Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет16/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
əдебиеті мен өнерінен мол мағлұмат берсін деп Ыстамбұлдан əдейі 
бір  ғұлама  ұстаз  да  алдыртты.  Оқуын  əбден  аяқтасын  деп  əкесі 
қайтыс болғанда он төрт жастағы тақтың заңды мұрагері Жəңгірді 
ел  басқаруға  жібермей,  ол  ержеткенше  билік  тізгінін  ханның  інісі 
Шығай сұлтанға ұстатты. Болашақ билеушінің көзі қанығып, көкірегі 
ашылып, басшылық тəжірибесін көңіліне тоқуы үшін бұрын-соңды 
патшалардың көбісі ұстанған ғибрат қой бұл. Ал алғыр ханзаданың 
ұстаз уағызынан зердесіне көбірек сіңіргені əр замандағы əр алуан 
елді басқарған падишахтардың үлгі-өнегісі болатын. 
Жəңгір ертеде ел билеушілердің тағылымына зер салса, біразы өз 
пəрмен-билігінен гөрі көбінесе дінге арқа сүйеген. Сонау Ескендір 
Зұлқарнайыннан  бастап,  кешегі  орыстың  Ұлы  Петріне  дейінгі 
патшалардың дені дінді оң қолы етіп ұстап, өз əмірін дінбасылары 
арқылы  ындатып  отырған  секілді.  Шынында  да,  халық  қашанда 
жаратқан жалғыз хақтан қорқады жəне хан патшаны оның жердегі 
əміршісі деп біліп айтқанын қалт жібермей орындайды. Бұл, əсіресе, 
діні  тұрақтанып,  ғылым-білімі  дамыған  отырықшы  елдерге  төн 
құбылыс. Жалпы, қырдың жүген-құрық тимеген шу асаудай тарпаң, 
тентек,  бұла  халқына  бұл  дəстүр  қалай  дарымақ?  Ұрыссаң  сөзің 
өтпейтін,  ұрсаң  қолың  батпайтын  қаймана  халық  ханың  тұрсын, 
құдайыңды да сыбап салады. Қазақтың оншалық діңдар халық емес 
екені əмбеге аян. Бірақ бір ғажабы, сəждеге бас қоймай, «аққойдың 
келдесі, қара қойдың келдесі, мен құдайдың пендесі» деп жүріп-ақ 
мұсылманшылығына  берік.  Сібірдің  ұсақ  ұлттары  былай  тұрсын, 
тəп-тəуір өркениеті бар татарлар мен шуаштар шоқынып жатқанда ол 
ислам дінінен безген жоқ. Патша өкіметінің шоқындыру саясатынан 
үзілді-кесілді бас тартып, көнбей қойды. Демек, осы мұсылмандық 
арнасында оның басын біріктіруге кəміл болатын сияқты. Ол үшін 
ислам діні өркен жайып, жұртқа ұйытқы болып отырған бауырлас 
халықтардан өнеге алып, солардың жəрдем-көмегіне жүгіну шарт. 
Осы  ой  хан  сайланардан  бір  жыл  бұрын  Жəңгірді  Ресей 
мұсылмандарының  биік  мəртебелі  ағзамы,  Уфаның  муфтиі 
Мұхамеджан  Хұсайыновтың  алдына  алып  келді.  Әдейі  қол 
тапсырып,  жүз  көріскелі  келгенінде  бас  имам  қаланың  сыртында 
Қабанкөл деген жердегі жазғы мекен-жайында отыр екен. Ханзаданы 
ізгі пейіл білдіріп, ілтипатпен қарсы алған имам мейманының білімі 
мен білігіне көңілі толып, іштей разы болып қалды. Оның ықылас-
бейіліне тойған келешектегі тақ иесінің көңілін муфтидің қисапсыз 
көп байлығынан гөрі айдай ару бойжеткен қызы – еркетотай Фатима 

156
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ерекше  аударды.  Жас  мөлшері  өзімен  шамалас,  мөлдіреп,  мейірім 
шашып  тұратын  көзіңде  нұр  бар  ақсары  қыздың  орыс  бикештері 
киетін жиегі оюлы, екі иығы мен желкесін жапқан ақ қалпағының 
алдынан  қоңырқай  тұлымы  толқын  атып,  қос  бұрым  ғып  өрген 
қолаң шашының ұшы бұйраланып, бөксесін соғады екен. Ақ жібек 
кеудешесі белін қынап, кең етек көйлегі үкідей үлбіретіп жіберген 
аппақ періштені көргенде ханзаданың аузына сөз түспей, қадалған 
көзін  қайтып  айыра  алмай,  абыржып  қалған.  Шоңқайма  кебісінің 
биікжез  өкшесі  жалт  етіп,  алтындаған  тұмсығы  омырауындағы 
алуан асыл тастан түзілген алқаның алтынымен астасып, керемет бір 
үйлесім тапқандай еді. Қапелімде қыз да үн қата алмай, сол жымиып 
бұрылып жүре берген. 
Бұрын қазақтардың кілең бір салқы тұмақ, салқам шапан, саптама 
етігінен  өзгені  кездестірмеген  еркетотайға  ханзаданың  киім  киісі, 
жүріс-тұрысы бөлекше көрінді. Ақ жаға салынған қоңыр бешпенті 
денесіне құйып қойғандай екен. Бешпенті түстес шалбарының екі 
жаны алтынмен зерленіп, күміс шегесі жалтыраған кебісіне төгіліп 
тұр. Алтынмен зерленген шошақ төбелі бұлғын бөркі желкесіне қарай 
шалқайып,  жазық  маңдайы  жарқырай  көрінеді.  Зиялы  қауымның 
əсем  киінетін  өкілдерін,  сəнденіп  жүретін  орыс  ұлықтарын  көп 
көрген тоташ оған оншалық мəн бермегендей езу тартқан да қойған.
Ал Жəңгір бір көргеннен-ақ көңілі құлаған Фатиманы құтқармады. 
Келесі  жылдың  жазында  хан  болып  сайлансымен-ақ  Орынбор 
керуен сарайы мешітінің имамы қыпшақ Дүйсəліні бас қып, қасына 
өз бауырлары Әділ мен Мендікерейді қосып, Мұхамеджан мүфтидің 
қызына қуда түсіп келуге жіберді. Ханның аты хан ғой, қарауында 
жері шұрайлы қыруар шаруа елді мекендері, Қазан мен Уфада алты-
жетіден үйі бар, тері илейтін, сабын қайнататын зауыттары жұмыс 
істеп  тұрған,  Еділде  кеме  айдап,  саудагерлерге  қызмет  қылатын 
жүздеген қызметші ұстайтын аса бай, алпауыт дінбасы қазаққа қыз 
бермеймін деп кергіген жоқ. Құдаларды қол қусырып қарсы алып, 
тілегін қабыл ғып шығарьш салды. Сөйтіп, сол 1824 жылдың күзіңде 
Атырау  жағасыңдағы  Қарабайлы  деген  жерде  отырған  хан  аулына 
Фатима тоташ келін болып түсті. Татар байы ерке қызын түрлі-түрлі 
жасауымен, ішті-тысты жиһаздалған отауымен қызметшілерін қоса 
беріп, ырғап-жырғап ұзатты. Тоташ түскен соң көп ұзамай Жəңгірдің 
жас  кезінде  əкесі  еріксіз  алып  берген  алғашқы  əйелі  –  Қараман 
арғын Бөкенбай батырдың немересі Жүзім қайтыс болды да, Фатима 
келсімен-ақ бəйбішенің орнына отырды. 

157
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Шынында да, Фатима туысы бөлек адамдардың бірі еді. Кезінде 
орыстың  «Сын  Отечества»  журналы  Фатиманың  Жəңгір  ханды 
өркениетке ұмсындырып, өмір салтын өзгертуіне игі ықпал еткенін 
айта  келіп:  «Ол  –  оқыған,  өте  білімді  əйел,  кісіге  деген  ілтипаты 
ерекше,  жұртпен  ортақ  тіл  табысып,  қалтқысыз  қарым-қатынас 
жасаудың жолдарын бес саусағындай меңгерген, татаршаны былай 
қойып, орысша, французша жəне немісше еркін сөйлеп, жаза біледі, 
– деп жазған-ды.  Оның үстіне қалаларда жиі болып, зиялылармен 
араласып,  қайырымдылық  жиындарына  қатысып,  биге  де  барып 
жүреді.  Киім  киісі  еуропаша,  алайда  ордада  –  татарша,  көшіп-
қонып  жүргенде  қазаша  киінеді.  1826  жылы  ері  хандыққа  бекіп, 
патша  ағзамының  таққа  отыру  салтанатына  қатысу  үшін  астанаға 
келіп  қайтып  Биік  мəртебелі  ұлық  мархабат  көрсетіп,  оған  асыл 
бұйымдардан қисыпсыз көп тарту-таралғы сыйлады. Ал 1839 жылы 
ұлық  мəртебелі  патшайымның  өзі  алтынмен  зерлеп,  алуан  түрлі 
асыл тас түзген аса қымбат сəукеле тіктіріп, алтын тарақ, сырғасын 
қоса жіберді». 
Журнал,  əсіресе,  оның  білімі  мен  төрбиесіне,  инабатты  мінез-
қылығына,  патша  ағзамының  ілтипатына  ілініп,  көп  қошемет 
көргеніне айрықша тоқталып, тамсана жазды. Биік мəртебелі патша 
ағзам  І  Николай  тоташты  биге  шақырып,  екеуінің  құйын  үйіріп 
билегенін,  бұны  көріп  тұрған  талай  бикештің  өзегін  өрт  шалып, 
іші күйгенін сол тұстағы баспасөз жер-көкке сыйғызбай жазып та 
жатты. Билеп жүріп:
– Апырмай, мынадай мінез-қылықпен, сирек өнермен сіз сияқты 
аққанат періште басында шаңырағы, табанында тұрағы жоқ қаңбақтай 
жөңкіп жүрген жабайы көшпенділер арасында қалай тұрады екен. 
Осыдан соң да сол ордаға оралмақсыз ба? – деп сыбырлаған патшаға 
ол ақын сөзімен жауап қатып:
– Туған елдің түтіні де тəтгі, – деп жымиып, өз жанынан:
Туған жердің жусаны да жұпар, – деп қоса қойған.
Иə, сол жусаны жұпар туған жер – сахара сары дала мен бұйрат-
бұйрат  құм  қойнауына  ханымның  көндігуі  оңай  болған  жоқ  еді. 
Асты-үсті  тақтай  көп  бөлмелі,  ішінде  тіршілікке  қажеттің  бөрі 
табылатын саңғыраған қарағай үйде туып, үлде мен бүлдеге оранып, 
желге, күнге тимей өскен арудың қазақы қоңыр тірлікті көпке дейін 
қабылдай алмағаны да рас. Содан жиі-жиі сырқаттанып қалатынды 
шығарған.  Өз  заманынан  мойны  озық  зиялы,  дегдарлығы  мен 
білімдарлығы  бір  басына  жетіп  артылатын  Жəңгір  осының  бəріне 

158
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
өзін кінəлі санап, оның алдында бəйек болып, айтқанын екі етпей, 
құрақ ұшты да жүрді. Қала ішінде туып-өскен ханымға көшіп-қонуы 
аз, тұрақтап отыратын тыныш тұрмыс қажет деп ұққан ол хан ордасы 
етіп қала тұрғызуды көкседі. Осы ойға мықтап бекінген хан таққа 
отыру салтанаты аяқталысымен I Николай патшаның қабылдауына 
кіріп,  хан  тұрағын  салуға  қаржы  сұрап,  оның  жобасын  жасар 
сəулетші  жіберуін  өтінді.  Патша  оның  тілегін  бірден  қабылдап, 
қажет қаржысын бөліп, қала салу жұмысына бас-көз болып бақылау 
жасауды Орынбор губернаторына тапсырды. 
Жəңгір  болашақ  хан  ордасы  болар  қаланың  орнын  Жасқұс 
құмының  батыс  беткейінен  (қазіргі  Орда  селосы  тұрған  жер) 
тандады.  1826  жылдың  күзінде  орынборлық  сəулетші  Тафаев 
бастаған құрылысшылар тарихи орынның алғашқы қаласын қағады 
(Құлкенов М., Отарбаев Р. Жəңгір хан. Алматы: «Ғылым» баспасы, 
1992). Алғаш тоқсанға тарта əр текті үйі, қысы-жазы сауда-саттық 
жүргізетін  дүкені  мен  дүңгіршегі  болған,  «алпыс  бөлме,  жүз  есік, 
ай белгілі ақ мешіт» бар қаланың яғни хан ордасының іргесі осылай 
қаланды. Қала сыртынан сая болу үшін қарағайлы орман алқабын 
өсіру қолға алынды.
Орда  құрылысымен  қатар  Тарғын  өзенінің  бойынан  хан  өзіне 
жаз жайлайтын саяжай салғызды. Ол тоғыз үйден тұратын, астында 
қонақүйі, асүйі, қызметші тұратын жатын орны, үстінде жеті бірдей 
бөлмесі бар екі қабат ағаш үйді хан өзі иеленіп, онда əйелдерімен, 
бала-шағасымен  тұратын  болды.  Ал  қалған  үйлер  күтуінілер  мен 
күзетшілерге,  атқосшы-аңшылар  мен  бағбандарға  тиді.  Саяжайда 
бау-бақша өсіріп, шие сияқты жеміс ағаштары мəуелеп тұрды.
Былайынша,  Фатима  тоташтың  айтқаны  екі  болмай,  ойлағаны 
жүзеге  асып  жатты.  Өзінен  туған  ұлдары  мен  қыздарын  сонау 
Петербург  пен  Мəскеуден  арнайы  мұғалімдер  алдыртып,  орысша, 
немісше, французша оқытып, іргелі оқу орындарына əзірлеп отырды. 
«Жəңгір де Фатиманы үлде мен бүлдеге бөлеп, асыл мүлікпен, алтын-
күміспен көңілін аулап бақты. Жəне де соның көңілі үшін ордасына 
татар  ағайындарын  тоғытып  жіберді»  (Аманшин  Б.  Махамбеттің 
тағдыры  //  «Жұлдыз»  журналы,  №3,  1988).  Арасында  саудагері, 
ұстасы, ағаш шебері, молдасы не сəн. Әсіресе, аңқау елге айтқаны 
заң  молдасымақтар  қаптап  кетті.  Бірақ  мұның  бірі  де  ханымның 
көңілін  аулай  алмады.  Қысы-жазы  ыңқыл-сыңқылдан  айықпай 
кіржиді де жүреді. Ялтадан сəулетті қарағай үй сатып алып, емдетіп 
көріп  еді,  оның  да  дауасы  шамалы  болды.  Асылы,  Фатиманың 

159
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
дерті  тəн  ауруы  емес,  жан  ауруы  тəрізді.  Шынтуайттап  келгенде, 
ол  Жəңгірге  жастай  сыйлас,  сырлас  болып  шын  сүйіп  немесе  хан 
атағына қызығып шыққан жоқ еді. Әке сөзін екі етпейтін мұсылман 
салтымен  «жыламайтын  жер  ғой»  деп,  келіп  қалған.  Алайда  жаза 
басып, жаңсақтық жасап алғанын ол кейінірек білді, кешірек түсінді. 
Ханымды келген жерінен алдымен жерінтіп, жиіркеніш туғызған 
көшпелі  тірліктің  қым-куыт  қиындығы  немесе  қыр  тұрмысының 
қыл-қыбырсыз  жүрмейтін  ластығы  емес  еді.  Үш  күннен  соң 
кісі  көрге  де  үйренеді.  Ал  қаланың  қылап  қызы  ластықтың  да 
тамырына  балта  шауып,  отырған  орны  тұрсын  айнала  ортасын  да 
мұнтаздай  ғып  қоярына  шүбə  жоқ.  Бəрінен  бұрын  мұның  көңілін 
қалдырып  қатты  қобалжытқаны  –  ортасына  өзі  келін  боп  түскен 
қазақ  қоғамының  қаймағы  дерлік  төре  тұқымының  күле  кіріп, 
күңірене шығатын екі жүзділігі. Мүйізі қарағайдай сұлтандар мен 
мырзалардың  көзіңе  күліп,  сыртыңнан  сатып  кететін  опасыздығы, 
сыртыңнан  пыш-пыш  сөз  жүгіртіп  жүретін  пасықтығы  ханымның 
қарадай  зығырданын  қайнатады.  Оларға  қарағанда  көңілінде  еш 
қырынды  қалдырмай,  ханбысың,  қарамысың  демей,  ойындағысын 
ашық айтып ақтара салатын анау Махамбет ақын көш жоғары. Ретті 
жерінде бетің бар, жүзің бар демей, əмəнда айтарын айтып салып, 
ол əрі ар алдында арылып, əрі хан алдында айбарын асырып кетеді. 
Алдаспандай қылпып тұратын өткір, өжет ақынды ол сол алмастай 
алғыр  мінезі  үшін  де  ардақ  тұтады.  Өз  балаларының  да  осындай 
жарамсақ, жалтақтығы жоқ, бірбет те батыл, өжет те батыр болып 
өсуін қалайды. Бəлкім, Жəңгірдің осыдан туған Зұлқарнайға ақынды 
тəлімгер  етіп  тағайындауына  ханымның  тілегі  тікелей  тиек  те 
болған шығар. Ал былайғы жұрт оны неше саққа жүгіртіп, ханымды 
ақынның ашынасы етіп те қояды. 
Кадет корпусына түсуге əзірленіп жатқан ханзадаға телімгерлер 
мен  ұстаздар  Орынборда  да  жыртылып  айырылатындай  екен. 
Сондықтан  ақын  қалада  көбірек  сейіл  құрып,  өзін  сыйлайтын 
офицерлердің  арасыңда  жиі  болып,  ауық-ауық  қырға  да  шығып, 
аң  аулап  қайтып  жүрді.  Орыстың  болашақ  оқымыстысы,  жазушы 
Владимир Дальмен ол осында танысты. 
Шəкірті  мен  ақын  мұңда  Фатиманың  əкесі  Мұхамеджан 
муфтидің үйінде тұратын. «Ел басқаруда күйеу баласына көп ақыл 
айтып, ұлағат берген дінбасы орыс армиясының офицері болған еді. 
Одан елдің Қабылдағы жансызы болып жүріп, тамыр-таныстығын 
пайдаланып Орынборға ауысып алған. Мұнда да губернаторға жол 

160
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
тауып, оған тікелей ақылшы болып, қала халқының арасында биік 
бедел алады. Содан Меккеге қажылыққа барып қайтып, бас имам-
мүфти сайланады» (Әлімжанов Ә. «Махамбеттің жебесі». Алматы, 
1977).  Оның  өзі  марқұм  болғанымен,  Фатима  арқылы  үй-ішінің 
қырмен  байланысы  қаз-қалпында  екен.  Тіпті  қызметшілері  де  сол 
баяғы жүргендер. Сондықтан еркін, ерке ел ақынның қаладағы əр 
басқан қадамы, қарекет-қимылы ордаға жетіп жатады. 
Ханзаданы  тəрбиелеудің  орнына  қайдағы  бір  еркін  ойлы 
офицерлермен  достасып  жүрген  ақын  қылығы  ханды  да 
ашындырып, зығырданын қайната бастады. Ханның ашу шақырып, 
терісіне сыймай жүргені мұның да құлағына жетіп, төре тұқымымен 
атқұйрығын  кесісетін  кез  жақындап  келе  жатқанын  іштей  сезді. 
Өстіп  жүргенде  Есімұлы  Қайыпқали  сұлтанның  бүлігі  бұрқ  етті 
де  Махамбет  Ордадан  бір-ақ  шықты.  Балаға  бас-көз  болсын  деп 
жіберген ақынның басынғандай ешкімнің рұқсатынсыз, мұнда келіп, 
айтпай  ауылына  аттанғалы  жатқаны  намысына  шоқ  тастап,  қатты 
шамданған хан оны өзіне дереу шақыртып алды.
–  Сен  бүнда  не  бітімшілікпен  жүрсің?  Ханзадасын  қараусыз 
қалдырып, қызметшісі кьщырьт жүргенді кім көрген! 
Тегінде,  өзінді  төрелерден  де  құдіретті  сезінесің-ау  сен.  Жоқ, 
шыдамның де шегі, мейірімнің де мөлшері бар. Осы табан аузында 
ауылыңа емес, Орынборға тарт! – деп жүрсе қоя берді. 
Бұлығып əрең төзіп тұрған батыр да бұрқ ете қалды. 
– Ей, Жəңгір, айтқаныңды екі етпей орындап, кіндігіңнен төмен 
қарап, тұғжындап, тіл қата алмайтын тайғанақ төрелерден дəндеген 
екенсің.  Балаңа  бас-көз  болып  төлім  беріп  жүргенмен,  мен  сенің 
құлақ кесті құлың емеспін. Аяғы жеткенше жүріп, аузы жеткенше 
сөйлейтін  ен  даланың  еркін  қазағымын.  Қайда  барып,  қайдан 
шығатынымды бір өзім ғана білемін. 
Алқа-қотан  қоршаған  жұрт  енді  бұның  арты  не  болар  екен 
деп сілтідей тына қалды. Осы сəт он екі қанат ақ ордадан Фатима 
шықты. Күн сəулесі ханымның жалт-жұлт еткен киіміне шағылып, 
көз қарықтырды. Тізіліп тұрған жігіттер демін ішінен алып, құлаққа 
ұрған танадай тым-тырыс болды. Сұлтандар да сипақтап-қипақтап 
не істерін білмеді. Жəңгір де тілінің ұшына келген сөзін айта алмай, 
қапелімде абдырап тоқтап қалды. Осы бір ұрымтал шақты шығын 
етпей ақын да саңқылдай жөнелді:
– Хан емес, қасқыр болып барасың, Жəңгір. Халқыңа бөрідей тиіп, 
қан  қақсатып  қойдың.  Жоқшылықтан  жанышылып,  тапшылықтан 

161
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
талмаурап, еңірегенде етегі толған еліңнің сілесі сені жібермес-ақ. 
Достарың келіп табалап, дұшпаның келіп басқа ұрар күнің таяп тұр. 
Сен мені өз құлқынынан өзгені ойламайтын сұлтандарыңдай санама. 
Аруақты атадан туған кескілеспей басылмас, кескекті ердің сойы 
мен. Ал... – деп ол арғы жағын тақпақтай тартты:
Атадан туған аруақты ер 
Жауды көрсе жапырар 
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң
Малын көрер жанындай.
Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық-жалында-ай.
Айтып-айтпай немене,
Халқы кенет қозғалса
Хан түра алмас тағында-ай.
Ақынмен  айтысып  əкім  қашан  абырой  алған,  ертеңіне-ақ  оның 
сөзі желдей есіп, селдей тасып ауыздан-ауызға жыр боп тарап кетті. 
Адуын ақынның дауылды лебі, дабылды үні Фатима ханымның да 
жан-əлемін алай-дүлей етіп, күйініші мен сүйініші алмағайып тағы 
бір жұмбақ сезім тудырғаны сөзсіз еді. 
Сонан соң Махамбеттің алдында арба бойы жар тұрса да тоқтамай, 
қарғып кетер арғымақтай арынына, қарсыласын от аузымен өртеп, 
орақ тілімен отап, беттетпейтін қарымына тағы да бір куə болғаны 
бар ханымның. Бұл Жəңгірдің Исатаймен бітіспес жаулықка барып, 
есе талап еткен дала боздақтарын көзінен тізіп, көгендеген қойдай 
айдатып  жатқан  кезі  болатын.  «Исатай  –  басшы,  мен  –  қосшы» 
деп  «ағайынның  басындай,  алтынды  ердің  қасындай»  көретін 
батырының жағына басы бүтін шығып кеткен ақынды өз төңірегіне 
қайтармақ болып, бір күні онымен Баймағамбет сұлтанның көзінше 
кінəласқан еді хан... Әрине, сөзді хан бастаған: 
– Әй, Махамбет, талай жыл тете өсіп, тең жүріп, дəмдес болған 
едің. Сыртымнан дөң айбат ғып, текеметімді тілетіндей Әбілқайыр 
əулетінен  не  жамандық  көрдің?  Бабаң  бір  аяқ  шалапқа  көз  сүзіп, 
мойны  ырғайдай,  биті  торғайдай  болып  келгенде  алдына  мал, 
қойнына  жар  салып,  ел  қатарына  кіргізген  кім  еді  –  Тайманның 
тұқымы ма, ханның тұқымы ма? Әлде есірік кіріп, ол күн есіңнен 

162
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
шықты ма? Күндердің күні болғанда түйе жапырақтың көлеңкесіндей 
қырық құбылғанына жөн болсын!?
Сөзден жығылатын Махамбет пе, еруліге қарулы жауабын табан 
аузында айтып, ханды тойтарды да тастады. 
–  Жəңгір,  өлгенді  мақтап,  тіріні  даттау  қашашы  салтымыз  ғой, 
–  деді  ол.  –  Атаң  Әбілқайыр  қарауындағы  елді  алакөз  дұшпаннан 
қызғыштай қорғаған халық үшін туған нар еді. Нардан айыр туды, 
айырдан  қайырымсыз  туды.  Аз  қазақты  алалады,  қаріп-қасерге 
қарамады.  Сол  –  сен.  Хан  емес,  аяр  болдың.  Айыр  құйрық  шаян 
боддың. Елді шаяндай шағып, сүліктей сорып жатырсың. Ал Тайманға 
тіл тигізбе, киесі атады. Исатай қарадан туса да хан боп туды. Сен 
жылатқан елді ол жұбатса несі айып. Еліңді қызын құштырған сартқа
билетіп, бойынды қадір білмес жатқа үйретіп, салатының ылғи лаң. 
«Хан емес, ылаң, қара шұбар жылан» дейді сені жұрт. 
Қарсыласының мысы басқан Жəңгір басын шайқады да: 
–  Қап,  басынды  қазір-ақ  алар  едім,  халықтың  назасына  қалам-
ау. Бірақ мені шапсаң, патшаның жазасына ұшырайтыныңды сен де 
ұмытпа, – деп сес көрсетіп бұрылып кетті.
Ақын  болса  айтарын  айпы  əрі  ата  қуалап  аласармай,  аскақ,  өр 
қалпында қалды. Өтемістен туған он көкжал атанған Махамбеттерді 
жаңағы  айтқандай  ел  ішінде  «Берішке  келіп  сіңген  кірме»  дейтін 
сөзді Фатиманың да құлағы шалғаны бар. 
...Бұрынырақта  Арқадағы  сибан  керейдің  Бесбай  мырза  деген 
биі  болыпты,  дейді  аңыз.  Оның  жалғыз  ұлы  Шыныбек  серілік 
құрып  Маңғыстаудағы  адайлардың  арасына  шығып  кетсе  керек. 
Ол жатқан елге аяқ астынан шабуыл жасап түрікмендер тарпа бас 
салады. Адайлар да жаппай атқа жедел қонып, қарсы майдан ашады. 
Түрікмен  жағы  ортаға  бір  батырын  шығырып,  жекпе-жекке  жігіт 
сұрайды.  Сонда  он  сегізге  жаңа  толған  қонақжігіт  атын  ойнатып 
шыға  келіпті.  Жау  жағының  батырына  тұра  ұмтылып,  найзасын 
дарытпай  ағып  өтіп,  қайта  жалт  бұрылып  алмас  қылышын  жарқ 
еткізгенде  дұшпанның  басы  домалап  түседі.  Батыры  өліп,  бағы 
тайып абдырап қалған түрікмендерге адайлар жан-жақтан қиқулай 
ат  қойып,  түре  туып  тастапты.  Жеңілген  жақтың  ханы  жеңімпаз 
батырға  қарындасын  беріп  бітімге  келген  екен.  Түрікмен  ханның 
қарындасымен жеті жыл отасып, одан бес ұл сүйіп сол Шыныбек 
жастай дүние салады. 
Баласының жылын берген соң, ежелгі салт бойынша Бесбай мырза 
келінін  шақыртып  алып:  «Қалқам,  құдай  мені  бастан  жарытпаған 

163
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жанмын, саған əмеңгер етіп қосар бала еңді жоқ, ошағымды өшірмей 
отырамын  десең  –  алдында  малың,  бауырында  балаларың,  ал 
төркініме кетемін десең жəне де еркің» депті. Үш күн ойланып келін 
ақыры  төркініне  бармақ  болады.  Сонда  атасы:  «Дүние-мүлкіңде 
шаруам  жоқ,  қалағаныңша  ал.  Бірақ  мына  бес  баланың  біреуін 
ғана ертіп кетесің» деп төрт жасар немересі Жолымбетті шақырып 
алып: «Қасқыр көз, қайсар қара, сен баршы, барғанмен басқаға адам 
болмассың» деген екен. 
Төркініне  келген  соң  түрікмен  келін  артта  қалған  балаларын, 
алақанға  салып  əлпештеген  қайын  жұртын  сағынып,  құсалықтан 
үш  жыл  тұрып  қайтыс  болады.  Жеті  жасар  жиенін  хан  қойдың 
соңына салып қозы бақтырып қояды. Осылай он төрт жасқа келген 
Жолымбет хан зыңданында тұтқын болып екі баласымен казақтың 
бір батыры жатқанын естиді. Бұлар балта керей Баһрам батыр мен 
оның екі баласы Нəдір мен Кəдір еді. Қорғалжын – Теңізге құятын 
Қыпшақ,  Керей  өзендерінің  арасында  көшіп  жүрген  ауылын  түн 
ішінде  түрікмеңдер  шауып,  қапылыста  қолға  түсіріп  алып  кеткен 
көрінеді.  Хан  жиені  күзетшілердің  көзін  алып,  оларды  төрт  жыл 
жатқан тұтқынынан босатып, туған ел қайдасың деп түнде қашып 
шығады.  Бесбай  мырза  немересінің  аман  оралғанына  той  жасап, 
мəре-сəре, мəз-мəйрам жұрттың алдында: «Бар баламнан түбі осы 
түрікменім асады» деп Жолымбетті (бұл атақты жазушымыз Ғабит 
Мүсіреповтің бесінші атасы) арқадан қағыпты. Ал Баһрам батырдың 
мінезі  кіділеу  Кəдірі  жолай  Жайық  бойыңда  «төрт  жыл  бойы  өлі-
тірімізді  білмей,  тырп  етпей  жатып  алған  елге  енді  бармаймын» 
деп беріштердің арасында қалып қойыпты. Сол Кəдірден Құлмəлі, 
Құлмəліден Өтеміс, Өтемістен Махамбеттің өзі. 
Берішке бес ұрпақ бойы балдай батып, судай сіңіп кеткен ақын 
түбін  қуып,  тегін  қазбаламаса  да,  кейбір  керауыз  қиқарлардың 
бетке басқысы келетіндері табылады. Бірақ ақын ханның ол сөзіне 
қасақана  мəн  бермей,  оны  талмау  тұстан  соқты.  Махамбетгің 
«қызын құштырған сартқа еліңді билеттің» дегенінде мəн бар еді. 
Жəңгір Фатиманың үстіне іші-бауырына кіріп, жылпылдап жүрген – 
заты сарт, аты қожа Қарауылқожа Бабажанов дегеннің он бес жасар 
қызы Зылиханы алған-ды. Сол сол-ақ екен, жылпос қожа ордадағы 
бар  билікті  уысында  ұстап,  хан  мен  басты-басты  рубасыларының 
арасына  от  жағып,  сұлтан-төрелермен  араға  сөз  жүгіртіп,  бөрімен 
дерлік араздастырып бақты. Сөйтіп алғаш қырда медресе, мектептер 
ашқызып,  қазақ  арасында  өнер-білім  таралуына  қыруар  еңбек 

164

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал