Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



жүктеу 8.29 Mb.
Pdf просмотр
бет2/81
Дата12.01.2017
өлшемі8.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81

Литература 

 

1.  Бурдэ  А.И., Васильева  В.И., Ветров  А.Г.Полевая  геология.  Справочное  пособие.  Недра, 

Ленинград, 1989 г,321 с-365. 

2. Смирнов В. И. Геология полезных ископаемых. M.: «Недра», 1982. – 669, 148 с. 

 

 

КАНЫШ ИМАНТАЕВИЧ САТПАЕВ И СЛУЖБА ИНЖЕНЕРНЫХ   



ИЗЫСКАНИЙ В  РАЗВИТИИ ПРОИЗВОДИТЕЛЬНЫХ СИЛ СТРАНЫ 

 

Адиков М.Т.  

КазНТУ имени К.И.Сатпаева, г. Алматы, Республика Казахстан  

 

Первый  президент  Академии  наук  Казахстана  выдающийся  геолог,  академик  К.И.Сатпаев, 

возглавляемый армией ученых и инженеров геологов, оказал большое влияние на развитие народного 

хозяйства  и  культуры  республики  Казахстана.  Геологи,  под  его  руководством,  разрабатывали 

прогнозы,  открывали  сотни  месторождений  полезных  ископаемых,  которые  являлись  основой 

развития  производительных  сил  республики  и  стимулирующим  фактором  градостроительства.  Их 

научно-изыскательские  разработки  месторождений  по  совершенствованию  добычи  и  комплексной 


 

переработке месторождений позволили увеличить объем запасов подземных полезных ископаемых и 



тем  самым  гарантировать  длительной  работой  жителей  городов  и  поселков  горнодобывающей 

отрасли. 

Сатпаев  хорошо  понимал,  что  возведение  любой  шахты,  рудника,  завода,  жилого  дома 

невозможно  сделать  без  инженерных  (топографо-геодезических  и  инженерно-геологических  работ) 

изысканий. Он немало статей посвятил работе топографов и геодезистов, подчеркивая их огромную 

роль  в  развитии  народного  хозяйства  республики.  В  1930  году  добился  в  Москве  больших 

бюджетных  средств  для  регулярного  проведения  топографических  и  инженерно-геологических 

работ,  ставшими началом  становления  службы  инженерных  изысканий  в Казахстане.  По  настоянию 

Каныш  Имантаевича  в  республике  открылись  учебные  заведения  по  подготовке  топографов, 

геодезистов, геологов, геологов по гидрогеологии и инженерной геологии. 

На базе богатства подземных ископаемых создались известные не только нам, ко и за рубежом 

такие  города:  Караганда,  Экибастуз,  Абай,  Шахтинск,  Сарань;  города  металлургов:  Усть-

Каменогорск,  Балхаш,  Джезказган,\Лениногорск,  Темиртау;  города  химии:  Каратау,  Алга,  города 

горняков: Рудный, Лисоковск, Каражал; города энергетиков: Ермак, Серебрянск. Хочется верить, что 

неуемная  рыночная  страсть  инвесторов  к  прибыли,  приводящая  к  истощению  подземных  залежей 

богатыми  полезными  ископаемыми,  не  обречет  многие  из  этих  городов,  за  короткие  сроки,  в 

моногорода-призраки. 

В  современном  веке  человечество  усиленно  воздействует  на  природную  геологическую  среду, 

особенно в городах и промышленных центрах, что наблюдается и в нашей республике. В сферах его 

воздействий  изменяются  все  компоненты  природной  среды:  атмосфера,  климат,  поверхностная 

гидросфера,  растительность,  почвы,  рельеф,  верхний  покров  литосферы,  подземная  гидросфера, 

современные  геодинамические  процессы  и  явления.  С  изменением  природной  среды  формируется 

широкий спектор антропогенных геологических процессов, которые оказывают огромное влияние на 

окружающую среду и градостроительную практику. 

С  проявлением  антропогенных  геологических  процессов  и  явлений в  крупных  городах  нередко 

связано  большое  количество  деформаций  и  аварий  зданий  и  сооружений,  мерзлотно-геологические 

явления,  просадки  лессовых  грунтов,  подтопление  городских  территорий  и  др.  Тем  самым 

ухудшается  окружающая  природная  среда.  В  связи  с  этим,  как  никогда,  усилилась  значение 

проблемы  охраны  и  улучшения  природы,  особенно  для  городов  и  промышленных  центров,  потому 

что  они  выступают  в  роли  главных  факторов  отрицательного  воздействия  на  сложившуюся 

естественную геологическую среду. 

Поэтому современная строительная практика испытывает большую потребность в прогнозировании 

антропогенных  геологических  процессов  и  явлений,  а  так  же  управления  ими,  используя  инженерно-

геологическую  мелиорацию –  систему  улучшения  инженерно-геологические  условия  всех  компонентов 

инженерно-геологической среды (грунтовых, гидрогеологических, геодинамических и др.). 

В  этом  аспекте,  учение  Каныш  Имантаевича  Сатпаева  по  широте  комплексности  получило 

отражение в гидрогеологической и инженерно-геологической науке республики, представляющее так 

же вкладом в развитие учения В.И. Вернацкого и А.Е. Ферсмана о техногенезе и ноосфере. Об этом 

свидетельствуют такие капитальные работы, в которых принимал участие автор: 

Карта  районирования  Казахстана  по  режиму  быстроменяющихся  факторов  формирования  и 

активности опасных геодинамических процессов. Масштаб 1: 2 ООО ООО. 

Атлас  природных  и  техногенных  опасностей  и  рисков  чрезвычайных  ситуаций.  Масштаб           

1: 7 500 ООО. 

-  Инженерно-геологическая карта Казахстана. Масштаб 1: 1 ООО ООО. 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕМІР КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ТИПТЕРІ 



 

Айдосов Ж.Қ., Аршамов Я.К.   

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

 Қазақстан  темір  кені  қоры  жөнінен  ТМД  бойынша  Ресей  мен  Украинадан  кейін  үшінші  орын 



алады  (16,6  млрд  т).  Темір  кен  орындары  көбінесе  Солтүстік  Қазақстанда,  мұнда  барлық  темір  кені 

қорының  85%-ы  шоғырланған.  Әсіресе,  Қашар,  Соколов,  Сарыбай  кен  орындарының  маңызы  зор. 

Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір 

аномалиясының  әсерінен  тұсбағар  тілінің  кенет  ауытқығаны  ұшқыштың  көңілін  аударды.  Көп 



 

ұзамай,  өте  сирек  кездесетін  темір  кені  ашылды.  Мұндағы  кен  жоғарғы  сапалы  және  оның 



құрамындағы  темірдің  мөлшері  50-60%-ды  құрайды.  Шөгінді  жыныстардан  пайда  болған  рудалар 

Қостанай облысындағы Әйет жәнө Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық 

әдіспен  ондіріледі.  Кеннің  құрамында  таза  темір  37-42%.  Темір  кенінің  шағын  кен  орны  Қарағанды 

(Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) облыстарында бар. Темір  (лат. Ferrum) Fe. Темір 

екі жағдайда кездеседі. Оның бірі – жердің өзінен пайда болған жерлік (теллурлық ) темір, екіншісі – 

аспаннан  метеорит түрінде жерге түскен космостық темір.  



Жаратылысы  және  кендері.  Теллурлық  таза  темірдің  сирек  табылғандары  негізді  және 

ультранегізді 

магмалық 

жыныстармен 

байланысты 

болады. 


Өте 

ірі 


таза 

темір 


кендері Гренландияның батыс  жағасындағы  Диско  аралының  Уифаке  базальттарында  және 

Германиядағы  Кассель  қаласының  қасында  ұшырасқан.  Сонымен  бірге  осы  екі  кен  орындарында 

пирротин  (FeS)  және  сидерит  (Ғе

3

С  –  темір  карбиді)  кездеседі.  Тегінде  темірдің  жаратылысы  осы 



минералдармен  байланысты  болу  керек.  Өзгерілген  (серпентинделген)  ультранегізді  жыныстарда 

темір 


өте 

ұсақ 


түйіршіктер 

түрінде 


бірнеше 

рет 


кездескен. 

Сонымен 


қатар 

оның парагенезисті пирротиннен,  кейде  магнетиттен  шыққаны  да  анықталды,  яғни  солардың 

оттегінен  тотықсыздану  реакциясынан  шығады.  Сондай-ақ  кварцты  тақта  тастардан  экзогендік 

жолмен шашыранды түрде шыққан темір  де бар (Борнео аралы). Тас көмірдің өртенуінің арқасында 

және  шымтезек  заттары  арасында  да  темір  пайда  болады  деген  пікір  бар.  Бұл  айтылған  теллурлық 

темірден  басқа  аспан  кеңістігінен  келген  таза метеорит темір  кесектері  кездеседі.  Оны  космостық 

темір деп атайды. Метеорит темірінің бір өзгешелігі – оның ішкі құрылысы ромбылы решетка болып 

келеді.  Ондай  құрылыс  метеорит  темірінін  бетін  тегістеп  өңдегенде  байқалады.  Оны  алғашқы 

байқаушының  аты  бойынша  видмагнитет  фигурасы  деп  атайды.  Темір  барлық  ірі  өнеркәсіп  пен 

машина  жасау  өндірісінің  негізгі  металы  болып  табылады.  Темір  кендері  туралы  кейін  айтылады. 

Өйткені жеке элемент түрінде кездесетін темірдің өндірістік маңызы жоқ , тек минералогиялық қана 

маңызы бар. Темір кені көбіне тотық түрінде кездеседі. 



Қолданылуы. Темір кені – шойын(құрамындағы көміртек мөлшері C-2,5-4%), құрышты шойын 

(C-1,5-2,5%),  болат  (C-0,2-1,5%),  және  темір  (C-0,04-0,2%)  қорытып  алынатын  бастапқы  шикізат. 

Алынған шойынның 90% қайта өңделеді, яғни болат алуға қайта балқытылады. Қалған шойын құйма 

ретінде  қолданылады.  Болатқа    марганец,  ванадий,  никель,  хром,  вольфрам,  молибден,  ниоби  және 

басқа  лигерлеуші  металдар  қосу  арқылы  оның  сапасын  едәуір  жақсартуға  болады,  яғни  болаттың 

миханикалық  беріктігі,  тұтқыр-лығы,  антикоррозиялық  қасиеттері,  қышқылға  төзімділігі,  ыстыққа 

төзімділігі және т.б. қасиеттерін жақсартады. Бор элементі қосылса ол басқа лигерлеуші металдардың 

әсерін арттырады. Темір кенінің кейбір түрлері химия өнеркәсібінде бояу алу үшін, сондай-ақ  мұнай 

өнеркәсібінде ұңғыма бұрғылаған кезде аурлатқыш ерітінделер (гематит)  ретінде қолданылады.  

Химиялық  таза  темір  майырлғыш  келеді,  татттанбайды және  шыңдалмайды.  Мысалы,  Делидегі 

415  ж  тұрғызылған  Кугат-иль-Ислам  ғибадатханасындағы  темір  баған  (құрамындағы  темірдің 

мөлшері  99,7%,  биіктігі  7,3  м  диамеирі  төменгі  жағында  41,6  см  ұшында  29,5  см)    татанбай  әлі 

бастапқы қалпында тұр. 

Геохимиясы  мен  миниралогиясы.    Темірдің  жер  қыртысындағы  орташа  мөлшері  (кларкы) 

4,65% . Оның жоғарғы мөлшерде  шоғырлануы ультранегізді, негізді және магмалық сонымен  қатар 

метаморфтық таужыныстарда байқалады.  

Құрамында  темір  бар  450  минирал  белгілі.  Олардың  ішінде  өнеркәсіптік  миниралдарға 

жататындар мыналар. Магнетит Fe

3

 O



4

 (темірдің мөлшері 72,4%),    мартит пен гематит Fe

2

 O

3



 (70%) 

ильменит  FeTiO

3

  (36,8%)    қошқыл  теміртас  Fe



2

  O


n  H


2

  O  (48-63%)  шамозанит  пен  тюрингит,  яғни 

темірдің сулы алюмосиликаттары. 

Кен  типтері  мен  кондициялары.    Шикізаттың  техналогиялық  қаситтерін  анықтайтын  негізгі 

кен жасаушы миниралына байланысты өнеркәсіптік темір кені мынадай типтерге бөлінеді: 

1.  Магнетит. 

2.  Мартит және жартылай мартит. 

3.  Титанмагнетит. 

4.  Гематит және гидрогематит.  

5.  Қошқыл теміртас. 

6.  Сидерит. 

7.  Темірлі хлоирт. 

Доммада  бірден  балқту  ға  жарамды  кендегі  темірдің  мөлшері  мынадай  болуы  керек.  Магнетит, 

титанмагнетит пен гематит кендерінде – 40-45, қышқыл теміртаста – 37-45, оңай балқыйтын сидиритта – 

30-36. Құрамындағы темірдің мөлшері төмен кен байытуды қажет етеді. байытуды қажет ететін магнетит 

кенінде темірдің кондициялық мөлшері 14-16%-ға дейін төмен бола алады.  


 

10 


Зиянды қосылыстар. Кендегі зиянды қосылыстарға күкірт, фосфорит, күшәлә, қалайы, мырыш, 

қорғасын және мыс жатады. Өңдеу техналогиясына байланысты бұл компанеттердің кенге максимал 

мөлшері мынадай болуы мүмкін (%):  күкірт – 0,15-0,25; фосфор – 0,01-0,1; күшәлә – 0,08;  мырыш 

пен қорғасын – әрқайсысы 0,05; мыс – 0,2. Кен құрамында кальций мен магний карбанаттары болса, 

сапасын арттырады, ал көп мөлшердегі кремий тотығы керісінше сапасын нашарлатады.  

Бай  темір  кені  (Fe  57%,  SiO

  8-10%  ,  S,P  0.15%)  домна  үдерісін  айналып  өтіп,  бірден  болат 



дайндауға  бара  алады.  Ол  тікелей  конвертор,  мамртен  немесе  бессемер  өндірісіне  түсуі  мүмкін.  Ең 

бай  темір  кені  (Fe  68%,  SiO

2%,  S,P  0.01%)  шекмтас  алу  үшін  пайданылады,  содан  кейн  электрмен 



болат балқыту өндірісіне берілеі.  

Қоры  мен  өндірісі.  Темір  кенінің    әлемдік  ресурсы  іс  жүзінде  шексіз  деседе  болады.  Оның 

жалпы  қоры  350  млрд.  тонна,  ал  барланғаны  –  185  млрд.  тонна  деп  бағаланады.  Шетелдерде  темір 

кенің  негізгі  қоры  шоғырланған  жерлер  КХР,  Бразилия,  Кананда,  Үндістан,  АҚШ,  пен  Австралия. 

ТМД аумағында темір кенінің жалпы және барлаған қорының 1/3 бөлігі шоғырланған. Олардың 80% 

- дан астамы Украйнада, Ресейдің еуропалық болігінің орталық аудандарында, Қазақстан мен Оралда.  

Темір кенорындары қорынының мөлшері бойнша былай бөлінеді: 

1.  Өте ірі – 1млрд. тоннадан астам. 

2.  Ірі – 300млн тонна - 1млрд. тонна.   

3.  Орташа – 50-300млн тонна. 

4.  Ұсақ – 50млн дейн. 

Темір  кенінің  әлемдік  өндірісі  кәзіргі  кезде  900млн.  Тонна  шамасында,  оны  50  –  ден  астам  ел 

өндіреді. Ірі мөлшерде өндіріспен айналасатын елдер: Австралия, АҚШ,  Бразилия (әрқайсында 75-50 

млн.  тонна),  Канада,  Үндістан,  Франция,  ОАР,  Швеция,  Либерия.  Темір  кенін  игеруде  ТМД  әлемде 

бірінші  орын  алады(  245  млн.  тонна).  Өндірістің  негізгі  көлемі  (72,2%)  метоморфогендік  темірлі 

кварцит пен онымен бірге жатқан қоңды тотыққан темір кендердің үлесіне тиеді,  ал магнетит кенінің 

үлесі 19% , титан-магнетит - 9%, қошқыл теміртас пен сидерит - 4%. 

Тауарлық темір кенінің әлемдік бағасы 2000 жылы 16-20$/т шамасында өзгерсе (сатып алушыға 

жеткізуді қоса есептегенде), ал шекемтастың бағасы 30 $/т болған.  



Өнеркәсіптік кенорындарының типтері. 

Темір кенорындары барлық генетикалық топтарда кездеседі, бірақ олардың ішінде  кеннің қоры 

мен  ондіру    көлемі  бойынша  жетекші  рөлді  метоморфогендік  пен  шөгінді  кен  орындар  атқарады, 

сондай-ақ скарындық пен магмалық кенорындар да маңзды орын алады.  

1.  Магмалық  титан-магнетит  және  ильменит-титанмагнетит  кенорындары  негізді  және 

ультранегізді  интрузиялық  таужыныстарда  орналасып,  ірі  тереңдік  жаралымдар  белдемдерінде 

қадағаланады.  Ілеспе  минералдарға  оливин,  пироксен,  плагиоклаз,  серпентин  кіреді.    Бұл  типті  ірі 

кенорындар  орналасқан  жерлер:  ТМД  аумағында  –  Орал  (Куса,  Качканар,  Гусевогорск, 

Первоуральск), Карелия, Забайкалье.  

2.  Магмалық(карбанатиттік)  апатит-магнетит  кенорындары  сілтілі-ультранегізді  интрузтвтер 

ауқымында  орналасады  және  жарылымдар  белдемдерімен  тығыз  байланысты  болады.  Темір  кен 

денелері  негізінен  апатит-форстерит  таужыныстарынан  жаралып  ,  олар  магнетиттің  мол 

секпілдігінен, желілерінен және желішектерінен, сирек металды миниралдар қоспасынан тұрады. Бұл 

типке  ТМД  аумағында  Балтық  қалқанындағы  кенорындар  (Кавдор),  Африка  платформасының 

(Люлекоп-ОАР, Дорово-Зимбабве, Сукулу- Уганда), Канада мен Бразилия кенорындары жатады 

3.  Гидротермалық  вулканагенді  кенорындар  Сібір  платформасы  тараптарымен  байланысты. 

Оның палеозой түзілімдері тысында – карбанат және құмтас-тақтатас таужыныстарда, сонымен қатар 

скарындық  интрузиялық  таужыныстарда  орналасады.  Бұл  типті  ірі  кенорындар  орналасқан 

жерлер:Коршунов, Рудногорс, Нерюндинск, Тагар. 

4.  Скарындық  магнетит  және  кобальт-магнетит  кенорындар  карбанат  таужыныстардың 

қышқылдау гранитоид, сиенит, порфирит, т.б. магмалық таужыныстар жапсарында қалыптасады. Кен 

құрамында құнды қоспа ретінде кобальт кездеседі. Кенорындардың қоры көбінесе 100млн. тоннадан 

аспайды,  кейде  1млрд.  тоннаға  дейн  жетеді.  Бұл  типті  ірі  кенорындар  орналасқан  жерлер:  ТМД 

аумағында  –  Қазақстан(Сакалов,  Сарыбай,  Қашар  және  т.б.),  Батыс  Сібір  (Таштагол,  Абакан), 

Кавказ(Дашкесен). 

5.  Метаморфталған  гематит-магнетит  кенорындары   прекембрий  темірлі  кварцит  қатқабаттарынан 

тұрады.  Олардың  құрамында  темір  кеннінің  әлемдік  қорының  басым  массасы  орналасып,  әлемдік 

өндірістің 60% шамасын қамтиды. Кенорындардағы темірлі кварциттің қоры ондаған-жүздеген млрд. 

тоннаны  құрайды.  Бұл  типті  ірі  кенорындар  орналасқан жерлер:  ТМД  аумағында  – Кола  түбегі  мен 

Карелияда  (Оленегорск,  Костамукша),  КМА  алабында  (Корбковское,  Лебединское,  Стойленское), 



 

11 


Кривои Рог темір кен алабында  (Ингулецкое, скелеватское, Первомайское), Қазақстанда (Қарсақпай 

тобы), приморьеде (Кіші хинган) анықталған. 

6.  Вулканогенді-шөгінді  магнетит-гематит  кенорындары  эвгеосинклин  алқаптарының  синклин 

белдемдерінде  орналасқан. Кенорындар вулканогендік фциялармен байланысты және туф пен туфит 

арасында  жатады  немесе  әктас,  яшма  тәрізді  кремнилі-карбанат  және  сазтасты  таужыныстарда 

щрналасады. Бұл типті ірі кенорындар орналасқан жерлер: Батыс Қаражал (Қазақстан) Холзун(Таулы 

Алтай), Терсинск тобы(Кузнецк Алатауы). 

7.  Мору  кенорындары  негізді  және  ультранегізді  таужыныс-тардың  латериттік  мору  кезінде 

немесе  таужыныстардан  және  бастапқы  кеннен  темірдің  шаймалануы,  оның  шығарылуы  мен 

тотықсыздану  белдемінде  түзілуі  нәтижесінде  (инфилтрациялық  кенорындар  )  жаралады.  Бұл  типті 

ірі  кенорындар  орналасқан  жерлер:  Оралда  –  Халилов,  Елизаветинск,  Кавказда  –  Малкинское 

кенорындары. 

8.  Темір кенінің шөгінді кен орындары маңзды өнеркәсіптік мәнге ие (әлемдік өндірістің 30 %). 

Олардың арасында теңіз және континент кенорындары бөлінеді. Теңіз кенорындары өте ірі нысандар 

болып табылады. Олар геосинклин белдемдерде, шеткі  оистарда және платформаларда құмды-сазды 

жағалау  шөгінділерінің  арасында  жатады.  Бұл  типті  ірі  кенорындар  орналасқан  жерлер:  Аят 

(Қазақстан), Керчь (Қырым) және Төменгі Ангара (Сібір).  

9.  Континентік  (көл,  батпақ,  өзен)  кенорындардың  қоры  шамалы.  Олардың  ішіндегі  ең  ірілері 

Лисаковск (Қазақстан), Тула мен Липецк (Ресей). Кеннің сапасы көбіне төмен болады.  

 

Қазақстанның темір кен орындары 



Сарыбай  Темір  Кенорны – Қостанай қаласынаннан  оңтүстік-батысқа  қарай  45  км  жерде 

орналасқан. Кен орын 1949 жылы ұшқыш М.Г. Сургутанов  ашқан. 1949-56 жылы геологиялық және 

геофизикалық    жағынан  барланып,  1965  жылы  қорының  шамасы  бекітілді.  1961  жылдан  бері 

пайдаланылуда.  Кенорны   Валерьян   синклинорийіндегі   Соколов-  Сарыбай   антиклинінің батыс 

қанатын  құрайтын  визеилік шөгінді-жанартаутекті  түзілімдерінде  орналасқан.   Кен денелері  төменгі 

 карбонның жанартаутекті шөгінді 

тау 

жыныстарында 



шоғырланған. 

Сарыбай 


Темір 

Кені пласт тәрізді үш кен шоғырына бөлінеді: Батыс (созылымы 1900 м, қалыңд. 170-185 м), Шығыс 

және  Оңтүстік  –  Шығыс    (созылымы  1000  м).  Жалпы  қоры  527  млн.  т.  Ондағы  темірдің  мөлшері 

42,14%. Кен ашық  әдіспен  өндіріледі.    Басты минералдары магнетит, пирит, пирротин, мартит,  және 

тағы  басқа  қоспалар. Кентастың бастапқы магнетитті,  бастапқы сульфидті,  тотыққан-мартитті,  шала-

мартитті,  т.б.  түрлері  бар.  Құрамындағы  темірдің  мөлшеріне  байланысты магнетит кентастары бай 

(Fe>50%), 

орташа 


(Fe- 

30 


-50%), 

кедей 


(Fe – 

20-30%) 


болып 

бөлінеді. 

Пайдалы 

құраушыларына кобальт, мыс, қорғасын, мырыш, никель, күміс, кадмий жатады. Темір алу 

кезінде 

кентасты  магни  сепарациядан  өткізіп, агломерациялау әдісімен  байытылады.  Концентраттағы темір 

шығымы 60 — 63%. Сарыбай Темір Кені қоры жөнінен ірі кен орнына жатады. Басты минералдары –

 гидрогетит, гетит, турьит;  құрамындағы  темірдің  орташа  мөлшері  45%,  байытуды  қажет  етпейді. 

Тотыққан  белдемнен  тереңге  қарай  кен сидерит,   анкерит   және пириттен  тұрады.  Осы  тереңдіктегі 

кен  құрамында  31,65% темір,  аз  молшерде  мыс,  күшәла,  кобальт, қорғасын, молибден кездеседі. 

Кеннің  жалпы  қоры  55,9  млн.  т.  оның  ішіндегі  тотыққан  кеннің  мөлшері  23,24  млн.  т.  Тотыққан 

белдемдегі қошқыл түсті кен ашық әдіспен өндіріліп, бояғыш зат ретінде пайдаланылады.. 

Қазақстандағы  темір  кенорындары  өндірісі  және  маңздылығы  жөнінен  біркелкі  орналаспаған. 

Батыс    Қазақстандағы  Мұғалжар  кенорындарында  және  Дон  хром  комбинатының  маңында 

орналасқан  Велихов  темір  кенорыны  үлкен  мәнге  ие.  Солтүстік  Қазақстанда  орналасқан  темір 

кенорындары  негізгі  шікізат  базасын  құрайды.  Оның  ішінде  магмалық  және  қошқыл  темірлі 

Торғайдың    темір  кенорындары.  Орталық  Қазақстанда  да  темір  кенорындрының  үлкен  мөлшері 

кездеседі.  Оңтүстік  Қазақстанда  орналасқан  бірнеше  жүз  милион  тонналық  мыс  құрамды  магнетит 

рудалы  Иірсу  темір  кенорны  назар аударуға  тұрарлық  болып  табылады.  Иірсу  темір  кенорны  озінің 

сыртқы инвестициялық қызығушылық тудыруымен ерекшеленеді. Бұл типті қызығушылықтар қазіргі 

таңда  Өзбекстан  тарапынан  туындап  отыр.  Шығыс  Қазақстанда  жалғыз  ірі  кенорын  магнетит-

гематитті  Холзунск темір кенорны боып табылады. Оның негізгі бөлігі Ресей федерацясы аумағында 

орналасқан. Қалған кенорындар ұсақ немесе кенбілінімдерінің қатарына жатады. 

 

Әдебиет 

 

1. Месторождения железа Казахстана.Справочник. Алматы, 2005г. 

2. Байбатша Ә.Б. Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы Алматы, ҚазҰТУ, 2008 ж. 


 

12 


3.  Өжкенов  Б.С.  Қазақстан  пайдалы  қазбалары.  Көкшетау.  ҚР  Энергетика  және  минералдық 

ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті, 2003ж. 

4.  Байбатша  Ә.Б.  Геологиялық  қазақша-орысша  және  орысша  –  қазақша  терминилогиялық 

сөздік. Алматы. Ғылым, 2004ж. 

 

 

КЕМПІРСАЙ  МАССИВІНІҢ ТЕРЕҢДІК ҚҰРЫЛЫМЫ 



 

Аймурзаева Қ.Т. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

   


Батыс  Қазақстан  аумағындағы  хромиттің  Ор-Елек  қыратының  басым  бөлігі  Кемпірсай  және 

Хабарнин  массивтерінде  дамыған.  Кемпірсай  массиві  Қазақстанның  Ақтөбе  облысындағы  Орал 

антиклинорииінің Орталық – Орал көтерілімінде орналасқан [1,2]. 

Осы жұмыстармен қатар 1937 жылы массив көлемінде хромит кенорындарын іздеу жұмыстары 

жүргізілді.  Кемпірсай  массивінің  оңтүстік  бөлігінің  1:50  000  масштабтағы  геологиялық  картасы 

құрастырылып  Гигант  кенорны  және  басқа  да  ұсақ  кен  білінімдері,  сонымен  қатар  Алмаз  – 

Жемчужина  кенорындары  ашылды.  Кемпірсай  массивінде  150  –  ге  жуық  кенорындар  мен 

кенбілінімдер  белгілі.  Негізінен  Оңтүстік  –  Кемпірсай  Дон  хромит  кенорындары  орналасқан 

массивтің оңтүстік – шығыс бөлігі хромитке біршама бай.   

Аса  негізді  таужыныстарының  Кемпірсай  массиві  шамамен  1200  км

2

  алаңды  алып  жатыр. 



Кемпірсай  массивінің  солтүстік,  солтүстік  –  шығысқа  созылған  ось  сызығы  бойындағы  ұзындығы    

74 км, оңтүстіктегі ені 30 км-ге жетсе,  массивтің солтүстік жартысындағы біршама жіңішкелеу ені – 

10 км-ге жетеді [2].  

Массив  негізінен  әр  түрлі  мөлшерде  серпентиниттенген  перидотит-тер  және  дуниттермен 

сипатталады. Массивтің жоғары жағындағы перидотит және  дуниттер  толығымен  дерлік  серпентинитке 

айналған.  Жапсарлық  зоналарда  –  аса  енгізді  массивтің  шеткі  бөліктерінде  де  жаппай  серпентиниттену 

байқалады.  Аса  негізді  таужыныстарының  серпентиниттену  зонасының  тереңдігі  анықталмаған.  Бұрғы 

ұңғылары-ның мәліметтері бойынша ол 1200 м-ге дейінгі тереңдікке созылады.  

Кемпірсай  массивінің  құрылымында  перидотиттер  мөлшері  дунитке  қарағанда  басым. 

Перидотиттер  арасында  гарцбургиттер,  лерцолиттер  және  амфиболитті  перидотиттер  көптеп 

кездеседі. Массивтің оңтүстік – шығыс бөлігінде дуниттер және энстотитті дуниттер кең тараған. Ал 

массивтің  солтүстік  бөлігінде  дуниттер  шағын  бөліктерде  ғана  белгілі.  Дуниттердің  және  әртүрлі 

перидотиттердің шлирлі – жолақты үйлесімділігі массивтің негізінен ішкі және терең зоналарына тән. 

Массивтің  оңтүстік  –  шығыс  бөлігінде  перидотиттің  оливин  –  плагиоклаз  таужыныстары  зоналары 

арқылы габброға өзара өтпелілігі белгілі. Массивтің оңтүстік – шығыс құрамында сульфиді бар дунит 

түрлестері  бар.  Дунит  және  дунитті  серпентиниттерде  өлшемдері  0,5  см  –  ге  дейін  өзгермелі 

хромшпинелид түйірлерінің болуы тән.  

Мұндағы  желілі  таужыныстары  екі  сериямен  сипатталады:  бірі  –  жаралу  жағдайы  асанегізді 

магмамен байланысты желілі жыныстар, екіншісі – габброидты магма желілі жыныстар.  

Бірінші  серияға  бронзититтер,  диаллагиттер  дуниттер  және  актинолиттер;  ал  екінші  серияға  – 

оливинді  нориттер,  габбро  –  диабаздар, горнблендиттер  жатады.  Мұнда плагиогранит  дайкалары  да 

белгілі.  Олардың  қалыңдықтары  1,5  м  –  ден  3,5  м  –  ге  дейін.  Ұзындығы  бойынша  дайкалар  бірнеше 

жүздеген метрге созылып жатыр. 

Кемпірсай массивінің сыйыстырушы жыныстары негізінен кембрийдің серицит-кварцты, жасыл 

тақтатастары,  амфибол  –  плагиоклаздары,  хлориттері,  сазды  –  филлитті  және  туфты  тақтатастары, 

турфиттері,  алевропелиттері,  туфоқұмтастары,  аркозды  құмтастары  қышқыл  және  негізгі  құрамды 

эффузивті таужыныстары [3].  

Массивтің  барлық  таужыныстары  жоғарғы  жағында  көне  мору  процесі  әсерінен  қатты  өзгерген. 

Негізгі  өзгерген  таужыныстары  –  кремнийленген  серпентиниттер,  охралар,  нонтрониттер  және 

карбонатталған серпентиниттер. Жоғары жағында мору қыртысын үлкен ауқымда көмкерген қалыңдығы 

0,5  –  19  м,  бор  және  палеогеннің  карбонатты  және  құмды  –  сазды  түзілімдері  орналасқан.  Осыған 

байланысты  кен  денелері  көп  жағдайда  «соқыр»  болып  келген,  яғни  жер  бетіне  шығып  жатуы 

кездеспейді, сондықтан да оларды іздеу кезінде біршама қиындықтармен соқтығысуға тура келеді [3,4].  

Бұрынғы деректер бойынша қоректендіруші арнаның ені 3,5 км, ұзындығы 12–14 км және батыс 

бөлігінің  құлау  бұрышы  70

  0


.  Сыйыстырушы  таужыныстарының  массивпен  жапсары  жоғарғы 

жағында орталықтан шеткі аймаққа қарай 45 – 60

0

 -пен бағытталған. Ал төменгі зоналарында (500 м-



ден  терең)  –  орталыққа  сол  бұрышпен  бағытталған.  Оңтүстік  бөлікте  массивтің  оңтүстікке  қарай 

 

13 


батуы  байқалады.  Соңғы  жылдары  Кемпірсай  массивінің  тереңдік  құрылымы  туралы  түсінік 

дәлелдене  түсті.  Зерттеулер  бойынша  дунитті  ядро  массивтің  тек  оңтүстік  –  шығысында  ғана  емес, 

оның орталық және солтүстік бөліктерінде де дамыған, яғни хромитті іздеу мүмкіндігінің көлемі арта 

түсті.  Ультрабазиттердің  серпентиниттенуін  көптеген  ғалымдар  Кемпірсай  массивінің  оңтүстік 

бөлігінде белгіленген ірі гранит интрузиясының әсерінен деп түсіндіреді. 

Массивтің  ішкі  құрылымы  перидотитті  магманың  дифферен-циациясы  нәтижесінде  пайда 

болған әртүрлі типті асанегізді жыныстардың параллельді қабаттасуымен сипатталады.  

Асанегізді массивтегі вертикальды зоналар (жоғарыдан төменге қара): 

а) амфиболитті перидотиттер, көбіне серпентиниттенген; 

б) массивті, гарцбургиттер және гарцбургитті серпентиниттер; 

в) серпентиниттенген дунит – гарцбургитті жолақты кешені;  

г) серпентиниттенген дуниттер. Зоналар қалыңдықтары едәуір және тұрақты емес.  

Осы жағдайды  ескере  отырып зерттеушілер массивтің күмбезді  құрылысы  туралы шешімге  келеді. 

Интрузияның «жолақты» құрылымы массивтің солтүстігінде де және оңтүстік бөлігінде де бар.  

Массивтің  оңтүстік  хромитті  бөлігінде  олар  үш  күмбезді  көтерілімдерді  атап  көрсетті. 

Күмбездердің  осьтік  сыздықтары  бір  –  біріне  шамамен  параллельді  және  массивтің  созылым  осі 

бағытына жақын  меридиональды  бағытталған.  Бірінші  күмбезді    көтерілімнің  (шығыс)  осі  Спорное, 

ХХ  лет  Каз  ССР  және  т.б.  кенорындарының    созылу  бағытымен  сәйкес,  екіншісінің  осі  (біріншінің 

батысында) Тассай және Жарлыбұтақ өзендерінің суайрығы ауданында созылып жатыр. Ал, үшінші 

көтерілім туралы тұжырымды  мәліметтер жоқ [5].  

Массивтің  таужыныстары  қарқынды  жарықшақталған.  Ондағы  жары-лымды  тектоника  біршама 

күрделі  және  әртүрлі.  Ультранегізді  массивте  келесідей  жарылым  жүйелері  айқын  байқалады:  ендік, 

меридиональды,  солтүстік-батыс,  солттүстік-шығыс  және  көлденеңге  жақын.  Барлық  тектоникалық 

бұзылыстар  кен  денелерінде  және  желілі  жыныстарда  айқын  байқалады.  Бұзылыстар  амплитудалары  бір 

және екі және оданда көп жүздеген метр болатын лықсыма-ығыспа тәрізді көрініс береді.  

Қорыта айтқанда, ғалымдардың зерттеулерін ескере отырып Кемпірсай массиві әлі де болса тереңірек 

зерттелінуі тиіс деп ойлаймын. 

 



жүктеу 8.29 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет