Ханымдар мен арулар



жүктеу 10.56 Kb.

бет14/30
Дата09.01.2017
өлшемі10.56 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
«Сыңсуда» ұзатылған қалыңдық қарт ата-анасы, əжесі, əпкесі, сіңлісі, 
бауырларының  əрқайсысын  артындағы  жеңгесіне,  туыстарына 
тапсырады. Қимай кетіп бара жатқанын білдіріп, оларды мəпелеп, 
аялап  ұстауды  еліне,  жұртына  өсиет  етеді.  Туған  жерімен,  елімен, 
төркін жұртымен қош айтысады, елге, жерге игі тілек айтып, жылап 
сыңсиды. Бұл жырдың тəрбиелік мəн-мағынасы зор болған. 
Қазақ  шежірелерінде  қыздың  ұзатылғандағы  сыңсуы,  келіннің 
ата-енесі  не  басқа  қимас  жанашырларының  бірі  (қайнағасы, 
атасы,  енесі,  қайнысы,  т.т.)  қайтқандағы  жоқтаулары  да  аталып 
өтіледі.  Ұзатылған  қыз  жыл  өтпей  немесе  бір  перзентті  болмай 
төркіндемейді.  Межелі  уақыт  болғанда  (ең  кемі  бір  жыл,  əйтпесе 
бірнеше  жыл)  қайын  жұртына,  ата-енесінің,  шешесінің  төркін 
жұртына  амандасуға,  көруге,  сағынышын  басуға  шығады.  Бұны 
«төркіндеу» дейді. Құдалар мен төркіндеген қызды қарсы алуға бұл 
елдің де белгілі адамдары жиналады. Ел мен ел қосылып ынтымағы 
жарасады,  есте  қалады.  Қазақтың  құдасы  сондықтан  мыңжылдық 
болады,  ұрпақ  аралығындағы,  қиыспаған  құдалар  санау  бір  қиян 
жерден  бұл  кезде  үлкен  ана-бəйбіше  болып  танылғанша  ананың 
жұртымен  не  қыз  беріп,  не  қыз  алысып  қайта  құдалық  жасасады. 
Мұны «сүйек жаңарту» дейді, осыдан барып «қарға тамырлы» қазақ 
ұлысы құралады. Ұзатылғанда айтылатын сыңсудың да, төркіндеп 
келгенде айтылатын жырдың да отаншылдық мағынасы зор. 
Үйсін  Ошақтының  Байлы  руы  Масудидің  «Тарихи  Әбілқайыр-
хани»  еңбегінде  XV  ғ.  аталады.  1867  жылы  Ю.  Южаков  өзінің 
еңбегінде «Ошақты мен Шапырашты – Суанның баласы» деп жазған. 
Шежіреде  Жəлменденің  үш  əйел  болған,  екіншісі  Қарашаштан 
Ошақты  туғаны  айтылады.  XIII  ғ.  Ысты  туралы  Ф.Мүбəракшах 
«Тарихында» көшіп-қонып жүрген Тілік тұқымын айтады. Шежіреде 
Ысты  –  Бəйдібекке  немере,  Жəлменденің  екінші  əйелі  Сландыдан 
туған.  Қазақ  шежірелерінде  қадірлі  аналар  туралы  деректер  үнемі 
осылай айтылатын болған. Шежірелерде халықтың есінде сақталған 
тарихи тұлғалар туралы айтылатын болса, көбіне əділ билер, төрелік 
құрған  хан,  сұлтандар,  елге  береке  бітірген  мырзалар,  ержүрек 
батырлар, даналық дəнін шашқан ақындар жайлы айтады. Сонымен 
қатар, қадірлі аналар туралы мол дерек бар. Өйткені, «алып туса – 
анадан», дейді қазақ даналығы, яғни батырлардың да, билердің де, 
атақты хандарды да, қайсысы болмасын анадан туатыны белгілі.
Сіргелі алты əйел алған, бірінші əйелінен – Батыр, Байжігіт, басқа 
əйелінен – Қарабатыр, Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, 

138
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Дəушауқар,  Есім,  Досшабақ;  үшінші  анадан  –  Сəмен,  Шақаман, 
Өтеу,  Бекбау,  Ізбасар,  Қопақбай,  Мамыр,  Ботбай;  төртінші  анадан 
– Жаңабай, Айтбозым, бесінші анадан – Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, 
Шалдар;  алтыншы  анадан  –  Тутаңбалы,  Қайшылы.  «Арғынның 
үшінші əйелінің аты Айнамкөз. Мұнан туатын – Саржетім, Шақшақ. 
Шақшақ табынан əкесінің аты Қошқар Жəнібек батыр, лақабы қара 
палуан Жəнібек. Бұл Жəнібек Абылайды Орта жүзге хан көтерген. 
Батырлығы, кісілігі де толыққан кезі екен» [8]. Қазақ ортасында бір 
рудан басқа рудың құрамына ауысып жүрген тұлғалар қай заманда 
болмасын көп болған. «Арғынның үшінші əйелінен – Көбеш, Жібіш, 
Мұғаш, Тағаш. Бұл төртеуінің ұрпағы аударыс-төңкөріс уақытында 
Асан  қайғымен  Жиделі  –  Байсын  еліне  сіңіп  кеткен.  Бұл  төртеуі 
Сарыарқаға келген жоқ. Сыр бойында қалған».
Қожаларды шежіреде Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) əулетінен 
санайды. Мұхаммед пайғамбардың көп əйелі болған. Сол əйелдерінен 
Қасым  жəне  Ыбраһым  атты  екі  ұл  көріп,  олар  тым  жастай  өлген. 
Зейнеп, Рахия, Мүгілсім, Фатима дейтін төрт қызы болып, Мүгілсім 
де  балалалық  шағында  өлген.  Мұсылмандық  дəстүрмен,  осы 
есімдер  де  қазақ  ортасында  қыз  балаға  ат  қою  дəстүрінде  орын 
алған. Жошы хан туралы шежірелік деректерде баршаға мəлім бірер 
аңыз «Ақсақ құлан» əңгімесінде: «Алашаны құлан шайнап өлтірген. 
Құланды қуып, қырып өтіпті»
 
дейді. Қария сөз əрі бір күй ретінде 
берілген  шежірелерде  Жошының  аңға  барғанда  мерт  болғаны 
айтылса, ендігі бір шежірелерде «жоғарыдағы Жошы Шыңғыстың 
əйелі  Қоңырат  қызы  Бөртеден  (меркіттер  оны  олжалап  əкеткенде) 
туады. Мүмкін сондықтан да болар, қазақтар оны жатсынбай «Төре» 
деп  төбеге  көтерген.  Жошы  қазақ  мəдениетін  көтеруге,  соғысты 
азайтуға  құлшынған.  Мұсылмандарды  одақтастыруға  тырысқан. 
Сол үшін əкесі оған у беріп өлтіртіпті деген аңыз да бар» – делінеді. 
Яғни, қазақ ортасында қожа мен төреден жалғасып келген ат қою 
дəстүрлері бар. Этнограф-ғалым Халел Арғынбаев «..ислам дінінің 
əсеріне  байланысты  толып  жатқан  аттар  қойылатын  –  деп  жазды. 
Мəселен,  əйел  аттары  –  Фатима,  Жамал,  Зылиқа,  Қадиша,  Әсімə, 
Әсия,  Шарбану  т.  б.  Әйел  аттары  мен  ер  адамдардың  атының  бір 
ерекшелігі күн, гүл, айым, атаулы болыап келуі. Қазақ есімдерінің 
қалыптасуына  түрік,  моңғол,  араб,  парсы  тілі  ықпалы  да  бар, 
негізінен түріктік антропонимия үлгілері мол. 
Болыпты  Ұлы  жүзде  Бəйдібек  бай,  Алатау  Таңшолу  мекені 
жай  /  Басына  бақыт  қонып  қыдыр  келіп,  артынша  дəулет  берген 

139
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Жаббар құдай / Сегіз ұлы артындағы қатар өсіп, қайрат-күші, өнер, 
ғылым,  бəріде  бар  /  Қоралас  қатар  өскен  қырғыз  қазақ,  дəулет 
күші бақытына келмеді сай / Хисапсыз түрлі қазына жиған мүлік, 
саны жоқ біткен алда болды төрт түлік / Асынып қару-жарақ сегіз 
ұлы,  арғымақ  мінгендері  күллі  сəйгүлік  /  Мастанып  дəулет  қабат 
абыройына, көршілес салып жүрді елге бүлік / Қырғыздың ақыны 
Күленнің Аққошқары, күншілік етті бір тітан мұны біліп / Болыпты 
осы  байдың  үш  əйелі,  Домалақ  атты  дейтін  кіші  əйелі  /  Ажарлы 
туыпты  асқан  сұлу  болмыс,  ақылды,  аруақты  боп  осы  əйелі  / 
Әйелдің қасиетін бай да біліп, бағады ықыласыменен іші жылып, – 
деп шежіреден жырланады. 
Малыби  заманында  өте  озық  туып,  хан  қатарында  болған.  сол 
үш  жіздің  баласына  басшылық  етіп  сыртқы  жаудан  қорғануға 
аса  ақылды,  аса  шебер  болған  адам  дейді.  Малыбидің  екі  əйелі 
болған.  үлкен  əйелінің  аты  Құндыз,  кіші  əйелінің  аты  Жезбике. 
Үлкен əйелінен туған Күнті. Күнтінің баласы Сұпы, Бақа. Сұпыдан 
Маңғытай, Сеңгіл. Бақидан Құдайберді. Бұдан төрт бала: Жаулыбай, 
Аманбай, Сүдембай, Сүйінбай. Кіші əйелінен Түкі, бұдан Байқошқар, 
Аққошқар, Жаулыбай, бұдан Жанантай, Қоңыр, Шупаш, Сүттібай, 
бұдан Жанқараш. Сүдембайдан Қырығзалы. Байқошқардан Ақболат. 
Аққошқардан Қайрақ, Божбан. Осылардан тарап өсіп – өніп əр руға 
бөлініп  қоңырат деген бір тап ел болған.
Көшеннен Алтай Итқара батыр екен. Көшеннің өз əйелі ақсары 
Қазыке бидің қызы Базар бике. Жанаттың алғаны алшын бəйбішесі 
қыпшақ Бəйгелдінің қызы. Малайың халал болса ұлдан артық, бір 
көрген қызығыңыз жылдан артық/Дəуірің бір күндерде жоғарылса, 
айтсаңда шылғи өтірік шыннан артық/Аса боран соққанда паналауға, 
болады биік томар жардан артық/Болғанда түккөргісіз қара тұман, 
болады  жарық  жұлдыз  айдан  артық/Ағайын  араз  болса  алаш 
артық, мылтықтан от алмайтын ағаш артық/Жаман қатын пісірген 
жал-жаядан,  жеркенбей  шайнап  жейтін  қалаш  артық/Қол  берген 
қысылғанда досың артық, бас тартқан қас жолдастар оңбас/Өзіңмен 
бірдей жанып, бірдей күйген, досыңнан қатын-балаң болмас артық.
Халық  түсінігі  бойынша  қыз  балаға  тіл-көз  онша  көп  тие 
қоймайтын болған, сондықтан оларға ең жақсы аттарды таңдайтын. 
Қыз аттарына аспан əлемінің, сұлу-момын аңдардың, асыл тастар, 
қымбат маталар, құнды маталар, нəзік жəне сирек кездесетін өсімдік 
аттары  т.  б.  пайдалынатын.  Мəселен,  Айман,  Шолпан,  Жұлдыз, 

140
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Құралай, Тоты, Маржан, Алтынай, Күміс, Жібек, Мақпал, Шынар, 
Раушан, Қызғалдақ деп жазған.
«Орта  жүз  –  Жанарыс.  Жанарыстан  Мейрам  туыпты.  Мейрам 
үш қатын алған. Үлкен əйелі Қояннан – Арғын, Найман туыпты. Ол 
кісі Тарақты деген баланы асырап өсірген екен. Балалар жиналып 
ойнағанда  Тарақты  оларға  қосылмай  тасқа  шығып  кетеді  екен. 
Осы себепті біреуге біреу қосыла алмаса – «Тарақты болып тасқа 
шық» деген сөз тəмсіл болыпты. Ортаншы əйелі Жарғанаттан Керей 
мен  Уақ.  Үшінші  əйелі  Жасардан  Қоңырат  пен  Қыпшақ  туыпты. 
Бұларды алты арыс деп атап, Тарақтыны қоспайды. Мейрам өзінің 
алты баласына былайша баға берген екен: «Арғын менен Найманды 
қамшы беріп дауға қой/Қоңырат пей Қыпшақты су тартатын қауғаға 
қой» – дейді шежіре [9].
«Арғынның  үшінші  əйелі  Айнамкөз.  Мұнан  туатын  Саржетім, 
Шақшақ  дейді.  Шақшақ  табынан  əкесінің  аты  Қошқар  Жəнібек 
батыр, лақап аты қара палуан Жəнібек деп атайды. Шақшақ Жəнібек, 
Қошқарұлы Жəнібек, қара палуан Жəнібек – бір адамның аты. Бұл 
Жəнібек Абылайды Орта жүзге хан көтерген. Батырлығы, адамдығы 
толыққан кезі екен. Арғынның бас адамы» [10]. Шежіре деректері 
бойынша аты жиі айтылатын қазақ ақындары: Жапар ақын – Сүйіндік 
ішінде  айдаболдың  тəйгелтір  табынан.  Бала  кезінде  қорасаннан 
екі көзі кетіп, соқыр болған. Көтеш ақын Райұлы Сүйіндік ішінде 
күліктің  сексен  табынан.  XVIII  ғ.  бас  кезінде  болған  адам.  Талай 
айтыстары  бар,  жеңілген  жері  болмапты.  Бөрібай  ақын  Алтайұлы 
Сүйіндіктің  Ақбура  табынан  шыққан.  Қаблан  ақын  Бөрібайұлы. 
Кедей болса да сөзін сатпаған. Айтысы жоқ, шығарған тақпақтары 
көп. 
Сақау ақын Кеспелікұлы Сүйіндіктің, Орманшы табынан. Айтысы 
көп болған адам. XVIII ғ. Жəмішбай ақын қаракесектің қаракемпір 
табынан. Айтыстары көп, əнші де болған. XIX ғ. аяқ кезінде болған 
адам. Кемпірбай Бөгемайұлы ақын қаракесектің қаракемпір табынан. 
Айтыстары көп. Тоғжан Самай қызы ақын əйел. Атасы қаракесектің 
бертіс  қызылқұрт  елі.  Әкесі  бай  болған,  барған  жері  Сүйіндіктің 
Орманшы елінде Мəңгі деген бай болған, Сақау ақынмен айтысқан» 
[11]. 
Насабнамалық  білім  дамуында  заңдылық  бар,  ата-тек  тарату 
жүйесінде  біршама  буын  есімдері  ұмытылып,  төтелеп  түседі, 
кейде жалған генеалогиялық кестелер жасалады, арада талай ұрпақ 
есімі  аталмай  қалады.  Жеті  атасының  басында  тұрған  адамның 

141
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
есімі сақталып, қалған буын сақталмайтыны секілді өз заңдылығы 
кездесуі,  саналы  түрде,  бейсана  түрде  де  қалыптасады.  Саналы 
түрде болса, шежіре – ата-текті айтушы кейде көп əйелді адамның 
бірінен  болса,  арғыдағы  күндес  аналардың  ұрпағын  айтпай, 
атамай  бүгіп  қалады  [12].  Тоқалдан  туған  баланы  кейде  шежіреге 
қоспаған.  Ортадағы  бір  атадан  күмəнді  жағдайда  тараған  болса, 
біле  тұра  жасырады.  Сондықтан  «жеті  ата  жібінің  арасында  үзік-
кетік  қалады,  сол  сияқты  себептерден  шығады;  санаға  салынбай 
айтқанда  пəлендей  рудың  атасынанбыз  деп,  асығыстықпен,  иə  сөз 
қысқарту үшін жетінші атасын ғана айтады. Шежірелік деректердің 
біршама  мəліметтері  рулардың  өзара  үшжұрттық  қатынастарын 
ішкі мəнін қамтып сөйлейді. Осыны шежіре деректерінен алынған 
төмендегідей қысқа мысалдармен суреттеуге болады: «Жансарының 
бəйбішесі  Қарауыл  Қаражігіт  бидің  қызы  екен».  «Түменбайдың 
əйелі  Қуандық  12  мың  жылқысы  бар  Сапақ  байдың  қызы  екен. 
Аты  –  Ақбет,  əйелдерге  «болыс  енем»  атанған».  «Жарылғаптың 
əйелі Қуандық Тілеш–Тілеулі бидің қызы, аты – Ұлжан». «Бесімнің 
бəйбішесінің  аты  Бөктік.  Қыпшақ  Қатықолақ  мергеннің  қызы». 
«Шындығында  Әбілқайыр  Шыңғыс  əулетіне  жиен.  Атап  айтқанда 
Өзбек  ханның  үлкен  қызы  Үриябанудан  туған.  Үриябану  Қорасан 
əміршісі Гилауыз (Қылауыз) Шайбанидің əйелі болған». 
«Тайтеке Қаржас Анайға қызын бергенде қалың малға осы Ақбет 
таудан жер алып көшіп келіпті». «Телеуден үш жігіт Өтебай деген 
байға жиен болып келген. Солардың біреуі Өтебайдың қызын алып, 
содан қайтып келіп «нағашыларымды тап» деп, Телеу жаққа кеткен. 
Әйел үш баласын осы жаққа жіберген. Содан олар осы қаржас жеріне 
келіп  өніп-өсті».  «Қуандықтың  алты  баласы  ат  арқасына  мініп, 
соңына еріп, жасаққа жарағанда Сүйіндіктің отауы сонда түріліпті, 
қатыны Ұлы жүз – үйсін Өгіз бидің қызы екен дейді. 
Осы  мысалдан  байқап  отырғанымыздай  шежірелердің  руларға 
қатысты  деректері  ең  алдымен  руаралық  үш  жұртты  əлеуметтік 
байланыстыру ретімен сəйкес келеді. Үш жүздің қалыптасуы туралы 
деректер шежірелерде əрдайым үйсін, арғын жəне алшын сияқты үш 
түрлі негізгі ру атымен байланысты. 
Қазақтың дəстүрлі отбасы жəне туыстық, рулар тарихы арқылы есте 
сақталған  аяулы  аналар  туралы  мəліметті  шежіредегі  деректерден 
табамыз.  Тарих  жасаудағы  ана  болмысы  туралы  айтатын  қазақ 
мақалдары да көп. Шежіреде əйел заты қазақ руларын бірлестіруде, 
ұлтты  құрауда  консолидациялық  қызмет  атқарғаны  айтылады. 

142
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қазақтағы  құдандаластық  қарға  тамырлы  жүйе  жасау  арқылы  ру 
одақтарын өзара жақындастырып тұтас ұйыстырған, хандық құруға 
консолидациялық ролі болған. 
Қазақ  шежіресінде  қыз  балалардың,  əйел  адамдардың  атын 
атап  қою,  қыз  есімі  дəстүрінің  бастаулары  турасынде  ешнəрсе 
айтылмайды.  Бұл  турасында  əйгілі  этнограф  Х.А.  Арғынбаев 
«солай  болғанмен  де  қыз  балаға  ат  қою  қиын  болмаған,  оны  əке-
шешесінің  өзі  де  қоя  салған.  Қазақтың  қыздарға  қоятын  аттары 
ер  балаларға  қоятын  аттарға  қарағанда  əлдеқайда  нəзік,  əдемі, 
айтуға  жеңіл,  сыпайы  болады.  Кейбір  халықтарда  шығу  тегін  тек 
ата  тегі  туралы  айтса,  басқа  халықтарда  ата  жəне  ана  тегі  туралы 
түсінікті қатар дамытып, енді бір халықтарда тек аналық тегі туралы 
айтуды қажет деп білген. Адам баласы Адам ата мен Һауа анадан 
жаратылды деп, мұсылманда ата текті өрбітуді баса айту жағымен 
байқалады. Ысрайыл ұрпақтары өз тектерін аналық насабнамасына 
баса  назар  аударумен  қатар,  өздерінің  туыстық  жəне  ұлттық 
белгілерін  сол  сипатына  орай  белгілеуді  дəстүр  етеді.  Байқасақ, 
расында қарақалпақта Ақшолпан ана есімі ұранға айналған, Бердах 
шежіресінде айтылады [13]. 
Қазақ халқы туыстық ретін үш жұрт деп белгілей отырып, өзінің 
тікелей туыстары ретінде əке жағынан бірге туғандарды, одан кейін 
ана  жағынан  туыс  нағашы  жұртын  жəне  неке  жағдайына  орай 
қалыптасқан қайын жұртын атап реттейді. Туыстық қатынастардың 
осы  ретіне  орай  əлеуметтік  тұрғыдағы  алыс-жақындығы  туралы 
халық  даналығы:  «Жігіттің  үш  жұрты  бар:  өз  жұрты  –  күншіл, 
нағашы жұрты – сыншыл, қайын жұрты – міншіл» – деп бағалайды. 
Шежіреде  түрік-моңғол  халықтарының  арғы  атасы,  арғы  анасы 
туралы ұғымдар кең таралған. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның 
арғы  анасы  Алан  һуа,  түрік  шежіресінде  Ақ  Шолпан  есімі  əйгілі. 
Л.С. Толстова деген зерттеуші қарақалпақтың шежірелік аңыздары 
туралы былай жазады: «ескі аңыздар бойынша мүйтен деген халық 
өз  кезінде  саны  көп  ықпалды  қауым  болған,    мемлекет  құрғаны 
айтылады.  Бір  заманда  бір  ел  тарапынан  қысым  көріп,  қырғынға 
ұшыраған деседі. Сонда олардың үрім-бұтағынан қалған егіз баланы 
сақтап қалған  Ақ Шолпан есімді ана болған. Бұл халықтың шығу 
тегі туралы айтылған матриархаттық үлгідегі бір нұсқа сөз» [14]. 
Қазақ  шежіресінде  «Әнестен  –  Жабал.  Жабалдан  –  Ақшолпан, 
Барабар (оңтүстік жақта). Ақшолпаннан – Тəрəнжі, Бұлыш, Қораз» 
–  деп,  бірде  түрік-моңғол,  бірде  түркмен,  қарақалпақ  руларының 

143
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
арғы  анасы  (немесе  атасы)  ретінде  көрсетіледі  [15].  Осыған 
ұқсас  жағдайлар  кейінгі  уақытта  шежірелік  мəліметтен  көрініс 
тауып, кейбір қазақ руларының аты ана есімімен, немесе ана есімі 
ұранға айналғаны да болған. Мысалы, Орта жүз арғынның бес ата 
балаларынан Қаракесек табы арғы анасы Қарқабаттың есімін ұранға 
айналдырған. Туыстық қатынастарды анықтауда ана тегі ең нақты 
əрі  шынайы  болып  келеді.  Осыған  орай  ерте  дəуір  қоғамдарында 
біршама  əлеуметтік-құқтық  қатынастары  қалыптасқан.  Қытай 
жылнамалары түріктер тарихын баяндауда əуелі ана тегі жағынан 
сөйлейді  ...  қағанның  жұбайы  катун/қатын  аталған.  Катун  сөзінің 
шығуы белгісіз – деп, зерттеуші К.У. Торланбаева жазады [16]. Біздің 
түсінуімізше катун/қатын сөзі құт ≈ құтын ұғымынан шығып, ошақ 
құты, үй құты деген мағынаны білдірген, жəне қатын қатынас орнату, 
қатынасу деген əлеуметтік байланыс мағынасында айтылады.
Шəкəрім шежіресінде мынадай түрік рəсімі туралы мəлімет бар: 
«Түрік халқы парсы жұртындай жеке руымен жүрген халық емес, 
бірталайы əр рудан қосылып ел болып, маңайындағы елдерді шауып 
алып, егерде жеңілсе, өзге жаққа ауып кетіп, жəне бір елді шауып 
əр рудан қосылып əр түрлі атпен аталған. Нəсілі бір болмаса да, екі 
түрік ағайын болғысы келсе, бір жерін қанатып, қандарын сүтке, яки 
қымызға қосып, бөліп ішеді де, қаны қосылған. Қарындас болдың 
деседі. Оны анда дейді. Біздің қазақтың құда-анда дегендегі андасы 
осы сөз». Ия, қазақ əлі күнге дейін «құда-андалы едік» дейді [17]. 
Тарихтағы қазақ əйелінің көрінісі, оның дəстүрлі қоғамдағы орны, қыз 
затына байланысты мəліметтерді бұрынғы зерттеушілердің еңбектерінен 
табамыз.  Бұл  мəселені  зерттеген  авторлар  Ресей  империясының 
отарланған  өлкелерде  орыс  заңдарын  енгізу  мүддесінен  шыққаны 
белгілі. Сондықтан əлеуметтік өмірдегі дəстүрлі құқтық қатынастардың 
ыңғайын анықтаумен болған [18]. Мəшһүр Жүсіп сынды шежірешінің 
өзі  елге  елеусіз,  халыққа  қайырым-шапағаты  тимеген,  санда  бар, 
санатта жоқтарды шежірелік жазбаға қоса бермеген. Ондайда ол кісі 
«бұлардың өзі иттен де көп, бəрін жаза беруге өзім қарт, қағаз болса 
қат» немесе «Оның арғы жері кімнен туып, қалай өсіп-өнгендігінде 
нем бар» – деп шектей салады. 
Құлболды бабаның бəйбішесі туралы Мəшһүр Жүсіп: «Құлболды: 
Өзге малды қанша алса да беремін деп / Беруге сол бураны болған 
қырын  –  деп  бергісі  қалыңмалға  қасиетті  бурасын  бергісі  келмей, 
қырын тұрғанда қайын атасы да «Қалыңмалға бермесе сол бураны 
/  Қызымды  бермеймін  деп  қасарысқанда  /    Құлболды  Мақпал 

144
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
атты бəйбішесі /  Кемеңгер адам екен ақыл иесі / Бураны беріп сол 
қызды алыңыз» деп /  Болыпты бəйбішесі зор кеңесті – деп Мəшһүр 
Жүсіп əйел даналығын шежіресіне қосады. Сол секілді төркін тегі 
Бəсентиін  ақылды  намысқой  əйелді  ұзақ  толғау  еткендігі,  ол  əйел 
перзент көтермеген соң Бұхара Шəріпке кетіп, перзент тілеп, ақыры 
содан  туған  ұлдардан  əулие  қасиетті  тұлғалар  болғандығын  əдемі 
жырлаған толғауы бар. 
Енді  бір  шежірелік  деректе  осыған  ұқсас  оқиғалар  былайша 
баяндалады:  «Шаштаннан  Сары  батыр  болады.  Ол  «бағаналы» 
ұранын шақырып, орда тігіп, он екі əйел алып, халыққа қорған болып 
жүргенде, бір күні жылқысын жау алады. Батыр Орта жүзді жинап сол 
жауға аттанады. Бұл жау баяғы Қытайға ауып кеткен өр найманның 
қаракерейіндегі  Ақша  хан  деген  ханның  жортуылшылары  екен. 
Қарауылшы  жауды  көріп,  хан  өз  қызын  отау  тігіп  тастап  ұрыссыз 
көшіп кетеді. Ол уақытта отау тігіп қыз тастаса, жауды енді қумайды 
екен, жəне де шаппайды екен. Отауды көргесін қызды Сарыаталық 
алады.  Бұл  қыздың  аты  Аққыз  екен,  Ақша  ханның  өз  қызы  екен. 
Халқын қорғау үшін өз қызын тастаған екен» [19]. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  тарихы  қоғамдағы  саяси  өмір  мен 
əлеуметтік    тұрмыс  жайын  толық  қамтып,  батырлар,  билер,  ел 
ақасақалдары мен қатар халық шежірелерінее аты əйгілі, айтулы əйел 
заты жайында – ел аналары мен ханымдар, тілге шешен ақындары 
туралы  айытып  отыруы,  олардың  есімі  мектеп  оқулықтарында  да 
жақсы  үлгі  мен  игі  өнеге  тəрбие  мақсаты  үшін  орын  алуы  заңды 
құбылыс болып табылады.
Əдебиеттер:
1.  Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы, 1996.
2.  Досымбаева  А.  Түркілік  тарихи-мəдени  кешендер  //  Қазақ 
тарихы. – 2004. – № 2. Б. 47-53., 53 б.
3.  Әбусейітова М. Түркі жəне парсы деректемелері // Қазақ тарихы. 
– 1995. – № 2. – 22-27 бб.
4.  Мəшһүр Жүсіп жазған «Қазақ шежіресі» еңбегінде.
5.  ҚР  БҒМ  ӘӨИ  ТҚБ,  680  бума.  3-4  дəптер.  Қазақтың  қысқаша 
шежіресі. – 1936.– 34 б.
6.  Меллетхан Әленұлы. Абақ жəне төре шежіресі.
7.  Шежірелік мəтіндерден

145
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
8.  Суан Қареке биден шежіре. Бума № 1289 – ҚР ҚҒА ОҒК, Бума 
№  1289.  Дəптер  №3  –  Шежире.  Жинаушы  Диваев  А.  1941  год. 
Арабша. – 3 б.
9.  Шынай Р. Ата-баба тарихы. Шежіре.– Баян-Өлке, 1991.– 6-7 бб.
10. ҚР БҒМ ОҒК, Бума 901 Мағзұм Ахметов. 33. Тарихи əңгіме.
11. ҚР БҒМ ОҒК, Бума 901 Мағзұм Ахметов. 33. Тарихи əңгіме.
12. Шежіре  тарқатқан  А.Әділханұлы  қажы  əңгімесінен  – 
М.А.Нурмухамедов М.К.Бердах – великий поэт каракалпакского 
народа. – Ташкент: Фан, 1977. – 32 б.; Х.Хамидов. Ески қарақалпақ 
тилиниң жазба естеликтери. – Нөкіс: Қарақалпақстан, 1985. – 224 
б., 30 б.
13. Толстова  Л.С.  Исторические  предания  южного  Приаралья: 
К  истории  ранних  этнокультурных  связей  народов  Арало-
Каспийского региона / Л.С.Толстова. – Москва: Наука, 1984. – С. 
198 б.
14. Шежіре нұсқаларының қолжазбалары.
15. Торланбаева К.У. Катун и соправление (к вопросу о соправлении 
и  его  истоках)  /  «Историко-культурные  взаймосвязи    Ирана  и 
Дашт-и Кипчака ХІІІ- XVIII вв.» – 198-199 бб.
16. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі. – 
Алматы: «Ол-Жас Баспасы» ЖШС, 2004. – 80 б.
17. Қар.:  Женщина  в  кочевом  быту  //  Туркестанские  ведомости. 
–  1889.  15,  22  августа.  –  №№33,  34;  Физическое  и  умственное 
воспитание  у  киргиз  /  Түркістан  мұғалімдер  семинариясының 
Есмұхамед Букин деген оқушысының бірі жазған бұл мақаланы 
жариялаған Н.П. Остроумов // Туркестанские ведомости. – 1883. 
– 3 мая. – № 17.
18. Сəдуақас қария Алдабергенұлының шежіресі. ҚР ҚҒА ОҒК Бума 
№547 Шежире в изложении Орал карии. Жинаушы Болатов Мади. 
1971  год.  1  раздел.  Шежире  турк.  Список  Казанского  издание 
1906 года. 2 раздел. Информатор Орал қария. Араб жазуы. – 50 б.

146
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал