Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет20/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Кенжетай  күбірлеп  айтатын  дұға  сөздерін  қайталайды.  Мұның  өзі 
оның  жаугершілікте,  рулық  қоғамда  ел  қорыған  көкжал  бөрілігін, 
ел  шеті,  жел  өтінде,  үйдің  емес,  түздің  адамы  екенін  анықтайды. 
Мүнəфиқтық мінез, көлгірлік оның табиғатында жоқ.  
Тектік,  ұлттық  ойлау  жүйесі  күшті  халықтар  замана  ығына 
құламай елін кесапаттан қорғап қалатын рухани күшті жасымайтын 
болаттай ерлері арқылы бойында сақтайды. Ол иммунитет күшейген 
сайын  ұрпақтан  ұрпаққа  жаңылмай  беріледі.  Әлемдегі  тегеуріні 
күшті ірі халық атаулы ата дəстүрінен айныған емес. 
Ұлпанның ел анасына айналған тұсы Есенейдің қалың жылқысын 
қарауындағы  елге  бөліп  беретін,  кісі  ақысын  жеуді  ар  санайтын 
бекзат  адалдығы.  Бұл  мырзалық  деуден  ғөрі  имандылық,  теңдік 
белгісі. 
Есеней өлген соң Ұлпан бекзаттығынан айрылған жоқ. Әттең, ол 
қыз емес, ұл болып туатын жан.  «Ұлпан бұл кезде қара жамылған 
қаралы əйел. Он ауыл Сибанды Есенейдің қазаны мен қолына қарап 
телміріп отырудан біржола құтқарды. Қашаннан Есенейдікі болып 
келген  кең  жерді  əр  ауылға  бөліп  берді.  Мұнысы  жалғыз  бұл  ел 
емес, жалпы Сібір қазақтары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не 
екенін  Ұлпан  өзі  білген  емес.  Кедейлік  жаншып,  ділгірлік  сорына 
белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін 
істеді де берді. Қазір Есенейдің малы екі есе азайды, оның есесіне 
ел  Сибанның  малы  он  есе  көбейді.  Әр  үй  өз  текесін,  өз  айғырын 
мақтасып отырады.
Ел  аздап  егін  салады,  шөп  шабады.  Бала-шаға  дірдектеп  қыс 
бойы киіз үйде отырмайды, жылы қысқы үйде отырады. əсіресе, осы 
қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза». 
Ұлпан  өзін  Есенейден  жоғары  қоймайды,  артық  сезінбейді, 
байлықты малданып, айналасына ызғарын шашып, бекер өктемдік 
қылмайды.  Өйткені  оның  бойында  «Қырық  есекке  жүк  болатын» 
сайқалдық, күншілдік, ардан безу жоқ. «Жеті жылдан бері малымен 
болып  кеткен  адамның  əділ  би  деген  атағы  көмескі  тарта  бастап 
еді.  Ұлпанның  атағымен  бірге  қайта  көтерілді.  Ұлпан  олай  ойлай 
қоймаса да, Есеней солай сезінді. 
–  Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда.
–  Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бəйтерексің. 
Мен  сенің  саяңда  шырылдаған  бозторғаймын.  Менің  құдайдан 
бірінші  тілегім  сенің  амандығың!  –  деді  Ұлпан.  –  Сенсіз  мен  кім 
болар едім?..».

195
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Расында солай. Қазақ əйелді ешқашан ерден асырмайды. Бұл оң 
көзқарас,  жаугершілікте  ел  қорғаған  ерлер,  мал  табатын,  отбасын 
асыраушы ерлер, нəсілді сақтайтын ерлер болған соң туған əділетті 
өмір  заңдылығы.  Н.С.Лесковтың  «Мцен  уезінің  Макбет  ханымы» 
(«Леди Макбет Мценского уезда») атты повесінде махаббат жолында 
адасып, көңілдес еркекке бола өз ерін өлтірген əйелдің бейнесі еске 
оралады.  Ұлпан  ақ  жүрек,  Ұлпан  адал,  Ұлпан  нағыз  қазақ  əйелі. 
Ол нəпсісі үшін кісі өлтірмек түгілі өзін қасақана іздеп келіп, үйіне 
қона жатқан, жас десе жас, ақсүйек десе төре тұқымы, орыс оқуын 
оқыған,  көзі  ашық,    шен-лауазымы  бір  кісіден  кемдігі  жоқ  Қази 
Уəлихановты некелі жары Есенейден артық санамайды. Күйеуінің 
көзіне шөп салып, жұртқа таба қылар ақылсыз əйел Ұлпан емес. Ол 
қазақы танымнан шығандап шықпайтын дəті берік, намысы күшті 
əйел. 
Мемлекет  басқаратын  адамның  бүкіл  нышаны,  қайраткерлігі, 
үлкен  жүрегі,  мейірім  шуағы,  имандылығы  Ұлпанның  бойында 
түгел бар. Оқымай қалғаны бөгет болмаса Ұлпан тəрізді əйел қазіргі 
заманда ең биіктен көрінер еді.
Есеней  –  тарихи  тұлға,  атақты  Сырым  батырдың  жиеншары. 
«Сырымның  кісесі  Есеней  үйінің  бір  қара  сандығында  жетпіс 
жылдай  жатты.  Есеней  –  ауыр  сүйекті,  балуан  денелі  адам.  Бар 
өмірі ат үстінде өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын 
білеудей-білеудей бұлшық ет, қарны шыққан емес». 
Заманда болған ер Есенейдің əділдігі ə дегенмен айқын болды. 
Жас жігіт кейпінде келген  Ұлпан «Қаршығалы» шұбарын паналап 
қонып қалған үш ауыл кірме Күрлеуіттің арызын қыр шонжарына 
жасқанбай, тік айтқан аталы сөзіне дəн риза болып тыңдайды. Қос 
ұлы тірі болғанда жігіт болып өсер  еді-ау деп балаға зəру би іштей 
сүйсініп, қызыға қарайды. Оның қыз екенін білгенде көңілі өзгеше 
құйқылжиды.  Өзін  өлімнен  құтқарған  Артықбай  батырдың  қызы 
Ұлпан. Нышан табылды, жүрек бұлқынды, енді өмір өрбиді. Автор 
тіршілікті,  құс  жолындағы,  жер  бетіндегі  мəңгілік  тартылысты, 
айналысты түйсік, ибамен береді. 
«Есеней қазір діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр 
би  болатын.  Орыс  шекарасын  паналай  отыратын  Нұралы  деген 
момын елдің барлық жерін тартып алып, далаңқы жайлауға айдап 
тастағаны бар-ды. Момын ел қарғап-сілеп кеткен екен – келер жылы 
Есенейдің екі ұлы қара шешектен бір күнде, бір сəттің ішінде бірге 
өліп кетті». 

196
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Ғабит Мүсіреповпен елдес, жерлес, заманы бір  көрнекті жазушы 
–  Сəбит  Мұқанов.    Сəбеңнің  «Халық  мұрасы»  атты  кітабында: 
«Біздің елде «бес мың жылқы болыпты» деген Есеней сабаны алты 
айғырдың  терісінен  тіктіріп,  атын  «Тай  жүзген»  қойған  екен.  Сол 
сабаны  ысқа  қойғанда,  ауыз  жағы  қурап  кетіп,  бұған  ашуланған 
Есеней ыс салған адамның үйірге түсіп тұрған айғырын сойғызып, 
терісін сабаның құрғаған аузына жаматқан» – делінген. 
Билік иесі болу – зорлықшылдық. Сəбең мен Ғабең айтқан осы екі 
эпизод Есенейді ақтап тұрған жоқ. Оның қатігез, момынды ренжіткен 
озбырлығын  танытады.  Қазақ  ұғымында  киелі  мал  болады.  Бір 
елдің күнкөріс жерін тартып алу, үйірге түсер ата малды рəсуа қылу 
–  күнəһар  зорлық.  Оның  қарғысы  болады.  Бірақ  сол  кездегі  қазақ 
дəстүрлі қоғамында бұл үйреншікті қалып болған. Бұл қатігез мінез 
аламандық,  абадандық  саналған.  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы» 
атты  роман-эпопеясындағы  ру  арасы  түгілі,  ру  ішіндегі  сұмдық 
тартыс, ағайын араздығы қашаннан қазақ əлеуметінде болып келеді. 
Өйткені ол өктемдік айдан түскен жоқ, тегіс адамзат қоғамына тəн 
теңсіздік идеологиясы, зорлық-зомбылық. 
Осы  кітапта  Есенейдің  қазақтың  ескі  тұрмысында  не  қадірлі, 
соның бəріне қолы жеткен, үкілеп ұстаған, тұтынған, көгінде бар, 
бай  адам  екенін  білдіретін  детальдар  баршылық.  Самауыр  қазақ 
тұрмысына  енді  ене  бастаса,  құсбегілік  қазақтың  қанында  бар. 
Бүркітті байлар сəн-салтанат үшін ұстаса, қарапайым аңшылар кəсіп 
қылған. 
Ғабит Мүсіреповтің романында Есенейдің қасына ерген кісісінің 
бірі  –  аңшы  Алдай  Мүсіреп.  Оның  бейнесін  автор  шынайы, 
ұмытылмас  қылып  суреттейді.  Көкірегінде  зілі  жоқ,  аңқылдаған 
ақкөңіл,  баладай  аңқау  адам.  Оның  Есенейдің  жанына  тиетін 
сөзді  байқамай  айтуы,  өзі  ұстаған  түлкімен  ұрысып  отыратыны, 
тазыларына адамша сөйлейтіні қазақ мінезінде бар қасиет. 
«Қартайған  бүркіт  еріншектеніп,  ірі  аңдарға  түспей,  ұсағына 
ұмтылады.  «Бүркіт  қартайса  тышқаншы  болады»  деу  сондықтан. 
Тым қартайған бүркітті еркіне жіберу салты бар. Адамға үйренген 
бүркіт  ел  маңынан  ұзамай  ұшып-қонады.  Ондай  бүркітті  бүкіл  ел 
болып  сыйлап,  əрдайым  жем  (шикі  ет)  тастайды,  иттен,  құстан 
қорғайды,  тасаға  паналатады.  Біздің  елде  «Есенейдің  танакөзі» 
дейтін бүркітті сөйткенін өз көзіммен көрдім», – деп жазады Сəбит 
Мұқанов «Халық мұрасында».

197
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Есеней  бейнесі  романның  өне  бойы  біртіндеп  ашыла  береді. 
Қартайған сəтінде жолыққан Ұлпан – оның бақ құсы, əрі қорғаушы 
періштесі. 
Романда  Есенейдің  інісі  Еменəлі  образы  жан-жақты  ашылған. 
Ұлпан  адуын  сарықарын  бəйбіше,  жалғыз  қайнысының  əйелі, 
абысыны Айтолқынды ə дегеннен орнына қойып, мүйіздеп алады. 
Өйткені  оның  үлкен  үйді  өзі  билеп-төстеп  қалғанын  біледі.  Қазақ 
салтында  жап-жас  Ұлпанның  ересек  Айтолқыннан  жолы  үлкен 
болып саналады. Мұны ол билік, байлық үшін істемейді. Ұлпанның 
статусы – ел анасына айналу: «Ұлпан Сибанның ең үлкен əйелі, ел 
бəйбішесі!». 
«Жабағы сұрайды, қыл сұрайды, сүт сұрайды, ұн сұрайды, киіз 
сұрайды,  шай  сұрайды,  бөрікке  тыстық,  көйлекке  түйме  сұрайды, 
жайлауға көшетін көлік сұрайды...
Ұлпан  ешкімнің  қолын  бос  қайтармай  бере  берді.  Мырза  келін 
атанғысы келіп берген жоқ, əлденеге іштей наразы, əлденеге іштей 
намыстанып үлестірді. 
Қандай  əдемі  қыз-келіншектер  қайыршыдай  жалаңаш, 
қайыршыдай  сұраншақ.  Шешелері  əдейі  ертіп  əкелетін  балалар 
өңкей  мес  қарын,  ши  борбай,  ірің  көз...  бұларға  өмір  тілеу,  бақыт 
тілеу мазақтау сияқты сезіледі».
Кедейлік,  жігерсіздік,  жоқтық  шегіне  жеткен  зардабын    Ғабит 
Мүсірепов  «Этнографиялық  əңгіме»  атты  шынайы  суреттеулерге 
толы əңгімесінде ашып көрсетті, сатиралық образ жасады. «Ұлпан» 
атты  романындағы  кедейлік  басқаша  сипатта.  Елге  жаңару  керек. 
Заман  лебі  солай  соғады.  Ұлпан  соны  түсініп,  Есенейдің  бес  мың 
жылқысын  қол  астындағы  елге  жартысын  бөліп  береді.  Туған 
жұртының  əл-ауқатын көтеруге ол жанын салады. Артынан тұрмысы 
түзелген, тоғайған ел Есенейден ештеңе дəметпейтін болып кенелді. 
Бұл Ұлпандай дана əйелдің арқасы екенін Ғабең сүйсініп суреттейді.
«Бұл  араның  қазағына  егін  салдырды,  шөп  шаптырды,  қыстау 
салғызды. Бұл елді қазір жартылай отырықшы дей аламыз», – дейді 
жазушы ұлық орыстың аузымен. 
      Ұлпанның  қайраткерлігі  кісі  ақысын  жемеу  сияқты  имани 
ұғымда тіпті жарқырап көрінді. 
«–  Есеней-ау,  мына  қараша  ауылды  сен  неғып  көрмей  жүрсің? 
Өзіңе ұят қой! – деді.
–  Осы қырық үй малшы-жалшылардың қырық жылдан бергі 
жалақылары сенің мойныңда кете беріпті... обал ғой, – деді

198
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
–  Айналайын  Ұлпанжан,  соны  маған  ендігəрі  айтпайтындай 
болып,  өзің  тындыршы,  екеумізге  екі  айғырдың  үйірі  жылқы 
қалдырсаң болды. Менің ендігі байлығым жалғыз сен... асырарсың 
бірдеңе қылып...». 
Ерлі-зайыпты  екі  адамның  арасындағы  осы  диалогтан  айқын,  
елге  тұтқа  Есеней  мен  оның  сүйіп  алған  қосағы  Ұлпанның  жаны 
таза жан екендігі. «Еркексің ғой сен, еркексің, Есенейжан!» дейді ол 
əйеліне, билігін ғана емес, өзінің Есеней атын қоса қияды. 
«Қатын  қайраттанса  қазан  қайнатады»  деп  түсінген  қазақ 
қоғамындағы  стеротипті  Ғабит  Мүсірепов  бұзып  отыр. 
Сүйіспеншілілік хисса-дастандарында дəріптелетін қыз-келіншекті 
мемлекттік  ұғымына  теліп,  əлеуметтік  биікке  көтерді.  Өйткені 
Ұлпан атамекенінің елге сыйлы, аяулы адамы. 
«Жас  əйел  Ұлпан  асқан  ақылды  адам  еді.  Өз  айтарын  əуелі 
Есенейге  айтқызып  алып,  өз  байламын  əуелі  Есенейге  байлатып 
алып  жүр.  Есеней  де  «мына  қатын  былай  деп  еді»  деп  Ұлпанның 
атын шығара сөйлейді».
Жазушы  Есеней  мен  Ұлпан  екеуінің  арасындағы  шынайы 
жарасымды  дəл  бейнелейді.  Ол  тіпті  өз  атасы  «түркпен»  Мүсіреп 
пен  əжесі  Шынардың  алғаш  шаңырақ  көтерген  кезін  бейнелейтін 
тұстарында  мол.  Ұлпан  Шынарға  еркіндікті  уағыздайды,  бірақ  ол 
лағып кету емес. 
Ұлпан  əйел  бақытын  сезіне  алған  жоқ.  Ол  басқа  бір  құдіретті 
сезінді. «Ерте тоқыраған аналық» дейді автор, бір қыз туған Ұлпан, 
сол жарығынан ерте айрылып, мерзімінен бұрын ажал тапты. Қара 
ниетті  адамдардың  көре  алмаған,  қызғаншақ  кесірі  тиген  шығар, 
романда бұл  сарын, сүйікті қызы Біжікеннің қаза болуының сыры  
ашық айтылмайды, астыртын беріледі. 
Ұлпанның айналасы туралы. Еменалы ескілікті тұрмысқа əбден 
үйренген, кертартпа. «Ата-бабамыз киіз үйде туған, сонда өлген» деп 
ол қасарып жалғыз отырады. Ұлпан оны елмен бірге көшіреді. Соған 
ақылы жетеді. Есенейдің інісі болған соң ол басында əйелі Айтолқын 
екеуі  «ана  жалаң  бұт  келген  тоқал»  деп  бұйрығына  шамданатын 
Ұлпанды жек көрді, бірақ беделі, мəртебесі зорая түскен жеңгесінің 
адамшылығын, ел қамын ойлаған даналығын мойындауға мəжбүр: 
«Сенемін,  Ұлпан,  сенемін.  Сен  бір  əулиедей  адал  адамсың  ғой. 
Бірақ, мен Есенейдің малын талап жатыр деген атаққа қалмаймын. 
Бір лағыңды алмаймын. Өзім де сотқар едім, балаларым менен ұзап 
қайдан барсын». 

199
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Бұл кісілік, жөн білгендік емес пе! Еменəлі жаман адам болса, ең 
əуелі Есеней өлген соң артында қалған үйір-үйір малға талас қылар 
еді. Ол тіпті Ұлпан үш ұлдың еншісі деп бөліп берген тиесілі малды 
алмай қояды. Онысы бекер болды, Есенейден қалған тұяқ Біжікенді 
аман  сақтай  алмаған  күшік  күйеу,  қайырсыз  Торсанның  игілігіне 
айналды. Еменəлі Абай өлеңдерінде шенеген малдан басқада ісі жоқ 
сасық бай емес. Иманы түзу.
Еменалыны ықтырған Ұлпан тік айтқан шындық. Ұлпан қандай  
батыр,  ірі  сөйлейді!    «Сибан  сені  Есенейдің  алдында  айыпты 
санайды.  Айыпты  екенің  өтірік  пе?  Тыжырынбай  тұра  тұр!  Сен 
Есенейдің  өліміне  де  ортақсың!  Есенейге  ең  соңғы  тиген  қара 
шоқпар  сенікі  болатын  содан  кейін  Есеней  бір  күн  төсектен  тұра 
алды ма? Тұра алған жоқ! Енді сен сол Есенейдің қатыны Ұлпанға 
əмеңгер болып есенейдің төсегіне жатқың келетін көрінеді. Есің бар 
болса,  енді  Есенейдің  төсегіне  ешкім  жақындамасын  деп  ағаңның 
аруағын қорғай жүрер едің-ау! Оны ойлаудың орнына өзің жатқың 
кепті.  Әмеңгерлік  хайуандықтың  бір  түрі  емес  пе?  Ұялсаңшы! 
Есенейдің  жалғыз  мұрагері  менмін  деп  дауласқалы  отыр  екенсің. 
Өзіңе  керегі  мал  ма?  Қанша  керек  өзіңе?  Күні  ертең  үш  балаңды 
ертіп  кел  де  қанша  мал  керек  болса,  соншасын  айдап  жүре  бер. 
Маған мал керегі жоғын неғып түсінбей жүрсің? Биыл Есенейге ас 
беремін депсің. Беріп көрші, бір Сибан қатынасар ма екен! Сонда 
қандай  масқараға  ұшырайтыныңды  білемісің  сен!  Есенейдің  асын 
биыл  өз  үйі  берді,  келер  жылы  сен  бер.  Ашпа  аузыңды,  жықтыр 
үйіңді! Көш жайлауға!».
Сөйтіп,  Еменалыға  Сибанның  қалаған  жерінен  қоныс  берген 
Ұлпан оның тоңторыс қырыстығын жеңді. Ұлпанның небір ділмəр 
шешенге лайық аталы сөзінде ескі қазақ тұрмысының бүкіл айқын 
белгілері тұр: рулық, əмеңгерлік, ағайын араздық, малға талас, жерге 
талас, ас беру, көш, мал ашуы, мораль мəселесі. Аталы сөзге арсыз 
тоқтамайды. Еменалы Ұлпанның ақ сөзіне тоқтайды. 
Еменалы  түгілі  Есеней  кеткен  соң  жесір  əйелді  талап  алғысы 
келген болыс-билерді ақылымен жеңген Ұлпан.
Әмеңгерлікті  сөгу  арқылы  жазушы  өз  болмысы    жаңа  заманға 
бейімдегенін көрсетеді. Бəйбіше-тоқал, əмеңгерлік ұғымдарын сол 
кездегі  қазақ  жазушылары  жатсынды.  Жазушы  ұлттың  бұрынғы 
ғұрып-салтын жаңаға лайық көрмеуі социалистік дəуірдің əсерінен 
туған. Оның көбінесе оң нəтежелі, кейде теріс салт екенін Ғабең бір 
кісідей біліп отыр.  

200
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Сəбең «Халық мұрасында» əкесі туралы: «Күрілдектің күтірінде 
жеген  таяқтан  кейін  ауыр  еңбекке  күші  келмейтін  болған  Мұқан 
көшіп, Зəуре атты қызының ауылына келеді. Бұл ауылда біздің үй 
бір қыс болған деседі. Ол жылы мен алты жаста болсам керек. 
Есенейдің інісі Еменалының кенже баласы – Сүлеймен. Зəурені 
ол  тоқалдыққа  алған».  Қарға  тамырлы  қазақ,  Сүлеймен  Сəбит 
Мұқановтың туған жездесі болып шықты. 
Романда этнографиялық деректер мол. «Балалар бай, кедей деп 
алаламай көш бойында кетіп бара жатқан барлық əйелдерден бəйге 
алады». Алтыбақан, бастаңғы, т.б.  
Жазушы  өз  атасы  Мүсірепті  ерекше  сүйіспеншілікпен 
суреттейді:  сыбызғышы,  күйші,  атқұмар,  əдемі  киімді  ұнататын, 
сері. Автопортрет сияқты. 
«Түркпен» Мүсіреп пен Шынардың ауылындағы сауық-сайранды 
суреттейтін тұстарында  жазушы қазақ мінезін, үлкендерден ығысып, 
жастардың булығып тұратын сəтін шебер суреттейді. «Отау үйлерде 
жас  келіншектерге  бір  теңдік  тиіп  қалады.  Өз  үйлерінің  төріне 
шыға  алмайтын  жас  келіндер  төрге  шығады.  Еркектермен  бірдей 
құрметтеледі.  Қыз  күнінде  бар  өнерлері,  келін  болып  түскен  соң 
құмығып қалатын өнерлері осындайда бұзып-жарып шыға келеді». 
Романдағы  Торсан  Тілемісов  бейнесі  жаңа  низаммен  бірге 
қазақтың тұрмысында көп өзгеріс болғанын ашады. «Ел биледі бір 
сымпыс» деп Абай осындай типті жырлайды. Зар заман ақындары: 
Шортанбай,  Дулат  («Қазақтан  шыққан  кəпір»)  бұлардың  образын 
өлеңмен таңбалап кетті. 
Бұлар əуелі орысша оқып келеді, тілмəш, ауылнай, болыс болады. 
Сосын қара халықты ақ патша үкіметімен қосыла қанаудың, баюдың 
жолына түседі. 
Торсан 
Тілемісов 
И.А.Гончаровтың 
«Обломов» 
атты 
романындағы Андрей Штольц образын еске салардай. Пысық. Әкесі 
Тілемістің  Есенейде  кеткен  кегі  бар.  «Бұдан  он  жеті  жыл  бұрын 
Есеней Тілемістің əкесіне шошқа бақтың деп дүре соқтырған еді». 
Мұсылманшылықты ел ағасы басқаша қалай қорғайды? Соны білер-
білмес, бірақ Есенейге өштіктің уытын осы күйеу бала Торсан алады. 
Ол Есенейдің шаңырағын ортасына түсіріп, отын сөндіріп тынды. 
«Талпақ  танау»  атты  керемет  əңгімесінде  Ғабең  қазақ  жеріне 
шошқа  əкелінген  сəтін  трагикомедияға  айналдырып,    сатира, 
юмормен  көркем  суреттейді.  Сондықтан  Есенейдің  бір  момын 

201
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
қазаққа шошқа бақтың деп дүре соқтырғаны қорлық-зорлық емес, 
ашынудан туған əрекет деп жазушы ақтап тұрғаны айқын. 
Керей, Уақ – туыс ел. Құдалық сөйлескен Шайғөз Уақ руының 
кісілерін  тыңдап,  Ұлпан  Есенейден  туған  жалғыз  қызы  Біжікенді 
Торсанға қосуға қиды. Торсанды қызының теңі деп білді. 
Торсан тектілік таныта алмады, ақыры қызы кенет қайтыс болған 
Ұлпанның сорына Есенейден қалған қара шаңырақты мал-мүлкімен, 
жерімен қоса иемденіп, Жəуке деген ұятсыз əйелі екеуі бұл əулеттің 
түбіне жетті. 
Жəуке  тұрмыста  аз  кездеспейтін  шайпау  əйел.  Ақылы  өзінен 
аспайтын  нашар,  əйтпесе,  Жəуке  де  Күрлеуіттің  қызы.  Ұлпанды 
апалап  сыйлап  тұрса,  байлық  иесі  Ұлпан  екенін  білсе,  бұндай 
сорақы сұмдықты жасамас еді. Ұлпан ана өз үйін өзінен қызғанып, 
құзғынша тартып алған Торсан мен Жəукенің тексіздігін,  жалғыз 
қызы Біжікеннің беймезгіл ажалы салған күйікті көтере алмай мерт 
болады. 
Романның басы мен аяғында кездесетін бір жаңылтпаш сөйлем 
арқылы Ғабит Мүсірепов  «апама жездем сай», пейілі теріс Торсанға 
дəл  табылған  тоғышар,  дүниеқоңыз,  қатігез  жартысы  Жəукенің 
характерін білдіретіндей:
«Ұлпанды  кіші  баласы  Мырзашқа  айттырып  қойған  Түленнің 
əкесінің  əкесі  Тілепбайдың  шешесінің  сіңлісі  Ақбайпақтан  туған 
Қарабайдың  Қайыркелдісінің  жиені  Игембердінің  немере  қызын 
алып отырған Ырымбектің Жəуке деген қызы бар еді. Торсан соған 
үйленді. 
Ырымбек  Ұлпанның  жылқысын  баға  жүріп,  бұл  кезде 
байшікештеніп алған еді». 
Алпамыс батыр жоқта елді билеген Ұлтан құл, оның сақау қатыны 
Бадамша  еске  түседі.  Біреудің  басындағы  құдай  берген  бағын 
күндейтін адамдар жарық дүниеде аз емес. «Біреу өлмей біреуге күн 
жоқ» деу сондай қара ниетті адамдардың  философиясы. 
Торсанның сол елде ұзақ жыл бай, əкім болғанын Сəбең көркем 
шығармаларында жазады. 
Романда қазақтың əлеуметтік өміріне үлкен өзгеріс ене бастағаны 
Ұлпан Есенейдің қырық жылқысын саттырып, сауда жасаған Тобыл 
базары,  орыс,  татар  саудагерлері,  жерге  қатысты  ұғымдар  арқылы 
ашылады.  Қабан  мен  Жетікөлдің  арасында  əйелдер  монастыры 
салынғанын жазушы Тұрлыбек бидің аузына салады: «Сондағы екі 

202
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жүз он тоғыз қыздың бəрі жесір қатын емес пе? Әйелді жарылқағаның 
осы  ма?».  Бұл  қазақы  танымнан  бөлек  целибат,  некесіздік  ұғымы 
жат мұсылмандық ұғым. 
«Шынына қалғанда Байдалы он бес десятина дегеннің қанша жер 
екенін  дəл  шамалай  алмайтын  адам  еді.  Тек  өлшеп  берілгендікке 
қарсы. Ол өлшеуі жоқ жерге, өлшем-шегі жоқ, ата қуалаған билікке 
үйренген адам». 
Жазушы  дəл  осы  ойды  қандай  мақсатпен  айтып  отыр?! 
Шынтуайтында,  ол  Байдалы  биді  жақтап  отыр.  Өлшеуі  жоқ  кең 
далаға  ие  болу  бүкіл  қазаққа  тəн  сана.  Ол  ішпей-жемей  көңілді 
тоқ  қылатын  кеңдік,  азаттық.  Ғасырлар  бойы  сол  кеңдікке  əбден 
үйренген,  жаудан  зұлымдық  келмесе  құдай  өлтірмейді  деп  дүние 
танитын  таза  ел.  Оның  қарадай  тарылғанын  қай  қазақтың  жаны  
қалайды. Бұл өзі қанмен, текпен берілетін қасиет.
Романдағы  колоритті  образ  –  Қожық  қарақшы.  Қасқыр  қуып, 
көлдегі жылымға ат-матымен құлап кеткен Есеней суық далада дерт 
жабыстырып оралды. Ақыры, сол апат оның түбіне жетті. Олар түнде 
бір жылқышы қосына кездесіп, Қожықтың қосы екенін білген соң 
қонбай кетеді. «Қожық ұры, атақты сотқар еді. Жүз жігіт баукеспе 
ұры ұстайды. Жолаушы тонайтын жолбасарлары да бар. Талай кедей 
ауылдарының  жылқысын  тал  түсте  тартып  əкетіп,  теңдік  берген 
емес».  Ол  –  Есенейдің  қас  дұшпаны.  Қожық  барымташылықты 
ұстанған,  бұрынғы  дəуірде  əр  елде,  əр  руда  кездескен  қанішер 
ұры.  Қазіргіше  мафиоза  басшысы,  «крестный  отец».  Аламандық 
адамзатта өзгермейтіні қайран қалдыратын құбылыс. 
Роман  кейіпкерлері  Ғабеңнің  рулас,  аталас  туыстары,  шыққан 
ортасы. Ғабең өз ортасының шындығын жазып отыр. Психологиялық 
портрет  жасауда  деректі  тұлғалар  болған  соң  жазушы  қаламына 
оңайға соқпасы анық.         
Романдағы  Шыңғыс  төре,  Кенесары  сұлтан  тұлғасына,  оның 
ұлт-азаттық  қозғалысына  жазушы  салқындық  танытады,  оны 
билікқұмарлық  деп  бағалайды.  Төре  тұқымынан  кілең  жағымсыз 
бейне жасайды. Қазақтың елдігін бекіткен, басын қосып, жоңғардан 
теңдік əперген, Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тəтіқара жырау артқы 
ұрпаққа    аманат  қылып,  ұмытылмас  бейнесін  жырға  қосқан  ер 
Абылай ханның тұқымы Кенесарыны Мағжан сүйіп жырға қосқан, 
қазақтың талай ақындары дəріптеген. Советтік дəуірде өмір сүрген 
жазушы бұл ретте идеологияның əсерін бастан кешкен жоқ па, сол 
ісіне артынан өзі өкінген жоқ па? –  деген күрделі сауал туындайды. 

203
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Ғабең діни білімі жетік ғұлама Науан қазіретті Ақан серіге қарсы 
қылып суреттегенмен, өмірде бұл екі тұлға бір-біріне қарсы болмаған 
деседі.  Шығармашылықта рухани қайшылықтар жүрмесе, жазушы 
қоғамды  өз  ырқымен  бағаламаса,  онда  тіршіліктің  жұмбағы  оңай, 
қитұрқысы жоқ, бір клеткалы инфузория сияқты арзан болар еді. 
Еліміз  тəуелсіздік  алған  соң  қазақ  баспасөзінде  Сəбит,  Ғабит, 
Ғабиден сияқты ірі жазушыларды сынап, олар советтік социалистік 
əдебиетті жасады, күні өтті, енді олардың бізге керегі жоқ деп жар 
салып  жүргендердікі  теріс,  əбестік,  ұят  қылық.  «Өлі  арыстаннан 
тірі тышқан артық» деген шала ес ұғым əдебиет пен өнерге мүлдем 
жүрмейді. Мұны айтып жүрген топ негізінен прозаға үмітті. Бұлай 
жер өртеп ат шығарудың қажеті қанша? Әдебиет кең əлем. Мықты 
болсаң жерде қалмайсың. 
Мұхтар  Әуезовтің  «Өскен  өркен»  атты  романын  сынайды. 
Япырмау,  Мұхаң  деген    «Абай  жолы»  роман-эпопеясы,  шетінен 
классикалық  əңгімелері,  қазақ  əдебиетінде  теңдесі  жоқ 
драматургиясы,  том-том  кітаптары,  ғұламалығы  айқын  ғылыми 
мұрасы ғой! Басқасын айтпағанда, қазақ əдебиетіндегі қасқыр мен 
ит  туралы  əңгіме-повестердің  баршасы  түгел  «Көксерек»  ұясынан  
шықпап па еді?.. 
Қазақ филология ғылымы бұл тұлғаларсыз қараң қалмай ма?! 

1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал