Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет3/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
шығып келеді. Соның арқасында біз жұмыссыздықты 
қысқартып, инфляцияны төмендеттік, халық үшін аса 
қажет «Жол картасын» жүзеге асыру бойынша орасан 
зор  жұмыстар  жүргіздік.  Жаңа  кірген  2010  жылда 
да  бізді  салмағы  кем  түспейтін  мәселелер  күтіп  тұр. 
2010 жыл біз үшін 2020 жылға дейінгі дамуымыздың 
стратегиялық  бағдарламасын  жүзеге  асыру  негізінде 
Қазақстанды  орнықты  даму  траекториясына  шығару 
жылы болуы тиіс», — деп атап көрсетті. 
25 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
«Сырбар»  сыртқы  барлау  қызметінің  директоры 
А.Қ. Жанқұлиевті қабылдады. Ол өз ведомствосының 
2009 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары ту-
ралы баяндады. 
Мемлекет  басшысы  «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық  ком-
паниясы»  АҚ  басқарма  төрағасы  Қ.М.  Қабылдинді 
қабылдады. Ол компанияның 2009 жылғы жұмысының 
қорытындылары мен 2010 жылға арналған жоспарла-
ры туралы хабардар етті. 
Қ.М.  Қабылдин  компания  қызметінің  басты 
нәтижелерінің  қатарында  мұнай  өндірудің  ұлғаюын, 
«Қазақстан-Қытай»  мұнай  құбырының  екінші  кезегін 
және «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші кезегін 
іске  қосу  бойынша  ірі  инфрақұрылымдық  жобаның 
аяқталуын,  сондай-ақ  «ҚазМұнайГаз»  инвестициялық 
стратегиясы  ауқымында  жалпы  сомасы  540  млрд. 
теңге  болатын  «The  Rompetrol  Group»  (Румыния), 
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнайхимия зауы-
ты» ЖШС-нің қосымша активтерін иелену жайын атады. 
26 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Денсаулық  сақтау  министрі  Ж.А.  Досқалиевті 

21
Қаңтар
қабылдады. Ол министрліктің 2009 жылғы жұмысының 
қорытындылары туралы баяндады. 
Министр 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Денсау-
лық  сақтаудың  бірыңғай  ұлттық  жүйесі  енгізілгенін, 
ана мен бала өлімінің деңгейі, түберкулез және қан-
тамырлары ауруларына шалдығу кемігенін мәлімдеді. 
Кездесу  қорытындысы  бойынша  Президент 
медицинаның профилактикалық бағыты мен алғашқы 
медициналық-санитарлық  көмек  жүйесін  әрі  қарай 
күшейту,  халықты  сапалы  дәрі-дәрмектермен 
қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды. 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-
сы  Президентінің  2006  жылғы  4  мамырдағы  №111 
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-
лы» № 919 Жарлығына қол қойды. 
27 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  «Арна-медиа»  Ұлттық 
ақпараттық холдингі» АҚ басқарма төрағасы Е.С. Бай-
жановты  қабылдады.  Ол  холдингтің  2009  жылғы 
қызметінің  қорытындылары  мен  таяу  жылдарға 
арналған перспективалары туралы баяндады. 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  2000  жылғы  12  қазандағы  №470 
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-
лы» №920 Жарлығына қол қойды. 
28 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-
сы  Президентінің  2006  жылғы  5  қазандағы  №191 
Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №921 
Жарлығына қол қойды. 
29 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Парламенті  палаталарының  бірлескен  отырысында 
«Жаңа  онжылдық  —  жаңа  экономикалық  өрлеу  — 
Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауын жариялады. 
Президент  өз  Жолдауында  Қазақстанның  2020 
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жариялай 
отырып,  таяу  онжылдықтағы  орнықты  әрі  теңгерімді 
дамуы  жеделдетілген  әртараптандыру  мен  ұлттық 

22
Қаңтар
экономиканың  бәсекеге  қабілетін  көтеру  есебінен 
қамтамасыз етілетінін атап көрсетті. Және соған бай-
ланысты келесі мәселелерді шешу керектігін алға тарт-
ты. Олар: ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға 
дайындау,  экономиканың  орнықты  өсіміне  үдемелі 
индустрияландыру  мен  инфрақұрылымдарды  дамы-
ту  арқылы  қол  жеткізу,  адами  капиталдың  бәсекеге 
қабілетін  көтеру  үшін  болашаққа  белсенді  инвести-
циялау,  қазақстандықтарды  сапалы  әлеуметтік  және 
тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтермен  қамтамасыз 
ету, ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті 
күшейтіп,  халықаралық  қатынастарды  әрі  қарай 
дамыту. 
«2030  жылға  дейінгі  Даму  стратегиямызда 
айқындалған  стратегиялық  мақсаттарға  жету  үшін 
жұмылған  біздер  өз  миссиямызды  сәтті  орындап 
келеміз  —  тәуелсіз,  өркендеуші,  саяси  тұрақты 
Қазақстан құрудамыз», — деп түйіндеді сөзін Мемле-
кет басшысы (Қосымшаны қараңыз). 
Сол күні Мемлекет басшысы Қазақстан Республи-
касы Үкіметі мүшелерінің, облыстар мен Астана, Ал-
маты  қалалары  әкімдерінің  қатысуымен  «нұр  Отан» 
Халықтық-демократиялық  партиясы  Саяси  кеңесінің 
кеңейтілген Бюро отырысына төрағалық етті. 
Отырыста  Қазақстан  Президентінің  Қазақстан 
халқына  «Жаңа  онжылдық  —  жаңа  экономикалық 
өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жол-
дауында  айтылған  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық 
даму  жоспарын  жүзеге  асыру  бойынша  бірінші 
кезектегі шаралар талқыланды. 
Отырысты ашқан н.Ә. назарбаев осы бағдарламаны 
түсіндіруде  және  ең  бастысы,  жүзеге  асыруда  «нұр 
Отан» көшбасшы рөл атқаруы тиістігін атап көрсетті. 
Отырыс  барысында  Қазақстан  Республикасының 
Премьер-министрі К.Қ. Мәсімов, «нұр Отан» Халық-
тық-демократиялық  партиясы  төрағасының  бірінші 
орынбасары  н.З.  нығматулин,  Қазақстан  Республи-
касы  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты  А.С.  Соло-
вьева,  Қазақстан  Республикасының  Индустрия  және 
сауда  министрі  Ә.Ө.  Исекешев,  Шығыс  Қазақстан 
облысының әкімі Б.М. Сапарбаев сөз сөйледі. 
Отырыс  қорытындысы  бойынша  Президент  тиісті 
тапсырмалар берді.

ақпан
Дс
1
8
15
22
Сс
2
9
16
23
Ср
3
10
17
24
Бс
4
11
18
25
Жм
5
12
19
26
Сн
6
13
20
27
Жк
7
14
21
28

25
Ақпан
1 ақпан
Мемлекет  басшысы  өзінің  2010  жылы  29 
қаңтарда  Қазақстан  Республикасының  Парламенті 
палаталарының  бірлескен  отырысында  жариялаған 
«Жаңа  онжылдық  —  жаңа  экономикалық  өрлеу  — 
Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша 
жұмыс бабындағы кеңес өткізді. 
Кеңес  жұмысына  Қазақстан  Республикасының 
Премьер-министрі К.Қ. Мәсімов, Қазақстан Республи-
касы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусин, 
Президенттің  көмекшісі  —  Қазақстан  Республикасы 
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М.М. тәжин қатысты. 
Кеңесте Жолдауды жүзеге асыру бойынша бірінші 
кезектегі іс-шаралар талқыланып, елдің құқық қорғау 
жүйесін реформалау және құқық тәртібін нығайту бой-
ынша жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспа-
ры  туралы»  №922,  «Қазақстан  Республикасының 
қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту 
тұжырымдамасы  туралы»  №923  жарлықтарына  қол 
қойды. 
2 ақпан 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Статистика  агенттігінің  төрағасы  Ә.А.  Смайыловты 
қабылдады.  Ол  ведомствоның  2009  жылғы  жұмыс 
қорытындылары туралы баяндады. 
Кездесу  барысында  Президент  Агенттіктің 
ақпараттық  жүйесін  әрі  қарай  жаңғыртуды, 
статистикалық әдістемені жетілдіру жұмыстарын жан-
дандыруды,  сондай-ақ  халық  санағының  түкпілікті 
қорытындыларын шығарып, оның нәтижелерін БАҚ-та 
жариялауды тапсырды. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  кеңейтілген  алқа  оты-
рысына қатысты. 
Алқа  отырысына  сондай-ақ  Қазақстан  Республи-
касы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусин, 
Президенттің  көмекшісі  —  Қазақстан  Республикасы 
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М.М. тәжин, Қазақстан 
Республикасының Бас прокуроры Қ.Ә. Мәми қатысты. 

26
Ақпан
Отырыс барысында ҰҚК төрағасы Ә.Ш. Шаяхметов 
пен комитеттің құрылымдық және аумақтық органда-
ры жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. 
Алқа  отырысының  қорытындысында  Президент 
ұлттық қауіпсіздік жүйесін әрі қарай жетілдіру бойын-
ша, әсіресе, лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру, 
экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша нақты 
тапсырмалар берді. 
н.Ә.  назарбаев  сонымен  қатар  ҰҚК-нің  құқық 
қорғау  органдарымен  сындарлы  әрекеттестікте 
болуының маңыздылығына және ұлттық қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  жұмысында  заңдылық  пен  адам 
құқығын  мүлтіксіз  сақтау  қажеттілігіне  баса  назар 
аударды. 
3 ақпан 
Мемлекет  басшысы  алматылық  резиденциясын-
да  Қазақстанның  шығармашылық  интеллигенция 
өкілдерін қабылдады. 
«Қазақстан  өз  дамуының  жаңа  кезеңінің 
табалдырығында  тұр.  Халыққа  Жолдауымда  мен 
10  жылдық  перспективадағы  басым  бағыттарды 
жарияладым. 
Олардың  барлығы  біздің  алдымызда  тұрған  жаңа 
міндеттердің үдесінен туындаған әрі таяу жылдардың 
күн тәртібін құрайды. 
Жаңа  міндеттерді  жүзеге  асыру  біздің  елімізді  өз 
дамуында  тек  алға  жылжытады.  Бұл  бірінші  кезекте 
қазақстандықтардың  өмір  сапасының  айтарлықтай 
көтерілуімен көрініс табады. Алда үлкен әрі жауапты 
жұмыс тұр.
тек  бірге,  бүкіл  халықтың  күшін  біріктіре  отырып 
қана, біз алға жылжи аламыз. Әрі қарайғы прогресс 
тек қоғам ынтымағына тәуелді. Ал ол бірлікті, келісім 
мен бейбітшілікті талап етеді. 
Біздің мемлекетімізді, біздің ішкі бейбітшілігіміз бен 
келісімді, біздің тұрақтылығымызды, қауіпсіздігімізді 
өзімізден  басқа  ешкім  де  сақтамайтынына 
келісерсіздер. 
Біз, Қазақстан халқы, болашағымыз бен бүгінгіміз 
үшін  өзіміз  жауаптымыз»,  —  деді  Президент  зиялы 
қауымға қарата айтқан сөзінде. 
Кездесудің  соңында  н.Ә.  назарбаев  еліміздің 
әдебиет пен өнер қайраткерлерінің бір тобына 2009 
жылдың президенттік және мемлекеттік стипендияла-
рын тапсырды.

27
Ақпан
Мемлекет басшысы «Ядролық авария туралы жедел 
хабарлау жөніндегі конвенцияны ратификациялау тура-
лы» №243-IV, «Ядролық авария жағдайындағы немесе 
радиациялық авария жағдайындағы көмек туралы кон-
венцияны ратификациялау туралы» №244-IV, «Ядролық 
қауіпсіздік туралы конвенцияны ратификациялау тура-
лы»  №245-IV,  «Пайдаланылған  отынмен  жұмыс  істеу 
қауіпсіздігі  туралы  және  радиоактивті  қалдықтармен 
жұмыс  істеу  қауіпсіздігі  туралы  біріктірілген  кон-
венцияны 
ратификациялау 
туралы» 
№246-IV, 
«Қазақстан  Республикасының  Yкiметi  мен  Франция 
Республикасының Yкiметi арасындағы Қаржыландыру 
туралы  хаттаманың  (Алматы  қаласының  сумен 
қамтамасыз  ету  және  кәрiз  инфрақұрылымын  оңалту 
мен  жаңғырту  жобасы)  күшін  жою  туралы»  №247-IV, 
«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 
актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері 
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
№248-IV заңдарына қол қойды. 
Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Ал-
тын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау 
туралы» №924 Жарлығына қол қойды. 
5 ақпан 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапар-
мен  келген  норвегия  Корольдігінің  Кронпринці  (тақ 
мұрагері ханзадасы) Х. Магнусты қабылдады. 
Президент  Қазақстанның  норвегияны  Еуропадағы 
маңызды әрі перспективалы серіктес ретінде көретінін, 
екі  мемлекет  арасындағы  ынтымақтастық  үлкен 
әлеуетке  ие  екенін  айтып,  Кронпринцтің  қатысуымен 
Астанада өтуі тиіс қазақстандық-норвег бизнес-форумы 
екі  елдің  іскерлік  топтарының  жақындасуына  ықпал 
ететініне сенім білдірді. н.Ә. назарбаев норвегияның 
Астанада елшілігі ашылуын да қош көретінін жеткізді. 
Кронпринц  Қазақстанның  ядролық  қару  та-
ратпау  бойынша  қызметін  жоғары  бағалап,  ЕҚЫҰ 
төрағалығында сәттілік тіледі.
Мемлекет  басшысы  «табиғат»  қауымдастықтар 
мен  кәсіпорындар  экологиялық  одағының  төрағасы 
М.Х.  Елеусізовті  қабылдады.  Ол  өзі  қатысқан  Да-
ния  Корольдігінің  астанасы  Копенгагенде  2009 
жылдың  желтоқсан  айында  өткен  және  тарихқа 

28
Ақпан
ең  ірі  халықаралық  климаттық  форум  болып  ен-
ген,  климаттың  өзгеруі  туралы  БҰҰ  негіздемелік 
конвенциясының  15-ші  конференциясы  жұмысының 
қорытындыларынан хабардар етті. 
Кездесу  барысында  Қазақстандағы  экологиялық 
ахуал мен қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына бай-
ланысты кең ауқымды мәселелер де талқыланды.
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
көрнекті 
мемлекет 
және 
қоғам 
қайраткері 
Б.Ә. Әшімовтің қайтыс болуына байланысты туыстары 
мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. 
«Бәйкен Әшімов аса білімді, талантты, мақсатшыл, 
биік ар-ұжданды адам болатын. Оның жарқын бейнесі 
мен белсенді өмірлік ұстанымдары халқымыздың жа-
дында мәңгі сақталады», — делінген жеделхатта. 
 
Әшімов Бәйкен Әшімұлы — 1917 жылы 10 тамызда 
дүниеге келген, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 
1970–1984 жылдар аралығында Қазақ КСР Минис-
трлер  Кеңесін  басқарды.  1984–1985  жылдары  Қазақ  КСР 
Жоғарғы  Кеңесінің  Президиум  төрағасы,  ал  1985  жылдан 
құрметті еңбек демалысында болды. Социалистік Еңбек ері 
(1977),  4  бірдей  Ленин  орденімен,  сондай-ақ  басқа  да 
көптеген орден-медальдармен марапатталған. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  мемлекеттің  және 
оның  меншігінің  иммунитеті,  аралық  соттар  және 
халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетіл-
діру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы» № 249-IV Заңына қол қойды. 
6 ақпан 
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының  Пре-
зиденті  Д.А.  Медведевпен  телефон  арқылы  сөйлесті. 
тараптар  қазақстандық-ресейлік  ынтымақтастықтың 
2010  жылғы  басымдықтары  мен  перспективаларын 
талқылады. 
8 ақпан 
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма 
төрағасы  А.Қ.  Жұмағалиевті  қабылдады.  Ол  2009 
жылғы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. 
Кездесу  барысында  мобильдік  байланыс  қызметі 
мен кеңжолақты интернетке қолжетімділікті қалалық 

29
Ақпан
және  ауылдық  жерлерде  бірдей  дамыту  болашағы 
талқыланды.
9 ақпан 
Мемлекет  басшысы  Жамбыл  және  Қарағанды 
облыстарының  әкімдері  Қ.А.  Бозымбаев  пен 
С.н.  Ахметовті  қабылдады.  Әкімдер  облыстардың 
2009 
жылғы 
әлеуметтік-экономикалық 
даму 
қорытындылары мен 2010 жылға арналған даму жос-
парлары туралы баяндады. 
Қ.А. Бозымбаевпен әңгімеде Жамбыл облысының 
аумағында  2010–2011  жылдары  жүзеге  асыруы 
жоспарланған  инвестициялық  жобаларға  айрықша 
көңіл бөлінді. 
Ал  С.н.  Ахметовпен  кездесуде  Қарағанды 
облысының  байырғы  салалары  —  көмір  өнеркәсібі, 
қара  және  түсті  металлургия,  тау-кен  өндіру  сала-
сы,  энергетика,  машина  жасау  және  металл  өңдеу, 
құрылыс индустриясын әрі қарай дамыту мәселелері 
мен 
перспективаларына, 
сондай-ақ 
Үдемелі 
индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы  ая-
сында белгіленген жобаларға ерекше екпін қойылды. 
Қарағанды  облысының  әкімі  сонымен  қатар, 
теміртау  қаласындағы  Қазақстан  Магниткасының 
50  жылдығын  мерекелеу  дайындығының  барысынан 
да хабардар етті. 
10 ақпан
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Р.А. Баталов-
ты қабылдады. 
Кездесу барысында отандық кәсіпкерлердің Үдемелі 
индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасына 
қатысу  мәселелері  және  сауда  кәсіпорындары  мен 
ауылшаруашылық  тауар  өндірушілердің  әрекеттестік 
тетіктерін жетілдіру жолдары талқыланды. 
11 ақпан 
Мемлекет  басшысы  түркия  Республикасының 
Сыртқы істер министрі А. Дәуітоғлын қабылдады. 
Кездесу  барысында  түркия  Республикасы 
Президенті А. Гүлдің 2010 жылдың 23–26 мамырына 
жоспарланған ресми сапарына дайындық пен қазақ-
түрік  сауда-экономикалық,  мәдени-гуманитарлық 
салалардағы қарым-қатынастарын дамыту перспекти-
валары талқыланды. 

30
Ақпан
Президент  2009  жылы  қазан  айында  өткен 
түркияға  ресми  сапары  кезінде  және  2009  жылы 
2–3  қазанда  Әзірбайжан  Республикасының  нахы-
чеван  қаласында  болған  түркітілдес  мемлекеттердің 
IX  саммитінде  қол  жеткізілген  уағдаластықтардың 
жүзеге асыру барысына көңілі толатындығын айтты. 
Келіссөздердің 
нәтижесінде 
қазақстандық 
азаматтардың  түркияда,  түркиялық  азаматтардың 
Қазақстанда визасыз болу мерзімдерін 1 айдан 3 айға 
дейін  ұзарту  туралы,  сондай-ақ  түркияның  үшінші 
елдердегі  елшіліктері  Қазақстанның  дипломатиялық 
өкілдіктері  жоқ  елдерде  Қазақстан  азаматтарының 
мүдделеріне өкілдік ететіндігі туралы уағдаластықтарға 
қол жеткізілді. 
14 ақпан 
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясында 
жұмыс сапарымен болып, осы елдің астанасы Мәскеу 
қаласында  Ресей  Федерациясының  Президенті 
Д.А. Медведевпен кездесті. 
Шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақ-
ты ынтымақтастықтың кең ауқымы және өзара мүдделі 
халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды. 
Д.А.  Медведев  2010  жылы  Қазақстанда  ЕҚЫҰ 
саммитін  өткізу  туралы  н.Ә.  назарбаевтың  бастама-
сын қолдады. 
15 ақпан 
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс 
сапары  барысында  Ресей  Федерациясы  Үкіметінің 
төрағасы В.В. Путинмен кездесті. 
Кездесу барысында 2010 жылы 1 қаңтардан бас-
тап Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағын 
құру  туралы  шартының  күшіне  енуіне  және  Біртұтас 
экономикалық  кеңістік  құру  туралы  Декларацияға 
қол  қойылуына  байланысты  қазақстандық-ресейлік 
экономикалық  ынтымақтастықты  дамыту  мәселелері 
талқыланды.
Мемлекет  басшысы  Украина  Президенті  лауа-
зымына  сайлануына  байланысты  В.Ф.  Януковичке 
құттықтау жеделхатын жолдады. 
«Біздің  елдеріміздің  дәстүрлі  достық  қарым-
қатынастары  мен  жемісті  ынтымақтастығы  алдағы 
уақытта  да  Қазақстан  мен  Украина  халықтарының 

31
Ақпан
игілігі үшін белсенді дами беретіндігіне сенемін. Осы 
сәтті  пайдалана  отырып,  Сізге  мықты  денсаулық,  ал 
украин  халқына  игілік  пен  өркендеу  тілеймін»,  — 
делінген жеделхатта. 
17 ақпан 
Мемлекет  басшысы  «Ақорда»  резиденциясында 
өткен  Қазақстан  Республикасы  Қауіпсіздік  кеңесінің 
кезекті отырысына төрағалық етті. 
Отырысқа  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 
палаталарының  төрағалары  Қ.К.  тоқаев  және 
О.Б. Мұхамеджанов, Премьер-министрі К.Қ. Мәсімов, 
Президенті  Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусин, 
Президентінің  көмекшісі  —  Қауіпсіздік  кеңесінің 
хатшысы  М.М.  тәжин,  Үкіметінің  мүшелері  мен 
Парламентінің депутаттары қатысты. 
Отырыс  барысында  Қазақстан  Республикасының 
2007–2012  жылдарға  арналған  Ұлттық  қауіпсіздік 
стратегиясының жүзеге асырылу барысы және алдағы 
жылдарға  қойылар  міндеттер,  сондай-ақ  Ұлы  Отан 
соғысындағы  Жеңістің  65  жылдығын  атап  өтуге 
дайындық шаралары талқыланды. 
Күн  тәртібі  бойынша  Президент  көмекшісі  — 
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшы-
сы М.М. тәжин мен Премьер-министрдің орынбасары 
Е.т. Орынбаев баяндама жасады. 
Қауіпсіздік  кеңесі  отырысының  қорытындысы 
бойынша  Президент  Үкімет  пен  тиісті  мемлекеттік 
органдарға  қабылданған  барлық  шешімдердің  орын-
далуын қамтамасыз етуді тапсырды. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология 
ғылымдарының  докторы,  танымал  әдебиеттанушы 
Р.н.  нұрғалиевтің  қайтыс  болуына  байланысты  отба-
сына көңіл айту жеделхатын жолдады. 
«Рымғали  нұрғалиев  —  бүкіл  саналы  ғұмырын 
туған халқын рухани тұрғыдан кемелдендіруге арнады. 
Академик  нұрғалиевтің  еңбегі  мен  жарқын  дидарын 
халқымыз ұмытпайды», — делінген жеделхатта. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау 
жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О.н. Өксікбаевты 

32
Ақпан
қабылдады.  Ол  комитеттің  2009  жылы  жүргізген 
тексерулерінің қорытындылары туралы баяндады. 
Кездесу барысында сондай-ақ зейнетақы қорларын 
қалыптастыру, кедендік және салықтық әкімшілендіру 
мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшысы Есеп комитетіне инвестициялық 
дамуға  арналған  республикалық  бюджеттен  бөлінген 
қаражаттар  қозғалысын  бақылау  жөніндегі  жұмысты 
белсенді жүргізуді тапсырды.
  Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Бас  прокуроры  Қ.Ә.  Мәмиді  қабылдады.  Ол  елдегі 
заңдылық ахуалы мен құқық тәртібі жайында баяндады. 
Кездесу барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы 
күресті күшейту мәселесіне баса назар аударылды. 
Мемлекет  басшысы  «тәуелсіз  Мемлекеттер 
Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы 
ынтымақтастығы  туралы  конвенцияны  ратификация-
лау туралы» №250-IV, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы 
шарт  ұйымының  Ұжымдық  жедел  ден  қою  күштері 
туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №251-IV, 
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық 
қауіпсіздік  жүйесінің  күштері  мен  құралдарын  жа-
сырын  басқару  жүйесін  құрудың  негізгі  принциптері 
туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №252-IV 
заңдарына қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Мемлекет  басшысының 
2010  жылғы  29  қаңтардағы  «Жаңа  онжылдық  — 
жаңа  экономикалық  өрлеу  —  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауын 
іске  асыру  жөніндегі  шаралар  туралы»  №925,  «Көп 
балалы  аналарды  «Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа» 
алқаларымен наградтау туралы» №926 жарлықтарына 
қол қойды. 
18 ақпан 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 
Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің 
кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. 
Алқа отырысының алдында Президент, Қазақстан 
Республикасы  Қарулы  Күштерінің  Жоғарғы  Бас 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет