Ханымдар мен арулар


отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын»



жүктеу 10.56 Kb.
Pdf просмотр
бет8/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын» деген сөз бар. Жоқтау 
–  қазақ,  қырғыз  сынды  ұлттарда  аза  ғұрпымен  байланыстағы  əрі 
қаралы,  əрі  артындағы  ұрпағын  рухтандыратын  имани  салттың 
бір  түрі.  Нақты  салыстыруға  келе  қоймас,  бірақ  белгілі  жағдайда 
Еуропаның  реквиемінің  (жан  азасы)  философиясы,  мəн-мағынасы 
қазақ  жоқтауын  түсіндіріп  бере  алады.  Бұл  жерде  біз  католиктік 
ғұрыпты  емес,  Батыс  жұртының  марқұм  болған  жандарға  деген 
құрметін  еске  салып  отырмыз.  Әдетте  ислам  қағидаттары  да 
жоқтауды, марқұмның соңынан жылап-сықтауды қолдамайды. Бұл 
қағидатты  қатаң  ұстайтындар:  «Исламның  алдындағы  жəһилия 
дəуірінде  арабтарда  «нияһа»  деген  ғұрып  болған.  Сол  уақытта 
əйел кісілер бір-біріне қарама-қарсы отырып алып, зар қағып өлген 
адамды жоқтаған. Ислам келгеннен кейін бұл дəстүр тоқтатылады. 
Хадисте:  «Біреудің  тегін  жоққа  шығарушы  мен  өліні  зар  қағып 
жоқтайтында  жəһиліктің  əрекет  бар»  делінеді.  Біз  дауыс  салып 
жылауды қостамаймыз» дейді [5].  Қазақ елі ұстанатын Әбу Ханифа 
мазхабы бұл мəселеге оймен, ақылмен келуді нұсқайды. Ата дəстүр 
құр жылауға немесе жасандылыққа бармай, орнымен егіле отырып 
бақиға  озған  жанның  тірісіндегі  өнеге  ісін  ұрпаққа  аманаттайды. 
Бүгінгі  ғылым,  соның  ішінде  медицина  мен  психология  адам  өз 
бойындағы  қайғыны  ішіне  жұтпай,  шығарып  тұруын  (немесе 
бөлісуін)  қолдайды.  Сондықтан  қазақ  жоқтауы,  бір  жағынан  əрі 
жұбату,  əрі  ауыртпашылықты  бөлісу  функциясын  атқарады.  Бұған 

75
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
иманды  жұртшылық  түсіністікпен  қараған.  Жылау-сықтау  шектен 
шығып бара жатса немесе ол жасанды сипат алса, үлкендер жағы 
оған тоқтау салған.
Ұлт  тарихындағы  классикалық  жоқтау  қатарында  əйгілі  Бұхар 
жыраудың Абылай ханды жоқтауы, Қаздауысты Қазыбек биді қызы 
Қамқаның  жоқтауы,  Абайұлы  Әбдірахманды  əйелі  Мағыштың 
жоқтауы тұр. Бұл жоқтаулардың əрбір сөзі тарихи шындық пен ел 
рухының терең сезіміне суарылған.
Айтулы  осы  үш  мұраның  екеуі  «23  жоқтау»  жинағына  енсе, 
А.Байтұрсынұлы ыждағатының ерекшелігі айқындала түседі.
Қазақ халқы ХІV-ХVІ ғасырлардағы ноғайлы заманының «Едіге», 
«Орақ-Мамай»,  «Шора»  сынды  батырлық  жырларын  ертеден 
насихаттап, ұлттық рухани мұрасының алтын қорына қосқан. Осы 
мұралар күні кешеге дейін ел бірлігі мен жер тұтастығына қызмет 
етті дей аламыз. Сондықтан «23 жоқтаудағы» Мамай батыр рухына 
бағышталған сөз халыққа өте түсінікті еді.
Қараүлек ана Мамай баласын жоқтауын Ораққа қаратып айтады:
Ай, Орағым, Орағым,
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген,
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние шіркін құрысын!..
Жоқтаудың осы бастапқы жолдарынан субъективтік, пендешілік 
ой  аңғарыла  ма?  Әрине,  Қараүлек  ана  болып  қайғырған  халық 
барлық пендешіліктен жоғары тұр. Оның ойында бір ғана арман, бір 
ғана мұң, бір ғана мүдде тұр. Ол – халық мүддесі. 
Айқай, енді күн қайда,
Қойға тиген бөрідей,
Жапыра қалмақ қуатын?
Құлыны өлген ақ байтал,
Енді саған күн қайда,
Ондай бала туатын?-

76
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
дейді  көкірегі  қарс  айырылып.  Халық  қиялында  егде  жастағы 
Қараүлек  елдің  өткені  мен  бүгініне  жауапты  адамдай  тіл  қатады. 
Аналық борышын сезіне отырып, ендігі халық араманынан туатын 
балалардың Мамай мен Орақтай жаужүрек болатынына секемі бар. 
Неге?
Өлдің, Мамай, қор болдың...
Өлдің, Мамай, құм болдың...
Құм ұшырған жел болдың...
Ау,  батырдың  анасы  бұлай  тым  езілмеуі  керек  еді  ғой.  Тым 
жербауырламауы тиіс еді ғой.. Жоқ, ел анасы, халық анасы айнала 
қоршаған  қиындықты,  құрылған  торды  көріп,  болашағын  ойлап, 
шерменде күйге түседі:
Сауытың қалды сандықта,
Алмасың қалды тұлдықта,
Аңдасқан дұшпан көп еді –
Елің қалды құлдықта...
Мамай батырдың тірісіндегі ерлігі мен өрлігін санамалаған жəне 
оны  зор  мақтаныш  көрген  ана  Жаратқан  алдында  тəубесіне  келе 
отырып бүй дейді:
Құдай салды, мен көндім,
Бұл сапарды ұнаттың,
Өзіңді қалмақ қамады,
Ақ ордаңды талады,
Артыңда қалаған жас бала,
Қашан сендей болады?
Қырық ұл туса бір күнде,
Орның қалай толады? 
Қарт ана Мамай өмірінің өрі мен ылдиын, табысы мен талқысын 
сипатай  келе,  «ақ  үйдің  арыстаны,  боз  үйдің  бостаны»  болған 
қаһарманның  өліміне  иман  келтіреді.  Егіле  отырып  шүкір  сөзін 
айтады:

77
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Артыңда қалды жиғаның,
Тарқап кетті мейманың,
Ұжмақта қылып Құдайым,
Жолдасың болсын иманың!..
Иман  –  пенденің  пəни  өмірде  жинайтын  абыройы,  айналасына 
көрсететін қасиеті, төккен маңдай тері. Дəстүр мен діннің үйлесімінен 
шығатын осы лепесті Қараүлек ана жоқтауға енгізе алған.
Әрине,  біз  бұл  жоқтаудан  əйгілі  Ноғай  ордасы  мен  Қырым 
хандығы тұлғаларының тарихи дəлдігін мен дерегін іздемейміз. Біз 
керегі – түркінің талай жұртын, соның ішінде қазақ ұлтын рухани 
тəрбиелеген, əзиз жанына – азық, өрлік жалауына – тамызық болған 
«Қырымның  қырық  батыры»  сынды  асыл  мұраның  жаңғырығын 
білу. Мамайды жоқтау – елдік пен батырлықты жоқтау. Мамай анасы 
Қараүлек – берекесіз аңыраған жай біреу емес, батырға ақ сүтін беріп, 
ақжарма тəлімін сіңіріп баптаған елдің қуаты, дəстүрдің жалғасы.
Қазақ  еліне  тұтқа,  жұртына  қамқоршы  болған  Қаздауысты 
Қазыбек би қайтқанда, асыл əкесін қызы Қамқаның жоқтауы – 
күні бүгінге дейін ұлттың рухани санасында сақталып, жиі айтылып 
жүретін мұра.
Қазақ хандығының қабырғалы биі Келдібекұлы Қазыбек –  бүгінгі 
өлшеммен айтқанда, аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, 
əз  Тəуке  хан  құрған  «Билер  кеңесінің»  мүшесі,  танымал  шешен, 
«Жеті жарғыны» жүйеліп, жүзеге асырушы тұлғалардың бірі (Алаш 
лидері Ə.Бөкейханның дəлелмен айтқан есебі бойынша Қазыбек би 
1661  жылы  туып,  1758  жылы  қайтқан;  бүгінгі  энциклопедиялар 
5-7  жылға  өзгертіп  жазады).  Ел  арасында  əкесі  Келдібектің  де, 
анасы Тоқмейілдің де аса беделді, парасатты адамдар болғаны жиі 
айтылады.  
«Болашақ бидің анасы сəбиін тербетіп отырып:
Айналып ерді өсірсем, 
Ақ сүтімді кешірсем, 
Адалдан болар нəсібің.
Тіліңнен болар кəсібің,-
дейді екен» делінеді халық аңызында. 
Ал,  енді  арғы  бабаларынан  (Шаншар  абыз,  Бұлбұл  шешен) 
бері  алқалы  топта  сөз  бастаған  жас  Қазыбек  қалмақ  қоңтайшысы 

78
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Цэван  Рабданға  барған  елшілер  ішінен  «Дат,  тақсыр!»  деп  алға 
шығып, алдаспандай кесіп айтқан мына сөздері халықтың эпикалық 
санасында жатталып қалған:
«Біз, қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, 
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзасына жылқының қылын таққан елміз,
Дұшпандар басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дəм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз».
Қазақ шежіресіне қарағанда, Қазыбек биден Бекболат, Қазымбет, 
Базаргелді,  Барқы,  Сырымбет  есімді  бес  ұл,  Қамқа  атты  бір  қыз 
тарайды. Жоқтау айтушы – бидің осы жар дегенде жалғыз қызы. 
Қамқа  жоқтауы  –  дəстүрлі  қазақ  жоқтауы.  Мұнда  баба  жасына 
жетіп,  ел  алдындағы  парызы  мен  қарызын  молынан  өтеген 
қайраткердің ұзақ та мəнді өмірі жеткілікті сипатталады. Ұлтқа олжа 
салған ерлігі мен тапқырлығы орайлы айтылады. 
Қазаққа арман жол салдың,
Қолайлы қылып əр заңға.
Жесір қатын, жетім ұл,
Аруағыңа таянып,
Ие болды мал-жанға.
Жоғалмастай жол салып,
Үлгі болып сөз қалып,
Кеткен жоқ əкем арманда, -
дейді Қамқа тəубасына келіп.
Әрине, қазақ ұғымында «ханда қырық кісінің ақылы бар». Бірақ 
ол ақыл оңай келмесі тағы да түсінікті. Ақылдың сауыты бекем болу 
үшін  хан  да,  қара  да  парасатқа  жүгініп,  табысты  бағалап,  барды 
ұқсата алуы керек. Қазбек би – сол парасат өлшемі.

79
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қамқа жоқтауына мəн беріңіз:
Ақылменен мол тапқан,
Бағыменен ел тапқан.
Батыр мен хан сасқанда,
Əкеме келіп жол тапқан...
Ақылың, бағың молынан,
Елің ерді соңыңнан.
Арқасында əкемнің
Отырған жоқ бұл қазақ,
Ешкімнің кейін тобынан.
Осы  орайда  жоқтаушы  Қазыбек  бидің  қазақ  ауданынан  шығып 
кеткен елшілдік пен елшілік пайымын (ел шаруашылығына жайлы 
қоныс сайлау; қалмақ, сарт, орыс арасын таразы басы тең ұстау т.б.) 
айрықша баяндайды.
Заманынан  оза  туған,  ақыл-абыройы  өзінің  емес,  халқының 
олжасына  айналған  би  зердесімен  –  бай,  жəрдемімен  –  жомарт. 
Қамқа қыз мұны да есінен шығармайды:
Байлығын несін айтайын,
Кедей деп адам айта алмас.
Мырза деп несін айтайын,
Əркім-ақ қонақ қайтармас.
Бір сөзбен айтқанда, Қазыбекқызы Қамқа күллі қазаққа мəшһүр 
би əкесінің қадірін перзенті ретінде ғана емес, халықтың бір өкілі 
ретінде бағалай алған. Сол себепті де бұл жоқтаудың тарихи маңызы 
ерекше дер едік. Дəстүрге сəйкес, бұл жоқтауды сөзге ұста бір ақын 
жазып берді ме, жоқ əлде Қамқа қыздың өз жүрегінен шықты ма – 
ол жағы бір Аллаға ғана аян. Біз үшін маңыздысы – өзегін жарып 
шыққан өзінің халықшыл биін халықтың жоқтағаны. Бұл туындының 
ел жадынан өшпеуіндегі бір сыр да осында.
«23 жоқтау» жинағына енген таңдаулы бір мұра – Ысмайылханды 
ханымы  Күнжанның  жоқтауы.  Оған  түсініктеме  берген  «Қыр 
баласы»  (Ә.Бөкейхан)  Ысмайылхан  –  Тəукенің  Арыстанбегінің 
перзенті  екенін  жазады.  Ел  аузындағы  жəне  жазбаша  деректерде 
Тəуке  сұлтанның  бір  баласы  Құсбек  заманында  Қарқаралының 

80
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
аға  сұлтаны,  дуанбасы  екен.  Бірде  Жетісудаға  Жолбарыс  хан 
нəсілінен  Рүстем  төренің  барымташылары  Алтай  жақтан  əкеле 
жатқан  жылқыларынан  айырылып  қалып,  жолай  оның  100-ден 
аса  жылқысын  олжалап  əкетіпті.  Істі  бейбіт  шешу  керек.  Сонда 
екі араның мəселесін бітістіруге Құсбекпен сыйлас Қарпықбай би 
жүрген деседі. Би Рүстем төреге барып, істің мəн-жайын айтқанда, 
сұлтан  өзін  алдаған  жігіттерінің  басын  алмақ  болыпты.  Сонда  би 
төрені  тоқтатып,  ашуын  басыпты.  Рүстем  сұлтан:  «Ақысына  не 
сұрайсың?» дегенде, төре шаңырағында құлдыраңдап бір үш жасар 
қыз бала жүр екен, сол бүлдіршінді нұсқап: «Құсбек төрінің де осы 
шамалас інісі бар» деп, құдалық жолын ұсынады. Сол қыз – Күнжан 
екен де, айтқан ұл – Ысмайылхан көрінеді. Кейін Құсбектің осы 
немере  інісі  Ысмайылхан  Қарашораға  болыс  болыпты.  Әлихан 
Бөкейханның  жазуынша,  окружной  приказдағы  бір  жемір  майор 
қазақ  əйеліне  көргенсіздік  жасағанда,  Ысмайылхан  араша  түсіп, 
қылмысын  қолмен  қойғандай  дəлелдеп,  Сібірге  айдатқан  екен. 
Ақыры кектен кек туып, əлгі майордың əйелі 1867 жылы төрені улап 
өлтіріпті...
Былайша 
айтқанда, 
айналасына 
жəне 
ағайынына 
бауырмалдылығымен,  əділдігімен  танылған  Ысмайылхан  өлімі 
–  қыршын  өлім.  Өйткені,  жоқтауда  Күнжан  ханым  «Отыз  жастың 
ішінде  /  Жесір  қалдым  жастайын»  дейді.  Соған  қарғанда,  марқұм 
төре де отыздың о жақ-бұ жағында ажал құшқан.
Күнжан  жоқтауынан  бірнеше  сипат  анық  көрінеді:  біріншіден, 
марқұм  Ысмайылхан  –  кісі  қолынан,  біреулердің  қасақана 
аярлығанан  қайтқандықтан,  жырда  əділеттікті  іздеу  сарыны 
байқалады;  екіншіден,  төре  жастай  қайтқандықтан,  мұнда 
жанашырлықтың (қыршынды жоқтаудың) ерекше бір үрдісі көрініс 
тапқан;  үшіншіден,  ерлі-зайыптылардың  бір-бірін  жоқтауы  бір 
басқа да, ата тегі ақсүйек жандардың елдік жауапкершілікті («тегіне 
тартып» дегендей) еске ала отырып жоқтауы бір басқа. Біз бұл жерде 
«жоқтауды шығарып берушінің» немесе Күнжанның өзінің жоқтауға 
əлеуметтік екпін түсіргенін жоққа шығармаймыз.
Асылзада сұңқарым,
Өлгеніңді есітіп,
Адамзат бəрі қайғырды.
Тағдырды Құдай тез беріп,
Отыз жасқа келгенде,

81
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Айбатымнан айырды.
Қаһарына мінгенде,
Шын ашуы келгенде,
Тілмаш құрлы көрмеген,
Дуан басы майырды, -
дейді  бір  қайтарымында  Күнжан.  Бұл  үзіндіден  адал  жардың 
қайғысы  да,  марқұмның  адамшылық  ұстанымы  да  анық  көрініс 
тапқан. Осы тұста қайғырушының əлеуметтік деңгейден (келін) гөрі 
мəселеге  «сырт  көз  –  сыншы»  ретінде  қарағанын  байқап,  жоқтау 
авторлығына халық лайық екенін аңғартатын да жер бар. Ол былай 
болып келеді:
Мырзалығы сонша еді –
Ғаріп пенен ғасірге
Барлық малын таратқан.
Бөкей, Тəуке, Барақтан
Тумай сөзге ілініп,
Ақ патшаға білініп,
Жастайынан шен алған,
Шапаны келген сенаттан.
Әрине,  бұл  деректің  бəрі  де  рас  болуы  мүмкін.  Бірақ  сойы  – 
ақсүйек,  өзі  ел  дəстүрін  жалғастыруға  тиіс  тұқымның  келіні  өз 
қайын аталарының атын атауы мүмкін емес. Бұл – жай ғана штрих. 
Одан жоқтаудың мазмұнына, мəртебесіне ешқандай зиян тимейді.
  Бұл  жоқтаудағы  өлеңмен  өрілген  бір  аңсау-арман  –  білімді, 
білікті,  батыл  жас  азаматтың  қайталанбас  өмірбаян  парақтары. 
Заман – жаңа, адам да – жаңарған, ой-арман да – жаңалықтан тоят 
іздейді. Бірақ соның бəріне қол жеткізген азаматтың төттенен келген 
өлімі жаңалық пен əділдікті қатар іздеуші жұртты сансыратады...
Кешегі менің бекзатым,
Бесінде мектеп оқыған,
Алтыда ақыл тоқыған,
Жетісіне келгенде,
Жетпіс жерден дін сұрап,
Құдықтай көзін шұқыған.
Сегізіне келгенде,

82
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Сергелдіге бас болған,
Тоғызына келгенде,
Толған айдай балқыған,
Дəулеті көлдей шалқыған,
Он біріне келгенде,
Ақылы асты халқынан,
Он екіге келгенде,
Құрбы өтпеді нарқынан.
Жиырмадан өткен соң,
Енді отызға жеткен соң,
Салиқалы би болды...
Бұл салыстырулар мен деректің бəрі бірыңғай фольклорлық бейне 
деп айта аламыз ба? Әлде бұл гипербола – əсірелеу ме? «Қазақтың 
тірісінің бəрі жаман, өлісінің бəрі жақсы» дегеннің кері ме? Жоқ, бұл 
деректер жай эмоция болмаса керек. Алаштың Әлиханы мен Ахметі 
ұрпаққа аманаттаған «Ысмайылхан өлімі туралы» мұра шындыққа 
қиғаш  емес  деп  ойлаймыз.  Бұл  жерде  Күнжан  зары  –  бір  есептен 
халық зары, хандық мұрағы төбесінен ұшқан халық қайғысы. Бұл, 
бəлкім, «білікті,  əділ, елшіл,  батыл  төре-сұлтан  көбейсе,  қазақтың 
есесі  біреудің  қолында  кетпес»  деген  арман  шығар.  «Сондай 
Ысмайылхан өлді, енді сондай арлы азамат шығар ма екен?» деген 
ой-аңсар болар.
Қыршын  сұлтанды  жоқтауда  өмір  туралы  керемет  философия 
бар.
Сұм дүние, сағым боларсың,
Баршаны жалмап тынарсың.
Жылтырайсың сыртыңнан,
Өртенген ішің шынарсың.
Абайлатпай адамға,
Ақыры бір күн құларсың...
Сұм дүние, қазір көшесің,
Өткіздің ердің нешесін.
Бес күндей қызық көрсетіп,
Аларсың ақыр есесін...
Осы  тұста  Күнжанның  зары  ұлттың  зарына  ұласып,  адамзат 
жұмбағын, екі дүние сырын меңзегендей болады.

83
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Айырылдың, халқым, нарыңнан,
Көтерген ауыр қомыңды-ай!..
Қай теңдікке, ағайын,
Жеткізбей кетті-ай қолыңды-ай?!
Жоқтаушы немесе жоқтауды оқтын-оқтын қайталап жан жарасын 
жазған жұрт бұл жерде ой түкпірінде бір ғана Ысмайылханды ұстады 
деуге келе қоймас.
Қарап тұрсаңыз, аясына жоқтау жанры енетін фольклор – əлеуетті 
идеология.  XYIII-XIX  ғасырда  қаһармандық  жырлардың  неге 
маңызы артты? Отарланған ел азат күнін, айбарлы шағын сағынды. 
XX ғасырдың 20-жылдары Мағжандар, 60-жылдары М.Мағауиндер 
неге қобыз сарынын қозғады, жырлады. Бəрі де ұлт рухы үшін. «23 
жоқтау» да – қазақ рухына қойылған ескерткіш. Пəни өмірдегі адам 
неге  бақиға  озған  адамын  жоқтайды?  Екі  дүниенің  обал-сауабын 
ойлап  жоқтайды.  Шерлі  көңілде  идеализациядан  гөрі  шынайылық 
басым  болады.  Кез  келген  адамның  ата-анасы  –  əрі  асқар  тау,  əрі 
мөлдір бұлақ. Жоқтау айтқан перзент немесе туысқан осы пананы, 
осы  тазалықты  түсінгенін  айтып,  тəубасына  келеді.  Содан  бір 
отбасының  трагедиясы  ұлт  трагедиясына  айналып  кете  барады. 
«Әке  –  балаға  сыншы»,  «Жұрт  мақтаған  жігітті  қыз  жақтаған» 
нақылдарының мəніне лайық жас азамат қыршын кетсе, айналасы, 
ағайыны һəм жары немесе сүйгені бордай езіледі. Қайғыдан аһ ұрады. 
Пəктікпен  айтылған  жоқтау  адамның  сай-сүйегін  сықырлатып, 
жанын  қозғап,  жауапкершілік  биігіне  алып  шығады.  Байқасаңыз, 
былайғы өмірде өлім-жітімде оқылатын қасиетті Құран сүрелері мен 
аяттары  мағынасында  осы  сарын  айқын  көрінеді.  «Раббым  Алла, 
саған қайтамыз» делінеді Құран-Кəрімде. Қазақтың қара өлеңі мен 
жоқтауы:  «Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен?» дейді. Айтқандайын, 
1930 жəне 1937 жылдары А.Байтұрсынұлы сынды зиялыларға саяси 
кінə тағылғанда, «ескіліктің сөзімен халықты кеңес өкіметіне қарсы 
қойды» деген. «Тамшы тас жарады» дегендей, имандылықтан азар-
безер  жүйе  ескіліктің  сөзінен  зəре  құты  қалмай  қорыққан.  Әрине, 
қиын кезеңде мұра ретінде насихатталған жоқтаулардың астарында 
азаттықты  аңсау  ұғымы  тұрғанын  кеңестік  билік  түсінген.  Ал, 
зиялылар  «ескілік»  –  əрқашан  елдік  дəстүрдің  алтын  арқауы  деп 
білген.

84
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Əдебиеттер:
1.  Байтұрсынұлы  А.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  5-т.  – 
Алматы: Алаш, 2006. – 288 б.
2.  Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-т. –Алматы: 
Алаш, 2003. – 408 б.
3.  Боздағым: қазақтың жоқтау жырлары (құрастырған – Т. Арынов) 
–Алматы: Жазушы, 1990. – 304 б. 
4.  Іслəмжанұлы К. Қазақтың отбасы фольклоры. – Алматы: Арыс, 
2007.– 332 б.
5.  Қазақ  ырымы  мен  дəстүрі  исламға  сай  ма?  //Қазақстан-Zaman, 
23.10.2014 
Ханкелді ƏБЖАНОВ,
Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне 
этнология нститутының директоры
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі
ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ
Тарихты  адамдар  түзеді.  Олардың  іс-əрекеті,  ақылы,  бəсекесі, 
қоршаған ортаны игеруі немесе соған бейімделуі, тіпті мінез-құлқы – 
бəрі тарихи үдерістің барысы мен нəтижесін анықтайтын факторлар. 
Демек, кешегінің, бүгіннің, болашақтың бастау-бұлағында, өзегінде 
аналар  тұр.  Өйткені  адамды  жаратуда  құдайдан  кейінгі  құдірет 
аналар ғой. Қасиетті Құранның өзінде: «Әй, адам баласы! Шүбəсіз 
сендерді  бір  ер,  бір  əйелден  жараттық.  Сондай-ақ  бір-бірлеріңді 
тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» делінген емес пе? 
Ендеше, тарих тұңғиығына бойлағысы келген жан – ғалым болсын, 
əкім  болсын,  ақын  болсын  –  ең  алдымен  əйелдер  қауымының 
болмыс-бітімін дөп басып тануы керек. 
Бағалай  білсек,  бұл  орайда  жинақталған  тəжірибе  де  аз 
емес.  Әсілі,  Қазақстан  тарихының  мазмұны  мен  ерекшеліктерін 
зерделеуге  талпыныс,  жұмбағы  мен  құпиясын  шешуге  құмарлық, 
əлемдік,  құрлықтық,  өңірлік  өркениеттердегі  орны  мен  қадір-
қасиетін ашуға ұмтылыс тарих ғылымының атасы Геродоттан бері 
бір  сəтке  тоқтаған  жоқ.  Қисапсыз  жазба  деректер,  археологиялық 

85
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
айғақтар, этнографиялық жəдігерлер ғылыми айналымға енді, қилы-
қилы теориялық, методологиялық қағидалар, болжамдар, пайымдар 
түзілді.  Солардың  бірде-біреуі  тарихтағы  əйел  факторын  айналып 
өтпеген екен. 
Сақтардан  тартып  Қазақ  хандығы  құрылғанға  дейінгі  дəуірге 
қатысты жазба ескерткіштерде Ұлы даланың əйелдері алтын құрсақ 
ана да, жаужүрек Отан қорғаушы да, кемеңгер мемлекет басшысы 
да  бола  алғаны  кешенді  айтылады.  Ерекше  назар  аударарлық 
мəселе мынада: əр тарихи кезеңнің, дəуірдің, тіпті қас-қағым сəттің 
тағдыранықтағыш  себебі  мен  саласы,  оқиғасы  мен  тетігі  бар. 
Арғықазақ  қоғамындағы  əйелдер  осының  бəрінің  басы-қасынан 
табылып отырған. Мəселен, сақ заманындағы мемлекет пен халық 
тағдыры  көбінесе  халықаралық  қатынастармен,  соғыспен,  жаулап 
алумен  анықталғаны  белгілі.  Ұлы  сақ  патшайымы  Тұмар  өз  еліне 
баса-көктеп  кірген  парсы  билеушісі  Кирді  ойсырата  жеңгенде  ат 
құлағында  ойнап,  жебеден  оқты  қарша  борандатқандардың  қалың 
тобы  қыз-келіншектер  –  «ер  апалар»  (Т.  Жұртбай)  еді.  Тарихтың 
атасы  саналатын  Геродот  шығармасында  Тұмар  патшайымның 
Елбасы,  Әскербасы,  Ана  ретіндегі  тұлғасы  кемел  ашылған.  Ал 
мемлекет мүддесін, халқының болашағын жеке басының қызығынан 
жоғары  қойған  сақ  қызы  Заринаға  қатысты  аңыз-əңгіме  əлемдік 
тарихнамадан  өзіне  лайықты  орнын  тауып  отырғанын  кездейсоқ 
құбылыс деуге əсте болмайды. 
Кеше  де,  ертең  де  ұлттық  қауіпсіздік  əйелдер  қолында  қала 
бермек.  «Әкенің  жақсылығы  жездедей-ақ»  деген  халқымыз  ұрпақ 
тəрбиелейтін  ана  ұлтты  да  тəрбиелейтінін  қапысыз  түсінген. 
Тарихи  деректерде  Хань  билеушілері  арнайы  даярлықтан  өткен 
ханшайымдарын  үйсін  гуньмосына  қалыңдыққа  бергені  жайлы 
мəліметтер мейлінше мол. Егер арғықазақ бабаларымыз жатжерлік 
жарларын  ел  басқару  ісіне  араластырмай,  күң  орнына  жұмсайтын 
болса, «қытай ханшайымы саясаты» дүниеге келмес еді. Қытайлық 
ханымдардың кереғар тірліктері өз алдына бөлек əңгіме. Қысқасынан 
қайырсақ, үйсін күнбиі Оңқай би (ж.с.д. 93-60 жылдар) əмеңгерлік 
жолымен  Жие-ю  ханымды  алыпты.  Ұлы  Хань  мемлекетінің  сəн-
салтанатқа  толы  сарайын  тастап,  көшпелі  үйсін  еліне  ұзатылып 
келгендегі Жие-ю ханшаның əу бастағы мақсаты не еді, «Тəңір ұлы» 
оған қандай міндет жүктеді? – деген сұрақтарға бүгінгі қазақ ғалымы 
Т. Жұртбай былайша жауап береді: «Ең басты тапсырма: үйсіндердің 
бауырын  жылытып,  бетін  Ұлы  Қытай  қорғанына  қарату.  Сөйте 

86
жүктеу 10.56 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет