Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет27/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
сəнді  қозғалыста  байқатпай  тұрғандай.  Тұрмысқа  шыққанша  олар 
жеңі кең ұзын көйлек, сыртынан кеудеше сияқты оюлы қамзол киіп 
жүреді. Қыздар моншақ, шолпы əсемдік заттарын өте жақсы көреді, 
кішкене алтын, күміс тиындардан мойнына алқа, шашына шолпы, 
құлаққа сырға ғып тағып, көбіне білезіктің бір түрін тағып жүреді. 
Былғары шашақ тағып, оюланған етіктерінің ерлердің аяқ киімінен 
көп айырмашылығы жоқ» [«Əлем» альманағы, Алматы, 1991, 173–
174 бетте].
Өзге халықтардың саяхатшы, тарихшы, этнографтары осылайша 
жазып, сипаттап, суреттегеніндей, қасиетті қазақ даласында қарақат 
көз,  қиғаш  қас,  аққу  мойын,  қолаң  шаш,  оймақ  ауыз,  бұраң  бел 
арулар, ақын, батыр, ақылгөй, əнші, биші, шебер қыз-келіншектер аз 
болған жоқ. Солардың ішінде батырлар жыры, аңыз, əн-күй арқылы 
бізге  есімдері  жеткенінің  жұлдызы  бір  шоғыры:  шамамен  біздің 
заманымыздан  бұрынғы  570–518  жылдары  сақ-массагет  патшасы 
Томиерис (Тұмар ханым), Қыпшақтардың ұлы анасы Анайым бибі 
(кей деректерде Алтыншаш ана), құрсағынан бес таңбалы қыпшақ 
– Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық тарайды; өзінен туған 
жеті  ұлы  –  «Жеті  Момын»  атанған  Арғын  атамыздың  жұбайы 
Момын ана, есімі ең бірінші рет Тула қаласына беріліп, сол себепті 
сақталып қалған əз-Жəнібек ханның əйелі Толыай (Тайдула), əйгілі 
ертегі-дастан  «Конек  Горбунектің»  авторы  П.  Ершов  «Сүзгі»  атты 
дастан жазған, Сібір шежірешісі Н. М. Ядринцев «Есіл бойындағы 
бір  қазақтың  қызы»  деп  растаған,  1896  жылы  И.  Корнилов  деген 
композитор  «Сүзгі»  атты  операны  сахнаға  шығарған,  Ресейдің 
Тобольск (Тобыл) қаласындағы қамал, теміржол бекеті «Сузгун» деп 
аталған  Сібірдегі  Көшім  ханның  əйелі  Сүзгі  ханшайым,  Шыңғыс 
ханның бəйбішесі, қоңырат қызы Бөрте ханым, басқа əйелі, керей 
қызы  Абақ  бике,  Абылай  занның  қызы  Айтолқын,  Әбілхайыр 
ханның  жұбайы,  адай  қызы  Бопай  ханым  (Бəтима  Сүйіндікқызы), 
Кенесары  ханның  туған  қарындасы  Бопай  Қасымқызы,  Бəйдібек 
атамыздың сүйген жары Домалақ ана (Нұрила), Қарабура əулиенің 
қызы  Бегім  ана,  Қыпшақ  Тілеулі  батырдың  бəйбішесі  Қарқара, 
Нəнжіл,  Әмірхан,  Дəмеке,  Жапалақ,  Арғын  əулетіндегі  Қарқабат, 
Айнакөз аналар, Ермек батырдың ұлы Бөлтіріктің бəйбішесі, кейін 
Шағырмен  тұрмыс  құрған,  Кіші  Арғынның  анасы  –  Сомалтын, 
Шақшақ  батырдың  немересі  Көшейұлы  Қошқардың  шешесі  – 
қалмақ  ханы  Қатаханның  баласы  Тұрсынның  қызы  Нұрбике, 
Жəнібек  Тарханның  əйелі,  Тұрсынбай  датқаның  қызы,  Дəуітбай 

267
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
тарханның анасы Айымкүл, Дəуітбай Тарханның құдай қосқан серігі, 
жағалбайлы Бескүрек Меңдінің қызы Құланбике (шын аты – Бике), 
Қыпшақ Нияз бидің əйелі, қалмақ қызы Бөлішке, Әбдіғапар əмірдің 
анасы,  Ақтас  байдың  қызы  Алуа,  арғын  Шеген  бидің  бəйбішесі, 
керей  Сапақтың  қызы  Серке,  екінші  əйелі,  керей  қызы  Айжан, 
Жақып  Дəуренбекұлының  бəйбішесі,  жаппас  Ермағанбеттің  қызы 
Бəдиғұлжамал, Уəли сұлтанның кіші əйелі Айғаным Сарғалдаққызы, 
Шоқан Уəлихановтың шешесі Зейнеп, Құнанбайдың шешесі – Зере, 
Абайдың анасы – Ұлжан, Тарақты тайпасындағы есімі руға айналған 
Апай,  Орта  жүздегі  Бесімнің  кіші  əйелі,  есімі  руға  айналған 
Дəулетбике, Қарабалық Тауқұрыштың əйелі Қарақыз ана (Қарашаш), 
Дешті Қыпшақтың ханы болған Әбілхайыр ханның жары, Ұлықбек 
хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі – Рабия сұлтан Бегім, Ахмет 
Бірімжановтың əйелі, төре Сейдалин Әлмағамбеттің қызы Жауһар, 
Батырбек  Ахметұлының  жұбайы,  төре  Бөкейханов  Абдолланың 
қызы  Әпел,  Ұлы  Отан  соғысының  батырлары  –  Әлия,  Мəншүк. 
Мұның сыртында елге кеңінен танымал арулар: Айша бибі, Мамыр, 
Қозы  Көрпештің  Баян  сұлуы,  Кебектің  Еңлігі,  Төлегеннің  қыз 
Жібегі, Ақан серінің Ақтоқтысы, Балуан Шолақтың Ғалиясы, Үкілі 
Ыбырайдың  Кəкимасы,  Құлтуманың  Дəмесі,  Естайдың  Хорланы, 
Кененнің Мөртай сұлуы.
Бұл  асыл  аналар,  қазақтың  ару  қыздары,  киелі  келіндері  өз 
əулетінің ұйытқысы, ағайынның тірегі болып, өмірге небір даңқты 
батыр,  би,  тархан,  сұлтан,  болыс,  шешен,  арыстарды  əкелді, 
халқымыздың  мəртебе-мерейін  өсірді.  Ең  бастысы,  жүз  жылдық 
қалмақ-жоңғар соғысында көптеген қазақ қыздары үстеріне кіреуке 
сауыт  киініп,  астына  желден  жүйрік  тұлпарлар  мініп,  қолдарына 
алмас қылыш, гүрзі, найза, сары садақ ұстады, елін, жерін ерлермен 
бірге сұм жаулардан қорғады. 
Тілеулі батырдың бəйбішесі Қарқара күйеуі жорыққа аттанғанда 
əулетін, қыпшақтардың елде қалғандарын қара шаңырақ төңірегіне 
топтастырып,  бейбіт  халықты  қорғауға,  соғыстағы  жасаққа  азық-
түлік,  қосымша  күш  жіберумен,  ауылда  қару-жарақ  (жебе,  найза 
ұштарын,  темір  торлы  кіреукелерді)  жасатумен  айналысыпты.  Өзі 
ақынжанды, шешен тілді, ұшқыр ойлы əйел болған екен, көп адам 
анамыздың  өткір  сөзінен  қорқыпты.  Тілеулінің  бір  əйелі  Нəнжіл 
–  жоңғар  хонтайшысының,  төртінші  əйелі  Дəмеке  қалмақ  қызы 
болса  да  батыр  əулетіне,  шаңырағына,  қазақтарға  жаманшылық 
жасамапты,  қастандық  ойламапты,  Қайта  екі  елді  бітістірудің, 

268
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
татуластырудың  қамын  жепті.  Қалмақ-жоңғар  жұртынан  жасырын 
жансыздар  келіп,  азғырса  да  құдай  қосқан  қосағына  адал  болып, 
туған-туыстарын  бейбіт  қарым-қатынас  орнатуға  шақырыпты,  көп 
қазақ  батырларының  ұлдары  қалмақ-жоңғар  қыздарынан  туған 
жиендері  екенін  нағашыларының  есіне  салып,  сəлем  айтыпты, 
тыңшыларға енді қайтып келмейтіндей тосқауыл қойғыздыртыпты. 
Жəне  де  Нəнжіл  де,  Дəмеке  де  Тілеулі  батырдың  балаларына, 
Қыпшақ сарбаздарына қалмақ, жоңғарлардың тілдерін үйретіпті. 
Тілеулінің  тағы  бір  əйелі  Әмірхан  ұйғыр  байының  қызы 
болғандықтан, сауда-саттыққа, қолөнер ісіне өте жетік екен. Батыр 
əулетінің  төрт  түлік  малы  мен  қаржысының  тиімді  жұмсалуына 
басшылық жасапты, елде кілем, алаша тоқу істерін жолға қойыпты, 
отау  дүние-мүлкі  мен  бойжеткендердің  жиһазына  да  жауапты 
болыпты.  Тілеулі  батырдың  жетніші  əйелі  Жапалақ  Тама  Есет 
батырдың қарындасы болған соң жас кезінен ат мініп, садақ тартып, 
соғыс  өнерін  үйреніп,  мұсылманша  сауат  ашыпты,  ғылым,  білім, 
халық  емін  жақсы  көріпті.  Тілеулі  батырдың  шаңырағына  келін 
болып түсісімен-ақ, əулет ұрпағының хат танып, сауатты болуына 
көңіл  бөліпті.  Әулет  ауылдарында,  қыпшақтар  арасында  медресе, 
мешіт үйлерін ашуға, молдалар ұстауға барлық күш-қайратын, ақыл-
парасатын арнапты. Жастардың соғыс өнерін де үйренуіне бақылау 
жүргізіпті. 
Осылайша Тілеулі батыр жорықта жүргенінде, елдегі батыр, билер 
соғысқа аттанғанында бабамыхздың тоғыз əйелі үйде қол қусырып 
отырмай, əулет ақсақалдарына жəрлемдесіп, бар іске ұйытқы бола 
біліпті. 
Қарқара  анамыз  кеңпейілді,  келешекті  алыстан  болжайтын, 
ел  тағдырына  қатты  жаны  ашитын  адам  болғандықтан,  қазақтың 
салт-дəстүрін, жөн-жоралғысын қатты ұстаныпты, жер дауы, жесір 
дауына көп көмектесіпті. Тойда да, билер ісіне де ақ жамбы, ақ бас 
құндыз, ақ атан бастатып жолын беру, риза қылу көбінесе Қарқара 
анамыздың  ұйымдастыруымен  болады  екен.  Ол  ер  азаматтардың 
бірнеше  əйел  алуына,  əмеңгерлік  салтының  сақталуына  қарсы 
болмапты.  Қайта  қалмақ-жоңғар  шапқыншылығында  қырылған 
қазақтардың санын өсіруге мүдделілік танытыпты. 
Қалмақ-жоңғар шапқыншылығында жауға қарсы ерлік көрсеткен 
қаһарман  қазақ  қыздары:  Тілеулі  батырдың  жары  Жапалақ 
мерген,  Қаракерей  Қабанбай  батырдың  əйелі,  арғын  бəсентиін 
Малайсарының  қарындасы  Гауһар,  Олжабай  батырдың  анасы, 

269
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
үйсін  Қаратай  батырдың  қызы  Есенбике,  Қабанбай  батырдың 
қызы  Назым,  Тама  Есет  батырдың  қызы  Ботакөз  батыр,  Абылай 
ханнығң қызы, шайқастарда талай ерлік көрсеткен Айтолқын батыр, 
Найман  тайпасының  батыр  қызы  –  Жандəлі,  Бұланбай  батырдың 
жары, барлаушы сарбаздардың басшысы Айбике, қиырдағыны қалт 
жібермей көре қоятын қырағы қыз – Ақбикеш, оның қарауыл қараған 
мұнарасын халық көзі тірісінде-ақ, «Ақбикеш мұнарасы» деп атап 
кетіпті. 
Тама Есет батырдың қызы Ботакөз жас кезінде апасы Жапалақпен 
бірге жүріп, одан соғыс өнерін үйренеді. Жапалақ Тілеулі батырға 
ұзатылып кеткеннен кейін де онымен байланысын үзбейді. Ол бір əке, 
бір шешеден бірге туған бауыры Ақшал жоңғар шапқыншылығында 
жоғалып  кеткендіктен  (кейбір  деректерде  қаза  табады),  батырдың 
соңында  қалған  жалғыз  перзенті  өзі  болғандықтан  қалмақ-
жоңғарларға  қатты  кектенеді.  Жапалақ  та  Тілеулі  батырмен  бірге 
жорықтарға  қатысып,  құралайды  көзден  ататын  мергендігімен 
қалмақтардың талайларын жайратып, жауынан кек қайтарады. Нияз 
биге екіқабат болып, оны өмірге əкелген соң ғана бала тəрбиесіне 
айрықша назар аударып, шайқастарға шығуын сиретеді. 
Тарихи деректер бойынша 1742 жылы Есет батыр, Тілеулі батыр 
Әбілқайыр  ханның  шақыруымен  Орынборға  жол  жүреді.  Соны 
біліп  қалған  жоңғарлар  түн  қараңғылығында  ауылдың  жылқысын 
дүркірететіп айдап кету үшін шабуыл жасайды. Олардан жылқыны 
тартып  алмақ  болған  қуғыншыларды  жоңғарлар  теп-тегіс  қырып 
тастайды.  Бір  сұмдықты  жүрегі  сезген  Ботакөз  жалма-жан  ер 
адамның киімін, жеңіл көзе сауытын киіп, қолына қару алып, 150 
сарбазбен  шапқыншыларға  қарсы  шығады.  Жоңғар  қалмақтары 
жолындағы  қазақ  ауылдарын  тонап,  қыз-келіншектерін  көгендеп, 
алдарына үйір-үйір жылқыны салып, өз елдеріне қарай кеткелі жатыр 
екен. Оларға: «Қарабура! Қарабура!», – деп ұрандатқан жас батыр 
қарулы  жасағымен  тап  береді.  Қалмақтардың  қолбасшысы  Қонды 
деген  тайшы  екен.  Қазақ  жасақтары  оны  жан-жағынан  қоршап, 
өлтірмек  болғанда,  олардың  бір  бүйірінен  күрең  атын  ойнақтатып 
шыға  келген  бір  жас  батыр  қолындағы  бұғалығын  қонтайшының 
мойнына  салып  келіп  жіберіп,  оны  астындағы  дəу  торысының 
үстінен жұлып алады. Жəне сол шапқанынан тоқтамай, қонтайшыны 
сүйреткен  қалпы  жаудың  шебін  бұзып  өтіп,  өз  жасағына  келіп 
қосылады. Қолбасшысының жер құшқанын көрген қалмақтар тым-
тырақай қашып, көбісі садақ оғына ұшады. Бұл күрең атты жас қазақ 

270
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
батыры  –  Тама  Есет  тарханның  жалғыз  қызы  Ботагөз  сұлу  екен. 
Қалмақ  қонтайшысы  қазақ  қызынан  жеңіліп,  тұтқыны  болғанына 
қатты  намыстанып,  керемет  қорланады.  Сіңілісінің  бұл  жеңісін 
естіген Жапалақ қыпшақ елінде ақсарбас шалдырып, той жасайды. 
Қазір Ақтөбенің облыстық мұражайында Ботагөз Есетқызының осы 
ерлігін растайтын құнды тарихи құжаттар да бар. Біз Ботагөз туралы 
деректерді профессор Төреғали Қаратаевтың ғылыми зерттеулерінен 
алып отырмыз. Ол да Ботагөз Тама Есет батырдың жалғыз қызы деп 
растайды. 
Біз  енді  Абылай  ханның  жау  тылындағы  барлаушыларының 
басшысы болған Айбике аруға жеке тоқталсақ, ол өзінің қоластына 
бірнеше тыңшы, барлаушыларды ұстаған. Жəне ұзақ жылдар бойы 
жаугершілікте  «Қолға  түскен  күң»  түріндегі  бейнеге  еніп,  қалмақ 
қонтайшысының ордасында күтуші болады. Тарбағатай мен Алтай 
бойындағы,  Ертіс  пен  Емілдегі  жаудың  күші  мен  шапқыншылық 
ниеті жөнінде Абыйла ханға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы 
Бөгенбай,  Шақшақұлы  Жəнібек,  Қыпшақ  Тілеулі  батырларға 
астыртын құпия хабарлар мен мəліметтерді жеткізіп отырады. 
Айбике  алғыр  ойлы  ержүрек  қыз  болыпты.  Қалмақ  тіліне  өте 
жетік. Жəне де Тарбағатай мен Алтайдың таулы өңірлерінде, Зайсан 
мен Марқакөл алабында жылдың барлық кезеңінде, түнде де, күндіз 
де атпен адаспай жол тауып жүре беретін «жер шолғыш» та екен. 
Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін еліне аман-есен оралады.
Біздің ұлы əжелеріміз, асыл аналарымыз осындай баһадүр батыр, 
данагөй  кемеңгер,  асыл  текті  болған.  Бəріне  де  басымызды  иіп, 
тағзым етеміз.
Қарагөз СЕРІКҚЫЗЫ,
«Қазақ əдебиеті» газетінің бөлім 
меңгерушісі, журналист
ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІ: ӨТКЕН МЕН БҮГІННІҢ ТАНЫМ КӨЗІ
Байырғы қазақ əйелінің негізгі міндеті «қазан қайнатумен» ғана 
шектелмеген.  Қазан-ошақ  басында  жүрді  десек  те,  күллі  ұлттың 
өткені мен болашағын бір жіпке байлап, оның бір ұшығын бүгінгі 
күнге  аман-есен  алып  келгенін  ешкім  жоққа  шығара  қоймас.  Осы 
күнгі қазақтың бар болмыс-бітімінде байырғы қазақ анасынан жұққан 

271
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
дарқандық, кеңдік, мейірім байқалса, сол баяғы құрт қайнатып, бие 
сауған, ұзын етекті əйел баласының бір белгісінің сақталғаны да.
ХХІ  ғасыр  –  əйелдер  ғасыры.  Бүгінгі  əйел  –  өмірдің  барлық 
саласында өзінің қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Ер-азаматтармен 
теңесеміз  деп,  тіпті  Батыс  елдерінің  кейбірі,  мүмкіндігін 
шектейтінін  мысалға  алып,  «мадам»,  «мадмуазель»,  «леди» 
секілді  əйел,  ер  жынысына  бөлетін  теңеулерден  заңдық  тұрғыдан 
қашпаққа ұмтылуда. Ал əнебір күні іргедегі Қытай «кəрі қыздарға» 
қатысты  қаулы  қабылдады.  Қытай  халқы  жасы  27-ден  асқан,  жақ-
сы білім алып, мансап қуалаған, алайда, отбасы мен балалы болуды 
ойына  алмаған  əйелдерді  енді  ресми  түрде  «жағымсыз  кісі»  деп 
атайтын  болды.  Тіпті,  үкіметтің  тапсырысымен  «Жалғыз-жарым 
əйелдерге  жанымыз  ашымайды»  деген  сипаттағы  алғашқы  мақала 
да басылып үлгерді. Бұл елде миллиондап саналатын жалғызілікті 
қыздар үкіметтің аталмыш қаулысына қарсы. Олар жалғыздығының 
себебін мансап қуалағаннан емес, өздеріне жар болуға лайықты ер-
азаматтардың жоқтығымен түсіндіреді.
Әлемнің  Батысы  мен  Шығысы  əйел  баласының  бүгінгі  басты 
мəселелерін өз қал-қадерінше шешпекке ұмтылып отырған заманда 
қазақ əйелінің де түп негізіне, бүгінгі болмысына бір үңіліп қоюды 
жөн деп таптық... 
Қазақ ұғымында мейірімділіктің де, қатыгездіктің де бастауында 
əйел-заты тұрады. Әйел адамдардың пірі саналатын «Бибі Бəтима», 
«Домалақ ана», «Айша бибі», т.б. ана тұлғалар, əйелдер мейірім мен 
қайырымдылық тың, сұлулықтың символы болғаны баршаға белгілі. 
Сонымен қатар, «Жезтырнақ», «Перінің қызы», «Жалмауыз кемпір» 
есіңізде ме? Яғни қазақ ертегілерінде ең бір қатыгез кейіпкерлер де 
əйел-затымен байланысты. Сондықтан болар, əйел-затына қатысты 
айтылар əңгімелерде екі мінез, екі сипат қатар өріледі. Кез келген 
ертегінің,  аңыздың  оқиғасында  ер  адам  үлкен  қадамға  əйел-заты 
үшін,  не  əйел-заты  арқылы  баратыны  да  жасырын  емес.  Соның 
ең  жарқын  мысалы  «қалыңдық  іздеу»  оқиғасы.  Алпамыс  өзінің 
қалыңдығының бар екенін бір кемпірден естиді (мұндай сюжеттер 
көп болған соң, əрқайсысына жеке тоқталып жатпадық). Қалыңдық 
та  таңдаған  жарының  болашағы  үшін  бір  іс  қылады  (жүйрік  ат 
таңдауда көмектеседі, ақыл қосады, т.б.).
Бұл ертегі, аңыздар ғой, оның байырғы қазақ əйелдерінің бітім-
болмысына қаншалықты қатысы бар деуіңіз де мүмкін. Байырғының 
көзін  көргендердің  əңгімелеріне  де  тоқтала  отырайық,  ендеше. 

272
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Левшиннің қазақ болмысын зерттеген еңбегінде қазақ əйелінің ер-
азаматпен үзеңгі қағыстырып шайқасқа шығатынын, білек күшінің 
ер-азаматтардан  кем  түс пейтінін  айтады.  Жалпы,  көшпенділер 
өркениетіндегі əйел рөлі ақылдылық пен жанкештіліктен құралғанын 
ешкім  жоққа  шығара  алмас.  Олар  ері  майдан  даласына  кеткенде 
қалалық өркениеттің əйелдеріне ұқсап «өрмек тоқып» отыра берген 
жоқ. «Ертөстігім не өлгенде, не келгенде белімнен шешілерсің» деп 
серттесіп,  белін  шарт  буынып,  ер-азаматтың  мойындағы  ісін  өзі 
атқарып жүре беретін.
Жиренше  шешен  мен  Қарашаш  сұлудың  кездесуін  суреттейтін 
аңыздардың бірі былай демей ме: Жиренше бірде жолаушылап келе 
жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Кенеттен жауын жауып 
кетеді де, екі қыз қаптарын арқалай үйіне жүгіре жөнеледі. Ал үшінші 
қыз шапанымен қабын жауып, өзі соның ығына отыра қалады. Мұны 
байқаған Жиренше əлгі қыздың жанына жақындайды. Қыз сұлу екен, 
ақылы қандай деген оймен: «Сен неге көп қыздан бөлініп жалғыз 
отырып  қалдың»,  –  деп  сұрайды.  «Ол  қыздармен  бірге  ақымақ 
болайын  ба»,  –  дейді  қыз.  «Олар  қалай  ақымақ  болады?»  –  деп 
сұрайды  Жиренше.  Сондағы  қыздың  жауабы  мынандай  болыпты: 
«Аспандағы бұлт бір-ақ шөкім. Жауын қазір жауады да, ана қыздар 
үйіне жеткенше басылады. 
Есесіне,  олардың  тезегі  де,  киімі  де  су  болады.  Су  тезек 
оңайлықпен тұтанбайды. Ал менің тезегім құрғақ қалпында қалады. 
Жауын басылған соң, үйіме барып, от жағып, шапанымды кептіріп 
аламын...».
Қарашаштың мұндағы жауын астында өзі су болса да, жанған отын 
сөндіргісі  келмеген  жанкештілігі  мен  ақылдылығы  қазақ  əйелінің 
көбіне  тəн.  Сол  жанкештілік  арыны  айтпай-ақ  қойғанның  өзінде, 
өткен ғасырдағы ашаршылық, қуғын-сүргін мен соғыс, тəуелсіздіктің 
алғашқы жылдарындағы дағдарыста қалың қазақты аман-сау алып 
қалған  жоқ  па.  Сол  жанкештілік  қазақ  əйеліне  ашаршылықтан, 
қуғын-сүргін  мен  майданнан  қайтпай  қалған  азаматының  орнын 
жоқтатпай,  перзентін  арқалап  жүріп,  ауыр  жұмыстар  атқарғызды. 
Сол жанкештілік қазақ əйелін нарықтың қыспағында өмірі көрмеген, 
білмеген  Балқан  таудан  асырып,  қазақтың  ділінде  жоқ  кəсіппен 
шұғылдануына итермеледі. Сол жанкештілікті бүгінгі қазақ əйелінің 
кез келгенінің мінезінен тауып алуға болады. 
Әуелі  бүгінгі  қазақ  əйелінің  орташа  əлеуметтік  портретін 
сөзбен  бейнелеп  алуды  жөн  көрдік.  Сонымен,  еліміздегі  əйелдің 

273
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ортақ  портреті  мынадай:  ұлты  қазақ  (Жалпыұлттық  халық  санағы 
көрсеткендей,  елімізде  қазақтардың  саны  көп),  орта  жасы  –  33-
те,  (оның  ішінде,  ауылдағы  əйелдердің  орта  жасы  –  31,  қаладағы 
əйелдердің орта жасы – 34), негізінен қалада тұрады (қалалықтардың 
саны соңғы статистика мəліметтерінде – басым), жоғары жəне орта 
білімді, 20-25 жасында тұрмыс құрады, 27-28 жасында ана атанады, 
республика  халқының  52%-ын  құрайды.  Қазақстан  əйелдерінің 
жартысынан  астамы  (70%-ы)  4-5  жаннан  құралған  отбасының 
отанасы,  жалғызілікті  қазақ  анасы  да  жетерлік  (20%),  400  мыңға 
жуығы отбасын құрмаған (демограф Мақаш Тəтімовтың мəліметі). 
Осы жерде бір мəселені ерекше атап өтуіміз керек, Қазақстандағы 
отбасы  институты  көп  жағдайда  əйелдердің  арқасында  ынтымақ 
пен  бірлікте  отырған  көрінеді.  Бұлай  сөйлеуіміздің  бірнеше 
себебі  бар.  Ең  əуелі  ажырасуға  өтініш  беретін  ер  азаматтар  саны 
əйелдерге  қарағанда  көптігін  мысалға  алуымыз  қажет.  Екінші, 
отбасының  амандығы  үшін  əйелдер  басшылық  жұмысқа  да  көп 
ұмтыла бермейтінін біз ақтарған деректер дəлелдеп берді. Қазақстан 
əйелдері  басшылық  қызметке  ер  азаматтармен  салыстырғанда  үш 
есе  азырақ  ұмтылады  екен.  «Мемлекеттік  қызметкер  əйелдердің 
10%-ға жуығы ғана саяси белсенді қызметте. Ал 43,5%-ы «шешім 
қабылдау  деңгейіндегі»  əкімшілік  қызметте.  Статистикалық 
мəліметтер  басқару  қызметтеріне  байқау  жарияланғанда  өтініш 
негізінен  ер  азаматтардан  келіп  түсетінін  айтады.  Бұған  əрине, 
əйелдер  мен  ер  азаматтардың  білім  сапасы  мен  біліктілігі  жайлы 
неге сөз қозғалмады деушілер табыла кетер. Білім сапасы жағынан 
сауаттылық деңгейі əйелдер мен ер азаматтарда бірдей дегенімізбен 
де, ЖОО-ларда қыздар көбірек оқитынын ешқандай статистикалық 
деректерді  келтірмей-ақ,  сенімді  түрде  айтуға  болады.  2010-2011 
жылдардағы мəліметтер бойынша, ғылым докторлары атағын алған 
ер азаматтар көп (2 134 ер азамат, 1 034 əйел), ал ғылым кандидаты 
дəрежесінде  əйелдер  саны  басым  (8  127  əйел,  6  051  ер  азамат). 
Компьютерде сауатты негізінен əйелдер көрінеді (2,2 млн. əйел, 1,8 
млн. ер азамат).
Әжелеріміздің  өмірлік  жолдасының  тілеуін  тілеп,  «сені  менің 
алдымда алсын» деп отыратыны бекер емес екеніне қарттар үйіндегі 
санақпен  салыстырғанда  көзімізді  жеткіздік.  2011  жылғы  дерек 
бойынша қарттар үйінде əжелерге қарағанда қариялар саны көбірек. 
Бұған  əйелдердің  ер  азаматтармен  салыстырғанда  ұзағырақ  өмір 
сүретінін қосыңыз. Осы күні 85 жасқа келетін қарияларға қарағанда 

274
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
əжелер үш есе көп. Яғни үш есе аз қарияларымыздың көп бөлігін 
қарттар үйіне өткізген қоғам ақсақалдарынан неге бас тартып отыр? 
Балаға  əже  керек  болғанда,  ата  неге  шетқақпайланады?  Бұл  енді, 
бөлек əңгіменің желісі.
Әйел  адамдар  денсаулығына  да  жауапкершілікпен  қарайды. 
Кездейсоқ  жəне  жарақаттан  өлім  құшатындардың  арасында  ер 
азаматтардың қатары көп. Құрт ауруымен ауыратындардың қатары 
да  негізінен  ер  азаматтармен  толыққан.  Есесіне,  əйел  баласы 
əлеуметтік  ауруларға  жиі  душар  болатын  көрінеді,  мысалы,  қан 
аздық дертіне əйелдер көбірек шалдығатынын айтпасқа болмайды.
Бүгінгі  замананың  əйел  баласы  көлік  жүргізе  алады, 
көлік  жүргізгеніңізді  былай  қойып,  негізінен  ер  азаматтар 
тамашалайтын  футбол,  хоккей,  бокс  секілді  спорт  түрлеріне 
қатысты  бағдарламаларды  да  ерлермен  таласа-тармаса,  қызыға 
көретін болған. Несі бар? Тіпті, осы күні ер азаматтарға лайық деп 
саналған  спорт  түрлерімен  шұғылданатын  əйелдердің  қатары  да 
біршама. Ер азаматтармен тереземізді теңестіргеніміз соншалықты, 
осы  күні  əйел  заты  ішімдік  ішу  мен  темекі  шегуден  де  көштен 
қалмағаны  байқалады:  Жыл  сайын  ер  азаматтардың  арасында 
темекі шегетіндердің қатары азайып, əйел адамдардың саны көбейіп 
келеді.  Қоғамдық  пікірді  зерттеу  орталығының  мəліметінше,  2001 
жылы  еліміздегі  əйелдердің  7,5  пайызы  темекі  шексе,  он  жылдан 
кейінгі  көрсеткіш  9,4  пайызға  өскен.  Осы  уақыт  аралығында  ер 
азаматтардың  ішінде  темекіні  тастағаны  көп  (2001  жылы  –  65,3% 
– 2010 жылы – 51,2%). Осы күні қоғам темекі шегетін əйелдерге де 
көзі  үйренген.  Ер-азаматтармен  əңгіме  тиегін  ағытып,  көк  түтінді 
будақтату – қалыпты жағдай санала береді. 
Айтпақшы,  осы  күнгі  əйелдердің  көп  бөлігі  денсаулық  сақтау, 
білім беру, мəдениет жəне өнер, ғылым, сауда, қоғамдық тамақтану 
секілді  салаларда  өнімді  қызмет  етіп  жүр.  Өзге  аймақтардан 
хабарымыз жоқ, Астана мен Алматы қаласындағы қоғамдық көлік 
жүргізушілерінің қатарында əйел азаматшалар жиі кездесетін болып 
жүр.
Қылмыстық  жауапкершілікке  тартылған  əйелдерге  тағылатын 
негізгі айыптар мыналар екен: ұрлық, алаяқтық, жала жабу т.б.
Тағы бір сандарды сөйлетсек, Қазақстан 15-19 жастағы қыздары 
өзіне  қол  салатын  мемлекет  ретінде  ТМД  жəне  Орталық,  Шығыс 
Еуропа елдері арасында алғашқы орында тұр. Әрине, қорқынышты 
жағдай. Ол қыздардың ертеңгі ұрпақ тəрбиелер ана, ұлттың жоғын 

275

1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал