Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет22/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
-  Үкіметке  2011  жылы  бизнесті  тіркеу ге  және  бизнесті  жүргізуге  байланысты 
операциялық  шығындарды  30%-ға,  ал  2015  жылы  тағы  да  30%-ға  қысқартуды 
тапсырамын.

242
Қосымшалар
Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға дейін 
көтерілуі тиіс.
2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі 
керек.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы 
зор.
Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы тМД мен Ор-
та лық  Азиядағы  ислам  банкингінің  өңірлік  орталығына  айналуы  және  Азиядағы 
же тек ші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс.
Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары 
мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек.
Қаржылық  реттеуші  банк  секторының  сыртқы  міндеттемелері  үлесінің  оның 
міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер 
құруға бағытталуы керек.
Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау 
қажет.
Банктердің  тек  қана  банк  қызметімен  айналысуын  және  олардың  қызметінің 
барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек.
Біз  банктердің  дағдарыс  кезінде  аман  қалуына  көмектестік,  енді  банктер 
экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде 
жәрдемдесуі тиіс.
Дағдарыс  жағдайында Ұлттық  қор  біз  үшін  өзіндік  бір “қауіпсіздік  көпшігіне” 
айналды. Оның ендігі міндеті — тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу.
Үкімет бюджеттің шикізаттық емес кірістер әлеуетін ұлғайтумен  байыпты айна-
лысуы тиіс.
Осы онжылдықтың соңында бюд жет тің мұнайлық емес  тапшылығы ІЖӨ-нің 3 
пайызынан аспауы керек.  Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет.
Үстіміздегі жылдан бастап рес пуб ликалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік 
мөлшерде — 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады.
Бұл  трансферт  ең  алдымен  индустрия лан дыруды  жүзеге  асыру  мақсаттарына 
бағытталуы тиіс.
Бюджетке Ұлттық қордан ешқандай займдар, өзге де ешқандай қосымша транс-
ферттер болмайды.
Осы  көзқарастарды  ескере  келгенде,  Ұлт тық  қордың  активтері  2020  жылға 
қарай  90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес 
мөлшерін құрайды.
Үкіметке  үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру 
мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын маған бекітуге ұсынуды тапсырамын.
тұтастай алғанда 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандыру-
дың төмендегідей негізгі нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз.
ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс.
Экспорттың жалпы көлемінде шикі зат тық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-
ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өң деу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруа шы-
лығында кем дегенде 4 есе артуы керек.
ІЖӨ-нің  энергия  сыйымдылығы  25%-дан  кем  емес  мөлшерде  төмендеуі  тиіс. 
Кә сіпорындардың инновациялық актив те рінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 

243
Қосымшалар
2015 жылдың өзінде-ақ аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін 
ұл ғайып, құрылыстың ішкі қажеттілік тері нің 80%-ы қазақстандық құрылыс мате-
риалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Үкіметтің,  барлық  деңгейлердегі  әкім дердің  алдында  тұрған  нақты  міндеттер 
міне,  осындай.  Біз  сұрайтындар  да  міне,  осылар.  Сондықтан  барлық  компания-
лар  мен  кәсіпорындар  басшыларының  жауапкершіліктерін  арттыру  қажет.  Бұл 
жаһандық мәселе, мемлекеттілік мәселесі, тәуелсіздік мәселесі.
Бес  жылда  Үкімет  металлургия  өнімдерінің  өндірісі  мен  экспортының  екі 
еселенуін, химия өнімдері өндірісінің үш еселенуін қамтамасыз етуі керек. 2015 
жылға қарай бюджет кірістері, шикізатқа тәуелділікті төмендете отырып, жаңа жо-
балар есебінен 300-400 миллиард теңгеге өсіп шығуы тиіс.
4. Адам — елдің басты байлығы
Елді жаңғырту стратегиясын іске асы ру дың табыстылығы, ең алдымен, қазақ стан-
дықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байла нысты.
4.1 Білім беру
2020 жылға қарай қалалық, сол се кілді ауылдық жерлердегі барлық балалар 
мектеп  жасына  дейінгі  тәрбие  беру  және  оқытумен  қамтылатын  болады.  Бізде 
мемлекеттік-жекеменшік  әріптестігінің  зор  әлеуеті  бар.  Жеке  меншік  отбасылық 
балабақшалар мен шағын орталықтар — бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Үкіметке  әкімдермен  бірлесіп  үстіміздегі  жылдың  бірінші  жартысында-ақ  ба-
лаларды  мектеп  жасына  дейінгі  оқытумен  және  тәрбиемен  қамтамасыз  етуді 
арттыруға  ба ғытталған  «Балапан»  арнайы  бағдар ла ма сын  әзірлеп,  іске  асыруға 
кірісуді тапсырамын.
2020  жылға  қарай  орта  білім  беруде  12  жылдық  оқыту  моделінің  табысты 
жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Кәсіптік  және  техникалық  білім  беру  кәсіби  стандарттарға  негізделіп,  қатаң 
түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек.
Жоғары  білім  сапасы  ең  жоғары  ха лық аралық  талаптарға  жауап  беруі  тиіс. 
Елдегі жоо-лар әлемнің жетекші универ си теттерінің рейтингіне енуге ұмты лулары 
керек.
2015 жылға қарай Ұлттық иннова ция лық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 
жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде 
өз нәтижелерін беруге тиіс.
Білім беру саласында Астана қала сын да құрылып жатқан бірегей оқу орында-
ры — «Жаңа Халықаралық Университет», «Арнаулы Қор» және қазірдің өзінде та-
бысты жұмыс істеп жатқан «Интеллек туал дық мектептер» секілді жобалар ерекше 
басымдыққа ие болмақ.
Мен олардың менің есімімді алуына келісімімді бердім.
Олардың  отандық  білім  беру  жүйесінің  флагманы  болып,  осы  заманғы  оқу 
бағдарламаларын  кейіннен  оларды  бүкіл  республика  бойынша  енгізетіндей  етіп 
әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің 
бәрін жасау қажет.
Осы оқу орындарының толыққанды жұмыс істеулері үшін Үкіметке үстіміздегі 
жылдың бірінші тоқсанында Парламентке тиісті заң жобасын әзірлеуді және Пар-
ламентке енгізуді тапсырамын.

244
Қосымшалар
4.2 Денсаулық сақтау
Халық  денсаулығы  —  ол  Қазақ стан ның  өзінің  стратегиялық  мақсаттарына 
жетудегі табысының  ажырамас құрамдас бөлігі.
Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен 
ақы  төлеу  жүйесін  енгізуді  дайын даудамыз.  Дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  етудің 
тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық.
Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
Білім  беру  мен  денсаулық  сақтау  салаларындағы  мемлекеттік  кәсіпорын дар-
дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер 
енгізуді жеделдету қажет.
Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкерші-
лігі қағидаты — міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті 
тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұры-
лымдар  өңірлерді  Астана  мен  Алматыдан  қалып  қоймауға  итермелей  оты-
рып,  бұқаралық  дене  шынықтыру-спорттық  қозғалысын  дамыту  үшін  қажетті 
алғышарттар жасайтын болады.
туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты да-
мыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс.
30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз.
Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де.
Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, са-
ла матты өмір салты жөніндегі мемлекет тік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана 
мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен 
ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс.
Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақ тығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осынау құр-
ғақ сандардың артында біздің азамат тарымыздың аман алып қалынған мың да ған 
өмірлері тұр. Бұл өте маңызды мақ сат. Біз оған міндетті түрде қол жет кізуіміз керек!
4.3 Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау
Алда тұрған онжылдықтың аса маңыз ды міндеті — Қазақстанның барлық аза-
мат тарының өмір сапасы мен деңгейін жақ сарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қор-
ғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық 
қажетті жағдайларды жасайтын болады.
Біздің мемлекеттік әлеуметтік сая са ты мыздағы басты басымдық халықтың жұ-
мыс пен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен 2020 жылға 
қарай жұ мыссыздық деңгейі 5%-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен 
төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген міндет қоямын.
Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адам дарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стан-
дарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.
2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі 
көлемінің 60%-ы деңгейіне дейін өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 
мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиіс.
Біз өз іс-әрекетімізде дәйектілікті ұс та намыз. Өткен жылы зейнетақылар, шә-
кірт ақылар,  бюджет  саласы  қызмет кер лері нің  еңбекақылары  25%-ға  өсірілді. 
Әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға артты.

245
Қосымшалар
Республикалық бюджетте үстіміздегі жылы да зейнетақыларды 1 қаңтардан бас-
тап, ал шәкіртақылар мен бюджет те гілер еңбекақыларын 1 шілдеден бастап жиыр-
ма бес пайызға өсіру қарастырылған.
Өткен жылғы экономика өсімінің оң сер пінін шәкіртақылар мен бюджеттегі лер-
дің еңбекақыларын үш ай бұрын — 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүм-
кіндік  береді  деп  есептеймін.  Үкі мет ке  осы  үшін  қажетті  шаралар  қабылдауды 
тапсырамын.
4.4 Ардагерлерге қамқорлық
Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. 
Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата.
Әрбір  соғысқа  қатысушы  мен  соғыс  мүгедегіне  бюджеттен    65  мың  теңге 
мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады.
Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы 
Отан  соғысы  уақытында  қаза  тапқан  әскери  қызметшілердің  ата-аналары  мен 
жұбайлары,  қаза  болған  соғыс  мүгедек те рі  мен  оларға  теңестірілген  мүгедек тер-
дің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз 
қалмайды.
Оның  сыртында  Жеңістің  65  жыл ды ғын  кеңінен  мейрамдауға  байланысты 
соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің жеңілдікпен жол жүрулері үшін 383 мил-
лион теңге қарастырылған.
Бұл  біздің әкелеріміз бен аталары мыз ға олардың жанқиярлық  күресі мен жеңісі 
үшін, олардың біздерге бейбіт өмір ді қамтамасыз еткендері үшін көр сетілген құрмет.
4.5 тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат
Дағдарыс  сабақтары  тұрғын  үй  құрылысын  дамыту  саясатын  жетілдіруді  та-
лап етеді. Ол үшін тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесінде  зор әлеует бар деп 
есептеймін.  Азаматтардың,  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкінің,  мемлекет  пен 
құрылыс компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет.
Ол нені білдіреді?
Азаматтар тұрғын үй құнының бір бөлігін тұрғын үй құрылыс жинақ банкін де 
жинайды да, қымбат емес ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болады.
тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі,  түпкі  нәтижесінде  тапсырыс  беруші  ретінде 
көріне отырып, азаматтардың тұрғын үй жө ніндегі қалауларының пулын қалып тас-
ты рады, құрылыс инвесторлары мен тұр ғын үй құрылысын қаржыландыруға дайын 
екінші деңгейлі банктерді іздеуді жүзеге асырады.
Мемлекет  жергілікті  атқарушы  ор ган дар  атынан  жер  телімдерін  бөлуді  және 
инженерлік коммуникациялар тартуды қамтамасыз етеді.
Осылайша, азаматтар өз тұрғын үй ле рінің құрылысына толық құқылы қатыса 
алады. төлем қабілеттілікке сұраныс та, құ рылыстың бақылануы да қамтамасыз 
етіледі. Үкіметке 2010 жылы  “Жол кар та сы-2009” жоспары бойынша басталған 
тұр ғын үй-коммуналдық сектор нысан да рын қайта жаңғыртуды жалғастыруды, ал 
2011  жылы  тұрғын  үй-коммуналдық  ша руа шылықты  кең  ауқымды  жаңғыртудың 
2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырамын.
тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашы лық  инфрақұрылымдарын  жаңғырту  өзін-
дік  пайдалану  шығындарын  төмендетумен  және  ресурс  сақтаушы  технологиялар 
енгізумен қоса жүруге тиіс.

246
Қосымшалар
Ауылдық  жерлерді  құбырлы  сумен  қамтамасыз  ету  жұмыстарын  жалғастыру 
қажет. Шағын  қалаларда халықтың 100%-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс.
5. Ішкі саяси тұрақтылық — 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың 
сенімді іргетасы
Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіп сіз діктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақ сат тары 
қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді.
Жаңа  онжылдықта  біз  өзіміздің  эко номикалық  жоспарларымыздың  табыс-
та рын  дәйекті  саяси  жаңғырту  арқылы  бекемдеп,  саяси  жүйемізді  жетілдіруді 
жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.
Біз  құқық  қорғау  жүйесін  реформалау  бойынша  байыпты  жұмыс  жүргізуге 
тиіспіз. Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан, құқық 
қорғау органдары функцияларындағы жанжалдан, тиісті кадрлық жұмыстың бол-
мауынан, сондай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың 
жоқтығынан туындаған проблемалар анық көрінеді.
Бұл  сектор  өткен  жүйенің  көптеген  кем-кетіктерін  сақтап  қалған.  Біздің 
жүйемізде  жазалау  айыптары  5%-дан  аз  болса,  түзеу  жұмыстары  —  0,4%-ды, 
қоғамдық жұмыстар 0%-ды құрайды.
Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім 
қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды.
Осының салдарынан олар қылмыс керлер қатарын толықтыруда.
Мен реформалардың бірнеше жалпы бағыттарын бөліп көрсетер едім.
Бәрінен  бұрын,  құқық  қорғау  жүйесін  оңтайландырып,  әрбір  мемлекеттік 
органның нақты құзыретін түзу керек.
Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет.
Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішківедомстволық мүддеден азамат-
тардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс.
Бізге парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек бо-
лады, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау 
жүйесін жетілдіру талап етіледі.
нәтижеліліктің өлшемі сандық көрсеткіштер емес, азаматтардың, заңды тұлғалар 
мен шетел инвесторларының сенімін арттырудың индикаторы болатын жұмыс са-
пасы болуы тиіс.
Басқаша айтқанда, жаңа онжылдықта біз ге демократиялық мемлекеттегі құқық 
қорғау қызметінің жоғары халықаралық  стандарттарына сәйкес келетін жаңа құ қық 
қорғау жүйесі қажет. Менің тап сыр мам бойынша, тиісті құжат жобасы дайындалды.
Сондықтан Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау ор-
гандарына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойынша жүйелік жұмысқа шұғыл кірісуді 
тапсырамын.
Сондай-ақ осы жылдың өзінде құқық қор ғау жүйелерін реформалау жөніндегі 
заң жо басын Парламентке енгізуді тапсырамын.
Құрметті қазақстандықтар!
Елімізде азаматтық қоғам институт тарын одан әрі қолдауға бағытталған саяси 
жаңғырту жалғаса береді.
Бүгінде біздің ынтымақтастығымыз ортақ табысымыздың міндетті шарты бола 
түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр.

247
Қосымшалар
Мен  Үкіметке  Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі  әлеуметтік-экономикалық 
және саяси дамуының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат 
құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге бөлуді 
тапсырамын. Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Өткен жылы мен осы мінберден еліміздің барлық саяси күштеріне дағдарыстың 
қиын  кезеңінде  елімізге  және  қоғамға  қолдау  көрсету  үшін  партияаралық 
үнқатысуды орнықтыруды және бірігуді ұсынған едім.
Менің бастамам қолдау тауып, 7 саяси партия Экономикалық дағдарыс жағ дай-
ында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды 
бірлесе әзірлеп, оған қол қойды.  Бұған үлкен ризашылығымды білдіремін.
Бұл — мәні зор елеулі оқиға. Біз осы кезеңдегі саяси риториканың байыпты, ал 
сынның көп жағдайда сындарлы екенін көріп отырмыз.
Бұл біз өмір сүріп, балаларымыз өсіп келе жатқан елімізде бейбітшілікті, ты-
ныш тық пен келісімді сақтаудың жалпы ұлттық құндылыққа айналғанын білдіреді.
Енді партияаралық үнқатысудан нақ ты іс-қимылға көшетін кез келді. Өйт ке ні, түп-
теп келгенде, кез келген партия бол сын, қоғамдық ұйым болсын барша қазақстан-
дықтардың  мүддесі  үшін  жұмыс  істейді  емес  пе?  Сондықтан  мен  барлық  саяси 
пар тиялар мен қоғамдық бірлес тік тер ге елдің дамуы мен ұлттық бірліктің тиім ді жол-
дарын іздестіруге септесетін өзара іс-қи мылдың жаңа үлгісін әзірлеуді ұсынамын.
Бұл іс жүзінде барлық саяси күштерді Отан игілігі үшін жұмысқа жұмылдыра тын 
болады. «нұр Отан» партиясы бұл істе біріктіруші рөл атқаруы тиіс.
Болашаққа белгіленген орасан зор міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегия-
сыз орындау мүмкін емес.
Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда мына төрт қағидатты басшылыққа алуға 
міндеттіміз:
Біріншіден, біздің ең басты құндылы ғы мыз — ол Отанымыз, тәуелсіз Қазақстан!
Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақты-
лы ғы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамға бар-
мауы тиіс.
Үшіншіден, экономикалық өрлеу — әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. 
Бұл  —  қоғамның  әлеуметтік  мәселелерін  шешудің  және  баршамызды  табысқа 
бастаудың кілті.
төртіншіден,  өңірлік  және  әлемдік  нарыққа  интеграциялану  —  дамудың  аса 
маңызды шарты.
Құрметті қазақстандықтар!
Болашаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді біріктіруші ұлттық страте гия сыз 
жүзеге асыру мүмкін емес.
Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда біздің әрқайсымыз мынадай қағидаттарды 
негізге алуға міндеттіміз:
Бірінші — бәрінен бұрын біздің Отанымыз, тәуелсіз Қазақстан!
Екінші — мемлекет және әр азамат ел ішінде, сондай-ақ оның сыртында қоғам-
дағы тұрақтылық пен қазақстандық тар дың игілігіне кері әсерін тигізуі ықтимал кез 
келген қадамдардан бас тартуы тиіс.
Үшінші — экономикалық өрлеу — әр кімнің ісі. Бұл — басым әлеуметтік мәсе-
лелерді шешудің, бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың берекеттілігінің кілті.
төртінші  —  өңірлік  және  әлемдік  нарыққа  интеграциялану  —  дамудың  аса 
маңызды шарты.

248
Қосымшалар
6. Сыртқы саясат
Қазақстанның  сыртқы  саяси  бағыты  Сыртқы  саясат  тұжырымдамасына 
негізделетін болады.
Ұлттық  мүдделерді  қамтамасыз  етуге,  елдің  халықаралық  беделін  арттырып, 
ұлт тық,  өңірлік  және  жаһандық  қауіп сіздікті  нығайтуға  бағытталған  белсенді, 
прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады.
Қазақстан  халықаралық  қатынастар дың  жаңа  архитектурасын  және  әлемдік 
сауда-қаржы  жүйесінің  сұлбасын  қа лыптастыру  кезінде  жаһандық  шешімдер 
қабылдау үдерістеріне қатысу ниетінде.
Қазақстан  барлық  қазіргі  бар  ұжым дық  қауіпсіздік  жүйелері  арасындағы 
стратегиялық үнқатысуды жолға қоюға белсенді жәрдемдесетін болады.
Қазақстан  өңірлік  және  жалпыәлемдік  эко номикалық  үдерістердің  жауапты 
қатысушысы ретіндегі өзінің рөлін толық көлемінде сезіне отырып, оны өз тәуел-
сіздігінің барлық жылдары бойында мінсіз орындап келеді.
Сондықтан әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары мен беделді халықаралық 
ұйымдардың  басшылары  —  экономи ка лықтан  гуманитарлыққа  дейінгілердің 
бәрі — өздерін Қазақстанның досы санайды.
Біз мұны мақтаныш етуге тиіспіз.
Қазақстанның  жоғары  халықаралық  беделі  біздің  елімізге  Еуропадағы  қауіп-
сіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді.
Бұл — біз үшін үлкен абырой.
Бұл — ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа та рихындағы аса күрделі кезеңде төрағалық 
етудің аса жоғары жауапкершілігі.
ЕҚЫҰ  оған  қатысушылардың  бірегей  географиялық  құрамымен  —  ал  бұл  үш 
құр лықта  орналасқан  56  мемлекет,  мем лекеттердің  өзара  ықпалдасуының  бай 
тәжірибесімен халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың шешуші тетіктерінің 
бірі болып табылады.
Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа қатысты өзіміздің ұстанымдарымызды белгілеп алдық.
Сондықтан бұл туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын.
Қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға қазақстандық төрағалық мынадай 
ұранмен өтетін болады: «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. төзімділік».
Біз  көптеген  көкейкесті  мәселелерді  шешу  жолдарын  бірлесе  іздеп,  ықтимал 
дағдарысты жағдайлардың алдын алу үшін бірлескен тетіктерді әзірлейтін боламыз.
Біз  қауіпсіздіктің  негіз  қалаушы  мә се лелері  бойынша,  сондай-ақ  Ұйымның 
өзін  дамыту  мәселелері  бойынша  консенсустық  алаңды  кеңейту  және  нығайту 
ниетіндеміз.
Біз ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемнің көпқырлылығын танитын құрылым болуы үшін 
бәрін де жасайтын боламыз.
ЕҚЫҰ-ға  мүше  көптеген  мемлекеттер  Қазақстанның  жоспарларына,  соны-
мен  қатар,  үстіміздегі  жылы  Астанада  ЕҚЫҰ-ның  Саммитін  өткізу  туралы  менің 
ұсынысыма қолдау білдірді.
Мен Саммитте ЕҚЫҰ-ның жауапкер ші  лігі аймағында қауіпсіздіктің көкей кес ті 
проблемаларын, Ауғанстандағы жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылауды 
ұсындым.
Біздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыз бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігін дамы-
ту мен өркендетуге бағытталатын болады.

249
Қосымшалар
Құрметті қазақстандықтар!
Құрметті Парламент депутаттары!
Көріп  отырғандарыңыздай,  біз  елімізді  дамытудың  жаңа  кезеңіне  дайынбыз. 
Ауқы мы жөнінен осындай күрделі де ұлан-ғайыр міндеттерді біз бұған дейін шеш-
кен емеспіз.
Біз  өзіміздің  барлық  мүмкіндіктерімізді  егжей-тегжейлі  сараптап,  он  жыл 
бұрынға есептеп қойдық.
2020  жылға  дейінгі  даму  бағдарламасы  сіздерге  таратып  беріледі  және 
баспасөзде жарияланады. Біз не, қашан, қалай жасалатынын және құрылатынын 
іс жүзінде айлар бойынша білеміз. Және, ең бастысы, жоғарыда айтылғанындай, 
біздің  барлық  іс-қимылдарымыз  қажетті  қаржы  ресурстарымен  қамтамасыз 
етілген.
Біз  алдымызда  қандай  қиындықтар  тұрғанын  білеміз.  Әлемдік  дағдарыс  әлі 
аяқталған  жоқ,  бірақ  оның  өткір  кезеңі  артта  қалды.  Өткен  жылдағыдай,  форс-
ма жорлық  жағдайлар  біздің  жоспар ларымызға  қандай  да  бір  өзгерістер  енгізуі 
мүмкін, бірақ мен біздің бас желіміз жалғастырылатынын ескерте мін.
Біздің бағдарламамыздың мәні мен маңызы осында.


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет