Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет29/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
көріп  отырғанын  ұмытуы  тиіс  [8,  89].  Ал  дүние  жүзіне  танымал 
психоаналитик  Эрих  Фромм  «қарапайым  адамға  кейіпкердің 
бейнесін  үлгі  етіп  көрсетуде  кино  маңызды  құрал  екенін»  айтады 
[8,  83].  Демек,  кино  –  санаға  жаппай  əсер  ететін,  мəдени,  саяси, 
рухани дүниетанымға тікелей ықпал ететін құрал. Бұл ретте өнердің 
осы  саласы  көрерменді  ұлттық  менталитетті,  дəстүрді  меңгертіп, 
отансүйгіштікке ұйытуда жетекші рөл атқаратынын ұмытпау керек.
  Қазақ  əйелінің  бейнесін  көркем  сомдаған  жоғарыдағы  екі 
кинотуынды соңғы бес жылда жарық көрген жақсы жұмыстардың 
қатарына  кіреді.  Отандық  кино  өндіріс  пен  отаншыл  киногерлер 
ізденісі  тарихқа  сұранысы  айрықша  көрермен  қауымын  алда  да 
қуанта береді деп сенеміз.
Əдебиеттер:
1.  Аладьина Т., Джунгар на скаку остановит и байскую дочку спасет 
//«Экспресс-Казахстан», 15.07.2011
2.  Ақан Сатаев: «Сартай – белгісіз батырлардың жиынтық бейнесі» 
(əңгімелескен Г.Бектасова) // «Түркістан», 17.05.2012
3.  Янушкевич А. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар (аударған 
Ғ.Зұлхаров). – Астана: Аударма, 2003. – 264 б. 
4.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы.  Шығармаларының  екі  томдық 
жинағы. 1-т. -Алматы: Жазушы, 2005. – 296 б.
5.  Әуезов  М.  Әр  жылдар  ойлары-Мысли  разных  лет.  –  Алматы: 
Қазақтың мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1959. – 555 б.
6.  Выготский  Л.С.  Психология  искусства.-  Минск:  Современное 
слово, 1998. – с. 480.
7.  Нурсифат  Салыкова:  «Зере  –  мой  дебют  в  кино»  (интервью 
Л.Конысбаевой) //«Литер», 28.05.2015.
8.  Волшебная сила искусства (составитель Лаврухин А.) – Москва: 
Олма Медиа Груп, 2014. – с. 304.

286
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Лəззат ОМАРҚҰЛОВА,
Тараз мемлекеттік педагогика 
институтының аға оқытушысы
ҰЛТ ҰЛАҒАТЫН ҰЛЫҚТАҒАН
Бүгінгі  таңда,  əйелдің  қоғамдағы  орны,  ой-таным  шеңбері 
ұлғайып отырған шақта, əйел жəне əсемдік тақырыбы қуатты арна 
ретінде жан-жақты танылып отыр. Қазақ əдебиеті тарихында əйелдер 
бейнесінің  эволюциясы  ерекше  көрініс  берген.  Көркемөнердің 
қайнар көзі ауыз əдебиеті екенін ескерсек, «мінсіз ару», «ғажайып 
əйел», «адал жар» үлгісін жасау дəстүрі, əсіресе əр алуан ғашықтық 
қиссалардан,  эпостық  жырлардан  жəне  аңыз-ертегілерден  айқын 
көрінеді.  Мəселен,  «Ай  астындағы  Айбарша»,  «Күн  астындағы 
Күнекей», «Айдай сұлу Айсұлу» ертегілерінде болмасын, «Жүсіп-
Зылиқа»,  «Мұхаббат-наме»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»,  «Қыз 
Жібек»,  «Ер  Тарғын»,  «Қобыланды  батыр»,  «Алпамыс  батыр» 
жырларында  сүйгеніне  деген  адалдық,  үміт  отын  өшірмей,  жарын 
ұзақ жылдар бойы күткен арулардың дүниетанымы мен сырт келбеті 
айрықша көркем сомдалған.
Күн секілді күллі əлемнің шырағы,
Нұрлы жүзің – жұмақтың бір гүл бағы.
Оймақ ауыз ашылса – шекер шашылар,
Соны көріп жайқалып – гүлдер ашылар.
Жалпы  əйел  баласын  табиғат  ерекше  жаратады.  Сұлулық  пен 
көркемдікті тек əйелге ғана үйіп-төгіп береді. Қай халықта болсын, 
сөздің төресі өлең, сазгерлік шығарма көбіне əйелге, сол бір ерекше 
жандарға  арналады.  Әйелдің  сұлулығын  жырлау  барлық  халықта 
бар.
«Азамат  тарихында  небір  адамдардың  сол  бір  ерекше 
жаратылған  жандарды  сүймей,  ғашық  болмай  жəне  оларға 
сөздің  ең  жақсысын  арнамай  кеткендері  жоқ.  Сондай-ақ,  Шоқан 
Уəлиханов  та  осынау  табиғат  барлық  сұлулықты  үйіп-төгіп 
берген жандарға бай əрі оралымды тілімен əсем сөздерді арнапты. 
Мысалы, «прекрасный пол», «разрушительницы городов», «нежное 
существо»,  «безыскусственные  дети  природы»,  «разрушительница 

287
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
сердец», «сердца похитительница», «ночная красавица», «женщина 
красавица»,  «похитительница  сердец».  Ал  əйел  затына  деген 
құмарлықты «весенняя мысль» деп суреттейді.
Біздің  бұл  жерде  айтпағымыз,  Шоқан  да  басқа  ұлы  адамдар 
сияқты табиғат сұлулығының алдында басын иген. Сол бір ерекше 
жаратылған жандарды суреттеуде қазақ ғалымы талай жаңа қанатты 
сөздерді тапқан» [1, 55].   
Әже тұлғасын көркем əдебиетке қосу, зерттеу еңбегіне арқау ету – 
тек ХХ ғасырда қолға алынды. Өйткені бұған дейін əженің қоғамдағы 
орны  ерекше  болғанмен,  оның  қадір-қасиетін  қоғамның  тəрбие 
үдерісі негізінде қарау мүмкін емес еді. Бірінен соң бірі жалғасқан 
тарихи өзгерістер əдебиет өкілдерін тарихи əлеуметтік жағдайдан өзге 
тақырыптарға мойын бұрғызбады. Халық басындағы ауыр жағдай, 
отарлау үдерісі, жер мəселесі, əйел теңсіздігі, жаңа заман жаңалығы 
секілді  мəселелер  осы  кезге  дейінгі  əдебиетшілердің  тақырыбына 
айналды. Ал проза ХХ ғасырдан бастап кең қанат жайғаны баршаға 
мəлім. Осы заманан бастап ұлы адамдарға əжесінің əсері айқындала 
түсті.    Әженің  қоғамға  əсері  ашылды.  М.Әуезовтің  атақты  «Абай 
жолы»  романына  соғыс  жылдары  Б.Момышұлы  жоғары  баға  бере 
келе, былай деген екен: «Зере мен Ұлжан – Абайдың емес, барлық 
халық  анасы.  Аналық  (халыққа)  сезімі  мол,  елдің  мұңын  мұңдап, 
жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген» [2, 217].
Қазақ тарихындағы өзіндік орны бар айрықша тұлғалардың бірі 
– Шоқан деп тапсақ, оның рухын жетілдіруге бар ынтасын салған 
əжесі Айғаным тұлғасына көңіл аудару маңызды.
«Орта жүз жеріндегі  саяси құбылыстар ХІХ ғасырдың 20-жылдары 
Уəлиханның жесірі Айғаным əженің (1783-1853) араласуымен біраз 
белең  алып  дамыды.  9  баланың  анасы,  38  жасында  жесір  қалған 
Айғаным  ананың  ұлағатты  ісін  академик Ә.  Марғұлан  жəне  басқа 
зерттеушілер көрнекті бейнеде көрсете білді» [1, 15-18]. 
«Шоқанның  əжесі,  яки  Айғаным  үш  жүзге  бірдей  аты  тараған, 
көркіне ақылы сай, білімді, парасатты əйел болған.Әрі жас өспірім 
Шоқанның  өз  құралпырастарына  қарағанда  сана-сезімінің  ерте 
оянып,  рухани  əлемінің  асқақ  болып  қалыптасуына  айтулы  ықпал 
еткендердің бірі – Айғаным. 
Ә.Марғұлан  Шоқан  үшін  Айғаным  –  «халық  даналығының 
сарқылмас  бұлағы»  деуі  сондықтан.  Яки,  «болашақ  ғалымның 
сан-салалы  ілім  мен  ғылымның  қайталанбас  қайраткері  болып 

288
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
қалыптасуына  жасынан  бойына  сіңірген  жан-жақты  тəлім-тəрбие 
мен туып-өскен ортасының да игі əсері тиген» [3, 14].
«Айғаным өмірі мен саяси қызметі өткен дəуіріміздің тарихында 
ерекше аталады.
Айғаным  Орта  жүз  жерінде  орыс  халқымен,  соның  ішінде 
алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясымен қазақ халқы арасында 
достық қатынастың алғашқы негізін мықтап қалаушы тарихи тұлға. 
Бұлт игілікті істі оның балалары жалғастырады...
Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тəрбиелеуге ең алдымен 
əжесі мен оның əкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.
Оның  үстіне,  Айғаным  мен  Шыңғыс  шаңырағында  ешқашан 
дастархан  жиылмаған,  ойын-той  көп  болып  халық  таңдаулылары 
жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз 
майталмандары,  күміс  көмей,  жез  таңдай  əншілер,  ғалымдар, 
алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының көрнекті өкілдері жас 
Шоқанға ерекше əсер етті» [2, 15-18].
Осы жерде айта кетерлік бір жайт – жазушы С. Мұқановтың «Аққан 
жұлдыз» романындағы сəйкессіздік. Романда Айғаным туралы сөз 
айтпастан Шоқанның бітім-болмысы беріледі. Еңбектегі мына үзінді 
тіптен  миға  сыйымсыз.  «Сырымбетке  неге  баруын  сұрауға  өзінің 
батылы жетпеген Әбіле Қарамұрын арқылы сұратқанда:
- Әжемнің басына!- депті Шоқан.
- Әжесі – Айғаным ғой,- деген Әбіле інісіне, – көзін көрген адам 
емес, неге барады оған? Аят оқуға ма? Естуім, осы бала, ислам дінін 
жек көреді дейді» [4, 78].
Шоқанның 1935-1965 жылдар арлығында өмір сүргені бəрімізге 
мəлім. Ал, əжесі 1953 жылы дүниеден өткен. Қалайша ол əжесінің 
көзін көрмеген... Сөз жоқ, бұл жерде тарихи шындық пен көркемдік 
шындық белгілі бір субъективті арнада кеткені аңғарылады.    
Айғаным  туралы  толық  мағлұматты  Ш.  Уəлихановтың  кейін 
шыққан  таңдамалы  жинағынан  ала  аламыз.  Онда  былай  делінген: 
«Ш.Уəлихановтың  əжесі  Айғаным  (1783-1853)  парасатты,  терең 
ойлы  əрі  көреген,  өзінің  заманына  қарай  білімді  болған  əйел.  Ол 
Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мəдениетіне мейлінше ден 
қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен жəне 
Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. 
Жергілікті  халықтың  арасында  Айғаным  өте  беделді  кісі  болған. 
Архив мəліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте 
ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Устав» 

289
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
қабылданғаннан  кейін  өңірдегі  маңызды  оқиғалардың  бірде-бірі 
Айғанымсыз өтпейді.
Айғаным  қазақ  халқы  мен  орыс  халқының  арасындағы  достық 
қарым-қатынастарды  нығайту  мақсатын  көздейді.  Солтүстік 
Қазақстанда  геодезиялық  зеттеу  жұмыстарымен  щұғылданып 
жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне ол үлкен көмек көрсетіп 
отырады. 
«Уəлиханның  орысқа  бағынуын  –  деп  жазған  Н.П.Семенов 
Тяншанский,  өзге  туыстары,  Уəлиханның  бəйбішесінен  туған 
балалары  мен  інілері  мойындағысы  келмегенде,  тек  Шоқанның 
əжесі, Уəлиханның жесірі Айғаным ғана өзінің балаларымен бірге 
Россияға айнымас адал досы болып қалды. І Александр Уəлиханның 
қырғыс  сахарасында    оған  үй  салдыруға  əмір  еткен.  Шоқан 
Уəлиханов сол үйде туған».
Айғаным  Сырымбеттегі  ата  мекенін  де  қайтыс  болған. 
Ш.Уəлихановтың архивіндегі өз қолымен жазған естелігінде былай 
делінген:  «1853  жылы  19  ноябрьде,  бейсенбі  күні,  екінді  намаз 
кезінде  қырғыз-қайсақ  орта  жүзінің  ханы  марқұм  Уəлидің  жесірі, 
Сарғалдақ  қызы  Айғаным  70  жасында  дүние  салды...  Тоғыз  ұл 
тапқан, оның екеуі жиырма жасында дүние салды... 
Айғаным  орысша  оқып,  білім  алудың  маңызын  терең  түсінген. 
1827 жылы ол өзінің баласы Шыңғысты Шоқанның əкесін Сібірдің 
линиялық казактарының  əскери училищесіне оқуға түсіреді... 
Бала  Шоқанның  сана-сезімі  ерте  оянып,  рухани  өсіп,  жетіле 
беруіне  əжесі  Айғаным  үлкен  əсер  еткен.  Тумысынан  сезімтал, 
дарынды балаға əжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы 
болған.  Ол  Шоқанға  қазақтың  ескі  аңыздары  мен  хикаяларын 
қызықты  етіп  əңгімелеп,  күні  кеше  өзі  басы-қасында  болған 
оқиғаларды  еске  алып  отырған.  Халықтың  озық  дəстүрлері  мен 
салтын бойына сіңірген əжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің 
соңына дейін ұмытпай есіне сақтайды» [5, 8-9].
Айғаным жайлы тағы бір дерекке сүйенсек, ол Абылайдың ұрпағы 
Уəлиханның төртінші тоқалы болған деседі. «Уəлихан əкесімен бірге 
Бурабайда тұрады, үш қатыны бар. Хандық жұмысымен Сырымбет 
ауылына  жиі  барады.  Бір  сапарында  Сарғалдақ  бидің  немересі, 
Қожахметтің қызы, 15 жастағы Айғанымға көзі түседі. «Қызыңды 
төртінші тоқалдыққа бер»,- дейді. Айғаным орысша да, шағатайша 
да, парсыша да білетін, керемет шешен қыз екен. Уəлиханға: «Егерде 
менің  шаңырағымды  Бурабайға  емес,  Сырымбетке  құрсаңыз, 

290
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
барайын»,  –  дейді.  Сырымбетте  Уəлиханның  қалып  қойған  себебі 
сол...
Айғаным  тоғыз  бала  тапқан,  соның  жетеуі  тірі  қалған.  Үлкені 
–  Шыңғыс,  Шыңғыстан  туған  Шоқан.  Танысқанда  Уəлихан  54-
те,  ал  Айғаным  15-тегі  қыз.  Уəлихан  83  жасында  қайтыс  болған. 
Күйеуі өлгенде Айғаным жас келіншек. Сол кезде Омбыға Бірінші 
Александр патша келеді. Омбының генерал- губернаторы Сотников 
Айғанымға хат жазып, қазақтың салтын көрсетуді сұрайды. Патша 
Сырымбетке  арнайы  келіп,  жап-жас  əдемі  əйелді  көреді.  Уəлихан 
өлді,  Ғұбайдолла  хан  болуға  тиіс.  Уəлиханның  бірінші  баласы  – 
Ғұбайдолла.  Сол  жолы  Ғұбайдолланы  тұтқындап,  Айғанымды хан 
сайлайды.  Айғанымға  жылына  400  рубль  жалақы  тағайындайды. 
Сол кезде қойдың бағасы 5-6 тиын, жылқы 70-80 тиын.Осылайша, 
Айғаным бір жарым жыл хан болып отырады» [6].
«Айғаным  мекен-жайының  жұрты  қазіргі  Көкшетау  өңірі, 
Айыртау  ауданы  Сырымбет  шаруашылығына  таяқ  тастам  жерде. 
Мекен-жай  орнында  тұрып  қараған  кісіге  қос  өрнекті  Сырымбет 
Шоқысы асқақтап көрінеді.
Мекен-жайдың  салыну  тарихы  Шоқанның  əжесі  Айғанымның 
қоғамдық-саяси  қайраткерлік  істерімен  тікелей  байланысты.  Ел 
жадында  «Сперанский  ережесі»  деген  атпен  сақталып  қалған 
1822  жылғы  «Сібір  қазақтары  жөніндегі  ереже»  күшіне  енгеннен 
кейін,  атасы  Абылай  мен  күйеуі  Уəли  бастаған  Ресеймен  тығыз 
қарым-қатынас  саясатын  дамыта,  ұлғайта  түскен  ханша  Айғаным 
солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бəріне бел шешіп, 
белсене  араласып,  іс-көзін  білетін  зеректік,  алғырлығымен  халық 
арасында  үлкен  беделге  ие  болған.  Айғаным  қазақ  елінің  Ресейге 
өз  еркімен  қосылуының  прогрестік  мəн-мағынасын  дер  кезінде 
жіті  түсініп,  патша  өкіметі  алдына  жергілікті  халықты  оқу-білім, 
отырықшылыққа  тарту  жəне  қазақтардың  өзін-өзі  басқаруы 
керектігін  анық  мəселе  ретінде  көтерген.  Оның  оқу-білім  алуға 
аса  маңыз  бергендігі  Сырымбетте  қазақ  мектебін  ашып,  өз  ұлы 
Шыңғысты Сібір казактарының əскери училищесіне оқуға беруінен 
байқалса,  алдыңғы  қатарлы  орыс  мəдениетіне  барынша  ынталы 
болғандығы Батыс Сібір генерал губернаторы лейтинант Капцевичке 
отырықшылыққа  ойысу  мақсатымен  Сырымбет  төңірегінен  жер 
беріліп, сол жерге өзіне арналған кең, зəулім үйі, моншасы, мектебі 
мен  мешіті  бар  мұнтаздай  қора-қопсылы,  күнделікті  тұрмысқа 
ыңғайлы əрі тартымды мекен-жай салдырып беруін сұранып, 1822 

291
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жылдың  ноябрь  айында  өтініш  білдіруінен  көрінеді.  Айғанымның 
нақты  тілектер  қойып  жазған  бұл  өтінішінің  толығымен  жүзеге 
асқандығын П. П. Семенов-Тян-шанскийдің «Тянь-шаньға саяхат» 
атты мемуары 2-томының 54-бетіндегі: «І Александр Уəли ханның 
жесіріне  үлкен  ілтипат  көрсетіп,  қырғыз  даласындағы  1-үйді 
салдырып беруге əмір еткен, əрі Шоқан Уəлиханов сонда туған», – 
деген жолдарынан аңғарылады...
Шыңғыстың  Сырымбеттегі  мекен-жайында  орақ  ауыз,  от  тілді 
ақын-жыраулар таңды таңға ұрып, алтын саусақ, бал таңдай əнші-
күшілер  мəжіліс  соңын  өнер  сайысына  айналдырып,  аңызшы-
ертегішілер жиын-тобырды мəре-сəре етіп, апталап, айлап жатып өз 
өнерін ортаға салған. Мұның бəрі енді қалыптасып, қанаттанып келе 
жатқан жас ғұламаға игі əсерін тигізіп отырған.
Алты жасында Күрлеуіт Қыпшақ Жаманқұлдан «Едіге» жырын 
тыңдаған Шоқан «Ер Қосай» мен «Ер Көкшені» Атығай Арыстанбай 
Тобылбайұлынан  естіген.  Қаракесек  Жанақ  Сағындықұлынан 
ел  шежіресі  мен  ауыз  əдебиетінің  үлгілеріне  құлағы  қанық 
болған.  Шоқан  нұралық  Шөже  Қаржаубайұлынан  «Қозы  Көрпеш 
–  Баян  сұлу»  жырының  ең  ұзақ  нұсқасын  жазып  алған.  Көкесі 
Хақназардан күй атасы Қорқыттың ботадай боздаған сарынын сан 
рет  тыңдаған.  Күй  сарынынан  ажалмен  арпалысты  бажалайлап, 
өлімді  өнермен,  надандықты  іліммен  жеңуге  болар  деп  түйсінген. 
Өз  құралпыластарынан  Ақанның  мұңшыл  да  сыршыл,  Біржанның 
шабытты да шалқар, Жаяудың ащы да асқақ əндерін тыңдаған» [3, 
26-25].
Шоқанның анасы Зейнеп – əйгілі Мұса Шорманның қызы екені 
О.А.Сегізбаевтың    «Мировоззрение  Чокана  Валиханова»  атты 
еңбегінде былайша жазылған: «Мать Чокана – Зейнеп была дочерью 
видного казахского бия Баян-Аульского округа Чермана. Ее родной 
брат Мұса Черманов, дядя Чокана, который находится с ним в тесных 
связах, был образованным казахом».
Тарихи  тұлға-аналар  бейнесі  ұлтымыздың  салт-дəстүрімен, 
тəлім-тəрбиесімен  тығыз  байланысты.  Дана  Шоқан  əжесі  мен 
анасы болмаса, дəл осылай қалаптасар еді деп айту да қиын. ХVІ-
ХVІІІ  ғасырда  батыр  бабаларымызбен  бірге  батыр  əжелеріміз 
жерімізді  жаудан  қорғауға  қатысса,  ХІХ  ғасырдан  бастап  олар 
сауатты ұрпақ тəрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсады. Сол заманның 
өзінде-ақ қоғамда салиқалы, көреген əжелер орны айқындалғанын 
байқаймыз.  Мына  заманда  аялы  алақанымен  бүкіл  еліне  тұтқа 

292
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
болатын тұлғаларды, елдің болашағын бесікке салып аялап тербеген, 
ұлт  ұлағатын  ұлықтаған  əжелеріміздің  тарихи  орны  жеткілікті 
қадірленбеуі ойлантады.   
Əдебиеттер:
1.  Өтенияз С. Шоқан. –Алматы: Ғылым, 1995.
2.  Мырзахметұлы М. Айналған аты аңызға Момышұлы. – Тараз, 
2000.
3.  Мұқтарұлы С. Шоқан жəне өнер. –Алматы: Өнер. 1985.
4.  Мұқанов С. Таңдамалылар. 8-том. –Алматы: Жазушы, 1976.
5.  Уəлиханов Ш. Таңдамалы. –Алматы: Жазушы, 1980.
6.  Сегизбаев О. Мировоззрение Чокана Валиханова. –Алматы: 
Наука, 1959.
Салтанат ҚАЖЫКЕН,
«Үркер» журналының бөлім 
редакторы, журналист
АЙТУЛЫ АНАЛАРДЫҢ ƏЖЕЛІК ӨНЕГЕСІ
Даңқты  Зере  (1785  –  1873)  –  Абайдың  əжесі.  Өскенбай  бидің 
бəйбішесі,  Құнанбай  қажының  анасы.  Азан  шақырып  қойған 
аты  –  Тоқбала.  Өскенбай  би  5  əйелінен  10  бала  сүйген.  Зереден 
Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. 
Зерені  Ырғызбай  тұқымдары,  барша  ауыл  адамдары  «кəрі  əже» 
деп атағаны көп деректерде жазылған. Қартайған шағында құлағы 
естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай 
əжесін өлеңмен үшкірген. 
Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді 
ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге 
қамқор, кішіге пана бола білген Зере əже Абай өміріне, ақындығына 
игі  əсерін  тигізген.  Бұл  туралы  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясында шынайы суреттелген. Зере 1873 жылы қайтыс болған 
соң,  баласы  Құнанбайдың  ұйғаруымен  Жидебай  қыстауының 
жанына  жерленген.  Абай  ауылының  азаматтары  1986  жылы 
қабір  айналасын  қайтадан  жөнге  келтіріп,  Зере  бейітінің  басына 
Шығыс үлгісімен алты қырлы кесене тұрғызды (Қазақстан ұлттық 

293
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
энциклопедиясынан).
«Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп 
басталатын Абайдың əжесі – Зеренің ұлағатты əңгімелерінің өзі неге 
тұрады десеңізші?
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  «Қайтқанда» 
дейтін  тарауында:  «Абай  биыл  ғана  анық  бағалады.  Бұның  əжесі 
бір түрлі шебер əңгі меші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық 
жерін  дəмді  ғып,  қы зықтырып  айтады.  …Әжесі  əуелде  көп-көп 
ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» 
– бəрі де айтылды. Оның əңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш 
бойы  да  Абай  айтқыза  беретін  болды.  Бертін  келе,  тəуір  болып 
алған  соң,  əжесінен  тағы  бір  əңгімелер  тапты.  Ол  осы  ел  ішінде 
Зеренің  жасынан  бергі  көргені,  естігені  жайындағы  əңгімелер. 
Ел  мен  елдің  шабысы,  таласы  жайында  бірталай  күндер  айтты. 
Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға 
шапқанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін 
жəне Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай 
кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп 
өлеңін шұбыртады. Басқа да «Қарашор шапқан» сияқты шабысты, 
жортуылды айтады. Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың 
қайғыларын  да  айтып  берді.  Абай  қажымай,  жалықпай  ылғи  ғана 
ынтыға тыңдайтын.
Зере ел шабысын əңгіме еткенде, сол істердің бəрін ел басына əлек 
салған, ұлардай шулатқан кесел күндей айтатын. Кішкентай күнінен 
ертек-əңгімені  көп  сүйетін  бала  осы  жазда,  тіпті  көп  есітіп,  көп 
біліп алған сияқты» деп келетін жолдар бар ғой. Бұл бала Абайдың 
дана  Абайға  айналуына  əсер  еткен  мысалдың  бірегейі  десек  те 
болады.. Осы мысалдың өзі-ақ, «Әже» тұлғасының қоғамдағы рөлін 
айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп тұр.
М.Әуезовтің  атақты  «Абай  жолы»  романына  соғыс  жылдары 
Б.Момышұлы жоғары баға бере отырып былай деген екен: «Зере мен 
Ұлжан Абайдың емес, барлық халық анасы. Аналық сезімі мол, елдің 
мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген».
Шоқанның  əжесі  Айғаным  Сарғалдаққызы  үш  жүзге  бірдей 
аты  тараған,  көркіне  ақылы  сай,  білімді,  парасатты  əйел  болған. 
Әрі  жасөспірім  Шоқанның  өз  құралпыластарына  қарағанда  сана-
сезімінің  ерте  оянып,  рухани  əлемінің  асқақ  болып  қалыптасуына 
айтулы  ықпал  еткендердің  бірі  –  Айғаным.  Ә.Марғұланның 
«Айғаным  Шоқан  үшін  халық  даналығының  сарқылмас  бұлағы 

294
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
болған»  деуі  сондықтан.  Яки,  болашақ  ғалымның  сан-салалы 
ілім  мен  ғылымның  қайталанбас  қайраткері  болып  қалыптасуына 
жасынан бойына сіңірген жан-жақты тəлім-тəрбие мен туып-өскен 
ортасының да игі əсері тиген.
Айғанымның  өмірі  мен  саяси  қызметі  өткен  дəуіріміздің 
тарихында ерекше аталады. Орта жүз жерінде алдыңғы қатарлы орыс 
зиялыларымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы 
негізін мықтап қалаушы тарихи тұлғаның игілікті ісін оның балалары 
жалғастырды. Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тəрбиелеуде ең 
алдымен əжесі мен оның əкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.
Оның  үстіне,  Айғаным  мен  Шыңғыс  шаңырағында  ешқашан 
дастархан  жиылмаған,  ойын-той  көп  болып  халық  таңдаулылары 
жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз 
майталмандары,  күміс  көмей,  жез  таңдай  əншілер,  ғалымдар, 
алдыңғы  қатарлы  орыс  зиялыларының  көрнекті  өкілдері  жас 
Шоқанға ерекше əсер етті.
Қазақ халқының маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі Шоқан 
Уəлихановтың азаматтық болмысының өз тұстастарының арасынан 
дараланып  шығуына,  ішкі  күш-қуаты  мен  асқақ  рухының  ерте 
жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның əжесі – Айғанымның 
берген тəрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Айғаным əженің өнегесін 
моншақтай етіп тізіп беретін небір мысалдар жетерлік.
Айғаным туралы толық мағлұматты Ш.Уəлихановтың таңдамалы 
жи нағынан  ала  аламыз.  Онда  былай  делінген:  «Ш.Уəлихановтың 
əжесі  Айғаным  (1783-1853)  парасатты,  терең  ойлы  əрі  көреген, 
өзінің  заманына  қарай  білімді  болған  əйел.  Ол  Шығыстың 
бірнеше  тілдерін  білген,  орыс  мəдениетіне  мейлінше  ден  қойып, 
Сыртқы  істер  министрлігінің  азиялық  департаментімен  жəне 
Петербургтегі  Сібір  комитетімен  хат  жазысып,  байланысып 
отырған.  Жергілікті  халықтың  арасында  Айғаным  өте  беделді 
кісі  болған.  Мұрағат  мəліметтері  Айғанымның  қоғамдық-саяси 
мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары 
жөніндегі  Устав»  қабылданғаннан  кейін  Сол түстік  Қазақстандағы 
маңызды 
оқи ғалардың 
бірде-бірі 
Айғанымсыз 
өтпейді.
Айғаным  тоғыз  бала  тапқан,  соның  жетеуі  тірі  қалған.  Үлкені  – 
Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Айғанымның мекен-жайының 
жұрты  қазіргі  Көкшетау  өңірінің  Айыртау  ауданы  Сырымбет 
ауылына таяқ тастам жерде.
Әжені  көркем  шығармаға  қосу  негізінен  ХХ  ғасырда  қолға 

295

1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал