Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет11/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Президент сондай-ақ «Р. Мартинеттиді ІІ дәрежелі 
«Достық»  орденімен  наградтау  туралы»  №1013, 
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 
13 қаңтардағы №724 Жарлығына өзгерістер енгізу ту-
ралы» №1014 жарлықтарына қол қойды. 
29 маусым 
Мемлекет басшысы Астана қаласының Бейбітшілік 
және  келісім  сарайында  өткен  толеранттық  және 
кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі 
конференциясына қатысты. 
Конференцияға 
қатысушылардың 
алдында 
сөйлеген сөзінде, Президент осы ғасырдың өткен соңғы 
онжылдығы  мен  алғашқы  онжылдығы  толеранттық 
ұғымына,  ең  бастысы,  ЕҚЫҰ  кеңістігіндегі  нақты 
саясатқа  едәуір  өзгерістер  алып  келгеніне  тоқталды. 
Осыған  байланысты  Қазақстан,  ЕҚЫҰ-на  төрағалық 
етуші  ел  ретінде,  Ұйымның  барлық  кеңістігінде 
толеранттық, 
этникааралық 
бейбітшілік 
және 
конфессияаралық келісім идеясын алға жылжытуға өз 
үлесін қосу ниетінде екенін мәлімдеді. 
н.Ә.  назарбаев  аталған  Конференция  толерант-
тықты, кемсітпеушілік пен төзбеушіліктің барлық түрі 
бойынша күресті алға жылжыту үшін жаңа прогрессивті 
идеялардың бастамашысы болатынына сенім білдірді 
(Қосымшаны қараңыз). 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласының  сол  жақ 
жағалауында  орналасқан  487  пәтерлі  «нұрсая» 
тұрғын үй кешенін аралап көрді. 
Мемлекет  басшысы  өтпелі  кезеңдегі  Қырғыз 
Республикасының  Президенті  Р.И.  Отынбаеваға  осы 
елде  жалпыұлттық  референдум  өткізілуіне  байланы-
сты жеделхат жолдады. 
«Қазақстан көршілес мемлекеттегі ахуал қалыпты 
күйге  түскеніне  шынайы  тұрғыдан  мүдделі  және 
экономика  мен  саясатта,  қоғамдық  өмірдің  өзге 

117
Маусым
саласындағы реформаларды жүргізуде өз тәжірибесін 
бөлісуге және бауырлас елге көмек көрсетуге дайын.
Біз  Қырғызстанның  саяси  күштерін  елдің 
экономикалық  жаңаруы  мен  халықтың  маңызды 
әлеуметтік  проблемаларын  шешу  үшін  күш-жігерін 
біріктіруге шақырамыз», — делінген жеделхатта. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республика-
сының  азаматтығынан  шығу  туралы»  №1015 
Жарлығына қол қойды. 
30 маусым 
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «Көрме» 
орталығында минералдық ресурстар мен металлургия 
жөніндегі  I  Қазақстандық  халықаралық  конгрестің 
жұмысына қатысты. 
Конгресс  қатысушыларына  арнап  сөз  сөйлеген 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанның  алдында  тұрған 
бірінші  кезектегі  міндет  экономиканы  шикізаттық 
қалыптан  өңдеуші  өнеркәсіпке,  одан  әрі  жоғары 
өңдеуге өткеру болып табылатынын айтты. 
Индустрияландыру  картасына  енгізілген  жоба-
ларды  жүзеге  асыру  металлургия  өнімдерінің  ішкі 
тұтынысының күрт ұлғаюына әкеледі. 
Соған  байланысты  индустриялық-инновациялық 
даму мемлекеттік бағдарламасында тау-кен металлур-
гия кешені алдына өнім шығару көлемін 2008 жылдың 
деңгейіне қатысты алғанда 2 есе ұлғайту, соның ішінде 
болат шығаруды жылына 10 млн. тоннаға, темірхромды 
440 мың тоннаға, алюминийді 250 мың тоннаға дейін 
жеткізу туралы кешенді міндет қойылды. Мұның сыр-
тында,  сирек  металдар  саласында  жоғары  өңделген 
өнім шығаратын орташа кәсіпорындар да пайда бола-
ды (Қосымшаны қараңыз). 
Конгрестің ашылу салтанатында н.Ә. назарбаевқа 
металлургия саласын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі 
үшін  I  Қазақстандық  халықаралық  конгрестің  «Жыл 
адамы» аталымында лауреат атағы берілді. 
Мемлекет  басшысы  минералдық  ресурстар  мен 
металлургия  жөніндегі  I  Қазақстандық  халықаралық 
конгрестің  жұмысы  аясында  БҰҰ  бас  хатшысының 
орынбасары, 
БҰҰ 
Еуропалық 
экономикалық 

118
Маусым
комиссиясының  атқарушы  хатшысы  Я.  Кубишпен, 
«Heenan  Blaikie»  корпорацияның  заңгер  көмекшісі, 
Канаданың  бұрынғы  Премьер-министрі  Ж.  Кретьен-
мен, Азиялық даму банкінің вице-президенті Ш. Жао 
және Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохам-
мед Әли әл-Маданимен кездесті. 
Мемлекет  басшысы  ЕурАзЭҚ  бас  хатшысы 
т.А. Мансұровты қабылдады. Ол ЕурАзЭҚ Мемлекет-
аралық  кеңесінің  2010  жылы  5  шілдеде  Астана 
қаласында өткізілуі жоспарланған Қазақстан, Беларусь 
және  Ресейдің  Кедендік  одағы  Жоғарғы  органының 
отырыстарына дайындық барысын баяндады. 
Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасын-
дағы  Кеден  ісі  туралы»  №296-IV,  «Қазақстан 
Республикасының  кейбiр  заңнамалық  актiлерiне 
кедендік  реттеу  және  салық  салу  мәселелері  бой-
ынша  өзгерiстер  мен  толықтырулар  енгiзу  туралы» 
№297-IV,  «Қазақстан  Республикасындағы  кеден 
iсi  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Кодексін 
қолданысқа  енгізу  туралы»  №298-IV,  «Доңғалақты 
көлік  құралдарын  мерзімді  техникалық  қарап-
тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды қабылдау 
туралы және осындай қарап-тексерулерді өзара мой-
ындау  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы» 
№299-IV,  «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен 
Америка  Құрама  Штаттарының  Үкіметі  арасындағы 
Ауғанстан  Ислам  Республикасының  тұрақтылығы 
және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Аме-
рика  Құрама  Штаттарының  қатысуына  байланысты 
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы 
жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз 
ету туралы келісімді ратификациялау туралы» №300-
IV, «Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік 
құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы 
мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған 
бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы 
және  осы  нұсқамалардың  негізінде  берілетін  ресми 
бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісімді 
ратификациялау туралы» №301-IV, «Кеден одағының 
санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратифика-
циялау туралы» №302-IV, «Кеден одағында кедендік 
әкелу  баждарын  (баламалы  қолданылатын  өзге  де 

119
Маусым
баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу 
мен  бөлудің  тәртібін  белгілеу  және  қолдану  туралы 
келісімді  ратификациялау  туралы»  №303-IV,  «Кеден 
одағының  өсімдіктер  карантині  туралы  келісімін  ра-
тификациялау  туралы»  №304-IV,  «Кеден  одағының 
ветеринариялық-санитариялық  шаралар  жөніндегі 
келісімін  ратификациялау  туралы»  №305-IV,  «Кеден 
одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде 
жанама  салықтар  алу  тәртібі  мен  олардың  төленуін 
бақылау тетігі туралы хаттаманы ратификациялау ту-
ралы»  №306-IV,  «Сыртқы  сауда  статистикасы  мен 
өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі 
туралы хаттаманы ратификациялау туралы» №307-IV, 
«Кеден  одағы  Комиссиясының  Кедендік  статистика 
орталығы  мәртебесі  туралы  хаттаманы  ратификация-
лау  туралы»  №308-IV,  «Кеден  одағында  жұмыстар 
орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар 
алу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 
№309-IV, «2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында 
тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орын-
дау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу 
принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 
хаттаманы ратификациялау туралы» №310-IV, «Кеден 
одағы қатысушы мемлекеттер кедендік органдарының 
өзара  әкімшілік  көмегі  туралы  келісімді  ратифика-
циялау туралы» №311-IV, «Кеден одағының кедендік 
аумағындағы  еркін  (арнайы,  ерекше)  экономикалық 
аймақтар  және  еркін  кедендік  аймақтың  кедендік 
рәсімі мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау 
турал» №312-IV, «Кеден одағына мүше мемлекеттердің 
кеден  органдары  мен  өзге  де  мемлекеттік  органда-
ры  арасында  ақпарат  алмасуға  қойылатын  талаптар 
туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №313-IV, 
«Жеке  тұлғалардың  жеке  пайдалануға  арналған  тау-
арларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы 
өткізу  және  оларды  шығаруға  байланысты  кедендік 
операцияларды  жасау  тәртібі  туралы  келісімді  ра-
тификациялау  туралы»  №314-IV,  «Қазақстан  Респу-
бликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден 
одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шарт-
тарды қолдану туралы шартты ратификациялау тура-
лы» №315-IV, «2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан 
Республикасы  мен  Ресей  Федерациясы  арасындағы 
Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық 
шарттарды  қолдану  туралы  шартқа  өзгерістер 
енгізу  туралы  хаттаманы  ратификациялау  туралы» 

120
Маусым
№316-IV,  «Кеден  одағына  мүше  мемлекеттердің  ке-
ден  органдарының  кедендік  бақылаудың  белгілі  бір 
нысандарын  қолдануынан  босату  туралы  келісімді 
ратификациялау  туралы»  №317-IV,  «Халықаралық 
почта  жөнелтілімдерімен  жіберілетін  тауарларға 
қатысты  кедендік  операциялардың  ерекшеліктері  ту-
ралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №318-IV, 
«Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол 
көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің 
ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау тура-
лы» №319-IV, «Еркін қоймалар және еркін қойманың 
кедендік рәсімі туралы келісімді ратификациялау тура-
лы» №320-IV, «Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін 
өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы 
келісімді  ратификациялау  туралы»  №321-IV,  «Кеден 
одағына  мүше  мемлекеттердің  зияткерлік  меншік 
объектілерінің  бірыңғай  кедендік  тізілімі  туралы 
келісімді  ратификациялау  туралы»  №322-IV,  «Кеден 
одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауар-
лар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты 
ұсыну туралы және алмасу туралы келісімді ратифика-
циялау туралы» №323-IV, «Жолаушыларды тасымал-
дауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың 
көлік  құралдарын,  сондай-ақ  жүктерді  және  (не-
месе)  багажды  тасымалдауды  жүзеге  асыратын 
тіркемелерді,  жартылай  тіркемелерді,  контейнерлер 
мен теміржол жылжымалы құрамын кеден одағының 
кедендік  аумағы  арқылы  ішкі  тасымалдау  үшін  пай-
далану  ерекшеліктері  туралы  келісімді  ратификация-
лау туралы» №324-IV, «Кедендік транзиттің кедендік 
рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты 
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз 
етуді  ұсынудың  кейбір  мәселелері,  кедендік  баждар-
ды,  салықтарды  өндіріп  алудың  ерекшеліктері  және 
осындай  тауарларға  қатысты  өндіріп  алынған  сома-
ларды аудару тәртібі туралы келісімді ратификациялау 
туралы» №325-IV заңдарына қол қойды. 
Президент  сондай-ақ  «Көп  балалы  аналарды 
«Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наг-
радтау  туралы»  №1016,  «Кеден  одағы  бірыңғай  ке-
ден  аумағының  жұмыс  істеу  режимінен  жекелеген 
уақытша  алулар  туралы  хаттамаға  қол  қою  туралы» 
№1017 жарлықтарына қол қойды.

шілде
Дс
5
12
19
26
Сс
6
13
20
27
Ср
7
14
21
28
Бс
1
8
15
22
29
Жм
2
9
16
23
30
Сн
3
10
17
24
31
Жк
4
11
18
25

123
Шілде
1 шілде 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 
III Астаналық экономикалық форумға қатысты. 
«Дағдарыстан 
кейінгі 
орнықты 
даму» 
тақырыбына  арналған  өз  сөзінде  Президент  Астана 
экономикалық  форумы  алаңының  беделі  өскенін 
айта  отырып,  экономикалық  дағдарыстың  салда-
рын  еңсеру  және  болашақта  оған  жол  бермеу  үшін 
ортақ  ойын  ережелерін  қалыптастыруды  және 
жаһандық деңгейдегі экономикалық дамудың негізгі 
қағидаларын  әзірлеуді  ұсынды.  Осыған  байланысты 
ол  Қазақстанның  құрлық  кіндігінде  орналасқанын 
және  ықпалдастық  үдерістердің  бастамашысы  әрі 
үйлестірушісі  бола  алатынын  ескеріп,  еуразиялық 
ықпалдастық  Декларациясын  әзірлеуге  шақырды. 
«Еуропа  мен  Азияның  ықпалдастығы  Еуразиялық 
құрлықтың  экономикалық  дамуы  мен  әлеуметтік 
игілігіне ғана емес, дағдарыстан кейінгі әлемге де оң 
ықпал  етеді»,  —  деп  атап  көрсетті  н.Ә.  назарбаев 
(Қосымшаны қараңыз). 
Мемлекет  басшысы  III  Астаналық  экономикалық 
форум  аясында  Еуропа  инвестициялық  банкінің 
президенті  Ф.  Майштадтпен,  БҰҰ-ның  Өнеркәсіптік 
даму жөніндегі бас директоры К. Юмкелламен сондай-
ақ  экономика  саласы  бойынша  нобель  сыйлығының 
лауреаттары  Р.  Манделлмен  және  Ф.  Кидландпен 
екіжақты кездесулер өткізді. 
Сол күні Мемлекет басшысы Қарағанды облысына 
жұмыс сапарымен аттанды. 
Қарағандыға  келісімен  Президент  «Қазақмыс» 
корпорациясының  филиалы  —  Қарағанды  құю-
машина  жасау  зауытында  болып,  кәсіпорынның 
өндірістік қуатымен танысты. 
Одан кейін н.Ә. назарбаев Қарағанды құю-машина 
жасау  зауыты  —  «ҚазБелАЗ»  БК  ЖШС  базасында 
іске асырылатын бірлескен қазақстандық-беларусьтік 
жоба  таныстырылды.  Бұл  кәсіпорын  —  2010–
2014  жылдарға  арналған  Үдемелі  индустриялық-
инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасының 
аясында  Қарағанды  облысында  жүзеге  асырылатын 
ірі жобаның бірі. Мұнда «МоАЗ» жерасты техникасы 

124
Шілде
мен  «БелАЗ»  карьерлік  самосвалдарының  агрегат-
тары  мен  бөлшектерін  күрделі  жөндеуден  өткізетін 
өндіріс ұйымдастырылатын болады.
Осында Президент жұмысшылармен, инженерлік-
техникалық 
қызметкерлермен 
және 
тау-кен 
металлургиялық саланың мамандарымен кездесті. 
2 шілде
Мемлекет  басшысы  Қарағанды  облысына  жұмыс 
сапары  барысында  теміртау  қаласында  Қазақстан 
Магниткасының 50 жылдығына арналған салтанатты 
шараларға қатысты. 
«Arcelor  Mittal  темиртау»  компаниясының 
металлургиялық  зауытында  болғаннан  кейін,  Пре-
зидент  мерейтойға  байланысты  Металлургтердің 
мәдениет  сарайында  болған  салтанатты  жиналысқа 
қатысты. 
Жиналысқа  қатысушылардың  алдында  сөйлеген 
сөзінде Президент бұл біздің еліміз үшін өте маңызды 
оқиға  екенін,  бұдан  50  жыл  бұрын  шойынның 
алғаш  балқытылуы  тек  Қарағанды  металлургиялық 
комбинатының  құрылған  күні  ғана  емес  —  бұл 
Қазақстанның қара металлургиясының пайда болған 
күні екенін атап өтті (Қосымшаны қараңыз). 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Магниткасының 
50 жылдығы мен теміртау қаласының 65 жылдығына 
орай,  теміртау  қаласының  және  металлургиялық 
комбинаттың  дамуына  өзіндік  үлкен  үлес  қосқан 
адамдар  мен  еңбек  ардагерлерін  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  наградаларымен 
марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жария 
етті. 
Президент  Алтын  жұлдыз  бен  «Отан»  орденін 
«Қазақстанның  Еңбек  Ері»  атағына  ие  болған  еңбек 
ардагері А.Ж. Жүнісовке, «Отан» орденін — «Arcelor 
Mittal  теміртау»  АҚ  аға  өндіріс  шебері  В.И.  Деркач-
ке,  ІІ  дәрежелі  «Барыс»  орденін  —  Ресей  Федера-
циясы  қаржы-өнеркәсіп  топтары  қауымдастығының 
президенті О.н. Сосковец пен «Arcelor Mittal теміртау» 
АҚ  суық  металдарды  кесушісі  В.П.  ткаченкоға,  ІІІ 
дәрежелі «Барыс» орденін — «Arcelor Mittal теміртау» 
АҚ цех бастығы Ж.А. Арысовқа, ІІ дәрежелі «Достық» 
орденін  —  Л.  Митталға,  «Құрмет»  орденін  —  еңбек 
ардагері т.Д. Адам-Юсуповке, «Arcelor Mittal теміртау» 
АҚ цех бастығы А.А. Бегенеевке, теміртау қалалық ар-
дагерлер ұйымы кеңесінің төрайымы н.т. Вахитоваға 

125
Шілде
және  теміртау  қаласының  әкімі  н.Е.  Сұлтановқа 
тапсырды. 
 
«Қазақстанның  Еңбек  Ері»  атағы  —  Қазақстан 
Республикасының ең жоғарғы дәрежелік ерекшелік 
белгісі. 
2008 
жылы 
тағайындалған. 
Ол 
экономикалық,  әлеуметтік-гуманитарлық  дамытудағы  аса 
үздік жетістіктері үшін тағайындалады. Бұл атаққа лайықты 
деп  танылғандарға  Алтын  жұлдыз  (1-сурет)  және  «Отан» 
ордені (2-сурет) беріледі. 
«Отан»  ордені  (2-сурет)  1993  жылы  тағайындалған. 
«Отан»  орденiмен  азаматтар  мемлекеттiк  және  қоғамдық 
қызметтегi,  экономиканы,  әлеуметтiк  саланы,  ғылым  мен 
мәдениеттi  дамытудағы,  мемлекеттiк,  құқық  қорғау  және 
әскери  қызметтегi,  демократия  мен  әлеуметтiк  прогрестi 
дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады. 
«Барыс»  ордені  1999  жылы  тағайындалған.  Үш  дәрежелі. 
I,  II,  III  дәрежелі  «Барыс»  орденімен  азаматтар  Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттігі  мен  егемендігін  нығайту 
ісіндегі,  бейбітшілікті,  қоғамның  топтасуы  мен  Қазақстан 
халқының  бірлігін  қамтамасыз  етудегі,  мемлекеттік, 
өндірістік,  ғылыми,  әлеуметтік-мәдени  және  қоғамдық 
қызметтегі,  халықтар  арасындағы  ынтымақтастықты 
нығайтудағы,  ұлттық  мәдениеттерді  жақындастыру  мен 
оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық 
қатынастарды  нығайтудағы  айрықша  еңбегі  үшін  марапат-
талады. 
I  дәрежелі  «Барыс»  ордені  жұлдыз  (  3-сурет)  және  иыққа 
асатын  лентадағы  (4-сурет)  белгіден,  II  дәрежелі  «Барыс» 
ордені — төсбелгіден (5-сурет), III дәрежелі «Барыс» ордені — 
мойынға асатын лентадағы (6-сурет) белгіден тұрады. 
«Достық»  ордені  1995  жылы  тағайындалған.  Екі  дәрежеге 
ие.  Азаматтар  қоғамда  өзара  татулықты  сақтау  жөнiндегi 
жемiстi  жұмысы,  халықтар  арасында  бейбiтшiлiктi,  достық 
пен  ынтымақтастықты  нығайтуға  сiңiрген  еңбегi  үшiн  наг-
радталады. 
I дәрежелі «Достық» ордені жұлдыз ( 7-сурет) және иыққа 
асатын лентадағы (8-сурет) белгіден, ІІ дәрежелі «Достық» 
ордені төсбелгіден (9-сурет) тұрады. 
«Құрмет»  ордені  (10-сурет)  1993  жылы  тағайындалған. 
«Құрмет»  орденiмен  азаматтар  экономиканы,  әлеуметтiк 
саланы,  ғылым  мен  мәдениеттi,  бiлiм  беру  iсiн  дамытуға 
сiңiрген  еңбегi,  мемлекеттiк  органдардағы  мiнсiз  қызметi 
және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады. 
түстен  кейін  Мемлекет  басшысы  Қазақстан 
Магниткасының  50  жылдығы  қарсаңында  ашылған 
теміртау қаласының нысандарымен танысты. 
2
1
3
4
5
6
9
7
8
10

126
Шілде
н.Ә. назарбаев қаланың жаңа мешіті мен Әулие-
никольский  православ  храмында  болып,  Аллаға 
құлшылық, мінәжат етушілерді құттықтап, мешіт пен 
храм рухани жаңғыру мен тәрбиенің бастауы болаты-
нына сенім білдірді. 
Бұдан  кейін  Президент  жаңа  неке  сарайында 
болып,  сол  күні  некесін  тіркеген  жас  жұбайларды 
құттықтады. 
Жұмыс күнінің соңына қарай Мемлекет басшысы 
Қазақстанның  тау-кен  саласындағы  инвесторлармен 
кездесті. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
мемле-кеттік  наградаларымен  марапаттау  туралы» 
№1018 Жарлығына қол қойды. 
3 шілде 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
мемле-кеттік  наградаларымен  марапаттау  туралы» 
№1019 Жарлығына қол қойды. 
4 шілде 
Мемлекет  басшысы  елордадағы  «Атамекен» 
мемориалында  Астана  күніне  арналған  мерекелік 
шараларды  Мемлекеттік  туды  көтеру  рәсімінен 
бастады.
Президент  қала  тұрғындары  мен  қонақтары  ал-
дында сөйлеген сөзінде, бұл салтанатты рәсімді өткізу 
берік дәстүрге айналғанын атап өтті. Қазақстандықтар 
туды,  Елтаңбаны,  Әнұранды  және  Астананы  қадір 
тұтады — бұл төртеуі мемлекеттігіміз бен бірлігіміздің 
рәміздері. Ал Астанаға келер болсақ, Мемлекет бас-
шысы арада өткен он екі жыл ішінде Қазақстанның 
елордасы күллі әлемге танымал болғанын, бұл күнде 
ірі  халықаралық  орталыққа  айналғанын  айтты 
(Қосымшаны қараңыз). 
Одан кейін Президент — Қазақстан Республикасы 
Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы ретінде 
елордадағы  жоғары  әскери  оқу  орнын  үздік  бітірген 
түлектерге офицерлік погондар тапсырды. 
Астана  күніне  арналған  мерекелік  іс-шаралардың 
ашылу  рәсімі  Республикалық  ұланның,  Қорғаныс 
және  Ішкі  істер  министрліктерінің  құрметті  қарауыл 
ротасының сап түзеп өтуімен аяқталды. 

127
Шілде
Мемлекет  басшысы  Мәскеу  қаласының  мэрі 
Ю.М. Лужковпен бірге елорданың сол жақ жағалауында 
орналасқан «Москва» бизнес-орталығында болды. 
Мемлекет басшысы Астана күні мерекесі аясында 
елорда құрдастары-балалармен кездесті.
Президентпен 
кездесу 
бақыты 
бұйырған 
балалардың  қатарында  негізінен  оқу  озаттары,  оқу 
пәндері  бойынша  олимпиадалар  мен  республикалық 
конкурстардың жеңімпаздары болды. 
Президентпен кездесуден кейін балалар «Ақорда» 
ғимаратын аралап көрді. 
Сол күні Мемлекет басшысы Иордания Королі Аб-
долла  ІІ  бен  Хусейнмен,  Беларусь  Республикасының 
Президенті А.Г. Лукашенкомен және өтпелі кезеңдегі 
Қырғыз  Республикасының  Президенті  Р.И.  Отынбае-
вамен екіжақты кездесулер өткізді. 
Мемлекет  басшысы  Р.И.  Отынбаевамен  кез-
десу  барысында  оны  өтпелі  кезеңдегі  Қырғыз 
Республикасының Президенті қызметіне сайлануымен 
және  елдің  жаңа  Конституциясының  қабылдануымен 
құттықтап,  жаңа  қызметінде  табыстар,  ал  бауыр-
лас  қырғыз  халқына  —  тыныштық,  тұрақтылық  пен 
гүлдену тіледі. 
Мемлекет  басшысы  «Кешірім  жасау  туралы» 
№1020 Жарлығына қол қойды. 
5 шілде 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің XXVII отырысына 
қатысты. 
Саммитке Беларусь Республикасының Президенті 
А.Г.  Лукашенко,  Ресей  Федерациясының  Президенті 
Д.А. 
Медведев, 
тәжікстан 
Республикасының 
Президенті  Э.Ш.  Рахмон,  өтпелі  кезеңдегі  Қырғыз 
Республикасының Президенті Р.И. Отынбаева, сондай-
ақ, ЕурАзЭҚ жанындағы бақылаушы болып табылатын 
мемлекет  —  Армения  Республикасының  Президенті 
С.А. Саргсян қатысты. 

128
Шілде
Отырысты  ашқан  іс  басындағы  ЕурАзЭҚ 
Мемлекетаралық  кеңесінің  төрағасы,  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  н.Ә.  назарбаев  бар-
ша  қатысушыларды  Еуразиялық  экономикалық 
қоғамдастықтың  құрылғанына  10  жыл  толуы-
мен  құттықтады.  Президент  Беларусь,  Қазақстан, 
Қырғызстан,  Ресей  және  тәжікстан  президенттері 
2000  жылы  Астанада  ЕурАзЭҚ  құру  туралы  Шартқа 
қол қойғанын еске салды. 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет