Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



жүктеу 8.29 Mb.

бет6/81
Дата12.01.2017
өлшемі8.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81

 

Литература 

 

1.    Байбатша  А.Б.  Инженерная  геология  месторождений  полезных  ископаемых  с  основами 

геоинформатики.Алматы:Ғылым, 2003. –320 с. 

2.  Байбатша  А.Б.  и  др.  Научное  обоснование  моделей  образования  месторождений  и  выработка 

поисково-оценочных критериев на промышленные руды цветных и благородных металлов. // Отчет о 

НИР. – Алматы, 2011. - 255 с. 

3. Байбатша А.Б. Модели месторождений цветных металлов. – Алматы, Асыл кітап, 2012. – 448 с.  

 

 



СТРОЕНИЕ И НЕФТЕГАЗОНОСНОСТЬ ДОЮРСКИХ ОТЛОЖЕНИИ  

ЮЖНОГО МАНГЫШЛАКА 

 

Бекенбаева Н.О.,  Халелов А.К. 



КазНТУ имени К.И.Сатпаева, г. Алматы, Республика Казахстан 

 

Южно-Мангышлакская  НГО  включает  в  себя  одноименный  мезозойский  прогиб  между 



Центрально-Устюртско-Мангышлакской  системой  дислокаций  на  севере  и  Карбогазским  сводом  на 

юге.  С  запада  прогиб  ограничен  Каспийским  морем,на  востоке-  соединяется  с  Южно-Устюртской 

системой прогибания. 

В  тектоническим  отношении  эта  территория  принадлежит  Туранской  плите  и  во  многом, 

особенно  по  верхним  этажам  осадочного  чехла,  ее  строение  сходно  с  Северо-Устюртской  НГО.  В 

составе  осадочного  чехла  выделяются  доюрский,  юрско-палеогеновый  и  неоген-четвертичный 

структурно-формационные комплексы. 

Доюрский  комплекс  сложен  в  основном  породами  триасового  возраста  терригенно-

карбонатногосостава,имеющими  толщину  более  2  км.  По  кровле  доюрских  отложений  выделяются 

три  крупные  зоны  западно-северо-западного  простирания:  Северо-Манглышлакская  зона, 

характеризующаяся 

наименьшими 

глубинами 

залегания 

триасовых 

отложений; 

Южно-


 

33 


Мангышлакский прогиб, в котором кровля триаса залегает на максимальных глубинах, и северный склон 

Карабогазского свода, образующий южный борт Мангышлакской области прогибания [1]. 

В  ортоплатформенном  чехле  Южного  Мангышлака  выделяются  следующие  основные 

структурные  элементы  второго  порядка:  Жетыбай-Узенская,  Кокумбайская  (на  севере)  и 

Кендырлинская  (на  юге)  тектонические  ступени,  Сегендыкская  (на  западе)  и  Жазгурлинская  (на 

востоке) впадины, Карагинская и Карынжарыкская седловины, а также Песчаномысско-Ракушечная зона 

сводовых поднятий. 

На  Южном  Мангышлаке  продуктивные  нефтяные  и  газовые  горизонты  установлены  в 

отложениях палеозоя, триаса, юры и мела, которые рассматриваются в качестве самостоятельных НГК. 

Выявленные  нефтяные  залежи  сосредоточены  в  четырех  НГР:  Жетыбай-Узенском,  Песчаномысско-

Ракушечном, Дунгинском и Тюбкараганском. 

Основные месторождения Южно-Мангышлакской НГО распологаются в Жетыбай-Узенском НГР, 

охватывающем  одноименную  тектоническую  ступень.  Продуктивны  триасовые,  юрские  и  меловые 

отложения.  Ловушками  для  УВ  служат  брахиантиклинальные  поднятия,  группирующиеся  в 

несколько антиклинальных линий. Большинство залежей – пластовые. Вследствие невыдержанности 

литологического  состава  коллекторов  значительную  роль  играют  литологически  ограниченные 

ловушки [2]. 

В  распределение  УВ  по  фазовому  состаянию  в  пределах  Жетыбай-Узенской  ступени 

наблюдается  четкая  дифференциация.  Продуктивные  залежи  месторождений,  находящихся  в 

наиболее  погруженной  южной  антиклинальной  линии  (Тенге,  Актас,  Тасбулат),  преимущественно 

газоносны  и  являются  либо  нефтегазовыми  с  небольшой  мощностью  нефтенасыщенным  зон. 

Месторождения северной антиклинальной линии 

(Узень, 

Карамандыбас), 

занимающей 

самое 


высокое 

гипсо-метриическое 

положение, 

характеризуются наибольшими скоплениями нефти. 

Такое  площадное  распределение  жидких  и  газообразных  УВ  объясняется  своеобразным 

механизмом формирования залежей, образованных по принципу дифференциального улавливания. 

Рассмотренные  материалы  свидетельствует  о  весьма  разнообразных  геологических  условиях 

накопления УВ в недрах Западного Казахстана. Все это отражается на составе и свойствах нефтей и 

конденсатов.  Если  учесть,  что  УВ  разных  првинций  и  областей  отличались  по  своему 

происхождению,  а  после  формирования  залежей  претерпели  значительную  геохимическую 

эволюцию,  то  становится  вполне  понятно  наблюдаемое  ныне  различие  в  составе  нефтей  в  пределах 

не только разных районов, но и даже одного месторождния. Данные явления значительно затрудняют 

поиски закономерностей формирования и размещения месторождений и отдельных залежей нефти и 

газа,  которые  можно  познать  лишь  при  комплексом  анализе  геологических  и  геохимических 

данных[3]. 

Общая схема формирования залежей УВ в низкопроницаемых отложениях доюрского комплекса 

сводится  к  следующему:  1)  объемная  дефориация  пород  (увеличение  градиента  скорости 

неотектонических  движений)  и  их  разрыхление  за  счет  раскрытия  микротрещин  (увеличение 

проницаемости);  2)  проникновение  глубинных  высоконапорных  флюидов  (увеличение  пластового 

давления  во  флюидороводнике),  а  также  послойный  гидроразрыв  пород  (нарушение  линейного 

закона  фильтрации  и  резкое  увеличение  объема  поступающей  в  пласт  жидкости  ); 

3)гидрохимический  эпигенез  и  метосоматоз  (увеличение  пористости  ,  формирование  резервуара);  4) 

перераспределение  жидкости  в  пласте,  частичное  замыкание  трещен  (концервация  залежи).  В 

зависимости  от  режима  фильтрации  и  объема  внедряющегося  флюида  процесс  может  повториться 

многократно,  но  при  меньших  депрессиях  и  избирательной  фильтрации  жидкости  в  первоначально 

освоенные пласты. 

 

Литература 

 

1.  Глумов  И.Ф.,  Маловицкий  Я.П.,Новиков  А.А.,  Сенин  Б.В.  Региональная  геология  и 

нефтегазоносность Каспийского моря- М.: Недра-Бизнесцентр.- 2004.-342с. 

2.  Даукеев  С.Ж.,  Воцалевский  Э.С.,  Шлыгин  Д.А.,  Пилифосов  В.М.  Глубинное  строение  и 

минеральные ресурсы Казахстана. - НЕФТЬ И ГАЗ.-3том.- Алматы.- 2002.- 248с. 

3.  Марабаева  Ж.Н.,  Жолтаев  Г.Ж.,  Утегалиев  С.  Геологическое  строение  и  перспективы 

нефтегазоносности Северного и Среднего Каспия. Астана.- АРТ Трибуна.- 2005.-194 с. 

 

 


 

34 


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ МЫРЫШ КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ  

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК ТИПТЕРІ 

 

Бексариев С. М., Аршамов Я.К. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

 



Қорғасын  өзінің  химиялық  төзімділігі,  майырылғыштығы,  жұмсақтығы,  ауырлығы,  тығыздығы 

мен  балқу  температурасының  төмендігіне  байланысты  аккумулятор  (балқытып  алынған  қорғасынның 

40%  көлемі),  қаптама,  кабель,  баббит,  типографиялық  қорытпа  өндірісі  мен  радиобелсенді 

сәулелерден қорғану үшін пайдаланылады.  

Мырыш  антикоррозиялық  қасиеттеріне  байланысты  әр  түрлі  бұйымдарды  қаптауға  (40%),  жез, 

қола, мельхиор алуға және мырышты ағартқыш бояу өндіруге пайдаланылады 

Қазақстанның аумағында үш мыңнан аса қорғасын-мырыш кен орны мен кен білінімі анықтаған 

және  көбі  Орталық,  Оңтүстiк  және  Шығыс  Қазақстанда  шоғырланған.  Қорғасын  мен  мырыштың 

салыстырмалы  өндiрiлуі  сәйкесiнше  келесідей  пайызды(  %)  құрайды:  Шығыс  Қазақстан  –  35  -  60  ; 

Орталық Қазақстан – 33 - 42 ; Оңтүстiк Қазақстан – 7 - 23.. 



Геохимиясы мен минералогиясы. Қорғасынның кларкі 0,0016%, мырыштікі - 0,01% . Олардың әр 

түрлі таужыныстардағы мөлшері мынадай (%): қорғасын ультранегізділерде - 0,00001, негізділерде - 

0,0008,  орташаларда  -  0,0015,  қышқылдыларда  -  0,002;  мырыш  ультранегізділерде  -  0,003, 

негізділерде  -  0,013,  орташаларда  -  0,0072,  қышқылдыларда  -  0,006.  Сонымен,  мырыштың  кларкі 

қорғасынның  кларкінен  5  еседей  артық  болып  шығады.  Мырыштың  ең  жоғары  мөлшері  негізді 

таужыныстар  қатарымен  байланысты,  негізділерден  қышқылды  таужыныстарға  қарай  азаяды,  ал 

қорғасынның  молшері  -  керісінше  артады.  Қорғасынның  басты  минералдары  -  галенит  РbS  (86,6% 

РЪ),  джемсонит  Pb

4

FeSb

6

S

14

  (40,2%),  буланжеритРb



5

Sb

4

S

11

  (55,4%),  бурнонит  СиРbSbS



3

  (42,6%  ). 

Мырыштың  негізгі  минералдары  –  сфалерит  пен  врюцит  ZnS(67%  Zп),  смитсонит  ZnCO

3

,  каламин 



Zп

4

[Si

2

0

7

](0Н)2Н

2

0 (53,7%). Бірақ кендегі басты рөл галенит пен сфалериттің үлесінде. 

Қоры  мен  өндірісі.  Қорғасынның  жалпы  қоры  (ТМД  елдерін  санамағанда)  177  млн.  тонна, 

мырыштың  -  319  млн.  тонна,  ал  анықталған  қоры  тиісінше  –  112  және  270  млн.  тонна.  Барланған 

қорғасын (үлесі 80%) мен мырыштың (75%) қоры АҚШ, Австралия мен Канадада шоғырланған. Бұл 

металдардың  едәуір  қоры,  сондай-ақ  Мексика,  ОАР,  Иран,  Испания  мен  Перуде  бар.  Қорғасынның 

жылдық өндірісі 2,6 млм тонна, мырыштың - 5 млн. тонна шамасында. Олар шағын масштабта АҚШ, 

Австралия, Канада, ОАР. Перу, Мексика мен Швецияда өндіріледі. 

ТМД елдерінде қорғасын мен мырыштың қоры Қазақстан, Орал, Азия, Сібір, Қиыр Шығыс пен 

Кавказ  кенорындарына  шоғырланған.  Қоры  бойынша  кенорындардың  масштабы  мынадай  болады: 

өте ірі (қоры>2 млн. тонна), ірі (0,6-2), орташа (0,2-0,6) және ұсақ (<0,2 млн. тонна). 

Қорғасын мен мырыштың әлем биржасындағы құны 2006 жылы тиісінше 1200 $/т-ға және 3500 

$/т-ға дейін өсті. 

Кенорындарының  өнеркәсіптік типтері 

Генезисі бойынша қорғасын мен мырыш кенорындары мынадай типтерге бөлінеді: 

1)гидротермалық плутоногендік кенорындар Садон, Згид, Холст, Кургашинкам, Нерчинск тобы 

(ТМД),  Мадан,  Руен  (Болгария),  Пршибрам  (Чехия),  Дьендьешлороши  (Венгрия),  Фрайберг 

(Германия), Тинтик, Ледвилл (АҚШ); 

2) скарндық кенорындар - Верхнее, Дальнегорскос, Николаевское (Приморье), Ақсоран, Гүлшат 

(Қазақстан),  АлтынТапқан,  Кенсай,  Дарбаза(Орта  Азия),  Сала  (Швеция),  Лоуренс  (АҚШ),  Эль-

Потоси (Мексика); 

3)  вулканогендік-шөгінді  кенорындар  -  Зыряновск,  Лениногорск,  Малеевское,  Риддер-

Сокольное, Тишинское (Кенді Алтай), Жайрем, Текелі (Қазақстан), Озорное (Забайкалье), Холоднинское 

(Прибайкалье), Рио Тинто (Испания), Фалун (Швеция), Сулливан (Канада), Брокен-Хил (Австралия); 

4) гидротермалық-шөгінді (стратиформдық) кенорындар - Мырғалымсай (дұрысы Мерғалисай), 

Байжансай  (Қазақстан),  Үч-Құлаш,  Сумсар  (Орта  Азия),  Олькум,  Балеслов  (Польша),  Три-Стейст 

(АҚШ), Пайн-Поинт (Канада). 



Колчеданды  кенорындары.  Шығыс  Қазақстанда  кең  таратылған.  Қазақстанда  қорғасын  мен 

мырыш  кенін  өндiретін  басты  провинция  және  кен  орындардың  негізгі  бөлігі  Кенді  Алтайда 

орналасқан.  Бұл  түріндегі  дара  обьектілер  Шыңғыс  кен  орынында  анықталған.  Егер  Шыңғыс  кен 

орынының геохронологиялық жағдайын есепке алмаса, онда іс жүзінде барлық кен орындар ортаңғы 

және  жоғарғы  девонның  эйфель  жікқабаты  стратиграфиялық  деңгейінде  орналасқан.  Жаратылысын 

көп  зерттеушілер  колчеданды-поллиметал  кенденуді  вулканизммен  байланыстырады,  өнеркәсіптік 



 

35 


кендердің  жаратылысын  кенді  ерекшелей  iлеспе  жауын  жинаумен  және  эпигенетикалық 

гидротермалды  –  метасоматоз  процесімен  ұластырады.  Колчеданды  кен  орындарының  арасында 

пайдалы  қазбаларының  заттық  құрамы  бойынша  келесідей  түрлерге  бөлінеді:  мыс-қорғасын-

мырышты,  баритты-мыс-қлорғасын-мырышты, алтын-мыс-қорғасын-мырышты,  баритты-алтын-мыс-

қорғасын-мырышты.  Алтын және  күміс  колчеданды-полиметаллдық  кен  орындарында  қазақстандық 

табыстың  30%-дан  аса  құрайды.  Кендерінің  заттық  құрамының  ерекшелігі  қоспа  элементтермен 

байлығы  (индий,  селен,  теллур  және  т.б.).  Кенді  Алтайдың  көп  жылдық  өндірілуімен  байланысты 

колчедандды  кен  орындардың  көп  бөлігі  өндіріліп  біткен.  Қалған  кен  орындардағы  кендерде 

қорғасын  және  цинк    аз  құрамдылығымен  ерекшелінеді  немесе  жер  асты  жан-жақты  зерттеу  үшiн 

тиiмсiз.  Сарапшылар  Кенді  Алтайда  мысты  игеру,  қорғасын  және  мырыш  қоры  бойынша  ірі 

Малевский  (11,62%)  және  Артемьевский  (12,34%)  кен  орындарын,  сонымен  қатар  8-10%  металды 

кіріктіретін    басқа  обьектілерді  игеру  түсті  метал  өнеркәсібі  бойынша  көсбасшы  болып  аман 

сақталатынын есептейдi. 

Стратиформдық 

кенорындар. 

Бұл 


түріне 

айтарлықтай 

карбонат 

формациясындағы 

стратификацияланған қорғасын-мырыш кенді қабаты бар кен орындар жатады. Кең таралуы бойынша 

Орталық  (Үспенді,  Ақжал-Ақсоранды,  Ақбастау  аймағы)  және  Оңтүстік  Қазақстанда  (Қаратау, 

Қызылеспе-Текелі  аймағы)  орналасқан.  Сирегірек  Шығыс  Қазақстанда  (Холзун-  Сарымсақ 

аумағында)  кездеседі.  Стртиформдық  кен  орындардың  геохронологиялық  жағдайына  қарай  екі 

стратиграфиялық  кезең  жоғарғы  девон  (фамен  -турне)  және  жоғарғы  ордовик  (жоғарғы  оржовик- 

төменгі  силлур)  бөлінеді.  Қорғасын-мырыш  кен  орындарының  негізгі  қорлары  жоғарғы  девон 

жікқабатымен байланысты. 

Скарндық  кенорындар.  Бұл  жапсарлы-метаморфтық  стратиформдық  қорғасын-мырышты  кен 

орындары.  Бұл  түдегі  кен  орындарды  жоғары  технологиялық  қасиеттерімен,  бай  қайта  қалпына 

келтірілген  кендердің  қалыптасуы,  минералды  құрамы  бойынша  –  жақсы  дамыған  минералдар 

(әсіресе  күміс,  висмут),  өздерінің  жаратылысын алғашқы  кен  денелерінің  өзгеуімен  ұғындырылады. 

Құрамы бойынша жапсарлы (жоғары температураны) метоморфизмді басынан өткізген тау жыныстар 

кенді  алаңда  кең  дамыған  волластанитты  (кремний  ізбестастары  бойынша),  диопситті  (доломит 

борйынша),  мангангеденбергитті  (марганец  ізбестастары  бойынша),  гранатты  (темір  және 

глениземистер – гроссуляр- андрадит қатарына байланысты) скарндар. 



Қазақстандағы қорғасын мен мырыш кенорындары.  

Лениногорск  кенорны  Кенді  Алтайда  Риддер  (бұрынғы  Лениногорск)  қаласының  маңында. 

Кенорын  ортаңғы  девон  таужыныстарынан  тұрып,  жарылымды  бұзылыстар  маңында  жатады.  Кен 

денелерін  сыйыстырушы  таужыныстар  қышқыл  туф  қабатын  алмастыру  жолымен  жасалған 

кварцталған  және  серициттенген  таужыныстар  болып  табылады.  Бұл  қабатты  жабатын  саз 

тақтатастар  кенді  ерітінділердің  қалқаны  рөлін  атқарған.  Сондықтан  ең  қоңды  кен  денелері  тікелей 

солардың  астында  орналасады.  Сыйыстырушы  таужыныстардың  гидротермалық  өзгерісі  кварцталу 

түрінде  білінеді.

 

Одан  кейін  таужыныстардың  хлориттенуі  (өте  нашар  білінеді)  және  серициттенуі 



жүріп, ал содан соң сыйыстырушы таужыныстар карбонатталған әрі бариттенген. 

Кенорында  қорды  есептеу  барысында  3200  кен  денесі  анықталып,  олардың  200-нен  кен 

өндірілген. Кен денелері негізінен күрделі пішінді, линза мен желілерден тұрады. 

Желілердің жатысы күрт еңіс, орташа еңістік бұрышы 780. Еңістік бұрышы мен созылу азимуты 

кенорын  бойынша  да,  жекелеген  кен  денелері  мен  технологиялық  блоктар  ауқымында  да  өзгеріп 

тұрады. Кен денелерінің қалыңдығы 2-40 м аралығында өзгереді. Денелер пішіні мен құрылысының 

күрделенуі  таужыныс  қабатшалары  мен  тысбаланстық  кен  араласуына  байланысты.  Денелердің 

жұқару  сипаты  күрделі.  Кен  денелерінің  сыйыстырушы  таужыныстармен  жапсары  аспалы  қанаты 

бойынша  да,  жатқан  қапталы  бойынша  да  анық  емес.  Кенорында  лықсымалар  типті  тектоникалық 

жарылымдар дамыған, олардың амплитудасы 90 м-ге дейін. 

Лениногорск  кенорны  кенінің  құрамы  алтайлық  кенорындардың  барлығына  тән.  Олар  галенит, 

сфалерит,  халькопирит,  солғын  кен,  кварц,  барит,  серицит,  т.б.  минералдардан  тұрады.  Кен  бітімі 

негізінен секпілді, кейде шомбал, жұрнақ-жолақты; құрылымы ұсақ түйірлі. Геологиялық-технологиялық 

карталау  кезінде  кенорында  кеннің  мынадай  өнеркәсіптік  типтері  анықталған:  тотыққан  қорғасын-

мырышты  -  4,7%,  аралас  қорғасын  мырышты  -  2,8%,  сульфид  қорғасын-мырышты  92,5%  .  Сапасы 

бойынша кен қатардағыларға жатады. 

Кеннің  негізгі  компоненттері  -  қорғасын,  мырыш,  мыс,  алтын,  күміс,  серіктес  элементтері  - 

кадмий мсн күкірт. Кендегі Рb, Zn, Си таралу сипаты әркелкі, ал Aи мен Ag – өте әркелкі болады. Бұл 

өзгергіштік  кен  денелері  ауқымында  ғана  емес,  сондай-ақ  технологиялық  блоктарға  да  тән. 

Кенорында тік бағытта белдемділік пен кеннің тотығу белдемі байқалады. 



 

36 


М. Протодьяконов бойынша беріктік көрсеткіші: кенде 15-17, аспалы қаптал таужыныстарында 

6-8,  жатқан  қапталда  14-16.  Кенмен  жатқан  қаптал  таужыныстары  орнықты,  ал  аспалы  қаптал 

таужыныстары  орнықсыз.  Кенорынның  гидрогеологиялық  жағдайы  күрделі.  Қорғасын-мырыш 

кенінің орташа тығыздығы 2,73 г/см

3

, ылғалдығы 5%, ал қопсу коэффиценті 1,4-1,5. 



Мырғалымсай  (Мерғалисай)  кенорны  Оңүстік  Қазақстан  облысының  Түркістан  ауданында, 

Кентау қаласының маңында орналасқан. Оны алғашқы қазақ геологтарының бірі Мерғали Қаділбеков 

ашқан  (1928  ж.),  кейін  Н.Л.Бубличенко,  И.П.Новохатский,  Л.И.Балавинский,  В.С.Булыго, 

Д.Н.Малечник, Е.С.Зорин зерттеген. Кенді алаң қимасының негізінде ала-құла түсті көрпеш  будасы, 

одан  жоғары  қарай,  фамен  түзілімдері,  оларды  жапқан  турне  карбонат  таужыныстары  орналасады. 

Кен  сыйыстырушы  таужыныстар  -  саз-доломитит-әктасты  фамен  түзілімдері  (қалыңдығы  340  м 

шамасында), олар он будаға жіктеледі. 

Кенді алаңның негізгі құрылымдық элементі - Мырғалымсай антиклині, ол солтүстік-батыс бағытта 

багдарланған,  ұсақ  қатпарлармен  және  жарылымдармен  күрделенген.  Кен  екінші  таспалы  будада 

шоғырланған.  Буда  құрамында  қабат  пішінді  үш:  Негізгі,  Аралық  және

 

Параллель  кен  жатындары 



бөлінеді.  Олардың  созылымы  бойынша  ұзындығы  6,3-10,9  км,  еңістігі  бойынша  1,5-1,9  м,  қалыңдығы  - 

7,5-13,6 м (орташа мәні 9,8 м). Негізгі кен жатыны буданың томенгі жартысын қамтып, барлың кенді алаң 

бойынша  созылады.  Оның  құрамында  барит  пен  қорғасынның  негізгі  ңоры  шоғырлап  ған.  Параллель 

жатын  буданың  жоғарғы  болігін  қамтиды,  қорғасын  кені  жүтаңдау.  Аралық  жатынның  құрамында 

жұтаңқорғасын минералдануы бар. 

Кеннің  басты  минералдары:  барит,  галенит,  доломит,  кальцит;  қосымша  минералдары  - 

сфалерит, пирит, халькопирит, арсенопирит, гематит, аргентит және т.б. Кен қабатты-сеппе, ырғақты-

қабатты,  сеппе-желішікті.  Кенді  алаңның  остік  белдемінде  екінші  таспалы  буданың  барлық 

қалыңдығы  бойынша  барит  кенденуі  анықталмаған,  ол  монобарит  ядросын  жасайды,  бариттің 

мөлшері  30-60%,  кей  жерлерінде  70-80%  .  Кенорындағы  қорғасынның  орташа  мөлшері  1,01%, 

мырыш  -  0,63%  ,  күміс  -  23г/т,  барит  -  11,6%.  Барит  пен  қорғасынның  қоры  бойынша  кенорын 

ірілердің қатарына жатады. 

Қазақстан  қорғасын  мен  мырыштың  қоры  бойынша  әлемде  алғашқы  орындардың  бірін  алады. 

Республикамызда  қорғасын  мен  мырыштың  100-ден  аса  кенорны  анықталған.  Олардың  58  кенорны 

балансқа алынған. Соның ішінде 44 кенорында қорғасын мен мырыш бірге есептелген (Зорин, 1996). 

Қорғасын  қорының  көп  бөлігі  (және  өндірісі),  мырыштың  аз  бөлігі  Орталық  Қазақстанда,  ал 

мырыш  пен  қорғасынның  қоры  -  Шығыс  Қазақстанда  (Кенді  Алтай)  шоғырланған.  Қорғасын  мен 

мырыштың  қоры  бойынша  үшінші  орынды  Оңтүстік  Қазақстан  (Қаратау)  алады.  Маңызды 

өнеркәсіптік мәнге ие кенорындар: 

а)  кендіалтайлық  колчеданды-полиметалды  типті  -  Риддер-Сокольное,  Тишинск,  Новолениногорск, 

Зыряновск, Малеев, Шоқпар, Грехов, Путинцев, Николаев, Ертіс, Белоусов, Новоберезовское, Артемьев; 

ә)атасулық  стратиформды  қорғасын-мырышты  және  барит-қорғасын-мырышты  типті  -Жайрем, 

Қарағайлы, Ақжал, Ұзынжал, Бестөбе, Үшқатын, Алайғыр; 

б) мырғалымсайлық  (қаратаулық)  стратиформды  қорғасын-мырышты  типті  -  Мырғалымсай, 

Шалқия, Талап; 

в) текелілік колчеданды қорғасын-мырышты типті - Текелі, Батыс Текелі, Яблонев, Үлкен Өсек, т.б. 

Жаңа типке құнарлы тотыққан мырыш кенді Шаймерден карст кенорны жатады. 

Соңғы  жылдары  республикада  30-ға жуық  қорғасын  мен  мырыш  кенорындары  игеріліп  келген. 

Республика  қорғасын-мырыш  кенін  өндірудің  қалыптасқан  деңгейінде  барланған  қормен  орташа 

алғанда 20 жылға қамтамасыз етілген, бұл әлемдік орташа деңгейге сәйкес келеді. Қазіргі алда тұрған 

міндет  –  кен  базасының  сапасын  мардымсыз  кен  өндіруді  қысқартып,  құнарлы  кенорындарды 

жылдам  игеру  арқылы  жақсарту.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Кенді  Алтайда  ашылған  Малеев,  Артемьев 

сияқты құнарлы кенорындар Қазақстан қорғасын-мырыш өнеркәсібінің минералдық-шикізат базасын 

айтарлықтай жақсартады (Дәукеев, 1994). 

Қорғасын 

мен 


мырыштың 

негізгі 


қоры 

девон 


жүйесінде 

колчеданды-полиметалл 

кенорындарында  (Кенді  Алтай)  және  қорғасын-мырышты  стратиформдық  кенорындарда  (Атасу, 

Қарқаралы, Ақжал-Ақсоран, Қаратау кенді ауданы) орналасқан.  

Қороғасын-мырыш  кенінің  негізгі  ерекшелігі  –  ілеспе  элементтерімеен  бай.  Ең  басты  ілеспе 

элемент  күміс.  Колчеданды-полиметалл  кеніші  алтынмен  бай  (Кенді  Алтай,  Шыңғыс).  Құрамында 

сондай-ақ  кадмий,  селен,  теллур,  индий,  висмутты  кіріктіреді.  Стратиформдық  кенорындарының 

ілеспе элементтері сирегірек. 

Қазақстан  аумағын  зерттелуінің  қазіргі  жағдайы  жер  бетіне  шығып  жатқан  кен  шоғырларын 

білінімдері шектейді. Перспективті болып отырған – жасырын кен шоғырларын іздеу. 



 

37 


Әдебиет 

 

1.  Байбатша  Ә.Б.  Геологиялық  қазақша-  орысша  және  орысша  –  қазақша  терминилогиялық 

сөздік. Алматы. Ғылым,2004ж. 

2. Байбатша Ә.Б. Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы Алматы, ҚазҰТУ,2008ж. 

3. Месторождения свинца и цинка Казахстана. Справочник. Алматы, 1997 г. 

4.  Өжкенов  Б.С.  Қазақстан  пайдалы  қазбалары.Көкшетау.  ҚР  Энергетика  және  минералдық 

ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті,2003ж. 

 

 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал