Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет30/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
алынды.  Өйткені  əженің  қоғамдағы  орны  ерекше  болғанмен, 
оған  көңіл  бөлушілер  аз  еді.  Бірінен  соң  бірі  жалғасқан  тарихи 
өзгерістер  əдебиет  өкілдерін  тарихи  əлеуметтік  жағдайдан  өзгеге 
бет  қаратпады.  Халық  басындағы  ауыр  жағдай,  отарлау  үдерісі, 
жер  мəселесі,  əйел  теңсіздігі,  жаңа  заман  жаңалығы  секілді 
мəселелер осы кезге дейінгі əдебиетшілердің тақырыбына айналды.
Көнеден  жаңаға  бет  алған  əжелер  образы  қазақ  халқының  салт-
дəстүрімен, тəлім-тəрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты 
тəрбиелеуде  əженің  рөлі  айтарлықтай.  Бесікке  салу,  бесік  жырын 
айту,  шілдехана  секілді  салт-дəстүрге  əже  тікелей  қатысты.  ХVІ-
ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр əжелеріміз өзінің 
жерін  қорғаған.  Сол  заманның  өзінде-ақ  қоғамдағы  əжелер  орны 
айқындалғанын байқатады.
Қазақ  қоғамында  əулетті  тура  жолдан  тайдырмай,  дұрыс 
тезге  салуда,  жеткіншіктерді  жастайынан  адами  келбет  ауанынан 
алыстатпай тəрбиелеу үрдісінде ақ жаулықты «əжелер мектебінің» 
алар орны қашан да бір төбе болған ғой. Әжелер – барлық тəрбиенің, 
барлық  құндылықтың  бастауында  тұрады.  Әрине,  ежелден  қазақ 
халқының нəзік жандылары таққа отырып, ел басқармаған, ерінен 
бұрын сөз бастамаған. Осылайша əжелер өнегесі – ұрпақтан-ұрпаққа 
ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тəрбиенің тау сылмас қайнар 
көзі  болып  саналады.  Бұл  –  ұлттық  болмысымызға  тəн  қасиет  əрі 
құндылық.
Бесіктен  тамыр  тартқан  тəрбие  келе-келе  əже  мен  немере 
арасындағы  көзге  көрінбейтін  нəзік  бір  байланысқа,  екеуі  жазбай 
түсінетін  ортақ  психологияның  қалыптасуына  алып  келген.  Обал, 
сауап,  ынсап,  парыз,  аманат,  борыш,  қанағат  секілді  ұғымдар 
маңызының  айқындалып,  бала  сана сына  тереңнен  сіңуіне  де 
əже  ықпалының  айрықша  болғаны  да  айдан  анық.  Яғни  əрбір 
отбасындағы əже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы.
Қазақ  қоғамының  сүт  бетіндегі  қаймағындай  болған 
азаматтарының,  тарих  парағына  есімі  өшпестей  етіп  қашалған 
тұлғалардың қалыптасуында да əжелердің сіңірген еңбегі зор болған 
ғой.  Мұхтардың  əжесі  Дінəсілдің  ұрпағына  берген  тəлім-тəрбиесі 
мен рухани мұрасы таусылмас қазына емес пе еді?
Әжелер өнегесі мен олардың тəлім-тəрбие ұрығын себуші, ұлттық 
салт-дəстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы ретіндегі ешкім қайталай 
қоймайтын, алмастыра алмайтын бейнесі XVI-XVIII ғасырларда-ақ 
айқындалып қойған емес пе еді?! Дана əжелердің қоғамдағы орны 

296
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
– XX ғасырдағы қазақ про засында анық көрініс табуына да елеулі 
əсер еткен. Бұл мысалдардың барлығы – ақ жаулықты жандардың 
ұлағатын  айна-қатесіз  көрсетеді.  Демек,  ұр пағын  жаза  басудан 
сақтандырып,  қайта  өнегесімен  өрісін  кеңейткен  əжелер  болған, 
келешекте бола да береді.
Десек  те,  дүние  ғаламдасу  кеңістігіне  қарай  ойысып,  жан-
дүниеміз  батыстан  жеткен  «сыртқы  күштермен»  жадыланып  бара 
жатқан мына заманда біз осы бір рухани құндылықтан ажырап, яғни 
əжелер салған ізгі жолдан жаңылмасақ екен дейміз.
Әжелер  туралы  жазылған  өлеңдер  көп.  Әнге  айналғандары 
қаншама?! Мəдениет пен əдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп, 
оларға тарихымызды танытып, салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрпымызды 
үйретіп, үлкен үлгі, өнеге көрсететін де – əжелеріміз. Дана халқымыз 
үлкендерге құрмет көрсетіп, қарттарын төріне отырғызып, олардың 
айтқан ақылына, өсиетіне құлақ асып, үлгі тұтқан. Қазақ отбасында 
əжелердің  орны  ерекше  əрі  қадірлі  болған.  Әлі  де  солай.  Әже  – 
отбасының ғана емес, əулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың 
ауызбірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, 
келіндердің тəрбиешісі əрі ақылгөйі атанған. Өз балаларын бағып-
қағып азамат етіп тəрбиелеген соң, немере-шөберенің тəрбиесімен 
айналысып,  оларды  қызғыштай  қорып,  бар  мейірімін  төгеді.  Ел 
тарихында  бір  рулы  елге  ана  болып,  ел  бірлігін  сақтап  келген 
Домалақ ана, Абайдың əжесі Зере секілді əжелердің бейнесі аңыз-
əңгімелерде, əдеби шығармаларда сомдалған.
Әже – отбасының ғана емес, əулеттің ұйытқысы, ағайын-туыстың 
бірлігін,  абысынның  татулығын  сақтайтын  сыйлы  анасы,  кейінгі 
жас  келіндердің  тəрбиешісі  əрі  ақылшысы.  Сондықтан  да  қазақ 
қоғамында тұңғыш немерені əженің бауырына салады. Бұл тек біздің 
халыққа ғана тəн қасиет. Сөйтіп, бала ата-əженің кенжесі саналады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп жазған еді Мұхтар Әуезов. 
Ал  бұл  сөздің  өз  мəнінде  жүзеге  асуының  түп  негізін  əжелер 
өнегесінен  алып  қарауымыз  да  заңды  секілді.  Бұл  ұлағатты  сөз 
кез  келген  адамды,  ең  алдымен,  өз  елінің  салт-дəстүріне  деген 
жанашырлыққа,  ұлттың  ұлы  мұратына  деген  адалдыққа,  Отанға 
деген  шынайы  тазалыққа  үйретері  һəм  имани  нұрға  жетелері  хақ. 
Осыдан-ақ, əжелер мектебі – бұл ұғымды бойға тереңнен сіңіретін 
бірден-бір жол десек, еш қателеспеспіз.

297
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ҚАРАР
«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ 
ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР»
атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция
ҚАРАРЫ 
Астана қаласы, 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ  
 
12 маусым 2015 жыл
Конференцияны  ұйымдастырушылар  мен  ғылыми  шараға 
қатысушылар  Қазақ  хандығының  қалыптасып  дамуына  айрықша 
үлес  қосқан  ханымдар  мен  арулардың  ұлт  алдындағы  еңбегін, 
тағылымын,  мұрасын  байыптау  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  «Мəңгілік  ел»  идеясын  салаландырудағы  маңызды 
міндет деп біледі.
Дəстүрді  жалғастыру  мен  жаңғырту  жолында  ел  басшыларына, 
батырлар  мен  билерге,  сұлтандар  мен  сардарларға  асыл  жар, 
сенімді кеңесші, зерделі қабырға болған ханымдар мен арулардың 
өрісті  парасаты  мен  үлгілі  бастамалары  бүгінгі  ғылым-білімнің, 
мəдениеттің  жəне  БАҚ-тың  нысанасына  айналуы  тиіс.  Осы 
бағыттағы жұмыстарға ізашар болу үшін ұйымдастырылған аталған 
конференция төмендегідей қарар қабылдайды:
1.  Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігі, 
Қазақстан  Республикасы  Мəдениет  жəне  спорт  министрлігі 
тарапынан:
-  «Қазақ  ханымдары  мен  арулары»  жəне  «Қазақ  əйелдері: 
тарихи жəне қазіргі заман» атты кешенді ғылыми жобаларға байқау 
жарияланып, зерттеуді кезең-кезеңмен жүзеге асыру қолға алынсын;
- «Қазақ ханымдары», «Қазақ əйелдері» атты қос энциклопедия 
даярлап, басып шығару бойынша шығармашылық топ жасақтау пен 
қаржы мəселесін шешу тапсырылсын; 
2. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі:
- еліміздегі жоғары оқу орындары білім үдерісіне жаңа форматта 
«Ұлт дəстүрі» атты элективті курсты енгізуді жоспарласын;
-  оқу  орындары  магистрлік  жəне  PhD  диссертацияларының 
(гуманитарлық  бағыттағы)  тақырыбына  бұрын  қарастырылмаған 
Қазақ  хандығы  тұсындағы  əйел  тұлғаларының  қайраткерлігін, 

298
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
мұрасын зерттеу нысанасы етіп алуды қадағалау тапсырылсын;
-  жоғары  оқу  орындары  мен  педагогикалық  бағыттағы  ғылыми 
зерттеу институттары арасында «Қазіргі қазақ қызының портреті», 
«Қазіргі  қазақ  анасының  портреті»  өлешем-критерийінің 
негіздемесіне, ұсыным-жобасына байқау жариялансын.
3.  Атқарушы  билік  органдары,  білім,  мəдениет,  бұқаралық 
ақапарат саласы ана мен қыз, əке мен ұл, ата-ана мен оқушы, ене 
мен  келін,  қоғам  жəне  əйел  заты  қарым-қатынасына  қатысты 
құндылықтарымызды  замана  сын-қатерлеріне  жауап  ретінде 
нақтылау, жүйелеу, түсіндіру, насихаттау белсенділігін арттырсын.
4.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарына  «Қазақ  хандығы:  ханымдар 
мен ханшалар жолы», «Тарихи əйел тұлғалар», «Дəстүр жəне аналар 
тағылымы» сынды айдарлармен мақалалар сериясын ұйымдастырып, 
жариялау жүктелсін.

299
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
АННОТАЦИЯ
«ЗНАМЕНИТЫЕ ЖЕНЩИНЫ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА»
материалы международной научно-практической конференции
В  сборник  вошли  избранные  доклады  и  выступления 
международной  научно-практической  конференции  «Знаменитые 
женщины  Казахского  ханства»,  проведенного  Национальной 
комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике 
при  Президенте  РК,    Программой  развития  ООН  в  Казахстане 
совместно  с  Евразийским  национальным  университетом 
им.Л.Н.Гумилева. 
Научное  мероприятие,  посвященное  550  летию  образования 
Казахского ханства состоялось под руководством Государственного 
секретаря Республики Казахстан Г.Н.Абдыкаликовой в Евразийском 
национальном университете им.Л.Н.Гумилева 12 июня 2015 года.
В работе конференции приняли участие видные ученые и деятели, 
преподаватели и молодые исследователи. 
Данный сборник посвящен широкому кругу читателей с чувством 
патриотизма, интересующийся историей.
__________________________________________________________
«FAMOUS WOMEN OF KAZAKH KHANATE»
materials of the international scientifi c-practical conferences
The  collection  includes  selected  reports  and  presentations  of  the 
International  scientifi c-practical  conference  «Famous  women  of  the 
Kazakh Khanate» held by the National Commission for Women Affairs 
and Family-demographic Policy under the President of Kazakhstan, the 
United Nations Development Programme in Kazakhstan in cooperation 
with L.N.Gumilev Eurasian National University.
On June 12, 2015 the scientifi c event dedicated to the 550 anniversary 
of the Kazakh Khanate was held under the leadership of the Secretary of 
State of the Republic of Kazakhstan G.N.Abdykalikova at L. N. Gumilev 
Eurasian National University.
The  conference  was  attended  by  prominent  scientists,  teachers  and 
young researchers. 
This  collection  is  dedicated  to  a  wider  audience  with  a  sense  of 
patriotism, interested in history.

300
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР»
халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары
«ЗНАМЕНИТЫЕ ЖЕНЩИНЫ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА»
материалы международной научно-практической конференции
«FAMOUS WOMEN OF KAZAKH KHANATE»
мaterials of the international scientifi c-practical conferences
12 / 06 / 2015
--------------------------------
 
Пікір бергендер:
 
Қ.Ə.Ахметов, тарих ғылымдарының докторы, профессор
 
А.Ж.Шəріп, филология ғылымдарының докторы, профессор
  
Жауапты шығарушысы – Рүстем ƏЛҚОЖА


1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал