Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет17/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
сіңіріп  игі  істі  қолға  алған  хан  халықтан  бірте-бірте  алшақтай 
берді. Алым-салықты да үсті-үстіне үдетіп, қарауындағы елді əбден 
титықтатты.  Қит  етсе  жазалаушы  жасақ  шығартып,  бас  көтерген 
ауылдарды  аяусыз  жаншып  отырды.  Исатай  Тайманов  бастаған 
халық көтерілісінің шығу себебі де осыдан. Көсемі шейіт болған соң 
оның ісін дауылпаз серігі, жыр дүлдүлі Махамбет жалғастырды.
Ордадағы алтыбаған алауыздық пен ел ішіндегі іріңкезек, əрине, 
хан денсаулығына əсер етпей қойған жоқ. 1845 жылдың тамызыңда 
Тарған  өзенінің  бойына  кеп  қонған  соң,  бесінші  тəулікте  аяқ 
астынан ауырып, қатты жығылған хан айналасы бір аптаға жетпей 
кенеттен  қайтыс  болды.  Оның  өлімінің  егжей-тегжейін  белгілі 
жазушы  Берқайыр  Амашин  «Парасат»  журналында  жариялаған 
«Хан  ордасының  күйреуі»  атты  очеркінде  барынша  толық  берген. 
Сонда  қаламгер  Қазақстанның  Орталық  мұрағатынан  тапқан  бір 
хаттан үзінді келтіреді. Ол хан қайтыс болғаннан кейін арада бірер 
апта  өткен  соң  Ордадағы  бір  орыс  ұлығының  Орынбор  əскери 
губернаторы Владимир Афанасьевич Обуручевке жолдаған хатынан 
алынған. Онда былай делінеді: 
«Хан  Жəңгірдің  төтеннен  қайтыс  болуы  туралы  əркім 
əрқалай  айтады.  Олардың  бəріне  бірдей  сене  беру  қиын.  Алайда 
азиялықтардың  аярлығын,  əйелдерінің  мекерлігін  ескерсек,  оның 
ұстіне  əлгіндей  қаңқу  сөздер  қайталана  берген  соң,  сол  сөзде 
шыңдық та бар ма екен деп каласың. 
Өткен  жылы  Жəңгір  хан  бір  жас  қызға  үйленген.  Бұл  алғаны 
оқымаған,  əдеттегі  қарапайым  қыр  қызы  болатын.  Алғашқы  əйелі 
аурудан шықпай қойған соң қайтсін, хан да басы жұмыр пенде емес 
пе. Жас иістің аты жас иіс, ханның кейінгі кезде үріп ауызға салғандай 
сұлу  уылжып  тұрған  тоқалына  тым  үйір  болып,  бəйбішесінен 
салқындай бастағаны байқалып жүрген. Осыған дейін ханның өзін 
қоса, бар байлығы мен қазына-мүлкін, күллі дəулет-сəулетін бірінші 
ханым емін-еркін билеп-төстеп келген еді. Бір өзі ғана емес, бүкіл 
төркінімен  ханның  барлық  ісіне  араласып,  төңірегіндегілердің 
барлығын  бір  шыбықпен  айдап  келген  бəйбішенің  адуын  мінезі, 
бəлкім, оны мезі де қылған шығар. 
Әйткенмен, хан бас ханымның туысқандарын, одан туған тұңғыш 
ұлы Сақыпкерейді ешқашан сыртқа теппей, қайта қалтқысыз жақсы 
көрген еді. Соған қарамастан олар хан иенің жас тоқал алуына қатты 
нарызылық  білдіреді.  Содан  да  болар,  Петербургте  патша  сарайы 
жанындағы  паж  корпусында  оқып  жүрген  Сақыпкерей  биыл  елге 

165
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
демалысқа келгеннен бері əкесімен сирек кездесіп, тіпті ол ауырып 
жатқан күндері қасына жоламай да қойды. 
Марқұмның  сырқатына  келер  болсақ,  алдында  сап-сау,  ойында 
ештеңе жоқ, қайта баласының оқудан келуі құрметіне той жасамақ 
болып жүреді екен. Аяқ астынан іші-бауыры бүріп, қатты ауырып 
жатып қалады. Қысы-жазы қымыз ішетін хан сол сусыннан ішімді 
бұзып  алдым  ба  деп  дəрігерлердің  келуін  күтпей-ақ  құстыратын 
дəрі ішіпті. Сөйтіп сырқатын одан сайын асқындырып алған секілді. 
Аяғы ұстамалы аурудың бір түріне (апоплексический удар) ұласады. 
Келген дəрігер тамырын қиып қан жіберіп, күйдіргі қағаз (горчичник) 
басады.  Бірақ  ешқайсысының  да  себі  тимейді.  Шөл  қысып  бара 
жатқан соң бейшара бір шыны-аяқ шай алдырып ішеді. Сосын бір 
сағаттай жаны жай тапқандай болады. Қызметші бір айналып келсе, 
ханның аяқ-қолы мұздап, тұла-бойынан жан кетіп бара жатыр екен.  
Хан  сол  қайтыс  болған  күннің  ертеңіне  жерленді.  Оның  өлімі 
жайында жұрт аузынан өлсін-əлі естілген əңгімелердің ұзын-ырғасы 
осыңдай». 
Беймелім автор қайтыс болғаннан кейін Орынбордағы тағы басқа 
біраз оқиғаларды тізе келіп, ханның үлкен ұлы Сақыпкерейдің еке 
тағына отырмақ, яғни хан болмақ ниеті барын, ол ойы жүзеге асып 
оқуына оралмай қойса, мұның өзі үкіметіміз үшін өте-мете пайдасыз 
болатынын жазады. 
Шынында да, Сақыпкерей əкесі елісімен мундирін шешіп тастап, 
үстіне  шапан,  басына  бөрік  киіп,  қазақша  малдас  құрып  жерге 
отыруды  шығарады.  Бұдан  төрт  жыл  бұрын  Жəңгір  ханның  өзі 
патша ағзамға тікелей тілек білдіріп, осы ұлын тақтың мирасқоры 
етіп бекіттіріп те қойқан. Жас жігіт бұны жақсы біледі. Анасы да 
осы  ойдың  жүзеге  асуын  қайындары  Әділ  мен  Мендікерейге  хат 
арқылы қадап тапсырып қойған. Оның үстіне ішкі Орданың билер 
мен  төрелері,  ішінде  ханның  ең  жақын,  ет  жақын  туыстары  бар, 
барлығы  жиырма  жеті  адам  қол  қойып,  ханның  қазасын  патша 
үкіметіне хабарлаған хатында марқұмның орнына осы Сақыпкерейді 
хан көтергісі келетінін білдірген. 
Әлгі  беймəлім  ұлықтың  хатын  алғаш  атүсті  шолып  шыққаңда 
ханға қастандық жасалған екен-ау деп те қаласың. Анық-қанығын 
ашып, ақиқатқа көз жеткізу үшін хаттың мұрағатағы түпнұсқасымен 
түгел  танысуға  тура  келді.  Жоғарыда  тұмсығынан  тізіп  түгел 
дəптеткен  гөй-гөйдің  діттегені  бір-ақнəрсе  екені  байқалды.  Ол 
«қазақтар  өзі  қойған  əкімдерден  гөрі  орыс  басқаруына  көбірек 

166
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
сенім артады» деп атап көрсете отырып, енді қазақ даласында тек 
Ішкі ордада ғана қалған хандық билікті өзгерту еді. Сақыпкерейдің 
оқуын жалғастырмауы үкімет үшін залал деп өзеуреп отырғаны да 
сол. Әйтпесе, мемлекеттік мүлік министрлігіне жолдаған Орынбор 
губернаторының  хатында  алаулап-жалаулатпай  ханның  бұрыннан 
дімкəсі барын, бұдан бір жарым жыл бұрын басы айналып құлап, одан 
дəрігердің көмегімен аман қалғанын, бұл жолы миына кан құйылып 
содан опат болғанын байыптап-ақ баяндап береді емес пе. Генерал 
Перовскийдің  өзі  Фатимаға  хат  жолдап,  «қайғыңызға  ортақтасып, 
өзіңізбен бірге жылап отырмын, құдіреті күшті жаратқан басымызға 
аса ауыр нəубет жіберді ғой» деп көңіл айтып, марқұмның барлық 
аманат-арманын орындайтынына сендірді. 
Дегенмен,  өлгі  ұлықтың  ойлағаны  орындалып,  патша  үкіметі 
хандықты  біржола  жойып,  оның  орнына  Орданы  еңдігі  жерде 
екімет  атынан  басқаратын  Уақытша  басқарма  құру  жөнінде 
шешім қабылдады. Сейтіп, Сақыпкерейге ханның тағы да, төжі де 
бұйырмады.  Басқарма  құрылғанға  дейін  ханның  артында  қалған 
мекен-жайын,  мал-мүлкін,  қазына-байлығын  есепке  алып,  ие 
болатын  Қамқоршылар  кеңесі  құрылды.  Оның  құрамына  ханның 
туған бауырлары мен Фатима ханым кіреді. Алайда, аурушаң ханым 
іс  басқаруға  онша  араласа  алмай,  ерінің  соңынан  екі  айдан  соң 
қарашаның  екінші  жұлдызында  қайтыс  болады.  Осылайша,  қырға 
аз  да  болса  игілік  егіп,  білім  таратуға  талпынған,  елге  алдының 
есімі  алты  алашқа  мəшһүр  Сақыпкерей,  Зұлқарнай,  Ғұбайдолла, 
Ыбырайым  сияқты  перзентгер  сыйлаған,  халық  «Фатима  тоташ» 
деп еркелетіп, алақаңда ұстаған қайраткер ханым, абзал ана өмірден 
озды.

167
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Тұрсынхан ҚАЙЫРКЕН,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті Халықаралық 
қатынастар факультетінің 
профессоры, тарих ғылымдарының 
докторы
АЙМАЛЖЫН КЕМПІР ЖƏНЕ
МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ АЛҚАЛАҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ
VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткішінде «түркі халқы жойылмасын 
деп, ел болсын деп Атам Елтеріс қағанды, анам Елбілге қатунды тəңірі 
төбесіне көтерген екен» [1, 173] деп келетін жолдар бар. Осындағы 
Елбілге қатун Түркі қағанатының даңқын əлемге жайған атақты Білге 
қаған мен Күлтегіннің анасы еді. Мəңгітаста жазылғанындай, ол тек 
ұлдарының ғана емес бүкіл қағанаттағы халықтың анасы, шарапатты 
қолдаушысы болды. Сол үшін ол Елбілге қатун деп аталды.
Түркі  халқының  тарихында  дəл  осындай  даңқты  қағандардың 
қасында жүріп, ел басқарған, ақылшы болған, елді береке-бірлікке, 
күрескерлікке шақырған əйелдер аз болмаған.
Сондай атақты əйелдердің бір ретінде, ХІІІ ғасырдың бас кезінде 
Керей  мемлекетінде  Аймалжын  кемпір  деген  даңқты  бəйбіше, 
қарқарадай  қатун  дүниеден  өтті.  «Алтын  топшыда»  айтылуынша, 
ол  Керей  мемлекетінің  ханы  Оң  ханның  бəйбішесі.  Аталмыш 
кітапта жазылған бірден-бір дерекке сай, Шыңғыс қаған Оң ханмен 
əкелі-балалымыз  деп  араласып  жүргенде  Аймалжын  кемпір  оған 
құлаққағыс ретінде төмендегі өлеңді айтады:
Қос қабаттан күн шықса,
Құдық суы суалар.
Хандар таққа таласса,
Қағанат, халқы жоғалар. 
Бура түйе болғаны,
Мұрындығын жырғаны.
Құлдың төре болғаны-
Қу таяқпен ұрғаны.
Жаманды жауға жұмсасаң,
Жалауыңды жығады.
Жағалаудың құрағын,

168
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Жаман торпақ құртады.
Мұра болған əкеден,
Мыңдық ноян құлақ сал.
Қандықол дұшпан кезіксе,
Қаһарға мін беріспе.
Жүздік ноян құлақ сал,
Жел жетпейтін жүйрікті ал,
Жылқы деген жануар 
  Қасыңнан болсын табылар.
Өзіңмен өзің күндессең,
Өзегіңе құрт түсер.
Текедей тірес күткендер,
Түгел елді тоздырар.
Қошқар мүйізін құртам деп,
Қордалы елді аздырар.
Бұқаның бұтын бұзам деп,
Бұзақыға жолығар.
Төрде отырса сыйлы деп, 
Сақалын барып сипама,
Босағада жатыр деп,
Айдарынан жұлқыма.
Ауылда жүрсең тыныш жүр,
Ала тайынша секілді.
Алыс-жұлыс күн туса,
Ақсұңқардай суылда,
Ерегесер күн туса 
Ессіз құстай қырында
Қасарысар күн туса
Қаршығадай шаңқылда! [2, 141-142]
– деп келеді. Осы жолдар арқылы Аймалжын кемпір қағанды өз 
еліне ие болуға, хан тұқымы, қара демей кім болса да қасына жақын 
ұстап, олардың ақылын алып отыруға, мыңдық, жүздік қосындарды 
қашан да ел қорғауға тас-түйін дайын ұстауға насиқаттаған тəрізді. 
Кемпірдің  «Қос  қабаттан  күн  шықса,  құдық  суы  тартылар»  деген 
сөзінде  де  үлкен  мəн  жатыр.  Мұнда  Керей  Оң  ханды  əспеттеп, 
Темүжінді тежеу ойы жасырынып жатқанға ұқсайды. «Көк жүзінде 
жалғыз ғана күн болады. Екі күн болмайды. Егер екі күн болатын 
болса  апат,  пəле-қаза  болады»  дегенді  емесексітеді.  Жалпы, 

169
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Аймалжын кемпір бұрындары өздеріне жалынышты Темүжіннің аяқ 
астынан қыр даланың бас қағаны болып шыға келгенін жаратпайды. 
Оны Керей еліне, Оң ханның билігіне қауіп деп есептейді.
Осы жолдардан қарағанда, Аймалжын кемпірдің Керей ордасында 
аса  жоғары  беделге  ие  алысты  болжайтын  саяси  тұлға  болғанын 
көруге болады.
Бұдан соң, монғол империясы түсында атағы шыққан, империяны 
төрт жыл бойы билеген даңқты əйел – Тұракина. Француз тарихшысы 
Р.  Груссе  «Дала  империясы»  атты  кітабында:  «Өгедей  қайтыс 
болғанда саяси билікті өз əйелі – ақылды да айлалы Тұракина хатұнға 
тапсырып  кетті.  Тұракина  əсілі  меркіт  тайпасының  басшысына 
күйеуге  шыққан  найман  қызы  болатын»  дейді.  Оның  «Монғол 
империясы» атты кітабының «Монғол  империясының ауысуы» атты 
IV тарауының «Өгедайдың тақ мұрагері Күйік» атты IV бөлімінде 
Тұракина қатұнға берген анықтамасында да осылай делінеді. Онда 
автор  өз  жерлесі    француз  Дэ  Майлланың  (қытайша  аты  –  Фэн 
Бинчжэн) бізге белгісіз шығармасы «Фэнбинчжэншуға» негізделіп, 
(
馮秉正書,  IX,  233)  «Тұракинаның  қытайша  аты  Толегана, 
оның Найманжын деген де аты бар,» – дейді. Аталмыш кітабының 
соңындағы  IV  тарау  IV  бөліміне  берілген    3-түсініктемесінде  ол 
тағыда былай деп жазады: «Өгедейдің бəйбішесі «Құпия тарихтың» 
198-бөлігінде  Дөрегене  (Dörägänä)  деп  аталады.  Бұл  дегеніңіз 
Торағана  (Törägän  ä)  немесе  Төрегене  (Töregene)  деген  сөз.  Кейде 
Төрегүне  (Töregune)  деп  те  оқылады.  Араб-парсы  деректерінде 
Тұракина (Torakina) деп жазылады. Ал қытайша деректерде 
脫列忽
那,脫列忽乃 делінеді. Ел есінде қалғандай, əрі «Құпия тарихтың» 
198  –бөлімі  дəлелдеп  бергендей,  меркіт  Тоқтабектің  үлкен  ұлы 
Құдудың  əйелдерінің  бірі  болған  (тағы  біреуі  –  Тоғай).  Ол  1204 
жылдың соңы немесе 1205 жылдың басында қолға түсіп, Шыңғыс 
хан оны  үшінші ұлы Өгедейге береді. «Жамиғ-ад-тауарихта» оны 
меркіт Тоқтабектің келіні емес, қайта уас меркіттің көсемі Дайыр-
үйсіннің  ханымы  дейді.  П.  Пелльо  «Құпия  тарихтың»  паймдары 
біршама ақылға қонымды,  Қытай деректері оның найман тайпасынан 
екенін  растайды.  Шыңғыс  ханның  қас  жауының    келіні  күндердің 
күнінде  Монғол  империясының  билеушісі  болғанын  көру  қандай 
қызық,-  дейді[3,  392].  А.Ш.  Кадырбаев  өзінің  «Очерки  истории 
средневековых  уйгуров,  джалаиров,  найманов  и  киреитов»  атты 
еңбегінде жаңылып Тұракинаны Төленің əйелі дейді. Шын мəнінде,  
ол Төленің əйелі емес, оның ағасы Өгедейдің əйелі болатын. Оның  

170
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
найман тайпасынан екені «Жамиғ-ад-тауарихтың»  түсіндірмесінде 
де  жазылған.  Онда  «Юань  тарихы»  (
元史)  106  т.,  1-б.  бойынша 
Өгедей ханның əйелдері мынадай тəртіппен жазылған: 1-Болахчын, 
2-Төлегана (Туракина), наймажын тайпасынан, 3-Оңкүй, 4-Чилжіғұт-
ене,  5-Тунакина  (бұл  əрине  Туракинаны  қайталау-Т.З.),  6-Иелчина 
ханым.  Мэлидің  шешесі,-  делінеді.  Осындағы  «наймажын»  деген 
сөз  найман  тайпасын  білдіреді.  Туракинаның  найман  тайпасынан 
екендігінің мынадай да себебі бар: Шыңғыс ханның керей, найман, 
меркіт – осы үш ірі тайпалық мемлекетті бағындыруы қарсаңында 
керейлер Темужін тарапта, ал меркіттер наймандар тарапта болатын. 
Бұл  кезде  меркіттердің  өз  ата  жауы  монғолдармен  одақтасып 
отырған  керейлермен  құда-андалы  бола  қоюы  екіталай  еді.  Оның 
үстіне олардың монғолдармен жауластығы шегіне жеткен болатын. 
Керісінше,  бұл  кезде  меркіттер  мен  наймандардың  монғолдарға 
қарсы  одағы  анағұрлым  берік  болатын.  Сол  себепті,  наймандар 
мен меркіттердің бір-бірімен жақындықтың, одақтастықтың белгісі 
ретінде қыз алып, қыз берісуі табиғи еді.
Тарихта  Монғол  империясының  көптеген  қағандары  мен 
олардың ұрпақтары қазақ халқын құраған ежелгі тайпалармен тығыз 
құда-андалық  байланысты  сақтап  отырған.  Нəтижесінде  қазақтың 
керей,  найман  тайпасынан  шыққан  көптеген  əйелдер  жоғарыдағы 
императрица  Тұракина  секілді,  сарай  істерінен  бастап  мемлекет 
басқаруға  дейін  араласып  отырған.  Олардың  кейбірі  империяның 
даңқын  əлемге  жайған  императорлардың  əйелі  немесе  олардың 
қадірлі анасы болған еді. Солардың бірі Сарытана бегім. Сарытана 
(Saritana)  –  тарихта  керейден  шыққан  атақты  əйел  қайраткер,  ол 
Керей Оң ханның інісі Жақамбының кенже қызы. Шыңғыс хан Керей 
мемлекетін шауып, өзіне бағындырып алған соң, Жақанбының Ибақ 
бике деген үлкен қызын өзі алып, оның сіңілісі – Сарытананы ұлы 
Төлеге алып береді. Кейін Төле қайтыс болған соң, Өгедей бұл əйелді 
өз ұлы Күйікке алып бермек болады, Сарытана төрт бала тəрбилеп 
өсіріп  отырғандықтан  бұл  ұсыныстан  бас  тартады,  бұған  Өгедей 
реніш білдірмейді, қайта оған ризалығын білдіреді. Бір жолы Өгедей 
оның қол астынан үш мың адамды алып басқаларға қаратқанда ел 
оны қарсылық білдіруге үндейді, бірақ Сарытана «бізден кеткені аз 
ғана ел ғой, енелеріңнен кетсе де елден кетпес, қойыңдар» деп басу 
айтады. Күйік таққа отырған соң Сарытана мен оның төрт ұлының 
ізгі істері үшін оларды арнаулы марапаттайды.

171
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Жалпы, Төленің төрт əйелі болған. Әйелдердің ең үлкені Найман 
Күшлік  ханның  кенже  қызы  Үлкін.  Найман  мемлекеті  күйрегенде 
шешесімен  бірге  қолға  түскен  оның  жасы  өте  кіші  болғандықтан, 
Шыңғыс  хан  Үлкінді  уақытша  атастырмай  қоя  тұрып,  Төлеге  
Сарытананы  алып  береді.  Одан  соң  Керей  Оң  ханның  кіші  ұлы 
Айғырдың  қызы  Тоғыс  бегімді  алып  береді.  Сарытана  бегім  1209 
жылы Мөңкеге босанып, Құбылайға жүкті болып жүреді. Бұдан соң, 
1214 жылы Төлеге тағы да найман қызы Сəрүк бикені алып береді.  
Сəрүк бике Құбылайды Сарытана бегімнен алып бес жасына дейін 
емізіп, өзінен туған Мекені Таңғұт əйелге беріп бақтырады. Осы үш 
əйелден соң əбден бойжетті деген кезінде Үлкін қызды Төлеге алып 
береді. Деректерде жазылуынша, император Құбылай өле-өлгенше 
Сəрүк  бикені  ерекше  қадір  тұтып,  туған  анасынан  да  артық  көріп 
өткен. Найман мен керейдің хан тұқымынан шыққан осы төрт қыз 
кейін келе Төледен тараған Шыңғыс əулетінің атақ-даңқын төрткіл 
дүниеге жайды.
Дегенмен, бұл сол дəуірдегі атағы жер жарған қазақ қыздарының 
бір  бөлігі  ғана.  Олардың  қалғандары  туралы  қытайтанушы, 
шығыстанушы  ғалымдардың  əлі  де  айтары,  зерттер  тұстары 
жеткілікті. 
Əдебиеттер:
1.  Сартқожа Қ. Орхон мұралары. – Астана: Күлтегін. 2003. –392 б.
2.  Лубсан  Данзан.  Алтын  шежіре.  (шыңғыс  хан  қағанатының, 
көне  түркі-монғол  тайпаларының  тарихы).  Монғол  тілінен  ауд. 
Мауқараұлы А. – Алматы: Өнер. 1998. –224 б.
3.  Груссе Р.
 蒙古帝国史 Монғол империясының тарихы. –北京. 商
务印书馆 Шану баспасы. –Пекин. 1989. – 418 б.

172
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Зиябек КАБУЛЬДИНОВ,
Ученый секретарь Национального 
конгресса историков Республики 
Казахстан, доктор исторических 
наук, профессор
МУДРЫЕ ЖЕНЩИНЫ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ: 
НА СТРАЖЕ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ
27-28  февраля  2015  года  в  Русском  академическом  театре  им. 
М.Горького  в  Астане  состоялась  уникальная  премьера  поистине 
«исторического»  спектакля  «Томирис-царица  сакская»  по 
известному  и  нашумевшему  в  свое  время  дилогии-бестселлеру  
Булата  Джандарбекова  «Саки».  Культовый  роман  переродился 
под  творческим  началом  директора  ГАРДТ  им.  М.Горького, 
Заслуженного деятеля РК Еркина Касенова. Он и является автором 
идеи данной постановки, а режиссер-постановщик – Заслуженный 
деятель РК, лауреат премии «Тарлан» Гульсина Миргалиева. Этот 
был спектакль приурочен к 550-летию создания Казахского ханства. 
Случайно ли это произведение стало основой для новой премьеры в 
год, полный на юбилеи? Почему руководители театра обратились 
именно к событиями намного далеким,  когда в Великой и Вечной 
степи появились первые государственные образования, способные 
противостоять могучим империям того времени? Какое отношение 
имеют  для  нас  сюжеты  той  несколько  забытой  древней  эпохи  к 
современному Казахстану?  
***
Саки  –  далекие  предки  современных  жителей  Казахстана. 
Доподлинно  известно,  что  древний  Алтай,  плавно  сливающийся 
с  Великой  Степью,  был  прародиной  многих  племен  и  народов  с 
живучим и могучим тюркским и прототюрским языками. Не будем 
заглядывать  в  глубь  тысячелетий,  когда,  к  примеру,    по  мнению 
известного ученого-филолога Адиля Ахметова несколько десятков 
тысяч  лет  через  Берингов  пролив  из  самого  центра  Евразии  на 
североамериканский  континент  «просочились»  первые  азиаты, 
составив костяк многих североамериканских индейцев. Последние 
до  нынешних  времен  «законсервировали»,  сохранили  и  передали 
ныне  живущим  коренным  жителям  Северной  Америки  -индейцам 
древнейший прототюркский язык… 

173
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
А  более  5  тысячи  лет  на  территории  самого  центра  Евразии 
произошли  качественные и «тектонические» изменения, связанные 
с  приручением  лошади,  за  которым  последовала  великая  эпоха 
превосходства  маневренной  конницы  над  всеми  армиями  мира, 
безотбойной    степной  дипломатии,  формирования  уникальнейшей 
степной  культуры  толерантности,  создание  системы  нового 
миропорядка да так, что, давая высокую оценку места кочевников, в 
том числе и сакам в мировой истории, знаменитый Вебер А. (1883-
1964) никак не смог удержаться от своей оценки в их адрес: «Мировая 
история творилась под аккомпанемент топота  громадных масс 
стратегической конницы кочевников» [1].  
К  8  веку  до  нашей  эры  эти  изменения  привели  к  тому,  что 
на  обширных  землях  современного  Казахстана  и  сопредельных 
территории  появляются  первые  очаги  ранних  государств,  которые 
современные  ученые  и  исследователи  пока  назвали  Сакским 
племенным  союзом.  Со  своими  величественными  вождями  в 
золотом одеянии. С сильной и непобедимой конницей. С уникальным 
кочевым  и  полукочевым  бытом.  С  расцветом  материальной  и 
духовной культуры. И, безусловно, – с  пассионарными личностями 
– царями и царицами. 
Долгое время ученые считали, что саки –племена пришлые, где-
то «заблудившиеся» общности и мигрировавшие в степь со стороны 
древнего  Ирана.  Но  почему-то  персы    с  ними  активно  воевали  и 
называли  их  «мужественными  людьми»,  преклоняясь  перед  их 
неистовой  отвагой.  Нанимали  их  и  на  военную  службу,  формируя 
из них «тысячи храбрых» – отборную гвардию, на которых можно 
всегда положиться.
А  в  свете  последних  письменных,  археологических  и 
лингвистических изысканий можно смело заявить, что саки также 
как и племена андроновцев – преимущественно местные автохтоны, 
не упавшие  с неба и не исчезнувшие в никуда. После постепенного 
исхода с политической и этнической карты центра Евразии эти же 
саки дали новое дыхание родственным им гуннам и средневековым 
тюркам,  а  позднее  –  кыпчакам  и  собственно  казахам.  Поэтому  
существует  однозначная  и  никакому  дальнейшему  обсуждению 
не  подлежащая  аксиома:  на  территории  Казахстана,  как  минимум,  
на  протяжений  почти  трех  последних  тысячелетий  существовала  
государственность на местной прототюркской, тюркской и кыпчако-
казахской основах. 

174
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
В различные исторические эпохи эти государственные образования  
назывались  по  –  разному:    от  сакских  протогосударственных 
образований  до  современного  независимого  Казахстана.  При 
этом  местный  этнический  компонент  с  присущим  ему  языком, 
антропологической  спецификой,  особенной  ментальностью, 
толерантностью,  религиозными  воззрениями,  уникальными 
обычаями  и  обрядами,  а  также    хозяйственно-культурным  типом  
оставался,  в  основном,  стабильным  и  неизменным,  местным  и 
не  ввезенным  ниоткуда.  Совершенно  по-разному  определялись 
и  границы  с  соседними  государствами:  по  горам  и  рекам,  озерам 
и  лесам,  а  уже  сегодня  –  по  унифицированным  по  всему  миру  – 
пограничным столбам. Удержать и защитить огромную территорию, 
вмещающую  сегодня  практически  всю  Западную  Европу  или  пять 
Франции, и занимающей по площади 9-е место в мире, было посильно 
только  сильным  государствам  с  отборным  населением,  имеющим 
не только великий дух стремления к свободе, но и великолепные и 
непреходящие  воинские  качества:  мужество  и  храбрость,  отвагу 
и  героизм,  честь  и  достоинство,  силу  и  волю.  Здесь,  в  степи, 
каждый должен был быть не только воином, но и свободолюбивым,  
надежным и верным оплотом государства. В противном случае, нас 
бы поглотили в сложном и непростом геополитическом водовороте 
военно-политических событий последних трех тысячелетий. 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал