Хандықтың тойы халықтың тойы №41 (1276)



Pdf просмотр
бет1/10
Дата20.01.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

хандықтың тойы -

халықтың тойы

 №41 (1276)   7 қазан  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Мәңгілік ел. 

Нараду

Күн даласы – Ұлы Дала,

Бақан басына күн қада,

Алып күнің жарқ етсін,

Алып құсың шаңқ етсін!

Қазақ бол! 

Қазақ бол!

Қазақ бол!

 

Ақсарбасқа атан шал,

Қасқа айғырға таңба сал,

Әкең тақтан түспесін,

Ұлың аттан түспесін!

Қазақ бол!

Қазақ бол!

Қазақ бол!

 

Ақбоз үйді оттан тік,

Күн  шығатын  жақтан 

тік,

Шаңырағың тік болсын,

Босағаңа құт толсын!

Қазақ бол!

Қазақ бол!

Қазақ бол!

 

Мәңгілік бақ мекен бол,

Мұратыңа бекем бол,

Ұлы елің өрлесін,

Ұлы күнің сөнбесін,

Қазақ бол!

Қазақ бол!

Қазақ бол!

Ерлан Жүніс,

ақын

Тарихымызды әлемге таныт-

 

„



Қалайыдан құйылған «қазақ 

батырлары».                                                                                                                



Талабы  таудай өрендер

 

„



Халықаралық көрмеге жас 

ғалымдардың  жобалары  ұсынылмақ.



      10-бет.

Керуен көне Таразға келді

 

„



 «Төрткүл» керуен сарайы» тарихи 

кешенінде «Шай үйі» ашылады. 



      5-бет.

      11- бет.

СаяСат

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1276), 7 Қазан 2015 Жыл  //



Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  

БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясындағы 

с ө й л е г е н   с ө з і   м е м л е ке т т е р д і 

дүниежүзілік  саясатқа  жаңа  сапада 

қатысып, әлемді бейбітшілікке негіз-

делген жаңаша сипатта құруға үндеді. 

Біз Президенттің сөзін ұйып тыңдап, 

саясаткердің ұстанымдарымен әлем на-

зарына ұсынылған ұтымды пікірлерді 

қолдадық.  Елбасының  бастамасымен 

елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер 

лидерлерінің съезі тұрақты түрде өткізіліп 

келеді. Енді, міне, бірер жылда Астанада 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі 

ашылмақ. Бұл көрме Қазақстанды тағы 

да бір қырынан әлем назарына танытады.

Қазақстандағы  қалыптасқан 

тұрақтылық, ұдайы даму қазақ халқымен 

бірге түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті, 

ынтымақты  жағдайда  өмір  сүріп 

жатқанының  жарқын  көрінісі  екені 

даусыз.  Ел  бірлігін  сақтаудағы  мол 

тәжірибеміз  Ұлт  Көшбасшысының 

жүргізген саясатының арқасында бізді 

алға жетелей бермек. Осындай бірлігі 

жарасқан  еліміз  2017-2018  жылдары 

БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің  тұрақты 

емес  мүшелігіне  өтуге  ниет  білдіріп 

отыр. Біздің бұл жетістіктеріміз Пре-

зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-

Йоркте, яғни БҰҰ мінберінде тұрып, 

жаһандық түйіткілдерді шешуге қатысты 

кең  ауқымды  ұсыныстарын  батыл 

түрде жеткізуге мүмкіндік берді. Қазақ 

елі  осындай  жетістіктерге  қуанады. 

Бүгінгідей жаһандану кезеңіндегі адам-

зат өміріне экономикалық, саяси және 

әскери, мәдени, ақпараттық және басқа 

да  салаларға  қатысты  халықаралық 

ұйымдар  бел-сене  араласып  отыр. 

Жаһандану адамзат қоғамының барлық 

саласына дендеп барады. Елбасы осын-

дай кезеңде дүниежүзінде адамзат өзін 

қауіпсіз сезінуі үшін нақты қадамдар 

жасалуы қажет екенін алға тартты.

Президенттің  экономикалық 

дағдарыстарға,  халықаралық  валюта 

болашаққа 

деген сенімді 

нығайтты


Қазіргі таңда күллі дүние жүзі ал-

дында тұрған өзекті мәселе һәм үлкен 

сауал – адамзатты аман сақтап қалу. 

Түйіні  көп  түйіткілді  тақырыпқа 

яки  қай  кезеңде  де  өзектілігін 

жоғалтпаған  маңызды  мәселеге 

жауап  табу  үшін  әлем  елдерінің 

170-тен астам президенті Нью-Йорк 

қаласына  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы 

Бас Ассамблеясының 70-сессиясына 

жиналды. Мерейтойлық жиынға Ел-

басы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, 

баяндама жасады. 

Бұл  жылғы  сессияның  мәні 

өзгерек.  Біріншіден,  мерейтойлық 

сессия  болса,  екіншіден,  адамзат 

тағы  бір  дағдарыстың  алдында 

тұрған  шақта  шақырылған  сессия. 

Жиын  барысында  күн  тәртібінде 

тұрған  Сирия,  Украина  түйіткілі 

мен босқындар мәселесі, сондай-ақ 

терроризммен  күрес  жайы  басты 

назарға алынды.

Қазақстан  Президентінің  БҰҰ 

Бас  Ассамблеясының  мінберінде 

айтқан ұсынысы БҰҰ-ның жұмысын 

жаңа  сипатта  ұйымдастыруға 

шақырып қана қоймай, бейбітшілікті 

қалайтын  әлем  халқының  үмітін 

оятып,  болашаққа  деген  сенімін 

нығайтты.  Осы  орайда  Нұрсұлтан 

Назарбаев  әлемдік  экономика-

ны  сауықтыруда,  бейбітшілікті 

орнықтыруда,  адамзаттың  басқа  да 

түйіткілді мәселелерін шешуде БҰҰ-

ның белсенділігін, құзыретін артты-

руды, жаңаша сипатта жұмыс істеуін 

қамтамасыз етуді жөн санайды.

Мемлекет басшысы ХXI ғасырда 

адамзаттың ең басты міндеті әлемді 

соғыс  қатерінен  мүлде  арылта-

тын  және  оның  себептерін  жоя-

тын  стратегияны  жүзеге  асыруға 

тиіс  екеніне  назар  аударды.  Сол 

үшін Қазақстан Президенті Біріккен 

Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына 

«Жаһандық  Стратегиялық  Баста-

Әлем 


назарындағы 

жиын


ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы 

Бас ассамблеясының мерейтойлық 

сессиясында  сөйлеген  сөзінде 

жалпы  әлемдік  қоғамдастыққа 

ортақ  мәселелерді  көтеріп,  әлем 

елдері бірігіп жүзеге асыруы тиісті 

ғаламдық    ұсыныстарды  ортаға 

салды.  Елбасы  ұсынған  сондай 

ірі  ұсыныстардың  бірі  де  бірегейі 

–  БҰҰ-ның  ядролық  қарудан  азат 

әлемге  қол  жеткізу  жөніндегі 

Жалпыға  ортақ  декларациясын 

қабылдап,  жаһандық  антиядролық 

қозғалыс құру.

Ең  алдымен,  ҚР  Президенті 

ХХІ ғасырда ядросыз қарудан азат 

әлемге  қол  жеткізу  мақсатында 

жаңа тұжырымдама жасап, осыған 

орай  Жалпыға  ортақ  жаһандық 

декларация  қабылдап,  жаһандық 

антиядролық  қозғалыс  құру 

қажеттігін  мәлімдеді.  Расында, 

өткенді  еске  алсақ,  Қазақстан 

дүниежүзі елдері арасында ең алғаш 

ядролық қарудан азат елге айналып, 

Семей  ядролық  жарылыс  алаңын 

мәңгілікке  жойды.  Сөйтіп,  әлемде 

бірінші болып ядролық қарудан бас 

тартты. Осыдан тура үш жыл бұрын 

Венада  жиырмадан  астам  елдің 

басшылары бас қосқан алқалы жи-

ында Бейбітшіліктің алтын белгісі 

өзге  мемлекетке  емес,  әлемдегі 

бейбітшілік  сүйгіш  ел  ретінде 

Қазақстанға берілген болатын. Оң 

шешімнің нәтижесінде, сан жылдар 

бойы  ядролық  жарылыстардың 

зардабын шеккен өңір тұрғындары 

қайғы-мұңсыз,  бейбіт  өмір  сүре 

бастады. 

Жапонияның  Хиросима  мен 

Нагасаки  қалаларының  ядролық 

бомбаның  зардабын  жылдар  бойы 

шегіп келгенін жергілікті тұрғындар 

ғана  емес,  әлем  халықтары  әлі 

күнге  ұмыта  қойған  жоқ.  Сондай-

ақ,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Халықаралық  терроризмге  қарсы 

күрестің дүниежүзілік желісін құру 

қажеттігін  мәлімдеді.  Бүгінде  бұл 

бастамаларға  әлемнің  жетекші 

мемлекеттері  назар  аударып 

отыр.  Президентіміздің  әлемнің 

басты  мінберінде  сөйлеген  сөзі 

Қазақстан үшін аса зор стратегиялық 

маңызға  ие  болмақ.  Бұл  баста-

малар  қазіргі  құбылмалы  әлемде 

еліміздің  ұстанымдарын  әрі  қарай 

нығайта  түседі.  Қазақстанның 

халықаралық  беделін  арттырып, 

қоғамда тұрақтылық пен келісімнің 

нығаюына  өз  үлесін  қосатыны 

сөзсіз. 


Елбасы  ұсынған  «Жаһандық 

Стратегиялық  Бастама  –  2045» 

жоспары  Астана  экономикалық 

форумында да талқыланды. Әлемде 

мемлекеттерге  қатер  төндіріп, 

миграцияның  белең  алуына  се-

беп  болар  терроризмнің  алдын 

алу, қаржылық дағдарыс, кедейлік, 

жұмыссыздық  және  қараңғылық 

мәселелері  –  барлығы  ғаламдық 

деңгейде  талқыланатын  жай.  Бұл 

мақсатта  ҚР  ПРезиденті  ұтымды 

ұсыныстар айтып, пайымды пікірін 

жеткізді.  Ғаламды  толғандырған 

қауіпсіздік  мәселесі,  оның  ал-

дын  алудағы  алғышартты  негізгі 

жұмыстардың  бірізділігі  БҰҰ  Бас 

ассамблеясының  мінберінде  ай-

тылды. 

Келешекте  әр  мемлекеттің  да-



муына, экономикалық және сыртқы 

саясатындағы  ұстанымдарына 

к е р е к   ұ т ы м д ы   д ү н и е л е р 

айтылған  Бас  Ассамблеяның 

сессиясындағы  Елбасының  сөзі 

біздің де жұмысымызды ширатып, 

халықаралық  деңгейде  Қазақстан 

құзырлы  сала  қызметкерлерінің 

беделін асыратынына сенімдімін.

Науат ҚАЛЫМБЕТОВ, 

Облыстық ІІД, Экстремизмге 

қарсы күрес басқармасының 

бастығы, полиция подполковнигі

Ұтымды 


ұстаным, 

пайымды 


пікір

жүйесіне  қатысты  айтқандарына  да 

келіспеске  болмайды.  Осыған  бай-

ланысты  Нұрсұлтан  Назарбаевтың: 

«Жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі 

кезде  заңдылық,  демократиялылық, 

б ә с е ке л е с т і к ,   т и і м д і л і к   ж ә н е 

халықаралық бақылау ұстанымдарына 

сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің 

резервтік валюталары айналымын рет-

теуден бастау қажет. ХХI ғасырда әлемге 

сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары 

керек. Жаһандық орнықты даму мен өсіп-

өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне 

сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта 

әзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар 

Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін 

біріктіру қажет» деген сөзі көңілге қонып, 

бүгінгідей дағдарыс кезінде тұралаған 

мемлекеттерге демеу болмақ. Сондай-ақ, 

Президенттің «Халықаралық құқықтың 

қадірінің азаюы мен жаһандық инсти-

туттар рөлінің әлсіреуі қауіпті сын-қатер 

болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының 

Жарғысы дүниежүзілік соғыстар мен 

әскери қақтығыстардың миллиондаған 

құрбандарының қанымен жазылғанын 

ұмытпау маңызды. Оның баптарының, 

әсіресе, мемлекеттердің егемендігі мен 

аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету 

жөніндегі  баптарының  қандай  да  бір 

бұзылуы адамзатты өткеннің қасіретті 

қателігін қайталауға ұрындырады. Санк-

цияларды Біріккен Ұлттар Ұйымының 

Жарғысы мен халықаралық құқық нормала-

рына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап, 

олардың өз бетімен қолданылуын болдыр-

мау қажет. Миллиондаған адамдардың 

игілігіне әсер ететін халықаралық санкци-

ялар қолдану құқығы Қауіпсіздік Кеңесінің 

ерекше құзырында болуға тиіс деп сенемін. 

Бұл қағидаттарды сақтамау қазіргі әлемдік 

тәртіптің негіздерін ыдыратады, «қырғи-

қабақ соғыстың» сарқыншағына айна-

лады» деген сөзі әлем саясаткерлерінің 

халықаралық  құқықтардың  сақталуы 

саясатындағы пікірлерінен де басым түсіп 

отыр.


Қазақстан  Президентінің  Нью-

Йорктегі сөйлеген сөзі әлем жұртшылығына 

ой  салды.  БҰҰ-ның  мақсат-міндетін 

тағы  бір  пысықтау  керектігін  айтқан 

Елбасының орнықты ұсыныс-пікірлері әлі 

талай талқылауларға арқау болады деген 

сенімдемін.

Балабек НАРБАЕВ,

Тараз қалалық мәслихатының 

хатшысы

ма  –  2045»  жоспарын  әзірлеуді 

ұсынды.  Сонымен  қатар  Біріккен 

Ұ л т т а р   Ұ й ы м ы н ы ң   я д р ол ы қ 

қарудан  азат  әлемге  қол  жеткізу 

туралы  Жалпыға  ортақ  деклараци-

ясын  қабылдау  жөнінде  бастама 

жасалды.  Сондай-ақ  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  халықаралық  құқық 

қағидаттарын  жаһандық  саясаттың 

барлық  қатысушылары  сақтауы 

маңызды екенін атап көрсетті. 2016 

жылы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

халықаралық  құқықтың  арқаулық 

қағидаттарын  бекітуге  арналған 

жоғары  деңгейдегі  халықаралық 

конференциясын  шақыру  идеясын 

жариялады.  Соңында  Елбасы  тер-

роризмге және экстремизмге қарсы 

іс-қимыл  жасау,  жасыл  техноло-

гияларды  дамыту,  сондай-ақ  БҰҰ 

штаб-пәтерін Азияға көшіру, әлемдік 

валюта мәселелеріне тоқталды. 

Қ а з а қ с т а н   П р е з и д е н т і н і ң 

Б Ұ Ұ     Б а с   Ас с а м бл е я с ы н ы ң 

70-сессиясындағы  пікірталаста 

сөйлеген сөзі үлкен тарихи сипатқа 

ие болғанын айта кету керек. Бұлай 

деп  отырғанымыз,  Елбасы  әлемдік 

ауқымдағы  мәселелерді  шешуде 

сындарлылығымен  ерекшеленді. 

Бұған қоса, 2015 жылдың 28 қыркүйегі 

тәуелсіз  Қазақстанның  шежіресіне 

мемлекеттік тіліміздің, ана тіліміздің 

әлемнің ең биік мінбесіне – Біріккен 

Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 

төріне  көтерілген  күні  ретінде 

енетін болады. Нұрсұлтан Назарбаев 

БҰҰ-ның  бас  мінбесінен  өз  сөзін 

қазақ тілінде сөйледі. Бұл оқиғаның 

тіліміздің мәртебесі үшін мәні ерекше 

екені ақиқат. Осылайша Елбасы барша 

әлем  жұрты  алдында  қазақ  тілінің 

тұғырын биіктетті, мәртебесін өсірді, 

мерейін тасытты.

Бүкіл адамзат тағдырына әсер ете 

алатындай  жаһандық  ұсыныстарды 

дүниенің бас мінберінен батыл айта 

алған Елбасының көрегендігіне бүкіл 

әлем  жұртшылығының  сүйсінгеніне 

еш дау жоқ. Нью-Йорк сапары осы-

нысымен де құнды. 



Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институтының 

ректоры, тарих ғылымдарының 

докторы, профессор, ҚР ҰҒА 

корреспондент-мүшесі

Болашаққа батыл көз салып, 

Біріккен Ұлттар Ұйымына 100 

жыл толатын кездегі әлемнің 

қандай болатынын көре білуіміз 

керек. Мен Жер бетіндегі өркениет 

таяудағы отыз жылда соғыстар мен 

қақтығыстардың шиеленген  түйінін 

даналықпен тарқату үшін күш-

жігер таба алатынына сенімдімін. 

ХХІ ғасырда адамзаттың ең басты 

міндеті әлемді соғыс қатерінен 

мүлде арылтатын және оның 

себептерін жоятын стратегияны 

жүзеге асыру болуға тиіс. Сол үшін 

БҰҰ-ның жүз жылдығына «Жаһандық 

Стратегиялық Бастама - 2045» 

жоспарын әзірлеуді ұсынамын.

АҚШ, Нью-Йорк

КүллІ әлЕМгЕ 

оЙ САлғАН БАСТАМА

 

„

ҚР Президенті Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында 



сөйлеген сөзінде жалпы әлемдік қоғамдастыққа ортақ мәселелерді көтеріп, ғаламдық  

ұсыныстарды ортаға салды. Елбасының осынау ұсыныстары туралы тараздық 

жұртшылық та өз ойларын білдірді.

қала-қарбалаС

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1276), 7 Қазан 2015 Жыл  //



Арсен БАЙЗАҚ

Қазіргі  дайындық  құрылыс  жұмыстарына 

емес,  қонақтарды  күту  шараларына  ауысқан. 

Осы  атаулы  күнге  келген  қонақтарды  жоғары 

деңгейде  күтіп  алып,  шығарып  салу  да  үлкен 

міндет.  Жалпы,  Тараз  қаласындағы  Хандық                                                                       

тойына ел азаматтары ғана емес, шетелдік қонақтар 

да келуге ынта танытып отыр. Сондықтан облыс 

әкімі Кәрім Көкірекбаев «Қазақстан темір жолы» 

ҰК» АҚ-ы Президенті Асқар Маминге арнайы 

хатпен шығып, болат жолдың қызметкерлерінен 

көмек сұраған еді. Ал, бүгінгі күні Жамбыл жол 

бөлімшесінің қызметкерлері өздеріне бөлінген об-

лыс орталығындағы Байзақ батыр көшесіндегі көп 

қабатты үйлердің қасбеттерін қалпына келтіріп, 

скверлерді абаттандырып қойды. Қазір күш Жам-

был вокзалының аумағын абаттандыруға салынуда.

-  Ұлттық компания тарапынан үлкен жұмыстар 

атқарылып отыр. Вокзал маңындағы Жамбыл жол 

бөлімшесі директорының вагоны тұратын тұйыққа 

қосымша 15 «кластық» вагондар тұрады. Оның 

11-і купелік вагондар, екеуі «СВ» санатындағы 

вагон. Және екі вагон «мейрамхана» қойылады.  

Биоәжетханалар  да  қойылады.  Жалпы,  Тараз 

қаласына келетін қонақтардың легі біз күткеннен 

де көп болуы мүмкін. 7 қазан күні Алматыдан №41 

пойызға Тараз қаласына дейін қосымша екі вагон 

және «Көкшетау-Қызылорда» №56 вагонға екі ва-

гон жалғанады. Таразға шақырылған қонақтардың 

бірқатары осы вагондармен тасымалданады. Және 

10 қазан күні осы вагондар жоғарыдағы Астана, 

Алматы  бағытындағы  пойыздарға  жалғанып, 

қонақтарды  діттеген  жеріне  жеткізіп  салады. 

Той  өтетін  күндері  вагондар  тұрған  тұйықта 

кезекшіліктер ұйымдастырылады. Біз қонақтардың 

демалысын жақсы өткізулеріне атсалысатын бола-

мыз, - дейді Жамбыл жол бөлімшесінің директоры 

Дәулетбай Есімбеков.

Алдағы  қазан  айының  8-10  аралығында 

Тараз қаласында өтетін Қазақ хандығының  550  

жылдығына қонақтар көп келеді деп күтілуде. 

Осыған орай Хандық тойына келуші қонақтардың 

Тараз қаласына әуе қатынасы арқылы қатынау 

жиілігін  арттыру  және  ыңғайлылық  жасауда 

еліміздегі «SCAT» және «Air Astana» әуе компани-

ялары Астана мен Алматы қалаларынан Таразға 

ұшатын  ұшақтардың  уақыты  мен  арақатынас 

жиілігін төмендегіше бекітіп отыр. 8 қазан күні 

«Air Astana» компаниясы ұшақтары Астана-Тараз 

бағытында 19.10-да Астанадан Таразға ұшады. 

Қону уақыты - 21.10. Сондай-ақ, дәл осы күні Тараз-

Астана бағытында кері ұшу уақыты - 22.10.«SCAT» 

компаниясының ұшақтары 9 қазан күні Алматы-

Тараз бағытында Алматыдан таңғы 07.10-да ұшып, 

Таразға 08.00-де қонса, осы рейс кері кешкі 22.30-да 

ұшып, Алматыға 23.20-да қонады. Астана-Тараз 

бағытында Астанадан таңғы 07.15-те көтерілген 

ұшақ облыс орталығына 08.45-те қонады. Бұл рейс 

кешкілік Тараз-Астана бағытында 21.30-да көкке 

көтеріліп, Астанаға 23.00-де қонады. Әрине, бұл 

ұшақтардың ұшу-қону бағыты Хандық тойы кезінде 

ғана осындай кесте бойынша жүргізіледі.

Әуежай мен 

темір жол кестесі 

ыңғайланды

 

„

Той күндері Жамбыл 



вокзалында қосымша                       

15 «кластық» вагондар 

тұрады. 

Құрметті қала 

тұрғындары!

      Бауыржан Момышұлы атындағы атшабарда Қазақ 

хандығының 550 жылдығы мерейтойына арналған 

ат-спорт ойындары өткізіледі. Осыған орай, іс-шараға 

өткізілетін орынға жету үшін қаламыздың 5 жерінен: 

    -Жамбыл даңғылының бойындағы «Автобекет» 

аялдамасынан;

    - Сейфуллин көшесінің бойындағы «Лермонтов» 

аялдамасынан;

    - Байзақ батыр көшесінің бойындағы «Темір жол 

бекеті» аялдамасынан; 

    - Төле би даңғылының бойындағы «Былғары 

комбинаты» аялдамасынан; 

    -Абай даңғылының «Казфосфат» аялдамаларынан 

қоғамдық көліктер қатынайтын болады.

     Қоғамдық көліктер сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 

қатынайды. Жол ақысы - 55 теңге.

    Сонымен қатар, мереке күндері Тәуке хан және 

Сүлейменов көшелерімен жүретін № 17, 37,11,57,33  

автобус бағыттарының қозғалысы  өзгертіледі. Тәуке 

хан  көшесімен  қатынайтын  қоғамдық  көліктер 

Саңырақ батыр көшесі мен Б.Момышұлы көшесінің 

4-бұрылысы арқылы  «Атакент» базарына өтеді, ал 

Сүлейменов көшесімен қатынайтын қоғамдық көліктер 

Ленин, Желтоқсан көшелері арқылы қатынайтын 

болады.


Қала тұрғындарынан автобус бағыттарындағы 

өзгерістерге түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз.



 

„

облыс орталығында Президент жанындағы орталық коммуникациялық 



қызметінің көшпелі брифингі өтті.   

Ерман ӘБДИЕВ                                                                                    

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының 

төрінде  өткен  бұл  брифингте  Жамбыл  об-

лысы  әкімінің  орынбасары  Ерқанат  Манжуов 

Қазақ  хандығының  550  жылдығы          мерей-

тойына дайындық жұмыстары туралы кеңінен 

әңгімелеп, журналистердің сауалдарына жауап 

берді. Ел күткен мерейтойға санаулы ғана күн 

қалды.  Елордамыз  Астанадан  бастау  алған 

Қазақ хандығының 550 жылдық тойы 8-9 қазан 

күндері  Тараз  қаласында  жалғасады.  Қазақ 

хандығына  байланысты  жыл  бойы  облыста 

көптеген  іс-шаралар  ұйымдастырылып,  оның 

қатарында ғылыми конференциялар, акциялар, 

тарихи сабақтар сияқты 500-ден аса іс-шара өтіп, 

той  қарсаңында  8  автордың  кітаптары  басып 

шығарылды.

Әулиеата  жұртшылығы  дүбірлі  тойға 

дайындық шараларын жалғастыруда. Той сал-

танаты  кезінде  «Көне  Тараз»  тарихи-мәдени 

орталығы - Хандық тойына басты сый болмақ. 

Көне шаһардың, шежірелі өлкенің тарихынан 

сыр шертетін бұл саябақтың құрамына «Көне 

Тараз» мұражайы, Достық үйі, шолу мұнарасы 

мен «Мыңбұлақ» сквері кіреді. Нысанның жал-

пы аумағы 9,4 гектарды құрайды. Мерейтойға 

Үкімет қорынан 2,9 миллиард теңге бөлініп, бұл 

қаржылар «Қазақ хандығы» монументі, «Көне 

Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Достық үйінің 

құрылыстарына және облыстық драма театрының 

күрделі  жөндеуіне  жұмсалды.  Сондай-ақ, 

тарихы  тереңнен  басталатын  халқымыздың 

өткенін  ұмытпай,  бүгінін  бағалайтын  бұл 

тойдың маңызды іс-шараларының бірі – белгілі 

драматург  Қ.  Ысқақтың  «Қазақтар»  және 

Ж.Ерғалиевтің  «Қилы  жол»  атты  драмалық 

қойылымдарының сахналануы. 

Еліміздегі  бірліктің,  ынтымақтың  және 

тарихи  сабақтастықтың  көрінісі  болғалы 

отырған  Қазақ  хандығының  550  жылдығы 

көпұлтты  мемлекетімізде  тұратын  барша 

қазақстандықтардың, барлық ұлттардың ортақ 

мерекесіне айналатыны сөзсіз. Бұл той - бүкіл 

елімізге ортақ той. Еліміздің 14 облысы көмекке 

келіп,  көне  қаланың  той  өтетін  жерлерін                                                    

абаттандыру,  жаңарту,  көркейту  жұмыстарын 

жүргізуді міндеттеріне алғалы бері қаламыз күн 

санап  құлпырып  келеді.  «Атшабар»  ипподро-

мында  2000  адамға  шақталған  нысанда  поло 

ойын алаңы салынды. Сондай-ақ той күндері 

қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық 

турнирі, ақындар айтысы өтеді. Республикадан, 

шетелден  келетін  қонақтарды  қабылдайтын 

«Әулие-ата»  әуежайының  терминалының 

құрылысы аяқталуға жақын. 

-    Хандық  тойының  аясында  атқарылған 

барлық іс-шаралардың маңызы да, мәні де тереңде. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

терең саяси шешiмi арқасында бүкiл ел болып 

атап өтiп жатқан мерейтой халықтың ұлттық-

тарихи санасын тереңдетуге және қазақстандық 

патриотизмдi  күшейтуге  кең  жол  ашады  деп 

ойлаймын. Осыны  жастардың ұққаны дұрыс. 

Ал, мерейтой қарсаңында соғылған жаңа нысан-

дар халық игілігіне қызмет етері сөзсіз. Барша 

халықты мерекелік іс-шараларды тамашалауға 

шақырамыз, - дейді Жамбыл облысы әкімінің 

орынбасары Ерқанат Манжуов. 



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет