Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет6/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
пен  Астана  қаласының  әкімдігіне  Қазақстан 
Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық 
даму  жоспарының  аясында  қаланы  дамыту 
бағдарламасын  әзірлеуді  тапсырды  және  2010 
жылы  Қазақстан  бірқатар  маңызды  шараларды  — 
Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  65  жылдығы,  ел 
Конституциясының  15  жылдығы,  ЕурАзЭҚ  саммитін 
өткізетіндігіне  байланысты  қаланың  тіршілік  жүйесін 
кінәратсыз қамтамасыз ету, көлік логистикасын дұрыс 
ұйымдастыру,  көшелер  мен  алаңдарды,  саябақтарды 
ретке келтіру қажеттігіне тағы бір рет назар аударды. 
Ресейлік  «Известия»  газетінде  Мемлекет  басшы-
сының  «Жаһандық  әлем  және  ядролық  қауіпсіздік» 
мақаласы жарық көрді. 

59
Сәуір
Мемлекет басшысы «Атқарушылық iс жүргiзу және 
сот  орындаушыларының  мәртебесi  туралы»  №261-
IV, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық 
актiлерiне  атқарушылық  iс  жүргiзу  мәселелерi  бой-
ынша  өзгерiстер  мен  толықтырулар  енгiзу  тура-
лы»  №262-IV,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық  актілеріне  бюджет  процесін  жетілдіру 
мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу туралы» №263-IV заңдарына қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пай-
далану  тұжырымдамасы  туралы»  №962  Жарлығына 
қол қойды. 
5 сәуір
Мемлекет басшысы «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің 
басқарма төрағасы А.С. Мамытбековті қабылдады. Ол 
холдингтің 2009 жылғы жұмысының қорытындылары 
және  2010  жылға  белгіленген  міндеттер  турасында 
баяндады. 
Кездесу  барысында  Елбасы  агроазық-түлік 
нарығын  тұрақтандыру,  импортқа  тәуелділікті 
төмендету,  экспорттық  әлеуетті  ұлғайту,  аграрлық 
сектордағы еңбек өнімділігін арттыру бойынша нақты 
міндеттер қойды. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Президенттік  мәдениет  орталығының  директоры 
М.Ж.  Жолдасбековті  қабылдады.  М.  Жолдасбеков 
орталықпен жүзеге асырып жатқан жобалар туралы, 
соның  ішінде  қазіргі  Қазақстанның  тарихы  бойынша 
кітап шығару жайында баяндады. 
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 
Білім  және  ғылым  министрі  Ж.Қ.  түймебаевты 
қабылдап,  ол  Білім  беруді  дамытудың  2020  жылға 
дейінгі  мемлекеттік  бағдарламасының  жобасын 
әзірлеу  жұмыстарының  барысы,  Парламентте 
«Ғылым туралы» заңның қаралуы, сондай-ақ алдағы 
26–27  сәуірге  жоспарланған  тМД  мұғалімдері  мен 
педагогтарының Астанада өтетін 1 сьезіне дайындық 
жайын әңгімеледі. 

Сәуір
60
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 
Президенті  Д.А.  Медведевпен  телефон  арқылы 
сөйлесіп,  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  65 
жылдығын мерекелеуге және Мәскеуде 2010 жылдың 
8  мамырына  жоспарланған  тМД-ға  мүше  мемлекет-
тер  басшыларының  бейресми  кездесуіне  дайындық 
барысын,  сондай-ақ  екі  елдің  ЕурАзЭҚ  және  ШЫҰ 
аясындағы әрекеттестігі мәселелерін талқылады. 
6 сәуір 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен 
Еуропа  инвестициялық  банкі  арасындағы  Қазақстан 
Республикасында  Еуропа  инвестициялық  банкінің 
қызметін реттейтін негіздемелік келісімге қол қою ту-
ралы»  №963,  «Көп  балалы  аналарды  «Алтын  алқа» 
және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наградтау  туралы» 
№964 жарлықтарына қол қойды. 
7 сәуір 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 
келген БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. 
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында  халықаралық  қауіпсіздіктің  өзекті 
мәселелері,  бірінші  кезекте  ядролық  қарусыздануға 
байланысты  пікір  алмасылды.  тараптар  бұл  тұрғыда 
алдағы  12–13  сәуірде  Вашингтонда  (АҚШ)  өтетін 
Ядролық  қауіпсіздік  бойынша  Жаһандық  саммит 
пен  нью-Йоркте  (АҚШ)  мамыр  айына  жоспарланған 
Ядролық қаруды таратпау туралы Шарт конференция-
сына үлкен үміт артатындықтарын білдірді. 
БҰҰ  басшысы  Семей  полигонын  көргеннен  кейін, 
Қазақстанға Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ 
құру  туралы  шарт  бойынша  кепілдік  беруді  қолдап, 
осындай аймақты таяу Шығыста да белсенді құруды 
ұсынды. 
Келіссөздер  барысында  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-
ға  төрағалығына  да  айрықша  көңіл  бөлінді. 
н.Ә. назарбаев Қазақстанның төрағалығын қолдағаны 
үшін  Пан  Ги  Мунге  ризашылығын  және  Ауғанстанды 
тұрақтандыру  мен  қалпына  келтіру  секілді  түрлі 
бағыттардағы ынтымақтастықты жандандыруға дайын 
екендігін білдірді. 
Арал  теңізі  бассейніндегі  экологиялық  және 
әлеуметтік-экономикалық  жағдай  да  талқыланған 
тақырыптардың бірі болды, соның нәтижесінде Арал-

61
Сәуір
ды  құтқару  халықаралық  қорының  әлеуетін  пайда-
лануды  кеңейтуге  байланысты  уағдаластыққа  қол 
жеткізілді. 
Кездесу  соңында  Елбасы  БҰҰ  бас  хатшысына 
бейбітшілікті,  әлеуметтік  әділдікті  және  орнықты  да-
муды жаһандық деңгейде ілгерілеткен айрықша еңбегі 
үшін I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. 
 
Қазақстан  Біріккен  Ұлттар  Ұйымын  аса  беделді, 
әмбебап  халықаралық  ұйым  ретінде  қарастырады 
және  БҰҰ-ның  халықаралық  бейбітшілік  пен 
қауіпсіздікті қолдаудағы, қақтығыстарды шешудегі, адамзат 
кездесіп  отырған  өзге  де  қауіп-қатерлермен  күрестегі 
орталық рөлін нығайтуды жақтайды. БҰҰ-мен ынтымақтастық 
Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары қатарына 
кіреді. Қазіргі кезде БҰҰ жүйесінің Қазақстанда 16 арнайы 
мекемесі,  қорлар  мен  бағдарламалары  бар,  олардың 
көпшілігі өңірлік және субөңірлік мәртебеге ие. 
Ұйымға  мүше  болған  1992  жылдан  бері  Қазақстан 
мемлекеттердің  халықаралық  қауымдастығына  сәтті 
ықпалдасып,  көрнекті  орынды  иеленді.  Мұның  жарқын 
белгісі  ретінде  БҰҰ-ның  Қазақстанның  ұсынуымен  Се-
мей  полигоны  жабылған  29  тамызды  Ядролық  сынақтарға 
қарсы  халықаралық  әрекет  күні  деп  жариялау  туралы 
қарар  қабылдағанын  айтуға  болады.  Бұл  —  қарусыздану 
мен  ядролық  қаруды  таратпау  ісіне  Қазақстанның  қосқан 
үлесіне берілген әділ әрі жоғары баға.
Қазақстан  БҰҰ  аясында  Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және 
сенім  шаралары  кеңесін  шақыру,  Орталық  Азия  елдерінің 
экономикалары  үшін  БҰҰ-ның  арнайы  бағдарламасын  құру 
(СПЕКА),  Арал  және  Семей  экологиялық  апат  аймағын 
сауықтыру  секілді  ірі  халықаралық  бастамаларды  ұсынып, 
жүзеге асырып келеді. 
«Достық»  ордені  1995  жылы  тағайындалды.  Екі  дәрежеге 
ие.  Бұл  Орденмен  қоғамдағы  өзара  келісімді  сақтау  бой-
ынша жемісті жұмысы, бейбітшілікті, халықтар арасындағы 
достық  пен  ынтымақтастықты  нығайтудағы  еңбегі  үшін 
қазақстандық және шетелдік азаматтар марапатталады. 
I  дәрежелі  «Достық»  ордені  жұлдыз  (1-сурет)  бен  иықтан 
ілінетін лентадағы белгіден (2-сурет). IІ дәрежелі «Достық» 
ордені — төске тағатын орден белгісінен (3-сурет) тұрады. 
Сол күні Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми са-
пармен келген Украина Президенті В.Ф. Януковичпен 
кездесті. 
н.Ә. назарбаев В.Ф. Януковичті Украина Президенті 
лауазымына  сайлануымен  құттықтап,  Украина 
халқының  игілігі  үшін  әлеуметтік-экономикалық  ре-
формаларды  жүргізу  мақсатында  саяси  күштерді 
3
1
2

Сәуір
62
сәтті 
шоғырландыруына 
тілектестік 
білдірді. 
В.Ф. Януковичтің сайлануымен Қазақстан мен Украи-
на  арасындағы  дәстүрлі  достық  қатынастарға  жаңа 
серпін берілетініне сенетінін айтты. 
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында 
тараптар 
қазақстандық-украиналық 
сауда-экономикалық  қатынастардың  қазіргі  ахуа-
лы  мен  болашақ  перспективаларын  талқылады. 
Соңғы жылдары өзара тауар айналымының төмендеп 
кеткенін  өкінішпен  атай  отырып,  мемлекет  басшы-
лары  ынтымақтастықты  белсендіру  мақсатында 
экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық 
комиссияның  жыл  сайын  отырыс  өткізу  тәжірибесін 
жандандыру туралы тапсырмалар берді. 
н.Ә.  назарбаев  украин  тарапын  2010–2014 
жылдарға 
арналған 
Үдемелі 
индустриялық-
инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясын-
да іске асырылатын, бірінші кезекте ауылшаруашылық 
машина  жасау,  металл  өңдеу,  минералдық 
тыңайтқыштар өндірісі, ғарыш саласындағы жобаларға 
қатысуға шақырды. 
Келіссөздер  кезінде  мәдени-гуманитарлық  сала-
дағы ынтымақтастықты дамытуға, білім саласындағы 
алмасуды кеңейтуге де баса көңіл бөлінді. 
тараптар  сондай-ақ  Ұлы  Отан  соғысындағы 
Жеңістің 65 жылдығы мерекесіне дайындықты да на-
зардан тыс қалдырмай, бұған айрықша көңіл бөлді. 
Келіссөздердің  нәтижесінде  мемлекет  басшылары 
Бірлескен  мәлімдемеге  және  Қазақстан  Республика-
сы  мен  Украинаның  2010–2011  жылдарға  арналған 
«Жол  картасы  —  3»  ынтымақтастық  жоспарына 
қол  қойды.  Бұл  жоспар  сауда-экономикалық,  отын-
энергетикалық, көлік салаларында, машина жасау мен 
агроөнеркәсіп кешенінде, ғарыш және гуманитарлық 
салалардағы әрекеттестікті нығайтуға бағытталған. 
Үкіметаралық деңгейде азаматтардың өзара барыс-
келістері  туралы  үкіметаралық  келісімге  өзгерістер 
енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. 
8 сәуір 
Мемлекет  басшысы  «EuroNews»  телеарнасы-
на  сұхбат  беріп,  Қырғызстандағы  соңғы  кездегі 
оқиғаларға  байланысты  ЕҚЫҰ  төрағасы  ретіндегі 
Қазақстанның ұстанымдарын айқындады. 
Президент  бауырлас  елде  тағы  да  тұрақсыздық 
жайлап, қан төгілгеніне өкініш білдірді. Көрші респуб-

63
Сәуір
ликада  болған  зорлық  пен  тонаушылық  әрекеттерді 
сөге  отырып,  ЕҚЫҰ  төрағасы  ретінде  Қазақстан 
шұғыл түрде Парламент Мәжілісі төрағасының орын-
басары Ж.С. Кәрібжановты Қырғызстан бойынша ар-
найы өкіл етіп тағайындап, сол елге аттандырғанын 
айтты. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
Ұлттық  қорынан  2010–2012  жылдарға  арналған 
кепілдендірілген  трансферт  туралы»  №264-IV, 
«Қазақстан  Республикасы  мен  Франция  Респу-
бликасы  арасындағы  Стратегиялық  әріптестік  ту-
ралы  шартты  ратификациялау  туралы»  №265-IV, 
«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 
актілеріне  терроризмге  қарсы  іс-қимыл  мәселелері 
бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  тура-
лы»  №266-IV,  «Шанхай  ынтымақтастық  ұйымына 
мүше  мемлекеттердің  терроризмге  қарсы  бірлескен 
оқу-жаттығуларын  ұйымдастыру  және  өткізу  тәртібі 
туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №267-IV 
заңдарына қол қойды. 
Президент сондай-ақ «М.Қ. Алтынбаевты Қазақстан 
Республикасының  Парламенті  Сенатының  депутаты 
қызметіне тағайындау туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі 
№965 Жарлығына қол қойды. 
9 сәуір
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Прези-
денті Д.А. Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. 
Қазақстан  Президенті  Ресей  басшысын  тарихи 
оқиға  —  Ресей  мен  АҚШ  арасындағы  Стратегиялық 
шабуылдау  қарулары  туралы  жаңа  Шартқа  қол 
қойылуымен құттықтады. 
Ал Д.А. Медведев ядролық қарусыздану және та-
ратпау  жөніндегі  жаһандық  үдеріске  салмақты  үлес 
қосқан Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. 
Әңгіме 
барысында 
мемлекет 
басшылары 
Қырғызстандағы  жағдайды  да  талқылады  және  осы 
елдегі  ішкі  саяси  дағдарыс  қарапайым  халық  ара-
сында  көптеген  құрбандыққа  соқтырғанына  өкініш 
білдірді. 
н.А.  назарбаев  жағдайды  шұғыл  тұрақтандыру 
үшін  ЕҚЫҰ  төрағасы  ретінде  Қазақстан  БҰҰ 
хатшылығымен  тығыз  байланыста  қажетті  қадамдар 
қабылдап жатқанына тоқталды. тараптар қантөгіс пен 

Сәуір
64
зорлық-зомбылықтың  барлық  түрін  тезірек  тоқтату 
қажеттілігін  атап  көрсетіп,  Қырғызстанның  барлық 
аумағындағы  ахуалды  тұрақтандыру  керек  екенін 
айтты.
Мемлекет  басшысы  түркия  тарапының  бастама-
сы  бойынша  түркия  Республикасының  Президенті 
А. Гүлмен телефон арқылы сөйлесті.
  тараптар  Қырғызстандағы  жағдайды  талқылап, 
бұл  елде  тұрақтылық  пен  құқықтық  тәртіптің  тезірек 
қалпына келеріне деген сенімдерін білдірді.
Әңгімелесу 
барысында 
екіжақты 
қарым-
қатынастардың бүгінгі жай-күйі мен келешегі жөнінде 
сөз  болды.  Ағымдағы  жылдың  23–26  мамырын-
да  А.  Гүлдің  Қазақстанға  жасайтын  сапарының 
маңыздылығы атап өтілді. 
Мемлекет  басшысы  «Кеден  одағының  кедендік 
шекарасы  арқылы  өткізілетін  тауарлардың  кедендік 
құнын  айқындаудың  дұрыстығын  бақылауды  жүзеге 
асыру  тәртібі  туралы  келісімді  ратификациялау  тура-
лы»  №268-IV,  «Кеден  одағының  кедендік  шекарасы 
арқылы  өткізілетін  тауарлардың  кедендік  құнын  де-
кларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау 
туралы»  №269-IV,  «тауарлардың  дамушы  және  аз 
дамыған  елдерден  шығарылғанын  айқындау  ережесі 
туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №270-IV 
заңдарына қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Хаолянь  Шуды  ІІ  дәрежелі 
«Достық»  орденімен  наградтау  туралы»  №966, 
«Қ. тұрғанқұловты Қазақстан Республикасы Орталық 
сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайын-
дау  туралы»  №967,  «Ү.  Жетенов  туралы»  №968, 
«т.В. Охлопкова туралы» №969, «Қазақстан Республи-
касы  Президентінің  кейбір  жарлықтарына  өзгерістер 
мен толықтыру енгізу туралы» №970 жарлықтарына 
қол қойды. 
10 сәуір 
Мемлекет басшысы Бельгия Корольдігінде жұмыс 
сапарымен  болып,  осы  елдің  астанасы  Брюссель-
де  Еуропалық  инвестициялық  банктің  президенті 
Ф. Майштадтпен кездесті. 
Әңгіме  барысында  Президент  Қазақстан  мен 
аталмыш  банктің  арасындағы  ынтымақтастықтың 

65
Сәуір
«Жол  картасын»  әзірлеуді  және  онда  мұнай-газ, 
энергетика,  көлік-транзиттік,  ауыл  шаруашылығы 
және  индустриялық-инновациялық  салалардағы 
орта және ұзақмерзімдік перспективалы жобаларды 
айқындауды  ұсынды.  Соған  байланысты  н.Ә.  на-
зарбаев  Ф.  Майштадтты  алдағы  4  маусымда  Алма-
тыда  өтетін  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXIII оты-
рысына қатысуға шақырды. 
Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің Президенті 
Х. ван Ромпеймен кездесті. 
Мемлекет басшысы сұхбаттасын Лиссабон шарты-
на  сәйкес  құрылған  Еуропалық  кеңестің  Президенті 
қызметіне  сайлануымен  құттықтады  және  онымен 
экономика,  энергетика,  сауда  және  инвестиция 
салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету, Ілгерішіл 
серіктестік  туралы  жаңа  келісім  жасау,  Қазақстанға 
«нарықтық  экономикалық  ел»  мәртебесін  беру  және 
ДСҰ-ға кіру мәселелерін талқылады. 
Мемлекет басшысы Польша Республикасы Сеймінің 
төрағасы Б. Комаровскийге Польша Президенті Л. Ка-
чиньский мен зайыбының және олармен бірге болған 
адамдардың  ұшақ  апатынан  қаза  болуына  байланы-
сты көңіл айту жеделхатын жолдады. 
«Осындай ауыр сәтте, барша Қазақстан халқының 
атынан  және  жеке  өз  тарапымнан  достас  поляк 
халқына  азалы  қөңіл  айтып,  қайғыларыңызға  ортақ 
екендігімізді білдіремін», — делінген жеделхатта.
Сол күні Мемлекет басшысы 12–13 сәуірде Вашинг-
тон  қаласында  өтетін  Ядролық  қауіпсіздік  жөніндегі 
Жаһандық  саммитке  қатысу  үшін  АҚШ-қа  аттанып 
кетті.
 
Мемлекет  басшысы  Ядролық  қауіпсіздік  жөніндегі 
Жаһандық саммитке АҚШ Президенті Б. Обаманың 
жеке  шақыруымен  келіп  қатысты.  Сол  арқылы 
ядролық  қарусыздануға  Қазақстанның  қосқан  салмақты 
үлесі мен ядролық таратпау үдерісіндегі рөлі баса көрсетілді. 
11 сәуір 
Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 
жаһандық саммитке қатысуына байланысты Америка 

Сәуір
66
Құрама Штаттарында болған кезінде АҚШ Президенті 
Б. Обамамен кездесті. 
Кездесу  барысында  тараптар  Қазақстан  мен 
АҚШ-тың  көпқырлы  жоспарлар  бойынша  өзара 
ықпалдастығын кеңейту мәселелерін, екі елдің сыртқы 
саясат  ведомстволары  басшыларының  орынбасарла-
ры жетекшілігімен ынтымақтастық жөнінде бірлескен 
комиссия құрудың мүмкіндігін талқылады. 
Кездесу  барысында  сондай-ақ  Ауғанстандағы, 
Орталық  Азиядағы,  еуразиялық  кеңістіктегі  ахуал, 
оның ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығы контексіндегі 
жағдайы жөнінде пікір алмасылды.
Кездесу соңында н.Ә. назарбаев Б. Обаманы Аста-
нада өткізілетін ЕҚЫҰ саммитіне қатысуға шақырды. 
Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 
жаһандық  саммитке  қатысуға  келген  өзге  мемлекет 
басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. 
Үндістан  Республикасының  Премьер-министрі 
М.  Сингхпен  кездесу  барысында  Қазақстан-Үндістан 
қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму келешегі, 
сонымен қатар екі елдің ядролық қауіпсіздік жөніндегі 
әлемдік  форум  талқысына  шығарылған  АӨСШК 
және  өзге  де  өңірлік  ұйымдар  шеңберіндегі  өзара 
ықпалдастығының мәселелері талқыланды. 
Біріккен  Араб  Әмірліктерінің  Қарулы  Күштерінің 
Жоғарғы қолбасшысының орынбасары, Әбу-Дабидың 
мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Заид әл-нахаянмен 
кездесуде  Қазақстан  мен  БАӘ  арасындағы  екіжақты 
қарым-қатынастарды дамыту жайы қозғалды. 
Мемлекет 
басшысы 
ірі 
америкалық 
компаниялардың  жетекшілерімен  —  «ConocoPhillips 
Inc» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы 
Дж.  Малвамен  және  «Halliburton»  компаниясының 
президенті Д. Лезармен кездесті. Кездесу барысында 
америкалық бизнестің Қазақстандағы серіктестерімен 
2010–2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-
инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасы  ая-
сында  инвестициялық  ынтымақтастығын  кеңейту 
жайы сөз болды. 
12 сәуір 
Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 
жаһандық  саммитке  қатысуына  байланысты  Аме-

67
Сәуір
рика  Құрама  Штаттарында  болған  кезінде  саясат 
және  қоғам  қайраткерлерімен,  ірі  компаниялардың 
өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. 
АҚШ-тың  Энергетика  министрі  С.  Чумен 
кездесуі  кезінде  энергетика  саласындағы,  соның 
ішінде  ядролық  энергетика,  жаңартылған  энергия 
көздері  салаларындағы  екіжақты  ынтымақтастықты 
тереңдету туралы әңгіме болды. Қазақстан мен АҚШ-
тың  энергетикалық  әріптестігі  жөніндегі  Бірлескен 
комиссиясының шешімін жүзеге асыру жайы, сондай-
ақ Қазақстан мен АҚШ-тың энергетикалық серіктестік 
жөніндегі  бірлескен  комиссиясының  шешімдерін 
жүзеге асыру мәселесі талқыланды. 
«General  Electric  Transportation»  компаниясының 
басшысы  Л.  Симонеллимен  кездесу  барысында 
компанияның  Астанадағы  маневрлі  локомотивтерді 
жинау  және  сервистік  қызмет  көрсету,  сондай-
ақ  Қазақстанда  пойыздар  қозғалысының  ара 
қашықтығын  реттеу  жүйесін  құру  жобаларын  жүзеге 
асыруға қатысу мәселесі талқыланды.
Ал  «Chevron  Corporation»  компаниясы  директор-
лар кеңесінің төрағасы Д. Уотсонмен кездесуде отын-
энергетикалық саладағы ынтымақтастықты тереңдету 
жоспары талқыға түсті. 
н.Ә. назарбаев Бүкіләлемдік еврейлер конгресінің 
президенті  Р.  Лаудермен,  Еуразиялық  еврейлер 
конгресінің президенті А. Машкевичпен, АҚШ негізгі 
еврейлер  ұйымы  президенттері  конференциясының 
төрағасы  А.  Солоумен  және  вице-президент  М.  Хон-
лейнмен, АҚШ ұлттық конференциясы кеңестік еврей-
лер  ісі  жөніндегі  атқарушы  директоры  М.  Левинмен 
кездесті.
Мемлекет  басшысы  Вашингтон  қаласындағы 
Конгресс-холлда  басталған  Ядролық  қауіпсіздік 
жөніндегі  жаһандық  саммиттің  салтанатты  ашылу 
рәсіміне қатысты. 
Мемлекет 
басшысы 
Ядролық 
қауіпсіздік 
жөніндегі  жаһандық  саммит  аясында  Қытай  Халық 
Республикасының  төрағасы  Ху  Цзиньтаомен,  Ре-
сей  Федерациясының  Президенті  Д.А.  Медведев-
пен,  Италия  Республикасы  Министрлер  кеңесінің 
төрағасы  С.  Берлусконимен,  Украина  Президенті 

Сәуір
68
В.Ф. Януковичпен, сондай-ақ түркия Республикасының 
Премьер-министрі Р. Эрдоғанмен және Пәкстан Ислам 
Республикасының  Премьер-министрі  Ю.  Гиланимен 
әңгімелесті. 
13 сәуір 
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының 
астанасы  Вашингтон  қаласында  өткен  Ядролық 
қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің пленарлық 
отырысына қатысып, сөз сөйледі.
н.Ә.  назарбаев  Қазақстан  ядролық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  етуді  белсенді  түрде  алға  жылжытушы 
болып  табылатынын  атап  өтті.  Бұдан  20  жыл  бұрын 
Семей  сынақ  алаңы  жабылды.  Еліміз  әлемде  қуаты 
жағынан төртінші болып есептелетін ядролық қарудан 
бас  тартты,  АҚШ  және  Ресеймен  бірлесіп,  бұрынғы 
КСРО-ның  ядролық  қаруын  қазақстандық  аумақтан 
шығару  жөнінде  жұмыстар  жүргізілді.  Әлемдік 
қоғамдастықтың  қолдауымен  Қазақстанда  ядролық 
қауіпсіздік  саласындағы  бірқатар  өзге  де  маңызды 
жобалар  жүзеге  асырылды.  Атап  айтқанда,  ядролық 
отынды  жоғары  байыту  төменгі  байыту  жағдайына 
түсірілді. Уран өндіру және өңдеуде әлемдік рынокта 
Қазақстанның көшбасшылық позициясын есепке ала 
отырып, ерекше маңызды болып табылатын ядролық 
инфрақұрылымдар  мен  ядролық  материалдардың 
қауіпсіздігін  арттыру  жөнінде  шаралар  қабылданды. 
Қазақстандағы барлық ядролық объектілер МАГАтЭ-
нің қатаң бақылауына алынған. 
Қазақстан  Президенті  әлемдік  қауымдастық  та-
рапынан  жоғар  баға  алған,  ядролық  қауіп-қатерді 
азайтуға  бағытталған  бірқатар  ұсыныстарын  да  жа-
риялады.  Олардың  қатарында,  ядролық  қаруды 
жалпыға бірдей вертикальды және горизонтальды та-
ратпау туралы жаңа Шарт, Ядролық қарусыз әлемнің 
жалпыға  ортақ  декларациясы,  ядролық  қарусыз 
өңірлердің құқықтық мәртебесін реттеу, таяу Шығыста 
ядролық  қарусыз  аймақ  құру,  ядролық  отынның 
халықаралық банкі мен ядролық қауіпсіздік бойынша 
оқыту орталығын құру ұсыныстары бар (Қосымшаны 
қараңыз).
Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 
жаһандық  саммит  аясында  Америка  Құрама 
Штаттарының  вице-президенті  Д.  Байденмен,  Арме-
ния  Республикасының  Президенті  С.  Саргсянмен, 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет