Ханымдар мен арулар


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР



жүктеу 10.56 Kb.
Pdf просмотр
бет24/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жоғары деңгейге көтеріп жіберді. Бұл оң қолы мен сол қолын танып, 
еңсесін көтеріп тəуелсіз ойлай бастаған кез-келген халыққа тəн жаңа 
қасиет пен сипат емес пе?! Сондықтан болар, біздің зиялы қауым төл 
тарихымызды жазуға, жариялауға белсенді бет бұрыс жасап үлгерді. 
Мұның  өзі  елімізде  ең  жоғарғы  мемлекеттік  деңгейде  қолдау  да 
тапты. Арнайы «тарих жылы» да жарияланды.
«Қарақожа»  –  Арғын  тайпасының  «Ақжолға»  дейінгі  ұраны 
болған. Мұндай тұжырымға шежірелік материалды талдау арқылы 
көзіміз жетті.
Енді  тарихи  жырлар  мен  жазба  деректердегі  Қарақожа  есімді 
тарихи  тұлғаға  назар  аударып  көрейік.  1358-1419  жылдары  өмір 
сүріп, өмірінің соңғы 40 жылдық кезеңінде Алтын Орданың саяси 
тарихында терең із қалдырған, алып империяның уақытша билеушісі 
болған  жəне  Ноғай  Ордасының  қалыптасуында  маңызды  рөл 
атқарған маңғыт биі – Едіге жөнінде жазба деректерде де, ауызша 
əдебиеттерде де материал өте көп. Сондай материалдардың біріне 
–  «Едіге»  туралы  жыр, дастан,  эпостар  жатады. Қазіргі күнде бұл 
жырдың 20-ға жуық нұсқасы белгілі.
Едіге  туралы  жырдың  Ш.Уəлиханов  нұсқасы  мен  Қ.Сəтбаев 
нұсқасында  Алтын  Орда  ханы  Тоқтамыстың  (1380-1395)  тоғыз 
батырының  əрі  кеңесшісінің  бірі,  Арғын  тайпасының  бегі  – 
Қарақожа батырдың есімі ұшырасады. Жырдың басты кейіпкерлері 
– Едіге мен Тоқтамыс. Бұл екі тұлғаның тарихтағы орны мен рөлі 
анықталып, айқындалған. Алтын Орда тарихында Тоқтамыс ханның 
билік құрған жылдары Едіге би оның қарсыластарының бірі болып, 
Әмір  Темір  жағына  шығады.  Ал  1395-1419  жылдары  аралығында 
Едіге алғашында Тоқтамыспен, одан кейін оның ұлдарымен күрес 
жүргізгендігі жазба дерек мəліметтерінде жақсы сақталған.
Жырдағы  басты  тарихи  тұлғалар  мен  олардың  арасындағы 
күреске  қарап,  жыр  оқиғасының  XIV  ғасырдың  соңғы  жəне  XV 
ғасырдың  алғашқы  ширегінде  болғандығын  анықтау  еш  қиындық 
туғызбайды. Олай болса, арғынның басшысы əрі батыры Қарақожа 
Едіге мен Тоқтамыстың замандасы болған. Сол жырда:
Көшкенде көшін айланған,
Өткір семсер байланған.
Жау қарасын көргенде,
Жауар күндей торланған.
Кетер құстай сайланған,

235
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Бір Алладан қашан да,
Тілек тілеп зарланған.
Арғындардың басы едің,
Қарақожа батырым! – 
деп суреттеледі.
Тоқтамыс ханның тоғыз кеңесшісі, əрі биі мен батыры кім болған 
десек, олар – Құдайберді батыр, Мүйтен тайпасының өкілдері қос 
Дəулет батырлар, Қара қыпшақ Қобыланды батыр, Уақ батыр, Шуақ 
батыр, Кеңес ұлы Кеңжанбай, атақты Сыпыра жырау жəне біз əңгіме 
етіп отырған арғыннан Қарақожа батыр.
Жоғарыда  келтірілген  суреттеуден  Қарақожаның  тек  батыр 
ғана  емес,  сонымен  бірге  əулие  немесе  пір-ишан  сияқты  дінбасы 
болғандығын  білуге  болады.  Оған:  «Бір  Алладан  қашан  да,  Тілек 
тілеп  зарланған  Арғындардың  басы  едің»,  –  деген  жолдар  дəлел 
болады.  Жоғарыда  айтылғанды  түйіндей  келе,  «Едіге»  жырының 
нұсқаларындағы Қарақожа батыр туралы деректер оның есімі бүкіл 
Арғын тайпасына ұран болуға лайық екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ, Қарақожа батырдың есімі ортағасырлық жазба дерек 
мəліметінде  де  кездеседі.  Қадырғали  Жалайырдың  «Жылнамалар 
жинағы»  (1602  жылы  жазылған)  атты  еңбегінің  «Тоқтамыш  хан» 
деген дастанында: «Бұл Тоқтамыш хан Еділ бойында өтті. Тайқожа 
ұланның  ұлы  еді.  Оның  хикаялары  əртүрлі  (сипатта)  мəлім  жəне 
белгілі.  Құтлу  Қия  ұлы  Едіге  Кучук  оның  кеңесшісі  (серігі)  еді. 
Бір  уақытта  оның  көңілі  қалып,  Едіге  Кучукке  қаһарын  төгіп, 
өлтірейін деді. Одан құтылып, неше жылдар өткен соң Темір бектің 
əскерін бастап келіп Тоқтамыш ханды қашырды. Темір бек күшінен 
(сипатынан)  Тоқтамыш  хан  солтүстік  тарапқа  қашты,  аштықта, 
сусыздықта  болып  жүрді.  Содан  соң  қарауылға  Ятым  батырды, 
одан  кейін  Тобал  батырды,  одан  кейін  арғын  Қарақожаны  қойды. 
Өздері  бірнеше  нөкерлерімен  (дем  алуға)  жатып  еді.  Едіге-Кучук 
ұлы  Нураддин  əскер  қолбасшысы  еді.  Ол  қарауылды,  əуелі  Ятым 
батырды, содан соң бəрін қапысын тауып өлтірді. Хан нөкерлерімен 
бейқам еді, оларда опат болды...», – деп баяндалады.
Бұл жазба дерек мəліметі бұған дейін, біз айтып отырған Қарақожа 
батыр жөніндегі шежірелік материалдар мен тарихи жыр деректерін 
одан  эрі  толықтыра  түседі.  Сонымен  бірге  кейбір  тарихи  оқиғаны 
нақтылап та береді. Тоқтамыстың Алтын Орда тағынан айырылып 
Сібір жақта қашып, тығылып жүруі 1396-1405 жылдар аралығына 
сай  келеді.  Осы  деректе  біріншіден,  Қарақожа  Тоқтамыстың 

236
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
қарауылы болды делінсе, екіншіден, олардың бəрі бір мезгілде қаза 
тапқандығы хабарланады.
Олай  болса,  Тоқтамыстың  сенімді  серігі,  кеңесшісі  əрі  батыры 
болған  Қарақожа  (Қазы)  батыр  Тоқтамыспен  бірге  1405  жылы 
көктем айында қаза табады. Ал, олардың жерленген жері белгісіз.
Арғын  тайпасының  ұранына  айналған  Қарақожа  (Қазы)  батыр 
туралы ой-пікірді қорыта келе мынадай тұжырым жасалған:
Бірінші, Қарақожа – əрі батыр, əрі ірі дін басы, əрі хан кеңесшісі 
жəне  бек  ретінде  белгілі  болған  ХІV-ХV  ғасырлардағы  қазақ 
тарихындағы ірі тарихи тұлға.
Екінші, оның беделі мен даңқының зор болуы – жазба деректе де 
тарихи жырларда да жəне шежірелік материалдарда да оның есіміне 
ойып орын береді.
Үшінші,  атақ-даңқымен  бірге  «Арғындардың  басы  болған» 
Қарақожа  батырдың  есімін  елі  ол  қаза  тапқаннан  кейін  ұранға 
айналдырған.
Төртінші,  уақыт  өте  келе,  арғындар  «Ақжолды»  жалпы  ұранға 
айналдырады.  Ел  есінде  Қарақожа  есімі  ұмытылмай,  сақталып 
қалады.
Есімі  Арғынның  ұранына  айналып,  аты  тарихта  ұмытылмай 
қалған  Шора  батырдың  ұлы,  Қотан  тайшының  əкесі  Қарақожа 
батырдың  тұлғасы,  міне  осындай!  Ал  енді,  «Қарақожадан»  кейін 
Арғындардың жалпы ұранына айналған Ақжол деген кім екен, соған 
тоқтала кетейік.
Дерек  мəліметтеріне  жүгінсек,  Ақжол  туралы  шежірелік 
материалдар  мен  ел  аузынан  алынып,  XX  ғасыр  басында  ғылыми 
айналымға  енгізілген  тарихи  əңгімеде  баяндалады.  Шəкəрім 
Құдайбердіұлы  1911  жылы  жарық  көрген  көпшілікке  танымал 
еңбегінде  Арғыннан  Қотанды,  одан  Дайырқожаны  таратады  да, 
Дайырқожаның  лақап  аты  –  Ақжол  деп  түсіндіреді.  Одан  əрі 
Ақжолдың  бəйбішесінен  –  Қарақожа,  тоқалынан  –  Сомдық  деп, 
Қарақожаның бəйбішесінен – Мейрам, ал Момын атты тоқалынан – 
Қара сопы, Кенже сопы, Бəсентин туған, – деп жазады.
Дайырқожа би əділдігіне байланысты – Ақжол би атанған. Ақжол 
биді  қапысын  тауып,  Қарақыпшақ  Қобыланды  батыр  тау  ішінде 
атып  өлтіреді.  Қобыландыны  арғын  жігіттері  өлтіріп,  Ақжолдың 
кегін аламыз дегендері ертеде жыр-дастан болған. Бірақ Әбілқайыр 
хан оған келісіп, өлтірпейді. Сол заманда атасы Қотан тайшы айтқан 
деген толғау бар.

237
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?!,
Сексеннен асып, таянғанымда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме, жұлының!
Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы, ұлының!
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде, құрыдың,
Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?!
Кейбір  деректе  «Ақжолды  өлтірген  –  Қарақалпақ  Қолдауын 
батыр»  делінеді  (Бейсетаев  Р.  Сүзге  ханым  //Төртінші  билік, 
8.09.2014, № 29-30). 
Мейрам  сопы  –  тарихта  шын  болған  адам,  Арғынның  рубасы, 
Қасым ханның кеңесшісі-əскербасы. Қазтуған жыраудың бір шумақ 
жазбасын Сүзге ханымның сұлулығына байланысты шынайы дерек 
деп  білуіміз  керек.  Мейрам  Керей,  Жəнібек  хандардың  кезінде 
өмірге  келіп,  Қасым  ханның  ақылшысы,  кеңесшісі  əрі  сардары 
болған, – мемлекет қайраткері. Оның сом тұлғасын сол кездің өзінде-
ақ  Қазтуған  жырау  өз  толғауына  қосқан.  Қазтуған  жырау  Мейрам 
сопының  біраз  жас  кішілеу  замандасы,  сипаттауына  қарағанда  əрі 
таныс-біліс адамы болса керек. Оның бейіті Маңғыстауда, Шетпеде 
деседі.
Бес сопы ағайынды, Мейрам шешен,
Арғынның тайпасына, болған көсем.
Көркіне көз тоймайтын, сұлу еді,
Өзі батыр, қартайса да, нұрлы əсем.
(Қазтуған жырау, XV-XVI ғғ.).
XII-XVI ғ.ғ. өмір сүрген арғынның Мейрам тарауы

рет
Бабаның
тегі, аты
Туған
жылы
Туған
Жыл аты
Өлген
жылы
Туған
жері
1
Арғын
1156
1262
2
Қаратай
3
Марал
4
Қазы (Қарақожа)
1338
Барыс
1405
5
Шора
6
Қотан
1370
Ит
1460
7
Қаратабай
1386
Барыс
8
Ақжол (Дайырқожа)
1404
Мешін
1456

238
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
9
Таңжарық
1422
Барыс
10 Бектібай
11 Мейрам сопы
1470
Барыс
1550
12 1. Қуандық
1496
Ұлу
13 2. Бегендік
1500
Мешін
14 3. Шегендік
1502
Ит
15 4. Болатқожа
1506
Барыс
16 5. Сүйіндік
1512
Мешін
17 Олжагелді (Қаржас)
1550
Ит
18 Суғыншы
1536
Мешін
19 Сүзге
1548
Мешін
1582
Мейрам  сопыны  қариялардың  айтуымен  өлеңге  салып,  көркем 
сипаттау берген Баттал ақсақал болыпты:
Аршын төс, кең иықты, ұзын бойлы,
Өткір көз, биік қабақ, терең ойлы.
Қыр мұрын, түзу мойын, қараторы,
Тұтасып кеткен дене, арқа жоны, – 
деп суреттеген.
Тағы бір шумағы: 
Төрт арыс – Орта жүздің, шын баласы,
Арқаның толған елге, сары даласы.
Қарақожа бабамнан, Арғын туып,
Дəулетке, сонда толған, айналасы.
Бұл арада, Мейрам сопыны қараторы деп суреттеуі шындықтан 
тым  алшақ  пікір.  Біздіңше,  бұл  жоғарыдағы  дерек  беруші 
қариялардың өз түрлеріне сайып айтылған сөз болса керек. Ауызша 
дерекке сай Ақжол да, Мейрам сопы да, би Сүйіндік те бойы ұзын, 
көк  көз  сары,  ерекше  бəденді  адам  болған  делінеді.  Ақжол  бидің 
ерекше бəденді болуы, ал Қобыланды батырдың аса ірі (бойы – 194 
см,  иығының  жалпақтығы  138  см;  антрополог  О.Смағұлов  дерегі) 
əрі ұсқынсыз болуы «Ақжол бидің өліміне себеп болды» делінетін 
əңгіме ел арасында бар.
Бес  Мейрам  баласы  адамының  беделі  мен  дəулеті  турасында 
Наушанбайұлы Нұржан шежіресінде:

239
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Мейрамның кіші қатыны Айнакөзден,
Осы жерде қалың Арғын екі жікті.
Бегендіктен  →  Қозған,  Шегендік  →  Қақсал,  Болатқожа  → 
Қаракесек, – деп айтылатын шежірелер де бар.
Бегендік, Шегендікке жəне келдік,
Қуандық – мырза, төртінші – би Сүйіндік.
Үш жүздің баласы бас қосқанда,
Байлық, бақыт осыларда, һəм үлкендік.
Міне,  би  Сүйіндіктің  жеңгесі  –  Бегендік  əйелінен  көрген 
жалғыз ұлы – Суғыншы, жалғыз қызы – Сүзге (Өз анам Бибімəрия 
Әбубəкірқызы:  «Олардың  азан  шақырып  қойған  аты  Суғұншұ 
жəне  Сүзгүншү»  деуші  еді).  Сүзге  –  Мейрамсопының  бəйбішесі 
Нұрпаядан  көрген  кенже  немересі.  Сүзгенің  сұлулығы  аңызға 
айналған  Мейрамсопы  сұлулығының  көшірмесі,  ал  көзінің 
қаралығы өз анасының (Кіші жүз қызы) көзіне тартқан дейміз. Олай 
дейтініз Нұрпая анамыздың өзі, жеңгесі, күтушісі (Қарқабат) жəне 
кейін келіндерінің көбі Сыр бойындағы Кіші жүз қыздары болғаны 
тарихтан белгілі. Қарқабат анамыз Кіші жүздің Қаракесек атасының 
қызы.  Болатқожаның  Қаракесек  атануының  негізгі  себебі  осы  – 
анасы  бойынша.  Ал,  Болатқожаның  Қаракесек  атануының  басқа 
себептері – қазақ ішіндегі қызғаныш пен мұқатудың белгісі. 
Қорытынды: Сібір аңызына айналған Сүзге сұлудың төркіні 
– арғын Бес Мейрам (Қуандық-Бегендік-Шегендік-Болатқожа-
Сүйіндік), оның ішінде Есілдегі Төртуыл (Бегендік-Шегендік-
Сүйіндік-Қаржас) атасы, ал туған үйі – Есіл билеушісі Сүйіндік би 
шаңырағы.

240
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ҰЛТ ҰЛАҒАТЫ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ДАНАЛЫҒЫ
Гульнара МУСАБАЛИНА, 
заведующая кафедрой истории 
Казахстана Евразийского 
национального университета 
им.Л.Н.Гумилева, доктор 
исторических наук, профессор
ЖЕНЩИНА В ТРАДИЦИОННОЙ КАЗАХСКОЙ СЕМЬЕ: 
ИСТОРИЧЕСКИЙ АСПЕКТ
Родовыми  представлениями  пронизана  вся  общественная  и 
социальная  жизнь  казахов.  В  семейных  отношениях  родовой 
быт  выражался  в  господствующем  положении  мужчины.  Вся 
власть  в  семье  принадлежала  мужчине.  Система  властвования  в 
казахской  семье  основывалась  на  нормах  обычного  права  (адат). 
Внутрисемейные отношения в традиционной казахской семье носят 
иерархический характер. В статусном отношении первую властную 
позицию занимал отец семейства, за которым в семейной иерархии 
следовали  жена  (мать),  и  дети,  в  зависимости  от  относительного 
возраста. Эта схема иерархических отношений отражала объем прав 
и обязанностей членов семьи.
Разграничение функций по полу и возрасту определяло уровень 
прав  и  притязаний  каждого  члена  семьи.  При  сопоставлении 
ролей  мужа  и  жены  легко  заметить,  что  они  делятся  на  вне  –  и 
внутриродовые. Внедомашние функции были закреплены за мужем, 
внутридомашние  роли  ассоциируются  преимущественно  с  женой. 
Роли подразделялись на мужские и на собственно женские. Главой 
семьи  считался  мужчина.  Он  был  главной  властной  фигурой. 
Остальные  члены  семьи  (жена,  лети,  внуки)  повиновались  ему. 
Для  реализации  властных  функций  мужчина  (муж)  прибегал  к 
использованию  или  применению  различных  норм  казахского 
обычного права. Властные функции главы семьи выражались в том, 
что он охранял женскую верность и существовавшие представления 
о  половой  строгости.  Это  находило  отражение  в  традиционном 
поведении женщин. Она не имела права выходить куда- нибудь без 

241
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ведома мужа. При выходе из дома ее должны были сопровождать 
кто-либо из старших детей или другие родственники.
Владыка  семьи  имел  право  на,  только  ему  принадлежавшее 
место в юрте. Это место было наиболее почетным, оно уступалось 
только  лишь  старшему  по  возрасту  или  гостю.  Главенствующее 
положение первого лица семьи выражалось и в том, что он первым 
начинал трапезу. Мужчина (муж) в семье имел определенные права 
и обязанности: право на многоженство, право на имущество, право 
голоса  в  решении  внутрисемейных  проблем,  право  на  участие  во 
внутриродовых или межродовых распрях, право отделения старших 
детей с выделом (енпп). Муж в семье обязан был следить за скотом, 
косить  и  собирать  сено,  сажать  и  убирать  урожай,  воспитывать 
сыновей,  доброжелательно  относиться  к  дочерям  и  успешно 
выдать их замуж с хорошим приданным, защищать семью и аул от 
нападения извне, должен был по призыву родоправителей защищать 
свою землю от внешних врагов, приоритетное право главы семьи 
видно из установившегося отцовского права. В народе думали, что 
сын – это гарантия продолжения рода. Когда рождался мальчик, то 
появлялась надежда, что он будет продолжателем рода и традиций 
отцовской семьи.
В  неразделенной  семье  (коллектив  разновозрастных  и 
разнопоколенных  людей)  властью  наделены  были  престарелые 
родители.  Все  члены  семейного  союза  смотрели  на  них,  как 
на  мудрых  людей,  у  которых  большой  опыт  жизни.  Мудрость 
и  житейский  опыт  аксакала  давали  ему  основные  права  во 
внутрисемейных  отношениях.  Седобородый  аксакал  олицетворял 
живого  прародителя  большого  семейного  клана.  Поэтому,  пока 
жил старец, никто не оспаривал его власть и не претендовал на нее. 
Знание  позволяло  отцу  большого  семейства  обращаться  к  опыту 
предшествующих  поколений.  Такие  традиционные  особенности 
отношений между старшими и младшими членами семьи позволяли 
отцу  семейства  удерживать  в  своих  руках  власть  и  управление  в 
семье.
В  традиционном  казахском  обществе  положение  женщины 
резко  отличалось  от  места  и  роли  женщины  у  ортодоксально  – 
мусульманских  и  оседло-земледельческих  народов.  В  условиях 
кочевого  образа  жизни  не  оставалось  места  для  женского 
затворничества.  К  тому  же  половина  хозяйственных  функций  в 
условиях  скотоводства  (уход  за  молодняком,  дойка  коров,  кобыл, 

242
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
овец;  обработка  молочных  и  мясных  продуктов)  ложилась  на 
женщин.  Все  это  в  определенной  степени  определяло  если  не 
равноправное  с  мужчинами  положение  женщин,  то  сравнительно 
свободное, нормально правовое положение.
В  большой  неразделенной  семье  статус  женщин  был  разный. 
Были  женщины,  которые  занимали  более  высокий  статус.  Во-
первых, она была старше возрастом, ее социальный опыт считался 
больше. Она была первой женой. Эту женщину называли байбише. 
Она  имела  статус  старшей  жены.  В  «Материалах  по  казахскому 
обычном)  праву»  об  этой  категории  женщин  написано:  «Старшая 
из них имеет надзор над домом, имуществом и детьми мужа» [1]. 
А.И.Левшин о статусе байбише писал: «Старшая или первая жена 
называется байбича (байбише). Муж должен иметь уважение к ней» 
[2].
Был статус также и младшей жены. Ее называли токал. Ее права 
были ограничены. Эти женщины разделялись не только по своему 
статусу, но и по функциям и месту жилья. И.Г.Андреев пишет, что 
«жен они (мужчины) имеют по достаткам: от одной до семи и более, 
для  коих  имеют  особые  юрты  или  аулы»  [3].  Глава  семьи  должен 
был оберегать жен своих от взоров посторонних мужчин. Для этих 
целей для жен были отведены специальные юрты, и даже аулы.
А.И.Левшин  пишет,  «сколько  бы  жен  киргиз  не  имел,  всякая 
из  них  при  малейшем  его  достатке,  живет  в  особой  кибитке  или 
юрте»  [2].  Четко  были  распределены  функции  между  байбише 
и  токал.  Байбише  руководила  младшими  женами  только  в  период 
определенных праздников, торжеств в семье. А в обыденной жизни 
каждая  имела  свое  отдельное  хозяйство,  управляла  и  властвовала 
там сама.
Общим для этих женщин было то, что они не имели имущественных 
прав.  После  смерти  мужа  имуществом  распоряжались  только 
старший взрослый сын или родственники мужа.
В  казахском  традиционном  обществе  издавна  существовал 
институт многоженства. Многоженство бытовало также у бурятов, 
якутов,  алтайцев,  хакасов,  тувинцев,  монголов  [4].  Развитие 
многоженства  связано  с  установлением  господства  мужчин, 
возникновением  имущественного  неравенства  в  обществе.  Много 
жен могли иметь только состоятельные люди. Такую информацию 
давали  дореволюционные  исследователи  казахского  кочевого 
общества – Н.Гродеков, Х.Куетанаев [5].

243
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Существовали  различные  причины  многоженства.  В  основном 
вторую  жену  браги  из-за  бездетности  первой,  из-за  отсутствия 
сына,  в  силу  традиций  левирата,  из-за  болезненности  супруги, 
неспособности  управлять  домашним  хозяйством,  или  просто  из-
за  прихоти  богача,  стремившегося  удовлетворить  свои  желания 
увеличить  потомство  и  получить  новые  рабочие  руки  в  свое 
хозяйство. По словам Н.Гродекова, мужчины имели право содержать 
до 4 жен [6]. А.И.Левшин писал, что у хана Нуралы (XVIII в.) было 
16-17  законных  жен  [2].  От  этих  жен  хан  Нуралы  имел  75  детей, 
из них 40 сыновей. Один из батыров шомекеевского рода, живший 
в  конце  ХVІІІ-начале  XIX  в.в.  –  Котебай,  упоминаемый  Кобеком 
Шукурали-улы  в  1803  году  в  записке  оренбургскому  губернатору 
Волконскому, имел 30 сыновей [7].
Действительно  многоженство  было  условием  многодетности. 
Авторитет  и  влияние  казаха  среди  населения  определялись 
богатством, а также количеством взрослых сыновей. Многодетность 
была  одним  из  условий  большой  силы  не  только  для  рядового 
казаха, но и ханов. А.И.Левшин об этом писал: «Трудно и даже едва 
ли  возможно  определить  степень  власти  начальников  казахского 
народа. Границы оной зависят от множества обстоятельств частных 
и расширяются по большей части не столько твердостью характера и 
правосудием лица повелевающего, сколько многочисленностью его 
семейства, богатством, старостью лет, происхождением и умением 
пользоваться, кстати, льстить буйству, иногда покровительствовать 
оное, а иногда карать и преследовать без пощады» [7]. Многоженство 
увеличивало  хозяйство  богатого  казаха,  так  как  каждая  его  жена 
была наделена отдельным хозяйством. Институт амангерства также 
содействовал  многоженству  казахов.  Даже  если  у  амангера  1  -2 
жены, он все равно по древней казахской традиции, забирал жену 
брата  с  ее  домохозяйством.  Тем  самым  увеличивал  число  своих 
жен.  Обычно  такие  жены  жили  отдельно  своим  хозяйством,  но 
находились под защитой амангера.
Развитию многоженства способствовал также захват пленниц во 
время  военных  действий  батырами,  ханами.  Причем  женитьба  их 
облегчалась тем, что не надо было платить калым. Примером могут 
послужить  много  жен  хана  Аблая,  среди  которых  были  киргизки, 
каракалпачки, калмычки [8].
Итак,  институт  многоженства  показывал  мощь,  богатство, 
знатность данного казаха, которые впоследствии и сыграли большую 

244
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
роль в захвате власти в роде.
Обязанностями  женщин  (жены)  было  готовить  пищу,  шить 
одежду,  прясть  шерсть  и  ткать  апаша,  доить  коров,  стирать  белье 
и  убирать  дома,  обрабатывать  молочные  и  мясные  продукты,  во 
время перекочевки разбирать и собирать юрту, воспитывать детей, 
ухаживать за пожилыми родителями мужа. 'Гак как большая часть 
домашних забот было на ней, она была первым помощником своего 
мужа.  Муж  иногда  семейные  дела  согласовывал  с  мудрой,  умной 
женой. В случае отсутствия мужа, женщина брала бразды правления 
в  семье  в  свои  руки  и  самостоятельно  решала  все  житейские 
вопросы. Таких женщин очень уважали, они пользовались большим 
авторитетом не только в семье, но и в ауле. Женщина не имела права 
называть своего мужа по имени, выходить куда-то без сопровождения 
родственников мужа, не имела имущественных прав, не имела права 
голоса в решении внутриродовых и межродовых проблем.
Каталог: upload -> media
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
media -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
media -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
media -> Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
media -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 10.56 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет