Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



жүктеу 8.29 Mb.

бет16/81
Дата12.01.2017
өлшемі8.29 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81

 

Литература 

 

1.  Дубинина  С.В.    Конодонты  и  зональная  стратиграфия    пограни  чных  отложений  кембрия  и 

ордовика. Москва: Наука, 2000. - .104-128 

2.  Барсков  И.С.  Конодонты  в  современной  геологии  //  Итоги  науки  и  техники.  М.:    ВИНИТИ, 

1985.- С.93-197 


 

85 


3.  Miller J.F.Cambrian and Ordovician conodont  evolution, biofacies, and provincialism // Geol. Soc. 

Amer. Spec. Pap. 1984. N 196. -P. 43-44 

4.  Иорданский Н.Н. Развитие жизни на земле. – М.: Просвещение, 1981. 

 

 



Қ.И. СӘТБАЕВ ЖӘНЕ "ЕР ЕДІГЕ" 

 

Өмірбеков А.Ә. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ, Қазақстан Республикасы 

 

Қ.  Сәтбаевтың  геологиядағы  ұстаздарының  бірі  академик  М.П.  Русаков  былай  деп  еске  алады: 



"Қанышты  тек  қана  геология  қызықтырып  қоймайтын,  шыжыған  ыстықта  күндіз  күнімен  геологиялық 

барлау  жүргізіп,  түнемеге  тамылжыған  табиғат  аясындағы,  төрт  түлігін  тебіндетіп  жатқан  ауылға  келіп 

қонамыз.  Шаршауды  білмейтін  Қаныш    ауыл  ақсақалдарының  тілін  тауып,  сөйлетіп,  киіз  үйдегі  оттың 

жарығымен  отырып,  олардан  көшпелі  өмір,  табиғаттың  тылсым  құпияларын,    даланың  ішіне  бүккен 

сырларын біліп отыратын. Оның археология мен фольклорға деген қызығушылығы ерекше болатын. Мен 

киіз үйлердің біріне кіріп жатып қалған кезде де, тыстан Қаныштың өтініші бойынша қыз-жігіттердің әлі 

Қанышқа  бейтаныс  әндерді  шырқап  жатқанын  еститінмін.  Әсем  ән  жастардың  жарқын  күлкісімен 

жарасым  тауып  жататын.  Қаныштың  ерте 

бастан  халқының  ән-жырына,  ақын-жыраулар 

шығармашылығына,  халқының  аңыз-ертегілеріне  сүйіспеншілікпен  қарап  өскенін  түсінетінмін.  Мұндай 

сауық  кештер  қақаған  қыс  пен  күздіңтқара  суығында  бейнет  кешкен  көшпелі  тірліктің  азабын  бір  сәт 

ұмыттырып, жанды сергітіп, көңілге шаттық әкелетін". 

Халқының  ауыз  әдебиетіне  деген  құштарлығы  мен  махаббаты  ерте  қалыптасқан  Қаныш  қазақ 

жерінің  қай    түкпірінде  жүрсе  де,  ел  ішіндегі  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап,  жазып  алумен 

айналысқан.  Олардың    арасында  әндер  де,  жырлар  да,  аңыз  әңгімелер  мен  батырлық  дастандар  да 

жетіп артылады. Табиғат  сан қырлы талант пен терең білімді, зерде мен парасатты түгел бере салған 

дара дарын иесі өз халқының інжу-маржанын жоғалтпай мұқият жинап, оларды кітап етіп бастырып, 

зерттеу жүргізу қажеттілігін терең түсінді. 

Қанышты батырлар жырының ішінде қатты қызықтырғаны "Ер Едіге"  дастаны болатын. Себебі 

дастан  ең  көне  жырлардың  бірі.  Халықта  "Ердің  басы  Едіге"  деген  сөз  бар.  Сол  бір  ауыз  сөздің  өзі 

Едіге  батырдың  тарихтағы  орнының  қаншалықты  ерекше  болғанын  көрсетеді.  Сонымен  бірге  бір 

дастанның бірнеше вариантының болуы, оның тек қазақ халқы ғана емес, жалпы түркі халқына ортақ 

қаһарман болғанын көрсетеді. 

Бүкіл  әдебиетші  қауымға  мәлім  1927  жылы  Қ.И.  Сәтбаев  Мәскеу  қаласында  "Ер  Едіге" 

жырының  бір нұсқасын бастырып, оған алғы сөз жазған болатын. Бір нұсқасы ғана дейтін себебіміз 

Ер Едіге жырының түрлі нұсқалары қазаққа жақын басқа түркі халықтарында да сақталған. Сонымен 

қатар қазақ халқының өзінде әр аймақта әртүрлі жыршылар жырлаған түрлі нұсқалары кездеседі. 

Ер  Едігені  зерттеу  барысында  пайымдағанымыз  сол  ғасырларда  Едіге  туралы  жыр  қазақ 

арасында кең тараған және жиын-тойларда жиі жырланатын, елдің сүйіп тыңдайтын жыры болғанын 

аңғарамыз. "Қазақта ердің басы да Едіге, соңы да Едіге" деген сөз қалған. Яғни Едіге халық жадында 

тек  қана  жүрек  жұтқан  батырлығымен  ғана  емес,  қара  қылды  қақ  жарған  әділдігімен,  от  ауыз  орақ 

тілді  шешендігімен,  ел  басқарған  көреген  көсемдігімен,  төрелігін  тура  табатын  билігімен  сақталған 

тұлға.  Аттың  жалы,  түйенің  қомында  жүріп  үздіксіз  жаугершіліктен  жапа  шеккен  халық 

жырауларының  қиялынан  туған  аңыз  кейіпкері  ғана  емес,  тарихта  Тоқтамыс  хан  мен  Әмір  Темір 

тұсында өмір сүрген белгілі тұлғалардың бірі. Едіге Алтын Орда дәуірінде хан-сұлтандарға ықпалды 

кемеңгер кеңесші ғана болып қойған жоқ, олардың сыртқы жауларға қарсы жорығын ұйымдастырып, 

қол  бастаған  қолбасшысы  болған  бас  сардар  да.  Мұнымен  қоса  хан  алдында  тек  иіліп-бүгіліп  бас 

шұлғи бермей, кезі келгенде хан адасып, астамсыған түста бетке айтып, мысын басқан Тоқтамыстай 

ханды қашырып Темірланды састыра білген ержүрек бірбеткей қайсарлығымен де ерекшеленеді. 

Едігенің  өмір  сүрген  уақыты  Алтын  Орда  хандығы  ыдырап,  хандық,  хандыққа  бөлініп,  бір-

бірімен  тақ  таласы  мен  бақталастыққа  түскен  шиеленісті  қиын  кезең  болды.  Оған  қоса  Алтын  Орда 

иелігіндегі басқа бағынышты елдердің кұш алып, Алтын Орда билігінен шығып, ұлттық азаттықтары 

үшін күреске бет бұра бастаған тұс еді. Оның ішінде дені славян халықтары мен түркі халықтарының 

дүр  сілкініп  жеке  ел  болуды  көздеген  кездері.  Осы  кезең  туралы  көптеген    тарихи  материалдар 

сақталған.  Соның  бірі  Мәскеу  мемлекетін  басқанған  Дмитрий  Донскойдың  баласы  Василий 

Дмитриевичке  Едігенің  жолдаған  хаты.  Едіге    қызметінің  Никонов  шежіресінде  "Бүкіләлемдік 

тарихтың" 3-томында сипатталуы. 


 

86 


Жалпы "Ер Едіге" дастанын қағазға түсіріп зерттеу, сонау Г.Потанин мен Шоқан Уәлихановтан 

бастау алады. Қаныш Сәтбаевтың өзі сол Шоқан мен Потаниннің жазып алған Едіге батыр дастанын 

негізінде  баспаға  береді.  Бірақ  Қаныш  бұрынғы  басылған  жырға  сыни  көзбен  қарай  отырып,  Едіге 

батыр нұсқасын өңдеп, жат сөздерден тазалай отырып, қайта қарап бастырып шыққан. Ол өзінің "Ер 

Едіге"  жырына жазылған Алғы сөзінде: 

«Едіге  батырдың  әңгімесін  Шоқан  Уәлиханов  бірінші  рет  1841  жылы  Аманқарағай  округіндегі 

«Көрлеуіт  қыпшақ»  табынан  шыққан  Жұмағұл  дейтін  ақынның  аузынан  естіпті.  Осы  Жұмағұлдың 

сөздерін тағы да заты қыпшақ Арыстанбай дейтін  ақынның сөзімен салыстырып, әкесі Шыңғыс пен 

Шоқан  екеуі  1842  жылы  Едіге  батырдың  әңгімесін  қағаз  бетіне  түсіріпті.  Артынан    бұл  әңгімені 

Шоқан  орыс  тіліне  де  аударған.  Шоқан  өлгеннен  кейін    артындағы  қағаздарын  қарастырған 

Мелиоранский деген профессор 1905 жылы «Едіге бидің» әңгімесін қазақ тілінде бастырыпты. Бірақ 

Мелиоранскийдің  бастырған  «Едігесінің»  аты  қазақша  болса  да,  заты  ноғайшаға  жуықтаңқыраған 

түрі бар. Мұның үстіне  әңгіме  ішінде келетін түрлі толғаулардың да, аяқ алысы тасырқаған малдың 

тұяғынша, сандыраққа айналыңқырағаны көрінеді. Бұған айыпты әрине, Шоқан да, Мелиоранский де 

емес.  Әңгімені  бірінші  рет  аққа  көшірген  «Ахмет»  дейтін  ноғай  мен  өткен  ғасырдағы  қазақ 

жақсыларының бойындағы «кітапша жазу» «ноғайша сөйлеуді» сән көретін әдет қана болуына керек». 

Сөйте  келе,  "Ел  аузындағы  ескі  сөздер  ғылымға  үш  негізде  маңызды  деп  білеміз"-  деп  ауыз 

әдебиеті нұсқаларының үш түрлі маңызын бөліп, бөліп атап кеткен. 

1.  олардың  ішіндегі  қазіргі  буынға  мүмде  жат  көрініп,  ұмытылып  бара  жатқан  қазақтың  ескі 

сөздері көп кездесіп отырады. Бұл – «тіл сақтау», «тіл байыту» жақтарына үлкен бағалы нәрсе. 

2.  ескі  сөздердің  ішінде  келетін  толғаулар  көбінесе,  шебер,  кестелі  түрмен  жасалады. 

Бейнешілдік,  кеңдік,  суретшілік  жақтарынан  алғанда  қазақ  ескі  толғауларының  кейбіреулері  әлі 

күнгеше жаңа ақындардың көбіне үлгі болуға жарамды. Бұл – әдебиет жағынан маңызды нәрсе. Және 

осы күндерде "Әдебиет қай жолмен баруына керек?" деп қойылып жүрген сұрауды ел аузындағы ескі 

сөздер  қағаз  бетіне  түсіп,  қазақ  әдебиетінің  тарихи-табиғи  бағыттары  әбден  айқындалмай  көмескі 

тұрған кезінде дұрыс шешілуі айрықша қажет деп айтуға болады. 

3.  ескі  сөздердің  ішінде  қазақ  жұртының  өткен  кездегі  тұрмысы,  салт-санасы,  әдеттері  көп 

суреттеліп  отырады.  Бұл  тарих  жағынан  қымбат  нәрселер.  Бірақ  әзіргі  кезде  ел  көпшілігінің  жалпы 

салт-  санасының  өзгеруімен  қатар,  ескі  сөздің  көбі  де  елеусізденіп,  көп  аузында  ұмыт  болып  бара 

жатқан сияқты. Сондықтан осы кездегі әр жерде жасалып жатқан "Аймақ тану" ұйымдарының қазақ 

ішіндегі  істейтін  нысаналы  жұмыстарының  ең  алды  елдің  ауыз  әдебиетін  жинап  алудың  шаралары 

болуы  керек.  Әйтпесе  қазақ  жұрты  да  әзіргі  татарлар  сияқты,  енді  біраздан  кейін  әдебиетінің 

деректерін "орхон жазуларынан" іздеп жүруі мүмкін. 

Бұл  жерде  біз  Алаш  көсемдерінің  бірі  және  бірегейі  Ахмет  Байтұрсынов  тәлімінің  Қанышқа 

ерекше  ықпал  еткенін  аңғарамыз.  Ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап,  зерттеп,  оны  ел  игілігіне 

айналдыру,  халық  аузында  айтылып  жүрген  інжу-маржандарды  кіршіксіз  күйінде  жинап  сақтап, 

ұлттың рухани құндылықтары ретінде бағалау үлгісі Қаныш бойына сол Алаш көсемдерінен жұққан 

қасиет.  Семейдің  мұғалімдер  семинариясында  оқып  жүргенде  Алаш  арыстарының  дәрісін  тыңдап, 

тәлімін  алған  Қаныш  өзі  бала  кезінен  құлағына  құйып,  өызыға  тыңдап  өскен  Едіге  жырының  бір 

нұсқасын  бастыруға  құлшына  кіріскен.  Қаныш  Едіге  жырын  бастырмас  бұрын,  1922  жылы 

Мәскеуден  дәл  осы үлгіде  А. Байтұрсынов "Ер Сайын" жырын бастырып шығарады. Осы Ер Сайын 

жырының жеке кітап боп шығуы Қанышқа да ой салғаны ғажап емес. 

Алаш  арыстарын  өзіне  ұстаз  тұтқан,  солардың  ықпалымен  азаматтық  көзқарасы  қалыптасып, 

ұлтқа  (милетке)  қызмет  жасау  қағидасын  ұстанып  қскен  жас  Қаныш  Кеңестік  саясаттың 

қарсылығынан Ұлы тұлғалар есімін атай алмай, олар туралы бағалы естеліктер жаза алмай кетсе де, 

әрбір  жасаған  істері  мен  жазып  қалдырған  рухани  құнды  дүниелері  арқылы,  сол  ұстаздарының 

жарқын істерін жалғастырушы ізбасарлары ретінде көрініп тұрады. 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары осы Едіге дастаны үшін қуғынға түсіп, қыспаққа алынса 

да,  жырдың  бастырушысы  да,  Алғысөзін  жазушысы  да  өзі  екендігінен  бас  тартпайды.  Өз  қолымен 

жазған  түсінігінде  бұл  жырды  бастыру  арқылы  саяси  астар  іздемегенін,  тек  халық  ауыз  әдебиетінің 

жанашыры  болғанын  көрсетеді.  Сонымен  қатар  Едіге  батырдың  Мәскеумен,  орыс  халқымен 

соғысатын,  оларды  Алтын  Ордаға  салық  төлеуге  мәжбүрлейтін  тарауларының  бұл  кітапта  жоқ 

екендігін нықтап айтады. 

Яғни  Қаныш  бастырған нұсқаның  толық  берілмегендігін  біз  осы  жерден  аңғарамыз.  Қазақстанның 

түкпір-түкпірінде  Едігені  жырлаушы  әртүрлі  халық  ақындарының  кейбір  нұсқаларында  Едігенің 

Мәскеумен соғысқаны баяндалады.Қаратаулық шайыр Шәді Жәңгірұлының жырлаған нұсқасында Едіге 

мен  Темірдің  арасындағы  жанжал  Едіге  Мәскеуді  шабуға  кеткенде,  Әмір  Темірдің  Дешті  Қыпшақты 


 

87 


шабуы  оған  Едігенің  наразы  болып,  екеуінің  екіге  бөлінгені  сөз  болады.  Бұл  жерде  Ноғайлыға  қараған 

қазақтың  рулары  аталып,  Әмір  Темір  қол  астындағы  қоңыраттардың  Едігенің  ата  жұрты  екендігі 

айтылады. Ал Қаныш Сәтбаев "Ер Едіге" жырына жазған Алғы сөзінде "Едіге батыр Түркі  тайпаларының 

ішінде Қоңырат руынан" деп көрсетуі осы нұсқаға сүйенгенін аңғартады. 

Енді Шәді Жәңгірұлының нұсқасынан үзінді келтірейік. "Әмір Темір мен Едіге ТОқтамыс ханды 

тақтан  тайдырып,  орнына  хан  тұқымы  Қайрадыжды  хан  көтереді.  Едіге  Қайрадаждың  қолын 

басқарып, алып-салық төлеуден бас тартқан Мәскеу релін шауып, жүздеген ұлын құл етіп, жүздеген 

қызын күң етіп, Ноғайлыға келеді. Ол уақытта қалың Дешті Қыпшақ Алты топ Алшын, Алты жүз үй 

Арғын, ТОқсан ауыл Найман мен тоғыз ауыл Тобықты ноғайлы ханы Қойрадажға қараған. Ал тоқсан 

баулы  Қоңырат  Әмір  Темірге  бағынған  еді.  Едіге  жоқта  Әмір  Темір  Шың  Машынға  жорық 

жасауғамал  керек  деп  сылтау  етіп,  Сырдың  аржағында жатқан  Дешті  Қыпшақты  шауып,  тонап,  көп 

малмен қоса жас ұлдары мен әжетке жараған қыздарын алып кетеді. 

Мұны естіп Едіге, 

Буырқанды, бұрқанды. 

Мұздай темір құрсанды, 

Тарланға ерді салады. 

Темірге қарай барады, 

Ноғайлыдан қалың қол, 

Қасына бірге шабады. 

Келіп жетіп Едіге, 

Өзі қосқан Темірге, 

Тоқсан баулы Қоңыратты, 

Қасына жиып алады. 

Ел ме едің, ей Темірім, 

Жау ма едің, ей Темірім. 

Мен жоқта Дешті Қыпшақтың, 

Көрсеттің неге көрімін, 

Қор қылыпсың өмірін, 

Қапаға салып көңілін, 

Қан ағызып серт еткен, 

Ақталмады сенімім. 

Қараң қалсын шахарың, 

Ызғар соқсын бахарың. 

Орта жолдан қырқылсын, 

Ойранды алған сапарың. 

 

Әмір Темірдің сөзінен кейін 



 

... Әмір Темір Аламан 

Сөзіңе сенің қараман, 

Сен де шықтың қарадан, 

Мен де шықтым қарадан. 

Мен кетермін кетермін, 

Кеткенде не етермін. 

Тоқсан баулы Қоңыратты, 

Дешті Қыпшақ астанам 

Соңыма бірге ертермін. 

Шашты Әзиз пірім жар болса, 

Қаратауға жетермін, 

Одан да өтіп кетермін. 

Сарыарқаға жетермін, 

Ақ киізден үй тігіп, 

Ақ жалаулы ту тігіп, 

Алашты ел етермін. 

Тіл алман, Әмір, тіл алман, 

Қасыңда енді жүре алман, 

Ата жұртым Қоңыратты, 



 

88 


Қыштан соққан молаңа 

Енді пенде қыла алман, 

Ана жұртым  Қыпшақты 

Сенімен бірге қыра алман, 

Ботқаң боққа айналған, 

Сорпаң зәрге лайланған 

Апиынға уланған, 

Өтірік күліп қуланған. 

Шатағы шартақ шахардың 

Ортасына апарып, 

Ақ үйімді тіге алман. 

 

«Едіге» жырының осы нұсқасында Баба Түкті Шашты Әзизді Едіге пір санаған. 



Ал  Сәтбаев  бастырған  нұсқада  Баба  Түкті  Шашты  Әзиз  Едігінің    әкесі  деп  жырланса,  Мұрын 

Сеңгірбайұлы  жырлаған  нұсқада  Баба  Түкті  Шашты  Әзиз  Едігенің  түп  аталарының  бірі  боп  келеді. 

1942 жылы Ұлы Отан соғысының қызып тұрғанына қарамай Қазақстан Үкіметінің басшысы  Нұртас 

Оңдасыновтың  қолдауымен  Қ.Сәтбаев  Мұрын  жырауды  Алматыға  алғызып,  ауыз  әдебиетінің  інжу-

маржаны «Қырымның қырық батырын» жаздырып алады. Осы «Қырымның қырық батырында» Едіге 

батыр қырық батырдың бірі ретінде ғана суреттеледі. 

Осының бәрін салыстыра отырып, Едіге батыр жырының барлық нұсқаларында аңыз бен ақиқат 

алма-кезек ауысып түсіп отырғанын көреміз. 

Қ.Сәтбаевтың сөзімен айтқанда: 

"... ел аузындағы ескі сөз көпшіліктің ар-иманының айнасы деуге болады. Көптен сытылып үздік 

шығатын алғыр батыр, шешен би сияқтыларға көпшіліктің қай көзбен қарап, қандай баға беретіндігі, 

олардың  қандай  мінез-қылықтарды  сүйіп,  қандайына  күйінетіндігі  бәрі  де  ел  аузындағы  ескі  сөзде 

қашан  да  мықты  із-таңба  қалдырып  отырады.  Көпшілік  қашанда  әділ,  тура  айтады,  онда  бұлталақ 

болмайды.  Біреуді  сүйсе,  оны  тым  ардақтайды,  бойына  жапсырмайтын  қасиеті  болмайды:  теңіздей 

терең  ақыл,  болаттай  берік  қажыр,  таудай  биік  дәреженің  бәрін  де  оның  бойына  үйіп-төгеді.  Едіге 

осындай  ел  сынының  шын  сүйген,  шын  ардақтаған  ерлерінің  бірі.  Сондықтан  тарихтағы  Едіге  мен 

ескі  сөздің  Едігесі  біздің  қарауымызға  екі  адам  сияқты  көрініп  отыр.  Енді  ел  қиялындағы  Едіге 

қандай  адам?  Соған  келейік.  Бұл  сұрауды  "ел  сынында  шын  ер  қандай  болуына  керек  екен?"  деп 

өзгертіп қоюға да мүмкін, өйткені ел қиялының шын әлпештеген, шын сүйген ерінің бірі Едіге болса, 

оның  бойына  тағылмаған  жақсылық  әрине  болмақшы  емес.  Бұл  сұраудың  толық  зертеуі  көп  орын, 

көп уақыт керек етеді, сондықтан ықшамдық жағын қолданып, біз төменде оны тек жалпыша шолып 

қана өтпекшіміз." 

Жалпы  "Едіге"  жырының  барлық  нұсқаларын  салыстыра  келе,  Ер  Едіге  тарихтағы  қазақ  пен 

ноғайлының қақ жарылып, екіге бөлініп, екі жаққа кеткен уақытымен тұспа тұс келеді. Қазіргі қазақ 

руларының басын біріктіріп, жеке ұлыс ретінде Қаратауға одан әрі Арқаға асқан Ер Едіге Әз-Жәнібек 

пен  Керейден  де  бұрын  қазақ  руларының  басын  қосып, Сарыарқаға  қарай жол  салғаны айқындалып 

тұр.  Осы  тарихи  кезеңдегі  Едігенің  ержүрек  қолбасшылығы,  тіліп  айтар  ділмар  шешендігі,  көреген 

көсемдігі,  халық  ішіндегі  басқа  қайраткерлерден  де  жоғары  қойылып  суреттеледі.  Оған  дәлел 

төмендегі  ғұлама  ғалым  Қаныш  Сәтбаевтың  "Едігенің"  Алғысөзіндегі  қорытындысынан-ақ  айқын 

аңғарылады: 

"Көсемдік, даналық майданында ел қиялының төрешісі Сыпыра жырау Едігені Ер Шыңғыс, Әз 

Жәнібек, Ақназар сынды ерлерден де артық деп сипаттайды. 

Едігенің  даналығын  ел  былай  тұрсын,  дұшпаны  Тоқтамыстың  өзі  де  мойындайды:  «Едігемнің 

асу  ісі  сол  еді,  өзінен  бір  жасы  үлкенге  әзіз  ағамсыз,  сөйлеңіз»  дер  еді.  Өзінен  бір  жасы  кіші  тұрса, 

«қарағым,  сен  тұра  тұр,  мен  сөйлейін»  дер  еді,-  дейді.  Адамшылық  көзімен  қарағанда  Едігенің  ең 

ақтайтын  жері  Қабантын  алыпты  қан  майданында  күші  асып  өлтірмей,  қапылыста  қармауға 

алғандығы.  Бірақ  елдің  сыны  Едігенің  бұл  ісін  де  оның  жолдасқа  опашылдығына,  өзінен  басқаның 

өміріне  ойыншық  көзбен  қарамайтын  рақымщылдығына  жатқызып  отыр,  өйткені  9  батырдан 

айрылып,  Сатемір  ханның  еліне  бетті  түзегенде  жолдан  кездескен,  жанындағы  17  серігіне  бұлайша 

беретін серті бар-ды: 

Тамақтарың таусылса, тамақ тауып берейін, 

Киімдерің жыртылса, киім тауып берейін. 

Атың өлсе төлейін, өзің өлсең не дейін. 

Бәрін айт та, бірін айт, мен тіріде өлмессің,  



 

89 


Он жеті дос кедейім. 

Сондықтан  егер  де  ол  Қабантынмен  кездескен  жерде  ақыл-айлаға  жол  бермей  тура  төбелеске 

ұмтылса, онда 17 серігіне ту баста берген уәдесін жұтқан опасыз адам болып табылар еді. Едіге мұны 

істемей  «күші  өзімен  тең  болған»  Қабантын  алыпты  әл  сынасқаннан  көрі,  айламен  жоюды  мақұл 

көреді. Бұл әрине есті батырдың ісі. Және де кездескен жерден тура ұмтыларлық. Едігенің тіпті орны 

да  жоқ.  Өйткені  оның  нағыз  кегі  Қабантында  емес,  Тоқтамыста.  Бұлай  болмай  жағаласып  кеткен 

кезде  де  Едігенің  жеңуі  айқын  еді.  Мұның  шындығын  өлейін  деп  жатқан  Қабантынның  өзі  де 

куәландырып  отыр.  Ел  қиялы  сүйген  ерін  қашан  да  көздеген  ойына  жеткізбей  қойған  емес.  Қандай 

қиыншылық, бейнет болсын бәрі де ердің басынан өтпекші. Қорытынды ұсталған бет, көзделген ниет 

жарқырап  жүзеге  аспақшы,  сондықтан  Едіге  батырдың  да  жолы  болады.  Нұралын  сынды  боздағын 

серікке алып Ноғайлының елінен Тоқтамысты қуады. Байтағынан безіп, қаңғып жүрген Тоқтамыстың 

жапан далада басы қиылады. Едігенің жүрегін өртеген кек сонымен бітеді. 

Енді  Едіге  көздеген  ойына  жетті,  іздегенін  тапты.  Тоқтамыстың  «қызын  –  қатын,  қатынын  - 

отын»  есебінде  ұстайды.  Он  сан  ноғайды  бір  аузына  қаратты,  хан  болды.  Егер  де  әңгіме  дәл  осы 

арадан  қиылса,  Едігенің  сыны  шалалау  қалар  еді.  Өйткені  Едіге  сияқты  ерен  батырлардың  бойына 

ақыл  мен  күштің  қармауынан  тыс,  қапыда  ұшырасқан  кемшілік  болса,  ондай  кемшілікке  ел  мен  ер 

қай көзбен қарайтындығы бүркеулі қалмақшы. Ел қиялы бұл көмескілікті де ашып, айқындап отыр. 

Дегеніне  жеткен,  «қарадан  хан  болған»  Едіге  Қадірберді  сұлтанның  қапылыста  келіп,  мойнына 

мініп,  бірер  секіріп    түскенін  көтере  алмай  құса  болып  өледі.  Олай  болса  Едігелер  сияқты 

ардақтайтын  еріне  ел  сыны  қапыда  болған  мінді  де  кешпейтіндігі  көрінеді.  Сондықтан  намысына 

тигенде хандыққа да қол сілтеп, қапыда ұшыратқан міннен Едіге мен Нұралын ел сынының алдында 

құса болып өлуімен ғана тазарып отыр. Сонымен сөзді қорытсақ ел аузындағы Едіге, сайып келгенде, 

батырлық пен билікке  бірдей ие  болған «шын  ер»  болып табылады. Батырлық жағынан келгенде  ел 

сыны Едігені: 

Алдынан келіп сынасам, -  

Жалыннан пайда болғандай. 

Артынан келіп сынасам, -  

Қарадан  пайда  болғандай,  -  деп  мақтайды.  «Бірақ  батыр  деген  Ақбарақ  ит  –  екінің  бірі  табады,  би 

деген ақ шариғат, елуден біреу шығады», дейді ел мәтелі. Едігенің де бойында да асылында батырлықтан 

гөрі билікке арнаулы сипаттар күштірек болған. Сондықтан ел сыны да бір ауыздан: «Ел билеген Едігем» 

деп әлпештеп, «Қазақ ерінің әуелгісі де Едіге, ақыры да Едіге» деп хан көтеріп отыр." 

 

 

СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ КИНО ӨНЕРІ 

 

Өмірбеков А.Ә. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ, Қазақстан Республикасы 

 

Өнер  туындыларының  ішінде  кино  жанры  бүкіл  адам  баласының  рухани  өміріне  жаңа  серпін 



туғызды.  Кино  өнері  белгілі  бір  тарихи  оқиғаларды,  қызықты  сюжеттерді  баяндап  қана  қоймайды. 

Солардың  шынайы  іс-әрекетін  көз  алдыңа  әкеліп  көрсетеді.  Яғни  киноның  өзі  тұнып  тұрған  тірі 

тарих,  айқын  дәлел,  бұлтартпас  шындық.  Бейнежазу  аппараттарының  пайда  болуы,  олардың  бірте-

бірте  сатылай  дамып  жетілуі  тек  қана  өнер  саласында  ғана  емес,  криминалистикада,  геологияда, 

астрономияда,  табиғаттануда,  өлкетану  мен  археологияда  да,  тағы  басқа  өмірдің  көптеген 

салаларында таптырмас көмекші құрал болып шыға келді. Соның арқасында қаншама мемлекет және 

қоғам қайраткерлерінің, өнер жұлдыздарының, спорт саңлақтарының, сонымен бірге кейбір әулеттің 

өткен  аталары  мен  әжелерінің  бейнелері  шынайы  түрі,  күлкісі  де,  әңгімесі  де,  қиымылы  мен  іс-

әрекеті,  әр-жыры  да  айнымай  көшіріліп  сақталып  қалды.  Ал  бүгінгідей  бейне-камералардың  

қаншама түрі шығып жатқан кезеңде әр отбасы өздері үшін түгелдей өмірбаян циклын жазып қоюына  

мүмкіндік туып отыр. 

Барлық өнер туындыларының ішіндегі ең маңыздысы кино деп бағаланған ХХ ғасырдағы таным 

мен  талғам  әлі  өзгерген  жоқ,  бүгін  де  кино  өнері  адамдарды  әлі  өзіне  қызықтырып  тарта  түспесе, 

жалықтыра  қойған  жоқ.  Компьютер  дамып  жетілген  ХХІ  ғасырда  суреттерді  пайдалану  арқылы 

кинофильмдер мен мультфильмдердің неше түрі шығып жатса да, ересек адамдар үшін тірі актерлер 

ойнайтын  фильмдерге  әлі  ешнәрсе  тайталаса  алған  жоқ.  Өнертапқыштардың  ойлап  тауып  жатқан 

небір таңғажайып роботтарының өзі өнер адамдарының, яғни тірі актерлардың орнын баса алар емес. 

Демек, адам жасаған өнер туындысы адам өзі араласып өзі қол тигізгенде ғана жарқырай түспек. 



 

90 


Қазақстанға  киноның  келген  уақыты  1930  жылдардың  орта  шені.  Ең  бірінші  түсірілген  қазақ 

кинофильмі  "Амангелді"    фильмі  болды.  Бұл  кинофильм Ресей  киногерлерінің  көмегімен  түсірілген 

туынды  еді.  Фильмнің  көркемдігі  мен  шынайылығында  қаншама  кемшіліктер  толып  жатса  да, 

тарихта тұңғыш қазақ киносы ретінде қалып қойды. Ал таза қазақ кино өнерінің қолға алына бастауы 

Ұлы  Отан  соғысы  басталған  кезбен  тұспа  тұс  келген  еді.  Оның  басты  себебі  қоршауда  қалған 

Ленинградтың  "Ленфильм"  және  Мәскеудің  "Мосфильм"  киностудиясы  амалсыздан  Алматыға 

көшірілген  болатын.  Сөйтіп  Кеңес  Одағының  отаншыл-патриоттық  рухтағы  бірнеше  фильмі,  соғыс 

туралы  картиналары  осы  Алматыда  түсірілліп  жатты.  Орыс  кино  шеберлерімен  қоян-қолтық 

араласып  жұмыс  істей  жүріп,  өзі  де  киноға  қызыға  ден  қойған  Шәкен  Кенжетайұлы  Айманов  нағыз 

ұлттың  ұлттық  киноның    түренін  салды.  Кеңес  Одағы  дәуірлеп  тұрған  кезде  Одақтас 

Республикаларда түсірілген фильмдер алдымен орыс тілінде түсіріліп, Мәскеуге жіберілетін. Мәскеу 

фильмді  әбден  тексеріп,  кейбір  сөздер  өзгертіліп,  немесе  бірнеше  кадрларды  қиып  тастап  жүніні 

жұлған атуықтай етіп қайта жіберетін. Содан кейін ғана фильм сол республикалардың ұлттық тіліне 

аударылып  экранға  шығатын.  Ал  кейбір  отаншыл  үлттық  рухта  түсірілген  фильмдер    шықпай  да 

қалатын.  Ш.  Айманов  фильм  түсірген  кезде  екі  тілде  қатар  жазатын.  Өйткені  Ш.  Айманов  өз 

фильмінің  өтетініне  әбден  сенімді  болатын.  Қазақ  кино  өнерінің  қалыптасып  даму  барысында  Ш. 

Айманов та басқа қазақ кино шеберлері де Қ. Сәтбаевпен ылғи жолығып, ақылдасып отырған. Қажет 

жағдайда  көмек  те  сұраған.  Ұлт  театрына  сын-пікір  айтқан  дарын  иесі  кино  өнеріне  неге  сын-пікір 

айтпасқа,  яғни,  Қазақстанда  кино  өнерінің  дамып  қалыптасуы,  киностудияның  ашылуы  да  Қ. 

Сәтбаевқа  тікелей  байланысты  деп  айтуға  болады.  Өйткені  бүкіл  ғылым  мен  өнердің  зерттеліп, 

зерделеніп  бір  жүйеге  түсуі,  оның  дамып  қалыптасуы,  кадр  мәселесінің  шешіліп,  іріктелуі  Ғылым 

Академиясының  тікелей  қатысуымен  іске  асырылатын.  Қазақ  кино  өнерінің  тарихындағы 

"Амангелді"  фильмінен  бастап  Алматы  киностудиясының  ашылып,  ұлттық  киноны  жандандыра 

бастағанына дейін Қ. Сәтбаевтың ақыл-кеңесімен ілгері басып, соның қолдауына сүйенгенін көреміз. 

Тарихта қазақ киносының Бетін ашқан да  Қ. Сәтбаев екені төмендегі естеліктен айқын аңғарамыз. 

Қажым  Жұмалиевтің  «Страница  большой  жизни»  деген  Қ.Сәтбаевқа  арналған  мақаласында 

мынадай  сөздер  бар.  Еңбегіміз  ана  тілімізде  жазылып  жатқан  соң  орысшадан  аударып  беруді  жөн 

көрдік. 


«Сол кездегі қиындықтарға қарамай қонақтарымыз Алматыға келе қызу жұмысықа кірісіп кетті. 

Олар  өздерінің  бай  тәжірибелерімен  бөлісе  отырып,  қазақ  әдебиетшілері  арасынан  сценаристер 

курсын ашты. Ол курста әлемге танымал сценарист Эйзенштейн  дәріс оқыды. 

Астаналық  режиссерлермен,  артистермен,  сыншылармен  араласа  жүріп  біз  олардың  дарын-

талантын ежелгі Грек, Римнің ділмәр-шешендеріндей бағаладық». 

Әңгіме Алматыға Мәскеу мен Ленинградтан эвакуацияланған кино шеберлері жайлы болып отыр. 

Мәжілісті  соғыс  жағдайына  байланысты  біз  сіздерге  қонақ  боп  кеп  қалдық  деп,-  Ленфильмнің  бас 

режиссері  Ф.М.Эрмлер  бастады.  Терең  мағына  мен  ұтымды  әзілге  құрылған  Эрмлердің  әңгімесі 

тартымды  болды.  Бұл  жерде  Ресей  мен  Қазақстан  арасында  сұхбат  жүріп  жатты.  Ресейдің  атынан 

Эрмлер  сөйледі,  ал  Қазақстан  атынан  кім  жауап  берер  екен.  Бәріміз  үнсіз  отырмыз.    Айтар  ештеңе 

таппағандықтан  емес,  белгілі  тұлғалардың  мысы  басып  отырғандай.  Үлкендер  жастарға,  жастар 

үлкендерге қарап үміт артып отырғандай болдық. Әдебиет пен өнер тақырыбындағы кез келген белгісіз 

фактілерге жауап тауып, тыңдаушыларын таң қалдыра өзінің ырғақты сарынымен, мәнді де мағыналы 

ойларымен  көпшілікті баурап алатын Мұхтар Омарханұлы Әуезов те бұл үнсіздікті бұза алмады. 

Әншейінде кез келген ортаны өзіне үйіріп алып, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді төгіп жіберетін 

Сәбит  Мұқанов та үнсіз отыр. Біз өзіміздің жігерсіздігіміз бен тартыншақтығымызға ыза боп отырмыз.  

Кенеттен Ұаныш Имантайұлы жылы жымиып күлімдеген кездегі әдеттегідей иегінің астындағы 

шұңқршағы  көрініп,  орнынан  тұрды.  «Маған  әрі  оқырман,  әрі  көрермен  ретінде  екі  ауыз  сөз  айтуғ 

рұқсат етіңіздер,»- деді. 

«Біз  бір  тыныс алып жеңілдеп  қалдық.  Ал  зал  ішінде  жазушылар, әртістер,  режиссерлар  сөз  таппай,  

әдебиет пен өнер жайлы ғалым-геолог сөйлегелі тұр деген таң қалған кейіп пен күбір-сыбыр жүріп өтті. 

Өзіне  біткен  алып  тұлғасымен  сөйлеп  тұрған  Қ.Сәтбаевты  тек  тыңдау  керек,  оның  қолында 

конспекті де, тезис те, жазба да болған жоқ. Ол шешендерше сөзін шеберлемей-ақ, дауыс көтермей, 

қолын  бұлғаңдатпай-ақ  бірқалыпты  баяу  үнмен  сөйлеп  кетті.  Орыс  тілінде  еркін  шығып  жатқан 

әсерлі  сөз  жазықтықта  жайбарақат  ағып  жатқан  үлкен  өзен  ағысындай  ырғақты  ағын  мен  таза 

тереңдік  өзіне  тартып  иіріп  бара  жатты.  Бұл  жай  ғана  сөз  емес,  тереңнен  шыққан  ішкі  ойдың  еркін 

айтылуы,  сенім  артқан  достармен  кең    көсіліп  сыр  көсілу  сияқты  әсер  қалдырды.  Бүкіл  зал  ұлы 

адамның аузынан шыққан терең де мағыналы сөздерге арбалып қалды». 



 

91 


Осы мәжілісте қазақтың кең байтақ даласындағы қыруар байлық пен жүздеген өндіріс ошақтары 

үлкен  туындылардың  басты  тақырыбы  бола  алатынын  айта  келіп,  Қ.Сәтбаев  қазақтың  «Ер  Төстік» 

ертегісі  мен  үндінің  «Махабхоратасы»,  башқұрттың  «Орал  батыры»  басқа  да  шығыс  халықтарының 

ңыз-ертегілері  кино  өнеріне  сұранып  тұрған,  кейіпкерілердің  шоғырын  бере  алатынын  батыл  да 

сенімді түрде дәлелдеп шығады. 

«Бізді  сіздердей  кино  шеберлерінің  бастамасы  қуанышқа  бөлеп  отыр.  Озық  идеяларымыздың 

табысты  боларына  сенім  зор.  Оны  іске  асыруға  біздің  жазушылар  қолдау  көрсетеді.  Біздің  сан 

ғасырлық  ауыз  әдебиеті  мен  түрлі  жанрдағы  әдебиетіміз  сіздерге  көмекке  келе  алады.  Оларда  мың 

жылдық армандар мен озық ойлар, сюжеттер мен кейіпкерлер тұнып тұр.» 

Қазақ совет әдебиетінің мүмкіндігі зор. Мен оқырман ретінде айтарым қазіргі қазақ жазушылары 

бұл  мүмкіндікті  әлі  аз  пайдаланып  отыр,  Мұхтар  Әуезов,  Сәбит  Мұқанов,  Ғабит  Мүсірепов  сияқты 

сөз  шеберлері  өндіріс  тақырыбына  әлі  кірісе  қойған  жоқ.  Олар  өз  таланттарына  лайық  туындылар 

туғыза  алады  деп  сенемін.  Мәскеу  мен  Ленинград  кино  өнерінің  қайраткерлері  мен  қазақ 

жазушылары  мен  кино  қызметкерлерінің  бірлескен  шығармашылық  одағы  табысқа  жететініне 

сенімдіміз.  Сәтті  уақытта  істеріңізге  сәттілік  тілейміз,  достар,»-  деп  Қаныш    Имантайұлы  Сәтбаев 

сөзін бітірді... 

Бұл жерде  Ұлы тұлғаның тағы бір қасиеті көрініс  беріп кетеді. Әлі қазақ әдебиеті мен өнерінің 

көрнекті өкілдері кино өнеріне бойлап кірісе қоймаған, оны толық түсініп, астарына үңіліп үлгермей 

жатқан  қарбалас  кезеңде,  қиыннан  қиыстырып,  ұтымды  ой,  ұлағатты  сөз  тауып,  енді  тағы  бір  таң 

қалдырған елдің ерінің  азаматтық тұлғасы жарқырап көрінеді. 

 

 



1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал