Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет19/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
БҰҰ,  НАТО,  ТМД  және  басқа  да  ұйымдарды  қоса 
алғанда 2,5 мыңнан астам делегат қатысты. Саммит барысы 
туралы 1,5 мың әлемдік БАҚ өкілдері хабар таратты. 
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ VII саммитінің жұмысы 
аясында  Германия  Федеративтік  Республикасының 
Федералды канцлері А. Меркельмен, Америка Құрама 

214
Желтоқсан
Штатының Мемлекеттік хатшысы Х. Клинтонмен, Ре-
сей  Федерациясының  Президенті  Д.А.  Медведев-
пен,  Ауғанстан  Ислам  Республикасының  Президенті 
Х.  Карзаймен,  түркия  Республикасының  Президенті 
А. Гүлмен, Литва Республикасының Президенті Д. Гри-
баускайтемен, Беларусь Республикасының Президенті 
А.Г. Лукашенкомен, Украинаның Президенті В.Ф. Яну-
ковичпен, Сербия Республикасының Президенті Б. та-
дичпен,  Финляндия  Республикасының  Президенті 
т. Халоненмен, Болгария Республикасының Президенті 
Г.  Пырвановпен,  Румынияның  Президенті  т.  Басе-
скумен, Албанияның Президенті Б. топимен, Италия 
Республикасы Министрлер кеңесінің төрағасы С. Бер-
лусконимен,  нидерланды  Корольдігінің  Премьер-
министрі  М.  Рюттемен,  Франция  Республикасының 
Премьер-министрі Ф. Фийонмен, Грекия Республика-
сының Премьер-министрі Г. Папандреумен екіжақты 
кездесулер өткізді.
Сол  күні  кешке  Мемлекет  басшысы  Аста-
на  қаласындағы  «Салтанат  сарайында»  ЕҚЫҰ 
VII  саммитіне  қатысушылар  мен  қонақтарының 
құрметіне ресми қабылдау өткізді. 
Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан 
Президенті ЕҚЫҰ-ның Астана саммитіндегі сөздерінде 
және  пікір  алмасулар  кезінде  саяси  көшбасшылар 
осы  Ұйымның  ХХІ  ғасырда  табысты  дамуына 
ортақтастықтарын білдіргенін атап өтті.
«Еуропа  мен  Солтүстік  Америкадағы,  Орталық 
Азия  мен  Кавказдағы  56  елді  біріктіріп  отырған 
ЕҚЫҰ-ның  ұлан-ғайыр  кеңістігінде  өзара  түсіністік 
пен  қауіпсіздікті  нығайту  жаһандық  қауіпсіздікті 
нығайту ісіне қосылған зор үлес болып табылатынына 
сенемін», — деп атап көрсетті н.Ә. назарбаев.
Президент біздің еліміз өз төрағалығынан кейін де 
«Астана рухы» бекіте түскен «Хельсинки рухын» одан 
әрі іске асыру мақсатында тығыз және жемісті өзара 
іс-қимыл жүргізуге әзір екенін атап өтті.
2 желтоқсан 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өтіп 
жатқан  ЕҚЫҰ  VII  саммиті  аясында  ИКҰ  бас  хатшы-
сы  Э.  Ихсаноғлымен,  Хорватия  Республикасының 
Президенті И. Йосиповичпен, Венгрия Республикасы-
ның Президенті П. Шмитпен, тәжікстан Республикасы-
ның  Президенті  Э.Ш.  Рахмонмен,  Черногорияның 
Президенті  Ф.  Вуяновичпен  және  Эстония 

215
Желтоқсан
Республикасының  Премьер-министрі  А.  Ансип-
пен,  Ұлыбритания  және  Солтүстік  Ирландия  Құрама 
Корольдігінің вице-премьері н. Клегпен, Египет Араб 
Республикасының Сыртқы істер министрі А. Гейтпен, 
Швейцария  Конфедерациясының  вице-президенті, 
Федералды  кеңесшісі  —  Сыртқы  істер  министрі 
М. Кальми-Реймен екіжақты кездесулер өткізді. 
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында 
өткен ЕҚЫҰ VII саммитінің қорытынды пленарлық от-
ырысына қатысты. 
Сөз сөйлеу барысында н.Ә. назарбаев Еуропадағы 
қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  ұйымына  қатысушы-
мемлекеттер  ЕҚЫҰ-ны  Еуразияның  ауқымды 
кеңістігіндегі  қауіпсіздік  қоғамдастығы  ретінде 
дамытуға ниет білдіргенін атап өтті және еуразиялық 
вектордың ЕҚЫҰ дамуына қуатты серпіліс беретінін, 
бейбітшілік  құрылымындағы  негізгі  мәселелерді 
түсінуде Шығыс пен Батысты, Оңтүстік пен Солтүстікті 
жақындата түсетініне сенім білдірді. 
Президент  саммиттің  барлық  қатысушыларына 
алғысын білдіре отырып, барлық елдерге алдағы Жаңа 
жылда амандық пен өркендеуді тіледі. 
Күн  соңында  Мемлекет  басшысы  Астана 
қаласындағы  «Шабыт»  шығармашылық  сарайында 
ЕҚЫҰ VII Астана саммитінің қорытындылары бойын-
ша баспасөз мәслихатын өткізді. 
Баспасөз  мәслихатын  аша  келе  Қазақстан 
Президенті  өткен  екі  күн  аса  мазмұнды  әрі  қызықты 
болғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, қатысушы 
мемлекеттер  өздерінің  ЕҚЫҰ  негізгі  құндылықтарын 
ұстанатындықтарын тағы бір рет дәлелдеген. Президент 
Астана саммиті тарихта Ұйымның өзі үшін ғана емес, 
«мұхиттан  мұхитқа  дейін»  созылып  жатқан  алып  гео-
саяси кеңістікті қамтитын бүкіл Еуразия құрлығы үшін 
де кезеңдік оқиға болатынына сенім білдірді. 
Баспасөз  мәслихаты  барысында  н.Ә.  назарбаев 
халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі аса өзекті 
мәселелер  төңірегінде  шетелдік  және  қазақстандық 
БАҚ өкілдерінің көптеген сұрақтарына жауап берді. 
3 желтоқсан 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапар-
мен  келген  Австрия  Республикасының  Федералды 
Президенті Х. Фишермен кездесті. 

216
Желтоқсан
Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер ба-
рысында іскерлік әріптестікті тереңдету мәселелеріне 
назар  аударылды.  Атап  айтқанда,  Қазақстанның 
Үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамуының 
мемлекеттік  бағдарламасына,  инновациялық  және 
ғылыми  қамтымды  кәсіпорындар  құру  жөніндегі 
өңдеуші  салаларды  дамыту  бойынша  маңызды 
жобаларға  австриялық  бизнестің  қатысуын  кеңейту 
мүмкіндіктері талқыланды. 
н.Ә. назарбаев Австрияның Венаны халықаралық 
орталық  ретінде  қалыптастырудағы  үлесін  жоғары 
бағалады,  ол  таратпау  режимін  нығайтуға, 
трансұлттық  қауіп  және  қатерлермен  күресте  негізгі 
рөл атқарады. Сонымен қатар Президент екі тараптың 
қарым  қатынасын  дамытудағы  оң  динамикаға 
қанағаттанатынын атап өтті, бұған Астана қаласында 
Австрия Елшілігінің және Алматы қаласында Австрия 
Сауда өкілдігінің ашылуы дәлел бола алады. 
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен 
Австрия қазіргі әлемнің өзекті проблемалары бойын-
ша позицияларының сәйкестігін, екіжақты қатынасты 
нығайтуға  өзара  ұмтылысын  және  халықаралық 
аренадағы  ынтымақтастығын  көрсететін  Бірлескен 
мәлімдеме қабылданды. 
Мемлекет  басшысы  «2006  жылғы  5  мамырдағы 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  және  Аме-
рика  Құрама  Штаттарының  Үкіметі  арасындағы 
Экономикалық  даму  жөніндегі  Қазақстан-Америка 
бағдарламасы  бойынша  өзара  түсіністік  туралы 
меморандумға Қосымша келісімді ратификациялау ту-
ралы» №360-IV Заңына қол қойды. 
6 желтоқсан 
Мемлекет  басшысы  «Ақорда»  резиденциясында 
кеңес өткізді. 
Кеңес  жұмысына  Қазақстан  Республикасының 
Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімов,  Мемлекеттік  хатшы-
сы — Сыртқы істер министрі Қ.Б. Саудабаев, Прези-
денті  Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусин,  сондай-ақ 
министрліктер  мен  ведомство  басшылары  қатысты. 
Кеңес барысында Кедендік одақтың жұмысы, Бірыңғай 
экономикалық кеңістік құру және елдің ағымдағы эконо-
микалық, индустриялық даму мәселелері қаралды.
«Ағымдағы  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  Кеден 
одағы жұмыс істей бастады, ал 1 шілдеден бастап — 

217
Желтоқсан
Бірыңғай кеден аумағы құрылды. Осылайша, 170 мил-
лион халқы бар оразан зор, біртұтас нарық құрылды 
және  оның  аясында  кедендік  кедергілер  алып  таста-
лынды, кедендік ресімдеу шаралары тоқтатылды. Осы 
шаралар бизнеске қосымша мүмкіндіктер беріп отыр. 
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, 
яғни Кеден одағы жұмыс істей бастаған кезеңде, тауар 
айналымының  30%-ға  өскені,  Ресей  және  Беларусь 
елдеріне  қазақстандық  өнімдер  экспортының  арта 
бастағаны байқалады», — деп атап көрсетті н.Ә. на-
зарбаев өз сөзінде. 
Кеңес қорытындысы бойынша Президент бірқатар 
тапсырмалар берді.
Мемлекет 
басшысы 
Астана 
қаласындағы 
«Қазақстан»  орталық  концерт  залында  режиссер 
С.  Құрманбековтің  «Кешіккен  махаббат»  көркем 
фильмінің премьерасында болды. 
Фильмдегі  басты  рөлді  атақты  француз 
киножұлдызы  Ж.  Депардье  сомдаған  болатын.  Со-
нымен қатар, фильмде ресейлік актерлер н.Ө. Арин-
басарова,  н.Ф.  Гвоздикова,  қазақстандық  актерлер 
н.Б. Ықтымбаев, Б. Қалымбетов ойнады. 
Мемлекет  басшысы  «Дипломатиялық  дәрежелер 
беру туралы» №1115, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы» №1116 
жарлықтарына қол қойды. 
7 желтоқсан 
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы назарба-
ев  Университетінде  «Ғылым  мен  білімнің  инновация-
лық  индустриясы  —  Қазақстанның  ХХІ  ғасырдағы 
стратегиялық ресурсы» атты тақырыпта дәріс оқыды. 
Қазақстан  Президенті  өз  сөзінде  елдің  алдында 
тұрған,  қазақстандық  ғылым  мен  білім  беру  жүйесі 
үшін жаңа уақыттың талабына және жаңа міндеттерге 
сәйкес  бағыттарды  айқындап  бере  отырып,  елдің 
бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  қажетті  шешім 
ретінде бес стратегиялық міндетті атады:
Бірінші. Даму қарқынын үдете түскен Қазақстанға 
заманауи білімді, сауатты шешімдерді қабылдай ала-
тын және орындай алатын мамандар қажет. 
Екінші.  Қазақстандық  білім  беру  жүйесі  үшін  XXI 
ғасырдағы жоғары оқу орнының эталоны қажет. 

218
Желтоқсан
Үшінші. Қазақстанға ғалымдар ғана емес, сондай-
ақ келешектегі инновациялық салалардағы жаңа тех-
нологияны құру үшін ғылыми орталық қажет.
төртінші. Қазіргі әлемде білім беру қызметі — бұл 
экономиканың жылдам дамитын сегменті. Қазақстан 
әлемдік  тәжірибені  пайдалануы  және  білім  беру  мен 
ғылыми  жаңалықтардың  экспорттық  орталығына  ай-
налуы қажет.
Бесінші. Жаңа университет Астананы Еуразиядағы 
ірі ғылыми-білім беру орталығына айналдырады. Бұл 
оқу орнының құрылуы — астананың, бүкіл мемлекет 
пен қоғамның дамуына жүйелі ықпал етуге шақыратын 
маңызды ұлттық жоба (Қосымшаны қараңыз).
Дәріс аяқталған соң, Президент университет оқыту-
шылары мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді. 
Бұдан  кейін  шақырылған  қонақтар  —  атақты 
еуропалық саясаткерлер Г. Шредер, Р. Проди, А. Квась-
невский, А. Гузенбауэр, М.А. Орейа сөз сөйледі. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік  наградаларымен  марапаттау  тура-
лы»  №1117,  «Қазақстан  Республикасында  білім 
беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы»  №1118 
жарлықтарына қол қойды. 
8 желтоқсан 
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясы  Феде-
ралды  жиналысы  Федерация  кеңесінің  төрағасы 
С.М.  Мироновты  қабылдады  және  онымен  екіжақты 
ынтымақтастық  пен  халықаралық  күн  тәртібі 
мәселелерінің кең ауқымы бойынша пікір алмасты. 
Мемлекет  басшысы  «Бәсекелестіктің  бірыңғай 
қағидаттары  мен  қағидалары  туралы  келісімге  қол 
қою туралы» №1119 Жарлығына қол қойды. 
9 желтоқсан 
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының аста-
насы Мәскеу қаласында өткен Қазақстан, Ресей және 
Беларусь елдерінің Кеден одағы Жоғарғы органының 
отырысына қатысты. 
Отырысқа сондай-ақ Ресей Федерациясы Президенті 
Д.А.  Медведев  пен  Беларусь  Республикасының 
Президенті А.Г. Лукашенко да қатысты. 

219
Желтоқсан
Кездесу  барысында  тараптар  Кеден  одағы 
қызметінің  бірінші  жылғы  нәтижелерін  қарастырды 
және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қызметі басталуы 
тиіс  Қазақстан,  Беларусь,  Ресей  арасында  Бірыңғай 
экономикалық  кеңістік  құру  жөніндегі  декларацияға 
қол қойды. 
Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының 
астанасы  Мәскеу  қаласында  өткен  ЕурАзЭҚ 
Мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты. 
ЕурАзЭҚ  қатысушы  мемлекеттер  басшылары 
саммитінің  барысында  Қазақстан,  Ресей  және  Бе-
ларусь  елдерінің  Кеден  одағы  Жоғары  органының 
отырысында  басталған,  қоғамдастық  мемлекет-
тер  шеңберінде  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікті 
дамытуға байланысты мәселелер талқыланды. Сондай-
ақ президенттер ағымдағы проблемаларды талқылады 
және ЕурАзЭҚ-ты одан әрі дамыту жөніндегі перспек-
тивалы міндеттерді айқындады. 
Келіссөздер қорытындысы бойынша БЭК құқықтық 
базасы  жөнінде  бірқатар  келісімдер  қабылданды 
және  табиғи  монополияларды  реттеу,  мұнай  және  газ, 
ауыл  шаруашылығы,  бәсекелестік,  сауда  қызметтері, 
өнеркәсіптік субсидиялар мен зияткерлік меншік сала-
ларында  келісімнің  жобалары  келісілді.  Бұдан  басқа, 
Кеден одағы шеңберіндегі шаруашылық субъектілерінің 
ЕурАзЭҚ сотына шағымдануы және олар бойынша сот 
өндірісінің ерекшеліктері туралы Келісімге қол қойылды, 
бұл  құжат  ЕурАзЭҚ  сотының  құзыретін  кеңейтуді 
қарастырады, сондай-ақ 2011–2013 жылдарға арналған 
ЕурАзЭҚ  дамуының  басым  бағыттарын  жүзеге  асыру 
жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. 
 
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) — 
құрамына  кіретін  мүше  мемлекеттердің  ортақ 
нарығын 
қалыптастыруды 
мақсат 
тұтқан 
халықаралық экономикалық ұйым. 
ЕурАзЭҚ  құру  туралы  Шартқа  Беларусь,  Қазақстан, 
Қырғызстан,  Ресей  және  Тәжікстан  президенттері  2000 
жылы 10 қазанда Астанада қол қойды. Оған 2006 жылдың 
қаңтарынан Өзбекстан қосылды. 
2002 жылдан бері ұйым жанындағы байқаушы мәртебесіне 
Украина мен Молдова, 2003 жылдан Армения ие. 
2003 жылдың желтоқсанында ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблея-
сы жанындағы байқаушы мәртебесін алды. 
ЕурАзЭҚ-тың органдары: Мемлекетаралық кеңес (Мемлекет 
басшылары деңгейінде), Интеграциялық комитет, Хатшылық, 
Парламентаралық ассамблея және Сот.  

220
Желтоқсан
10 желтоқсан 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан,  Ресей  мен  Бела-
русь мемлекеттері арасындағы Кеден одағы Жоғарғы 
органының отырысына және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық 
кеңесі отырысына қатысуына байланысты Ресей Фе-
дерациясында  болған  кезде  Президент  Д.А.  Медве-
девпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер 
өткізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан мен 
Ресейдің 2011–2012 жылдарға арналған бірлескен іс-
қимыл жоспары туралы мәлімдемеге қол қойылды. 
Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы-
ның астанасы Мәскеу қаласында өткен ҰҚШҰ Ұжым-
дық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысты. 
Саммитке  сондай-ақ  Армения  Республикасының 
Президенті С.А. Саргсян, Беларусь Республикасының 
Президенті А.Г. Лукашенко, Қырғыз Республикасының 
өтпелі  кезең  Президенті  Р.И.  Отынбаева,  Ре-
сей  Федерациясының  Президенті  Д.А.  Медведев, 
тәжікстан  Республикасының  Президенті  Э.Ш.  Рах-
мон  және  Өзбекстан  Республикасының  Президенті 
И.А. Каримов қатысты. 
Сессия  барысында  Ұйымның  дағдарыстық  әрекет 
ету жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған және 
дағдарысты  жағдайларда  бір-біріне  жедел  жәрдем 
беру  үшін  қажетті  шарттар  құру  шаралары  қаралды, 
сондай-ақ  ұжымдық  қауіпсіздік  күші  мен  жүйе 
құралының  мәртебесін  реттейтін  құжаттар  жобасы 
талқыланды. 
Сессия  қорытындысы  бойынша  мемлекет  басшы-
лары  Бірлескен  декларация  мен  ҰҚШҰ  бітімгершілік 
күштері туралы мәлімдемені қабылдады. 
 
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) — 
1992  жылғы  15  мамырдағы  ұжымдық  қауіпсіздік 
туралы шарт негізінде 2002 жылы ТМД-ның бірқатар 
елдері құрған әскери-саяси одақ. Шарт әр 5 жыл сайын ав-
томатты түрде ұзартылып отырады. 
2006  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  ҰҚШҰ 
мүшелігіне Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ре-
сей, Тәжікстан және Өзбекстан кірді. 
ҰҚШҰ  органдарына  Ұжымдық  қауіпсіздік  кеңесі  (мемле-
кет  басшылары  деңгейінде),  Сыртқы  істер  министрлерінің 
кеңесі,  Қорғаныс  министрлері  кеңесі,  Қауіпсіздік  кеңесі 
хатшыларының комитеті, Хатшылық, Біріккен штаб кіреді. 
2004 жылдың желтоқсан айында ҰҚШҰ БҰҰ-ның Бас Ассам-
блеясы жанындағы байқаушы мәртебесін алды. 

221
Желтоқсан
Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы-
ның астанасы Мәскеу қаласында өткен тМД Мемлекет 
басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. 
Отырыс 
барысында 
мемлекет 
басшылары 
аймақтағы  интеграциялық  үдерістерді  тереңдетуге 
және  кеңейтуге  бағытталған  тМД  аясындағы 
елдердің  ынтымақтастығының  маңызды  мәселелерін 
талқылады, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 
65  жылдығын  мерекелеу  бойынша  жүргізілген  іс-
шаралар және Еркін сауда аймағы туралы шарт жоба-
сын дайындау барысы туралы ақпарат тыңдалды. 
Отырыстың  қорытындысы  бойынша  Халықаралық 
іздестірудегі адамдар туралы шартқа, Көші-қон орган-
дары  басшыларының  кеңесін  құру  туралы  келісімге 
өзгерістер  енгізу  туралы  Хаттамаға,  мемлекеттік 
баж  салығының  көлемі  және  әртүрлі  мемлекеттердің 
шаруашылық  субъектілері  арасындағы  шаруашылық 
дауларды қарау кезінде оны өндіріп алу тәртібі тура-
лы  келісімге  өзгерістер  енгізу  туралы  Хаттамаға  қол 
қойылды.
13 желтоқсан 
Мемлекет  басшысы  2011  жылы  өтетін  VII  қысқы 
Азия ойындарына Астана қаласындағы нысандардың 
әзірлік барысымен танысты. 
Президент шайбалы хоккейден жарыстар өткізілетін 
«Барыс» спорт кешенінде болды. 
Сосын ұзындығы 400 метр болатын екі конькимен 
жүгіру жолдары, хоккей, керлинг, мәнерлеп сырғанау 
және  шорт-трек  корттары  бар,  мұзайдынды  «Алау» 
конькимен жүгіру стадионын аралап шықты. 
Бұдан  бөлек,  н.Ә.  назарбаев  Азиада  ойындарын 
өткізу  барысында  шорт-трек  пен  мәнерлеп  сырғанау 
жарыстары  үшін  мұзайдыны  мен  сырғанау  айдынын 
уақытша  орнатуға  жоспарланған  велотрек  кешенінде 
болды.  Велотректе  Мемлекет  басшысы  «Астана» 
велокомандасының  мүшелерімен  кездесу  өткізді. 
Онда атақты қазақстандық велошабандоз А.н. Вино-
куров команда атынан Президентке «Астана» экипи-
ровкасы мен спорттық велосипедті сыйға тартты. 
Мемлекет басшысы белгілі қазақстандық жазушы 
И.П. Щеголихиннің қайтыс болуына байланысты отба-
сына көңіл айту жеделхатын жолдады.

222
Желтоқсан
 «Бұл барша қазақстандықтар үшін, жеке мен үшін 
ауыр қаза. тамаша адам, дарынды тұлға өмірден өтті. 
Жазушы  және  Азамат.  Бұл  сөздер  ең  жоғары  мәнге 
ие. Иван Павлович бізге өзінің әдеби мұрасын, қазақ 
әдебиетінің  классиктерінің  кәсіби  аудармаларын 
қалдырды.  Иван  Павлович  Щеголихиннің  жарқын 
бейнесі  әрдайым  біздің  жүрегімізде  сақталады»,  — 
делінген жеделхатта. 
 
Щеголихин Иван Павлович — Қазақстан халық жа-
зушысы,  1958  жылдан  бері  КСРО  Жазушылар 
одағының мүшесі. 
1927 жылы Қостанай облысында туған. Оның «В одном инс-
титуте», «Храни огонь», «Дефицит», «Не жалею, не зову, не 
плачу», «Машина бремени», «И снова утро», «Пятый угол», 
«Слишком  доброе  сердце»,  «Снега  метельные»,  «Шальная 
неделя»,  «Хочу  вечности»  секілді  бірқатар  атақты  роман-
дары  мен  повестері  бар,  сондай-ақ  жазушы  М.  Әуезовтің, 
С.  Сейфуллиннің,  С.  Мұқановтың,  Ғ.  Мұстафиннің, 
Х.  Есенжанованың,  Б.  Соқпақбаевтың,  М.  Ғабдуллиннің 
шығармаларын орыс тіліне аударған. 
Соңғы  жылдары  елдің  қоғамдық-саяси  өміріне  белсенді 
түрде  араласты,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республика-
сы Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақстан Республи-
касы Парламенті Сенатының депутаты болды. 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 
тұңғыш  Президентінің  —  Елбасының  Мемлекеттік 
бейбітшілік  және  прогресс  сыйлығын  беру  туралы» 
№1121,  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына өзгеріс 
енгізу  туралы»  №1122,  «Қазақстан  Республика-
сы  Президентінің  2009  жылғы  1  сәуірдегі  №780 
Жарлығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  ту-
ралы»  №1123,  «Қазақстан  Республикасы  мен  Азия 
даму  банкі  арасындағы  Қарыз  туралы  келісімге 
(Жай  операциялар)  (ОАӨЭЫ  1  көлік  дәлізі  [Жамбыл 
облысындағы  учаскелер]  [Батыс  Еуропа  —  Батыс 
Қытай  халықаралық  транзит  дәлізі]  Инвестициялық 
бағдарлама  —  3-жоба)  қол  қою  туралы»  №1124 
жарлықтарына қол қойды. 
15 желтоқсан
Мемлекет  басшысы  «Ақорда»  резиденциясын-
да  тәуелсіздік  күні  мерекесіне  орай  Қазақстанның 
әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  дамуы-
на  елеулі  үлес  қосқан  бір  топ  қазақстандықтарға 

223
Желтоқсан
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградала-
рын тапсырды.
Жоғары 
дәрежелі 
ерекшелік 
белгісі 
— 
«Қазақстанның  Еңбек  Ері»  атағы  Қазақ  ұлттық 
өнер  университетінің  профессоры  Е.Р.  Рахмадиевке 
Қазақстанның  әлеуметтік-гуманитарлық  дамуындағы 
жеткен жетістіктері және мәдениетті дамытуға қосқан 
үлесі үшін табыс етілді. 
Қазақстан  Республикасының  әдебиет  және  өнер 
саласындағы  Мемлекеттік  сыйлығы  туған  жерге 
арналған көркем туындылар топтамасы үшін суретші 
А.А.  Ақанаевқа,  сондай-ақ  еліміздің  маңызы  зор 
мемлекеттік  рәмізін  жарыққа  шығаруға  қосқан 
үлестері  үшін  Қазақстанның  әнұранының  автор-
лары  —  ақын  Ж.С  нәжімеденов  пен  композитор 
Ш. Қалдаяқовқа табыс етілді.
  «Мемлекеттік  сыйлыққа  теңдессіз  мемлекеттік 
рәміз  —  Мемлекеттік  Әнұранын  жарыққа  әкелген 
қазақ халқының біртуар перзенттері — ақын Жұмекен 
нәжімеденов  пен  композитор  Шәмші  Қалдаяқовтың 
еңбектері  иеленді.  Олар  бізге  ұлттық  байлығымызға 
татитын өшпес мұра қалдырды. Біз халқымыздың шы-
найы рухынан, еркіндікке ұмтылыс пен Отанды шексіз 
сүюді,  бірлік  пен  болашаққа  ұмтылыстан  көрініс 
беретін  әнұранымызбен  мақтана  аламыз»,  —  деді 
Президент марапаттау салтанаты барысында. 
Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің — 
Елбасының  Мемлекеттік  бейбітшілік  және  прогресс 
сыйлығы атақты әзірбайжандық мәдениет қайраткері 
П. Бюльбюлоғлына тапсырылды.
«Отан» орденімен академик С.З. Зиманов пен жа-
зушы Ә.н. нұршайықов, «Қазақстан Республикасының 
тұңғыш Президенті — Елбасы нұрсұлтан назарбаев» 
орденімен  Қазақстан  Республикасының  Премьер-
министрі К.Қ. Мәсімов марапатталды.
Марапатталғандар  арасында  басқа  да  мәдениет, 
ғылым,  білім,  денсаулық  сақтау  саласының  көрнекті 
қайраткерлері,  өндіріс  саласының,  құқық  қорғау 
органдарының,  әскери  қызметкерлердің  өкілдері, 
соғыс  және  еңбек  ардагерлері,  сондай-ақ  шетелдік 
қайраткерлерді қоса алғанда, ЕҚЫҰ Астана саммитіне 
әзірлік пен оны өткізуге қомақты үлес қосқан бір топ 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет