Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет15/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
«Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» №1050 
Жарлығына қол қойды. 
7 қыркүйек 
Мемлекет басшысы «Орнықты даму және жоғары 
технологиялар»  атты  Қазақстан  мен  Ресейдің 
өңіраралық ынтымақтастығының VII Форумына қатысу 
үшін Өскемен қаласына келген Ресей Федерациясының 
Президенті  Д.А.  Медведевпен  бірге  Д.М.  Серікбаев 
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық 
университетінде  және  «Алтай»  шығысқазақстандық 
өңірлік технологиялық паркінде болды. 
Д.М.  Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан 
мемлекеттік  техникалық  университеті  ғимаратында 
екі  елдің  мемлекет  басшылары  «Қазақстан 
Республикасының инновациялық саясатындағы жаңа 
қадамдар» атты экспозицияны, «Іргетас» инженерлік 
профилдегі  өңірлік  университеттік  зертхананы 
және  «тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықтағы 
инновациялық  технологиялар»  атты  Қазақстан  мен 
Ресей тауар өндірушілерінің көрмесін тамашалады.
Бұдан кейін, н.Ә. назарбаев пен Д.А. Медведев «Ал-
тай» Шығыс Қазақстан өңірлік технологиялық паркінің 
қызметімен  танысты.  Көппрофильді  инновациялық 
инфрақұрылымды  қамтитын  аталған  парктың 
құрамында  13  ғылыми-зерттеу  зертханасы,  патентті-
ақпараттық  бөлімнің  7  инновациялық  компаниясы, 
көрме  залдары,  заманауи  телекоммуникациялық 
жүйелер мен өндірістік ғимараттар орналасқан. 
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 
Президенті Д.А. Медведевпен бірге Шығыс Қазақстан 
облысы  Өскемен  қаласында  «Орнықты  даму  және 
жоғары технологиялар» атты Қазақстан мен Ресейдің 

165
Қыркүйек
өңіраралық  ынтымақтастығының  VII  форумының 
пленарлық отырысына қатысты. 
Сөз сөйлеу барысында Қазақстан Республикасының 
Президенті  Қазақстан  мен  Ресей  өңіраралық 
ынтымақтастығының  VII  форумы  Қазақстан,  Ресей 
және Беларусь арасындағы Кеден одағының қызметі 
жағдайында алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, ерек-
ше мәнге ие екенін атап өтті.
Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  екіжақты 
өзара  байланыстың  деңгейі  мен  ауқымын  еске-
ре  отырып,  н.Ә.  назарбаев  екі  мемлекеттің  Өңірлік 
қауымдастығын  құру  туралы  мәселені  қарастыруды 
ұсынды (Қосымшаны қараңыз). 
Форум  қорытындысына  сәйкес  өңіраралық 
және  шекара  маңындағы  ынтымақтастық  туралы, 
трансшекаралық «Имашев» газ конденсаты кен орнын 
геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі бірлескен 
қызмет  туралы,  трансшекаралық  су  нысандарын 
бірлесе пайдалану және қорғау туралы үкіметаралық 
келісімдерге,  сондай-ақ  Шығыс  Қазақстан  облы-
сы  әкімдігі  мен  Ресей  Федерациясының  үш  өңірі 
басшыларының  арасындағы  келісімдерге  қол 
қойылды.
 
Қазақстан  —  Ресей  екіжақты  қарым  қатынасында 
шекара маңындағы ынтымақтастық мәселесі ерек-
ше орынды иеленеді, бұның өзі бірқатар объективті 
себептерге негізделеді.
Қазақстан мен Ресей ұзындығы 7,5 мың шақырымнан астам 
құрлықтағы  бірлескен  шекараға  ие.  ТМД  мемлекеттерінің 
шекаралары  бойында  орналасқан  Ресей  Федерациясының 
27 субъектісінің 12-сі қазақстандық 7 облыспен көршілесе 
орналасқан.  Ресейдің  89  өңірлерінің  76-сы  Қазақстанмен 
сауда-экономикалық байланыста болды. Бұдан бөлек, шека-
ра маңындағы ынтымақтастықтың үлесіне Қазақстан — Ре-
сей арасындағы барлық сауданың 70% тиесілі.
Шекара  маңындағы  ынтымақтастықты  одан  әрі  нығайту 
мақсатында  Қазақстан  мен  Ресей  1999  жылдың 
қыркүйегінде  шекара  маңы  ынтымақтастығы  туралы 
үкіметаралық  келісімге  қол  қойылды  және  шекара  маңы 
ынтымақтастығының 1999–2007 жылдарға арналған шека-
ра маңындағы ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады. 
2003  жылдан  бастап  екі  мемлекеттің  басшыларының 
қатысуымен  Қазақстан  мен  Ресей  шекара  маңындағы 
өңірлер  басшыларының  жыл  сайынғы  форумын  өткізу 
практикасы  ауқымдана  түсті,  оның  барысында  екіжақты 
ынтымақтастықтың  аса  өзекті  мәселелері  талқыланатын 
болды. 
Тұңғыш  қазақстандық-ресейлік  форум  2003  жылдың 
сәуірінде Омбы қаласында (Ресей), екіншісі — 2005 жылдың 

166
Қыркүйек
мамырында  Челябі  қаласында  (Ресей),  үшіншісі  —  2006 
жылдың  қазанында  Орал  қаласында,  төртіншісі  —  2007 
жылдың  қазанында  Новосибирскіде,  (Ресей),  бесіншісі  — 
2008  жылдың  қыркүйегінде  Ақтөбе  қаласында,  алтыншы-
сы — 2009 жылдың қыркүйегінде Орынбор қаласында (Ре-
сей) өткен болатын.
Қазақстан 
мен 
Ресей 
өңіраралық 
ынтымақтастығының 
VII 
форумы 
жұмысы 
шеңберінде  Мемлекет  басшысы  шағын  құрамда  Ре-
сей  Федерациясының  Президенті  Д.А.  Медведевпен 
келіссөздер  жүргізді.  Оның  барысында  өңіраралық 
даму және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері 
талқыланды.  Сонымен  қатар,  экономикалық  өзара 
байланыс  саласындағы  бұған  дейін  қол  жеткізілген 
келісімдердің жүзеге асырылу барысы сөз болды.
8 қыркүйек
Мемлекет 
басшысы 
«Оңтүстік 
Қазақстан 
облысының көп балалы аналарын «Алтын алқа» және 
«Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» №1051 
Жарлығына қол қойды. 
9 қыркүйек
Мемлекет басшысы Халықаралық көрмелер бюро-
сының бас хатшысы В.Г. Лоссерталесті қабылдады. 
Кездесу  барысында  «ЭКСПО-2017»  халықаралық 
көрмесін Қазақстанда өткізу мүмкіндіктері талқыланды. 
Мемлекет  басшысы  жаңадан  тағайындалған 
Қазақстан Республикасындағы төтенше және Өкілетті 
елшілер  —  Әзірбайжан  Республикасының  елшісі 
З.А.  Гашимовтан,  Ирак  Республикасының  елшісі 
Раджех  Сабер  Әббуд  әль-Мусауиден,  Қытай  Халық 
Республикасының елшісі Чжоу Лидан, Пәкстан Ислам 
Республикасының  елшісі  Мохаммад  Ахтар  туфаиль-
ден,  түркия  Республикасының  елшісі  Л.  Улькерден,   
Украинаның  елшісі  О.А.  Деминнен  сенім  грамотала-
рын қабылдады. 
Мемлекет басшысы «Шығыс Қазақстан облысының 
көп балалы аналарын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» 
алқаларымен  наградтау  туралы»  №1052,  «Қ.Ш.  Са-
рыбай туралы» №1053, «н.Б. Ермекбаевты Қазақстан 

167
Қыркүйек
Республикасы  Президентінің  көмекшісі  қызметіне 
тағайындау туралы» №1054, «н.т. Рүстемов туралы» 
№1055 жарлықтарына қол қойды. 
10 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 
Президенті Д.А. Медведевтің атына Солтүстік Осетия-
Алания  Республикасының  астанасы  Владикавказ 
қаласында  болған  лаңкестік  әрекет  салдарынан 
адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту же-
делхатын жолдады. 
Мемлекет  басшысы  «ХОЗУ  Корпорациясы»  ЖШС 
бас директоры В.В. нидің қайтыс болуына байланыс-
ты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-
сы  Президентінің  2007  жылғы  13  сәуірдегі  №314 
Жарлығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» 
№1056, «Жамбыл облысының көп балалы аналарын 
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наград-
тау туралы» №1057, «Оңтүстік Қазақстан облысының 
көп  балалы  аналарын  «Алтын  алқа»  және  «Күміс 
алқа» алқаларымен наградтау туралы» №1058, «Ба-
тыс Қазақстан облысының көп балалы аналарын «Ал-
тын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау 
туралы» №1059 жарлықтарына қол қойды. 
12 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 
Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу тура-
лы» №1060, «Қазақстан Республикасы Президентінің 
2008  жылғы  20  мамырдағы  №595  Жарлығына 
өзгеріс  пен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №1061 
жарлықтарына қол қойды. 
13 қыркүйек
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысында жұмыс са-
парымен болды.
Президент  Қазақстандағы  жалғыз  медициналық 
және  өнеркәсіптік  рентген  аппараттарын  шығаратын 
«Ақтөберентген» АҚ-да болып, заманауи компьютерлік 
томограф  өндірісі  процесімен  танысты.  Осы  жерде 
Мемлекет  басшысына  Ақтөбе  облысындағы  Үдемелі 

168
Қыркүйек
индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасының 
жүзеге асу барысы туралы ақпарат ұсынылды.
н.Ә. назарбаев сондай-ақ «нұр Отан» Халықтық-
демократиялық  партиясының  Жоғары  партия 
мектебінің  Өңірлік  партиялық  оқыту  орталығында 
болды,  онда  тыңдаушылармен  —  Атырау,  Ақтөбе, 
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының ба-
стауыш  партия  ұйымдарының  өкілдерімен,  Ақтөбе 
филиалының  қызметкерлерімен  және  облыстық  пар-
тия активімен кездесті. Президент өңірдің партиялық 
активін  орталықтың  ашылуымен  құттықтап,  «нұр 
Отан»  партиясы  мен  батыс  өңірдегі  партиялық 
ұйымдар қызметінің жақын келешектегі бағдарларын 
айқындап берді. 
Бұдан  соң  н.Ә.  назарбаев  Ақтөбе  қаласының 
орталық  алаңына  келді.  Онда  Президенттің 
қатысуымен  «Ауылдың  гүлденуі  —  Қазақстанның 
гүлденуі»  атты  марафон-эстафетаның  қорытындысы 
жөніндегі облыс жастарының слеті болып өтті. Аталған 
шараны облыстың 70 мыңға жуық тұрғындары қолдап, 
облыстың елді мекендеріне жарты миллион түпке жуық 
ағаш көшеттерін отырғызды, жүздеген гектар жолдар 
маңындағы аумақтар тазаланып, жаңа саябақтар мен 
скверлер бой көтерді.
Сапарының 
соңында 
Президент 
Ақтөбе 
қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс бағын 
аралап көрді. 
14 қыркүйек
Мемлекет басшысы Украинада ресми сапармен бо-
лып, осы елдің астанасы Киев қаласында Президент 
В.Ф. Януковичпен кездесті.
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында  екі  ел  арасындағы  сауда-экономикалық 
ынтымақтастықты белсендіру мәселелері талқыланды, 
оның ішінде қазақстандық-украиндық Экономикалық 
ынтымақтастық 
жөніндегі 
мемлекетаралық 
комиссиясының  жұмыс  тиімділігін  арттыру  жолдары 
әңгіме болды.
Сонымен  қатар,  тараптар  2010–2011  жылдарға 
арналған  «Жол  картасы  —  3»  Қазақстан-Украина 
іс-қимыл  жоспарының  жүзеге  асу  барысын 
талқылады. Оның ауқымын кеңейту, Украина аумағы 
арқылы  мұнай  транзитін  жаңарту  туралы  келісімге, 
Қазақстанның 2010–2014 жылдарға арналған Үдемелі 
индустриялық-инновациялық 
даму 
мемлекеттік 

169
Қыркүйек
бағдарламасын  жүзеге  асыру  шеңберінде  мұнайгаз 
секторы, атом энергетикасы, көлік және транзит, ма-
шина құрылысы, ғарыш және агроөнеркәсіптік кешені 
секілді  перспективалы  салаларда  іскерлік  байланыс-
тарды нығайту туралы келіссөздерге қол жеткізілді.
Халықаралық  күн  тәртібіндегі  негізгі  мәселелер 
бойынша,  оның  ішінде  Қазақстан  мен  Украинаның 
ЕҚЫҰ,  тМД  және  басқа  да  ұйымдар  шеңберіндегі 
ынтымақтастығы жайында пікір алмасылды.
Кездесу  қорытындысы  бойынша  мемлекет  бас-
шылары  2010–2011  жылдарға  арналған  Қазақстан-
Украина  іс-қимыл  жоспарына  («Жол  картасы  —  3») 
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 
қол  қойды.  Үкіметаралық  деңгейде  Қазақстанның 
Украинадағы  және  Украинаның  Қазақстандағы 
дипломатиялық  өкілдіктер  ғимараты  үшін  өзара 
жер  учаскелерін  ұсыну  туралы  келісімге,  білім 
беру  саласындағы  ынтымақтастық,  Қазақстан 
Республикасының 
Омбудсмені 
мен 
Украина 
Омбудсмені  арасындағы  ынтымақтастық,  сондай-
ақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 
мен  Украина  теміржол  көлігі  мемлекеттік  әкімшілігі 
арасындағы теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау 
барысындағы қолайлы тарифтік жағдайлар құру тура-
лы келісімдерге қол қойылды. 
Мемлекет  басшысы  Украинаның  Премьер-
министрі н.Я. Азаровпен кездесіп, онымен екі елдің 
сауда-экономикалық  ынтымақтастығының  жекелеген 
мәселелерін талқылады.
Мемлекет  басшысы  Украинаның  Президенті 
В.Ф.  Януковичпен  бірге  Киев  қаласындағы  Даңқ 
бағында  өткен  Белгісіз  жауынгер  қабіріне  гүл 
шоқтарын және Украинадағы ашаршылық құрбандары 
мемориалына шамдал қою рәсімдеріне қатысты. 
15 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Украинаға  ресми  сапар  ба-
рысында  т.Г.  Шевченко  атындағы  Киев  ұлттық 
университетінде  болып,  онда  ЖОО-ның  профессор-
оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.
Кездесу 
барысында 
н.Ә. 
назарбаевқа 
университеттің Құрметті докторы атағы берілді.

170
Қыркүйек
Университеттік  аудитория  алдында  сөз  сөйлеген 
Қазақстан  Президенті  екі  мемлекеттің  ғылым-
білім  және  мәдени-гуманитарлық  салалардағы 
ынтымақтастық  бағыттарының  перспективаларына 
назар аударды.
Мемлекет басшысы Украина Жоғарғы Радасының 
төрағасы  В.М.  Литвинмен,  сондай-ақ  Украина  іскер 
топтарының өкілдерімен кездесті.
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  2010  жылғы 
16  қыркүйекте  өтуі  жоспарланған  түркітілдес 
мемлекеттердің  Х  саммитіне  қатысу  үшін  түркия 
Республикасының Ыстамбұл қаласына ұшып кетті.
Аталған  елге  келісімен,  н.Ә.  назарбаев  түркия 
Республикасының  Президенті  А.  Гүлмен,  түркия 
Республикасының Премьер-министрі Р.т. Эрдоғанмен, 
Әзірбайжан  Республикасының  Президенті  И.Г.  Али-
евпен,  Қырғыз  Республикасының  өтпелі  кезең 
Президенті  Р.И.  Отынбаевамен  екіжақты  кездесулер 
өткізді.
16 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  түркия  Республикасының 
Ыстамбұл қаласында өткен түркітілдес мемлекеттердің 
Х саммитіне қатысты.
Саммитке  сондай-ақ  түркия  Республикасының 
Президенті  А.  Гүл,  Әзірбайжан  Республикасының 
Президенті  И.Г.  Алиев,  Қырғыз  Республикасының 
өтпелі  кезең  Президенті  Р.И.  Отынбаева  және 
түрікменстан  Президенті  Г.М.  Бердымұхамедов 
қатысты. 
Жүргізілген келіссөздер барысында түркі кеңесінің 
Хатшылығы  қызметін,  Ақсақалдар  кеңесі  қызметін, 
сондай-ақ  түркі  әлемі  академиясын  кеңейту  тура-
лы  келісімдерге  қол  жеткізілді.  Бұдан  бөлек,  та-
раптар  өңірлік  қауіпсіздікті  сақтау,  экономикалық 
ынтымақтастықты дамыту, Қырғызстандағы жағдайды 
реттеу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Саммитте  сөз  сөйлеген  н.Ә.  назарбаев 
жас  түркітілдес  мемлекеттердің  тәуелсіздігінің 
20-жылдығын  мерекелеу  жөніндегі  бірлескен  іс-
шаралар өткізу туралы ұсыныс жасады.
Өздері тарапынан түркітілдес мемлекеттер басшы-
лары Қазақстанның ЕҚЫҰ ұйымына төрағалық етуіне 

171
Қыркүйек
қолдау  білдіріп,  Астана  қаласында  1–2  желтоқсан 
күні  ЕҚЫҰ  саммитін  өткізу  туралы  шешімнің 
қабылдануымен құттықтады.
Саммит  қорытындысы  бойынша  Ыстамбұл  декла-
рациясы қабылданды. 
21 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Экономикалық 
қылмысқа 
және 
сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  агенттігінің  (қаржы  по-
лициясы)  төрағасы  Қ.П.  Қожамжаровты  қабылдады. 
Ол  агенттіктің  2010  жылдың  8  айындағы  жұмыс 
нәтижелері туралы баяндады.
Кездесу  барысында,  сондай-ақ  Президенттің 
«Қазақстан  Республикасындағы  құқық  қорғау 
органдарының  қызметі  мен  сот  жүйесінің  тиімділігін 
арттыру  жөніндегі  шаралар  туралы»  Жарлығына 
сәйкес  қаржы  полициясындағы  реформалар  барысы 
туралы мәселелер қаралды.
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы н.Ә. Әбіқаевты 
қабылдады.  Ол  Комитеттің  ағымдағы  қызметі 
мәселелерін,  алдағы  кезеңдегі  жұмыстардың  басым 
бағыттары және азаматтардың құқықтарын қорғауды 
қамтамасыз  ету  бойынша  елдің  ұлттық  қауіпсіздік 
жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 
баяндады. 
Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 
Президенті  Д.А.  Медведевпен  телефон  арқылы 
сөйлесті.  Онда  тараптар  Шығыс  Қазақстан  облы-
сы  Өскемен  қаласында  өткен  Қазақстан  мен  Ресей 
өңіраралық  ынтымақтастығының  VII  Форумы  ба-
рысында  жоғары  технологиялар,  ғылым  мен  білім, 
транзиттік-көлік  әлеуеті  салаларындағы  екі  елдің 
өзара  әрекеттерін  кеңейту  туралы  уағдаластықтарды 
жүзеге  асыру  мәселелерін  талқылады.  Сондай-ақ 
2010  жылғы  1–2  желтоқсанда  Астана  қаласында 
өтуі  жоспарланған  ЕҚЫҰ  VII  саммитіне  дайындық 
мәселелері бойынша пікір алмасты.
Мемлекет  басшысы  «Қарағанды  облысының 
көп  балалы  аналарын  «Алтын  алқа»  және  «Күміс 

172
Қыркүйек
алқа»  алқаларымен  наградтау  туралы»  №1062, 
«Қазақстан  Республикасы  Қаржы  нарығын  және 
қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  агенттігінің 
мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 
№1063 жарлықтарына қол қойды. 
22 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-
сы  Премьер-министрінің  бірінші  орынбасары 
Ө.Е.  Шөкеевті  қабылдады.  Ол  Қазақстанның  ДСҰ-ға 
кіру  мәселелері  жөніндегі  Қазақстанның  үкіметтік 
делегациясының АҚШ-қа сапарының қорытындылары 
туралы,  сондай-ақ  азық-түліктің  ішкі  нарығындағы 
баға тұрақтылығын сақтау жөніндегі шаралар туралы 
баяндады.
Мемлекет  басшысы  «Ж.Қ.  түймебаев  ту-
ралы»  №1064,  «Б.т.  Жұмағұловты  Қазақстан 
Республикасының  Білім  және  ғылым  министрі 
қызметіне  тағайындау  туралы»  №1065,  «Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
2010 
жылғы 
17  тамыздағы  №1039  Жарлығын  іске  асырудың 
кейбір мәселелері туралы» №1066, «Көп балалы ана-
ларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен 
наградтау туралы» №1067 жарлықтарына қол қойды. 
23 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  «Экономикалық,  әлеуметтік 
және  мәдени  құқықтар  туралы  халықаралық  пактіге 
Факультативтік  хаттамаға  қол  қою  туралы»  №1068, 
«Оңтүстік  Қазақстан  облысының  көп  балалы  анала-
рын  «Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен 
наградтау туралы» №1069, «Қазақстан Республикасы 
Президентінің  2005  жылғы  29  қарашадағы  №1678 
Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» №1070 
жарлықтарына қол қойды. 
24 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 
Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.Б. Мұхаметжановты 
қабылдады.  Ол  Парламенттің  заң  шығармашылық 
қызметі  туралы  және  «нұр  Отан»  Халықтық-
демократиялық партиясы парламенттік фракциясының 
қызметі туралы ақпарат берді.

173
Қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Бас  прокуроры  Қ.Ә.  Мәмиді  қабылдады.  Ол 
құқық  қорғау  қызметін  жетілдіруге,  прокурату-
ра  органдарының  үйлестірушілік  функцияларын 
күшейтуге,  прокурорлық  қадағалау  тиімділігін  одан 
сайын  арттыруға  бағытталған  құқықтық  реформа 
мәселелері  жөніндегі  Президент  Жарлығын  жүзеге 
асыру барысы туралы баяндады.
Бұдан бөлек, Бас прокурор қылмыстық заңнаманы 
либералдандыру және қылмыстық процесте заңдылық 
кепілдігін  күшейту  мәселелері  жөніндегі  заң  жобала-
рын  әзірлеу  барысы,  сондай-ақ  еліміздегі  заңдылық 
пен  құқықтық  тәртіпті,  оның  ішінде  өтініштер  мен 
қылмыстар  туралы  хабарламаны  электрондық 
тіркеуді  енгізу,  құқық  қорғау  құрылымдарының 
бірегей  мәліметтер  базасын  құру,  қылмыстық  про-
цесс  барысында  азаматтардың  құқының  сақталуына 
прокурорлық  қадағалауларды  күшейту  мәселелерін 
одан әрі нығайту шаралары туралы хабарлады.
  Мемлекет  басшысы  Қырғыз  Республикасының 
«Ата-Мекен»  социалистік  партиясының  төрағасы 
Ө.Ч. текебаевты қабылдады. 
Кездесу  барысында  Қырғызстандағы  жағдайды 
тұрақтандыру  мәселелері  және  қауіпсіздікті  күшейту 
саласындағы ЕҚЫҰ рөлі талқыланды.
Мемлекет 
басшысы 
КСРО 
халық 
әртісі 
Ф.Ш.  Шәріпованың  қайтыс  болуына  байланысты 
марқұмның  отбасы  мен  туған-туыстарына  көңіл  айту 
жеделхатын жолдады. 
«Өзінің  үздік  дарынының  арқасында,  Фарида 
Шәріпова театр өнерінің жетекші мамандары сапында 
болып, Қазақстанның ұлттық өнерінің дамуына орасан 
үлес қосты. Сахна мен кинода ол сомдаған талай бейне-
лер көрермендер жүрегінде өшпес із қалдырды. 
Оның бойындағы дарын мен еңбекқорлық жоғары 
адами  қасиеттерімен  ұштасатын.  Ол  өзінің  актерлік 
мектебін  құрып,  көптеген  ізбасарларын  дайындап 
кетті.  Ф.Ш.  Шәріпованың  өнері  әркез  қоғам  тара-
пынан  жоғары  бағаға  ие  болатын.  Оның  көпқырлы 
жарқын  бейнесі  біздің  халықтың  жүрегінде  мәңгіге 
қалады», — делінген жеделхатта.

174
Қыркүйек
Мемлекет  басшысы  «Атырау  облысының  көп  ба-
лалы  аналарын  «Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа» 
алқаларымен наградтау туралы» №1071 Жарлығына 
қол қойды. 
27 қыркүйек
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімовті  қабылдады. 
Үкімет басшысы 2010 жылдың 9 айы бойынша елдің 
әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары 
жөнінде баяндады.
Атап  айтқанда,  Премьер-министр  астық  жинау 
науқаны барысын, астық экспортын реттеу, сондай-ақ 
Қазақстанның 2010–2014 жылдарға арналған Үдемелі 
индустриялық-инновациялық  дамуының  мемлекеттік 
бағдарламасын  іске  асыру  барысы  туралы  хабардар 
етті. Кездесу барысында сондай-ақ шағын және орта 
бизнесті дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы, құқық 
қорғау органдарындағы реформалар барысы, сондай-
ақ алдағы уақытта мемлекеттік қызметтегі аппаратты 
қысқарту туралы сөз болды.
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Мемлекеттік  хатшысы  —  Сыртқы  істер  министрі 
Қ.Б.  Саудабаевты  қабылдады.  Ол  2010  жылғы 
14  қыркүйекте  АҚШ-тың  нью-Йорк  қаласында 
ашылған  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  65-сессиясының 
жұмысына  өзінің  қатысуы  бойынша  қорытындылары 
туралы хабардар етті. 
Мемлекет  басшысы  Қырғыз  Республикасы  «Ар-
намыс»  саяси  партиясының  төрағасы  Ф.Ш.  Куловты 
қабылдады. 
Кездесу  барысында  Қырғызстандағы  жағдайды 
тұрақтандыру  және  қауіпсіздікті  күшейту  аясындағы 
ЕҚЫҰ рөлі туралы мәселелер талқыланды.
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Жамбыл  облысына 
жұмыс сапарымен барды. 
тараз қаласына келісімен, н.Ә. назарбаев Қазақ-
стан Республикасының тұңғыш Президенті атындағы 
бақта болып, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті 
қызметкерлерімен және жұртшылықпен кездесті.

175
Қыркүйек
Бұдан соң Президент «Жүнді алғашқы өңдеу-тараз 
фабрикасы»  ЖШС-де  болып,  онда  жоғары  сапалы 
жүннен иірілген жіпке қажетті негізгі материал — топс 
өндірумен танысты.
Мемлекет  басшысы  «түркітілдес  мемлекеттердің 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет