Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



жүктеу 8.29 Mb.

бет9/81
Дата12.01.2017
өлшемі8.29 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81

 

References 

 

Ensepbaev  T.,  Izart  A., Cathelineau  M.,  Joltaev  G.,  Vachard  D. &  Boulekbaev  Z.  1998. La  bordure  Est  du 

bassin  Précaspien  et  la  bassin  d’avant-pays  de  l’Oural  (Kazakhstan)  au  Carbonifère  et  Permien  inférieur,  in 

CRASQUIN-SOLEAU S., IZART A., VASLET D. & DE WEVER P. (eds), Peri-Tethys : stratigraphic correlations 

2, Geodiversitas 20 (4) : 687-700.  

Vandenbroucke  M.,  Behar  F.,  Rudkiewicz  J.L.  1999.  Kinetic  modelling  of  petroleum  formation  and 

cracking:  implications  from  the  high  pressure/high  temperature  Elgin  Field  (UK,  North  Sea),  in  Organic 

Geochemistry 30, p.1105-1125. 

 

 

ОҢТҮСТІК ТОРҒАЙ МҰНАЙГАЗДЫЛЫ КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ГЕОХИМИЯЛЫҚ 



ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Сармурзин А.Ермекбаева Г.Е. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

Арысқұм ойысында юра және бор түзілімдеріндегі  мұнайгаздылы  құрылымдар (Құмкөл, Арысқұм, 



Қоныс,  Бектас,  Дощан)    ашылған.  Жыланшық    ойысына    өтетін    жерінде  Майбұлақ    құрылымы  

орналасқан. Мұнда  ортаңғы  юра  түзілімдерінің  коллекторларында мұнай  мен  газдың  құрамы  мен  

физикалық    қасиеттерін  зерттеу    кезінде  олардың      талдауы  жеткіліксіз    болды,сондықтан  да 

келесідей параметрлер қолданылған: парафин, күкірт,шайыр мен  асфальтендер  мөлшері. Төменде осы 

құрылымның мұнайының  сипаттамасы келтірілген. 

Құмкөл кенорны бор коллкторларында  мұнай  мен  газ  алынады. Бор және юра мұнайы  құрамы  

бойынша  ұқсас,келесідей    сипаттамасы  бар:тығыздығы  -  812-819  кг/м

3

,күкірт  мөлшері  -0,11-0,52  %, 



парафин-10,8-11,52%, асфальтен 0,11-0,92%  және  шайыр 4,8-8,42%. 

Арысқұм  мұнай  және  газдыконденсатты  кенорны  төменгі    неоком  коллекторларында  тығыздығы 

854кг/м

3

,күірті  0,46%ға    дейін,парафині  9,7-27,1%,  асфальтен  мен  шайыр  мөлшері  16,65%  мұнайы    бар. 



Конденсат  тығыздығы  738-788кг/м

3

және  ондағы  күкірт  мөлшері  0,01-1,3%. 



 

48 


Қоныс мұнай және газды конденсатты кенорны екі коллекторлардан  тұрады:төменгі неокомда  және  

жоғарғы  юрада  біреу. Алынатын мұнай жеңіл,тығыздығы  830 кг/м

3

, күкірттің  аздаған  мөлшері  бар 



(0,16-0,19%) парафині  (12-15%) және  шайырлы (9,3-10,72%). 

Бектас  мұнай  мен  газкенорны  неокомдағы  коллекторлары    мұнайының  тығыздығы  865  кг/м

3



және күкірт аз мөлшері (0,42%) парафин мөлшері -15,9 %, шайыры - 10,78 % және асфальтендері  -0,38 %. 



Дощан    мұнай    кенорны      ортаңғы    және    төменгі    юрада    коллек-торларының  мұнайына    да  

ұқсас    физикалық-химиялық    сипаттама    тән:тығыздығы  804-814  кг/м

және  күкірттің    аз    мөлшері  



0,05-0,23%, парафині  8,19-15,6%,шайыры-2,25%. 

Майбұлақ  мұнай  кенорны  Жыланшық  ойысына  өтетін    белдемінде  орналасқан,ортаңғы  юрада 

мұнайдың    тығыздығы    791-816кг/м

3

,  күкірт  мөлшері  (0,495%),  парафин  9,81-12,89%,  шайыры  2,45-



4,1% және  асфальтендері  0,11-1,05%. 

Осы  параметрлердің  негізінде  келесідей  қорытынды  жасауға  болады: 

-Оңтүстік  Торғай  мұнайгаздылы  облысының  мұнайы  өте  жеңіл(тығыздығы 750кг/м

және 820 



кг/м

3

) және  жеңіл (тығыздығы 750 кг/м



және 820 кг/м

3

). 


-Аз күкіртті1/-тен  аз. 

-Парафинді,парафин  мөлшері  8,9-27,1%аралығында  өзгереді. 

-Шайырлар  және  асфальтендері2,56-16,68аралығында  кездеседі. 

Бұл  сипаттамалары    бойынша  мұнай  парафинді    және    парафинді-нафтенді    типіне 

жатқызылады.(Арысқұм).Мұнайдың 

аз 


тығыздығы 

генетикалық 

жағдайлрымен 

анықталған 

(органикалық  зат типі  және  оның  жетілу  деңгейі). 

Сілтемелерге    сүйенсек    мұнай    мен  газ    кенорындар    көмірсутек    ошағына    мүмкін    болған  

жағдайда    жақын"(көмірсутектер  генерация  орны  бар  белдем)орналасуы    керек,мұнай    түзуші 

таужыныстарды  зерттеу  осы  сілтемеге тәуелді  орындалады.Ал  мұнай  түзуші  таужыныс ошағын 

анықтау геологиялық, геофизикалық және  геохимиялық  мәліметтерді  интеграциясына  негізделген. 

Литологиялық  түрлері  мен  жасы  бойынша  құрастырылған  бұл  кестеден  көрсетілгендей  юраның  

саздар    мен    аргилиттер    мұнай    түзуші    тау    жыныстар  болып    табылады.Юра    түзілімдері    грабен-

синклиндердің    рифтілі    жүйе    кең    тараған.Бұлар  Оңтүстік    Торғай  ойпаңының    Арысқұм    және  

Жыланшық  ойыстарының  көлемінде  шашыранды  органикалық  зат  пен  көмірсутек  жаратылысы үшін  

қолайлы  жағдай  қалыптасқан. 

Жыланшық    ойысы    мен    Мыңбұлақ    седловинасы    үшін    мақсаты    осы    белдемдердің  

мұнайгаздылы  перспективтілігін  анықтау  болып  табылатын  геохимиялық  зерттеулер  орындалған: 

Геохимиялық  талдаулар  келесіден  тұрады: 

-карбонатсыз таужыныстардан  органикалық көмірсутектің  жалпы  мөлшерін  анықтау. 

-таужыныстың  органикалық  зат  мөлшерін  1,33  шартты    коэфициентке  органикалық  көміртегі 

мәнін  көбейту  арқылы    есептеу,бұл    көмірдің    эволюциялық    шкаласында    сәйкесінше    лигниб  

сатысында  жетілдіру  деңгейі  болып  табылады. 

-хлороформмен  ең  бірінші  кезекте(нейтралды  экстракт),ал  одан  соң  сынаманы  қышқылды  

өңдеу,спирт    бензолмен(қышқылды    экстракт)кезекті    алу  арқылы  тікелей    мұнайгаздылы  

көрсеткіштері    болып    табылатын    таужыныстар    битуминозды    сипаттамаларын    зерттеу  

жүргізіледі.Битумның  сингенетикалық  сипатын  анықтау  үшін  хлороформмен  алынған битуммен  

спирт-бензолмен  алынған  битум  аралығындағы  қатынасы  есептелінеді. 

Органикалық    заттың    үлкен    мөлшері    юра,  коньяк-сантон    құмтастары  үлгі  тастардың  көмір 

мөлшеріне  қарай  болады.Маастрихт  және  палеоген  түзілімдерінің  органикалық  материалдардың  

мәнінің  ұлғаюы  өсімдік  қалдықтарымен қаныққан  өзгеше  үлгітастарға  тән. 

Айта  кететін  жәйт,  маастрихт пен    үстінен    жамылған      тау    жыныстар    бұрын    көрсетілгендей  

битумоидтың  бірдей  мөлшері  бар. 

Апт-альб    түзілімдері    хлороформмен      алынған    мөлшері  0,204%    саздар    үшін    және    0,00214%   

құмтастар    үшін    ,спирт    бензолмен    алынған    битумоид    мөлшері    0,0305%    саздар    үшін    0,00435%  

құмтастар  үшін  мәндері  өзгереді. 

Неоком  тау  жыныстары    үшін    битумоидтың    мәні:хлороформмен    алынған  0,0003%  және 

0,0009% аралығында,спирт-бензолмен  алынған  0,0003 % және  0,0008 %аралығында  өзгереді. 

Юра түзілімдері  келесідей  сипатталады: 

-хлороформмен алынған битумоидтың жоғары  мөлшері -0,76%  саздарда  1,09%,алевролиттерде  

және0,88%  құмтастарда  кнездеседі. 

спирт-бензолмен  алынған  битумоидтың орташа  мөлшері - 0,025 % асздарда,0,018%-алевролиттерде 

және 0,02 % құмтастарда  кездеседі. 

Қорытындылай  келе  органикалық  зат пен  битумдар  мөлшері  бойынша  құрамында  тақтатас  

бар  юра  генерациялық  түзілімдер  негізді  деп саналады. 


 

49 


Арысқұм  ойысында: 

Талдау  жасалынған  юра  мен  бор  коллекторларынан алынған  өте  жеңіл, парафинді-нафтенді  

типті, аз  күкіртті  ІІ және ІІІ  кероген типтерінен  шығады. 

Органикалық    көміртегі    мәні    тек    юра    саздары    мен    аргилиттері  мұнай    мен    газ    түзуші  

таужыныстар  болады. 

Жыланшық  ойысы  мен Мыңбұлақ  седловинасында: 

-жоғары      альб,  жоғарғы    бор    және    палеоген    түзілімдері    хлороформ    мен    спирт-бензолмен 

алынатын  битумоидпен  сипатталады,мұнай  газдылы  түзуші  тау жыныстар  болып  табылмайды. 

-хлороформ    мен    спирт    бензолмен    алынатын    битумоидтардың    қатынасының    мәні  бірден  

аз,бұл  жоғарғы  бор  мен  палеоген  түзілімдері  осылайша  сингенетикалық  сипатта  айқындалады. 

Органикалық  зат  пен  битумоид  құрамы  бойынша  жпнғыш  тақтатастар  бор  юра  түзілімдері  

мұнай  түзуші  таужыныстар  болып  табылады. 

 

Әдебиет 

 

1.  Г.Ж.  Жолтаев,  Т.Х.  Парагульгов  «Геология  нефтегазоносных  областей  Казахстана»  Алматы 

1998г 

2.  Нургазиев  А.Н.,  Ибраимов  А.А.  Результаты  поисково-детальных  сейсморазведочных  работ 



МОГТ  в  центральной  части  Арыскумского  прогиба  Южно-Торгайской  впадины  за  1986-1998  г.г. 

Фонды ТГФЭ, 1988. 

3. Бувалкин А.К., Солдатова Н.С. Геохимия юрских нефтеносных пород Арыскумского прогиба 

Южно-Торгайской впадины изв. АН Каз.ССР, сер., геологическая, 1988, №1. 

4.  Жолтаев  Г.Ж.,  Парагульгов  Т.Х.,  Ажгалиев  Д.К.  Пространственно-временные  закономерности 

размещения месторож-дений нефти и газа в Южно-Торгайском бассейне. – Алматы.: ИИА «Айкос», 1998. 

5. Папин Н.М. Отчет о результатах сейсморазведочных работ на нефть и газ на Мынбулакской 

седловине Южно-Торгайской впадины за 1987-1989 г.г. ИГФЭ, Фонды ЮКНРЭ,1989г. 

 

 

ЫРҒЫЗ СИНКЛИНОРИІНДЕГІ КЕЙБІР ТЕМІР КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ  



ГЕОЛОГИЯСЫ МЕН БОЛАШАҒЫ 

 

Жексенбаев А.Ш.,  Жүнісов А.А. 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

Мұғалжардағы  Ырғыз  синклинориі  Бредин  –  Челябинск  синклинорий  құрылымына  кіреді. 

Белдем  батысында  Челябинск,  шығысында  Жетіқара  терең    жарылымдарымен  шектесіп  жатыр. 

Синклинорий 

құрамындағы 

темір 


кенорындары 

мен 


кенбілінімдері 

жоғарғы 


палеозой 

интрузияларымен  жанасқан  вулканогенді  –  шөгінді,    визе  –  серпухов  қатқабатымен  құрамында 

құмтастар,  мраморлы  әктастар,  туфты  құмайттастар,  қышқылды  және  негізгі  құрамды 

эффузифтермен және олардың туфтарымен тікелей байланысты. 

Өткен  ғасырдың  60–70  жылдары  Қ.И  Сәтбаев  атындағы  Қазақстан  геологиялық  ғылыми-зерттеу 

институты қызметкерлер тобы және Қазақстан  минералдар институты аймақта темірдің жаралу генезисі  

мен перспективасын анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.  

Жүргізілген  жұмыстардың  нәтижесінде  магнетит  кенорындарының    таралу  заңдылықтарын 

анықтауға және зерттелген кенорындардың  перспективасының өсуіне жаңа кенді денелер әктасты – 

скарндар  және  апоскарн  –  гидроқышқылды  генезистер  Ырғыз  синклинориінде  кездесетіндігі 

анықталды. 

Ырғыз  синклинориіндегі  пайдалы  қазбалардың  таралу    белдемі  меридиан  бағытта  350  км  ендік 

бағытта  50  –  60  км  созылып  орналасқа.  Оның  көпбөлігі  борпылдақ  қара  түсті  мезозой  –  кайнозой 

түзілімдерімен көмкерілген. Бұл белдем Мұғалжар аймағының  шеткі шығыс   бөлігінде  орналасқан. 

Геофизикалық  мәліметтер  бойынша    батыс  шекарасы    Шығыс  –  Мұғалжар  белдемі  терең 

жарылымдармен, ал шығыс шекарасы Оралмаңынан  өтеді.  Миялы белдемі  толықтай платформалы 

түзілімдер    астына  еніп  кеткен.  Негізінен    шешілмеген  күрделі  сұрақ      болып      синклинорий 

ойысымындағы таужыныстар қабаттардың жасы болып отыр. Осындай қиындықтардың тууы себебі 

олар  толықтай    таскөмірдің  вулканогенді  –  шөгінді  түзілімдерімен  көмкерілуімен  сипаталады. 

Негізінен Ырғыз белдемінде көп тараған пайдалы қазбалар қатарына   (темір, мыс, титан) жатады.     



 

50 


Мұғалжардың  геотектоникалық  даму  ерекшелігі  магматизмнің  сырғанауы  латериалді  түрде 

оңтүстікке  бағытталған.  Осыған  байланысты  Ырғыз  белдемінде  анық  таскөмір  магматизімі  байқалады, 

герцинді  және  эвгерцинді  белдемде  магматизм  дамымағанын  көруге  болады.    Атап  айтқанда    Ырғыз 

белдеміндегі  кендену  осы  таскөмірдің    магматизіміне  байланысты.  Жалпы  геосинклинал  ойысым 

вуканогенді – шөгінді формация болып келген.Таскөмірлі вулканизм контрасты – диференциялды серия 

риолит  –  базальтты  таужыныстар  формациялы  карбонатты  оксидтермен  жанасқан.  Комагматты 

вулканиттер интрузиялы габбро – гранитті және гранитті формациямен сипатталады. Ырғыз белдемінде  

темір, титан, никель, мыс, хризотилл – асбест және  полиметалдар  кенорындары мен  кенбілінімдері  бар. 

Темір  кенорындары  скарнды  –  магнетитті  формация  массивті  габбройдттар  және  таскөмірдің 

вулканогенді  –  шөгінді  таужыныстармен  жанасқан.  Бір  топқа  жиналған  кенорындар  мен  кенбілінімдер 

(Кобзарь,  Кузнецов  1968  ж)  келесідей  кенорындар  мен  кенбілінімдерді  жекелеуге  септігін  тигізді  олар:  

Қияқты,  Үшкөл,  Жомартмола  және  Ырғыз.  Геологиялық  және  геофизикалық  мәліметтер  бойынша 

Қияқты  мен  Үшкөл  кенорындары  темірдің  көп  қоры  осы  кенорындарда.  Мыс  кенорындары 

ұңғымалардан  керн  алу  арқылы  анықталған,  тек  төрт  кенбілінімі  (Қыналыкөл,  Қарақұм,  Бақсайыс  және 

Қарабұтақ) тыңғылықты зерттеу барысында анықталған. Ертеде қалыптасқан геологиялық құрылым мен 

тектоника  және  магматизмнің  болуы  үлкен  кенорындардың  жаралуына  кері  әсерін  тигізген.  Дегенмен 

жоғарыда  айтылғын  факторлар  мынадай  колчеданды  полиметалды,  мыс  порфиритті,  мыс  молибденді 

формациялар  перспективасының  өсуіне  септігін  тигізеді.  Ырғыз  кенорны    метасоматитті  бай  массивті 

магнетит  рудалары  жоғарғы  визе  –  серпухов,  карбонат  құрамды  вулканогенді  –  шөгінді  түзілімдер 

Қияқты қатқабатымен жанасқан. Қияқты жікқабатында Үшкөл кенорны  вулканогенді жолмен жаралған.  

Сондықтан  ең  ықтимал  рудабақылаушы  қатқабат  карбонатты  –  вулканогенді  таужыныстар  Қияқты 

жікқабатында  байқалады.  Аймақта  темір  кенденуінің  Қияқты  жікқабатында  вулканиттер  арасында  

анықталған сондықтан  бай руданы Қияқты жікқабатының төменгі қатқабаттарында болуы мүмкін деген 

болжам  бар.  Мұнда  жалғыз  кенденудің  литалогиялық  факторына  ғана  емес  сонымен  қатар 

стратиграфиялық ерекшелігі бар деп қарау қажет. 

Ырғыз    кенорны    құрамына  жоғарғы  палеозой  гранитойдтты  интрузиялар,  вулканогенді  – 

шөгінді  қатқабат  визе  –серпухов  құмтастары,  мраморлы  әктастар,  құмайттастар  мен  туфтар  негізді 

және    қышқылды  эффузиялар  мен  туфтар  кіреді.  Қатқабат  әртүрлі  блоктарға  бөлінген  

субмеридионалды  лықсыма  –  ығыспалы    бұзылыстар  байқалады.  Экзоконтакты    интрузиялы 

таужыныстар  өзгерістерге  ұшырап  роговиктер  пайда  болған  және  скарндар  басқада    метасоматиттер 

кездеседі. Скарнды рудалы белдем суббойлық  бағытта  2 км созылған, 500 м ендік  бағытта, жалпы 

ауданы  1,6  км

алып  жатыр.  Белдемнің  құлау  бағыты  солтүстікке  қарай  40  –  50



0

  бұрышпен  құлай 

орналасан.  Белдем  аумағында  бірнеше  линзалы  пішінді  кен  денелері    олардың  ұзындығы  ондаған 

метрден   400  м  дейін, қалыңдығы 15 – 45 м дейін жетеді. Анықталған руда тереңдігі  400 м.  

Жергілікті  кендену  тұтас  және  сеппелік  бастапқы  магнетитермен  және  қышқылды  мартит  рудалары 

кездеседі.  Кварц  андезит  порфиритті    кен  денелері  ұзындығы  300  м,  қалыңдығы  5  м  дейін,  кварц  – 

магнетитті  рудалар  құрамында  темір  20%  ды  құрайды.  Әктастар    қабат  қапталында  магнетитті  руда  мен 

халькопирит – сфалеритті руда 1–2 м қалыңдықта кездеседі. Біріншіретті темір рудасы (%): магнетит 30–35, 

гематит  2–3,  пирит      1–10,  пироксен,  кварц,  60–70.  Қышқылды  руда  қалыңдығы  20  м  дейін  жетеді  руда 

құрамында  мартит, магнетит, рудасыз таужыныстар және реликті сульфидттер кездеседі. Руда құрамында 

темірдің болуына байланысты олар үшке бөлінеді: бай (37–63,3%), орта  (27–37%), кедей    (20–27%). Ырғыз 

темір кенорны масштабы бойынша ұсақ кенорындар қатарына жатады. Жалпы қоры  60 млн.т 

Үшкөл  кенорын  алаңы  андезит  –  базальттар,  Қналыкөл  жікқабатының    ортаңғы  таскөмір 

диабазды  порфириттен  тұрады.  Олар  шығыс  бөлігінде  Ақкөл  гранитті  баталиттермен  жанасқан, 

батысында  Үшкөл  габброидтты  массивтермен,  белсенді  жапсарласты  березиттер,  пропилиттер  және 

аздап скарндер пайда болған. 

Кендену  скарнды,  жиі  –  жиі  гидросиликат  метасоматит,  вулканитті  жыртылма      пластарымен 

жанасқан.  Скарнды кендену белдемі  1500 м,  ені  100 – 200 м ал құлау бұрышы 35 – 45, зерттелген 

тереңдігі 250 м. Солтүстікте рудалы кен денесі тұтас бағана тәрізді, ал оңтүстігінде  кенді дене желі 

тәрізді төрт белдемге бөлінген.  

Рудалы массив сеппелі, сеппелі – жолақты, брекчиялы, магнетитті, жиі сульфидтті құрамды. Негізгі 

рудалы  минералдар:  магнетит,  пирит,  сирек  мушкетовит,  халькопирит.  Рудада  темірдің  болуына 

байланысты бай (50 %), орта (30 – 50 %) және  кедей (20 – 30 % )  руда болып бөлінеді. Рудада күкірттің 

мөлшері 3,5 %, мыс 0,2 – 2,5 %, фосфор 0,01 – 0,04 %.  

Сульфидтті руда денесі  қалыңдығы 9 м оның құрамында  пирит, халькопирит, пирротин кездеседі. 

Сирек  комплексті  түрде  пирит  –  халькопирит  –  магнетит  құрамында  темір  33,9  %,  мыс  0,01  –  2,9  %, 

күкірт 26,9 %, фосфор  0,02 %. Кенорын масштабы бойынша ұсақ кенорындар қатарына жатады. Темірдің 

пайыздық мөлшері 46,1 %  құрайды.    



 

51 


Әдебиет 

 

1.  Абдулин А.А. Геология Мугоджар. «Наука», Алматы, 1973 г. 

2.  Бекмухаметов 

А.Е. 


Закономерности 

размещения 

и 

систематизация 



магнетитовых 

месторождений Тургайского прогиба и Мугоджар. Известия АН СССР, серия геол., 1978, №9. 

 

 

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ 



 

Жұлдызбаев А., Өмірбеков А.Ә.,  

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ, Қазақстан Республикасы 

 

                                                                                   Ақыл ойдан жүк тиеп теңіздейін телегей, 



                                                                                      Желді күні желкенсіз жеке жүзген кемедей, 

                                                                                        Менменсіген Мәскеу, Парижді де тәкаппар 

Таңғалдырған кім еді, Қаныш аға, Сен емей?! 

                                                                                                            

 

Сәкен ИМАНАСОВ 



                                              

Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  қазақтан  шыққан  тұңғыш  тау-кен  инженер-геологы,  акедемик 

ғалым,  Ұлттық  Ғылым  Академиясының  тұңғыш  призиденті,  Қазақстан  геологтары  ғылыми 

мектебінің  және  отандық  металлогения  ғылымының  негізін  салушы,қоғам  қайраткері,  Лениндік 

сыйлықтың  лауреты.  Рухы  биік  ұлы  презент  өзгелерден  дараландырып  тұратын  қасиеттері-оның 

тамаша  ұйымдастырушылық  таланты  мен  өз  идеялары  төңірегіне  қыруар  пікірлестері  мен 

шәкірттерін  жұмылдыра  білген  ғажайп  қабілеті,геологиядан  тарих  пен  әдебиетке  дейінгі  ғылымның 

сан алуан салаларындағы және адамзат қызметінің аясындағы шын мәніндегі энциклопедиялық білімі 

болатын. Мұның бәрі де оның көзінің тірісінде-ақ бүкіл халқымыздың танып,құрметтеуіне лайық етті 

Қ.И.  Сәтбаевтың  мінез-құлқы  мен  өзі  өмірін  арналған  істің  дұрыстығына  деген  кәлім  сенімі 

көптеген  қиыншылықтарға  қарсы  күрес  үстінде  шынығып,беки  түсті.  Тіпті  сонау  50-жылдарда  ол 

саяси  айыптар  тағылып,  тоталитарлық  тәртіп  тарапынан  қудалауға  алынған  және  кемсітілген 

жылдарда былай деп жазды: 

“...Феодалдық  тәртіптерді  орнатушы  деп  маған  тағылған  айыптың  сандырақ  екендігін,менің 

ойымша,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  жұмысының  негізгі  көрсеткіштеріне  атүсті  жасалған 

талдаулардың  өзі-ақ  айқын  дәлелдеп  береді.Ол  көрсеткіштер  менің  академияда  орнатқан  бірден-бір 

тәртібім-қажетсіз  тақырыптарға  қарсы  күрес  жүргізу,  академияның  қызметің  практикалық 

талаптармен  тығыз  органикалық  байланыста  өрістету,ғылыми  зерттеулердегі  кешендік  элементтерді 

барған  сайын  күшейте  түсу,  ол  зерттеулердің  ірі-ірі  халық  шаруашылық  проблемаларын  шешуге 

байланысты  болып  табылатынын  да  айқын  дәлелдеп  береді’’.  Ғылымға  қойылатын  талап  туралы 

оның  айтқан  осы  пікірі  күні  бүгінге  дейін  өзінің  көкейтесті  маңыздылығын  жойған  жоқ.Өмірдің 

біздің алдымызға қойып отырған талартарының өлшемі, міне, осындай. Біздің даңқты отандасымыз, 

патриот Қ.И. Сәтбаев тап осындай талап өлшемдерін басшылыққа алып өмір сүрді және еңбек етті. 

Қаныштың  бір  үлкен  ерекшелігі-ол  химикпен  де,биологпен  де,физикпен  де,медикпен  де  және 

тарихшымен де,тілші-әдебиетшімен де өздерінің ғылым тілінде сөйлесе біледі.Мамандық тілдерімен 

үндесіп,ұғыса  біледі.Және  сол  әр  ғылымның  саласындағы  әрбір  кезеңде  пісіп  келген 

нақтылы,жауапты мәселелеріне қажет болған мәслихатын айтып,мықты басшы ете білді. 

Болашақ ұрпақ үшін бағасыз мол мұралар мен рухани қазынаның кілтін жасап берді. 

Солардың бірі, әрі бірегейі қазақ ғылымын әлемдік деңгейге көтерген инженер-геолог, академик-

ғалым,  Ұлттық  Академиямыздың  тұңғыш  президенті,  әрі  ұйымдастырушысы  болған  Қаныш 

Имантайұлы Сәтбаев. Біз зерттеу тақырыбымызға өзек қылып отырған сан қырлы талант иесінің бір 

қыры  ғана,  оның  қазақ  әдебиеті  мен  өнеріне  қосқан  үлесі.  Өйткені  Қ.И.Сәтбаев  араласпаған,  қалам 

тартпаған ғылым саласы кемде-кем. 

1950   жылдың   18-наурызда  Қазақ   Тау-кен  металлургия   институтының    студент    геологтарымен  

және    Қазақ    мемлекеттік    университетінің  студенттерімен    кездесуінде    Қ.И.Сәтбаев    ҚазТКМИ  

түлектері    институт  беделіне    нұқсан    келтірмей,  өз    орындарынан    табылып    жатыр.  Оларды 

кенорындарында, геологиялық  барлау  мекемелерінде, ғылым Академиясында  кездестіруге  болады. 

Олар  Қазақстан  геологтарының болашақ  ізбасарлары- деді. 



 

52 


Қ.И.Сәтбаев    жастарға   арналған    сөзіде    ғылым    бәріне    керек    деді.  Ғылымсыз    машиналарды  

басқару,    бітік    егін    өсіру,қоғамның   белсенді    мүшесі    болу    мүмкін    емес.  Сондықтан   ғылымның  

қатары  әрқашан  жер  қойнауы  байлығын  аша  алатын,зауыт,  фабрикалар  тұрғыза  білетін,  өндіріс 

күштеріне жаңалық  енгізуші  талантты  жастармен  толықтырылып  отыруы керек. 

Аспирантура  қалайда соған  лайықты, шығармашылық таланты бар жастарды тарту керек. Және 

оларға  тұрғын  үй,жатақхана,  жәрдемақы жағынан  қолұшын  беріп  отыру  керек.  Егер үкімет    тарапынан  

олардың  тұрғын    жағдайы  нақты    шешілмесе,  тұрғын  жайдың  қиындығы  мен  ашқұрсақ  жүру  жас 

мамандардың Қазақстаннан кетіп қалуына әкеп соғады. 

Қ.И. Сәтбаевтің пікірінше, жас буынның дүниетанымын қалып-тастыру жан-жақты болуы қажет. 

Өмір  күрделі,  ол  алға  қарай  түрлі  қайшылықтармен  беттесе  отырып    қозғалады.  Сондықтан 

педагогтар  өзінің  шәкірттеріне  нағыз  өмірдің  өзгерістерін  ашық  көрсетіп,  шәкірттер  өздерінің 

таланттары  мен  қабілеттерін  ашатын  жағдайлар  туғызуға  және  талап  етуге  тиіс.  Бұл  жағдайда 

дарынды  оқушылырға  олар  шын  мәнәнде  өз  таланттарын    көрсету  үшін  ерекше  көңіл  бөлу  керек. 

Тәрбиелеуді  оқыту  сияқты  әдісемелік  жағынан  жақсы  жарақталған  шеберлікке  айналдыру  уақыты 

жетті.Мұндай  оқу  орындарын  ғылыми  мекеме  ғылым  Академиясы  да  үлкен  пайда  әкеліп,кез  келген 

аймақтың  болашақта  шаруашылық  және  мәдени  дамуын  жеделдетеді.Заман  талабы-  оқу  орнын 

өмірге  және  құрылыс  тәжірибесіне  жақындастыру.“мен  сендерге  қандай  тілек  қалдырсам  екен,”-деп 

тебіренді  Қ.И.Сәтбаев.Оның  осы  бір  тамаша  мінез-құлықтары  мен  адамгершілік  қасиеттерін 

әрқайсымыз  өзімізге  ұштастыра  білсек,қандай  жақсы  болар  еді.Сәтбаев  салған  сара  жолдан  адасып 

қалмауымыз керек.   

Екі  дара  да  ғылымның  барлық  салаларының  дамуына  үлес  қосып,  барынша  ықпал  етуге,  оның 

өзекті  мәселелерін  шешуге  теорияны  практикамен  ұштастыруға,  білімді  жастар  дайындауға  ерекше 

ден қойған. 



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал