Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет17/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Ромпеймен кездесті. 
Жүздесу  барысында  Қазақстан  мен  Еуропалық 
Одақ  арасындағы  жақындатылған  әріптестік  туралы 
жаңа келісімшарт жасау туралы келіссөздерді жедел-
дету жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Мемлекет басшысы нАтО бас хатшысы А.Ф. Рас-
муссенмен кездесті және онымен халықаралық және 
өңірлік қауіпсіздіктің өзекті проблемалары контексінде 
Қазақстан  мен  нАтО  арасындағы  ынтымақтастық 
жағдайы мен перспективаларын талқылады.
«Біздің  ынтымақтастығымыздың  16  жылында 
«Бейбітшілік  үшін  әріптестік»  бағдарламасы  аясында 
өзара байланыстың айтарлықтай әлеуеті жинақталды, 
бұл  тек  бір  ғана  әскери  саламен  шектеліп  қалмады. 

188
Қазан
Әріптестіктің  жеке  іс-қимыл  жоспарының  екінші  фа-
засы жүзеге асуда, бұл біздің ынтымақтастығымызды 
жаңа  деңгейге  шығарды.  Біз  нАтО  жанынан 
Қазақстанның  Әскери  өкілін  тағайындадық.  Со-
нымен  қатар,  Ауғанстандағы  қауіпсіздікке  жәрдем 
Халықаралық  күштерінің  штабына  бірнеше  әскери 
қызметкерлерді  жіберу  туралы  шешім  қабылданды, 
соған  сәйкес  екіжақты  келісімге  қол  қойылды. 
Қазақстан Халықаралық күштер операцияларын қолдау 
шеңберіндегі  альянстың  өңірдегі  негізгі  әріптестерінің 
бірі болып табылады», — деп атап өтті н.Ә. назарбаев. 
Мемлекет  басшысы  Еуропалық  инвестициялық 
банктің президенті Ф. Майштадтпен кездесті. 
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық 
және  инвестициялық  ынтымақтастықты  дамыту 
мәселелерін талқылады.
Кездесу  қорытындысы  бойынша  «Самұрық 
Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ,  «Қазақстанның 
даму  банкі»  АҚ  және  Еуропа  инвестициялық  банк 
арасындағы  өзара  түсіністік  туралы  үшжақты 
Меморандумға қол қойылды.
Мемлекет  басшысы  Бельгия  Корольдігі  Премьер-
министрінің міндетін атқарушы И. Летерммен кездесті. 
Кездесу  Бельгияның  қазақстандық  тарапқа 
сыйын  білдіретін  ядролық  сынақтар,  экологиялық 
және  техногендік  апаттар  құрбандарына  арналған 
ескерткішті ашу салтанатты рәсімінен басталды.
Салтанатты  рәсім  аяқталғаннан  соң,  тарап-
тар  келіссөздерге  кірісті,  оның  барысында  екі  ел 
арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және 
нығайту мәселелері талқыланды.
Келіссөздер  қорытындысы  бойынша  Қазақстан 
Республикасының 
Республикалық 
бюджетінің 
атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитеті  мен 
Бельгия Корольдігі Аудиторлық сотының арасындағы 
ынтымақтастық 
туралы 
келісімге, 
Қазақстан 
Республикасының  Қаржы  министрлігі  мен  Бельгия 
Корольдігі Федералды қаржы қызметінің Кеден және 
акциздеу  әкімшілігі  арасында  өзара  сауда  туралы 
статистикалық  мәліметтер  алмасу  туралы,  сондай-
ақ  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ядролық 
орталығы, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компани-
ясы» АҚ және Бельгия ядролық зерттеулер орталығы 

189
Қазан
(SCK  CEN)  арасындағы  өзара  түсіністік  туралы 
Меморандумға қол қойылды. 
Күн  соңында  Мемлекет  басшысы  Бельгия  Королі 
Альберт ІІ кездесті. 
26 қазан 
Мемлекет басшысы Бельгия Корольдігіне ресми са-
пар барысында Брюссель қаласындағы Медициналық 
орталықта  болды.  Орталық  денсаулық  сақтау, 
биомедициналық зерттеулер және медициналық білім 
саласындағы Бельгияның үздік мекемелерінің бірі бо-
лып  табылады,  онда  Президент  Еуропаның  алдыңғы 
қатарлы ғалымдарымен кездесті. 
Мемлекет 
басшысы 
Еуропалық 
комиссия 
Президенті Ж.М. Баррозумен кездесті. 
тараптар  Қазақстан  мен  Еуропалық  Одақ 
арасындағы  ынтымақтастық  жағдайы  мен  перспекти-
валарын талқылады, сондай-ақ жаһандық және өңірлік 
саясаттың өзекті мәселелері әңгімеге арқау болды.
Кездесу  қорытындысы  бойынша  Қазақстан 
Республикасының Статистика агенттігі мен Еуропалық 
комиссияның Еуростаты арасында өзара түсіністік және 
ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 
Мемлекет 
басшысы 
Еуропалық 
комиссия 
Президенті  Ж.М.  Баррозумен  бірге  «Инновация  мен 
жаңа  технологияларға  инвестиция»  тақырыбындағы 
қазақстандық-еуропалық  әріптестік  тұғырнамасының 
тұсаукесеріне қатысты.
Сол күні Мемлекет басшысы Франция Республика-
сына ресми сапармен аттанды.
27 қазан
Мемлекет  басшысы  Франция  Республикасына 
ресми  сапар  барысында  осы  елдің  астанасы  Париж 
қаласындағы «Ritz» отелінде өткен Қазақстан-Франция 
индустриялық-инновациялық бірлескен жобаларының 
тұсаукесеріне қатысты.
Қазақстан 
Президентінің 
назарына 
«Үлбі 
металлургиялық  зауыты»  АҚ  базасында  жылу 
бөлгіш  құрастырындылар  өндіретін  зауыт  құрылысы 

190
Қазан
жөніндегі  «AREVA»  компаниясының  бірлескен  жоба-
сы,  Қазақстанда  жүк  және  жолаушылардың  магис-
тральды электровоздарын шығару жөніндегі «Alstom» 
компаниясының  жобасы,  «Өскемен  титан-магний 
комбинаты»  АҚ  базасында  аэроғарыштық  өнеркәсіп 
үшін титанды құйма мен бөлшектер шығаратын «Ober 
and  Duval»компаниясының  жобасы,  «EADS-Astrium» 
компаниясының  Жерді  қашықтықтан  зондтау  ғарыш 
аппараттарының  және  спутниктерінің  құрастыру-
сынау кешенін құру жөніндегі, Қазақстанда «ЕС-145» 
маркалы тікұшақ шығару бойынша «EADS-Eurocopter» 
компаниясының,  жоғары  сапалы  цемент  шығару  бо-
йынша  «Vika»  компаниясының,  Қазақстанда  Қарулы 
Күштер  үшін  телекоммуникациялық  жабдықтар 
шығару  жөніндегі  «Tales»  компаниялар  тобының, 
мұнайгаз өнеркәсібі үшін жоғары сапалы жапсарсыз 
құбырлар шығару жөніндегі «Valurek» компаниясының 
және басқаларының жобалары ұсынылды. 
тұсаукесер  рәсімі  барысында  н.Ә.  назарбаев 
«Areva»  компаниясының  аға  атқарушы  директоры 
А. Ловержонмен, «Zeiss» компаниясының президенті 
О.  Даразонмен,  «EADS-Eurocopter»  компаниясының 
президенті  Л.  Бертлингпен,  «Total  Exploration  and 
Prodaction» компаниясының бас директоры И. Дарри-
каррэрмен және «Alstom» компаниясының президенті 
П. Кронмен әңгімелесті. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан-Франция  бизнес-
форумына қатысты. 
Кәсіпкерлер алдында сөз сөйлеген н.Ә. назарбаев 
Қазақстанның 
франциялық 
бизнесмендермен 
ынтымақтастыққа  қызығушылық  білдіретінін  атап 
өтті  және  оларды  2010–2014  жылдарға  арналған 
Қазақстанның  Үдемелі  индустриялық-инновациялық 
даму  мемлекеттік  бағдарламасы  және  2010  жылдан 
бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасын-
да қызмет ете бастаған Кеден одағы аясында ашылып 
отырған  жаңа  мүмкіндіктерге  байланысты  Қазақстан 
экономикасын белсенді инвестициялауға шақырды.
Мемлекет  басшысы  Франция  Республикасының 
Президенті н. Саркозимен кездесті. 
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымы 
бойынша  пікір  алмасулар  өтті,  екі  ел  арасындағы 
стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған шара-

191
Қазан
лар айқындалды, Қазақстан мен Франция арасындағы 
стратегиялық  әріптестік  туралы  Келісім  ережелерін 
жүзеге асыру барысы сарапталды.
тараптар саяси, экономикалық және гуманитарлық 
бағыттар  бойынша  айтарлықтай  ілгерілеушілік 
болғанын  атап  өтті.  Сонымен  қатар,  өңірлік  және 
жаһандық  күн  тәртібінің  мәселелері  қаралды.  Атап 
айтқанда, тараптар Қырғызстандағы оқиғаларды және 
Ауғанстандағы жағдайды талқылады.
Келіссөздердің басты тақырыбының бірі 2010 жылғы 
1–2  желтоқсанда  Астана  қаласында  өтетін  ЕҚЫҰ  VII 
саммитінің күн тәртібіне арналды. н.Ә. назарбаев ЕҚЫҰ 
саммитін  шақыру  туралы  Қазақстанның  бастамасын 
қолдағаны үшін н. Саркозиге ризашылық білдірді.
Екі елдің Президенттері сонымен қатар Францияның 
жақын  аралықтағы  «Үлкен  жиырмалыққа»  және 
2011 жылы «Үлкен сегіздікке» төрағалығы мәселесін 
талқылады. 
Келіссөздер  қорытындысы  бойынша  мемлекет 
басшыларының Бірлескен декларациясы қабылданды, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
мен  Франция  Республикасының  Үкіметі  арасында 
атом  энергетикасын  бейбіт  пайдалану  саласындағы 
ынтымақтастық  туралы  келісімге,  «Қазатомпром» 
Ұлттық атом компаниясы» АҚ мен «AREVA» арасында 
жылу  шығаратын  қондырғылар  шығару  саласындағы 
бірлескен қызметті жүзеге асыру тәртібі туралы, «ЕС-
145»  үлгісіндегі  ұшақтарды  шығару,  жеткізу  және 
техникалық  қызмет  көрсету  жөніндегі  Қазақстан 
Республикасының  Қорғаныс  министрлігі  мен  «EADS» 
және  «EADS-Eurocopter»  компаниялары  арасын-
да  өзара  түсіністік  және  өзара  әрекеттестік  туралы 
Меморандумға,  «Қазақстан  темір  жолы»  Ұлттық  ком-
паниясы»  АҚ  мен  «Электровоз  құрастыру  зауыты» 
бірлескен  кәсіпорны,  «Alstom  Transport»  компаниясы 
және «трансМашХолдинг» ЖАҚ арасында Электровоз-
дар жеткізу туралы шартқа қол қойылды. 
Мемлекет  басшысы  Франция  Республикасының 
Премьер-министрі Ф. Фийонмен кездесті. 
Кездесу  барысында  экономикалық  өзара  байла-
ныс,  оның  ішінде  жаңа  инвестициялық  жобаларды 
жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы атақты француз актері Ж. Де-
пардьемен  кездесті  және  онымен  кинематография 

192
Қазан
саласындағы  екіжақты  ынтымақтастық  мәселелері 
бойынша пікір алмасты.
Мемлекет  басшысы  атақты  француз  публицисті 
П.-Л. Сегийонның француз және ағылшын тілдерінде 
жарық  көрген  «Қазақстан  —  Еуразия  өзегі»  атты 
кітабының  тұсаукесеріне  қатысты.  тұсаукесер 
рәсіміне  сондай-ақ  саяси,  іскер,  интеллектуалдық 
топтардың  көрнекті  өкілдері,  Франция  бұқаралық 
ақпарат құралдары, оның ішінде «The Atlantic Dinners» 
компаниясының  президенті  Ф.  Маркард,  Елисей 
сарайының бас хатшысы К. Геан, франциялық бірқатар 
ірі баспа басшылары — «Le Figaro» газетінің басшы-
сы Э. Мужотт және «Le Pune» журналының басшысы 
Э. Жернель қатысты. 
28 қазан
Мемлекет  басшысы  Франция  Республикасы-
на  ресми  сапар  барысында  Париж  хартиясының 
20  жылдығына  және  Қазақстанның  ЕҚЫҰ 
төрағалығына арналған конференцияға қатысты.
Конференция  жұмысына  сондай-ақ  Францияның 
көрнекті  қоғам  және  саясат  қайраткерлері  — 
Сыртқы  және  еуропалық  істер  министрі  Б.  Кушнер, 
Францияның  бұрынғы  Президенті  В.Ж.  Д’Эстен, 
ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришамбо, Францияның 
бұрынғы  Сыртқы  істер  министрі  Р.  Дюма,  Германия 
Федеративтік Республикасының бұрынғы Сыртқы істер 
министрі Х.-Д. Геншер және тағы басқалары қатысты. 
Сөз  сөйлеу  барысында  н.Ә.  назарбаев  Па-
риж  хартиясының  еуропалық  қауіпсіздік  саясаты-
на  жаңа  кезең  ашқанын  атап  өтті.  Әлемдегі  жаңа 
трансұлттық  қатерлердің  —  халықаралық  терроризм 
мен экстремизмнің, есірткі трафигі мен заңсыз көші-
қонның  рөлі  өсіп  отырғанына,  сондай-ақ  жаһандық 
қаржылық-экономикалық 
дағдарыс 
салдары-
на  тоқтала  келе,  Қазақстан  Президенті,  көпжақты 
ынтымақтастықтың  маңыздылығына  және  ЕҚЫҰ 
барлық  қатысушылары  арасында  экономикалық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  жаңа  қадамдарын 
дайындау қажеттігіне назар аудартты.
Өзінің 
сөзін 
қорытындылаған 
Президент 
н.Ә.  назарбаев  алдағы  уақытта  Астана  қаласында 
өтетін ЕҚЫҰ саммиті Ұйым қызметіндегі жаңа кезеңнің 
бастауы болатынына зор сенім білдірді.

қараша
Дс
1
8
15
22
29
Сс
2
9
16
23
30
Ср
3
10
17
24
Бс
4
11
18
25
Жм
5
12
19
26
Сн
6
13
20
27
Жк
7
14
21
28

195
Қараша
1 қараша
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 
соттарының  төрағаларын,  сот  алқалары  төрағалары 
мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен 
босату туралы» №1089 Жарлығына қол қойды. 
2 қараша
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-
сы  мен  Еуропа  инвестициялық  банкі  арасындағы 
Еуропа 
инвестициялық 
банкінің 
Қазақстан 
Республикасындағы  қызметін  реттейтін  негіздемелік 
келісімді  ратификациялау  туралы»  №345-IV  Заңына 
қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Б.Б.  Атамқұлов  туралы» 
№1090 Жарлығына қол қойды. 
3 қараша
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің 
бұрынғы төрағасы В.С. Черномырдинның қайтыс бо-
луына байланысты оның отбасына көңіл айту жедел-
хатын жолдады.
«Бұл  қазақстандықтар  үшін  де  ауыр  қаза.  Біз 
Виктор  Степановичті  қазақстандық-ресейлік  қарым-
қатынастарды  нығайтуға  едәуір  үлес  қосқан  тамаша 
адам, мемлекет қайраткері, талантты ұйымдастырушы 
және  басқарушы  ретінде  білеміз»,  —  делінген 
жеделхатта. 
Мемлекет  басшысы  «Уақытша  әкелу  туралы  кон-
венцияны ратификациялау туралы» №346-IV Заңына 
қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республика-
сы  мен  Халықаралық  қайта  құру  және  даму  банкі 
арасындағы  Қарыз  туралы  келісімге  (техникалық 
және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) қол қою 
туралы»  №1091  Жарлығына,  «Қазақстан  Респуб-
ликасы  Президентінің  2002  жылғы  17  мамырдағы 
№873  Жарлығына  толықтырулар  мен  өзгерістер 
енгізу  туралы»  №1092,  «Қазақстан  Республикасы 
Жоғарғы  сотының  жанындағы  Соттардың  қызметін 
қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республика-
сы Жоғарғы сотының аппараты) туралы ережені бекіту 
туралы» №1093, «Қазақстан Республикасы мен Ита-
лия  Республикасының  арасындағы  Азаматтық  істер 

196
Қараша
бойынша  құқықтық  көмек  көрсету  туралы  келісімге 
қол қою туралы» №1094 жарлықтарына қол қойды.
4 қараша 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Қорғаныс  министрі  Ә.Р.  Жақсыбековті,  Қорғаныс 
министрінің  бірінші  орынбасары  —  Қарулы 
Күштерінің  Штаб  басшылары  комитетінің  төрағасы 
С.А.  Жасұзақовты  және  «Қазақстан  инжини-
ринг»  Ұлттық  компаниясы»  АҚ  басқарма  төрағасы 
Б.С. Смағұловты қабылдады. 
Кездесу  барысында  қорғаныс  ведомствосының 
2010  жылғы  қорытындылары,  еліміздің  Қарулы 
Күштерін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарлар және 
қорғаныс-өнеркәсіптік  кешенді  дамыту  мәселелері 
талқыланды.
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  британдық  атақты 
публицист  және  қоғам  қайраткері  Дж.  Айткенді 
қабылдады. 
Кездесу  барысында  Дж.  Айткен  Президентпен 
өзінің  Қазақстан  туралы  кітап  жазу  жоспарымен 
бөлісті.
Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 
алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-
ралы» №1095 Жарлығына қол қойды. 
5 қараша
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Экономикалық  қылмысқа  және  сыбайлас  жемқор-
лыққа  қарсы  күрес  агенттігінің  (қаржы  полициясы) 
төрағасы Қ.П. Қожамжаровты қабылдады. Ол қаржы 
полициясының  сыбайлас  жемқорлықтың  пайда 
болуының  жолын  кесу  және  көлеңкелі  экономиканы 
бейтараптандыру жөніндегі қызметі туралы баяндады.
«Сыбайлас жемқорлық туралы» Заң қабылдағанда, 
мен  өз  мәлімдемемде  күрес  қатаң  болатынын 
ескерткенмін. Біз құқық қорғау органдарын бір-біріне 
айдап  салу,  бір-біріне  деген  сеніміне  селкеу  түсіру 
мақсатындағы  барлық  өсек-аяң  мен  арандатуға  на-
зар  аудармастан,  оны  аяғына  дейін  жеткізуіміз  ке-
рек.  Құқық  қорғау  органдарында,  әсіресе  сыбай-
лас  жемқорлықпен  күресте,  қалыпты,  қатаң  жұмыс 

197
Қараша
жүруде.  Барлығы  да  біздің  бұл  жұмысты  мүлтіксіз 
жүргізетінімізді  түсінуге  тиіс,  —  деп  мәлімдеді 
н.Ә. назарбаев. 
Мемлекет  басшысы  «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық 
мұнайгаз компаниясы» АҚ жаңадан салынып жатқан 
кәсіпорындары  Дирекциясының  Бас  директоры 
н.Ө.  Балғымбаевты  қабылдады,  ол  2009  жылғы 
қарашада  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Италияға  ресми  сапары  шеңберінде  «ҚазМұнайГаз» 
компаниясы  мен  «Eni  S.p.A.»  компаниясы  ара-
сында  қол  жеткізілген  келісімдерге  сәйкес  жүзеге 
асып  жатқан  қазақстандық-итальяндық  бірлескен 
жобалардың жүзеге асу барысы туралы баяндады. 
Олардың  қатарында  —  Павлодар  мұнай  өңдеу 
зауы-тын  қайта  құрылымдау,  Орал  қаласының  ау-
данында  газ  құбыры  стансасының  құрылысын  салу, 
Қарашығанақ  кен  орнындағы  газ  өңдеу  зауыты,  Ка-
спий теңізіндегі кеме құрылысы мен кеме жөндеу зау-
ыты, Қазақстанның барлық өңірі бойынша газ пайда-
лануды оңтайландыру туралы жоба және Исатай мен 
Шағала кен орындарына барлау жасау жобалары бар.
8 қараша
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Ішкі істер министрі С.н. Баймағанбетовті қабылдады. 
Министр  Президентке  ведомствоның  ағымдағы 
жұмысы және ішкі істер органдарын реформалау ба-
рысы туралы баяндады.
Мемлекет  басшысы  азаматтардың  құқығы  мен 
бостандығын  қорғаудың  тиімділігін  арттыруға, 
ұйымдасқан  қылмыспен,  есірткі  бизнесімен  және 
заңсыз  көші-қонмен  күресті  күшейтуге  бағытталған 
бірқатар нақты тапсырмалар берді. 
Мемлекет  басшысы  «Ақша  белгілерін  қолдан 
жасауға  қарсы  күрес  жөніндегі  халықаралық  кон-
венцияны  және  оған  Хаттаманы  ратификациялау 
туралы»  №347-IV,  «Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, тәжікстан 
Республикасының  Үкіметі,  түрікменстанның  Үкіметі 
және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 
Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) және 
оның  ұйымдарының  мәртебесі  туралы  келісімді 

198
Қараша
ратификациялау  туралы»  №348-IV  заңдарына  қол 
қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республика-
сы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 
Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №1097 
Жарлығына қол қойды. 
9 қараша
Мемлекет  басшысы  «EuroNews»  телеарнасына 
сұхбат берді. Оның барысында Президент Қазақстан-
ның  ЕҚЫҰ  төрағалығын  алдын  ала  қорытындылады 
және  ол  Астана  қаласында  2010  жылғы  1–2 
желтоқсанда  өтетін  ЕҚЫҰ  VII  саммитіне  қандай  үміт 
артатыны туралы ойымен бөлісті.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
Үкіметі  мен  Словения  Республикасының  Үкіметі 
арасындағы Жолаушылар мен жүктердің автомобиль 
көлігімен халықаралық тасымалдары туралы келісімді 
ратификациялау  туралы»  №349-IV,  «1981  жылғы 
26  қыркүйекте  найробиде  қабылданған  Олимпиада 
рәмізін қорғау туралы найроби шартын ратификация-
лау туралы» №350-IV заңдарына қол қойды. 
10 қараша 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық банкінің төрағасы Г.А. Марченконы қабылдады. 
Ол  еліміздің  қаржы  саласындағы  ағымдағы  жағдай 
туралы, оның ішінде валюталық нарық туралы баян-
дады,  сонымен  қатар  банкнот  фабрикасында  құнды 
қағаздар цехы қолданысқа енгені туралы хабарлады. 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-
сы  Президентінің  1999  жылғы  22  қаңтардағы  №29 
Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №1098 
Жарлығына қол қойды. 
11 қараша
Мемлекет  басшысы  Қытай  Халық  Республикасы 
Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытай-
лық комитетінің төрағасы Цзя Цинлинді қабылдады. 
Кездесу  барысында  қазақстандық-қытайлық  сая-
си өзара байланысты тереңдету, сауда-экономикалық 
ынтымақтастықты  дамыту,  парламентаралық  байла-

199
Қараша
ныстарды  нығайту  мәселелері  талқыланды,  сонымен 
қатар  халықаралық  және  өңірлік  күн  тәртібінің  аса 
өзекті мәселелері сөз болды.
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Парламенті  Мәжілісінің  депутаты  С.Б.  тоқпақбаевты 
қабылдады.  Ол  Президентке  ағымдағы  заң 
шығармашылық жұмыс туралы, атап айтқанда, 2010 
жылдың  тамыз  айында  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасында  құқық  қорғау  қызметі  мен  сот 
жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар тура-
лы» Президенттің Жарлығына сәйкес әзірленген заң 
жобаларымен жұмыс барысы жайлы баяндады.
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-
сы  «Сырбар»  сыртқы  барлау  қызметінің  директо-
ры  А.Қ.  Жанқұлиевті  қабылдады.  Ол  ведомствоның 
ағымдағы қызметі туралы баяндады.
Мемлекет 
басшысы 
Астана 
қаласындағы 
Бейбітшілік  пен  келісім  сарайында  «Қызыл  Жи-
зель»  балетті  спектаклін  тамашалады.  Көрнекті  ба-
летмейстер  Ресей  Федерациясының  халық  әртісі 
Б.Я.  Эйфманның  спектаклі  Абай  атындағы  Қазақ 
мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 
актерлері — Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген 
қайраткер С. Рахмедова, Д. Сушков, Қ. Сарқытбаева, 
балет  солистері  —  Ф.  Буриев,  Ә.  Жексенбек  және 
басқаларының қатысуымен өтті.
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-
сы  Президентінің  2002  жылғы  2  сәуірдегі  №839 
Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №1099, 
«Көп  балалы  аналарды  «Алтын  алқа»  және  «Күміс 
алқа»  алқаларымен  наградтау  туралы»  №1100, 
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 
28 желтоқсандағы №230 Жарлығының күші жойылды 
деп тану туралы» №1101 жарлықтарына қол қойды.
12 қараша
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ бас хатшысы н.н. Бор-
дюжаны  қабылдады.  Ол  Мәскеу  қаласында  2010 

200
Қараша
жылғы 10 желтоқсанға жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық 
қауіпсіздік  кеңесінің  отырысына  дайындық  барысы 
туралы баяндады.
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрі 
Г.н.  Әбдіқалықованы  қабылдады.  Ол  Президенттің 
Қазақстан  халқына  арнаған  «Жаңа  онжылдық  — 
жаңа  экономикалық  өрлеу  —  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері»  атты  29  қаңтар  2010  жылғы  Жол-
дауына  сәйкес  жүктелген  әлеуметтік  міндеттерді 
жүзеге асыру жөніндегі министрліктің жұмысы туралы 
баяндады.
Кездесу  соңында  Президент  жұмыспен  қамтуды 
арттыруға  және  халықтың  әлеуметтік  қорғалуына 
бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. 
15 қараша
Мемлекет басшысы Алматы қаласында жұмыс са-
парымен болды.


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет