Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



жүктеу 8.29 Mb.

бет50/81
Дата12.01.2017
өлшемі8.29 Mb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81

Литература 

 

1. Закладочные работы в шахтах: Справочник /Под редакцией Д.М. Бронникова, М.Н. Цыгалова,  

М.: Недра, 1989 

2. Ивановский Э.С., Гальперин В.Т., Шварц Ю.Д. Подготовка закладочных смесей на рудниках 

цветной металлургии. М.: ЦНИИЦВЕТМЕТ экономики и информации, 1981 

3.  Крупник  Л.А.,  Пятигорский  Л.В.,  Ткачев  В.М.  Практика  ведения  закладочных  работ  на 

рудниках, Алматы, «Казахстан», 1995 

4. Разработка месторождений с закладкой /Под ред. С. Гранхольма. М.: Мир, 1987. 

5.  Репп  К.Ю.  Транспортирование  твердеющей  закладки  по  трубам.  М.:  ЦНИИ  экономики  и 

информации цветной металлургии, 1985. 

6. Хомяков В.И. Зарубежный опыт закладки на рудниках. М.: Недра, 1984 

 

 



ҚАЛА АУМАҒЫН БАСҚАРУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ  

АТҚАРАТЫН РӨЛІ 

 

Әбен А.С. 



Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

Қазіргі  уақытта  өнеркәсібі  дамыған  көптеген  қалалар  экология  жағынан  қауіпті  орталықтарға 



айналуда. Қалалық жерлердің урбанизациялануы, елді-мекен, өнеркәсіп және көліктің шағын аумақта 

шоғырлануы  қалалық  ортаның  барлық  компоненттеріне,  яғни  атмосфера  ауасына,  жер  бетіне  және 

жерасты суына, топыраққа антропогендік жүктеменің ұлғаюына әкеліп соғады. Нәтижесінде қалалық 

ортаның  ластануы,  өсімдіктердің  нашарлануы,  табиғи  биохимиялық  айналымның  бұзылуы, 

микроклиматтық,  гидрологиялық  және  гидрогеологиялық  жағдайлардың  өзгеруі  болады.  Адамның 


 

 

298 



шаруашылық  іс-әрекетінің  экологиялық  салдары  қала  тұрғындарының  денсаулығына  жағымсыз 

әсерін тигізеді. 

Бұл  жағдайларда  көптеген  қалалар  үшін  маңызды  мәселе  урбанизацияланған  аумақтарда 

антропогендік  жүктеменің  көлемі  мен  таралуы  туралы  ақпараттарды  қажет  ететін  табиғатты  қорғау 

шаралар  кешенін  жүргізу  болып  табылады.  Сондықтан,  антропогендік  жүктемесі  бойынша  қалалық 

жерлердің  экологиялық  жағдайларын  бағалау,  қала  ортасы  жағдайы  мен  елді-мекендегі  халықтың 

денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ететін тиімді табиғатты қорғау шараларын таңдау әдістемесін 

жасау едәуір белсенділік танытуды талап етеді.  

Қазіргі  кезде  кез-келген  ірі  қаланың  даму  жағдайын  және  қала  жерлерінің  пайдаланылуын 

мезгілінде  біліп  отыруда  экологиялық  карталардың  маңызы  зор  болуда.  Себебі,  аумақтың 

экологиялық  жағдайы  қаланың  жалпы  дамуына  әсерін  тигізетін  болса,  тағы  да  қала  құрылысын 

жобалауға,  халықтың  өмір  сүру  жағдайының  қолайлылығын  болжауға,  қаладағы  жер  телімдерінің 

бағасын анықтауға және т.с.с. мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады [1]. 

Сонымен  қатар,  экологиялық  карталардың  қала  құрылысын  жобалауда  маңызы  зор.  Кез-келген 

қала құрылысы шешімдерінің негізінде аумақты кешендік талдау жатыр. Осы талдаудың нәтижесіне 

негізделіп  қаланың  жоспарланған  құрылымы  жасалады,  аумақты  пайдалану  тәртібі  әзірленеді, 

инженерлік  игеру  үрдісі  анықталады  және  т.б.  Бұл  әдіс  қала  құрылысын  жобалаудағы  экологиялық 

картографиялаудың  теориялық  және  әдістемелік  негізін  құрудағы  мәселені  шешетін,  салынатын 

аумақтың ерекшеліктерін көрсететін әдістерді қажет етеді. 

Экологиялық  картографиялаудың  дамуының  заманауи  кезеңі  экологиялық  зерттеулердің 

жергілікті дәрежеге өтуімен, қалалық аумақтарды картографиялық талдаудың жаңа принциптері мен 

әдістерін құрумен және қолданумен сипатталады. 

Қала  құрылысы  мен  жобалау  құжаттамасындағы  экологиялық  бағыттағы  картографиялық 

мәліметтердің  негізгі  қызметі  қала  құрылысы  мәселелерін  дұрыс  қабылдауды  ақпараттық-

картографиялық    қамтамасыз  етумен  байланысты.

 

Қала  құрылысын  жобалаудағы  экологиялық 



карталардың  негізгі  мақсаты  –  қарастырылатын  қалалық  аумақтың  ерекшеліктері  және  оның 

негізінде  қабылданған  жобалық  шешімдерімен  бірге,  «қала-табиғат»  жүйесіндегі  экологиялық 

байланыстарды көрсету болып саналады.  

Қала  құрылысын  жобалаудағы  экологиялық  картографиялаудың  әдістемесін  құру  кезінде,  қала 

құрылыстын  жобалау  құбылысында  ескерілетін  бейнелеудің  құрамы  мен  әдісін  анықтайтын,  қала 

аумақтарында келесі негізгі ерекшеліктерді ескеру қажет: 

−  қала аумақтарының үзіктілігі; 

Адам  жасаған  кеңістіктік  құрылымдар  шекарасындағы  процестер  мен  құбылыстардың  даму 

үзіктілігімен ескеріледі. Картографияланатын құбылыстың шекаралары көп жағдайда ғимараттар мен 

құбылыстардың, жолдар  мен  көгалдандырылған аумақтардың  орналасуымен

 

анықталады.  Айтылған 



нысандардың  орналасуы,  қалалық  орта  компоненттерінің  үзікті  шекараларын  мақсатты  қолдануды 

анықтайды. Осыған байланысты картографиялаудың нақты тәртібін белгілеу  қажет: 1)  картография-

ланатын  құбылыстың  таралуына  байланысты  бірдей  аумақтарды  белгілеу;  2)  белгіленген  шекаралар 

шеңберінде,  математикалық  моделдеу  немесе  эксперттік  бағалау  әдістерімен  құбылыс  шамасының 

вариабелділігін орнату. 

Бірақта,  қаланы  шағын  аумақтық  бөліктерге  бөлу  мәселелерін  шешудің  бірыңғай  тәсілі  қазіргі 

таңда  әлі  жоқ.  Архитекторлар  мен  жобалаушылар  қаланы  бөлу  кезінде  қала  құрылысы 

критерийлеріне және қалалық аумақтардың базистік осьтік планына сүйенеді. Ал ландшафшылар мен 

экологтар қаланы бөлу негізінде табиғи орта ерекшеліктерін ескереді. 

Қала  құрылысын  жобалауда  картографиялаудың  бағалау  бірлігін  таңдау  қала  құрылысы 

тапсырмасының масштабына және қала құрылысын жобалау сатысына байланысты.  

−  қала кеңістігінің үшөлшемділігі; 

Экономикалық  жағдайларға  байланысты,  қала  аумақтарын  қолдану,  қаланың  өсуіне  алып  келеді, 

яғни  «жоғары»  қарай  –  көпқабатты  ғимараттар  салынады,  және  «төмен»  қарай  –  жерасты 

коммуникациясы  мен  құрылыстар  (қоймалар,  тоннельдер  және  т.б.)  салынады.  Қаланың  вертикаль 

құрылымының өзгеруі бедерге де байланысты.  

−  қала аумақтарының даму тарихы; 

Қаладағы  экологиялық  жағдайды  зерттеу  және  кешенді  талдау,  оның  құрылу  және  дамуының 

әртүрлі  кезеңдері  экологиялық  карталарды  құрудың  бағыттылығын  анықтайды.  Қала  аумақтарында 

шаруашылық  істі  ұзақ  уақыт  бойы  жүргізу,  оның  ландшафтық  құрылымының  қалыптасуы  мен 

спецификасына  әсер  етеді.  Кеңеюіне  байланысты  қалада  құрылыс  салу  белгілі  қалыптасқан  тарихи 

қызметі  бар  аумақтарға  келеді:  ауылшаруашылық  –  егістік  және  жайылымдық  жерлер,  өнеркәсіптік  – 



 

 

299



фабрикалар  мен  зауыттар,  рекреациялық  –  саябақтар  мен  үй-жайлар.  Демек,  қала  құрылысын  игеру 

кезінде, жобалық шешімді дұрыс атқару үшін, әртүрлі уақыттағы картографиялық бейнені қарау арқылы 

қала  аумақтарының  «экологиялық»  тарихын  зерттеу  қажет.  Қалалардың  әртүрлі  уақыттағы  жоспарын 

талдау  арқылы  жер  пайдалану  түрін  анықтайтын  мәліметтерді,  мысалы,  қала  құрылысын  жоспарлау 

кезінде  сол  жердегі  ескі  коммуникациялар  мен  инженерлік  құрылыстарды,  ескі өнеркәсіп  аумағындағы 

ластаушы ошақтарды және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.  

−  қала аумақтарының даму белсенділігі; 

Қалалардың  дамуының  экономикалық  болжамында  15-20  жылды  қамтитын    «жоспарлаудың 

есептік  уақыты»  деген  түсінік  бар.  Осыған  қатысты,  лайықты  органдармен  қала  құрылысы  ісінің 

орындалу  және  зардаптар  мүмкіндіктері  бағалануы  қажет.  Дәлірек  айтқанда,  нысандардың  күрделі 

және  күрделі  емес  құрылысы,  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстары,  аумақты  кешенді  жақсарту, 

қаладағы табиғи нысандарды қалпына келтіру. 

−  картографияланатын құбылыс шекарасының көрінісі. 

Табиғи  және  антропогендік  шекаралардың  қалыптасуын  анықтайтын,  қаладағы  процестердің 

табиғи және антропогендік даму негіздерін көрсетуге болады. Шекаралардың белгіленген түрлерімен 

бірге  қала  аумағындағы  қала  құрылысы  ісінің  режимі  мен  табиғатты  қорғау  шараларын  жүргізетін 

аймақтарды анықтау орындалады. Табиғи шекаралар аумақты жақсарту ұсынысы, көгалдандырудың 

тұрақты жүйесін құру және т.б. мәселелерде негіз  бола алады. Антропогенді шекаралар шеңберінде, 

қарастырылатын  аумақтардағы  инженерлік-технологиялық  және  архитектуралық  шешімдерді 

қолдану туралы жобалаушыларға ұсыныстар құрастыруға болады.  

Экологиялық  карталарды  құру  арқасында  қала  құрылысын  жобалаудың  мынадай  мәселелерін 

шешуге болады: 

−  шаруашылықтың  белгілі  бір  түрін  жүргізуді  қабылдау  үшін  қала  аумағын  пайдалану 

мүмкіндігін бағалау; 

−  жобаланатын  нысанға  қойылатын  экологиялық,  қала  құрылыс-тық,  сәулеттік-жоспарлық, 

инженерлік шарттар мен талаптарды анықтау; 

−  қала құрылысы шешімінің экологиялық-экономикалық тиімділігін бағалау [2]. 

Экологиялық карталар қала аумағын басқару мәселелсін шешудегі келесі шараларды ұйымдастыруда 

маңызды мәлімет көзі болып табылады: 

− 

қаланың қоршаған орта сапасын жақсарту және халықтың денсаулығын қорғау; 



−  экологияға  байланысты  ауруларды  медициналық  алдын-алу  шараларын  жобалау  және 

жүргізу; 

−  әртүрлі балалар мекемелері мен медициналық нысандарды орналастыруды оңтайландыру; 

−  картографияланатын  аумақтың  қоршаған  ортасына  жағымсыз  әсер  ететін  жаңа  стационар 

өндірістік кәсіпорындар, жол тораптары мен басқа да техногендік нысандарды салуды бағалау; 

−  экологиялық таза аймақта жаңа тұрғын үйлерді тиімді салуды жоспарлау; 

−  өндірістік қалдықтардың көлемін азайту мен оларды тазарту бойынша шараларды жоспарлау 

және жүргізу; 

−  санаториялар мен демалыс аймақтарын орналастыру [3]. 

Экологиялық  карталар  ғылыми  мәселелерді,  аумақтық  шаруашылық  даму  мәселелерін,  олардың 

табиғи  ресурстарын  тиімді  пайдалану  және  эксплуатациялау  шараларын  қамтамасыз  ететін  мәселелерді 

шешу  мақсатында  адамның  өмір  сүру  жағдайын  білуде  үлкен  тәжірибелік  маңызы  бар.  Сондай-ақ  тек 

мамандар ғана емес, қоғам да экологиялық карталарға деген қызығушылық танытуда [4].  

Экологиялық  картографиялау  мен  экологиялық  мазмұнды  карталар  туралы  ғылыми 

мақалалардың  жыл  сайын  көбеюі  және  қоршаған  орта  жағдайы  туралы  ақпараттардың  ұлғаюы 

экологиялық  картографиялау  рөлінің  зор  екенін  көрсетеді.  Бұған  картографиялық  мәліметтердің 

ақпараттық  сиымдылығы,  көрнекілігі  мен  оңай  қолжетімділігі,  карта  мазмұнын  талдаудың 

автоматтандырылған әдісін қолдануға мүмкіндік беретіндігі әсер етті

а

[5]. 


Қазіргі  кезде  барлық  картографиялық  жұмыстар  геоақпараттық  жүйені  қолдану  арқылы 

жүргізілетінін  ескерсек,  экологиялық  карта  –  қалалық  аумақтағы  әртүрлі  жерлердің  экологиялық 

көрсеткіштері  мен  ластану  дәрежесін  толық  көрсететін,  экологиялық  мәліметтер  базасының  жиынтығы 

болады  [6].  Осыған  байланысты  экологиялық  карталар  қаланың  экологиялық  сипаттамасын  ғана  емес, 

сонымен қатар, уақытқа және кеңістікке байланысты өзгерістерді көрсетуге мүмкіндік береді. 

Қала  аумағын  басқару  нысандарына  қаланың  әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық  қызметін 

атқаратын  ғимараттар,  оларды  пайдаланатын  кәсіпорындар  мен  мекемелер  кіреді.  Оларға  қала  аумағын 

сумен,  су  бұрғыштармен,  энергиямен,  байланыс,  газ  және  жылумен  жабдықтау,  көркейту  және 

санитарлық жинау, қалалық транспорт, сонымен қатар, қалалық суаттар мен жасыл желектер кіреді. 


 

 

300 



Қала  ірі  болған  сайын,  оны  басқаруды  ұйымдастыру  жүйесі,  сондай-ақ  халықтың  өмір  сүру 

қолайлылығын  қамтамасыз  ету  қиын  болады.  Қала  аумағын  басқарудың  ең  басты  мақсаты  қолайлы 

тұрмыстық және экологиялық жағдай жасау.  

Қаланың  экологиялық  жағдайын  жақсартуға  байланысты  экологиялық  карталарды  пайдалану 

арқылы ауа, су және топырақты қорғау жұмыстарын жүргізу керек. Мысалы, қалалық су нысандарының 

айналасында  қоқыс  тастайтын  жерлер,  көлік  тұрақтары,  жанармай  құятын  станциялар  және  суды 

ластайтын  көз  болатын  нысандар  орналастыруға  болмайтын  қорғаушы  жағалау  жолақтары  құрылуы 

керек.  Қалалық  су  нысандарының  жағалаулары  берітілуі  және  көркейтілуі  керек.  Ағынды  сулардағы  су 

тарататын  және  су  тірейтін  құрылыстар  жүйесі  экологиялық  тұрғыдан  қажет  тереңдіктер  мен  ағыс 

жылдамдығын  қамтамасыз  етеді.  Қалалық  суаттар  мен  ағынды  сулар  жаз  мезгілінде  қаланы  қоршаған 

ортаның  жағдайын  жақсартады  және  тұрғындардың  демалыс  орнына  айналады.  Қаланың,  су 

пайдаланудың өсуіне байланысты ағынды суларды тазалайтын су тазалаушы ғимараттар салынуы қажет. 

Жүргінші  жолдарын,  тротуарларды  санитарлық  жинау  ауаның  шаң-тозаңдануын  төмендетіп, 

қаладығы  экологиялық  жағдайды  жақсартады.  Қала  аумағын  санитарлық  жинау  қатты  тұрмыстық 

қалдықтарды  уақытылы  құртумен  тығыз  байланысты.  Қатты  тұрмыстық  қалдықтар  топырақты 

ластанудан  қорғайтын,  қатты жабындысы  бар  арнайы  аймақтарда  жиналуы  және  уақытша  сақталуы 

керек. Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар салынуы қажет. 

Автокөліктердің  тастайтын  газдарынан  ауаны  қорғау  үшін  жүк  тасушы  көліктерді  өткізу  үшін 

жол  тораптарын  салу  қажет.  Қаладағы  ауаның  экологиялық  жағдайын  жақсарту  үшін  қала 

қазандықтарында,  жылу  және  электр  орталықтарында  көмірден  бас  тартып,  орнына  табиғи  газды 

қолданған жөн. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді де газдандыру, қаладағы ауаны жақсартады. Қаланы 

экологиялық жағынан жақсартуда жасыл желектердің де маңызы зор.  

Осыған  байланысты,  қала  тұрғындарының  экологиялық  жақсы  өмір  сүру  ортасын  қамтамасыз 

ету үшін қала аумағын басқаруда экологиялық карталар маңызды құрал болып табылады. 

    

Әдебиет 

  

1.  Николаева  О.Н.,  Ромашова  Л.А.  Применение  интегральных  экологических  карт  для 

эффективного ведения городского хозяйства  ⁄⁄ Интерэкспогео-Сибирь. 2010. Т. 1. №2. -С. 103-105. 

2.  Курбатова 

А.С., 

Баранникова 



Ю.А. 

Экологическое 

карто-графирование 

для 


градостроительного проектирования    ⁄⁄ Маджента, НИиПИЭГ. -С. 1-14. 

3.  Гичев Ю.П., Середович В.А., Лесных И.В., Николаева О.Н., Корсун В.С., Суслин В.П., Юдин 

А.С., Турбинский В.В., Чирков В.А. Основные принципы создания интегральных экологических карт 

в системе экологического мониторинга ⁄⁄ Интерэкспогео-Сибирь. 2006. Т. 3. №1. -C . 168-173. 

4.  Ротанова  И.Н.  Российское  экологическое  картографирование  на  рубеже  веков:  анализ 

основных направлений и подходов и опыта  ⁄⁄ Интерэкспогео-Сибирь. 2006. Т. 1. №2. -С. 193-197. 

5.  Ротанова И.Н. Экологическое картографирование:  современное картографическое познание 

действительности ⁄⁄ Мир науки, культуры, образования. 2008. №4(11). -С. 20-24. 

6.  Мазуров  Б.Т.,  Николаева  О.Н.,  Ромашова  Л.А.  Интегральные  экологические  карты  как 

инструмент  исследования  динамики  экологической  обстановки  промышленного  центра  ⁄⁄  Известия 

высших учебных заведений. Геодезия и аэрофотосьемка. 2012. №2.1. -С. 88-91. 

 

 



ПРОБЛЕМЫ ХРАНЕНИЯ ВЫСОКОСВЯЗНЫХ РУДНЫХ МАСС В ЦВЕТНОЙ 

МЕТАЛЛУРГИИ 

 

Абеуов А.М., Бейсенов Б.С., Курманалиев М.Б. 



КазНТУ имени К.И. Сатпаева, г. Алматы, Республика Казахстан 

 

Уже  не  вопрос,  что  руды  цветных  и  редких  металлов  в  последние  годы  имеют  низкое 



содержание  ценных  компонентов.  Отсюда  становится  ясно,  что  в  процессе  производства  цветных 

металлов  приходится  добывать  и  перерабатывать  значительный  объем  горной  массы,    которую 

необходимо где-то хранить и своевременно подавать на соответствущие переделы. Для решения этих 

задач и существуют бункера и устройства для выпуска сыпучих материалов. 

Для  получения  необходимой  эффективности  от  использования    бункеров  и  силосов  новой 

конструкции  при  их  конструировании  следует  всесторонне  изучить  и  учесть  физико-механические 

свойства  той  или  иной  группы  сыпучих  грузов,  для  которой  предназначено  данное  устройство. 


 

 

301



Одним  из  основополагающих  принципов  создания  ресурсосберегающих  бункерно-силосных  систем 

является максимальное использование при выпуске потенциальной энергии, которой обладает столб 

материала, загруженного в емкость.  

Непременным  условием  эффективного  функционирования  бункерно-силосных  устройств  /1/ 

является синхронизация гравитационного истечения материала с принудительным выпуском  за счет 

рабочих органов питателя. Гравитационное истечение грузов достигается в бункерах, стенки которых 

имеют  гладкую  поверхность  и  установлены  под  большим  углом  (60°  и  более)  к  горизонту. 

Необходимым элементом этого вида истечения является также большое выпускное отверстие, что не 

всегда  выполняется  в  производственных  условиях,  так  как  не  соблюдается  конфигурация  бункера  в 

угоду планировочных решений.  

Процесс  истечения  сыпучих  грузов  из  бункеров  нарушается,  в  первую  очередь,  вследствие 

возникновения явлений сводообразования. Особенно сильно этому явлению подвержены связные грузы. 

Классическая  наука  о  процессе  истечения  грузов  из  емкостей  применима  лишь  для  сыпучих 

грузов  незначительной  связности  и  не  рассматривает  явление  сводообразования.  Для  подавления 

сводообразования  используются  различные  технические  устройства,  которые  воздействуют  на 

сыпучий груз, стимулируя его истечение активным либо пассивным способом. 

Выгрузка  высокосвязных  грузов  из  бункерно-силосных  емкостей  может  быть  осуществлена  при 

рациональном сочетании гравитационного и принудительного выноса сыпучих грузов из полости емкости. 

Управление  процессом  извлечения  должно  осуществляться  при  помощи  сводообру-шителей,  затворов  и 

питателей.  Кроме  того,  сводообрушители  изменяют  свойства  груза  в  зоне  выпуска,  что  способствует 

обеспечению заданной производительности выгрузки, подавлению процесса сегрегации груза, частичному 

восстановлению сыпучести слежавшегося материала и т.п. 

 

 

 

Рисунок 1- Побудители бункерных устройств 

 

Среди  лотковых  бункеров  наибольшую  геометрическую  емкость  (при  одних  и  тех  же  габаритах) 



имеют бункера с параболическими стенками. Благодаря особенностям своей статической работы стенки 

параболической формы требуют минимального расхода материала. Во время выгрузки остатков груза из 

бункера,  верхние  слои,  стекая  к  выгрузной  воронке,  ускоряются  в  движении.  Таким  образом 

осуществляется  максимальное  опорожнение  емкости.  Однако,  часть  объема,  где  угол  наклона  стенок 

увеличивается к выпускному отверстию, фактически не используется. Поэтому даже при хорошосыпучих 

грузах в бункере с параболическими стенками полезный объем меньше расчетного. Для трудносыпучих 

грузов эти места стенок в бункере являются хорошим основанием для развивающегося сводообразования. 


 

 

302 



Кроме  того,  в  параболическом  бункере  не  может  быть  устроено  продольное  щелевое  отверстие,  а  при 

выпуске  груза  из  отдельных  отверстий  между  ними  образуются  залежи  даже  в  центральной  части 

бункера.  Все  эти  причины  определяют  очень  низкий  коэффициент  использования  емкости 

параболических  бункеров  при  плохосыпучих  материалах.  По  этим  причинам  параболическая  форма 

стенок  бункера  часто  применяется  для  бункеров  большой  глубины.  Таким  образом,  применение 

параболических  бункеров  для  плохосыпучих  грузов  нецелесообразно.  Однако  бункер  есть  и 

сопутствующие его эксплуатации негативные факторы также имеются. 

Существующая технология погрузочно-разгрузочных работ с трудносыпучими грузами подразумевает 

их  истечение,  которое  в  большинстве  случаев  удается  организовать  только  с  применением  специальных 

побуждающих устройств. Эффективность применения того или иного вида побудителя зависит от места его 

установки, геометрических параметров емкости и физико-механических свойств груза. 

Классификация побудителей в бункерных устройствах: 

- виду действия на грузы; 

- исполнению сводообрушителя; 

- диапазону применения. 

По  виду  воздействия  на  груз  побудители  можно  разделить  на  механические,  вибрационные  и 

пневматические. 

А по методу установки: стационарные и переносные. 



Электрогидравлический  эффект  (ЭГЭ)  /2/—  новый  промышленный  способ  преобразования 

электрической  энергии  в  механическую,  совершающийся  без  посредства  промежуточных  механиче-

ских звеньев, с высоким КПД. Сущность этого способа состоит в том, что при осуществлении внутри 

объема  жидкости,  находящейся  в  открытом  или  закрытом  сосуде,  специально  сформированного 

импульсного  электрического  (искрового,  кистевого  и  других  форм)  разряда  вокруг  зоны  его 

образования  возникают  сверхвысокие  гидравлические  давления,  способные  совершать  полезную 

механическую работу и сопровождающиеся комплексом физических и химических явлений. 

Опытным  путем  была  установлена  возможность  широкого  варьирования  параметрами 

принципиальной электрической схемы, воспроизводящей электрогидравлический эффект. Это дало осно-

вание  ввести  понятие  «режим  работы»  силовой  установки,  подразумевая  под  этим  значения  основных 

параметров схемы: емкости и напряжения. Были определены три основных режима: жесткий U >50 кВ; 

С<0,1 мкФ; средний — 20 кВ<U<50 кВ; 0,1 мкФ<С<1,0 мкФ; мягкий U<20 кВ; С>1,0 мкФ.  

Для  побуждения  зависшей  рудной  массы  предлагается  «средний»  режим.  Но  для  уточнения 

параметров ГИТ необходима экспери-ментальная проверка, которая вполне осуществима. 

 

 

 

Рисунок 2 - ЭГЭ-устройство коробчатого типа 



 

В  качестве  коммутирующих  устройств  в  ГИТ  электро-гидравлических  установок  используют 

разрядники 

различных 

типов 

(воздушные 



атмосферного 

давления; 

вакуумные 

искровые, 



 

 

303



газонаполненные, игнитронные, тиристорного типа, электронные и др.). Все  они должны удовлетворять 

следующим  требованиям:  выдерживать  рабочее  напряжение  без  перекрытия  по  изоляции  в  течение 

продолжительного  времени;  иметь  хорошую  износоустойчивость  при  коммутации  заданной  энергии; 

обладать малыми индуктивностью и сопротивлением по сравнению с электрическими параметрами раз-

рядного  контура  и  малым  временем  срабатывания  и  восстановления  своих  изолирующих  свойств; 

обеспечивать  заданную  частоту  разрядов;  удовлетворять  санитарным  требованиям  (по  уровню  звука, 

выбросу  образовавшихся в момент разряда газов). Наиболее часто в электрогидравлических  установках 

различного  назначения  применяют  воздушные  разрядники  атмосферного  давления.  Они  просты  по 

конструкции, надежны в эксплуатации, но имеют значительное время деионизации, что препятствует их 

использованию  при  повышенных  частотах.  Стабильность  их  работы  во  многом  зависит  от  условий 

окружающей  среды  (влажности,  температуры,  состояния  поверхности  электродов  разрядника, 

запыленности  атмосферы).  При  работе  воздушных  разрядников  образуются  вредные  для  здоровья 

работающих  оксиды  азота,  озон.  Поэтому  при  эксплуатации  разрядников  следует  предусмотреть  их 

продувку  и  выброс  вредных  газов  вне  пределов  рабочего  помещения.  Кроме  того,  они  должны  быть 

оборудованы  глушителями  шума  разрядов  с  учетом  санитарных  норм.  Современные  воздушные 

разрядники рассчитаны на коммутирование напряжений до 100 кВ и токов до  1000 кА. 

В  качестве  ЭГЭ-устройства  для  обрушения  сводов  зависшей  руды  в  параболическом  бункере 

ЦОМР предлагаются: 

- ЭГЭ-устройство коробчатого типа;  

- ЭГЭ-устройство колпакового типа. 

Для  транспортировки  ЭГЭ-устройств  в  рабочие  зоны  бункера                              (в  зоны  зависания) 

предполагается  использование  электротельфера  Q=3  т,  передвигающегося  на  монорельсе 

подвешенного к металлоконструкция надбункерного пространства. 

В  качестве  материала  колпака  предполагается  использовать  гуммированную  резину  на 

металлизированном  каркасе  со  сплошным  стальным  кольцом,  в  качестве  опорной  поверхности.  В 

альтернативном варианте – сварной короб из листовой стали, толщиной до 10 мм. 

 

 

 



Рисунок 3 - ЭГЭ-устройство колпакового типа 

 

Для подачи воды  в рабочее пространство ЭГЭ-устройства предлагаются 2 варианта: 



- из емкости закрепленной на внешней поверхности корпуса ЭГЭ-устройства, емкостью не менее 500л; 

- из цеховой магистрали посредством разъёмно-шланговой системы. 

Форма  электрода  и  его  параметры  приведены  на  рис.  2,3  там  же  приведена  конструкция 

разрядника с глушителем. 

 


 

 

304 




1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал