Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ЕҢбектері



жүктеу 8.29 Mb.

бет13/81
Дата12.01.2017
өлшемі8.29 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81

Әдебиет 

 

1.  Г.Ж.  Жолтаев,  Т.Х.  Парагульгов  «Геология  нефтегазоносных  областей  Казахстана»  Алматы 

1998г 

2.  Нургазиев  А.Н.,  Ибраимов  А.А.  Результаты  поисково-детальных  сейсморазведочных  работ 



МОГТ  в  центральной  части  Арыскумского  прогиба  Южно-Торгайской  впадины  за  1986-1998  г.г. 

Фонды ТГФЭ, 1988. 

3.  Жолтаев  Г.Ж.,  Парагульгов  Т.Х.,  Ажгалиев  Д.К.  Пространственно-временные  закономерности 

размещения месторождений нефти и газа в Южно-Торгайском бассейне. – Алматы.: ИИА «Айкос», 1998. 

4. Папин Н.М. Отчет о результатах сейсморазведочных работ на нефть и газ на Мынбулакской 

седловине Южно-Торгайской впадины за 1987-1989 г.г. ИГФЭ, Фонды ЮКНРЭ,1989г. 

 

 

БРАХИОПОДАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 



 

Муратханов Д.Б.  Молдамуратов М. 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ, Қазақстан Республикасы  

 

Брахиоподалар  –  дара  жәндіктер̣.  Жұмсақ    денесі  жармалары  бірдей  емес  қосжақтаулы  шанақпен 

қорғалған. Екі жақты симметриялы жәндіктер. Симметрия жазықтығы шанақтар- дың ортасынан өтеді. 

Қазіргі  теңіздерде  200-ге  жуық,  қазба  күйінде  10000-нан  аса  түрлері  белгілі,  палеозойда 

өркендеген. Кейбір түрлері геологиялық жасты анықтауда жетекші топ саналады. 

Брахиоподалар  көбінесе,  отырықты  бентос,  олар  тек  теңізде  тіршілік  етеді.  Су  түбіне  немесе 

басқа заттарға аяғымен бекітіледі.Жәндік  денесінің артқы бетінен шеміршекті цилиндрге ұқсас аяғы 


 

70 


шығып  тұрады.  Шанақтары  тең  емес    және  хитинмен  қапталған.  Аяқ  шығатын  тесігі  бар  жәндіктің 

биік төбешігі құрсақ жарғақшада орналасқан. Шанақтың төбешік орналасқан шеті – артқы, ал қарама-

қарсы  беті  –  алдыңғы  не  маңдай  шеті  деп  аталады. Төбешік  маңы  бөлігіндегі  жарғақтардың  қосылу 

сызығын топса  шегі (шеті,қыры) дейді. Төбешіктің астында үшбұрышты не жарты ай тәрізді тар алаң  



арея бөлінеді. 

Жарғақтар аралығындағы қуыста жұмсақ дене орналасады.Бұл қуыс жұмсақ қалқамен висцерал 

(артқы)  және  көлемі  жағынан  үлкенірек  алдыңғы  бөлігі    –  мантия  (шапанша)  қуыс-  тарына 

бөлінген.Барлық  дене  мүшелері  висцерал  немесе  ішкі  қуысында  орналасқан  саңылау  тәрізді  қысқа 

ауыз  жұтқыншаққа,  содан  соң,соқыр  ішекпен  бетінен  кеңейген  асқазанға  жал-  ғасады.  Қарапайым 

брахиоподалар  ішегі  мантия  қуысына  анал  тесігімен  ашылады.  Мантия  қуысында  мантияның  екі 

қатпаршасы (қалақшасы) төселіп жатады. Сонымен қатар, бұл жерде бұрала оралған екі шашақты етті 

өсінді брахиялар (қолдар) бар. Олардың үстіңгі жағында ұзын қармалауыштар, табандарында ауызға 

баратын  кішкентай  науа  бар.  Жарғақ-  тар  бұлшық  етпен  байланысады,  ал  ең  жетілген  түрлерінде 

топсамен  бірігеді.  Топса  құрсақ  жарғақтағы  дельтирия  шетінде  орналасқан  әктас  тістен  және  арқа 

жармағындағы тіс өсінді- сінің екі жағында кездесетін шұңқырлардан құралады. 

Ішкі  құрылысының  елеулі  элементі  –  қол  тіреулері  дамыған  жәндік  түрлерінде  кездеседі.  Бұл 

арқа  жарғағының  ішкі  жағында  өсетін  әктас  қаңқа.Олар  брахиопода  қолдарын  тіреп,  сүйемелдеп 

тұрады. Қол тіреулерінің құрылысы әр түрлі: крура, тұзақ тәрізді және спираль тәрізді болады.  

Химиялық  құрамына  қарай  брахиоподалардың  шанақтары  хитин-фосфатты  және  әктасты 

болады. 


Брахиоподалар 

жынысты 


жолмен 

көбейеді, 

ұрықтануы 

сыртқы. 


Жұмыртқадан 

кірпікшелермен қапталған микроскоптық балаңқұрт шығады. Личинка жүзіп жүреді, содан соң теңіз 

түбінде бекітіліп, шанақ жақтауларын бөліп шығарады. 

Шанақтың химимялық құрамы, топсаның болуы не болмауына және дене мүшелерінің құрамына 

қарай брахиоподалар: топсасыздар және топсалылар класына бөлінеді.  

Inarticulata класы. Инартикулята. Топсасыздар 

Топсасыздар  класына  көне  және  ең  қарапайым  хитин-фосфатты  не  мүйізді,  сирегірек  әктас 

шанақты  брахиоподалар  жатады.  Топсасы  жоқ,  жарғақтары    бұлшық  етпен  ғана  бірік-  тіріледі.  Қол 

тіреулері болмайды. Аяғы екі жарғақ төбешіктерінің аралығынан шығады. Ұзын ішегі анал тесігімен 

аяқталады. Класс алты отрядқа бөлінеді. Соның бір отрядын қарастырып өтсек. 

Lingulida отряды. Лингулидтер 

Лингулидтерге  қарапайым  топсасыздар  жатады.  Олардың  аяқтары  жарғақтарының  төбесінен 

шығады.  Жарғақ  беттерінде  центрлес  өсінді  сызықтары  және  нашар  байқалатын  радиал  ағыс 

сызықтары  бар.  Ұзын  аяқтарымен  лингулидтер  ұйық-тұнбаға,  құмға  көміліп,  шанақтың  алдыңғы 

жағын  сыртқа  шығарып  қояды.  Судың  айтарлықтай  тұщылануына  шыдай  алады.  Топсасыз 

брахиоподалар  кембрийде  пайда  болып,  ордовик  және  силурда  кең  таралған,  сөйтіп  қазіргі  уақытқа 

дейін өмір сүреді.Өкілдерінің бір – Оболюс.  

Obolus  тегі. Оболюс (грекше – ежелгі Грекия ұсақ тиыны) 

Шанағы дөңгелек, хитин-фосфатты, тең жарғақты дерлік. Екі жарғақтың да  ареясы бар, құрсақ 

жағындағысында  ареясы  кеңдеу.  Сыртқы  бетінде  центрлес  өсінді  сызықтар,  сирегі-  рек  сәулелі 

жіңішке  сызықтар  кездеседі.  Шанағы  күңгірт  қоңыр-қара  түсті  (жоғары  мөл-  шерде  фосфат 

болғандықтан). Ортаңғы кембрий - ордовик кезінде өмір сүрген. 

 

 



 

1-сурет. Obolus (құрсақ жарғағының сыртқы көрінісі) 



 

71 


Articulata класы. Артикулята. Топсалылар 

Бұл  класқа  бақалшағы  әктас  брахиоподалардың  негізгі  тобы  жатады.Топсасы  бар.  Құрсақ 

жарғағында  дельтириум  болады.  Ол  екі  дельтидиал  қалақшамен  немесе  бір  қалақшамен 

(дельтидиуммен)  жабылған.  Қол  тіреулері  жай  ілгек  тәрізді  және  күрделі  түрлеріне  дейін  өзгереді. 

Топсалылар  қол  тіреуі  топса  құрылысының  және  аяғы  шығатын  тесігінің  өзгеше-  ліктеріне  қарай 

отрядтарға  бөлінеді.Оладың  көптеген  түрлері  маңызды  жетекші  формалар  рөлін  атқарады.Бастапқы 

кембрийден  қазіргі  уақытқа  дейін  белгілі.  Әсіресі  ордовик-девонда  кеңінен  таралған.  Топса- 

лылардың  Spiriferida отрядын қарастыруға болады.  



Spiriferida отряды. Спириферида 

Шанақтың екі жағы да дөңес. Өрнегі радиал бағытта таралған қырлы, тегіс немесе өскін- дерден 

құралған  қатпарлы  шанақ  та  болуы  мүмкін.  Құрсақ  жарғағында  арея  жақсы  дамыған.  Дельтириум 

дельтидиал  қалақшалармен  жабылған.Тістері  тіс  қалақшаларға  тіреледі.  Қол  тіреулері  ұштары  екі 

жаққа қараған спираль конустарға ұқсас. Ордовик  юрада, әсіресе, девон-пермьде көп кездеседі. 

Spirifer тегі. Спирифер (латынша spiro-спираль, fero- алып жүру) 

Шанақтың  екі  жағы  да  дөңес,  дөңгелекше-үшбұрыш  немесе  сопақша  пішінді.  Топса  шеті  түзу, 

ұзын.Құрсақ  жарғақ  төбешігінің  астында  үшбұрышты  дельтириумы  бар  кең  арея  орна-  ласқан. 

Дельтириум  екі  дельтидиал  қалақшамен  жабылған.  Қол  тіреулері  екі  спираль  конус  тәрізді  болады. 

Сыртқы беті радиал қырлы және центрлес ағыс сызықтармен өрнектелген. Силур-пермь дәуірлерінде 

өмір  сүрген.  Spirifer  тегі  бұрыннан  белгілі,  қазір  ол  тұқымдас  ретінде  қарастырылып,:  Eospirifer 

(силур-ортаңғы  девон),  Cyrtospirifer  (соңғы  девон  –  бастапқы  карбон  ),  Chorisites  (карбон  -  пермь) 

сияқты бірқатар дербес тектерге бөлінген. 

                         

 

 



3-сурет. Spirifer 

 

Тіршілік жағдайы және геологиялық таралуы 

Брахиоподалар  –  тек  қана  теңіз,  стеногалинді,  отырықшыл  бентос  жәндіктер.  Олар  аяғымен, 

тікенектерімен, жарғақ беттерімен су түбіне жабысып тұрған. Productus сияқты түрлері дөңес құрсақ 

жарғағында жатқан. Палеозой брахиоподалары көбінесе, саяз суда, әктас ұйықты құмды теңіз түбінде 

өмір сүрген. Құмды су түбінде тіршілік еткен брахиопо- далардың дөрекі қырлы шанағының екі жағы 

да  дөңес  болған.  Саз  балшықты  су  түбінде  екі  жақты  дөңес  шанақ  сирек  кездеседі,  себебі  жылдам 

тұнба түзбейтін ұйық су қысқа аяқты жәндіктер үшін қолайсыз. Саз балшықты жағдайда өмір сүретін 

түрлердің  жіңішке  қырлы  және  тар,кішкентай  қуысты,  ойыс-дөңес  шанағы  болған.  Олар  теңіз 

толқыны  жайлаған  жерден  аулақ  тіршілік  етеді.  Қазіргі  брахиоподалардың  көпшілігі  таяз  су 

мекендеушілері  (60-200-  ден    200-500  м  тереңдікте  өмір  сүреді).  Олар  тасты  грунтқа  қоныстанады. 

Ұзын аяғы бар лингулидтер құмды су түбін жайлайды. Олар тереңдігі 5-тен 30 см-ге дейін қазыл- ған 

індерде  орналасады.  Кейбір  қазба  брахиоподалар  бір-біріне  бос  қалған  шанақтарға  жабысып  ,  бір 

жерге  жиналып  биогермдер  (төбешіктер)  құрайды.  Қозғалмалы  ортада  өмір  сүретін  брахиоподалар 

құрылысында  ерекше  өзгерістер  болады.Оларда  конус  немесе  бокал  пішінді,  биік  құрсақ  жарғақта, 

қалың  қабатты  шанақтар  дамиды,  оның  арқасы  кішкентай  қақпашаға  ұқсайды.  Richthofenia  сияқты 

түрлері сыртқы пішініне қарай ругоза маржандарын еске түсіріп, конвергенция жасайды. 

 

 



 

 


 

72 


1-кесте 

Брахиоподалардың даму тарихы 

 

Өзіндік таснұсқалары 



 

К

А



Й

Н

О



ЗО

Й

 



 

 

Брахиоподалардың қазіргі 



өкілдері: ринхоннелидтер мен 

теребратулидалар 

       

 

Terebratula          Rhynchonella 



Б

ор

 



Дамуы жалғасты, бірақ дәуірді 

соңында жаппай қырылудан 75%  

түрлері жойылып кеткен 

 

Spirifer 



Ю

ра

 



 

Rhynchonellida отряды 

брахиоподтарының шарықтауы 

   


 

Ринхоннеллидтер 

М

Е

ЗО



ЗО

Й

 



Т

ри

ас



 

 

Саны аз болғанымен жетекші рөл 



атқарды 

 

 



Neospirifer 

П

ерм



ь

 

 



 

Жаппай жойылу салдарынан 

көпшілігі өліп бітеді 

 

Licharewia 



Т

ас

к



ө

м

ір



 

 

Спириферлер мен зор          



продуктидтер 

 

         



 

Unispirifer               Chorisites   

Д

ев

он



 

 

Топсалы брахиоподтардың 



дамуының шырқау шегі. 

Дәуірдің соңындағы жаппай 

қырылу 

 

            



 

     Karpinskia       Stringocephalus               

Л

Е

О



ЗО

Й

 



 

С

и



л

ур

 



 

Күрделі алдыңғы    

аппараттарының білінуі 

 

 



    

  

  Conchidium                 Pentamerus 



 

 


 

73 


1-кестенің жалғасы 

 

О



рд

ов

и



к

 

 



Топсасыз хитинді-фосфатты 

бақалшақты және көбейе түскен 

әкті бақалшақты топсалылар 

 

         



 

     Porambonites               Orthis 

 

К

ем



б

ри

й



 

 

Топсасыз брахиоподтар 



 

  

 



               Obolus            Kutorgina 

 

Әдебиет 

 

1. Байбатша Ә.Б. Палеонтология және тарихи геология.– Алматы: Дәуір, 2011– 496 б. 

2.  Әбішев  Б.М.,  Лисогор  К.А.,  Малиновская  В.Д.,  Махмұтов  Ә.Т.  Палеонтология  курсы.  – 

Алматы, 1999. - 251 б. 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВОЛЬФРАМДЫ КЕНОРЫНДАР 



 

Мұхамедиярова А.А., Жүнісов А.А. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы КазҰТУ,  Алматы қ, Қазақстан Республикасы 

 

Қазіргі  заманда  ғылыми  техникалық  прогресстің  өсуіне  байланысты  шетелде  сирек  кездесетін 



металдарға  сұраныс  көп.  Себебі  сирек  кездесетін  металдар  жоғары  технологиялы  ғылыми  ауқымды 

өнімдердің негізін құрайды және оның қолдану аясы өте кең. 

Қазақстан  -  ірі  сирек  металдық  провинңия.  Бізде  көптеген  сирек  металдар  мен  шашыранды 

элементтердің  қоры  барланған.  Олардың  кейбіреулері  (вольфрам,  молибден,  бериллий,  ниобий, 

тантал, цирконий, стронций, қалайы) дербес кенорындар жасайды, басқалары (литий, сынап, күшэла, 

висмут,  ванадий,  және  т.б.)  рудаларда  ілеспе  компоненттер  түрінде  кездеседі.  Қазақстандағы  сирек 

кездесетін металдардың ішінде өнеркәсіптегі маңыздысы молибден мен вольфрам.  

Вольфрам  кендері  Қытай  мен  оңтүстік  Кореяда,  АҚШ,  Австралия,  Индияда  және  т.б.  елдерде 

өндіріліп, өндірістің көптеген саласында қолданылады. 

Вольфрамды  минералдардың  22  түрі  белгілі.  Вольфрам  минерал-дарының  ішінде  өнеркәсіпте  ең 

көп қолданылатыны вольфрамит пен шеелит. 

Вольфрамит  [(Ғе,Мn)WО

4

]  химиялық  құрамы  мен  кристалдық  формасы  жағынан  бір-біріне 



ұқсас  темір  мен  марганецтің  вольфрамат-тарының  қоспасынан  құралады.  Шеелит  (СаWО

4



кальцийдің вольфраматынан түрады. 

Вольфрамның  рудаларын  байыту  арқылы,  оның  конңентраттарын  алады.  Рудаларды  байыту 

үшін мынадай тәсілдер қолданылады: 

  Гравитациялық байыту - минералдардыц тығыздығына байланысты бөлінеді. 

  Флотациялық  байыту  -  суланбайтын  минералдардың  іріктелініп  пульпадағы ауаның  көпіршігімен 

бөлініп шығуына негізделген. 

  Магнитпен сепарациялау және химиялық байыту. 

Вольфрамның ең негізгі кенорындары эндогендік құбылыстармен байланысты, яғни пегматитті және 

гидротермалды  ортада,  тиісінше  генетикалық  байланыста  қышқыл  граниттер  кайназой,  мезазой  және 

палеозой дәуірлерінде, герцин, киммерий және альпі кезеңдердегі магмаларға қатысты пайда болған. 

Республикадағы  вольфрам  қорының  мөлшері  әлемдегі  қордың  жартысынан  артық  мөлшерін 

құрайды.  Бұл  металдың  16  кенорны  есепке  алынды,  оның  12  баланстық  қорлар,  ал  4  баланстан  тыс 

қорлар. Вольфрамның негізгі қорлары 7 ірі кенорындарында белгілі: Караоба- штокверкті, Ақшатау, 

Жоғарғы  Қайрақты,  Солтүстік  Қатпар,  Баян,  Көктенкөл,  Оңтүстік  Жаур  және  Богут.  Бұл 

кенорындары  W-Мо  кенді  формациясына  жатады  және  екі  кварцты  желілі  және  кварцты 

желісымақты  морфологиялық  түрмен  сипатталады.  Қалған  кенорындар  маңызы  шектеулі,  балансты: 

Нұраталды, Солнечное, Ақмая; баланстан тыс: Батыстау, Байназар, Чердояқ, Гремячий кенорындары. 


 

74 


Негізгі  вольфрвмды  кенорындары  өте  кедей  келген  штокверкті  таужыныс-тарында  пайда  болған. 

Орталық Қазақстандағы көптеген вольфрамды кенорындары шақпақ тасты вольфрамды кенорындары 

түрлеріне жатады. Оның ішінде шақпақ тасты - шеелитті кенорындары қатарына Жоғарғы Қайрақты, 

Оңтүстік Жаур, Шығыс Қазақстандағы Чердояқ, Гремячий  кенорындары. 



Қараоба  кенорны.  Бұл  девондық,  таскөмірлік  және  пермдік  жастағы  граниттермен  және 

терригенді – жанартаулық құрылым-дардан қалыптасқан кенді өріс.  

Сирек  металдардың  минералдануы  гранитте  бірен-сараны  жанартаулардың  қатысуымен 

қалыптасып,  және  кварцты  желілі-грейзендік  зоналар  мен  кварцты  желісымақты-грейзендік  зоналар 

өсінің ұзындығына сәйкес орналасқан. Батыс пен шығысқа шұғыл құлайтын  рудалық дененің 100-ге 

жуығы белгілі, соның ішінде   20 шақтысы өнеркәсіптік болып табылады. 

Қараоба  кенорны  төменгі  және  орталық  девонның  эффузивті  таужыныстарын  жарып  шығып, 

шағын  келген  гранит  сілеміне  ұштаса  орналасқан,  яғни  шақпақ  тасты  желілер  және  грейзенді 

таужыныстары  арасында  граннттер  мен  олардың  шекараларында  іргелес  орналасқан.  Өндірістік 

маңызы  бар  кеніштер  қатарына аса  жоғары  температурада  пайда  болған  шақпақтасты  вольфрамитті 

молибденитпен,  касситеритпен  және  висмутты  минералдармен  қоса  шоғырланған  кеніш  желілері, 

сондай- ақ қорғасын, мырыш және мыс сульфидтерімен араласа, орташа темпера-турада пайда болған 

шақпақ тасты-вольфрамитті желілер қосылады. 

Кенді алаңда үш кенді  участок бөлінеді: Орталық, Молибденді (Оңтүстік-Батыс) және  Батыс. Олар 

пермь  граниттерінің  апикалды  бетінде  және  олардың  интрузия  үсті  белдемінде  орналасады.  Орталық 

участок  маңызы  бойынша  басты  болып  келеді  және  Қараоба  массивімен  оның  жақын  экзожапсарлар 

ауданын қамтып вольфрам кенді тастамырлардың көп бөлігін біріктіреді. Молибденді участок туфтардың 

арасында орналасып, молибден минералдылықты тастамырларды және штокверктік белдемді біріктіреді, 

ал Батыс участок эффузиялық пирокластикалық қат-қабатының және әктастардың жапсарында, сондай-ақ 

кенді  алаңның  батыс  және  оңтүстік  батыс  бөлігіндегі  жарылымның  бойымен  ауданды  алып,  молибден 

және вольфрам минералдылықты тастамырлар мен тастарамыстар белдемін біріктіреді.  

Қараобадағы  кен  қоры  желілілер  классы  үшін  орташа,  егер  штоквергті  кендерге 

жатқызылғандарды  алатын  болсақ  жартысынана  азы  игерілген.  11  игеріліп  жатқан  желілердегі  қор 

кеніштің  өнімділігінің  қарқыны  оның  ең  жақсы  кезеңдеріндегідей  сақталып  қалса,  20 жылға жетеді. 

Қараобаның штоквергін ( арка тәрізді дене) игеру  өнімділігіне қарай вольфрамды кен орындарының 

қоры бойынша орташасының қатарына жатқызылады. 



Акшатау  кенорны.  Кенорынның    рудалы  өрісі  шығысында  девондық  және  төменгі  карбондық 

қышқыл  эффузивтермен  және  олардың  пирокластарымен  жабылған  ороговикті  силлурлық 

полимикты құмтас пен тақтатас қабатынан құралған. 

Интрузивты  жыныстар  пермдік  лейкократты  гранит  пен  карбондық  гранодиорит-адамеллитен 

құралған.  Кеннің  жиналуы  граниттермен  байланысты,  гранитте,  гранодиорит-адамеллитте  және  аз 

мөлшерде  құмтастар  мен  тақтатастарда  орналасқан;  сызаттану  және  флюид  жиналудың 

(кварцполишпатты  желі    молибденитті,  кварцты,  кварц-мусковитті  және  кварц-топазды  құрамды 

грейзенді  денелер  вольфрамит  пен  молибденит  құрамды  кварц  желілі,  бериллды,  кварц-мусковитті) 

бірнеше  сатыларында  пайда  болған  комплексты  сирек  металды  минералданған,  кварцтыжелілі-

грейзенді дене ретінде сипатталады. Желілер мен қатпарлардың жиынтық қалыңдығы мен грейзендік 

денелергдің  жиынтық  қалыңдығына  қатынасы 1:3  тен  1:30  дейін  барады. Кенді  минералдар  желілер 

мен  грейзендерде  дамыған.  Өндірістік  кеніштік  денелер  көбіне  граниттер  мен  адамелиттерде 

орналасқан, сызықты пішінді, тіке құлайтын (70-90

0

), дециметр қуаттылығы 15-20, сирек жағдайларда 



50-60 м, орналасуы бойынша – жүздеген метр – алғашқы километрлер, құлауы бойыншы – 100-500 м 

созылған.  Кенорын  рудалары  вольфрам,  бериллий  және  молибден  шикізаттарын  құрайды.  Қоры 

бойынша  (желілілер  классында)  орташа  объект,  айтарлықтай  бөлігі  атқарылған.    WO

орташа  үлесі 



0,7-0,5 %-дан 0,25-0,35% дейін төмендеді. 

Жоғарғы Қайрақты кенорны. Кенорын аумағы силурийлық тақтатас пен ороговиктік құмтас, бір 

массада  күкірттенген  және  кварцталған,  содан  соң  бірнеше  кезеңде  бөлшектелген  желі  мен 

штокверкті  типті  сызаттардан  құралған.Геофизиктердің  мәліметтері  бойынша  тектоникалық  және 

флюидтердің  белсенділігі  1000  м  тереңдікте  орналасқан  гранитоидтардың  үлкен  массивымен 

байланысты. 

Жобадағы  штоквергтік  зонаның  жалпы  көлемі  2300  м

2

,  зона  екі  салыс-тырмалы  бай  кенорынға 



бөлінеді:  Батыс  және  Шығыс.  Өндірістік  контурда  штокверг  кені  ер-тоқым  тәрізді  солтүстік-батыс 

бағытында созылған, Шығыс бөлігі діңгек сияқты аяқталып, тереңдігі 800-900 м жетеді. 

Желілер  мен  сызаттардың  қалыңдығы  2-6  мм,  сирек  жағдайларда  20-25  см-ге  жетеді.  Ені 

бойынша  қалыптаспаған,  бір-бірін  ықтырма  сияқты  алмастырып  тұрады,  сүйір  бұрыштарда  күрделі 



 

75 


тарамдалып келеді. 1 шаршы м ішіне 20 дейін желілі массасы 6-8 см кенді сызаттар сәйкес келеді. 400 

м астам тереңдікте сызаттар саы 1 шаршы м-ге       5-6 дейін азаяды. 

Кенорынның  қалыптасуы  4  этаптан  турады:  молибденитті  кварц-калишпатты  және 

молибдошеелитті    кварц-калишпатты;  кварц-молибденитті,  мусковит-пирит-вольфромит  және 

колчеданды.  Желіліер  мен  сызаттардағы  басты  кен  минералдар  –  пирит,  шеелит,  молибденит, 

висмутин. Вольфрамит екінші сатылы компонент. 

Вольфрамды кен жиналу 750-800 м (кенді діңгек) тереңдіктегі кондициялы кескінде байқалады. 

Тау-кендік  жағдай  бойынша    кенорында  жұмыс  жүргізу  ер-тоқым  сияқты  кеніште  400  м  тереңдікте 

тиімді. Кен орындағы WO

орташа мөлшері 0,135; Mo – 0,004; Ві – 0,024%.  



Солтүстік  Қатпар  кенорны.  Девондық  терригенді  және  жанар-таулы  түзілімдерінің 

ортасындағы  иіңкі орналасқан жоғарғы турнейлік әктаста қалыптасқан. Кен жиналу жер бетінен 400-

600  м  тереңдікте  орналасқан  әктаста  күмбез  құрайтын  кеш  герциндік  граниттермен  байланысты. 

Апикальдік  бөлігінде  гранит  массивы  калишпатталған,  альбиттелген,  грейзенделген.  Экзожапсар 

бөлігіндегі  әктас  мәрмәрленген  және  өңделген.  Гранит  Өспен  кенішті  аймағының  белсенді 

тектоникалық  участогында  (флексуралар,  бөліну  аумағы  мен  сызаттар  пайда  болу  аумағы, 

аударылмалы қатпарлар, кіші қаусырмалар) орнаған, және осындай жағдайларда диффузиялық типті 

қабаттық түйісу гранитты массивтың апликальды бөлігінің үстіңгі бөлігіндегі өзекті штоквергті типті 

скарнда қалыптасқан. Кенорынның қалыптасуын гидротермальды сатыларда жүрген. 

Солтүстік  Қатпар  кенорны  лабораториялық  және  тәжірибелік  өнеркәсіптік  технологиялық  сынақ 

процесінде ауыр суспензияда сәтті түрде алдын ала байытылды. Пайдалы компоненттердің ауыр фракцияда 

орташа  маңызы  кеннен  шығарылғанмен  салыстырғанда

  2,5-3

  есе  көбейді.  Өкінішке  орай  республиканың 



қалған  вольфрамды  штокверкті  кендері  алдын  ала  байытылмайтын  кен  түрлеріне  жатады,  оларды  тек 

ядролық  физикалық  әдістерді  қолдану арқылы ғана алдын  ала  байытуға  болады.  Сапа жағынан  рентген  - 

радиометрлік  ірі  бөлшекпен  іріктеу  (РІР)  әдісі  аса  тиімді  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  Қазақстанда 

шторкверкті кеннің рентген - радиометрлік ірі бөлшекпен іріктеу (РІР) эдісі жасалмаған. 

Қазақстанда  молибден  мен  вольфрам  өнімдерінің  жоғарғы  технологиялық  өндірісін  және 

металлургиялық  толық  циклді  қалыңдығы  зор  сирек  металды  тау-кен  өндіретін  және  өндейтін 

өнеркәсібін  дамытуға  қолайлы жағдай  бар.  Оның даму  екпіңділігі  республикада  сирек  металдардың 

жалпы  қорларының

  98,6

  %  құрайтын  штокверкті  кенін  алдын  ала  байыту  және  шығару  әдістерінің 



нәтижелігімен байланысты. Осыған байланысты Қазақстанда алдын ала байытылмайтын штокверікті 

кендерін  алдын  ала  байыту  үшін  РІР  және  де  басқа  нәтижелі  әдістерін  құру  мақсатында  ғылыми 

зерттеулер жүргізу керек. 

 



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал