Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



жүктеу 8.29 Mb.

бет73/81
Дата12.01.2017
өлшемі8.29 Mb.
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81

Заключение. Углерод является природно неисчерпаемым энергоисточником и технологическим 

материалом.  Существующие  запасы  на  земной  поверхности  в  виде  энергетического  угля  и 

углеводородных ресурсов могут быть использованы в различных направлениях техники, технологии 

и  энергетики.  Существуют  разнообразные  способы  их  преобразования  и  утилизации,  которые 

должны  быть  подчинены  условиям  обеспечения  равновесия  баланса  углерода  между  атмосферой  и 

поверхностью Земли. 



 

Литература 

 

1. Б.Дж. Бринкворт. Солнечная энергия человека. М.: изд. «МИР». 1976, - 291 с. 



2.  Макаров  Г.Н.,  Харлампович  Г.Д.,  Королев  Ю.Г.,  Бронштейн  А.П.,  Фомин  А.П.,  Житов  Б.Н. 

Химическая технология твердых горючих ископаемых. М.: Химия. 1986. – 496 с. 

3.Елютин  В.П.,  Павлов  Ю.А.,  Поляков  В.П.,  Шеболдаев  С.Б.  Взаимо-действие  окислов  металлов  с 

углеродом. М.: Металлургия, 1976. – 360 с. 

4.  Доменное  производство.  Справочник  под  редукцией  Вегмана  Е.Ф.  М.:  Металлургия.  1989.  – 

496 с. 


5. Kiyekbayev Y.Y., Tleugabulov S.M. Carbothermic reactions in the metallurgy and energy-technological 

processes  //  Сборник  трудов  19-ой  международной  конференции  по  Металлургии  и  Материалам 

“Metal2010”. Рознов под Радхостем, Чешская Республика, ЕС. 2010, 18-20 Мая. 

6.  Кудрявцев  В.С.,  Пчелкин  С.А.  Использование  некоксующихся  углей  в  черной  металлургии. 

М.: Металлургия. 1981, -168 с 

 


 

 

463



АШЫҚ КЕН ОРЫНДАРЫНДА КӨЛЕМ ӨЛШЕУДІ  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Тұяқбаев Т., Қабдешев А.Н., Давлетиярова Н.А



Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

Ашық  кен  орындарында  көлем  өлшеудің  дәлдігіне,  бір-біріне  қатысы  жоқ  бірнеше  факторлар 

әсер етеді де, оларды негізгі үш топқа бөлуге болады: 

-  рельефтің  өзгермелі  болуынан  және  түсіру  торларының  бекеттерінің  жиілігіне  байланысты 

болатын қателер (аналогия қателері); 

- ұзындық, бұрыштық және биіктік өлшеудің, яғни түсіру кезінде жіберілетін қателер; 

-  түсіру  нәтижелерін  өңдеу  кезіндегі,  яғни  планға  нүктені  түсіру,  аудан  анықтау  және  есептеу 

кезінде дөңгелектеу кездерінде жіберілетін қателер. 

Маркшейдерлік  түсіру  әдістерін  дұрыс  таңдау  үшін,  нұсқауларда  берілетін  шекті  қателерді 

білумен қатар, оны құраушы қателерді дұрыс тарату керек, сонда олардың тиімді мәндері аз шығын 

шығара  отырып  (түсіру  және  өңдеу  кездеріндегі)  нәтиже  дәлдігін  береді,  яғн  келесі  шартты 

қанағаттандыруы керек 





n

i

i

m

m

1

2



2

            

min

1





n



i

i

t

                                                       

(1)

 

мұндағы  t



i

 = t

i

 (m

i

) – i уақыт ішінде істелінетін жұмысы ішіндегі m

i

  қателері және – бір-біріне әсер 

етпейтін, сол m



i

 қателерді құраушылар. 



t

i

 = t

i

 (m

i

) байланысын түсіріс кезінде эксперимантальды түрде хронометраж жүргізе отырып, әр 

түрлі дәлдіктер үшін анықтауға болады. 

Бұл байланысты жеткілікті түрде төмендегі түрде өрнектеге болады 

t

i

 =

i

a

i

i

m



,  

мұндағы 


,  a



i

  –  графикалық  жолмен  анықталып,  m



i

  өзгеруіне  байланысты  t



i

  шамасы  және 

жылдамдығының сипаттамасы. Сонда алатынымыз 





n

i

i

m

m

1

2



2

                   

min

1





n



i

a

i

i

i

m

                                             

(2)

                                 



Осы тапсырманың екі түрін шешімін қарастырайық - қатаң шешім және жуықтама түрлері. 

Қатаң шешім

Лагранжа функциясы 



                             F = 



2



1

(m



m

n

i

a

i

i

i





n

i

i

m

1

2



)

,                                                   (3) 

мұндағы λ – Лагранжа көбейткіші. 

Бұл  функцияға  керекті  экстремумалды  шарты,  ол  –  λ,  m



1

,  m

2

,…,  m

n   

айнымалылардың  (n  +  1) 

функциясы ретінде 

                                    λ =  

2

2



i

a

i

i

i

m

a

,                                                                 (4) 





n

i

i

m

m

1

2



2

,i=1, 2,…,n                                                            (5) 

Осы жүйені шеше отырып, табатынымыз 



  m

i

 = 

2

1



2

1

2









i



i

a

a

i

i

a





.                                                            (6) 

λ  Лагранжа  көбейткішін  итерация  әдісімен  анықтаймыз.  Бұл  жүйені  итерациялауға  ыңғайлы 

болуы үшін, соңғы жүйеге (5) жүйені енгіземіз де, (6) жүйедегі m



i

 мәнінде кіргіземіз, сонда 

1

1

1





a



























2

2

1



2

1

2



1

1

1



1

2

1



2

1

2



2

1

i



a

a

a

i

i

a

a

i

i

a

a





 = m



2

2

1



1

1

2









i

a

a

 

немесе квадратты жақшаны Ф(λ) арқылы өрнетесек λ = k



 



1



а

Ф



 


 

 

464 



мұндағы k = 



2

2

1



1

1

2



1



a



m

а

тұрақты шама; Ф(λ) – λ алынған белгілі функция. 

Соңында, итерациялау үшін жұмыс істеу формуласы төмендегідей өрнектеледі 

  λ

n

  = k



1



2

1

а



т

Ф





,                                                                 (7) 

мұндағы λ



1

, λ

2

..., λ

n-1

, λ

n

... тізбекті жуық шешімді Лагранжа көбейткіші. 

λ үшін бірінші жуықтауды төмендегі формуламен табуға болады    

λ =

2

1



1

1

1



2



a



m

a



мұндағы m



1

 – жуықтау әдісімен анықталған. 



Жуықтау тәсілімен шешу

Егер,  m



i

  қателердің  реттік  тізбегі  бір  қалыпты  азая  береді  деп  есептесек,  онда  алдағы  есептеу 

жуықтау тәсіліменде шешілуі мүмкін, сонда 

1



i

i

m

m

 қатынасы барлық i = 2, 3, …, n үшін тұрақты болып 

қалады. Іс жүзінде бұл қатынас аз мөлшерде өзгереді, сонымен жоғарыдағы түсініктен алатынымыз 

m

2

 







n

i

n

i

m

m

1

2



2

2

1



2

1

1



1

1





m



1

 = m

n

2

2



1

1





 

 

сонда                                                                                                   



i = 2, 3,…n.                                                                          (8) 

m

i

 = m

1

1



i



 

 

(2)  қатынасты  түсіріске  және  камеральды  өңдеуге  кеткен,  бір  айнымалысы  бар  Т(α) 

функциясының t = t(m

1

, m

2

,…, m

n

)

 

жалпы уақыты деп есептеп 



    t = 

)

(

T

m

t

n

i

b

i

n

i

i

i

n

i

i

i

i















1

1



1

,                                                       (9) 

мұндағы β

i

, b

i

 – формуламен анықталатын тұрақты шамалар 



β

i

, = 

i

m

i



1

b





b

i

 = а

i

 (i-1).                                                                        (10) 

 

Әр  нүктеде  Т(α)  функцисының  кіші  мәнін  графикалық  жолмен  анықтау  тиімді,  мұнда  Т(α)  

мәндерін  α үшін 0,5 бастап 1,0 дейінгі нүктелерде табу керек. 

Сонымен, қателерді құраушылардың оптимальды қатынасын анықтау келесі түсініктерге әкеліп 

тіреледі: 

1.  Қолданылмақшы  түсіру  және  оны  өңдеу  әдістеріндегі  бір-бірімен  байланыссыз  қателерді 

құраушыларды бөлектеу; 

2.  m



i

  қателерді  құраушылармен,  оған  кеткен  t  уақыт  арасындағы  функциональды  байланысты 

осы шарттар үшін табу керек; 

3. m

i

 оптимальды мәнін анықтау. 

Зерттеу қорытындысында төмендегі қателердің мәндері анықталды: 

1)  рельефтің  өзгермелі  болуынан  (аналогия  қатесі  кететін  қате,  яғни  қазып  алу  жұмыстары 

тереңдеген сайын қате көбейе береді) – m

1

 = 2%; 


2) түсіру тор көздерін дұрыс құрмаудан болатын қате – m

2

 = 1,5%; 

3) нивелир лік жүріс қатесі – m

3

 = 1%; 


4) аудан түсіру (анықтау) қатесі – m

4

 = 1%; 


5) аудан анықтау (планиметрмен, графикалық, геометриялық немесе аналитикалық жолдармен) – 

m

5

 = 0,5%; 

6) кейбір нүктелередің (бекеттердің) биіктігін дұрыс анықтамаудан кететін қате –  m

6

 = 0,5%; 

7) планға түсіру кезінде кететін қате – m

1

 = 0,5%. 

Жоғарыда  анықталған  қателерді  құраушы  шамалар  мәні,  тек  қана  қаралып  отырылған  таукен-

геологиялық  жағдайға  тән  қателер,  яғни  осы  шарттар  кезінде  ғана  тиімді  болады.  Басқа  шарттар 

кезінде,  яғни  айлық  кен  қазу  алаңы  тар  (кең),  терең  болған жағдайда жоғарыдағы  қателердің  кейбір 

өзгеріске ұшырайды. 

Түсіріс  әдістерін өзгерту, мысалы фототеодолиттік түсіріс, электронды  тахеометрлерді қолдану 

кездерінде бұл қателерден жойылып кетеді немесе азайады деп қорытынды жасауға болмайды 



 

 

465



Әдебиет 

 

1. Рудаков М.Л. Маркшейдерские работы при открытых разработках. М.: Металлургиздат.1950. 

2.  Рыжов П.А. Геометрия недр.М.:Углетехиздат.1952. 

3. Родионов Л.Е., Бугаец Е.А. Маркшейдерские работы при открытых разработках. М.:НТИ.1961. 

4.  Мильнер Е.С. Маркшейдерские работы при планировании открытых горных работ.М.:1968. 

5.  Сацков Н.А.,  Анощенко Н.Н. Задание.  Маркшейдерские работы  на  открытых разработках. 

Ленинград.1986. 

6. Тұяқбаев  Т. Қазба-байлықты  ашық  әдіспен  игерудегі  маркшейдерлік  жұмыстар.  Оқу  құралы. 

Алматы.:ҚазҰТУ.1999. 

7.  Тұяқбаев  Т.Жер  асты    қазба-байлықтарын  игерудегі  маркшейдерлік  жұмыстар.  Оқу  құралы. 

Алматы ҚазҰТУ.1997. 

8.  Техническая инструкция  по   производству   маркшейдерских   работ. Л.: Углетехиздат. 1959. 

9.    Сборник  LXIV.  Горное  давление,  сдвижение  горных  пород  и  методика  маркшейдерских 

работ. ВНИМИ.Л:1968 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДА МЕТАЛЛУРГИЯНЫҢ  ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 



 

Тұрғанов З., Жәнібеков Б. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

Қазақстанның  меншікті  минералдық-шикізаттық  базасын  пайдалану  негізінде  дамып  келе 



жатқан  тау-кен  өндіру  және  металлургиялық  өнеркәсіптері,  мұнай-газ  өнеркәсібімен  қатар,  отандық 

экономиканың  ең  ірі  секторларының  бірі  болып  саналады.  Республиканың  тау  кен-металлургия 

кешенінің құрамына қара және түсті металлургияның 70 аса кәсіпорындары мен ұйымдары кіреді.  

Еліміздегі  металлургия  саласының  көшбасшылары,  бұл  құрылы-мына  өндіру,  байыту, 

металлургиялық  өңдеу,  энергия  және  жылу  өндіруші  кәсіпорындар  кіретін  компаниялар;  атап  айтсақ 

Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC), «Миттал Стил Теміртау» (Испат-Қармет) АҚ, «Қазақмыс 

корпорациясы», «Қазмырыш» АҚ.  

Қазақстан металлургиясының басымды ерекшеліктерінің бірі – меншікті минералды-шикізаттық 

базасының  болуы.  Қазақстандық  металдар  кендерінің  кешенді  және  күрделі  құрылымдық-

минералогиялық құрамды екені  белгілі. Олардың құрамында сирек және  шашыранды элементтердің 

кең спектрі бар, сондықтан өндіру, байыту және металлургиялық өңдеу кезінде әрбір кен орыны үшін 

жеке технологияның әзірленуі және  ендірілуі талап етіледі. Республикада қара металлургия құрамы: 

тау кендік, металлургиялық, ферроқорытпалық, отқа төзімділерді және  сынықтарды өңдеуші сияқты 

бес  саладан,  ал  түсті  металлургия  жеті  саладан  тұрады:  қорғасынды-мырышты,  мысты,  алюминилі, 

алтын өндіруші, вольфрам-молибденді, титан-магнилі, сирек металды.  

Қазақстан, қорғасынның шикізаттық ресурстарының бекітілген қоры бойынша (дүниежүзінде) 6-

шы  орынды,    мырыш  пен  мыс  бойынша  4-ші  орынды,  бокситтерден  10-шы  орынды,  кобальт  пен 

кадмий  және  алтын  бойынша  7-ші  орынды  алады.  Түсті  металлургия,  басқа  салалармен 

салыстырғанда,  әрине  алдыңғы  қатарда.  Қазақстан  Республикасының  статистикалық  Агенттігінің 

деректеріне  сәйкес,  2012  жылы  бүкіл  өнеркәсіп  16618,4  млрд.  теңгенің  өнімін  өндірсе,  оның  ішінде 

түсті  металлургияның  үлесі  1224,1  млрд.  теңгені    немесе  7,4  %  құрап,  мұнай-газ  саласынан  кейінгі 

(8749,9  млрд.  теңге  немесе  52,6  %),  екінші  орынды  алды.  Одан  өзге,  Қазақстан  уран  кендеріне  бай, 

оның  территориясында  ТМД  елдерінің  уран  қорының  65  %  шоғырланған.  Демек,  Қазақстанда 

минералдық  шикізаттың  қоры  шын  мәнінде  зор  екенінде  ешкімнің  таласы  жоқ,  дегенмен  мақсатты 

металл  мөлшерінің  төмендігінен,  кеннің  қиын  өңделуінен  және  т.б.  шектеулердің  болуынан  барлық 

уақытта бәсекеге жарамды бола бермейді. 

Металлургия  саласының  тағы  бір  маңызды  проблемасы  –  кендік  базаның  сарқылуы.  Осыған 

байланысты  соңғы  жылдары  Қазақстанда  үлкен  көлемде  қиын  байытылатын  кендер  өңделуде,  бұл 

жағдайда сирек, шашыранды  және асыл металдардың  жоғалымы тау-кен жұмысы кезінде – 15-20 %, 

байыту  циклінде  –  60-70  %,  металлургиялық  өңдеу  кезінде  –  15-20  %  құрайды.  Бұл  пайдалы 

қазбаларды бөліп алу кешендігінің төмендігін көрсетеді. Статистикалық мекемелердің ақпараттарына 

жүгінсек,  бүгінгі  күні  елімізде  20  млрд.  тоннадан  аса  тау  кен-металлургия  кешендерінің  (ТКМК) 

техногендік  қалдықтары  жиналған,  ал  оларды  өңдеуге  тарту  деңгейі  2  %  аспайды.  Оларды 

металлургияның жеке шикізаттық базасы ретінде қарастыруға болады.  



 

 

466 



Республиканың  металлургия  саласының  ерекшелікті  сипаты  –  өндірістердің  монополиялануы 

мен  толық  дерлік  шоғырлануы  және  акциялардың  бақылау  пакеттерінің  шетелдік  инвесторлардың 

қолында  болуы.  ХХ  ғасырдың    1994  жылынан  бастап  Қазақстанда  банкротқа  ұшыраушы  ТКМ  ірі 

кәсіпорындарын  шетелдік  компанияларға  басқаруға  берудің  жаңа  беталысы  пайда  болды.  Осылай, 

елімізде шетелдік басқарудағы ірі монополиялық компаниялар қалыптасты, оларға баламалы отандық 

компаниялар  табылмады.  Нәтижесінде  компаниялар  шикізатты  еліміздің  территориясында  өңдеу 

бойынша  әзірленген  жобаларды  қолдамайды,  оларға  шикізат  түрінде  алып  кету  тиімді.  Саладағы 

инновациялық және сыртқы экономикалық саясатты жүргізушілер де осы компаниялар болып тұр.  

Қазақстан  металлургиясындағы  қолданыстағы  технологиялар  экологияның  және  минералдық 

шикізаттарды  кешенді  пайдаланудың  заманауи  талаптарына  толық  шамада  сәйкес  келе  бермейді, 

әсіресе  металлургиялық  өңдеу  (күйдіру,  балқыту)  және  байыту  процестерінің  қоршаған  ортаны 

ластайтын  зиянды  лақтырындылармен  және  қатты  қалдықтармен  сипатталатыны  белгілі.  Демек, 

жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік беретін, жоғары тиімділікті және экологиялық таза, қалдықсыз 

технологияны әзірлеуге бағытталған зерттеулерді орындау қажет. 

Шешімі  әлде  де  табылмаған  маңызды  мәселелердің  бірі  –  Қазақстанда  отандық  металдардан 

жоғары  қосылма  құнды  өнімдердің  (жоғары  технологиялық  өнім)  өндірілмеуі  және  тауарлық  түрде 

шетке  шығарылмауы.  Бұл,  біздің  елімізді  дамыған  елдер  алдында  шикізаттық  бағыныңқылықта 

сипаттайды.  Одан  өзге,  минералдық  шикізаттық  қорды  үнемдеу  мақсатында,  қайтарма  сынықтарды 

өңдеудің  алдыңғы  қатарлы  технологияларын  өндіріске  енгізу  қажеттігі  ерекше  орын  алады.  Қазіргі 

уақытта  түсті  және  қара  металдар  сынықтары  өте  төменгі  бағамен  экспортқа  шығарылуда.  Жалпы 

шикізаттық  ресурстарды  экспорттау  процесінің  қарқынын  төмендетпесек,  отандық  металлургияның 

негізіне  үлкен  нұқсан  келеді  және  бұл  металлургия  саласын  инновациялық  дамытуға  мүмкіндік 

бермейді. 

Осы  проблемаларды  оңтайлы  шешу  мақсатында  Мемлекет  өзінің  металлургиялық  активтерін 

арттыруды,  шоғырландыруды  көздеуде,  мысалы  «Тау-Кен  Самұрық»  АҚ  құрылып,  оған  ENRC 

акцияларының мемлекеттік пакетінің 11,65 % және Қазақмыстың 14,99 % берілді және т.б. шаралар 

жүргізілуде.  Дегенмен,  металлургиялық  шикізат  нарығындағы  саланың  келешегін  тұрақты  деп  айту 

қиын. 


Еліміздің  тұрақты  дамуын  қамтамасыздандыру  мақсатында,  Қазақстан  Республикасының 

Индустриалдық-инновациялық  дамуының  2010-2014  жылдарға  арналған  Бағдарламасы  жүзеге 

асырылуда,  бағдарлама  ұлттық  экономиканың  әртараптандыруды,  республиканың  инновациялық 

экономикаға  өтуін  және  минералды  шикізаттың  өз  елімізде  кешенді өңделуін  қамтамасыздандыру  үшін 

кен  мен  концентраттың  экспорттық  үлесін  төмендету  шараларын  қарастырады.  Сонымен  қатар,  соңғы 

жылдары  тау  кен-металлургия  саласындағы  өзекті  мәселелерді  біріге  шешу  мақсатында  Астана 

қаласында  «Astana  Mining  &  Metallurgy»  Халықаралық  тау  кен-металлургия  Конгресі,  «ТКМК 

инновация»  тақырыпты  дөңгелек  стөл  және  бірқатар  номинациялар  бойынша  Ұлттық  салалық  «Алтын 

Гефест»  конкурстары  өткізілуде.  Халықаралық  форум  жұмысына  Ресей,  АҚШ,  Жапония,  Италия, 

Беларус,  Австрия,  Швейцария,  Испания,  Үндістан  және  т.б.  сияқты  елдердің  ірі  компанияларының 

өкілдері  қатысады.  Тау-кен  метталлургия  саласы  өкілдерінің  арасында  ашық  пікірлер  айтылып,  тиімді 

келіссім-шарттар жасалады. Қатысушыларға шеберлік сыныптар ұйымдастырылады. Бұл шаралар әрине 

өзінің жемісін береді.  

Сонымен,  орындалған  талдау  жұмысы  еліміздің  ТКМ  кешендерінде  меншікті  материалдық-

шикізат  базасы,  өндірістік  және  технологиялық  тәжірибелері,  қара  және  түсті  металдардың  кең 

спектрі  дамыған  инфрақұрылымы  және  т.б.  басымдылықты  ерекшеліктердің  болуына  қарамастан, 

күрделі құрамды кенді өңдеудің заманауи технологияларының болмауы, шикізатты кешенді өңдеудің 

төмендігі,  қоршаған  ортаны  ластау  деңгейінің  жоғарылығы,  шығарылатын  металдық  бұйымдар 

номенклатурасының  аздығы,  өндірістік  жабдықтанудың  ескіруі,  ірі  кен  орындардың  шетелдік 

компаниялардың  басқаруында  болуы,  әсіресе,  өндірісті  жас  маман-кадрлармен  қамтамасыздандыру 

деңгейінің төмендігі сияқты өзекті мәселелердің бар екенін айқындады.  

Аталған  проблемалардың  дер  кезінде  шешілмеуі  шикізаттық  қордың  сарқылуы,  техногендік 

және  сапа  шартқа  жетпеген  шикізаттардың  өңделмеуі,  қоршаған  ортаның  ластану  деңгейінің  артуы 

және т.б. қауіптерді тудырады.  

Әрине металлургия сияқты алпауыт салады қиындықтар да, шешімі дер кезінде орындалмайтын 

проблемаларда болады. Дегенмен, біздің ойымызша осы проблемаларды шешудің жолы, ең алдымен 

«түбірге  қара»  ұғымында  жатқандай.  Қазақстан,  оның  ішінде  біздің  университетімізде,  қол  қойған 

Болон  декларациясының  қағидалары  да  («жоғарғы  оқу  орынының  белсенді  қатысуынсыз,  ешқандай 

Үкіметтік  бастама  өз  деңгейінде  дами  алмайды»)  осыны  көрсетеді.  Ендеше,  Қазақстан 


 

 

467



металлургиясындағы жалпы жағдайды жақсарту үшін жасалатын көптеген шаралардың негізгілерінің 

бірі  –  білікті,  білімді  және  теория  мен  тәжірибені  ұштастырған  мамандарды  дайындау  болуы  керек. 

Үкімет  қазақстандық  компанияларға  басқару  тізгінін  беріп,  отандық  мамандардың  біліктілігіне, 

іскерлік  қабілеттеріне,  шеберліктеріне  сүйеніп,  шетелдік  компанияларды  еліміздің  ішкі  нарығынан 

ығыстыруы қажет, ол үшін: 

–  тау-кен  металлургия  өнеркәсібі  үшін  мамандықтар  классификаторын  кеңейту  қажет. 

Металлургия  саласында  келешекті  болып  саналатын  «Ұнтақты  металлургия,  композициялық 

материалдар, қаптамалар» мамандығын классификаторға қосу және мамандар дайындау; 

–  теорияны  тәжірибемен  ұштастыру  мақсатында,  екінші  курстан  бастап  металлургиялық 

кәсіпорындарда  студенттерді  жұмыс  орындарына  орналастырумен,  технологиялық  және  өндірістік 

практикаларды ұйымдастыру;  

– өндірістік практикадан өту мерзімін 2-2,5 айға дейін созу; 

–  Алматы  қаласының  территориясында  орналасқан  металлургия  саласында  мамандандырылған 

ірі  зерттеу  институттары  және  «Кастинг»  сияқты  мини  зауыттар  жанынан  тау-кен  металлургия 

институтының филиалдарын ашу; 

– студенттердің, магистрлер мен докторанттардың зерттеу жұмыстарын, әзірлемелерін өндіріске 

дейін  жеткізу  мақсатында,  металлургия  мамандығы  бойынша  тәжірибелік-эксперименттік  база  ашу 

мәселелері қарастырылып, оң шешімін тапса.  

 



1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал