Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет5/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Оның  өзегін  жалпы  сомасы  8  триллион  теңге  болатын 
республикалық және өңірлік мәндегі 294 жобаны қамтыған 
елді Индустрияландыру картасы құрайды. 
Басым  бағыттар  ретінде  экономиканың  12  сала-
сы  белгіленді:  металлургия,  мұнай  өңдеу  және  хи-
мия  өнеркәсібі,  агроөнеркәсіптік  кешен,  машинажасау, 
құрылыс  индустриясы,  көлік  және  телекоммуникациялық 
инфрақұрылым және т.б. 
Бағдарламаны екі 5 жылдық жоспар аясында екі кезеңде — 
2010–2014, 2015–2019 жылдары жүзеге асыру көзделген. 
Мемлекет  басшысы  Алматы  облысының  Ақсу 
ауданындағы  Қызылағаш  ауылында  су  қоймасы 
бөгетінің жарылуы салдарынан қаза болғандардың от-
басыларына көңіл айту жеделхатын жолдады. 
 
Қызылағаш  ауылындағы  бөгет  2010  жылы 
наурыздың  11-інен  12-сіне  қараған  түні  күшті  су 
тасқынынан жарылып, соның нәтижесінде ішінде 8 
бала  бар,  барлығы  43  адам  опат  болды.  300  адам  түрлі 
дәрежеде  жарақат  алып,  146  үйді  су  шайып  кетті.  251  үй 
қирап, 42-сі бүлінді. 

46
наурыз
Мемлекет  басшысы  «Балаларды  қорғау  және  ба-
ланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық 
туралы конвенцияны ратификациялау туралы» №253-
IV,  «теңізшілердің  жеке  куәліктері  туралы  1958 
жылғы  конвенцияны  қайта  қарайтын  Конвенцияны 
(№185 конвенция) ратификациялау туралы» №254-IV 
заңдарына қол қойды. 
Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру тура-
лы» №936, «Ә.О. Исекешевті Қазақстан Республика-
сы  Премьер-министрінің  орынбасары  —  Қазақстан 
Республикасының  Индустрия  және  жаңа  технология-
лар  министрі  қызметіне  тағайындау  туралы»  №937, 
«С.М. Мыңбаевты Қазақстан Республикасының Мұнай 
және  газ  министрі  қызметіне  тағайындау  туралы» 
№938, «Ж.С. Айтжанованы Экономикалық даму және 
сауда министрі қызметіне тағайындау туралы» №939, 
«А.Қ. Жұмағалиевті Қазақстан Республикасының Бай-
ланыс  және  ақпарат  министрі  қызметіне  тағайындау 
туралы»  №940,  «М.А.  Құл-Мұхаммедті  Қазақстан 
Республикасының  Мәдениет  министрі  қызметіне 
тағайындау  туралы»  №941,  «Б.т.  Сұлтанов  туралы» 
№942 жарлықтарына қол қойды. 
13 наурыз
Мемлекет  басшысы  Алматы  облысы  Ақсу 
ауданындағы  «Қызылағаш»  су  қоймасында  болған 
апаттың  салдарын  жою  мәселелері  бойынша  жұмыс 
бабындағы кеңес өткізді. 
Кеңеске Премьер-министр К.Қ Мәсімов басшылық 
еткен  Үкімет  мүшелері,  Қазақстан  Республика-
сы  Президенті  Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Му-
син,  Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуроры 
Қ.Ә. Мәми және басқалары қатысты. 
Президенттің 
ұсынысы 
бойынша 
кеңеске 
қатысушылар  апат  салдарынан  қайтыс  болғандарды 
бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 
Премьер-министр  Президентті  апат  болған  жерде 
үкіметтік  комиссия  жұмыс  істеп  жатқанынан  хабар-
дар  етті.  Баспанасыз  қалған  азаматтарды  алдымен 
орналастыру  жөніндегі  бірінші  кезектегі  міндеттер 
жедел  шешімін  тапты.  Зардап  шеккендерге  алғашқы 
медициналық  көмектер  көрсетілді.  Адамдар  қажетті 
азық-түлікпен, жылы киімдермен қамтамасыз етілді. 
Апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. 

47
наурыз
Кеңес  жұмысын  қорытындылай  келе,  Президент 
апаттың  салдарын  жою,  зардап  шеккен  отбасыларға 
материалдық,  қаржылық,  медициналық  көмектер 
көрсету,  баспанасыз  қалғандарды  уақытша  орна-
ластыру  және  тұрақты  баспанамен  қамтамасыз  ету 
мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
н.Ә. назарбаев барлық өңірдің әкімдеріне алдағы 
уақытта мұндай қайғылы жағдайдан аулақ болу үшін 
барлық  су  қоймалары  мен  бөгеттердің  жағдайын 
тексеруді тапсырды. 
Құқық  қорғау  органдарына  тыңғылықты  тексеріс 
жүргізіп, айыптыларды жауапкершілікке тарту туралы 
тапсырма берді. 
Мемлекет  басшысы  «Қ.У.  Бишімбаев  туралы» 
№943,  «Б.т.  Сұлтановты  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау тура-
лы» №944, «А.П. Рау туралы» №945, «С.А. Дьячен-
коны Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындау 
туралы» №946 жарлықтарына қол қойды. 
15 наурыз 
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық 
компаниясы» АҚ президенті А.Ұ. Маминді қабылдады.
А.Ұ. Мамин «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметін 
жетілдірудің  негізгі  бағыттары,  соның  ішінде  2020 
жылға дейін темір жол көлігін дамыту бағдарламасын 
жүзеге  асыру,  теміржолдық  машина  жасауды,  жо-
лаушыларды жүрдек тасымалдауды дамыту жайында 
баяндады. 
Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет бас-
шысы  темір  жол  саласындағы  негізгі  серпінді  жоба-
ларды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Прези-
денті Д.А. Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. 
Әңгіме барысында тараптар Ұлы Отан соғысындағы 
Жеңістің  65  жылдығын  бірге  мерекелеуге  дайындық 
мәселелерін талқылады, сонымен қатар, өңірдегі аху-
ал, екі мемлекеттің ШЫҰ аясындағы әрекеттестігі ту-
расында пікір алмасты. 
Мемлекет басшысы «табиғи монополиялар және рет-
телетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 

48
наурыз
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
№255-IV, «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан 
Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 
Одақтастық  қатынастар  туралы  шартқа  өзгерістер 
енгізу  туралы  хаттаманы  ратификациялау  туралы» 
№256-IV заңдарына қол қойды. 
16 наурыз 
Мемлекет басшысы Еуропа кеңесінің Парламенттік 
ассамблеясының  төрағасы  (ЕКПА)  М.  Чавушоғлыны 
қабылдады. 
Президент  М.  Чавушоғлыны  ЕКПА  төрағалығына 
сайлануымен құттықтап, осынау биік әрі жауапкершілігі 
зор лауазымда сәттілік тіледі. 
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-
ға төрағалығы мәселелерін талқылады. ЕКПА төрағасы 
Еуропалық  кеңес  Қазақстанға  ұйымға  төрағалық 
кезінде мүмкін болатын барлық көмекті көрсететініне 
және  2010  жылы  Астанада  ЕҚЫҰ  саммитін  өткізу 
турасындағы қазақстандық бастаманы қолдайтынына 
сендірді. 
Сол күні Мемлекет басшысы Өзбекстан Республи-
касына мемлекеттік сапармен аттанды. 
Мемлекет  басшысы  «тәуелсіз  Мемлекеттер 
Достастығына қатысушы мемлекеттердің Өңіраралық 
және  шекара  маңы  ынтымақтастығы  жөніндегі 
кеңесі  туралы  келісімді  бекіту  туралы»  №947, 
«М.Ш. Шаймиевті І дәрежелі «Достық» орденімен наг-
радтау  туралы»  №948,  «Көп  балалы  аналарды  «Ал-
тын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наград-
тау  туралы»  №949,  «Қазақстан  Республикасының 
азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республика-
сының  азаматтығынан  шығу  туралы»  №950 
жарлықтарына қол қойды. 
17 наурыз 
Мемлекет  басшысы  Өзбекстан  Республикасына 
ресми сапар барысында осы елдің астанасы ташкент 
қаласында Президент И.А. Каримовпен кездесті. 
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында 
Қазақстан 
мен 
Өзбекстанның 
ынтымақтастығын  инвестиция,  ауыл  шаруашылығы, 

49
наурыз
транзиттік  көлік  әлеуетін  пайдалану  салаларында 
тереңдете түсу мәселелері қаралды. 
тараптар 
орталық 
азиялық 
өңірдің 
су-
энергетикалық  ресурстарын  бірлесіп  пайдаланудың 
екі жаққа ыңғайлы тетіктерін тездетіп әзірлеуге және 
Рогун СЭС-і мен Қамбар Ата нысандары құрылысының 
жобаларын  халықаралық  сараптаудан  өткізуге  деген 
өзара қызығушылықтарын қуаттады. 
Сондай-ақ  өзара  қызығушылық  тудыратын 
халықаралық  және  өңірлік  проблемалар  бойын-
ша  да  пікір  алмасылды.  Ауғанстандағы  ахуалды 
талқылауға және осы елге халықаралық көмек көрсету 
мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. 
Келіссөздердің 
нәтижесінде 
мемлекет 
басшыларының  Бірлескен  мәлімдемесі  қабылданып, 
дипломатиялық  өкілдіктер  ғимараттарын  салу  үшін 
өзара  жер  учаскелерін  беру  туралы  үкіметаралық 
келісімге,  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер 
министрлігі  мен  Өзбекстан  Республикасы  Сыртқы 
істер  министрлігі  арасында  2010–2011  жылдарға 
арналған Ынтымақтастық бағдарламасына, Қазақстан 
Республикасы  Мәдениет  министрлігі  мен  Өзбекстан 
Республикасы Мәдениет істері және спорт министрлігі 
арасында  2010–2012  жылдарға  арналған  Мәдениет 
саласындағы  ынтымақтастық  бағдарламасына  қол 
қойылды. 
Келіссөздердің  қорытындысы  бойынша  мемлекет 
басшылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. 
түстен  кейін  Мемлекет  басшысы  Өзбекстан 
Республикасының Президенті И.А. Каримовпен бірге 
ташкенттің орталығында орналасқан тәуелсіздік және 
гуманизм монументін, «Хазірет Имам» сәулет кешенін, 
Форумдар сарайын аралап көрді. 
Мемлекет басшысы Украина Президенті В.Ф. Яну-
ковичпен телефон арқылы сөйлесті. 
Әңгіме  барысында  тараптар  2010  жылдың  7–8 
сәуіріне  жоспарланған  Украина  Президентінің 
Қазақстанға  ресми  сапарына  дайындық  барысын 
талқылады. Сондай-ақ таяу уақыттарда Үкіметаралық 
комиссияның  отырысын  өткізуге  және  онда 
қазақстандық-украиналық 
сауда-экономикалық 
қатынастардың  барлық  кешенін  ғарыш  саласы 

50
наурыз
секілді  жаңа  бағыттарын  қоса  отырып  қарастыруға 
уағдаласты. 
18 наурыз 
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында 
жұмыс сапарымен болды. 
Президент жұмыс сапарын Арыс ауданынан баста-
ды.  Онда  Көксарай  су  реттегішінің  бірінші  кезегінің 
салтанатты ашылуына қатысты. 
Салтанатты  шараға  қатысушылар  алдында 
сөйлеген  н.Ә.  назарбаев  Көксарай  су  реттегішінің 
ашылуы  –  көптен  күткен  және  аса  маңызды  оқиға 
екенін,  ол  Оңтүстік  Қазақстанның  дамуына  қуатты 
серпін  беретінін  атап  көрсетті.  «Әлемдік  қаржы-
экономикалық  дағдарыстың  салдарынан  туындаған 
қиындықтарға  қарамастан,  осынау  ірі  нысанды  салу 
басталды. Су қоймасының жобалық ауқымы 3 млрд. 
текше метрді құрайды. Құрылыс толық аяқталысымен 
өңір халқына су тасқыны енді қауіп төндірмейтін бо-
лады,  ал  облыстың  агроөнеркәсіп  кешені  су  ресур-
сы  тіпті  қуаң  кезеңдердің  өзінде  бітік  егін  жинауға 
мүмкіндік беретін, маңызды нысанмен толығады», — 
деді Президент. 
Осыдан  кейін  Мемлекет  басшысы  Шымкент 
қаласына  аттанды.  Онда  Елбасы  керамогранит 
шығаратын  зауытты  іске  қосу  шарасына  қатысып, 
өндірістік  циклмен  танысты.  Оңтүстік  Қазақстан 
облысының  индустриялық  даму  картасын  қарап, 
зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. 
Күн  соңында  Президент  Ш.  Қалдаяқов  атындағы 
облыстық филармонияның жаңа ғимаратында болып, 
облыстың  көрнекті  зиялы  қауым  өкілдерімен  және 
өнер қайраткерлерімен кездесті. 
19 наурыз 
Мемлекет  басшысы  наурыз  мейрамына  орай, 
Астана  қаласының  «Қазақстан»  Орталық  концерт 
залында еліміздің өнер жұлдыздарының қатысуымен 
өткен  «наурыз  нұры»  мерекелік  концертін 
тамашалады. 
Концерт  басталмас  бұрын  Елбасы  барлық 
қазақстандықтарды  мерекемен  құттықтап,  нау-
рыз  мейрамы  ежелден  жаңа  жылдың  басы  әрі 
жаратылыстың  қасиетті  күні  ретінде  құрметтелгенін 
атап айтты. «Биыл біз бірінші рет наурызды жаңаша 
тойлаудамыз. наурыздың үш күні демалыс ретінде жа-

51
наурыз
рияланды. Біздің бәріміз үшін бұл достықтың, бірліктің, 
мейірім мен Отанға деген кіршіксіз махаббаттың ұлы 
мерекесі», — деді Президент. 
Мемлекет басшысы «Мемлекеттік статистика тура-
лы»  №257-IV,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық  актілеріне  мемлекеттік  статистика  және 
салық  салу  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу туралы» №258-IV заңдарына қол 
қойды. 
Президент  сондай-ақ  «1941–1945  жылдардағы 
Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңіс  күнінің  65  жылдығы 
құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» №951, 
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 
12  қарашадағы  №434  Жарлығына  өзгерістер  енгізу 
туралы» №952, «Пан Ги Мунды І дәрежелі «Достық» 
орденімен  наградтау  туралы»  №953,  «Орталық 
мемлекеттік  және  облыстардың,  республикалық 
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы 
органдары  қызметінің  тиімділігін  жыл  сайынғы 
бағалау  жүйесі  туралы»  №954,  «Ислам  Конферен-
циясы  Ұйымының  Жарғысына  қол  қою  туралы» 
№955, «Кешірім жасау туралы» №956, «Мемлекеттік 
бағдарламалар  тізбесін  бекіту  туралы»  №957, 
«Қазақстан  Республикасын  үдемелі  индустриялық-
инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарлама  және  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  кейбір  жарлықтарының 
күші жойылды деп тану туралы» №958 жарлықтарына 
қол қойды. 
29 наурыз 
Мемлекет басшысы «Каддафи қоры» халықаралық 
қайырымдылық  қорының  директоры  Саиф  әл-Ислам 
әл-Каддафиді қабылдады. 
Кездесу  барысында  Қазақстан  мен  Ливия 
арасындағы 
инвестициялық 
ынтымақтастықты 
кеңейту мәселелері талқыланды. 
Мемлекет  басшысы  2010  жылы  29  наурызда 
Мәскеу  метросында  болған  лаңкестіктің  салдары-
нан  көптеген  адам  қаза  табуына  байланысты  Ресей 
Федерациясының Президенті Д. А. Медведевке көңіл 
айту жеделхатын жолдады. 

52
наурыз
«Мәскеу  метросындағы  лаңкестіктің  салдарынан 
бейбіт адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны тура-
лы хабарды Қазақстан да терең қайғымен қабылдады. 
Қазақстан лаңкестікті оның барлық сипатында қатты 
сөгеді және Ресей Федерациясын толық қолдайтынына 
сендіреді. 
Қазақстан  халқының  және  жеке  өз  атымнан 
қайтыс  болғандардың  отбасыларына,  жақындары 
мен  туғандарына  қайғыра  көңіл  айтуымды  жеткізуді 
өтінемін», — делінген жеделхатта. 
Мемлекет  басшысы  «2010–2012  жылдарға 
арналған  республикалық  бюджет  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру-
лар енгізу туралы» №259-IV Заңына қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Көп  балалы  аналарды 
«Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наг-
радтау  туралы»  №959,  «Белгіленген  әскери  қызмет 
мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери 
қызметшілерді  запасқа  шығару  және  Қазақстан 
Республикасының  азаматтарын  2010  жылдың  сәуір-
маусымында  және  қазан-желтоқсанында  кезекті 
мерзімді  әскери  қызметке  шақыру  туралы»  №960 
жарлықтарына қол қойды. 
30 наурыз 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  мемлекеттік  са-
пармен келген Словакия Республикасының Президенті 
И. Гашпаровичпен кездесті. 
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында  Қазақстан-словак  сауда–экономикалық 
ынтымақтастығының  өңдеуші  өнеркәсіптегі,  жеңіл 
және  азық-түлік  өндірісіндегі,  туристік  және  білім 
алмасудағы, шағын және орта бизнестегі ахуалы мен 
оны әрі қарай кеңейту перспективалары талқыланды. 
н.Ә.  назарбаев  әріптесінің  назарын  словактық 
инвесторлар үшін Қазақстанда 2010–2014 жылдарға 
арналған 
Үдемелі 
индустриялық-инновациялық 
даму  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында,  сондай-ақ 
Қазақстан,  Ресей  және  Беларусь  Кеден  одағының 
құрылуымен  байланысты  жаңа  мүмкіндіктер  мен 
перспективалар ашылатындығына аударды. 
талқылаулардың  маңызды  бір  тақырыбы  өзекті 
халықаралық  проблемалар  болды.  н.Ә.  назарбаев 
пен  И.  Гашпарович  Қазақстан  мен  Словакияның 

53
наурыз
халықаралық  қауіпсіздік,  ядролық  қарусыздану  мен 
таратпау тақырыбындағы ұстанымдары ұқсас екендігін 
атап көрсетті. 
түстен  кейін  Мемлекет  басшысы  Словакия 
Президентімен  бірге  Қазақстан-Словакия  бизнес-
форумына қатысты. 
Екі  елдің  кәсіпкерлері  алдында  сөйлеген 
н.Ә.  назарбаев  кейінгі  кездері  Қазақстан  мен 
Словакияның қатынастары айтарлықтай жанданғанын 
айтты.  Соған  орай,  Президент  Словакияның 
бизнесмендерін  2010–2014  жылдарға  арналған 
Үдемелі 
индустриялық-инновациялық 
даму 
мемлекеттік  бағдарламасындағы  жобаларға  қатысуға 
шақырып,  бұл  форум  екі  елдің  сауда-экономикалық 
қатынастарын әрі қарай нығайтуға септігін тигізетініне 
сенім білдірді. 
Өз кезегінде Словакия Президенті И. Гашпарович 
Қазақстанды «Одесса-Броды» мұнай құбыры жобасы-
на қатысуға шақырды. 
Күн  соңында  Мемлекет  басшысы  Словакия 
Республикасының Президенті И. Гашпаровичпен бірге 
Астана қаласының бірқатар нысандарын аралады. 
31 наурыз 
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парла-
менті  Мәжілісінің    төрағасы  О.Б.  Мұхамеджановты 
қабылдады.  Ол  Қазақстанның  2010–2014  жылдарға 
арналған  Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму 
мемлекеттік  бағдарламасының  палата  қызметіндегі 
заңнамалық  қамту  тұрғысын  баяндады,  сондай-ақ 
Президенттің  4  шақырылымдағы  Парламенттің  2009 
жылы  қыркүйекте  өткен  3  сессиясының  ашылуында 
және 2010 жылы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық — 
жаңа  экономикалық  өрлеу  —  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында 
қойылған міндеттерге тоқталды. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Әділет министрі Р.т. түсіпбековті қабылдады. Ол елдің 
қылмыстық  атқару  жүйесіндегі  жағдайды  баяндап, 
министрліктің  заң  жобалау  қызметін  жетілдіру  және 

54
наурыз
халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын 
«Жаңа  онжылдық  —  жаңа  экономикалық  өрлеу  — 
Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  жолдауында 
қойылған міндеттерге сай көтеру мәселелерін сөз етті. 
Мемлекет  басшысы  Біріккен  Араб  Әмірліктерінің 
Президенті  шейх  Халиф  бен  Заид  әл-нахаянға  оның 
бауыры шейх Ахмед бен Заид әл-нахаянның әуе апа-
тынан қаза табуына байланысты көңіл айту жеделха-
тын жолдады. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен 
Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді 
(Жай  операциялар)  (ОАӨЭЫ  1  көлік  дәлізі  [Жамбыл 
облысындағы  учаскелер]  [«Батыс  Еуропа  —  Батыс 
Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық 
бағдарлама  —  2-жоба)  ратификациялау  туралы» 
№260-IV Заңына қол қойды. 

сәуір
Дс
5
12
19
26
Сс
6
13
20
27
Ср
7
14
21
28
Бс
1
8
15
22
29
Жм
2
9
16
23
30
Сн
3
10
17
24
Жк
4
11
18
25

57
Сәуір
1 cәуір 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  жұмыс 
сапарын  жасап,  бірқатар  астаналық  нысандардың 
құрылыс барысымен танысты. 
Президент 
халықаралық 
деңгейдегі 
жаңа 
университеттің алаңында, «Хан шатыр» сауда, ойын-
сауық орталығында, «Шабыт» шығармашылық сарай-
ында болды. 
Бұдан  кейін  н.Ә.  назарбаев  1250  орындық 
болашақ опера және балет театрының құрылысы са-
лынатын жерге тас қою рәсімін жасады. 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 
мен Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы арасындағы 
Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық 
күштерінің  қызметіне  қатысу  туралы  ноталар  алма-
су  нысанындағы  келісімге  қол  қою  туралы»  №961 
Жарлығына қол қойды. 
2 сәуір 
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы 
көктемгі су тасқыны салдарын жою мәселелері бойын-
ша жұмыс бабындағы кеңес өткізді. 
Кеңес  отырысына  Қазақстан  Республикасының 
Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімов,  Қазақстан  Респу-
бликасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Му-
син,  Премьер-министрдің  бірінші  орынбасары 
Ө.Е.  Шөкеев,  Қазақстан  Республикасы  Бас  прокуро-
ры  Қ.Ә.  Мәми,  Шығыс  Қазақстан  облысының  әкімі 
Б.М. Сапарбаев, сондай-ақ Үкімет мүшелері қатысты. 
Шығыс  Қазақстан  облысындағы  жағдай  мен 
ондағы  қабылданып  жатқан  шаралар  туралы 
елдің  осы  өңіріндегі  ахуалмен  танысқан  үкіметтік 
комиссияның жетекшісі, Премьер-министрдің бірінші 
орынбасары  Ө.Е.  Шөкеев,  облыс  әкімі  Б.М.  Сапар-
баев,  төтенше  жағдайлар  министрі  В.К.  Божко,  Бас 
прокурор  Қ.Ә.  Мәми,  Ауыл  шаруашылық  министрі 
А.Қ. Күрішбаев баяндады. 
Кеңес  жұмысын  қорытқан  Президент  табиғат 
апатынан  зардап  шеккен  адамдарға  бірінші  кезекте 
көмек  көрсетудің  маңыздылығына  назар  аударды. 
Сонымен  қатар,  н.Ә.  назарбаев  еліміздің  барлық 
өңірлерінің  әкімдеріне,  құзырына  тасқынға  қарсы 
тұру мәселелері кіретін барлық мемлекеттік орган бас-
шыларына барлық су қоймаларын, бөгеттерді, өзге де 

Сәуір
58
гидронысандарды  тексеріп,  олардың  басында  тәулік 
бойы кезекшілік қою қажеттігін атап көрсетті. 
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы тәуелсіз-
дік  сарайында  өткен  елорданың  сәулет-құрылыс 
кеңесінің отырысына төрағалық етті. 
Астананы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған 
кеңесті  ашқан  Президент  қаланың  соңғы  жылда-
ры  көптеген  әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштер 
бойынша  жетекші  орынға  шыққанын  атап  айт-
ты.  «Ең  бастысы  —  Астана  қала  тұрғындары  мен 
қонақтарына мейлінше жайлы болып келеді», — деді 
н.Ә. назарбаев. Бірақ, Елбасының айтуынша, әлі де 
түйткілді  мәселелер  баршылық.  Бүгінгі  отырыстың 
тақырыбы да солар болмақ. 
Елорда әкімі И.н. тасмағамбетов қала тұрғызу са-
ласында  Президент  тапсырмаларының  орындалу  ба-
рысы туралы баяндады. Ол қала халқының қарқынды 
өсуіне байланысты Астана қаласының Бас жоспарына 
түзетулер  енгізілгенін,  жаңа  алаң  мен  «Хан  шатыр» 
сауда,  ойын-сауық  орталығының  маңайында  сәулет 
ансамбльдері  қалыптасқанын,  детальді  жоспарлау 
бойынша  кеңейтілген  30  жоба  әзірленгенін  айтты. 
Әкім  сонымен  қатар,  «100  мектеп,  100  аурухана» 
бағдарламасы  аясындағы  жобалардың  жүзеге  асыры-
лу  барысы  туралы,  Азиада  нысандарының  құрылысы 
мен жаңа жобалардың, соның ішінде «Әбу Даби Плаза» 
кешені мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің, опера және балет 
театрының, тұңғыш Президент қоры мен кітапханасы 
құрылыстарының басталғаны туралы хабарлады. 
Кеңес  отырысын  қорытқан  Президент  Үкімет 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет