Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет16/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
ынтымақтастық  кеңесін  құру  туралы  нахычеван 
келісімін  ратификациялау  туралы»  №341-IV  Заңына 
қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасы-
ның мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сме-
тасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат 
санын  оңтайландыру  жөніндегі  шаралар  туралы» 
№1072, «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық 
қайта құру және даму банкі арасындағы Дүниежүзілік 
банктің  Институционалдық  даму  қорының  «сатып 
алу аудитін жүргізу жөніндегі ведомствоның әлеуетін 
нығайту» грантын бөлу туралы келісім хатқа қол қою 
туралы» №1073, «Қазақстан Республикасы мен Қытай 
Халық  Республикасы  арасындағы  сотталған  адам-
дарды беру туралы шартқа қол қою туралы» №1074 
жарлықтарына қол қойды. 
28 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Жамбыл  облысына  жұмыс 
сапары  барысында  тараз  қаласында  «Жасыл 
ел»  бағдарламасы  шеңберінде  абаттандырылған 
аулалардың бірін аралап көрді. 
Сосын  Президент  Халық  қаһарманы,  Кеңес 
Одағының  Батыры  Б.  Момышұлының  ескерткішіне 
гүл  шоқтарын  қойып,  Жамбыл  облысының  соғыс 
ардагерлерімен кездесті.
Бұдан  кейін  н.Ә.  назарбаев  Зейнетақы  төлеу 
жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық филиалын-
да ашылған жаңа операциялық залының жұмысымен 
танысты.
Жұмыс  сапарының  соңына  таман  Мемлекет  бас-
шысы  тараз  қаласының  «Жастар»  сарайында  өткен 
облыс  кәсіпкерлері  мен  шетелдік  инвесторлардың 
бірлескен бизнес-форумына қатысты.
Форумның  жұмысы  басталар  алдында  Президент 
телекөпір  арқылы  2010–2014  жылдарға  арналған 
Қазақстанның  Үдемелі  индустриялық-инновациялық 
даму  мемлекеттік  бағдарламасы  шеңберінде  облыс-
та  жүзеге  асып  жатқан  жобалармен  танысты.  Атап 
айтқанда,  н.Ә.  назарбаев  «Батыс  Еуропа  —  Батыс 

176
Қыркүйек
Қытай»  автожолының  Жамбыл  облыстық  учаскесінің 
құрылысы  барысының  есебін  тыңдады,  сондай-ақ 
«Жаңатас» металлургиялық зауыты» ЖШС-да қара ме-
талл сынықтарын өңдеу жолымен металл бұйымдарын 
шығаруға  бағытталған  болат  балқыту  өндірісін  іске 
қосты.
Мемлекет  басшысының  қатысуымен  өткен 
бизнес-форум  қорытындысы  бойынша  5  келісім  мен 
2 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, 
Италия,  Франция,  Испания,  Малайзия,  Ресей,  Иран 
компанияларымен  экспорттық  келісімдер  және  заем 
туралы келісімдер жасалды.
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Оңтүстік  Қазақстан 
облысына жұмыс сапарымен аттанды.
Шымкент қаласына келісімен Президент жаңадан 
бой көтерген қалалық «неке сарайы» некелесу сара-
йын аралап, онда жаңа шаңырақ көтерген отбасылар-
ды құттықтады.
29 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы-
на  жұмыс  сапары  барысында  Қазақстанның  2010–
2014  жылдарға  арналған  Үдемелі  индустриялық-
инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасының 
аясында  қолданысқа  енгізілген  бірқатар  өнеркәсіп 
кәсіпорындарын аралады. 
Атап  айтқанда,  Президент  Шымкент  қаласының 
өнеркәсіптік  аймағында  орналасқан  майлау  мате-
риалдарын  шығаратын  «HILL  Corporation»  ЖШС-да, 
сондай-ақ  Сайрам  ауданындағы  «Оңтүстік»  арнайы 
экономикалық  аймақ  аумағында  орналасқан  мақта-
мата жіптерін шығаратын «Oxy Textile» ЖШС фабрика-
сында, мақта целлюлозасын шығаратын «Хлопкопром-
Целлюлоза» ЖШС фабрикасында болды. 
30 қыркүйек 
Мемлекет  басшысы  «Ақмола  облысының  көп  ба-
лалы  аналарын  «Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа» 
алқаларымен  наградтау  туралы»  №1075,  «Көп  ба-
лалы  аналарды  «Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа» 
алқаларымен наградтау туралы» №1076, «Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі 
№962  Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы» 
№1077қбпү жарлықтарына қол қойды. 

қазан
Дс
4
11
18
25
Сс
5
12
19
26
Ср
6
13
20
27
Бс
7
14
21
28
Жм
1
8
15
22
29
Сн
2
9
16
23
30
Жк
3
10
17
24
31

179
Қазан
4 қазан
Мемлекет  басшысы  Алматы  қаласының  әкімі 
А.С. Есімовті қабылдады. Ол 2010 жылдың 9 айы бой-
ынша  қаланың  әлеуметтік-экономикалық  дамуының 
қорытындылары,  сондай-ақ  алдағы  2011  жылғы 
VII  қысқы  Азия  ойындарына  спорт  нысандарының 
дайындық барысы туралы хабарлады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
азаматтығына  қабылдау  және  Қазақстан  Республи-
касының  азаматтығынан  шығу  туралы»  №1078, 
«Кешірім  жасау  туралы»  №1079  жарлықтарына  қол 
қойды. 
5 қазан
Мемлекет  басшысы  «Бүкілхалықтық  кәсіподақтар 
конфедерациясы» 
халықаралық 
кәсіподақтар 
бірлестігінің  бас  хатшысы  В.П.  Щербаковты 
қабылдады.  Ол  н.Ә.  назарбаевқа  ұйымның  жоғары 
наградасы — кәсіподақ қозғалысы алдындағы еңбегі 
үшін Алтын белгіні табыс етті.
В.П.  Щербаковтың  айтуынша,  Президентті 
наградтау 
туралы 
шешім 
Бүкілхалықтық 
кәсіподақтар  конфедерациясының  төралқасымен 
н.Ә.  назарбаевтың  басшылығындағы  сатылы 
және  мақсатты  мемлекеттік  әлеуметтік  саясаттың 
нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның әлеуметтік 
саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапаттау ту-
ралы қабылданған болатын.
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  «Kazenergy» 
V  Евразиялық  форумына  қатысу  үшін  келген  Поль-
ша  Республикасының  бұрынғы  Президенті  А.  Квась-
невскийді  және  Австрия  Республикасының  бұрынғы 
Федералды канцлері А. Гузенбауэрді қабылдады. 
Әңгіме  барысында  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға 
төрағалығы  контексінде  халықаралық  күн  тәртібінің 
өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. 
Мемлекет  басшысы  «Мемлекеттік  наградалардан, 
мерекелік  медальдардан  және  әскери  атақтан  айы-
ру  туралы»  №1080,  «Көп  балалы  аналарды  «Алтын 
алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-
ралы» №1081 жарлықтарына қол қойды. 

180
Қазан
6 қазан
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының «Ата-
Жұрт»  партиясының  тең  төрағалары  А.К.  Келдібеков 
пен К.К. ташиевты қабылдады.
Кездесу  барысында  Қырғызстандағы  жағдайды 
тұрақтандыру  және  қауіпсіздікті  күшейтудегі  ЕҚЫҰ 
рөлі мәселелері талқыланды.
Мемлекет  басшысы  «2010–2012  жылдарға 
арналған 
республикалық 
бюджет 
туралы» 
Қазақстан  Республикасының  Заңына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  №342-IV,  «Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 
мұнай  және  мұнай  өнімдерінің  жекелеген  түрлерінің 
айналымы  саласында  жауапкершілікті  күшейту 
мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу туралы» №343-IV заңдарына қол қойды. 
7 қазан
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 
келген Сербия Республикасының Президенті Б. тадич-
пен кездесті.
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында  н.Ә.  назарбаев  Сербия  Президенті 
Б.  тадичтың  Қазақстанға  тұңғыш  ресми  сапарына 
баса  маңыз  беретінін  атап  өтті.  «Бұл  Қазақстан  мен 
Сербия ынтымақтастығын айтарлықтай кеңейте түсуге 
керемет мүмкіндік», — деді Қазақстан Президенті. 
тараптар  өзара  келісімшарттық-құқықтық  ба-
засын  құру  перспективаларын,  саяси  және  сауда-
экономикалық  ынтымақтастықты  белсендіре  түсу 
мәселелерін талқылады. 
Қазақстандық-сербтік  өзара  байланыстың  аса 
перспективалық  бағыттары  ретінде  өңдеу,  құрылыс 
секторы,  фармацевтика,  ауыл  шаруашылығы,  шағын 
және  орта  бизнес,  қазақстандық  жүктерді  Еуропаға 
және  еуропалық  тауарларды  Қазақстанға  тасы-
малдау,  газ  және  мұнай  құбырлары  құрылысының 
стратегиялық  жобаларына  бірлесе  қатысу  салалары 
анықталды.
Сербияның Кеден одағымен өзара байланысының 
перспективалары келіссөздердің ерекше тақырыбына 
арқау  болды,  өйткені  Қазақстан,  Ресей  мен  Бела-
русь  елдері  арасында  кедендік  кеңістіктің  бірігуімен 
ауқымды нарық қалыптасқан болатын.

181
Қазан
Жоғарыда  көрсетілген  мәселелерді  үйлестіру 
мақсатында  мемлекет  басшылары  екі  елдің 
үкіметтеріне  Сауда-экономикалық  ынтымақтастық 
жөніндегі Үкіметаралық комиссия құруды жүктеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздердің маңызды бөлігінде 
халықаралық  күн  тәртібіндегі  мәселелерді  талқылау, 
Қазақстан мен Сербияның БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да 
ұйымдар  аясында  ынтымақтастығы  талқыланды.  Сая-
си  тұрғыдан  алғанда  халықаралық  өзекті  проблема-
лар бойынша Қазақстан мен Сербияның позициялары 
сәйкесетініне назар аударылды.
Екі мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің ұдайы 
кеңесу  туралы  және  Астана  қаласында  Қазақстан 
Республикасындағы 
Сербия 
Республикасының 
елшілігін ашу туралы келісімдерге қол жетті. 
Қазақстан  Президенті  Сербия  Президентіне 
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қолдау жасағаны 
үшін ризашылық білдіріп, оны Астана қаласында өтетін 
ЕҚЫҰ-ның VII саммитіне қатысуға шақырды. 
Келіссөздер  қорытындысы  бойынша  Ұлттық 
төлқұжат иелерінен визалық талаптарды алып тастау 
туралы,  Инвестицияларды  өзара  қорғау  және  ынта-
ландыру  туралы,  Еркін  сауда  туралы  үкіметаралық 
келісімдерге,  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер 
министрлігі  мен  Сербия  Республикасының  Сыртқы 
істер министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы 
хаттамаға, сондай-ақ екі елдің Сауда-өнеркәсіп пала-
талары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге 
қол қойылды. 
Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет бас-
шылары бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
Мемлекет  басшысы  Қазақстанда  ресми  сапар-
мен жүрген Сербия Президенті Б. тадичке астаналық 
«Қазақстан» орталық концерт залын көрсетті. 
Мемлекет  басшысы  «Б.Қ.  Әміреев  тура-
лы»  №1082,  «Ж.Қ.  түймебаевты  Қазақстан 
Республикасының 
түркия 
Республикасындағы 
төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  қызметіне  тағайындау 
туралы»  №1083,  «Ж.А.  Досқалиев  туралы»  №1084, 
«С.З.  Қайырбекованы  Қазақстан  Республикасының 
Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау ту-
ралы» №1085 жарлықтарына қол қойды. 

182
Қазан
8 қазан
Мемлекет  басшысы  түркия  Республикасының 
Ұлы  ұлттық  жиналысының  төрағасы  М.А.  Шахинды 
қабылдады. 
Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынас-
тар, өзара саяси қатынас, сондай-ақ парламентаралық 
байланыстарды нығайту салаларындағы екіжақты ынты-
мақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. 
Мемлекет  басшысы  «Ақорда»  резиденциясында 
өткен  Қазақстан  Республикасы  Қауіпсіздік  кеңесінің 
кезекті отырысына төрағалық етті.
Отырыс  барысында  стратегиялық  нысандардың 
және  елдегі  тіршілікті  қамтамасыз  ететін  маңызды 
нысандардың  қауіпсіздік  жағдайы  туралы,  сондай-ақ 
мемлекеттің және даму институттарының қатысуындағы 
қорлардың  жағдайы,  Қазақстанның  экономикасын 
нығайтуға бағытталған мемлекеттік қаражаттарды пай-
далану, банк секторындағы тұрақтылықты қолдау және 
әлеуметтік міндеттерді шешу мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы н.Ә. Әбіқаев 
сөз сөйледі.
Президент стратегиялық нысандардың өнеркәсіптік 
және өрт қауіпсіздігін күшейту қажеттігіне, алдын алу 
шараларын жүргізуге және тиісті нормативтік базалар-
ды  жетілдіруге  назар  аударды,  Қауіпсіздік  кеңесіне 
осы саладағы үйлестіру және бақылау функцияларын 
өзіне алуды тапсырды.
Екінші мәселе бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық 
әл-ауқат қоры» басқарма төрағасы Қ.н. Келімбетовтің 
және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау 
жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О.н. Өксікбаевтың 
баяндамасы тыңдалды.
н.Ә. назарбаев мемлекеттің қорларға, холдингтер 
мен даму институттарына ауқымды қаражат салғанын, 
сондықтан да осындай ұйымдардың қызметіне тиімді 
мониторинг пен қатаң бақылаудың қамтамасыз етілу 
қажеттігіне ерекше назар аударды. Осыған байланы-
сты Мемлекет басшысы Үкімет пен құқық қорғау ор-
гандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.
11 қазан
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының 
Мәжілісі Ислам жиынының төрағасы А.А. Лариджани-
ды қабылдады. 

183
Қазан
Кездесу барысында Қазақстан-Иран экономикалық 
ынтымақтастығын  дамыту,  өңірлік  қауіпсіздік, 
сондай-ақ  парламентаралық  байланыстарды  нығайту 
мәселелері талқыланды.
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Байланыс және ақпарат министрі А.Қ. Жұмағалиевты 
қабылдады. Ол «Электрондық үкімет» инфрақұрылы-
мын  жетілдіру  жөніндегі  жұмыс  барысы  туралы, 
мемлекеттік  органдармен  электрондық  қызмет 
көрсетуді автоматтандыру және цифрлық телевизияны 
енгізу мәселелері туралы хабарлады. 
12 қазан
Мемлекет  басшысы  Бельгия  Корольдігі  іскерлер 
тобының  делегациясы  басшысы  ретінде  Қазақстанға 
келіп,  2010  жылдың  11  қазанда  Астана  қаласында 
өткен  қазақстандық-бельгиялық  бизнес-форумға 
қатысқан Бельгия мұрагер шаһзадасы Филип герцог 
Брабантскийді қабылдады.
Кездесу барысында сауда, индустрия және инвес-
тиция  салаларындағы  екіжақты  ынтымақтастықтың 
перспективалары,  сондай-ақ  н.Ә.  назарбаевтың 
алдағы  24–26  қазанда  Бельгия  Корольдігіне  ресми 
сапарына дайындық мәселелері талқыланды. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапар-
мен  келген  Германия  Федеративтік  Республикасы 
Бундестагының төрағасы н. Ламмертті қабылдады. 
Кездесу  барысында  қазақстандық-германдық 
ынтымақтастық  мәселелерінің  кең  ауқымы  және 
парламентаралық байланыстар мен халықаралық күн 
тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
18 қазан
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-
ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қ.н. Келімбетовті 
қабылдады.  Ол  қордың  ағымдағы  қызметі  туралы 
хабарлады. 
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 
Президенті Д.А. Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. 
тараптар  сауда-экономикалық  ынтымақтастықты 
дамыту,  бірқатар  перспективалық  экономикалық 

184
Қазан
жобалардың  жүзеге  асу  барысы,  екі  елдің  ауыл 
шаруашылығы тауарларын өндірушілерді өзара қолдау 
жолдары секілді мәселелерді талқылады.
Бұдан 
бөлек, 
әңгіме 
барысында 
тарап-
тар  Қырғызстандағы  жағдай  контексінде  өңірлік 
қауіпсіздікті нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі  мен  тәжікстан  Республикасының  Үкіметі  ара-
сындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді 
ратификациялау туралы» №344-IV Заңына қол қойды. 
Президент сондай-ақ «Әдебиет пен өнер саласын-
дағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Мемле-
кеттік  сыйлығын  беру  туралы»  №1086  Жарлығына 
қол қойды. 
19 қазан
Мемлекет  басшысы  алдағы  1–2  желтоқсан  2010 
жылы  Астана  қаласында  өтетін  ЕҚЫҰ  VII  саммитіне 
дайындық  мәселелері  жөніндегі  кеңес  жұмысына 
төрағалық етті.
Кеңеске  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 
палаталарының  төрағалары  Қ.К.  тоқаев  пен 
О.Б. Мұхамеджанов, Премьер-министрі К.Қ. Мәсімов, 
Мемлекеттік  хатшысы  —  Сыртқы  істер  министрі 
Қ.Б.  Саудабаев,  Президенті  Әкімшілігінің  Басшы-
сы  А.Е.  Мусин,  Астана  әкімі  И.н.  тасмағамбетов, 
«нұр  Отан»  Халықтық-демократиялық  партиясы 
төрағасының  бірінші  орынбасары  н.З.  нығматулин, 
Үкіметінің мүшелері қатысты. 
Мемлекет  басшысы  облыстардың,  Астана  және 
Алматы  қалаларының  әкімдерімен  2010  жылдың 
9  айындағы  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық 
қорытындылары жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. 
Президент экономика өсімінде оң тенденциялардың 
байқалуы — дұрыс таңдалған стратегияның, дағдары-
сқа  қарсы  жүйелі  шаралардың  және  жинақталған 
меншікті  қаражат  есебінен  экономиканы  қуатты 
қаржылық қолдаудың нәтижесі екендігін атап өтті.
Мысал ретінде н.Ә. назарбаев ауыл шаруашылығы 
саласын жүйелі қолдау бойынша мемлекет тарапынан 
қабылданған  шараларды  алға  тартты,  нәтижесінде, 
«шектен  тыс  құрғақшылыққа  қарамастан  13,7  млн. 
тонна астық жиналды. Бұнымен қоса елдің экспорттық 

185
Қазан
әлеуеті  7  млн.  тоннаны  құрады.  Күріш  былтырғы 
жылға  қарағанда  25%  артық.  Құрғақшылықтан  зар-
дап шеккен шаруашылықтар да жұтаған жоқ. Оларға 
1,5 млрд. теңге мөлшерінде субсидиялар берілді. не-
сиелер, тұқым ссудалары мен лизингтік төлемдер бо-
йынша мерзім ұзартылуда». 
«Дағдарыс  Қазақстанның  қуатты  және  әрекетке 
қабілетті  мемлекет  екенін  көрсетті.  Бірақ  бұл 
тоқмейілсуге  желеу  болмауы  керек.  Қазір  қарқынды 
бәсеңдетпей,  дағдарыс  кезеңіндегі  даму  міндеттерін 
белсенді  жүзеге  асыруға  кірісу  қажет»,  —  деді  Пре-
зидент,  жергілікті  атқарушы  органдардың  алдағы 
кезеңдегі атқаратын міндеттеріне тоқтала келе.
Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 
алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-
ралы» №1087 Жарлығына қол қойды. 
20 қазан 
Мемлекет 
басшысы 
Астана 
қаласындағы 
Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Қазақстан 
халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. транспаренттілік. 
толеранттылық» 
атты 
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясының XVI сессиясына төрағалық етті. 
Сессия  жұмысын  аша  отырып,  Президент  оған 
қатысушыларды  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 
15 жылдық мерейтойымен құттықтады.
н.Ә.  назарбаев  осы  жылдар  ішінде  аз  жұмыс 
атқарылмағанын  атап  өтті:  этникааралық  және 
конфессияаралық  теңдіктің  құқықтық  базасы 
құрылды,  Ассамблея  жұмысы  стратегиялық  жоспар-
лау  негізінде  қалыптасты,  этникааралық  саладағы 
мемлекеттік  саясаттың  негізі  «Алуан  түрліліктен 
бірлікке»  принципінде  құрылды,  этникааралық 
қарым-қатынастың қаржылық және материалдық ба-
засы нығайды. Бұдан бөлек, барлық этностардың ел 
Парламенті мен мәслихаттарында өкілдігі қамтамасыз 
етілді.
Президент  бүгінгі  күні  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  алдында  ұлттық  бірлікті  нығайтуға, 
оның ішінде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына 
дайындықтың  Жалпыұлттық  жоспарын  жасауға 
қатысу және ел жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ Ас-
тана қаласында ЕҚЫҰ VII саммитіне дайындық және 
оны  өткізуге  байланысты  жаңа  міндеттер  тұрғанын 
атап өтті.

186
Қазан
Ассамблея  еңбегінің  мойындалуы  ретінде  Пре-
зидент  қоғамдық  награда  —  «Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  қоғамдық  «Бiрлiк»  алтын  медалi» 
бекітілетінін мәлімдеді (Қосымшаны қараңыз). 
 
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 нау-
рызда  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Жарлығымен  Мемлекет  басшысы  жанындағы 
консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған болатын.
Этникааралық  мәселелер  жөніндегі  қоғамдық  институтты 
құру  идеясын  алғаш  рет  Мемлекет  басшысы  1992  жылы 
Қазақстан халықтарының I Форумында жариялаған болатын. 
Ассамблея  міндеттері  Қазақстанда  этникааралық  және 
конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  ету,  рухани-
мәдени жаңаруға және оның аумағында өмір сүретін этнос-
тарды  теңқұқылық  принципін  сақтау  негізінде  дамытуға 
жәрдемдесу,  этникалық  мүдделердің  көптүрлілігін  еске-
ре  отырып,  мемлекеттік  ұлттық  саясатты  жүргізу  бойынша 
ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 
Ассамблея  құрылымына  сондай-ақ  барлық  облыс 
орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында әрекет 
ететін және әкімдер жанында консультативтік кеңесші орган 
мәртебесіне ие Кіші Ассамблеялар да кіреді. 
21  мамыр  2007  жылғы  «Қазақстан  Республикасының 
Конституциясына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 
туралы»  Заңына  сәйкес,  Қазақстан  халықтары  Ассам-
блеясы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  болып  өзгертілді, 
конституциялық  мәртебеге  ие  болды,  өздерінің  өкілдерін 
Парламент Мәжілісіне ұсынуға мүмкіндік алды.
20 тамыз 2007 жылы Ассамблеядан Мәжіліске 9 депутатты 
сайлау болып өтті.
2008  жылдың  қазанында  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 
туралы» Заң қабылданды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы — Н.Ә. Назарбаев. 
21 қазан
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
төтенше  жағдайлар  министрі  В.К.  Божконы 
қабылдады. Ол министрліктің ағымдағы жұмысы, оның 
ішінде  кадрлық  әлеуетті  нығайту  және  материалдық-
техникалық  жарақтандыру,  сондай-ақ  Көксарай  су 
реттегішінің құрылыс барысы жөнінде баяндады. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  жұмыс  сапары-
мен келген Иордания Хашимит Корольдігі Парламенті 
Сенатының төрағасы тахер әл-Масриді қабылдады. 
Кездесу  барысында  екіжақты  экономикалық 
ынтымақтастықтың  жағдайы  мен  даму  перспектива-
лары және парламентаралық байланыстарды нығайту 
мәселелері талқыланды. 

187
Қазан
тахер  әл-Масри  н.Ә.  назарбаевқа  Иордания 
Королі Абдалла II бен Хусейннің сәлемін жеткізді. 
Мемлекет  басшысы  Қарағанды  облысының  әкімі 
С.н.  Ахметовті  қабылдады.  Әкім  2010  жылдың 
9  айындағы  облыстың  әлеуметтік-экономикалық 
дамуының  қорытындылары  туралы  баяндады, 
сондай-ақ  2010–2014  жылдарға  арналған  Үдемелі 
индустриялық  инновациялық  даму  Мемлекеттік 
бағдарламасы  аясындағы  жобаларды  жүзеге  асы-
ру  барысы  және  жылыту  маусымына  Қарағанды  об-
лысы  елді  мекендерінің  тіршілігін  қамтамасыз  ететін 
жүйелерінің әзірлігі жайында есеп берді.
22 қазан
Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 
алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-
ралы» №1088 Жарлығына қол қойды. 
24 қазан
Мемлекет  басшысы  Бельгия  Корольдігінде  ресми 
сапармен болды. 
Сапар бағдарламасы Люксембург Ұлы Герцогтігінің 
Премьер-министрі  Ж.-К.  Юнкермен  кездесуден  бас-
талды. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың 
жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. 
25 қазан
Мемлекет  басшысы  Бельгия  Корольдігіне  ресми 
сапар барысында Еуропалық кеңес Президенті Х. ван 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет