Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет4/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
кейбір  тайпалар  одақтары  өздеріне  меншіктеп,  фонетикалық-
грамматикалық  белгілері  жағынан  өздерінің  сөйлеу  тілдеріне 
жақындатып  жырлап  кеткенге  ұқсайды.  Бұған  бұл  жырдың 
қазақтарда, ноғайларда, өзбектерде, Оңтүстік Қырым түркілерінде 
сақталып  келгені  дəлел.  Жырдың  Едіге  туралы  ондаған  өзге 
нұсқаларында,  айталық,  Мұрын  жыраудың,  Ә.Диваев  бастырған 
жəне  басқа  да  нұсқаларда  (Қ.Сəтбаев  жинап  бастырған  жырдан 
басқаларында)  Шоқан  нұсқасындағыдай  тұнып  тұрған  əсерлі 
суреттер:  поэтизмдер  (образды  құрылымдар)  əлдеқайда  аз. 
Бұларда көбінесе оқиғаны баяндау басым. Әрине, əңгіме бояулы, 
əсерлі  сөздердің  аз-көптігінде  емес,  жырдың  тілі  қолданған 
амал-тəсілдердің  сипатында.  Сірə,  бұл  жырдың  тағы  да  бір-екі 
нұсқасымен  (қолжазбамен)  танысқан  Шоқанның  өзі  жаздырып 
жинап  алған  варианттың  тілдік-көркемдік  жағынан  əлдеқайда 
озық тұрғанын бірден танып-бағаласа керек.
Едіге туралы жырлардың ортақ тұстары да бар, оқиға желісі де 
бірдей, бұлардың ішінде жиі айтылатын Ормамбет би өлгенде, Он 
сан ноғай бүлгенде деген баяндаулар жырдың Ноғайлы жұртында 
туғанын,  бұл  ыдырағанда  Тоқтамыс  хан  «алдырттым»  деп 
өкінгендегі қазақ шығып кеткен «үш жүз алпыс отаулы» тайпалар 
бірлестігі – бүгінгі қазақтар жырды өздерімен бірге алып кеткен. 
Бұл кезде «Едіге» жыры, əрине, əлі таза қазақшаланып үлгермеген. 
Жыр  тек  ауызша  емес,  жазба  түрде  хатқа  түсіп  те  сақталған 
сияқты. Мұны Шоқан жинаған варианттан айқын көреміз. Шоқан 
нұсқасындағы төгерек (қазақша төңірек болуы керек), қоңғыр қаз 
(қоңыр қаз), алғаштан (əуелгі), бергештен (кейінгі, бергі), жақын, 
жеткеш (жеткесін), сөзлесті (сөйлесті), нешік (қайтіп, неліктен), 
екің  де  үйден  шық  (екеуің  де)  сияқты  ноғайлық  жеке  сөздерді 
Шоқанға ХІХ ғасырдың орта тұсында жазып берген адамның өзі, 
яғни қазақтың өзі осы тұлғада айтпаған болар еді.
«Едіге» жырының бұл ең əрідегі нұсқасының тілдік көркемдігі 
кейін  жырланған,  оның  ішінде  Мұрын  жырау  жырлап  жеткізген 
варианттарының тілінде де адамдар портреті сөз болған тұста оған 
қатысты атаулар бейнелі эпитеттермен келеді: төсі аршынды сұлу, 
аршын төс сұлу, алтыннан соққан ақ орда, күмістен соққан ақ 
есік (хан ордасын суреттегенде) бұт сауырлы күреңше ат, ақ қара 
кіс тонкөк ала жорға ат мінгенкөк дабылпаз байланып, ұшан 
теңіз  айланып,  тұтам  бауы  сары  алтын  ақ  сұңқар  құс  береді 

34
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
т.т. осы сияқты тіркестердің көркем сипаттармен (эпитеттермен) 
берілгені кейін туған көркемдік қорын түзген.
Қазақ  əдеби  тілінің  жасап  өткен  кезеңдеріндегі  тарихын 
əрі  қарай  зерттеушілердің  алдында  осындай  эпостардың 
варианттарына текстологиялық талдаулар жүргізу қажеттігі тұрады. 
Мұндай  талдаулардың  нəтижесі  бойынша  тек  əрқайсысындағы  
өзгешеліктерді ғана тауып көрсету емес, ол  айырмашылықтардың 
себеп-салдарын, ертелі-кештігін, стильдік тұрғыдан сəтті-сəтсіздігін 
қоса танып-таныту жұмысы тұрады. Бұл – əрине, бір зерттеушінің 
бір-екі жылдық қана шаруасы емес. Осындай міндеттерді ескеріп, 
біз  бұл    еңбекте  ауызша  дамыған  эпос  жанрының  тілін  кеңінен 
талдап-таныта алмағанымызды ескертеміз. 
Дегенмен бірнеше жылдан бері қазақ əдеби тілінің бес ғасырлық 
тарихын  пайдаланатын  оқулық  ретінде  жазып  жүргенімізде  
семасиологиялық,    этимологиялық  ізденістер  жүргізген  «Сөздер 
сөйлейді»,  «Қазақ  тіліндегі  ескіліктер  мен  жаңалықтар»  атты 
еңбектерімізде  сөз  ететін  материалдарды  (мысалдарды)  жинау 
барысында  қазақ эпостарының тілі туралы да айтуға керек-ау деген 
тақырыптар (мəселелер) сан рет ойға оралып жүрді. Солардың шет-
пұшпағынан  аз-кем тапқан-танығанымызды сөз етсек.
Біз  біршама  қарастырып  үлгерген  5-6  батырлар  жыры  мен 
«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»,  «Қыз  Жібек»  жырларының  сөздік 
қазынасына үңілгенде, онда бірқатар ерекшеліктер бар екені көзге 
түседі. Айталық, ерлік тақырыпты жырларда ұрыс-соғысқа қатысты 
лексикалық  сөздер  айқынырақ  көрінсе,  ғашықтық  тақырыбын 
жырлайтындарында адамның көңіл күйіне, бір-біріне деген қарым-
қатынасына,  əдет-ғұрыпқа  қатысты  сөздер  мен  тұрақты  тіркестер, 
оның ішінде бейнелі фразеологизмдер көбірек кездеседі. 
Батырлар  жырларында    аты  айтып  тұрғандай  батырлық,  ерлік 
семантикасын  сақтаған жеке атаулар мен қимыл-қарекетті атайтын 
қолданыстар, оның ішінде бейнелі фразеологизмдер көп кездеседі: 
Ырғай сапты сүңгіні
Ырғай, ырғай салысты,
Итерісіп тұрысты,
Найза қанға майысты,
Ат тізесін бүгісті,
Бүгісе, бүгісе тұрысты.
Тебінгіге тер қатып,

35
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,
Қақырғанда қан ішті,
Түкіргенде жын ішті,
Қанжарменен қармасты
Семсерменен серместі.
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып.
Диқан еккен егінді,
Есен алса, тегін-ді.
Қан қабақтан төгілді,
Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді,
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтан сөгілді... («Қобыланды батыр»)
Қатуланып, қаттанып,
Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тоңып,
Əр жақ пенен бер жаққа,
Найзасын ұстап бармаққа,
Аттанбаққа қалмаққа. («Қобыланды батыр»)
Қабағына қар қатқан,
Кірпігіне мұз қатқан,
Он екі күнде бір жатқан,
Он үш күнде бір татқан,—
О да айтулы ер еді,
Қызылбастың елі еді,
Құдайдан дұспан сұраған,
Жау көрмесе, қураған,
Найзаның ұстар жеріне,
Қолыма жұмсақ болсын деп,
Топтап барқыт ораған,
Шын қаһарына келгенде,
Жауған қардай бораған... («Қобыланды батыр»)
Түртіп өтіп кеткені,

36
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Тақиядай ұшады.
Екпініне шыдамай,
Атының жалын құшады («Қамбар батыр»)
Батырлар  əдетте    ерлік  мінез  көрсетеді,  көбінесе    жер-
суға  (Отанының,  отбасының  амандығын  қорғау  үшін  олардың 
қазынасына)  таласып,  қалыңдығына  көз  тіккен  дұшпандарымен 
алысады  (соғысады).  Қазақ  батырларының  қарсыластары  –  ата 
жаулары болып келген қалмақтар, олардың хандары мен батырлары. 
Бұл  –  қаһармандық  эпостардың  тілдік-стильдік  белгілерінің  бірі. 
Бұл жырлардың лексикалық қазынасындағы əскери топ, яғни ұрыс-
соғыс,  қақтығыс-соқтығыс  семантикасын  білдіретін    жеке  сөздер 
қару-жарақ  атаулары,  қимыл-қареткетті  білдіретін  етістіктер  мен 
неше алуан жеке сөз тіркестері, дублеттері мен варианттары, əсіресе 
бейнелі  эпитеттер  мен  метафоралар,  салыстырулардың  (теңеулер) 
бүгінде  біз  көп  білмейтін,  қолданылмайтын  (айтылмайтын, 
жазылмайтын)  түрлерін  негізінен  батырлар  жырлары  сақтап, 
жеткізіп отыр. 
Қазақтардың  орта  ғасырларда  ең  негізгі  ұрыс-соғыс  қаруы  жақ 
(садақ)  болса,  оның  тек  өз  атауы:  жа/жай/жақ,  садақ  қана  емес, 
құралдың  бөліктері:  адырна,  оқ  деген  атаулардың  да  бірнеше 
варианты тілдегі сөз санын ұлғайта түскендей. Ол нұсқалар көбінесе 
сөз тіркестері, қос сөздер сияқты морфологиялық тұлғалар түрінде 
көрінген.    Мұнда  қару-жарақ,  сауыт-сайман  атауларын  көркемдеп 
(əсерлі етіп) танытатын эпитеттер, салыстырып атайтын  теңеулер, 
бейнелеп  білдіретін  метафоралар  сияқты    көріктеу  амалдары  жиі 
қолданылған. Мысалы, ұрыс үстінде батыр не жауынгер (қатардағы 
сарбаз)  қолына  найза  ұстады,  балта  сілтеді,  қылышпен  шапты 
дей  салмайды.  Олардың  қолындағы  найза  толғамалы  көк  найза, 
алдаспан ауыр қылыш, толғамалы көк сүңгі, толғамалы ала балта, 
алдаспан  ауыр  қылыш,  он  екі  құрсау  жез  айыр,  отыз  батпан  ақ 
алмас,  алты  аршын  ақ  болат,  төрт  қырланған  көк  сүңгі,  он  екі 
құрсау жез айыр т.б. сияқты құрамды тіркестермен келеді. Бір ғана 
садақ оғы қозы жауырын қу жебе, қу жебе, сұр жебе деп айтылады. 
Тек  əскери  атаулар  емес,  табиғат  көрінісіне  қатысты  өзен,  көл, 
терек,  тау,  адыр  т.б.  сияқты  атаулар  да  эпостық  жырларда  жалаң  
айтылмайды. Олар: жапырағы жайқалған жау терек, айдын сулар, 
аймақ көлдер, бадана көзді кіреуке, отыз батпан ақ алмас, алты 
аршын ақ болат, шай жібек оқ, қайың оқ, он екі тұтам  оқ, күшіген 

37
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жүнді  оқ,  алдаспан  ауыр  қылыш  сияқты  күрделі,  əсем  атауларды 
біз тек батырлар жырларынан табамыз. Бұл – əрине, сөз қазынасын 
байыту үшін емес, эпос тілін əсерлі, құлаққа жағымды көркем сөзді 
ұсыну    мақсатымен  туған  тұлғалар.  Бұл  амал-тəсіл  қазақ  сөзінің 
кейінгі  көріністерінен де кеңінен қолданылған. Оған осы жұмыстағы 
Махамбет  ақынның  өлең-толғауларын  талдаған  сəттеріміз  мысал 
бола алады. 
Бұл күрделі (құрамды) атауларда өте ертеден келе жатқан «көне 
көз»  қолданыстардың  орын  алғанын  да  баса  айтамыз.  Мысалы, 
қоғалы  көлдер,  қом  сулар  деген  тіркесте  қом  сөзі    бұл  күнде 
«толқын» мағынасында қолданылмайды. Сол сияқты су сөзінің де 
көне  мағынасының  бірі  –  «өзен»,  сонда  бұл  тіркес  қоғалы  көлдер 
толқынды өзендер дегенді білдіретін əсерлі (эмотивтер). 
Бұндай  құранды  атаулардағы  ақ,  қара,  көк  сөздері  де  түсті 
білдірмейді,  ол  да  –  ертеден  келе  жатқан  көнедегі  семантикалық 
өрістер, «ақ – жақсы», «қара – үлкен, мықты», «көк – мықты» деген 
көне семантикалық өрістерде келген деуге болады. Тек жеке заттар 
мен олардың сапасын көрсететін  əсерлі қолданыстар ғана емес, іс-
қарекетті де бейнелеп , əсерлі етіп айтуды да эпос тілінен табамыз. 
Айталық, Алпамыс батыр қарсыласы қалмақ ханына  «Мен жеңемін!» 
дегенді Астыңдағы алтын тақ я сенікі, я менікі. Белдеудегі бедеу 
ат я сенікі, я менікі десе, енді бір батыр қарсыласына: Туырлығын 
тілгілеп,  тоқым  етсем  деймін,  керегеңді  кескілеп,  отын  етсем 
деймін  деп  айбат  көрсетеді.  Сөйтіп,  эмотивтер  мен  экспрессивтер 
қазақ  эпостарының  ең  сəтті,  ең  күшті  көріністері  екенін  баса 
айтамыз.  Жырлар  тілінің  көркемдігі  мен  əсерлілігін  танытуда  жиі 
қолданылған   ала – «мықты ат» (жылқы  ішінде аламын, қылшық 
жүнді  қарамын),  бедеу  –  «ұрыс-шайқаста  мінетін  ең  мықты  ат» 
(бедеуден бедеу таңдап мінген ер), ала ту – «үлкен немесе ұрыс-
шайқаста  көтеретін  ту»  (Абылайдың  ала  туы),  азамат,  жолдас  – 
«ұрыс-шайқасқа бірге шығатын сарбаз». 
Қазақтың  ерлік  жырлары  мен  ғашықтық  жырларының  тілінен 
бірқатар  этнографиялық  мағлұматтармен  осы  саладағы  жеке 
сөздерді (этнографизмдерді) көреміз. Мысалы, «Ер Едіге» жырынан 
бастап,  бірсыпыра  жырларда  кіс  атауы  жиі  кездеседі.  Бұл  сөз  тек 
осылай  аталатын аңның  өзін таныстыру үшін емес, терісі бағалы, 
бұл  күнде  «бұлғын»  деп  аталатын  аңның  ертеректегі  атауы,  аң 
терісін  жамылған  немесе  киім    тігілетін    аң  терісі  деп  түсінуге 
болады. «Едіге» жырында Едіге баласы Нұрадын туғанда оны қара 

38
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
кіске  бөлетті,  қара  кіс  оған  батар  деп,  бала  кіске  бөлетті  деп 
жырланады.  Едіге  Тоқтамыс  ханға  өкпелеп  кетіп  қалғанда,  «оны 
үгіттеп алып кел» деп жіберген Жанбай парламентер (келістіруші) 
Едігеге: Сен қайт, саған хан жауырындары жақталы, түйме бауы 
тартпалы ал қара кіс тон береді оны үстіңе ки-сана, – дейді..
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасында ғашықтар 
туралы бір жатыпты қара кіс жамылысып деген жыр жолдары бар. 
Демек, ерте кезде аң терісінен бір-біріне жалғап құраған жамылғы 
жасалатын болған. Бұл  – этнографиялық қарекет. Сірə, осы күнде  
көрпе  деген  жамылғының  түп  тегі,  үй  малдарының  төлдерінің 
терісінен илеп, құрастырып жасаған жамылғы болар: көрпе, көрпеш 
деген сөздер – төл атаулары. 
Эпостар  тілінде  қолданылған  кейбір  сөздер  өткен  кезеңдердегі 
қазақ  қауымының  экономикалық  жай-күйінен  хабар  бергендей 
болады.  Мысалы,  «Айман-Шолпан»  жыры  ХІХ  ғасырдың  мұрасы 
екендігін  ондағы  Көтібар,  Есет  деген  кейіпкерлерінен  білетін 
болсақ, дəл осы кезеңде қазақ даласына  сауда капиталының келгенін 
де  жырдың  өлең  жолдарынан    біле  аламыз.  Айталық,  Көтібардың 
ерке  тоқалы  Теңгені  Айман  қыздың:  Базарда  теңге  болсаң,  пұл 
боларсың дегеніне қарап та білуге болады. Бұл жердегі базар, пұл, 
теңге сөздері сауда-саттықтың  бұрынғы айырбас амалынан ауысып, 
ақшалы  түріне көшкен кезеңді көрсетеді.
«Қыз  Жібек»  жыры  да  –  сондай,  «күні  кешегі»  ХІХ  ғасырдың 
туындысы. Жібек пен құрбы қыздары мініп бара жатқан пəуескелер 
(повозки), яғни үсті жабық арбаларды алдыңғы дəуірлердің қыздары 
түгіл, ханымдар мен ханшалар да көп көрмеген болар. 
Ертедегі ақын-жыраулардың өлең-толғауларында жеке адамның 
портреттері айтылмайды. Ал қазақ эпостарында сұлу қыздың бет-
бейнелік, тұрыс-тұрпаттық портреті өте əдемі беріледі. «Қыз Жібек» 
жырында  Базарбайдың  Төлегені  көрген  қыздарының  портреті 
былайша беріледі: 
...Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады;
Таң мезгілі болғанда,
Шолпанның туған жұлдызы,
Кигені алтын, құндызы,
Бейіштен шығып келмесе,
Бұл жалғанда хор қызы.

39
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Осы екен деп Қыз Жібек,
Жетіп келді қасына –
Базарбайдың Төлеген.
Осылайша бірнеше қызды көріп, олардың сұлулығына таңғалып, 
«Жібек осы екен!» деп ойлап, оза бергенде, Жібекті тапқан анасын 
көреді. Онда да əйел затының сұлулығы суреттелген: 
Көш алдына қараса,
Бір бəйбіше нұр жүзді
Көшті тартып барады.
Көш алдында бəйбіше
Сары алтынның жабдығы,
Бір жүз түйе қазына
Қызыл алтын сандығы
Көрұғлы – сұлтан қатыны,
Аға Жүніс перідей,
Көркі раушандай –
Жазығы қатын демесең,
Қартайса да ілгері 
Əлгі қыздан салдығы.
Айдың өткен нешесі,
Ай қараңғы көшесі,
Жазығы қатын демесең,
Қартайса да ілгері 
Ілкі қыздан мүшесі.
Асылдай болып есіліп,
Нұрдай болып шешіліп,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жалтырап,
Алтынды кебіс сартылдап,
Көшті тартып барады,
Жібекті тапқан шешесі.
Ал соңында Жібектің өзін көреді. Сөйтсе Жібек: 
Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сəулеті,
Лəйлі, Мəжнүн болмаса,

40
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Өзгеден артық келбеті.
Үш қызы бар қасында-ай,
Өзі он төрт жасында-ай.
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай.
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында.
Қыз Жібектің шаштары
Қоғалы көлдің құрағы.
Көз сипатын қарасаң
Сегіз бейіш ішінде
Хорлардың жаққан шырағы.
Дүрі – гауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы.
Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы 
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары 
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің шырайы
Ай балтаның сабындай.
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай.
Оймақ ауыз, құмар көз,
Іздеген ерге табылды-ай.
Өткірлігін байқасаң,
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Бір ауыз сөз сөйлескен,
Мұрадына жеткендей.
Тірісі түгіл, Жібектің,
Өлігіне адам қайырылып,
Бетінен келіп өпкендей.
Қыз Жібекті Төлеген
Ақылымен танып тұр,
Көз мейірі қанып тұр,

41
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Бейіштен жанған шамшырақ,
Көзі ойнап жанып тұр.
Белі нəзік талып тұр.
Тартқан сымнан жіңішке,
Үзіліп кетпей, нағып тұр?!
Қысқасы,  эпостық  жырлардың  тілдік-стильдік  сипатын  танып-
білуде  зерттеушілердің  алдыңда  сан  алуан  тақырыптар  тұрады. 
Біздің  жоғарыдағы  талдап-танытқандарымыз  –  эпос  тілінің  оннан 
бірі ғана (не одан да көп қырлары болар). 
Эпос  жырлары  тілінің  құрылымдық-стильдік  ерекшелігі  жəне 
бар.  Ол  толғау-жырлардың,  яғни  өлеңдермен  келген  жырдың  ара-
арасында  қара  сөз  үзіктерінің  жиірек  келіп  отыратындығы.  Ол 
үзіктер  жарты  бетке  толар-толмас  мəтін  болып  келеді.  Мысалы, 
«Қамбар  батыр»  жырындағы  ең  алғаш  кездесетін  қара  сөз  үш 
жолдық қана. Онда Назым сұлудың əкесі  қызының талап-тілегімен  
жігіт таңдайтынын білдіріп елге жар салады. Бірақ хабаршы Қамбар 
батырға  хабар  бермейді.  Оның  себебін  екі  жолдық  қара  сөзбен 
білдіреді:    Назымның  ешкімді  жаратпағанының  мəнісі  сол  екен, 
шақырушы  жарлы  деп  Қамбарды  шақыртпапты.  Мұны  «əнсіз 
əңгіме»  деп  береді.  Жырдағы  «əнсіз  əңгімелердің»  –  прозалы 
сигменттің барлығы да өте қысқа. 
Ал  «Алпамыс  батыр»  жырының  қара  сөз  бөліктері  едəуір 
ұзақтау  (бір  бетке  жуық)  болады.  Ұзақ  жыр-толғаулардың  ара-
арасында келтіріліп отыратын прозалық бөліктердің араласу себебін 
зерттеушілер əртүрлі түсіндіреді. Біреулері: «Бұл қоспалар  жырдың 
өзі  белгілі  бір  сазбен  жəне  домбыра,  қобыз  сияқты  аспаптармен 
сүйемелдеп айтылатын (жырланатын) болған. Жырды жатқа ауызша 
айтып  отырған  адам  (жыршы)  шаршап  кеткен  жерінде  толғауын 
бір  ауыз  қара  сөзбен  «əнсіз»  айтып  кетеді»,  –  десе,  екінші  бір 
зерттеушілер  өзге  мотивтерді  алға  тартады.  «Алпамыс  батыр»  – 
тұтасынан  толғаған  ұзақ  жыр.  Қара  сөзді  бөліктері  ұзақтау,  бірер 
бетке жуық болып, «əлқисса», «онда» деген сөздер жалғастырушы 
элемент  болып  келеді.  Демек,  бұл  екі  сөз  батырлар  жырларының 
барлығында  бірдей  қызмет  атқарып  тұрғанына  қарағанда,  олар 
стильдік  құралдардың  бірі  əрі  жырлардың  белгілі  бір  таңбасы 
ретінде  көрінеді.  Жырлардың  қара  сөзді  сегменттері  (бөліктері) 
көркемдік  белгілері  өлеңмен  берілген  негізгі  бөлігіндей  айшықты 
қолданыстармен  келмейді.  Негізінен  өлеңді  бөліктің  жалғасы 

42
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
қысқаша баяндайтын əңгіме стиліндегі материал болып шығады.
XV-XVII  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  тілінде  айшықты 
эпитеттер,  əсерлі  теңеулер,  əсем  метафоралардың  бірқатары 
эпостық үлгілерде де жанаса қолданылып жүрсе немесе ішінара 
бірінен бірі ауысқан болса, енді бірсыпырасын ақын-жыраулардың 
өздері жасаған дүниелер. Мысалы, батырлар жырларында тақырып 
бір (ерлік), идея бір (жаугершілік), уақыт кеңістігі (қай кезеңнің 
оқиғасы)  əртүрлі  болғанмен,  ол  да  бір  (өткендегі),  сюжет  пен 
мотив ұқсас болғандықтан, бұлардағы адамдардың, əсіресе басты 
кейіпкерлердің,  олардың  үстіндегі  киімдері  мен  ұстаған  қару-
жарақтардың,  астындағы  аттарының  сипаттамасы  көркем  түрде 
беріледі,  яғни  бейнелі  тұрақты  тіркес-фразеологизмдер  болып 
қалыптасады: бадана көзді кіреуке (сауыт), қозы жауырын қу жебе 
(оқ),  аюдайын  айбатты,  арыстандай  қайратты,  қоспақ  нардай 
күрілдеп  (батыр),  отыз батпан ақ алмас, алты аршын ақ болат, 
төрт қырлаған көк сүңгі т.т. Тұрақты бейнелі қимыл атаулары да 
əрі ортақ (жиі кездесетін), əрі əсерлі түрде көрінеді: сұлу қыздың 
қасы  жайдай  керілген,  кірпігі  оқтай  тігілген  болып  суреттеледі 
(«Ер  Тарғын»  жырындағы  Ақжүністің).  Ал  оза  шауып  олжа  алу, 
буырқанып  бұрсану,  мұздай  темір  құрсану,  туырлығын  тілгілеп 
тоқым  ету  сияқты  бейнелі  қимыл  атаулары  эпостарда  да,  тіпті 
олардың қарасөзбен келетін бөліктерінде де, кейбір ертегілерде де 
орын алады.
Бұлардан басқа да көріктеуші тəсілдердің бірі жəне ең өнімдісі 
əр  типтегі  қайталамалар  болып  танылады.  Қайталама  дегеннің 
түрлері өте көп. Мысалы, «Қобыланды жырында қалмақ батыры 
Быршымбай  ұйықтап  жатқанда  қолға  түскен  тұтқындардың 
жанына келеді:
Келуімен Быршымбай 
Бөтен сөзге қарамай,
Қобыландыны бір шаншып,
Қарлығаны бір шаншып 
Қараманды бір шаншып
Сыдырып өтіп жөнелді, –
деп  жырланады.  Эпостық  жырлардың  өлеңмен  келген 
тұстарында  тармақ  соңында  -ай,  -ды,  дейді  сияқты  көмекші 

43
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
тұлғаларды қайталап беріп отыру кездесіп қалатыны да жоғарыда 
айтылды.
Бұл, сірə, табан астында өлең жолдарын ауызша айтуда пайда 
болатын  амал  болса  керек,  ол  арқылы  өлеңнің  интонациялық 
қуатын арттырады. Мысалы, «Қамбар батырда»: 
Мінгенде атың ала-ды,
Алаға тоқым салады-ай.
Сөздерінен сөз шығып,
Алшыораз бенен ағасы 
Бақандасып қалады-ай...
Сол сияқты:
Сонда Мақтым сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді?
Ақ төс тазы мен дейді,
Қара төбет сен дейді,
Таласқаның қыз дейді.
Әрі қарай бұл жыр үзігінің 9-тармағы деді сөзінің қайталануымен 
келеді.  Бұл  амал  тек  батырлар  жырларында  емес,  «Қыз  Жібек», 
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты лиро-эпостардың тіліне де ортақ 
болғанын  көреміз.  Бұл  тəсілмен  келген  өлең  жолдары  көбінесе 
XIX  ғасырда  Радлов,  Ильминский,  Березиндер  жинаған  (жазып 
алған) нұсқаларында жиі кездеседі. Радлов жинаған нұсқалардан:
Өлеңнің ақиқатын жарай дейді,
Сегіз ұжмақ бейнесін сарай дейді.
Березин жинаған жырда:
Тазша тұрып армаған кетті дейді,
Қыран-топан құлдарды етті дейді.
Эпостарда, оның ішінде «Едіге» жырының Шоқан Уəлиханов 
жинаған  нұсқасында  айтылмақ  ойды  бейнелеп  ұсыну  жақсы 
көрінеді. Айталық, жұрты үшін еңбек еткен баласы Нұрадынды:

44

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал