сол заманда 

көшіп келген қазақтар жайлы көненің көзі, жүзден асқан (1911 жылы туған) 

Сали-хов Мұрадәлі ақсақалдың айтуынша, 1924 жылдан кейін көп қазақтар 

түйелеріне жүгін артып Қорғантөбе облысының Яван ауданына да көшіп 

келген дейді. «Олар ауқатты да бай адамдар еді, жоғында екі түйеден 

болатын», — деп сипаттайды ақсақал бізбен 2012 жылғы болған әңгімесінде. 

Төртінші кезең: 1929-1930, 1932 жылғы ашаршылық нәубеті Орталық Азия 

халықтары ішінде қазақтар үшін аса ауыр жағдайда өткені мәлім. Осы қолдан 

ұйымдастырылған қырғыннан өздерін, отбасыларын аман сақтап қалу үшін 

Ауғанстан, Қытай, Иранға қарай көшкен қазақтардың біразы Тәжікстанның 

Хисар алабына келіп жан сақтаған.  

Өздері де ашаршылықтан қиналып жатқан ел қазақ ағайындары осындай 

ауыр халде жеткенде барымен бөліскен. Бұл туралы осы күнге дейін қазақтар 

мен тәжіктердің арасында әңгімелер айтылып жүреді. Сол жанын сақтап 

қалған қазақтардың ұрпақтары осындай адамгершілігі үшін тәжіктерге 

алғысын айтып отырады. Сол бір қысылтаяң кезеңде тәжіктер мен 

қазақтардың аштықтан жан сақтап қалуының себебі Тәжікстанның алуан 

түрлі жемістер өсетін бай таулары болған еді.  

Тауда жабайы өсіп жатқан тұт, долана, жаңғақ, інжір, тағы басқа миуалар мен 

жемістерді құрғатып, одан ұн жасап, нан пісіріп өздеріне азық еткен. 

Сондықтан бұл жердегі адамдар үшін ашаршылықтың салдары жеңілдеу 

болған. Мұндағы сулы да нулы жер де малға жайылым болған еді. Ал сол 

кезде қазақ даласында малынан ажыраған елдің мұндай мүмкіншілігі болмай, 

көбісі қырғынға ұшыраған. Бесінші кезең: 1930 жылдардағы тап күресі 

науқаны күшейгенде молда, ишан, бай деп қудаланған қазақтардың шағын 

тобының Тәжікстанға келіп қоныстануы. Бұл қатарға қазақ әулие деп атаған 

Әлі Мұхаммед төре Түркістани, тариқат жолындағы Ахун Ибраһим, Исмаил 

керуенбасы, Бабай Ишан, Сағидолла молда, Әлшекей күйші, зиялы Елеусіз 

Бұйрын, Қожагелді Исмаилов және аты-жөні әлі анықтала қоймаған көптеген 

адамдарды қосуға болады. Сонымен, Тәжікстанға келіп, өзінің екінші отаны 

деп танып, тұрмыс-тіршілігін жалғастыра түскен қазақтардың саны 

70 мыңнан астам болған екен. Бұқара әмірінің кеңесшісі Садыққожа 

Гулшанидің өз тарихнамасында жазуы бойынша (1909) осы Шығыс Бұқара 

жерінде 15 мың қазақ отбасы өмір сүрген де-ген дерегін жоғарыда келтірдік. 



Сонымен, көп замандардан бері қазіргі Хатлон облысындағы Қорғантөбе, 

Вахш, Фархар, Куляб, Яван, Жылыкөл және тағы басқа аудандарымен 

Қызылсу, Гараути сияқты елді мекендер, Хисар өңіріндегі кейбір аудандар 

көшіп келген қазақтардың жайылым жері мен егіс алаңына айналған. 

Қазақтар шынында да көптен бері бос жатқан тың жерлерді игеріп, өздерінің 

кәдесіне жаратқан. Ал Тәжікстан дербес одақтас республика болғаннан 

(1929) кейін жердің барлығын Кеңес өкіметі иемденген.  

Егістік жердің аумағы көбейіп, малға жайылымдық жерлер тарлық ете 

бастайды. Ғалым Б. Кармышева айтқандай, түркі тайпалары диқаншы 

тәжіктерді тау баурайына қарай ығыстыра бастайды. Өйткені аталған 

аудандарда түркі тектес халықтардың саны біршама тәжіктерден басымдау 

болған. Тәжіктер мен қазақтар арасындағы алыс-беріс нәтижесінде мал 

өнімдерін диқаншылық өнімдеріне айырбастап отырған. Олардың тату-тәтті 

тіршілік етуінің басты себебі осы болды деген дұрыс пікір. Сондай-ақ бір 

діндегі халық болғандықтан, мұсылман дінінің адамгершілікке, 

имандылыққа, бауырмалдыққа үндейтін игі қасиеттерінің де үлкен маңызы 

болды.  

Тәжікстанға тағдыр айдап, ауа көшіп келген қазақтардың арасында сауатты 

адамдар, сондай-ақ Бұқара мен Самарқанд медреселерінде тәлім алған қожа, 

молда, зиялылар да көп болды. Арғы-бергі заманда бұл тәжіктер мен қазақтар 

арасында ешқандай талас-тартыс, қақтығыс болған емес. Тәжіктегі астық, 

бау-бақша өнімдерін, ет, сүт, т. б. алмастыру екі халық үшін де өте тиімді 

болған. ХХ ғасырдың 20-жылдар мен 30-жылдарының басында көптеген 

басмашылар тобының да ешқайсысы қазақтарға тиіскен емес деседі қарттар 

өз әңгімесінде.  

Осындай татулықтың нәтижесінде тәжіктер мен қазақтардың малы қорада 

қосылып, бірін-бірі ас-суына шақырып, бір мешітте намаз оқып, қыз алысып, 

қыз берісіп, екі ел етене араласып жатты. Ұзақ жылдар араласу нәтижесінде

қазақтардың кейбіреуі тәжіктеніп, ал тәжіктердің кейбіреуі түріктеніп жатқан 

жағдайлар да болған. Бүгін тәжіктер арасында біздің түбіміз түрік деген 

адамдар да баршылық. Мұндай мәліметтерді біз Тәжікстанның осы өңірі 

халықтарының тұрмыс-тіршілігін, тегін зерттеген орыс ғалымдары 

Б. Кармышеваның, А. Семеновтың, тағы басқа тарихшы-этнографтардың 

еңбектерінен таба аламыз.  

Мұндай араласу, бір-біріне сіңісу Қорғантөбе, Куляб жеріндегі елді 

мекендерде көбірек орын алған, мұның өзі табиғи құбылыс деуге болады. 

Бүгінде өздерінің шығу тегінің түріктермен байланысты екендігін, Қожа 

Ахмет Ясауиді пір тұтатындықтарын жасырмай ай-татын тәжіктер де бар. 

Бұл арнайы зерттеуді талап ететін келелі де қызықты тақырып. Осындай 

туыстық, жақындық тәжіктер мен осы елді мекендейтін халықтардың 

мәдениетіне де, әдебиетіне де өз әсерін тигізген.  


Мысалы, осы Куляб, Қорғантөбе аумағындағы тәжіктердің ән-күйіндегі 

қазақы әуеннің барлығы, музыкалық аспаптар ішінде халықтық өлең-

жырлардың домбырамен орындалуында екі ел мәдениетінің үндестігінің 

барлығы сезіліп жатады. Ал Тәжікстанда тұрған қазақтардың киім кию

орамал тарту, шапан кию, түрлі тағамдар пісіру, той-думан, салт-

дәстүрлерінде тәжіктік сарындардың болу себебін бүгінде ешкім 

этнографиялық тұрғыдан зерттеген емес.  

Өйткені бір елді мекенде, көрші ауылда 100-200 жыл бойы тіршілік еткен екі 

ел өкілдерінің бір-біріне жан-жақты әсер етуі табиғи нәрсе. Осы 

халықтардың адамды жақсылыққа, игі істерге баулитын халықтық өнері 

әрқашан да бір-біріне молынан әсер етпеуі мүмкін емес. Бүгінде елдің 

бойына сіңіп кеткен осындай қасиеттер — екі ел мәдениетінің бір-бірінен нәр 

алып отырғандығының айғағы. Ал енді қазақтардың елдігіне келетін болсақ, 

бұрыннан ұлт болып қалыптасқан олар өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, 

қасиетті дәстүрлерін әрқандай жағдайда да мейлінше сақтап келген. Тек қана 

за-манына қарай, тіршілік ету ортасына, тұрмыс-тіршіліктеріне байланысты 

кейбірі өзгерістерге ғана ұшыраған.  

Біздің байқауымызша, қазақтан басқа өзге түркі халықтарының көпшілігінде 

жергілікті халықпен араласып-құраласып, сіңісіп кету сияқты құбылыс 

көбірек байқалады. Тәжіктер қазақтар және басқа түркі халықтарының 

өкілдеріне жат жұрт азаматта-ры болғанымен, ешқашанда кемсітіп, 

шеттетпеген. Олардың молда, қожаларын құрметтеп, «қазақ-әулие» сияқты 

мазараттарын қастерлеп түнеп, зиярат етіп отырған. Міне, бұл 

мұсылманшылықтың елді елмен, адамдарды адамдармен, ұлттарды 

ұлттармен жақындатып, бірлестіретін күш, ұғым екендігінің айғағы. Бір 

мешітте намаз оқып, айтта бірге құрбандық шалып, бір-бірінің үйіне «айт 

құтты болсын!» деп барып-келуі олардың бір-біріне деген мейір-ықыласын 

арттырып, жақындастырып отырған.  

Шариғат заңының қуаттылығы, баяндылығы соншалықты қазақ пен тәжік 

жастары арасында отбасын құрып некеге тұру, жаназа оқу сияқты 

мәселелерді шариғат жолы-мен молдалар немесе имамдар, лауазымды 

барлық мұсылмандар үшін біркелкі шешіп отырған. Бұл да Алланың 

пендесін бөтенсінбеудің бір шарты. Ал сол тарихи жағдайларға қайта 

оралсақ, егер XVI ғасырдың басында ұлы ғұлама тарихшы Мұхаммед Хайдар 

Дулатидің Хисарда біраз уақыт болғандығын ескерсек, қазақтар үшін де бұл 

өлкенің бөтен емес екендігіне сенуге болады. Әрине, бұл арнайы сөз етуге 

тұрарлық дербес те келелі мәселе. 

А. НҰРАЛИЕВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал