Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет2/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
мәлімдеді. 
Жылдың  айшықты  мерейтойлық  оқиғаларының  қатарында  Ұлы  Отан 
соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекесін де атаған жөн. 
Мереке  қарсаңында  Мемлекет  басшысы  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  65 
жылдығы құрметіне мерейтойлық медальдар мен жаңа пәтер кілттерін тапсырды. 
Ардагерлердің алдында сөз сөйлеген н.Ә. назарбаев: «Ұлы Отан соғысындағы жеңіс 
бізге сансыз қайғы-қасірет пен құрбандықтардың құнымен келді. Қазақстандықтар 
Жеңіске  жету  үшін  зор  үлес  қосты.  500-ден  аса  жерлестеріміз  Кеңес  Одағының 
Батыры атанды. Біздің халқымыздың ұлдары мен қыздары — талғат Бигелдинов, 
Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, 
Хиуаз  Доспанова  және  басқаларының  ерліктері  ұрпақ  жадында  мәңгі  қалады. 
Біз  осынау  соғыс  құрбандарын  жадымызда  ұстап,  Отанымызды  гитлершіл 
басқыншылардан қорғаған баршаны құрмет тұтамыз», — деп атап көрсетті. 
Сол күні Президент құқық қорғау органдары өкілдері мен әскери қызметшілердің 
үлкен  бір  тобын  мемлекеттік  наградалармен  марапаттады,  сондай-ақ  Ұлттық 
қауіпсіздік комитеті, Президент күзеті қызметінің, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет және 

10
төтенше жағдай министрліктерінің, Бас прокуратураның өкілдеріне жоғары әскери 
және арнаулы атақтардың, сыныптық шендердің айырым белгілерін тапсырды. 
28 маусымда елордада халықаралық деңгейдегі жаңа оқу орны — назарбаев 
Университеттің  ашылуы  үлкен  резонанс  тудырды.  Жаңа  оқу  орнының  ашылуы-
на орай салтанатты жиынға қатысушылар алдында сөйлеген Мемлекет басшысы 
елімізде «Болашақ» президенттік бағдарламасы жұмыс істейтінін, оның аясында 
мыңдаған қазақстандық жастар әлемнің жетекші университеттерінде білім алғанын 
айтты. Енді жаңа оқу орнының ашылуына байланысты Қазақстан жастары медици-
на, инженер және энергетика мамандықтары бойынша Астанада білім ала алады. 
Оларға әлемнің ең үздік профессорлары дәріс беретін болады. 
Шілде  айында  Президент  Қазақстан  Магниткасының  елу  жылдығына  орай 
теміртау қаласында өткен салтанатты шараларға қатысты. Осы оқиғаның біздің ел 
үшін маңызына тоқталған Мемлекет басшысы елу жыл бұрын шойынның алғашқы 
қорытпасын алған күн Қарағанды металлургия комбинатының ғана емес, тұтастай 
Қазақстан қара металлургиясының туған күні болғанын атап айтты. 
Астана күнін мерекелеу де айрықша айшықты шараларымен есте қалды. Сал-
танатты  шараларға  президенттер  Д.А.  Медведев  (Ресей),  А.Г.  Лукашенко  (Бела-
русь), Э.Ш. Рахмон (тәжікстан), Р.И. Отынбаева (Қырғызстан), С.А. Саргсян (Арме-
ния), В.Ф. Янукович (Украина), Иордания Королі Абдалла II бен Хусейн қатысты. 
Мерекелік шаралар бағдарламасы аясында н.Ә. назарбаев Астанада бірқатар жаңа 
нысандарды, соның ішінде шатыр пішініндегі ең биік әрі бірегей ғимарат — «Хан 
шатырды», «Керей мен Жәнібек хандар» мүсіндік композициясын ашты. 
1  қыркүйекте  Мемлекет  басшысы  төртінші  шақырылымдағы  Қазақстан  Рес-
публикасы  Парламентінің  IV  сессиясын  ашты.  Сессияның  ашылуында  сөйлеген 
н.Ә. назарбаев алдағы сессияның басты міндеті 2020 жылға дейінгі Стратегиялық 
даму  жоспарын  құқықтық  қамтамасыз  ету  екендігіне  депутаттардың  назарын 
аударды. 
Желтоқсанда  Президент  қалыптасқан  дәстүрмен  тәуелсіздік  күніне  арналған 
салтанатты  жиында  сөз  сөйлеп,  республиканың  әлеуметтік-экономикалық  даму-
ына,  достық  пен  келісімді  нығайтуға,  заңдылық  пен  құқық  тәртібін  қамтамасыз 
етуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін күшейтуге қомақты үлес қосқан 
азаматтарға  мемлекеттік  наградалар  тапсырды.  Олардың  қатарында  мәдениет, 
ғылым, білім, денсаулық саласының көрнекті қайраткерлері, өндірістік сала, құқық 
қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, соғыс және еңбек ардагерлері, 
сондай-ақ шетелдік қайраткерлерді қоса алғанда, ЕҚЫҰ-ның Астана саммитін да-
йындау мен өткізуге лайықты үлес қосқан азаматтар бар. 
Әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың жалғасқанына қарамастан, 
Қазақстан  2010  жылы  әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  рецессияны  еңсеріп, 
іс жүзінде экономиканың барлық салаларында оң динамикаға қол жеткізді. Бұл 
дұрыс  таңдалған  стратегияның,  дағдарысқа  қарсы  қабылданған  жүйелі  шаралар 
мен  өзімізде  жинақталған  қаражаттың  есебінен  экономиканы  қуатты  қаржылық 
қолдаудың тікелей нәтижесі болатын.
22  қаңтарда  Үкіметтің  тиісті  есебін  тыңдап,  елдің  2009  жылғы  әлеуметтік-
экономикалық дамуын қортындылаған Мемлекет басшысы: «Өткен жылы барлық 

11
мемлекеттер  бірдей  экономикада  оң  нәтижелерге  жете  алған  жоқ.  Біз  серпінді 
мемлекеттер  деп  аталатындардың  қатарынан  көріндік.  Көптеген  мемлекеттердің 
сыртқы қарыздары өсуде, қарыз алу ұлғаюда, бюджет тапшылығы ұлғайып бара-
ды, жұмыссыздық орасан, көптеген кәсіпорындар тоқтап қалды. Біздің экономика-
мыз дағдарыстан шығынсыз шығып келеді. Соның арқасында біз жұмыссыздықты 
қысқартып, инфляцияны төмендеттік, халық үшін аса қажет «Жол картасын» жүзеге 
асыру бойынша орасан зор жұмыстар жүргіздік. Жаңа кірген 2010 жылы да бізді 
салмағы кем түспейтін мәселелер күтіп тұр. 2010 жыл біз үшін 2020 жылға дейінгі 
дамуымыздың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру негізінде Қазақстанды 
орнықты даму траекториясына шығару жылы болуы тиіс», — деп атап көрсетті. 
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын Прези-
дент  бір  аптадан  соң,  29  қаңтар  күні  Парламент  палаталарының  бірлескен  оты-
рысында Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық 
өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында жариялады. 
н.Ә. назарбаев таяу онжылдықтағы орнықты әрі теңгерімді даму ұлттық эко-
номиканы  жеделдетіп,  әртараптандыру  мен  бәсеке  қабілетін  көтеру  есебінен 
қамтамасыз етілетінін, соған байланысты келесідей міндеттерді шешу керектігіне 
тоқталды. Олар: экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау, экономиканың 
орнықты  өсіміне  үдетілген  индустрияландыру  мен  инфрақұрылымдарды  дамыту 
арқылы қол жеткізу, адам капиталының бәсеке қабілетін көтеру үшін болашаққа ин-
вестициялау, қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық 
қызметтермен қамтамасыз ету, ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті 
күшейтіп, халықаралық қатынастарды әрі қарай дамыту. 
Қазақстан халқына Жолдауды жүзеге асыру бойынша бірінші кезекті шаралар 
1 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен және Үкімет мүшелерінің, Пре-
зидент Әкімшілігі мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен 
өткен жұмыс кеңесінде, сондай-ақ «нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы 
Саяси кеңесінің Бюро отырысында талқыланды. 
Стратегияны  жүзеге  асыру  үшін  Үкімет  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық 
даму  жоспарын  жүзеге  асыру  аясында  Үдемелі  индустриялық-инновациялық 
дамудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, бекітті. Оның негізгі өзегін жалпы 
сомасы 8 триллион теңге болатын республикалық және өңірлік мәндегі 294 жо-
баны қамтыған елді Индустрияландыру картасы құрады. Басым бағыттар ретінде 
экономиканың  12  саласы  белгіленді:  металлургия,  мұнай  өңдеу  және  химия 
өнеркәсібі,  агроөнеркәсіптік  кешен,  машина  жасау,  құрылыс  индустриясы,  көлік 
және телекоммуникациялық инфрақұрылым және т.б. бағдарламаны екі 5 жылдық 
жоспар аясындағы екі кезеңде жүзеге асыру көзделген. 
Мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен оны жүзеге асыру бойынша нақты 
міндеттерді  Президент  наурызда  Премьер-министр  К.Қ.  Мәсімов,  Мемлекеттік 
хатшы  —  Сыртқы  істер  министрі  Қ.Б.  Саудабаев,  Президент  Әкімшілігі  Басшы-
сы А.Е. Мусин, Үкімет мүшелері мен орталық мемлекеттік орган басшыларының, 
Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдерінің қатысуымен өткен жиында 
жариялады. 
Бағдарламаны  жүзеге  асырудың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  Үкімет 
оңтайландырылып, бірқатар министрліктер мен ведомстволар тарқатылды немесе 
қайта құрылды. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына тікелей жауапты жаңа 

12
министрлік — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі құрылды. Сонымен 
бірге әрбір жобаға «Самұрық-Қазына» мен «ҚазАгро» холдингтерінің, профильдік 
министрлік басшылары мен облыс әкімдері, Астана мен Алматы әкімдері жауапты 
етіп бекітілді. 
Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасының 
алғашқы  нәтижелері  28  маусымда  назарбаев  Университетінің  ашылуы  кезінде 
өткен  «Қуатты  Қазақстанды  бірге  құрамыз!»  жалпыұлттық  телекөпір  барысында 
таныстырылды.  Осы  шара  барысында  Жамбыл  облысындағы  Мыңарал  кентінде 
цемент  зауыты  іске  қосылды,  Балқаш  ЖЭС  құрылысы  басталып,  Маңғыстау  об-
лысында Баутино портында кеме жөндейтін зауыт ашылды. «Ақтөберентген» АҚ-
да «General Electric» компаниясымен бірлесіп шығарылған алғашқы қазақстандық 
компьютерлік томограф көрсетілді. Осы телекөпір барысында барлығы 381 млрд. 
сомаға арналған 72 инвестициялық жоба таныстырылды. 
Үдемелі индустриялық–инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге 
асыру  барысына  шетелдік  инвесторларды  кеңінен  тарту  мақсатында  Президент 
«Қазақстан: дағдарыстан кейінгі жаңғыру кезеңіндегі инвестициялық мүмкіндіктер» 
атты  IV  қазақстандық  инвестициялық  саммитіне,  Минералдық  ресурстар  мен 
металлургия  жөніндегі  I  Қазақстандық  халықаралық  конгреске,  ІІI  Астаналық 
экономикалық  форумына,  Президент  жанындағы  Шетел  инвесторлары  кеңесінің 
XXIII отырысына қатысты. 
Кәсіпкерлер  кеңесінің  бірінші  пленарлық  отырысы  да  осы  мәселелерге  ар-
налды.  Оның  ауқымында  Мемлекет  басшысы  ұлттық  бизнесті  қолдау  ая-
сында  Үкіметке  әлемдік  дағдарыстың  салдарынан  қиындыққа  тап  болған 
кәсіпорындарды  сауықтыруды,  ставкаларды  субдсидиялауды,  инфрақұрылымдар 
салуды,  жұмыскерлерді  қайта  оқыту  тетіктерін  «Бизнестің  жол  картасы  2020» 
бағдарламасында қарастыруды тапсырды. Бұған қоса, бизнестің дамуын тежейтін 
әкімшілік  кедергілерді  азайту  мақсатында  н.Ә.  назарбаев  «Ақорда»  сайтында 
кез-келген кәсіпкер заңсыз әрекеттер мен құқық қорғау органдары тарапынан бо-
латын тексеру фактілері бо-йынша шағымдана алуы үшін «Бизнесті президенттік 
қорғау» арнайы бөлімін ашуды бұйырды. Жыл бойына аталған ресурсқа 2 мыңнан 
аса  кәсіпкер  жүгінді.  Бұл  шағымдардың  бәрі  Президент  Әкімшілігінің  қатаң 
бақылауына алынып, тиісті орган тарапынан белгіленген тәртіпте қаралды. тексе-
рулер нәтижесінде құқық қорғау органдарында 24 адам қызметтерінен босатылды. 
Әлеуметтік экономикалық дамудың ағымдағы қорытындылары, сондай-ақ Үдемелі 
индустриялық–инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  ту-
ралы Премьер-министрдің есебін Президент 15 маусымда және 2 тамызда Үкімет 
мүшелерімен және Президент Әкімшілігі басшылығымен өткен жиындарда тыңдады. 
Елдің  ауыл  шаруашылығындағы  өзекті  мәселелер,  жиын-терім  науқаны 
мәселелері  Мемлекет  басшысының  Премьер-министр,  Президент  Әкімшілігі 
басшылығы,  Президенттің  көмекшісі  мен  Ауыл  шаруашылығы  министрінің 
қатысуымен 3 тамызда болған жиналыста талқылаудың өзегіне айналды. 
4 тамызда Президент Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі мен орталық 
мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен азаматтар құқығын қорғаудың 
өзекті мәселелеріне арналған мәжіліске қатысты. Жиналыс барысында негізгі әңгіме 
өз қаражаттарын үлескерлік құрылысқа салған азаматтардың проблемаларын ше-
шуге және қылмыспен күрес, елде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, 

13
сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтегі азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне 
байланысты өрбіді. 
2010  жылы  12  198  үлескердің  проблемасы  шешіліп,  үлескерлік  құрылыстың 
67 нысаны, соның ішінде елордада — 36 (6503 үлескер), Алматы қаласында — 
14 нысан (4625 үлескер), өзге өңірлерде — 17 нысан (1070 үлескер) пайдалануға 
берілгенін атап өткен жөн. 
Жалпы алғанда, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында мемлекет 
384 нысан бойынша 53 мыңнан астам үлескердің мәселесін шешті. 
2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелері де Мемлекет 
басшысының айрықша бақылауында болды. 
Елбасы ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін де үнемі на-
зарында ұстады. 
Өткен жылы Мемлекет басшысы еліміздің көптеген аймақтарында жұмыс са-
парымен болып, облыс активімен, еңбек ұжымдарымен, жұртшылық өкілдерімен 
кездесті,  ондаған  өнеркәсіптік  және  әлеуметтік  нысандарда  болды,  жаңа 
өндірістердің ашылуына қатысты. Солардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облы-
сында ашылған керамогранит шығаратын зауытты, Ақмола облысындағы Василь-
ков  кен  байыту  комбинатында  іске  қосылған  алтын  айыру  фабрикасын,  Павло-
дар облысындағы «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-ның өнімділігі жылына 
125 мың тонна болатын екінші кезегін іске қосу салтанаттарын айтуға болады. 
Қазан  айында  Президент  облыстардың,  Астана  мен  Алматы  қалаларының 
әкімдерімен  жұмыс  бабындағы  жиналыс  өткізіп,  онда  елдің  әлеуметтік-
экономикалық  дамуының  2010  жылғы  9  айының  қорытындылары  талқыланды 
және болашаққа қойылар міндеттер анықталды. 
Жалпы, Мемлекет басшысы жыл бойына Премьер-министрмен, Ұлттық банктің, 
Республикалық  бюджеттің  орындалуын  бақылау  жөніндегі  Есеп  комитетінің, 
орталық және жергілікті атқару органдарының басшыларымен, ұлттық компания-
лар мен даму институттарының жетекшілерімен тұрақты негізде кездесіп тұрды. 
21 желтоқсанда 2010 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын 
жасаған Мемлекет басшысы Президенттік сапа саласындағы «Алтын сапа» сыйлығы 
мен  бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілік  саласындағы  «Парыз»  конкурсының 
лауреаттарын  марапаттау  аясында  телекөпір  арқылы  барлық  облыс  әкімдерінің, 
мемлекеттік орган басшылары мен ұлттық холдинг жетекшілерінің Қазақстанның әр 
өңірінде іске асырылған индустрияландыру нәтижелері туралы бір жылдық есептерін 
тыңдады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын 
жүзеге асыру барысында Қазақстанда жыл аяғына қарай жалпы сомасы 800 млрд. 
теңгенің 152 жобасы іске қосылып, 23 мың жұмыс орны ашылды. 
тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аталып өтетін жыл қарсаңында қазақстандықтарға 
қарата  айтылған  Елбасының  сөзі  еліміздің  2010  жылы  жүріп  өткен  жолының 
тобықтай түйініндей болған сияқты: 
«тарих  қойнауына  кетіп  бара  жатқан  2010  жыл  біз  үшін  жаңа  жеңістер  мен 
жетістіктер жылы болды. 
Қазақстан  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымының 
төрағалығындағы барлық міндеттерді жүзеге асырды. 

14
Астанада ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммиті өтіп, Астана декларациясы 
қабылданды. 
Бұл біздің сыртқы саясатымыздың заңғар биігі, қазақстандық жолдың сәттілігінің 
жаһандық мойындалуы болды. 
 2010 жылы Қазақстан экономикасы жаңа серпін алды. 
Біз  еліміздің  2020  жылға  дейінгі  дамуының  Стратегиялық  жоспарын, 
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламамызды жүзеге асыруды бастадық. 
Жүз  мыңдаған  қазақстандық  отбасы  жаңажылдық  мерекені  жаңа  үйлер  мен 
пәтерлерде тойлауда. 
Біз Астанада әлемдік деңгейдегі жаңа университет, заманауи медициналық хол-
динг аштық. 
Біздің өңірлік ықпалдастық жобаларымыз жүзеге асты. 
Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден одағы сәтімен іске қосылды. 
Бір жылда біз көп нәрсеге қол жеткіздік. 
Келер 2011 жыл — бұл Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы. 
Біз болашаққа нығайған, лайықты ел, жұмылған біртұтас халық болып барамыз. 
Қазақстан дамуының жаңа кезеңі басталуда».

қаңтар
Дс
4
11
18
25
Сс
5
12
19
26
Ср
6
13
20
27
Бс
7
14
21
28
Жм
1
8
15
22
29
Сн
2
9
16
23
30
Жк
3
10
17
24
31

17
Қаңтар
6 қаңтар
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  кеден  ісі  мәселелері 
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
№238-IV Заңына қол қойды. 
7–17 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  қысқа  мерзімдік  демалыста 
болды. 
10 қаңтар 
Мемлекет басшысы «Б.Б. Жексембинді Қазақстан 
Республикасының  Өзбекстан  Республикасындағы 
төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  қызметіне  тағайындау 
туралы» №914 Жарлығына қол қойды. 
11 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 
Президенті  жанындағы  Жаппай  қырып-жою  қаруын 
таратпау  мәселелері  жөніндегі  комиссия  туралы» 
№915қбпү Жарлығына қол қойды. 
13 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  1996  жылғы  11  қарашадағы  №3205 
Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу тура-
лы» №916 Жарлығына қол қойды. 
14 қаңтар 
Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалы-
ғына кірісуіне байланысты Австрия Республикасының 
астанасы Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ тұрақты кеңесі-
нің отырысына қатысушыларға бейне-үндеу жолдады. 
Президент Қазақстанның Ұйымға төрағалығындағы 
негізгі басымдықтарынан хабардар ете отырып, оның 
сенім,  дәстүр,  транспаренттілік  және  толеранттылық 
секілді  қағидаларға  негізделетінін  атап  көрсетті 
(Қосымшаны қараңыз). 
15 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  көптеген  қираулар  мен  адам 
құрбандықтарына душар еткен жер сілкінісіне байла-
нысты Гаити Республикасының Президенті Р. Перваль-
ге көңіл айту жеделхатын жолдады. 
«Қазақстан  Республикасының  халқы  мен  жеке 
өз  атымнан  зардап  шеккендердің  отбасылары  мен 

18
Қаңтар
жақындарына  көңіл  айтамын.  Қазақстан  Үкіметі 
Сіздің елге барынша гуманитарлық көмек көрсететін 
болады», — делінген жеделхатта. 
18 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  өзінің  алматылық  резиден-
циясында  Астана  қаласындағы  Успен  кафедралдық 
шіркеуіне бата беру мақсатындағы Қазақстанға бірінші 
сапарымен келген Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы 
Кириллді қабылдады. 
Кездесу  барысында  тараптар  конфессияаралық 
және  ұлтаралық  келісімді  нығайтуға  байланысты  кең 
ауқымды мәселелерді талқылады. 
Патриарх  Кирилл  Қазақстан  Президентіне  оның 
жүргізіп  отырған  азаматтық  бейбітшілік  пен  келісім 
сая-саты  үшін  алғысын  білдіріп,  ықпалдастық  ба-
стамаларын  жоғары  бағалады.  Патриарх  сондай-ақ 
Орыс  православиелік  шіркеуінің  қоғамда  ар-ұждан 
мен  руханилықты  сақтау  мен  нығайту,  мейірімділік, 
қайырымдылық  пен  махаббат  секілді  негізгі 
құндылықтарды  ұрпақ  санасына  сіңіру  бойынша 
атқарып жатқан қызметінен хабардар етті. 
Кездесу соңында Орыс православ шіркеуінің бас-
шысы н.Ә. назарбаевқа дінаралық ынтымақтастыққа, 
халықтар  арасындағы  достық  пен  бейбітшілікті 
нығайтуға  қосқан  ерен  үлесі  үшін  «Ар  мен  даңқ» 
орденін табыс етті. 
 
«Ар  мен  даңқ»  ордені  Орыс  православиелік 
шіркеуінің  мән-маңызы  жағынан  екінші  ордені  бо-
лып табылады. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы 
Алексий II мен Қасиетті Синодтың белгілеуімен 2004 жылы 
23 наурызда бекітілген. 
Орденмен мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық 
және  үкіметаралық  ұйымдардың  жетекшілері,  шіркеулер 
мен  конфессиялар  басшылары,  көрнекті  мемлекет  және 
қоғам  қайраткерлері  шіркеуаралық  және  дінаралық 
ынтымақтастыққа,  халықтар  арасындағы  достық  пен 
бейбітшілік ісіне қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады. 
Орденнің үш дәрежесі бар. 
«Ар мен Даңқ» орденіне лайық деп танылған тұлғаларға ор-
ден белгісі, жұлдыз, лента және грамота табыс етіледі. 
19 қаңтар 
Мемлекет  басшысы  өзінің  алматылық  рези-
денциясында  Қазақстан  Республикасына  еңбегі 
сіңген  қайраткер  Ж.Е.  Еркімбековті  және  танымал 
қазақстандық  жазушы  С.К.  Сматаевты  қабылдап, 
ұлттық  мәдениеттің  дамуы  мен  өсіп  келе  жатқан 

19
Қаңтар
шығармашыл  жастарды  тәрбиелеудегі  ардагерлердің 
рөлі мәселелерін талқылады. 
20 қаңтар
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  заңды  тұлғаларды 
мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді 
есептік  тіркеуді  оңайлату  мәселелері  бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №239-IV, 
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi 
туралы»  №240-IV,  «Қазақстан  Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  сот-сараптама  қызметі 
мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу туралы» №241-IV заңдарына қол қойды. 
Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Ал-
тын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау 
туралы» №917 Жарлығына қол қойды. 
21 қаңтар 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  балық  шаруашылығы 
мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу туралы» №242-IV Заңына қол қойды. 
Президент  сондай-ақ,  «Қазақстан  Республи-
касы  Президентінің  2007  жылғы  13  қаңтардарғы 
№273  Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №918 
Жарлығына қол қойды. 
22 қаңтар
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімовтің,  Президенті 
Әкімшілігі  басшысы  А.Е.  Мусиннің  және  Үкіметі 
мүшелерінің  қатысуымен  жиналыс  өткізіп,  онда 
Үкіметтің есебін тыңдады. 
Есеп беру аясында Премьер-министр К.Қ. Мәсімов, 
Премьер-министрдің орынбасары Е.т. Орынбаев және 
Индустрия және сауда министрі Ә.Ө. Исекешев елдің 
әлеуметтік-экономикалық  дамуының  2009  жылғы 
қорытындылары, 2010 жылға арналған даму жоспар-
лары туралы баяндады. 
Жиында  сондай-ақ  банк  секторын  дамыту  және 
2020  жылға  дейінгі  экономиканы  индустрияландыру 
мәселелері талқыланды. н.Ә. назарбаев елді әрі қарай 
индустрияландыруды жүзеге асыру тетіктерін дәйекті 
түрде  пысықтаудың  қажеттігін  айта  отырып,  шикізат 
базасы бар, кадрлары мен заманауи технологияларға 

20
Қаңтар
қол  жеткізе  алатын  салалаларды  таңдауға  назар 
аударуға шақырды. 
Кеңесті қорыта келе тиісті тапсырмалар берген Пре-
зидент: «Өткен жылы барлық мемлекеттер бірдей эко-
номикада оң нәтижелерге жете алған жоқ. Біз серпінді 
мемлекеттер деп аталатындардың қатарынан көріндік. 
Көптеген  мемлекеттердің  сыртқы  қарыздары  өсуде, 
қарыз алу артып, бюджет тапшылығы ұлғайып бара-
ды, жұмыссыздық өсіп, көптеген кәсіпорындар тоқтап 
қалды. Біздің экономикамыз дағдарыстан шығынсыз 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет