Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет19/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Бар Болу мен мүлде Болмау туралы экзистенциалдық мəселенің түп 
бастауындағы «Ана-Орталығын» анықтап ала аламыз. Бұл ұстаным 
АрғыТүпМəн  ретінде  «Ана  асқақтығын»  əйгіледі.  Бұл  құрметтеу 
патриархатқа алып келген жоқ, керісінше, оған қолайлы, ыңғайлы, 
жайбарақат  өмір  сыйлау  керектігін  ұғынуға  жетеледі  де,  əскерлер 
тек  ер  адамнан  құралуы  туралы  қоғамдық  пікір  қалыптасқан 
сыңайлы. Демек, оның үйде отыруы кемсітушілктен емес, керісінше, 
ұрыстарда қаза болудың алдын-алу, жауға аттанытан ұл тауып, оны 
дайындаудың «биоəлеуметтік өндірісіне» айналдырды.
Шаманистік сенімде əйел бейнесі туралы анығырақ айтылмайды, 
бірақ, шаман-əйелдердің де болғандығын ескерсек, онда да əйелді 
кемсітушілк жоқ екендігін түйсіне аламыз. Шамандық-тəңіршілдік 
мифологияларға  назар  аударсақ,  шайтан  типтес  немесе  шайтанға 
айналатын,  түнде  жылан  кейпіне  енетін  əйел  бейнелерінің  бір 
ерекшелігі  оларға  жағымсыз  көзқарас  орнатпайды,  керісінше, 
өміршеңдік пен өмірге бейімділіктің, ақылдылық пен тапқырлықтың 
образын сомдауға арналады.
Егер,  шамандық  дүниетанымға  сəйкес  құрылған  миф 
мазмұндарының біріне тоқталатын болсақ:  «жігіт – пері ауылына 
келеді,  перінің  қызымен  жақындасады,  оған  түнімен  ұйықтамау 
шарты  беріледі,  оқиға  түнде  өтеді,  таң  атқан  соң  бəрі  жоғалады» 
немесе  скифтік  мифологиядағы  Тарғытайдың  жылан-қызбен 
қатынасуы [2, 516] сияқты оқиғаларға куа боламыз.
Шаманизмдегі  шайтан  демонологиясы  туралы  пікірлерді 
талдаған  Г.  Тоқсанбаева:  «Осы  мазмұндас  кейбір  мифтер  мен 
ертегілерде:  батыр  немесе  патша  перінің  қызына  үйленеді, 
қалыпты ғұмыр кешеді. Бұнда перінің қызы зұлымдық иесі немесе 
жағымсыз  бейне  емес,    бейтараптылық  құбылыс.  Қорыта  айтсақ, 
осы  құндылықтардың  ауысуына  сəйкес  «перінің  қызы»  –  тым 
көне  дүниетанымда  жағымды-əсем,  одан  кейін  бейтарап,  кейіннен 
жағымсыз жəне зұлым-азғырушы сатыларынан өткен тəрізді» [3, 28] 
деген қорытынды жасайды. Демек, шайтан шамандық дүниетанымда 
жағымсыз бейне емес, кейіннен ислам дінінің ықпалымен жағымсыз 
образға айналған.
Әлеуметтік  мəртебелі  тұлғалар,  батыр  немесе  патшалардың 
перінің қызына үйленуі, бұл жұптың биік мəртебелі екендігін айғақтап 
береді. Демек, қыз періге теңелсе, жыланға немесе шайтанға анала 
алатын  болса,  құрметті  тұлға  ретірде  саналған.  Бірақ  əрине,  оның 
неліктен екендігінің мағынасы мифология тым көне болғандықтан, 

185
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
шындығында,  күңгірттеу  болып  келеді.  Біздіңше,  «шайтан-қыз» 
түзілімінің ішкі мағынасын былайша топшылауымызға болады.
Біріншіден, шаманда шайтан-перілер абсолютті жағымсыз мəнде 
емес,  игілікті  істерді  атқару  үшін  бақсыға  қол  ұшын  береді,  бірақ 
оның түпкілкті құлдары болып та табылмайды, кейде оған бағынбай 
да  кетіп  жатады,  тіпті,  бақсы  əлсіздік  көрсетсе,  оның  өзін  құрбан 
етуге  дейін  барады.  Бұл  мифологиялық  бейне,  түптеп  келгенде, 
сол  шайтан  мен  бақсының  теңдігін  көрсетеді.  Бұл  нұсқаны: 
«əйел  (пері)  ердің  айтқанына  көніп,  оған  қызмет  етуі  керек,  бірақ 
кемсітушілік  пен  зорлық-зомбылыққа  төзбейді»  деп  қоғамдық 
өмірге тым қарабайырлау аналогия жасай салуға да болады. Бірақ 
шамандық  дүниетаным  мен  философиядағы  шайтандар  мен 
перілер  əйел  кейіпті  емес,  тіпті  жынысқа  мүлде  қатынасы  жоқ 
екендігін ұмытпағандығымыз да жөн. Ендеше, ең дұрысы, перілер 
мен  шайтандар  мүлде  жағымсыз  бейнелер  емес,  бірақ  ерекше 
жаратылыстың қуалары деп айта аламыз.
Екіншіден,  қыз-перілер  мен  қыз-шайтандар  шамандық 
дүниетанымдан  туындаған  мифология  болғанмен,  нағыз 
бақсылықтың  мəнін  бере  алмайды.Сондықтан,  пері  мен  шайтан 
белгілі  бір  қырыран  алғанда,  қыздарға  берілген  «мəртебе»  болып 
саналған:  икемділік  пен  аса  шапшаңдық,  бəріне  де  үлгеруі  тиіс 
мінез-құлық, асқан сұлулылық т.б.
Үшіншіден,  мифологияның  астарында  шындық,  яғни,  өмірмен 
тура  сəйкестік  жатқан  болса,  бұл  жердегі  əйел  мəртебесі  мəселесі 
қозғалмайтындығы түсіінкті жайт.
Қорқыт  ата  кітабындағы  да  назар  салсақ  та  Әйел  мəртебесінің 
жоғарылығын  байқай  аламыз.  Түрік  ғалымы  Салық  Тұрал  бұл 
жөнінде  былайша  пайымдаған  болатын:  «Менің  ойымша  Қорқыт 
ата  дастанының  өзіне  тəн  жəне  дүние  дастандары  ішінде  байқала 
бермейтін  бір  өзгешелік  еркек-əйел  арасындағы  қарым-қатынас 
бойынша сана-сезімді қадағалады. Қорқыт ата дастандары бір əйел 
алушылықты  басшылықа  алған,  отбасын  қорғаған  жəне  əйелді 
құмарлық  құралы  ретінде  көрмеген  қалпымен  дүниені  таныған. 
Қайран қаларлық жоғары дəрежедегі сана сезім мысалы»[4].
Міне, осындай көне түркілік дəстүрлер кейіннен қазақ қоғамынан 
жалғасын тауып жатты.
Бірақ  біздің  қоғамдағы  əйел  мəртебесінің  көтеріліп  келе 
жатқандығының алғышарттары дəстүршілдік пен жаңашылдықтың 
бірлігі аясында қалыптасуға қарай бет түзейді. Яғни, қазақ қоғамы 

186
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
тек батыстық үлгіні тұтасымен өзіне көшіре салмайды, оның тиімді, 
қажетті, оңды жақтарын пайдалана отырып, еліміздің тарихындағы 
озық  үлгілерді  де  назардан  тыс  қалдырмайды.  Оған  жергілікті 
дəстүрдің  дүниетанымдық  шарттарының  сабақтас  негіздері  мен 
ұстындары,  ғасырлар  бойында  қоғамдық  санада  қалыптасқан 
мəдени  ерекшеліктері  айқын  дəлел.  Мұндай  көзқарас,  кешенді 
ыңғай  заманауи  қазақ  қоғамындағы  əйел  болмысының  мəні  мен 
ерекшеліктерін, əлеуметтік орнын нық анықтауға серпін де, бағдар 
да  береді.  Сондықтан  тарихи  жəне  əлеуметтік  тұрғыдан  алғанда, 
қазіргі  Қазақстандағы  əйел  бейнесінің  жаңа  деңгейге  көтерілуінің 
мынадай негізгі алғышарттарын көрсете кетуімізге болады.
І.  А)  Еуразия  кеңістігін  мекен  еткен  көшпенді  халықтардың 
наным-сенімдері  мен  мəдениеті,  жалпы  дүниетанымындағы  əйел 
болмысы.  Көптеген  зерттеушілер  көшпенділер  мəдениетіндегі 
əйелдің ролін зерделегенде, ол өзіндік сипатқа ие болып, көптеген 
əлеуметтік  жағдайларда  тəуелсіз  болғанын  айтады.  Мəселен 
тарихтың  атасы  саналған  Геродот  Кир  патшаның  басын  алған  сақ 
патшайымы Тұмар ханым жайлы керемет бейне қалдырып кеткен. 
Әйткенмен,  көшпенділер  өркениетіндегі  бұл  жалғыз  ғана  əйелдің 
бейнесі  емес,  өйткені  Ф.  Шафиев  атап  өткендей:  «көшпенділер 
өмірінде əйелдер үлкен еркіндікке жəне ерлермен теңдей дəрежеге 
ие болды. Бұл һақында əйел-бабаға деген олардың ғибадатхана салу 
дəстүрі айтып отырса керек. Тіпті кейбір руларда ана тегімен жүру 
қабылданған»; 
Ә)  VIII-ІХ  ғғ.  аталмыш  кеңістікке  Ислам  діні  аясындағы 
мұсылмандық  мəдениет  келгені  тарихтан  белгілі.  Ислам  діні  мен 
жергілікті түркілік дүниетаным синтезі бірнеше ғасырлар торабында 
өрбітілді, өзіндік əлеуметтік-мəдени нышанға ие болды, сəйкесінше 
ондағы əйелдің əлеуметтегі орны мен қызметі де өзгерді деп айтуға 
негіздер баршылық.
ІІ. XVIII-XIX ғасырлардан бастау алып, ХХ ғасыр аяғына дейін 
ықпал  етіп  келген  орыс  мəдениеті  мен  жергілікті  мəдениеттің 
текетіресі  аясындағы  əйел  болмысы.  Осы  текетірестің  алғашқы 
белгілері  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлттық  интеллигенцияның 
қалыптасуымен  байланысты  болды.  Қазақ  зиялылары  əйелдің 
білім  алуы,  жесір  дауы,  өзінің  таңдамаған  адамына  барып  еріксіз 
үйлендіру деген сияқты мəселелерді ақпарат беттерінде еркін қозғай 
бастады.  Бірақ  бұл  бағыт  кейіннен  тұтасымен  құлдырады,  себебі, 
қазақ  зиялысына  жасалған  репрессиялар  тек  əйел  мүддесі  туралы 

187
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ғана емес, алға қойған мақсаттары мен ұстанымдарын да жоғалтуға 
алып келді, нақтырақ айтқанда, осындай игі бағдар ұстанған халық 
өкілдері тарих сахнасынан жойылды немесе аластатылды. Ендеше, 
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  зиялылары  қозғаған  қоғамдағы  əйел 
бейнесі туралы озық ойлар, орындалмай қалған армандар ХХІ ғасыр 
басында толықтай жүзеге асып келеді десе де болады.
ІІІ.  Еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі  рухани  қайта  жаңару 
мен  қайта  өркендеу  дəстүрлі  рухани  құндылықтарамызды  бүгінгі 
тарих  сахнасына  алып  келуге  мүмкіндіктер  ашқан  болатын.  Атап 
айтқанда,  көне  түркілік  наным-сенімдер  мен  ислам  дінінінің 
руханияты  жəне  ондағы  əйел  туралы  философиялық  толғаныстар 
қайтадан  сарпталып,  арнайы  зерттелгеннен  кейін,  оның  ұтымды 
жəне тиімді қағидаларын іс жүзінде əлеуметтік институтарға енгізу 
қажеттігі  сезілді.  Себебі,  ол  біздің  діліміз  бен  сана-сезіміміздің 
түпбастаулары екендігі сөзсіз. Мысалы, арғы дүниетанымдағы Ұмай-
ана культі, исламдағы əйел мəртебесі сияқты игілікті қағидаларды 
қайта өркендетуге мүмкіндіктер молынан ашылды десе де болады. 
Әйткенмен  жаһандану  үдерісінде  мұндай  мəселелерді  оңтайлы 
шешудің  ұстындары  мен  бағдарларын  қалыптастыру  қиынның 
қиыны екені анық.
Еліміз  ұстанған  саясат,  Президент  Н.  Назарбаевтың  əйел 
мəртебесі  туралы  бағдары  да  оны  тек  теориялық  қалыпта  ғана 
емес, іс жүзінде жүзеге асыруды қолдайды. Сондықтан, əлеуметтік-
мəдени  саясат  арнасындағы  мұндай  тың  ізденістер  мен  гуманизм 
түптеп келгенде, əйелге деген кемсітушілікті болдырмай, керісінше 
оның  қоғамдағы  орны  мен  ролін  көтермелеуді  басшылыққа  алады 
жəне  ол  қоғамдық  санада  қолдауға  ие  болып  отырғаны  белгілі. 
Оның бір саласы гендерлік саясат, яғни, билік басындағы əйелдер 
мен ерлердің прапорциясы туралы ұстанған бағыт дəл қазіргі таңда 
қазақстандық үлгілердің бірі десе болады.
Әйел  мəртебесі  хақында  рухани  мəдениетімізде  оған  нұқсан 
келтіретін немесе кемстітушілікті қолдайтын туындылар жоқ десе де 
болады. Өнеріміз бен мəдениетеміз, əдебиетіміз бен философиямыз 
– тұтас руханият бүгінгі таңда нəзік жандылардың рухын биіктететін 
өнімдерін тудыруда. Соның ішінде əдебиет саласы бұл көзқарасты 
қолдай  отырып,  өзінің  батыл  ұстанымдарын  шынайы  қоғамдық 
өмірмен байланыстыра отырып паш етуде. Ғ. Мүсіреповтің аналар 
образы  туралы  туындыларынан  бастап,  Н.  Келімбетовтың  əйел 
бейнесі жөніндегі шығармалары бұған дəлел бола алады.

188
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Егер  Ғ.  Мүсірепов  тарихтағы  жəне  ХХ  ғасырдағы  əйел  мен 
аналар  образының  қоғамдық  өмірдегі  шынайы  келбетін  көрсете 
келіп, олардың шындықпен бетпе-бет келетін сəттерін ашып беріп, 
бойынан  өмірдің  қиыншылығына  деген  төзімділік,  өз  ұрпағына 
деген жанберушілік сезім сияқты сапаларды сипаттай келе, белгілі 
бір  деңгейде  олардың  рухани-əлеуметтік  мəртебесін  көтерсе,  Н. 
Келімбетов те өмірдегі ауыртпалықтың қиыншылығын жеңе білген 
əйел, оның ерімен өмірге бірге аттанудың нағыз келбетінің қандай 
болатындығы туралы ойларын түйіндеген болатын.
Бұл  жазушылардың  идеялары  кейінгі  қоғамдық  өмірге  ықпал 
ете  отырып,  əйел  бейнесінің  ер  адамдармен  құқықтық-мəдени 
қырынан  алғанда,  саяси-əлеуметтік  бейнесі  негізінен  алғанда  тең 
бола алатындығын көркемдік тілмен нақыштап жеткізген болатын, 
түптеп  келгенде,  ер  рухының  асқақтауына  жасалатын  маңызды 
ықпалдардың бірі – оның сүйікті жары деген тұжырым ұсынылған.
Әйелдердің  өз  мүдделері  мен  беделдерін  көтермелуге  деген 
заңды  табиғи  ұмтылысының  қазіргі  кездегі  көріністерін  түрлі 
қоғамдық мəдени қозғалыстар құрап отыр. Яғни, білім мен біліктілік, 
белсенділік  пен  тарих  шындығында  өздерін  көрсете  білу,  өмір 
сахнасына аса бейімделгіш екендігін дəлелдеуде əйелдердің қазіргі 
қазақ  қоғамындағы  орны  мен  қызметі  айтарлықтай  қалыптасып 
үлгерді.  Мысалы,  1990  жылдардағы  экономикалық  дағдарыстар 
кезінде  əйелдердің  біраз  бөлігі  отбасының  асыраушысы  қызметі 
жауапкершілігіне  кезікті,  дегенмен,  оны  ойдағыдай  орындап 
шықса,  бұл  экономикалық  мəртебесін  көтермелеп,  елдің  де  ілгері 
дамуына белгілі бір деңгейде ықпал етті жəне бүгінгі іскер əйелдер 
институтының  қалыптасуына  алғышарт  болды.  Ал  ХХ  ғасырдың 
аяғына  таман  білім  алуға  деген  əйелдердің  ұмтылысы,  соңғы 
жылдары  олардың  ерлермен  салыстырғанда  сандық  жағынан 
артуы мен интеллектуалды кем еместігі саяси билік пен мəдениет 
саласында қанат жая бастауына алып келді. Бұл нақ қазіргі кезеңдегі 
əсіресе, өнер мен ғылым саласындағы əйелдердің үлес салмағынаның 
артуынан да анық байқалып отыр.
Біздің  қоғамдағы  демографиялық  жағдай,  адам  санын 
арттырудың  өзекті  күйі,  түптеп  келгенде,  əйел  денсаулығына, 
оның  əлеуметтік  мəртебесіне,  тіпті  жанұядағы  жан  тыныштығына 
тікелей  байланысты  екендігі  түсінікті.  Сондықтан,  бүгінгі  таңда 
əйел  мен  баланың  денсаулығы  мəселесі  қолға  алынып  отырған 
шақта, нəзік жандылармен нəзік қатынас жасаудың аса қажеттілігі 

189
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
олардың қоғамдық өмірде де беделін көтермелей түсті. Яғни елдік 
саясат  пен  қоғамдық  пікір,  ұлттық  мəдениет,  қала  берді  əлемдік 
қауымдастықтың ұстыны əйелдерге дөрекілік көрсетуді құптамайды.
Қазіргі еліміздегі рухани діни кеңістік – біріңғай руханияттықты 
қалыптастыру, əлеуметтік қатынастарды реттеу, дүниеге көзқарасты 
кеңейту сияқты қоғамдағы жағымды қызметтерімен қатар көптеген 
қайшылықты түйткілдерді тудырып келеді немесе бұл келісімге келе 
алмай жатқан түрлі топтардың көзқарастарының əрқилы бағдарды 
ұстануды  қалайтындығынан  жəне  оны  тəжірибеге  енгізуді  мақсат 
ететіндігінен  туындап  отыр.  Осыған  қатысты  аталған  мəселенің 
қойылуы,  сайып  келгенде,  ұлттық  бірегейлену,  яғни,  ұлттың  өзін-
өзі  қайтадан  танып,  өзінің  шынайы  болмысына  үздіксіз  қайта 
оралу  сəтінде:  «біз  қазір  қайда  бара  жатырмыз,  бұрын  қандай 
едік,  болашағымыз  не  болады?»  деген  сауалдарға  жауап  іздеуден 
туындаған табиғи жəне психологиялық заңды үрдіс.
Əдебиеттер:
1.  Философский словарь / Под ред. И.Т. Фролова. 4-е изд. –Москва: 
Политиздат, 1981. – с. 445.
2.  Қондыбай  С.Қ.  64.  Арғықазақ  мифологиясы.  –Алматы:  Дайк-
Пресс, 2004. – 516 б. Екінші кітап.
3.  Тоқсанбаева  Г.  Қазақ  дүниетанымындағы  махаббат  феномені. 
Философия ғылымдары кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін 
диссертация. –Алматы, 2009. – 123 б.
4.  Тұрал  С.  Қорқыт  атаның  айналасына  бас  қостық  //«Заман-
Қазақстан», 20.02.1998
Айгүл КЕМЕЛБАЕВА,
«ҚазМедиа» орталығының 
қызметкері, жазушы
ҰЛПАН – ЕЛ АНАСЫ
Қазақ əдебиетінің классик жазушысы Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» 
атты  романында  қазақ  əйелінің  əншейін  қиялдан  тумаған,  жалған 
дəріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады. 

190
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Матриархат өте көне заманның қалдығы, ал біздің дəуірімізден 
бері  адамзат  қоғамы  негізінен  патриархат  заңына  бағынады.  Қыз 
баланы кемсіту, əйел затын  төмен санау менталитеті өзгеріске  аса 
ұшырай қоймайтын, томаға-тұйықтау  Шығыс түгілі өзін өркениетті, 
күншығыс  елдерінен  озық  санайтын  Батыс  елдеріне  айрықша  тəн 
болды.  Сондықтан  бұл  кереғарлық  –  бумерангтың  бір  ұшы  бұл 
елдерде  феминистік  қозғалыс  сияқты  ұшқары  идеяға  əкеп  соқты. 
Отбасы  институты,  ер  мен  əйелдің  арасындағы  табиғи  үйлесім 
бұзылуы салдарынан Батыс қазір ерекше зардап шегіп отыр.
Орыс топырағында некебұзарлық, ажырасу, өз күйеуінен жерініп, 
өзге  ерді  пір  тұту,  ашыналық  құбылыс  орыс  қоғамына  алғаш  ене 
бастаған қасіретін  орыс ойының данышпаны, классик жазушы Лев 
Толстой «Анна Каренина» атты қос томдық романында терең ашып 
көрсетті.
Ғабит  Мүсірепов  жинақы  «Ұлпан»  романында  алдына  мұндай 
мақсатты қойған жоқ.  Ұлпан ерден безген, сүйіспеншіліктің отына 
күйіп, басқа ерді сүйгені үшін  қарекет қылған, ұябұзар əйел емес. 
Керісінше, «Ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан 
туған  дархан  мінез,  нағыз  ерді  ардақтау  арқылы  елдіктің  іргесін 
бекіткен,  халқының  ризық-берекесін  қарақан  басының  бақытынан 
артық санаған өте ақылды, дана, дегдар əйел болуымен баурайды. 
«Алтын басты əйелден бақыр басты еркек артық», «Байтал шауып 
бəйге  алмас»  деп  қарайтын  елде  Ұлпан  сияқты  қайратты  жанның 
болмысы бағалана бермейді.
Ғабең бұл романында өз елінде өмір кешкен, ел билеген деректі 
адамдардың  тіршілігін  суреттеп  берді.  Бұл  кейіпкерлерді  көзі 
қарақты оқырман Сəбит Мұқановтың кітаптарынан да білері анық. 
Сондай-ақ,  XVIII  ғасырда  жоңғарға  қарсы  соғыста  ерлігімен 
танылған батырларды мадақтағанда Тəтіқара ақын былай жырлайды: 
Найзасының ұшына жау мінгізген,
Еменəлі Керейде ер Жабайды айт. 
Жабай батыр романдағы бас кейіпкерлердің бабасы болуы мүмкін, 
өйткені керей руынан шыққан Есеней, Еменəлі оның бір туған інісі. 
Керей  ішінде  Сибан  руының  бас  көтерер  адамы,  биі  Есенейге 
Ұлпан қыз қапалақтаған қар астында ұшырасады. Есеней еркекшора 
киінген,  батыл  сөйлескен  Ұлпанның  қыз  екенін  байқамай  қалады. 
Оның қыз екенін Есенейге дереу айта қалып, жүрегіне шоқ түсіріп 

191
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жіберген «түркпен» Мүсіреп: «Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» дегенде 
көз  құйрығымен  өзіңді  бір  шарпып  өткенде  неғып  байқамадың?» 
дейді. Жазушы «шарпып» деген сөзді текке қолданып тұрған жоқ. 
Махаббат оты демде тұтанғанының тұспалы. Романның дилеммасы 
мен драмасы осы эпизодта бірден жарқ етеді. 
Қазақ  əдебиетінің  драма  жанры  мен  кино  өнеріне  өшпес  олжа 
салып, «Қыз Жібек», «Ақан сері – Ақтоқты» сынды шедевр дүниелер 
тудырған Ғабеңнің қаламы жазуда əбден ұшталған, стилі мықты, қу 
сөзге əсте жоқ. Қысқа да нұсқа. 
Осы эпизод жадқа қазақ эпосының шоқтығы биік – «Ер Тарғын» 
атты  жырын  түсірді.  Конфликт  –  кəрі  мен  жастың  үйлесімсіздігі. 
Сюжеттегі  ұқсастық  мынау  –  екі  шығармада  да  сұлу  қыз  балғын 
жас, оған көңілі құлаған егде жастағы ердің еңкейе бастаған шағы. 
Жүрекке  əмір  жүрмейді,  сұлулық  пен  жастық  адамзаттың  еркін 
бағындырмай, елітпей, тартпай тұрмайды. 
Ақшаханның қызы Ақжүніс, аппақ жүзі «Қара жерге жауған қар 
тамар, қар үстіне қан тамар» қас сұлу,  өжет қыз, соңдарынан қуа 
жеткен Қожақ батырға тайсалмай былай дейді:
Алайын деп тұрмысың
Мені көріп қуанып?
Өлтірсең де тимеймін,
Теңдік берсең сүймеймін,
Бұрын батыр болсаң да,
Сенің басың бұл күнде
Жерде жатқан қу тезек. 
Дүниежүзі  халықтарының  классикалық  əдебиетінде  мынау 
жарқыраған  өткір  сурет,  табиғи  өршіл  рухпен  шендес  түсетін  қас 
үлгі жоқ. 
Дəстүрлі  қазақ  қоғамында  шындық  бəрінен  биік  тұрғаны,  əйел 
заты  күң  еместігі,  ата-анасы  бетінен  қақпай,  далада  еркін  өскен 
қазақ  қыздарының  бостандығын  артық  санайтыны  айқын.  «Сонда 
Қожақ ойлады: «Асылзада патшаның баласы ғой. Мұны мен алсам 
обалына қалады екенмін. Мұны өзінің сүйгеніне қосайын», – деді 
де, Тарғын батырға қосты да қоя берді. Барыңыз, менен озған дəурен 
екеуіңізге құтты болсын деді. Тарғын ол қызды алып, сол кеткеннен 
кетіп, Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайына барды».    Бұл қазақтың 
эпостық дүниетанымы ғана емес, ұлттық санасы. 

192
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Есенейдің ағайыны «түркпен» Мүсірепті елші қылып, өзіне сөз 
салғанын  естігенде  Ұлпан  дəл  осы  шамырқану,  жаны  тосырқау, 
жатсынуды  сезінеді.  Бұл  жазмыш  сөзді  естіген  сəті  жас  қыздың 
жүрегіне  қанжардай  қадалды.    Әкесі  Артықбай  батыр  қатарлы, 
өзінен  кем  дегенде  қырық  жас  үлкен  Есеней,  ел  ағасы,  көсем, 
патриарх.  «Ағашқа  асылып  өлмесең  құтыла  алмайсың.  Есенейден 
арашалап алып қалар адам жоқ. Айтты – болды. Басың болса ие бер, 
тізең болса бүге бер». «Ұлпан бір түсініксіз күлкімен күле бастады. 
Жынданып кеткендей атынан ауып, ар жағына қарай құлап барады». 
Жазушының  тілі  қырнаулы,  стилі  анық,  зергердің  қолынан 
шыққан  өрнектей,  сөйлемдерінің  артық-кемі  жоқ.  Ғабең  қазақы 
мақамға жиі түсіп кетер ащы ішектей шұбалыңқылықты, прозадағы 
көк езу бəдіктікті сүймейтіні нақыш салғандай шебер қиюласатын 
тілінен көрінеді. 
Ұлпанның  жас  өмірін  қимайтын,  үлкен  кісіге  күйеуге  барғысы 
жоқ балғын көңілін жазушы шебер психологиялық иірімдерімен бере 
алған. Мұхтар Әуезовтің «Ескіліктің көлеңкесінде» атты реалистік 
тұңғиығымен тартатын əңгімесінде бұл мотив қайталанады. Ескішіл 
əже билігіне көніп, апасы өлген соң, кəрі жездесіне сүймей барған 
қыздың трагедиясын ашады.   
Абай  «Бір  сұлу  қыз  тұрыпты  хан  қолында»  атты  классикалық 
өлеңінде баяғының малға сатылып жылап кете барған қыздарының 
құсасын бас шенін аңызға айналдырып, арғы жағын қазақ шындығын 
жүрегі күйіп, асқан жанашырлықпен тебірене жырға қосты. «Етімді 
шал сыйпаған құрт жесін деп, / Жартастан қыз құлапты терең суға». 
Бұл сатирадан ғөрі лирикалық қайғы тұнған, Абайдың адам баласын 
бəрін сүйетін адамшылық қалыбы  көрінген жанды өлең. Әлеуметтік 
теңсіздікті,  əйел  затының  құқықтан  жұрдай  төменшіктігін,  қырық 
жетіге маталып, қор болып кете баратын күйік зарын Абай  «Мал 
өмірді  жаңғыртпас,  құдай  ұрғыр»,  «Екі  көңіл  арасы  –  жылшылық 
жер» деп жан дүниесі егіле жырлайды.     
Есеней  Ұлпан  үшін  кемітетін  ер  емес,  ердің  ері,  («Шіркін-ай, 
бұдан қырық жыл бұрын қандай болды екен? Бұған кездеспегенде 
кімге кездесер едім? Сөз жоқ, бір жасқа кездесер едім. Сол жасым 
Есенейдің оннан біріне тұрар ма еді? Кім білсін...жоқ, тұрмас еді!») 
əттең, жасы ғана жасына сəйкес келмейді.  Ұлпанның мықтылығы 
сонда,  ол  əзелде  жаны  қаламаса  да  Есенейге  күйеуге  тиюді  мұрат 
қылды.  Ол  елдік  мұрат.  Кез  келген  шөпжелке  қыздың  қолынан 
келмейтін,  тіршілікті  дүниемен  өлшейтін  кейбір  ойы  шолақ,  таяз 

193
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
əйел затының түсіне кірмейтін ұлы мұрат. Ұлпан жайнаған жастық 
дəуренін осы елдік мұрат жолына қиды. Есенейдің беделі мен билігін 
ол қараңғылық құрсаған елін алға жетелеу үшін пайдаланды. 
Қазақ байлығы жылқысында. Есеней – исі Сибанның бай адамы, 
ел  қорғаған  бас  батыры,  биі.  Оның  ақ  дегені  алғыс,  қара  дегені 
қарғыс.
«Есенейдің құрығы мойныма түсе қалса, оны алып кететін күш 
біздің азғана ауыл кірме Күрлеуітте жоқ. Құдай салды – біз көндік. 
Бірақ, ағаңның есінде болсын – Ұлпан арзанға түспейтін қыз». 
Ақжүніске  тəн  өр  мінез  Ұлпанда  анық  тұр.  Бірақ  заман  басқа, 
уақиға бөлек. Ол Есеней ордасының бəйбішесі болғысы келетінін, 
«Мен  үлкен  үйге  кіремін  де  төрінде  отырамын»  деп  кесімін  алты 
қарыс  азуын  айға  білеген  биге  өз  аузымен  айтады.  Үлкен  үй  – 
билік.  Есенейдің  көзі  тірісінде-ақ,  Ұлпан  бес  болыс  Сибанның 
қамқор  анасына  айналды.  Сөйтіп,  оның  құрбандығы  ақталды. 
Ғабит Мүсірепов осы бір адамдар арасындағы аса күрделі қарым-
қатынасты диалог, оқиғалар арқылы табиғи суреттейді. 
Ұлпан  даму  дəрежесі  арта  қалған  жұпыны  елге  қанатымен  су 
сепкен  қарлығаштай  əрекет  қылды.  Монша,  қыстық  үй  сияқты 
сол  кездегі  кедей  тірлік,  надандықтан  езілген  елге  жақсылықтар 
нышандарын алып келді. Әйтпесе, қыс бойы киіз үйде отырған қазақ 
руларының жас баласы қысқы ызғарды көтере алмай, өкпесіне суық 
тиіп, тез шетінеп кететін еді. 
Сəбит Мұқанов «Халық мұрасы» атты жанры бай, стилінде небір 
əдеби  тəсілдер  тұнып  тұрған  қазыналы  кітабында:  «Біздің  елде 
самауырды  XIX  ғасырдың  алғашқы  жартысында  Ірбіт  базарынан 
Есеней  алдырған  екен.  Оны  қайнатайын  десе,  суды  қалай  құйып, 
отты қалай жағуды елде ешкім білмейді. Содан көршілес казак-орыс 
станицасы  Құтырлағанға  (Екатеринировка)  кісі  жіберіп,  біреуді 
алдырады  да,  самауырды  қалай  қайнатуды  үйреткендігі  үшін  оған 
Есеней  бір  жылқы  береді.  Бірақ  ырымшыл  Есеней  «шүмегі  төмен 
қарап тұр екен, елді төмен қаратпай қоймас» деп самауырдың шайын 
ішуден безген екен деседі». 
Осыдан-ақ  Есенейдің  асыл  тегі  мықты,  каракөктің  тұқымы, 
қазақтықтың  алтын  қазығындай,  өмір  бойы  ат  үстінде  күнелткен, 
есесін ешкімге жібермеген өр адам екені аңғарылады. Қазақтық сана 
оның болмысында берік орнаған. Оның құдай маған қарыз болмаса, 
мен құдайға қарыз емеспін дейтін Жаратушы Иемен алысатын күпір 
сөзі бар. Жазушы оның намаз оқығанын бейнелі суреттейді, Есеней 

194

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал