Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет10/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
қызмет  көрсету  нысандары  кіретін  университет 
қалашығы құрылысының барысымен танысты. 
Сапар  соңында  н.Ә.  назарбаев  «Ақтау»  қалалық 
сауда,  ойын-сауық  орталығына  барып  көрді.  Бұл 
орталық  заманауи  стандартпен  салынып,  онда  сау-
да  орындарымен  қатар,  мұз  айдыны,  балаларға 
арналған хоккей мен мәнерлеп сырғанау секциялары, 
балалардың ойын алаңы, боулинг, бильярд, спорт зал-
дары, бассейн, аква-орталық қамтылған. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  трансферттік  баға 
белгілеу  және  салық  салу  мәселелері  бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №288-IV 
Заңына қол қойды. 
10 маусым 
Мемлекет басшысы 2010 жылғы 11 маусымда бо-
латын ШЫҰ мүше елдердің Мемлекет басшыларының 
кеңесіне  қатысу  үшін  Өзбекстан  Республикасының 
астанасы ташкент қаласына аттанды. 

106
Маусым
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Өзбекстан 
Республикасының Президенті И.А. Каримовпен және 
Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведевпен 
кездесті. 
Күн соңында Мемлекет басшысы ШЫҰ саммитіне 
қатысқан  басқа  мемлекет  басшыларымен  бірге 
Өзбекстан өнер шеберлерінің концертін тамашалады. 
11 маусым 
Мемлекет  басшысы  Өзбекстан  Республикасының 
астанасы ташкент қаласында өткен ШЫҰ Мемлекеттері 
басшылары кеңесінің Х отырысына қатысты. 
Саммитке  қатысушылар  Ауғанстанды  қалпына 
келтіру  мен  Қырғызстандағы  ахуалды  тұрақтандыру 
бойынша бірлескен күш-жігер мүмкіндіктерін, сондай-
ақ энергетика, көлік, телекоммуникация және жоғары 
технологиялар  сынды  салалардағы  ынтымақтастық 
жайын талқылады. 
Саммит қорытындысы бойынша мемлекет басшы-
лары  Декларация  қабылдады.  Онда  ұйым  аясында 
әрі  қарай  дамуға  байланысты  бірлескен  қадамдар 
көрініс тауып, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 
бірқатар  баяндамалар  мен  процедуралық  құжаттар, 
соның ішінде ШЫҰ-ға жаңа мүшелер қабылдау тәртібі 
туралы Ереже де мақұлданды. Сонымен қатар, ауыл 
шаруашылығында,  қылмыспен  күрес  саласында 
ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол 
қойылды. 
Қазақстан осы саммитте ШЫҰ-ға кезекті төрағалық 
міндетін қабылдады. 
 
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  (ШЫҰ)  —  өңірлік 
халықаралық ұйым. 
ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда құрылды. 
Оның  негізін  Қытай,  Ресей,  Қазақстан,  Қырғызстан  және 
Тәжікстан  елдерінің  шекара  маңында  әскери  саладағы 
сенімді нығайту туралы Келісім (1996) және Шекара маңында 
қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімдерге (1997) 
қол қоюы нәтижесінде бұрынырақ құрылған «Шанхай бестігі» 
елдері  құрады.  Өзбекстанның  қосылуымен  ұйым  Шанхай 
ынтымақтастық ұйымы болып өзгерді. 
ШЫҰ  қызметінің  басымдықтарына  мүше  мемлекеттер 
аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, лаңкестік, 
экстремизм, сепаратизм, ұйымдасқан қылмыс және есірткі 

107
Маусым
трафигіне  қарсы  бірлескен  күрес,  экономикалық  және 
энергетикалық  ынтымақтастық,  ғылыми  және  мәдени-
гуманитарлық әрекеттестік жатады. 
ШЫҰ  жанындағы  бақылаушы  мәртебесіне  4  мемлекет 
(Моңғолия,  Үндістан,  Иран,  Пәкстан)  ие,  және  2  мемле-
кет  (Шри-Ланка  мен  Беларусь)  диалог  бойынша  серіктес 
мәртебесінде. 
Ұйым 2004 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жаны-
нан байқаушы мәртебесін алды. 
ШЫҰ  органдары:  Мемлекет  басшылары  кеңесі,  Үкімет 
басшылары  кеңесі,  Сыртқы  істер  министрлері  кеңесі 
Министрліктер  мен  ведомство  басшылары  жиналысы, 
Хатшылық, Өңірлік терроризмге қарсы құрылым. 
12 маусым 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  мемлекеттік 
сапармен  келген  Қытай  Халық  Республикасының 
төрағасы Ху Цзиньтаоны қабылдады. 
Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 
барысында 
мемлекет 
басшылары 
екіжақты 
ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді 
талқылады. 
Бұл  ретте,  экономикалық  ынтымақтастыққа, 
әсіресе  энергетика,  атомды  бейбіт  пайдалану,  мұнай 
химиясы,  көлік,  ауыл  шаруашылығы,  шекаралық 
сауданы  дамыту  салаларындағы  стратегиялық 
маңызды  жобаларды  әрі  қарай  ілгерілетуге,  сондай-
ақ қазақстандық астық пен өзге де ауылшаруашылық 
өнімдерін  ҚХР-ға  экспорттауға  баса  мән  берілді. 
Сонымен  қатар,  трансшекаралық  су  ресурстарын 
қорғау мен тиімді пайдалану мәселелері де екіжақты 
түсіністікпен қаралды. 
Бұдан  бөлек  Орталық  Азиядағы  қауіпсіздік  пен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қырғызстандағы ахуал 
және ШЫҰ тарапынан қырғыз халқына гуманитарлық 
көмек  көрсету  мәселелері  әңгіме  өзегі  болды.  та-
раптар  сондай-ақ  халықаралық  қауіпсіздіктің  негізгі 
мәселелеріне де тоқталды. 
Келіссөздердің  қорытындысы  бойынша  бірлескен 
коммюнике қабылданып, атом энергиясын бейбіт пай-
далану  туралы,  «Қазақстан-Қытай»  газ  құбырының 
екінші  учаскесін  жобалаудың,  қаржыландырудың, 
құрылысы мен эксплуатациясының негізгі қағидалары 
туралы  үкіметаралық  келісімдерге,  сондай-ақ 
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ мен 
Гуандун ядролық-энергетикалық корпорация арасын-
да Уран қоспаларын сату туралы шартқа қол қойылды. 

108
Маусым
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Қытай  Халық 
Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен бірге Ас-
тана қаласында салынған «Қазақстан» Орталық кон-
церт залын барып көрді. 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту 
жөніндегі  кеңес  туралы»  №994,  «Қазақстан  Респуб-
ликасы  Президентінің  2010  жылғы  11  қаңтардағы 
№915қбпү  Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы» 
№995қбпү,  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
2001  жылғы  5  шілдедегі  №648  және  2008  жылғы 
21  сәуірдегі  №573  жарлықтарына  өзгерістер  енгізу 
туралы» №996, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» 
және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наградтау  туралы» 
№997 жарлықтарына қол қойды. 
14 маусым 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
кейбір  конституциялық  заңдарына  Қазақстан  Ре-
спубликасы  тұңғыш  Президентінің  —  Елбасының 
қызметін  қамтамасыз  ету  саласында  заңнаманы 
жетілдіру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  №289-IV,  «Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 
Қазақстан  Республикасы  тұңғыш  Президентінің  — 
Елбасының  қызметін  қамтамасыз  ету  саласында 
заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» №290-IV заңдарына 
қол қойды. 
15 маусым 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-
сы  Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімов,  Президенті 
Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусин,  Президентінің 
көмекшісі  —  Қауіпсіздік  кеңесінің  хатшысы 
М.М. тәжиннің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. 
Кеңесте еліміздің 2010 жылғы І жартыжылдықтағы 
әлеуметтік-экономикалық  дамуының  қорытындысы 
және  2010–2014  жылдарға  Үдемелі  индустриялық-
инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасын 
жүзеге  асыру  барысы,  сондай-ақ  Қырғызстандағы 
жағдай талқыланды. 
Бірінші  мәселе  бойынша  Премьер-министр 
К.Қ. Мәсімовтің есебі тыңдалды. 

109
Маусым
Екінші  мәселе  жөнінде  Президент  көмекшісі  — 
Қауіпсіздік  кеңесінің  хатшысы  М.М.  тәжин  ҰҚШҰ 
елдерінің  Қауіпсіздік  кеңесі  хатшыларының  14  мау-
сымда  Қырғызстандағы  жағдайды  реттеу  бойынша 
Мәскеуде  өткен  шұғыл  консультациялары  турасында 
баяндады. 
Отырыс қорытындысы бойынша Президент нақты 
тапсырмалар берді. 
Мемлекет  басшысы  «И.И.  Роговты  Қазақстан 
Республикасы  Конституциялық  Кеңесінің  төрағасы 
қызметіне тағайындау туралы» №998, «2010 жылғы 
28  мамырдағы  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей 
Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру 
шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы 
шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою ту-
ралы» №998а, «Қазақстан Республикасы соттарының 
төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяла-
рын қызметке тағайындау және қызметтен босату ту-
ралы» №999 жарлықтарына қол қойды. 
16 маусым 
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 
1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық бағалы 
қағаздар нарығын реттеу туралы келісімге қатысушы 
болмау ниеті туралы» №1000, «Көп балалы аналарды 
«Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наг-
радтау туралы» №1001 жарлықтарына қол қойды. 
17 маусым
Мемлекет басшысы «Кедендік транзиттің кедендік 
рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты 
кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз 
етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, 
салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осын-
дай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару 
тәртібі туралы келісімге қол қою туралы» №1002, «Ке-
ден  одағының  кедендік  аумағындағы  еркін  (арнайы, 
ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік 
аймақтың  кедендік  рәсімі  мәселелері  жөніндегі 
келісімге қол қою туралы» №1003, «Еркін қоймалар 
және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге 
қол  қою  туралы»  №1004,  «Жеке  тұлғалардың  жеке 
пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік 
шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға бай-
ланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы 

110
Маусым
келісімге қол қою туралы» №1005 жарлықтарына қол 
қойды. 
19 маусым 
Мемлекет 
басшысы 
Астана 
қаласындағы 
«Қазақстан»  орталық  концерт  залында  өткен  «Ас-
тана  —  махаббатым  менің»  атты  қазақстандық-
түркиялық 12 сериялы телевизиялық көркем фильмнің 
тұсаукесеріне қатысып, картина режиссері Е. Шынар-
баев пен фильмге түскен актерлер Б. Акчу, А. Ахметов, 
Ж. Қуанышева, Г. Досматова, Э. Бурмали, Э. Джиндо-
руктермен кездесті. 
21 маусым 
Мемлекет  басшысы  түркия  Республикасының 
Сыртқы істер министрі А. Дәуітоғлын қабылдады.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен түркия төр-
ағалық ететін ЕҚЫҰ мен АӨСШК күштерін бейбітшілік 
пен тұрақтылықты орнықтыру үшін Қырғызстанға көмек 
көрсетуге жұмылдыру мүмкіндіктері талқыланды. 
Мемлекет  басшысы  «Ақорда»  резиденциясында 
оқуда, спорт пен жұмыста айтарлықтай табысқа жет-
кен астаналық жастарды қабылдады. 
Олардың  қатарында  тұңғыш  Президенттің 
Интеллектуалдық  мектебінің  түлегі  Б.  төлегенов, 
жеңіл  атлетикадан  екі  дүркін  Азия  чемпионы  және 
әлем чемпионы О. Рыпакова, архитектор, «Қазақ елі» 
монументі  мен  Абай  ескерткіші  жобасының  авторы 
әрі қатысушысы, Е. Жақыпбеков, Астана қаласының 
жедел медициналық көмек стансасының бас дәрігері 
Қ.  төсекбаев,  Халық  шығармашылығының  наси-
хатшысы,  «Жас  Отан»  жастар  қанатының  кеңесшісі 
А. Қырықбайұлы бар. 
Сол күні Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасына 
сұхбат беріп, Қырғызстандағы жағдайға түсінік берді. 
Президент Қазақстанның Қырғызстандағы жағдай-
дың тезірек тұрақталуына мүдделі екенін және көрші 
елге қажетті көмек беруге дайын екенін атап көрсетті. 
«Қазақстан — Қырғызстанда тұрақтылық болғанын 
қалайтын  мемлекет.  Мен  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  ететін 
елдің басшысы ретінде гуманитарлық және басқадай 
көмек көрсетуге жұмылдыру үшін бәрін істеймін. Ре-

111
Маусым
сей, Қазақстан және Өзбекстан Қырғызстанға ҰҚШҰ 
аясында әлден-ақ көмектесіп жатыр. 
Біз, көрші мемлекеттер, бірлесіп көмектесіп, тиісті 
мәселелерді  шешудеміз.  Бірақ  мен  басқа  нәрсені 
айтқым келеді. Қырғызстан — кедей ел, мықты мем-
лекет бола алмайды деген пікірлер бар. Мен мұнымен 
келіспеймін.  Қырғызстанның  жер  қойнауы  алтынға, 
темірге,  күміске,  мыс  пен  тағы  басқа  ресурстарға 
бай. тау өзендерінің әлеуеті зор. туризм саласының 
мүмкіндігі де жоғары. Осының бәрін көтеру керек. Өзге 
елдердің  гуманитарлық  көмегі  мемлекетті  ешқашан 
аяғынан тұрғызбайды. Бірінші мәселе, мемлекет эко-
номикасын көтеріп, жұртқа жұмыс беріп, халқын той-
ындыра алуы керек. тек сонда ғана ол тұрақты болады. 
Сондықтан,  Қырғызстанды  экономикалық  өркендету 
бағдарламасын  әзірлеу  керек,  бұл  істе  Қазақстан 
көмек қолын созуға әзір. Мен Қырғызстанда өркендеу 
мен  экономиканы  көтеру  стратегиялық  саясаты 
болғанын қалаймын», — деді Президент сұхбатында. 
Мемлекет  басшысы  «Дипломатиялық  дәрежелер 
беру  туралы»  №1007,  «Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  2009  жылғы  16  қыркүйектегі  №871 
Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №1008, 
«Қазақстан  Республикасы  мен  Халықаралық  қайта 
құру  және  даму  банкі  арасындағы  Қарыз  тура-
лы  келісімге  (Салықтық  әкімшілендіруді  рефор-
малау  жөніндегі  жоба)  қол  қою  туралы»  №1009, 
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 
13 қаңтардағы №273 Жарлығына өзгерістер енгізу ту-
ралы» №1010 жарлықтарына қол қойды. 
22 маусым 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласының  маңайына 
жұмыс  сапарымен  шығып,  елорданы  айнала  жасыл 
белдеу құру жұмыстарының барысымен танысты. 
Астана қаласының «жасыл белдеуін» «Шортанды–
Бурабай» курорттық аймағының орман алқаптарымен 
түйістіру турасында міндет қойғанын атай отырып, Пре-
зидент барша қазақстандықтарды өздері тұратын елді 
мекендерді  жасылдандыруға  атсалысуға  шақырды. 
Жыл сайын көшелер мен үйлердің айналасына ағаш 
отырғызу ауаны тазартуға, ауылдар мен қалалардың 
табиғи  қорғанысын  күшейтуге,  тұрғындар  үшін  жаңа 
демалыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін айтты. 

112
Маусым
23 маусым 
Мемлекет  басшысы  Астана  қаласындағы  «Ша-
быт»  сарайында  орналасқан,  бұрынғы  Қазақ  ұлттық 
академиясының  негізінде  құрылған  Қазақ  ұлттық 
өнер университетінде болды. 
Жаңа 
аудиторияларды, 
кинотелестудияны, 
көркемөнер және хореография залдарын, балет сыны-
бын аралап көрген Президент оқытушы-профессорлар 
мен  студенттерді  жаңа  қоныстарымен  құттықтады 
және де осында университет көркемөнерпаздарының 
концертін тамашалады. 
Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 
алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау тура-
лы» №1011, «Қазақстан Республикасы Президентінің 
2006  жылғы  9  қазандағы  №194  Жарлығына 
толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізу  туралы»  №1012 
жарлықтарына қол қойды. 
24 маусым 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 
Бас  прокуроры  Қ.Ә.  Мәмиді  қабылдады.  Ол  елдегі 
заңдылық  пен  құқық  тәртібі  туралы,  сондай-ақ 
Президенттің  су  шаруашылық  нысандары  мен 
азаматтық  авиация  саласындағы  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  турасындағы  тапсырмаларының 
орындалу барысы туралы баяндады. 
Президент  Бас  прокурорға  Ақтау  қаласындағы 
түзеу  мекемесінен  тұтқындардың  қашу  оқиғасына 
байланысты  жағдайды  тікелей  өзінің  қадағалауына 
алу туралы тапсырма берді. 
Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Павлодар  облысына 
жұмыс сапарымен аттанды. 
Павлодарға  келген  н.Ә.  назарбаев  «Қазақстан 
электролиз  зауыты»  АҚ-ның  екінші  кезегін  іске  қосу 
салтанатына  қатысты.  Зауыттың  екінші  кезегінің  іске 
қосылуымен бұл кәсіпорынның жобалық қуаты жылы-
на 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіруге жетпек. 
Президент  технологиялық  процестерді  тиімді 
басқаруға, электролизердің, газ тазартушы қондырғы-
ның,  құюшы  цех  пен  көмекші  нысандардың  жұмыс 
өлшемдерін  үздіксіз  мониторингілеуге  мүмкіндік 
беретін, өндірістің жаңа үдерістерімен танысты. 

113
Маусым
Салтанатты  рәсімге  қатысушылардың  алдында 
сөйлеген  Мемлекет  басшысы  соңғы  10  жылда  тМД 
елдерінің ішінде Қазақстан ғана осындай ауқымдағы 
металлургиялық зауыт сала алғанын атап көрсетті.
Мемлекет  басшысы  «Жер  қойнауы  және  жер 
қойнауын  пайдалану  туралы»  №291-IV;  «Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  мен  Қытай  Халық 
Республикасының  Үкіметі  арасындағы  Қазақстан-
Қытай  кеден  шекарасы  арқылы  құбыржол  көлігімен 
өткізілетін  энергия  ресурстарын  кедендік  бақылау 
туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №292-IV 
заңдарына қол қойды. 
25 маусым 
Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс са-
пары барысында Павлодар қаласы орталық алаңында 
ішкі істер органдарының, білім беру және денсаулық 
сақтау саласының өкілдерімен кездесіп, оларға арнау-
лы автокөліктердің кілттерін тапсырды. 
Қалалық және аудандық ішкі істер органдарының 
қызметкерлері  57  автомобильге  ие  болды.  Ал  20 
автокөліктің кілті әлеуметтік сала ұйымдарына, соның 
ішінде 10 көлік жедел медициналық көмек стансасы-
на берілді. тағы 10 автокөлік облыстың интернаттық 
мекемелеріне:  Саңырау  және  нашар  еститін 
балаларға  арналған  №1  арнаулы  коррекциялық 
мектеп-интернатқа,  жетім  балалар  мен  ата-ана 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  №2 
мектеп интернатқа, Ы. Алтынсарин атындағы дарын-
ды  балаларға  арналған  облыстық  қазақ  гимназия-
интернатына және балалар үйлеріне берілді. 
Бұдан кейін Президент Павлодар қаласының №29 
балабақшасына барып, оның медициналық кабинетін, 
музыкалық залын, спорт залын, компьютерлік сынып-
тары мен логопед, психолог, қазақ тілі мен ағылшын 
тілі кабинеттерін көрді. 
Мемлекет басшысы «Кеден одағының Кеден кодексі 
туралы  шартты  ратификациялау  туралы»  №293-IV, 
«2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден 
кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу  туралы  хаттаманы  ратификациялау  туралы» 
№294-IV заңдарына қол қойды. 

114
Маусым
26 маусым 
Мемлекет 
басшысы 
Қазақстанның 
опера 
театрларының  солистері  мен  танымал  эстрадалық 
әншілердің,  музыкалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  қатысуымен  Астана  қаласындағы 
Бейбітшілік  пен  келісім  сарайында  қойылған  «Аста-
на!» мюзиклін тамашалады. 
28 маусым 
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы халықара-
лық деңгейдегі жаңа жоғары оқу орны — назарбаев 
Университетінің ашылу салтанатына қатысты. 
Салтанатты  шараға  қатысушылардың  алдында 
сөйлеген  Мемлекет  басшысы  елімізде  «Болашақ» 
бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын, оның 
аясында  мыңдаған  жас  қазақстандықтар  әлемнің 
жетекші  университеттерінде  білім  алғанын  атап 
көрсетті.  Жаңа  ЖОО-ның  ашылуымен  инженерлік, 
медициналық  және  энергетикалық  мамандықтар  бо-
йынша  қазақстандық  жастар  енді  Астана  қаласында 
оқитын болады. Жаңа ЖОО-да әлемнің үздік профес-
сорлары дәріс бермек. 
«түлектер  бейімделген  дипломдар  алатын  бо-
лады.  Бұл  жақсы  жаңалық,  жастар  осында  келуге 
талпынуы  тиіс.  Мен  бұл  университеттің  менің  атым-
мен  аталуына  келісім  бердім,  сондықтан,  мені  ұятқа 
қалдырмаңдар», — деді Президент болашақ студент-
терге қарата айтқан сөзінде. 
 
Назарбаев  Университеті  —  Қазақстан  Республика-
сының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың баста-
масымен 2010 жылы елордада ашылған жоғары оқу 
орны. 
Университет  халықаралық  деңгейдегі  өңірлік  ғылыми-
ағартушылық және зерттеу орталығына айналуы тиіс. 
Университетте үш — инженерлік, жаратылыстану ғылымы және 
медициналық факультет жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап 
бизнес пен мемлекеттік саясат факультетін ашу жоспарланған. 
Оқытушы-профессорлар қатары шетелден шақырылған ма-
мандардан құралды. 
Мемлекет  басшысы  назарбаев  Университетінде 
шетелдік  серіктес  ЖОО-лардың,  Халықаралық 
консультативтік кеңес пен Университеттің директорлар 
кеңесі өкілдерімен кездесті.
Президент осынау маңызды жобаны қолдағандары 
үшін  алғысын  айтты  және  Қазақстан  қазір  алдына 

115
Маусым
жаңа  индустриялық-инновациялық  экономика  құру 
турасында аса ауқымды міндет қойып отырғанын, бұл 
үшін жоғары білікті мамандар қажеттігін ескертті. 
«Бұл  университет  біздің  еліміздің  жоғары  оқу 
орындарының  флагманына  айналады.  Бұл  үдеріске 
сіздердің  қатысуларыңыз  өте  маңызды.  Қазақстанға 
келіп,  бізбен  жұмыс  істеп  жатқандарыңыз  үшін, 
біздің  жастарымызға  бәсекеге  қабілетті  болуға 
көмектескілеріңіз  келетіні  үшін  алғыс  айтамын. 
Мен  бұл  университет  жайлы  бүкіл  әлем  айтатыны-
на,  оның  аты  әлемнің  жетекші  университеттерімен 
қатар  қойылатынына  сенемін.  Солай  болуы  үшін  біз 
ештеңеден аянбаймыз», — деді н.Ә. назарбаев. 
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы назарбаев 
Университетінің  ғимаратында  «Қуатты  Қазақстанды 
бірігіп  құрамыз!»  атты  жалпыұлттық  телекөпірге 
қатысты. 
телекөпір  барысында  Қазақстанның  барлық 
өңірлерінің  әкімдері  Президентке  еліміздің  үдемелі 
индустриялық-инновациялық 
дамуының 
бес 
жылдық  бағдарламасының  аясында  іске  асырылған 
жобалардың  іске  қосылуы  туралы  хабарлады.  Атап 
айтқанда,  Жамбыл  облысында  Мыңаралдағы  цемент 
зауыты өндірісінің іске қосылу рәсімі өтті. Балқаш ЖЭС 
құрылысы іске қосылды. Маңғыстау облысындағы Бау-
тино айлағындағы кеме жөндеу зауытының тұсаукесері 
өтті.  «Ақтөберентген»  АҚ  «General  Electric»  компа-
ниясымен  бірлесіп  шығарған  алғашқы  қазақстандық 
компьютерлік томограф көрсетілді.
телекөпір  барысында  жалпы  құны  381  млрд. 
теңгені  құрайтын  72  инвестициялық  жобаның 
тұсаукесері болып өтті. 
Өңірлермен 
интерактивтік 
байланысты 
қорытындылай  келе,  Президент  қазақстандықтар 
елімізді  жаңғыртудың  орасан  бағдарламасын  жүзеге 
асыруға  кіріскенін  атап  өтті.  Осының  нәтижесінде 
2020  жылға  қарай  экономика  150%-ға  артады. 
Өнеркәсіптегі  еңбек  өнімділігі  1,8  есе  ұлғаяды,  ал 
ауыл шаруашылығы екі есеге дейін артады. 
Мемлекет  басшысы  жаңа  жобалардың  жүзеге 
асқанын  қадағалап  отыратынын  және  бұл  жобалар-
ды  іске  асыру  барысы  туралы  Үкімет  мүшелері  мен 
өңірлердің әкімдерін жылына екі рет тыңдайтындығын 
атап өтті. 
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет