Хроникасы



жүктеу 18.88 Kb.
Pdf просмотр
бет1/42
Дата07.05.2017
өлшемі18.88 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

АСтАнА 2012
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясы
Қазақстан Республикасының 
тұңғыш Президенті нұрсұлтан назарбаев
ҚЫЗМЕТ
ХРОНИКАСЫ 
2010 жыл

УДК 342
ББК 67.400.6
Қ 18
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Басып шығарушы: «Деловой Мир Астана» ЖШС
Редакциялық-баспагерлік топ:
М.Б. Қасымбеков (жетекші), саяси ғылымдардың докторы, профессор
Б.Б. темірболат (жауапты редактор), саяси ғылымдардың кандидаты
Ж.К. Үсембаева, техника ғылымдарының докторы, профессор, 
Е.А. Хасенов, филология ғылымдарының кандидаты, 
т.А. темірханов, М.М. Бейсенова
Қ 18  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті нұрсұлтан назарбаев. Қызмет 
         хроникасы. 2010 жыл. — Астана: Деловой Мир Астана, 2012. — 400 б.
ISBN 978-601-7259-50-1
Бұл кітап «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті нұрсұлтан назарбаев. 
Қызмет хроникасы» сериясы бойынша шығарылып отырған кезекті басылым болып 
табылады. 
Кітапта  2010  жылы  елімізде  және  шетелдерде  Мемлекет  басшысының 
қатысуымен  өткізілген  басты  іс-шаралар  жайында  баяндалған,  сонымен  қатар  осы 
кезеңде н.Ә. назарбаевтың сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері, 2010 жылы 
қабылданған  Қазақстан  Республикасының  маңызы  зор  заңдары  мен  Президент 
жарлықтарының тізбесі ұсынылған, түрлі анықтамалық ақпараттар келтірілген.
Сондай-ақ, кітаптың компакт-дискідегі мультимедиялық нұсқасы ұсынылған.
Басылым көпшілік оқырманға арналған. 
УДК 342
ББК 67.400.6
© Қасымбеков М.Б., 2012
© «Деловой Мир Астана» ЖШС. 2012
© Барлық құқықтары қорғалған
ISBN 978-601-7259-50-1

3
2010
 
Қазақстан  үшін  нағыз  серпінді  жыл  болды,  елдің 
ішкі жетістіктерінен бөлек, халықаралық аренада да 
еліміз айтулы белестерді бағындырды. Сәйкесінше, 
Мемлекет  басшысының  бұл  жылғы  жұмыс 
кестесінің мазмұны да нәтижелі қарбаластарға, қауырт шараларға толы сипатымен 
ерекшеленді. 
Шетелдерге  және  еліміздің  өңірлеріне  жұмыс  сапарларын,  түрлі  кеңестерді, 
халықаралық  және  республикалық  форумдар  жұмысын,  шетелдік  мемлекет 
және  қоғам  қайраткерлерін  қабылдауын,  жұртшылық  өкілдерімен  және  еңбек 
ұжымдарымен кездесулерін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар-
мен  танысуларын  қоса  есептегенде,  Президент  н.Ә.  назарбаевтың  қатысуымен 
жыл бойында 500-ден аса хаттамалық шаралар өтті. 
Мемлекет басшысы 14 кеңес өткізді, соның 10-ы Үкімет мүшелерінің, Президент 
Әкімшілігі басшылығының, орталық мемлекеттік орган басшыларының, 1-еуі облыс 
және  Астана  мен  Алматы  қалалары  әкімдерінің  қатысуымен  өтсе,  3-еуі  көшпелі 
кеңес түрінде болды. 
Президент  жанындағы  консультативтік-кеңес  органдары  аясында  н.Ә.  назар-
баевтың  төрағалығымен  Шетел  инвесторлары  кеңесінің,  Кәсіпкерлер  кеңесінің, 
Сәулет-құрылыс кеңесінің, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің 3 отырысы өтті. 
Мәжіліс  пен  Сенаттың  екі  бірдей  бірлескен  отырысына  қатысқан  Президент 
Парламент палаталары төрағаларымен және депутаттармен үнемі кездесе отырып, 
депутаттық корпуспен де тұрақты әрекеттестікте болды. 
Мемлекет басшысы еліміздің 12 өңіріне жұмыс сапарымен барды. 
Президенттің қатысуымен 180 кездесу мен халықаралық сипаттағы іс-шаралар 
өтті. Олардың қатарында екіжақты қатынастар аясында шетелге жасалған 7 сапар-
ды, көпжақты сипаттағы 16 саммит пен 5 халықаралық форумды айтуға болады. 
н.Ә.  назарбаев  40-тан  аса  баспасөз  мәслихаттары  мен  брифингтер  өткізіп, 
алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық БАҚ-қа 14 сұхбат берді. 

4
Президент жыл бойында 2,5 мыңнан астам құжатты қарап, қол қойды, соның 
132-сі  заң,  220-сы  жарлық,  61-і  өкім,  15-і  мәжіліс  хаттамалары,  шамамен 
1,5 мыңы қызметтік құжаттар, талдамалық және ақпараттық-анықтамалық мате-
риалдар, 218-і азаматтардың өтініштері мен хаттары. 
Осы кезеңде Мемлекет басшысы жалпы саны 76 күн іссапарда болса, соның 32 
күнінде шетелдік сапарларда, 44 күнінде Қазақстанның өңірлерінде болды. 
Әлбетте, 2010 жыл Қазақстан үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 
ұйымына төрағалық белгісімен өткені күмәнсіз. 
Қазақстанның  ЕҚЫҰ-дағы  миссиясының  дәйекті  бағдарламасын  Президент 
ЕҚЫҰ  төрағалығы  біздің  елге  өтуіне  байланысты  2010  жылы  14  қаңтарда  Вена-
да болған ЕҚЫҰ тұрақты кеңесі отырысының қатысушыларына жолдаған бейне-
жолдауында жан-жақты баян етті. Соған сәйкес, қазақстандық төрағалық кезінде 
негізгі күш-жігер посткеңестік кеңістіктегі шешімін таппаған жанжалдарды реттеуге 
бағытталды. 
Осыған  байланысты  н.Ә.  назарбаев  таулы  Қарабақ  жанжалына  қатысты 
Әзірбайжан  және  Армения  президенттерімен,  сондай-ақ  Приднестр  проблема-
сы  бойынша  Ресей  Федерациясы,  Украина  және  ЕО  басшыларымен  келіссөздер 
жүргізіп,  мәселелерді  реттеу  келіссөздерін  қайта  жандандыруға  байланысты 
маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді. 
Бұл  бағыттағы  басты  дипломатиялық  жетістік  ішкі  саяси  жағдайының 
тұрақсыздануына байланысты туындаған Қырғызстандағы ахуалды реттеу болғаны 
анық.  Қазақстандық  көшбасшының  жағдайды  реттеуге  байланысты  жеке  іс-
әрекеттері, Қырғызстан бойынша арнайы өкіл тағайындауы және Қырғыз халқына 
гуманитарлық  көмек  көрсету  тұрғысынан  кешенді  шараларға  бастамашы  болуы 
әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары баға алды. 
н.Ә.  назарбаевтың  29  маусымда  Астана  қаласында  ЕҚЫҰ  кемсітпеушілік 
пен  толеранттылық  бойынша  жоғары  деңгейлі  конференциясында  жариялаған 
этносаралық диалогты нығайту, сондай-ақ 17 шілдеде Алматыда өткен ЕҚЫҰ мүше 
мемлекеттердің  сыртқы  істер  министрлерінің  бейресми  кездесуінде  айтылған, 
экономикалық-экологиялық  өлшемдер  саласында  концептуалды  құжат  әзірлеу 
жөніндегі  бастамалары  да  қолдау  тапты.  Қазақстанның  ЕҚЫҰ  мен  АӨСШК  ара-
сында әрекеттестік құру мақсатындағы күш-жігері үлкен мәнге ие болды. Бұл идея 
8 маусымда Ыстамбұлда өткен АӨСШК ІІІ саммитінде Мемлекет басшысы тарапы-
нан айтылған еді. 
Осының ауанында біздің ел ұсынған ЕҚЫҰ саммитін өткізу бастамасын толық 
қолдаған Ұйымға мүше мемлекеттердің басым көпшілігінің үнқатуы заңды еді. 
Ұйым  қызметінде  қордаланып  қалған  түйінді  проблемалар  мен  ЕҚЫҰ 
мемлекеттерінің  1999  жылы Ыстамбұлда  өткен  саммиттен  кейін, 11  жыл бойы 
жоғары деңгейде бас қоспағанын ескерген н.Ә. назарбаев Қазақстан төрағалық 
қызметіне  кірісе  салысымен,  бірінші  кезектегі  міндеттердің  бірі  ретінде  ЕҚЫҰ 
саммитін өткізу мәселесін қойды. Президент 2010 жылы 29 қаңтардағы «Жаңа 
10 жылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 
атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  бұл  туралы:  «Мен  саммитте  ЕҚЫҰ 
жауапкершілігіне  кіретін  аймақтағы  қауіпсіздіктің  өзекті  проблемалары, 

5
Ауғанстандағы ахуалды және толеранттылық мәселелерін талқылауды ұсындым. 
ЕҚЫҰ-дағы біздің төрағалығымыз әлем халықтарының қауіпсіздігі мен өркендеуін 
дамытуға бағытталатын болады», — деді. 
3  тамызда  ЕҚЫҰ  мүше  мемлекеттердің  Сыртқы  істер  министрлерінің  кеңесі 
саммитті  2010  жылғы  желтоқсанда  Астана  қаласында  өткізу  туралы  шешім 
қабылдады.  5  тамызда  н.Ә.  назарбаев  мәлімдеме  жасап,  осынау  оқиғаның 
символдық мәнін атап көрсетті. Өйткені, осыдан 35 жыл бұрын, 1975 жылы 1 та-
мызда  Хельсинки  қорытынды  актісіне  қол  қойылған  болатын.  Соған  орай,  Елба-
сы жоғары деңгейдегі кездесу Ұйымды бүгінгі жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік 
беріп,  ЕҚЫҰ-ның  «Хельсинкиден  Астанаға  дейінгі»  сәтті  эволюциясын  әлемдік 
қауымдастыққа таныстыратынына сенім білдірді. 
1–2 желтоқсанда өткен ЕҚЫҰ-ның Астана саммитіне ұйымға мүше 56 мемлекет 
пен 12 серіктес-мемлекеттен, БҰҰ, нАтО, тМД-ны қоса алғанда, 2,5 мың делегат 
қатысты. Ал саммит барысынан хабар тарату үшін 1,5 мыңнан аса әлемдік БАҚ 
өкілдері келді. 
Саммиттің  негізгі  қорытындысы  мен  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығын 
бағалай отырып, оны былай тұжыруға болады. 
Ең алдымен, біздің елдің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 
төрағалық етуінің өзі Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда жеткен 
жетістіктерін паш ете отырып, мойындатқан әрі халықаралық беделін айтарлықтай 
өсірген ірі дипломатиялық жеңіс болғанын айту керек. 
Бірақ Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығындағы қызметінің басты нәтижесі оның 
осы ұйымның дамуына жаңа серпін бере алғандығы болып табылады. Еуропа мен 
Солтүстік Американың барлық елдерін қамтитын бірден-бір қауіпсіздік құрылымы 
ретіндегі ЕҚЫҰ енді Шығыс пен Батыс мемлекеттерінің арасындағы басты диалог 
алаңы рөлін ойнауға шынайы мүмкіндік алды. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстанның  өзге  де  ірі  халықаралық  құрылымдарға 
қатысу мәселесіне де аз көңіл бөлген жоқ. 
Бұл  ретте,  ең  алдымен  Президенттің  маусым  айында  ташкентте  өткен  Шан-
хай  ынтымақтастығы  ұйымы  (ШЫҰ)  Мемлекет  басшылары  кеңесінің  Х  отырысы-
на қатысуын айту керек. Бұл саммитте Қазақстан ШЫҰ-ға 2010–2011 жылдары 
төрағалық ету өкілеттігін алды. 
н.Ә. назарбаевтың белсенді қатысуының нәтижесінде Азиядағы өзара іс-қимыл 
және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) институционалдық тұрғыдан әрі қарай да-
мыды. АӨСШК ІІІ саммиті оның тарихында бірінші рет Қазақстаннан тысқары жер-
де, Ыстамбұл қаласында өтті. Осы саммитте ұйымның қатары Вьетнам және Ирак 
секілді жаңа мүшелермен, сондай-ақ байқаушы ретінде Бангладешпен толықты. 
Осы секілді тағы бір халықаралық ұйым туралы да айтуға болады. Құрамына 
түркітілдес  мемлекеттер  кіретін  бұл  ұйымның  қыркүйекте  Ыстамбұлда  өткен 
Х саммитінде түрік кеңесі Хатшылығының, Ақсақалдар кеңесінің, сондай-ақ түркі 
академиясы қызметін кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 
Қараша айында Бакуде өткен Каспий маңы мемлекеттерінің ІІІ саммиті барысын-
да да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Онда қазақстандық көшбасшының 
бастамасымен  бекіретұқымдастарды  аулауға  5  жыл  мерзімге  мораторий  енгізу 
туралы шешім қабылданып, жағалау елдерінің теңіздегі заңсыз қызметпен күрес 
саласындағы өзара әрекеттестігіне құқықтық негіз қалаған, Каспийдегі қауіпсіздік 

6
саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімге  қол  қойылды.  Бұған  қоса,  тарап-
тар осы саммитте теңіздегі 24–25 мильдік ұлттық аумақ енін анықтау мәселесін 
тездетіп пысықтауға келісімін берді. 
нАтО-мен  ынтымақтастық  желісінде  де  айтарлықтай  ілгерілеу  жүзеге  асты. 
Мәселен,  Солтүстік-атлантикалық  альянстың  Португалия  астанасы  Лиссабонда 
өткен, Ауғанстандағы ахуалға арналған қарашадағы саммитінің қорытындысы бо-
йынша, Қазақстанды Орталық Азия елдері ішінен бірінші болып қауіпсіздікке атса-
лысу жөніндегі Халықаралық күштер қызметіне қосу, транзиттік ынтымақтастықты 
кеңейту және Ақтау теңіз портын пайдалану туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. 
2010 жылдың аса маңызды сыртқы саяси оқиғасы ретінде Мемлекет басшысының 
12–13 сәуірде Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Жаһандық сам-
митке қатысуын және сонда әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары баға алған 
бірқатар бастамалар жариялауын да айтуға болады. Олардың қатарында ядролық 
қаруды  жалпыға  бірдей  Вертикальды  және  горизонтальды  таратпау  жөніндегі 
жаңа  Шарт  әзірлеу,  ядролық  қарусыз  аймақтар  мәртебесін  құқықтық  реттеу, 
таяу  Шығыста  ядролық  қарусыз  аймақ  құру,  Халықаралық  ядролық  отын  банкі 
мен  Ядролық  қауіпсіздік  бойынша  оқыту  орталығын  құру  бар.  Осылайша  біздің 
ел ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі жаһандық үдерістің көшбасшы 
мемлекеті рөлін бекіте түсті. 
Бұл орайда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның 6–7 сәуірде елімізге тұңғыш рес-
ми сапары айрықша мәнге ие болды. Семей полигоны өңіріне барған БҰҰ басшы-
сы  Орталық  Азияда  ядролық  қарусыз  аймақ  құру  шарты  бойынша  Қазақстанға 
кепілдік  беруді  қолдады  және  таяу  Шығыста  осындай  аймақ  құру  мәселесін 
белсендіруді ұсынды. 
Сонымен  бірге,  Достастық  елдерінің  16  саммитінің  9-ы  тиесілі  болған 
мемлекетаралық бірлестіктері аясындағы байланыстар да айрықша белсенділігімен 
ерекшеленді. 
Мұндағы басым бағыттың бірі Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Кеден одағы 
мен Бірыңғай экономикалық кеңістігін құру болып қала берді. Баршаға мәлім, 2010 
жылдың  1  қаңтарынан  бірыңғай  кедендік  тариф,  ал  1  шілдеден  бірыңғай  Кеден 
кодексі қолданысқа енгізілді. Осы үдерістерді дамыта түсу үшін Кедендік одақтың 
Жоғарғы органының желтоқсандағы отырысында үш елдің президенттері Бірыңғай 
экономикалық кеңістік қалыптастыру туралы декларацияға қол қойып, БЭК-ті 2012 
жылдың 1 қаңтарынан іске қосуға мүмкіндік беретін, БЭК-тің құқықтық базасын 
қалыптастыратын келісімдерді мақұлдады. 
Бұл  шешімдер  н.Ә.  назарбаевтың  бастамасымен  құрылған  Еуразиялық 
экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) 10 жыл толуына орай 5 шілдеде Аста-
нада өткен мерейтойлық саммитте айрықша мәнге ие болды. 
Бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдермен ынтымақтастықтың екінші бір маңызды 
бағыты  қауіпсіздік  мәселелері.  Бұл  бірінші  кезекте  Қырғызстандағы  ішкі  сая-
си  ахуалдың  тұрақсыздануымен  байланысты  еді.  нақ  осы  мәселелер  Ұжымдық 
қауіпсіздік  туралы  шарт  ұйымының  (ҰҚШҰ)  бір  жыл  ішінде  өткен  үш  бірдей 
саммитінің басты күн тәртібін құрады.
2010  жылы  Қазақстан  жетекші  халықаралық  ұйымның  бірі  —  Ислам  конфе-
ренциясы  ұйымына  алдағы  2011  жылы  төрағалық  етуге  дайындықты  белсенді 
жалғастырды. 

7
Жалпы, Президент жыл бойына көпжақты 17 саммитке — Ядролық қауіпсіздіктің 
Жаһандық саммитіне, тМД-ның 3 саммитіне, ҰҚШҰ-ның 3 саммитіне, ЕурАзЭҚ-
тың 2 саммитіне, Қазақстан Ресей және Беларусь Кеден одағы Жоғарғы кеңесінің 
отырысына, АӨСШК-нің ІІІ саммитіне, ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің Х оты-
рысына, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VII форумына, 
түркітілдес елдердің Х саммитіне, Каспий маңы мемлекеттерінің ІІІ саммитіне, нАтО 
саммитіне, ЕҚЫҰ саммитіне, сондай-ақ біздің елімізде өткен 5 бірдей халықаралық 
форумға  («Қазақстан:  дағдарыстан  кейінгі  жаңғыру  кезеңіндегі  инвестициялық 
мүмкіндіктер» атты IV қазақстандық инвестициялық саммиті, толеранттылық және 
кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ жоғары деңгейдегі конференциясы, I Қазақстандық 
минералдық  ресурстар  және  металлургия  жөніндегі  халықаралық  конгресс, 
ІІI  Астаналық  экономикалық  форум,  ЕҚЫҰ  мүше  мемлекеттердің  Сыртқы  істер 
министрлерінің бейресми кездесуі) қатысты. 
Екіжақты қатынастар аясында 2010 жылы Мемлекет басшысы шетелге 7 рет са-
пармен шықса, соның 1-еуі мемлекеттік, 4-еуі ресми, 2-еуі жұмыс бабында болды. 
Атап айтқанда, н.Ә. назарбаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға (21–23 
сәуір), ресми сапармен Өзбекстанға (16–17 наурыз), Украинаға (14–15 қыркүйек), 
Бельгияға (24–26 қазан), Францияға (26–28 қазан), жұмыс сапарымен Ресейге 
(14–15 ақпан) және Бельгияға (10 сәуір) барды. 
Қазақстан  Президентінің  Корея  Республикасына  мемлекеттік  сапары 
индустриялық-инновациялық  және  инвестициялық  салалардағы  екіжақты 
қатынастардың дамуына қуатты серпін берді. Құрық теңіз портын дамытуға 500 
миллион  доллар  сомасында  кредит  тарту  жөніндегі,  Оңтүстік  Кореяға  ядролық 
отын  жеткізу  және  уранды  бірлесіп  өндіру  саласындағы  ынтымақтастық  туралы, 
сондай-ақ  Оңтүстік  Кореяға  2  миллион  тоннадан  кем  емес  қазақстандық  астық 
экспорттау туралы меморандумдарға қол қойылды. Сапар қорытындысы бойынша 
Мемлекет басшысының тапсыруымен Үкімет Қазақстанда жоғары технологиялық 
инвестициялық  жобаларды  енгізу  бойынша  бірлескен  әрекеттер  бағдарламасын 
әзірлеуге, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы зауытының ба-
засында әскери кемелер жасау мәселесін зерделеуге кірісті. 
н.Ә.  назарбаевтың  Өзбекстанға  ресми  сапары  аясында  орталықазиялық 
өңірдің  су-энергетикалық  ресурстарын  бірлесіп  пайдаланудың  өзара  тиімді 
тетіктерін  тездетіп  әзірлеуге  және  Рогун  СЭС-і  мен  Қамбар  ата  нысандарының 
құрылыс  жобаларын  халықаралық  сараптамадан  өткізуге  деген  екіжақты 
мүдделілік қуатталды. 
Ал Мемлекет басшысының Украинаға ресми сапарының қорытындысы бойынша 
Украина аумағы арқылы мұнай транзитін қайта жандандыру, 2010–2011 жылдарға 
арналған  Қазақстан-Украина  іс-әрекеттер  жоспарын  (Жол  картасы  —  3)  мұнай-
газ секторы, атом энергетикасы, көлік және транзит, машина жасау, ғарыш және 
агроөнеркәсіптік кешен секілді перспективалы салалардағы іскерлік қатынастарды 
ұлғайту есебінен кеңейту турасында уағдаластықтарға қол жеткізілді. 
Бельгия  мен  Францияға  жасалған  ресми  сапарлар  да  айшықты  оқиғалардың 
қатарынан орын алды. Бұл сапарлардың барысында н.Ә. назарбаевтың Еуропалық 
одақ,  Бельгия,  Франция  елдерінің  және  нАтО  басшылығымен  келіссөздері  өтіп, 
экономика, энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты 
тереңдетуге байланысты уағдаластықтар жасалды. ЕО, Бельгия, Франция басшылары 

8
тарапынан ілкімді серіктестік туралы жаңа келісім жасау, Қазақстанға «нарықтық 
экономикалы ел» мәртебесін беру және біздің елдің ДСҰ-ға кіру келісімдерін аяқтау 
мәселелері бойынша қолдау көрсетілді. 
2010 жылы да Ресеймен дәстүрлі тығыз қарым-қатынас сақталды. Жыл ішінде 
Мемлекет  басшысының  Ресей  Федерациясы  Президенті  Д.А.  Медведевпен  түрлі 
форматтағы 9 кездесуі және Ресей Үкіметінің төрағасы В.В. Путинмен 2 кездесуі 
болды. Әдеттегідей, сындарлы әрі іскерлік сипатта өткен кездесулер барысында са-
уда, энергетика, ғарыш салаларындағы екіжақты ынтымақтастық, күн тәртібіндегі 
шекаралық және өңіраралық ынтымақтастық, халықаралық және өңірлік мәселелер 
талқыланды. 
н.Ә.  назарбаевтың  Ресей  Президентімен  бірге  Қазақстан  мен  Ресейдің 
VII  өңіраралық  ынтымақтастық  форумына,  сондай-ақ  Ұлы  Отан  соғысындағы 
Жеңістің  65  жылдығына  байланысты  Мәскеуде  өткен  салтанатты  шараларға 
қатысуы да айрықша мәнге ие. 
2010  жылы  Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  екіжақты  сапарлар  мен 
халықаралық форумдар аясында келген Румыния Президенті т. Басеску, Словакия 
Президенті И. Гашпарович, Украина Президенті В.Ф. Янукович, түркия Президенті 
А.  Гүл,  Сербия  Президенті  Б.  тадич,  Австрия  Президенті  Х.  Фишер,  Армения 
Президенті С.А. Саргсян, Литва Президенті Д. Грибаускайте, Беларусь Президенті 
А.Г. Лукашенко, Ауғанстан Президенті Х. Карзай, Финляндия Президенті т. Халонен, 
Болгария Президенті Г. Пырванов, тәжікстан Президенті Э.Ш. Рахмон, Хорватия 
Президенті И. Йосипович, Венгрия Президенті П. Шмитт, Черногория Президенті 
Ф. Вуянович, Албания Президенті Б. топимен, КХР төрағасы Ху Цзиньтао, Иор-
дания  Королі  Абдалла  II  бен  Хусейн,  Бельгияның  мұрагер  ханзадасы  Филипп  II, 
Германияның  Федералды  канцлері  А.  Меркель,  Қырғызстан  Республикасының 
өтпелі кезеңдегі Президенті Р.И. Отынбаевамен кездесті. 
Кездесулердің  басты  лейтмотиві  екіжақты  қарым-қатынастарды  нығайтумен 
қатар,  осы  елдердің  Қазақстанның  үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму 
бағдарламасына  озық  технологияларды  трансферттеу,  жоғары  технологиялық 
өндірістерді тікелей инвестициялау, шикізаттық емес секторда бірлескен жобалар-
ды жүзеге асыру арқылы қатысу мәселелері болды. Бұл бағытта әсіресе түрік, неміс 
және қытай тарапымен болған келіссөздер жемісті болғанын айту керек. 
2010  жылы  Президенттің  Қазақстанға  сапарлап  келген  халықаралық 
ұйымдардың, шетелдік саяси, қоғамдық және іскерлік топтардың өкілдерімен де 
көптеген кездесулері өтті. Олардың қатарында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ 
Бас хатшысы М.П. де Бришамбо, ҰҚШҰ бас хатшысы н.н. Бордюжа, ИКҰ Бас хат-
шысы  Э.  Ихсаноғлы;  Еуропа  кеңесі  Парламенттік  ассамблеясы  (ЕКПА)  төрағасы 
М.  Чавушоғлы;  АҚШ  Мемлекеттік  хатшысы  Х.  Клинтон;  Италия  Министрлер 
кеңесінің төрағасы С. Берлускони; нидерланды Премьер-министрі М. Рютте, Фран-
ция Премьер-министрі Ф. Фийон, Грекия Премьер-министрі Г. Папандреу, Эстония 
Премьер-министрі А. Ансип, түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы М. Ша-
хин, Иран Ислам жиналысы мәжілісінің төрағасы А. Лариджани, ГФР Бундестагы 
төрағасы н. Ламерт, ҚХР Халықтық саяси-консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық 
комитетінің  төрағасы  Цзя  Цинлинь,  Ресей  Федерациясы  Федерация  кеңесінің 
төрағасы С.М. Миронов, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл және басқалар 
болды. 

9
Мемлекет  басшысы  осы  жылы  Ресей,  Израиль,  Украина,  Оңтүстік  Корея, 
түркия,  Швейцария  президенттерімен,  Испания  королімен  және  басқаларымен 
телефон арқылы сөйлесті. 
Мемлекет басшысына Ұлыбритания, Беларусь, Иран, түрікменстан, Әзірбайжан, 
Ирак, Қытай, Пәкстан, түркия, Украина, Сауд Арабиясы, Жапония, Иордания, Лит-
ва және Венгрия елшілері сенім грамоталарын тапсырды. 
Елдің ішкі саяси өмірінің қақ ортасындағы оқиғалардың бірі Қазақстан Респуб-
ликасы Конституциясының 15 жылдығы болды. 
«Конституция — мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» тақырыбындағы 
халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияда  сөйлеген  Президент 
н.Ә. назарбаев соңғы 15 жылда біздің Отанымыз жеткен жетістіктің бәрі Конституция 
мен оның базасында қабылданған заңдардың нақты нәтижесі екенін атап көрсетті. 
Осының арқасында Қазақстан тМД-да бірінші болып бұрынғы кеңестік кеңістікте 
баламасы жоқ салық және зейнетақы реформаларын жүргізіп, ұлттық экономикаға 
100 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарта алды. ІЖӨ екі 
еселеп, оның жан басына шаққандағы үлесін 700 доллардан 8 мың долларға дейін, 
яғни 11 есе ұлғайтуға қол жеткізді. 
Конституцияның  15  жылдығы  мерекесіне  орай,  Мемлекет  басшысы  30  та-
мызда елорданың орталық алаңында, «Қазақ елі» монументінің алдында ҚР ҚК 
әскерлерінің салтанатты шеруін (парад) қабылдады. 
тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  тарихымен  тікелей  байланысты  келесі  бір 
мерейтойлық күн Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы болғаны анық. 
20  қазанда  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы:  сенім,  дәстүр,  транспаренттілік, 
толеранттылық» тақырыбымен ашылған XVI сессияның жұмысында н.Ә. назарбаев 
оның  қатысушыларын  мерейтоймен  құттықтай  келе,  Ассамблея  алдында  ұлттық 
бірлікті  нығайтумен  байланысты  жаңа  міндеттер  тұрғанын  айтты.  Ассамблеяның 
атқарған қызметін жоғары бағалаған Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясының 
қоғамдық  «Бiрлiк»  алтын  медалi»  қоғамдық  наградасын  тағайындау  туралы 


жүктеу 18.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет