Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Международная научно-практическая конференция



жүктеу 84.04 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.04.2017
өлшемі84.04 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева 

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ ҚАЗІРГІ 

КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

 

Международная научно-практическая конференция



 

 «СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ФИЗИЧЕСКОЙ 

КУЛЬТУРЫ И СПОРТА» посвященной  7-ым Зимним 

Азиатским играм 



 

International science-practical conference 

 «MODERN PROBLEMS OF PHYSICAL CULTURE AND 

SPORT»  

devoted to 7

th

 winter Asian games  



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

Астана қаласы – 2011 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 



Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева 

 

 



 

 

 



 

 

«Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі кезеңдегі өзекті 



мәселелері» 

VII – Қысқы Азия ойындарына арналған 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

МАТЕРИАЛДАРЫ  

4-5 ақпан, 2011 жыл 

 

«Современные проблемы физической культуры и спорта»  

МАТЕРИАЛЫ 

Международной научно-практической конференции

 посвященной  7-

ым Зимним Азиатским играм 

4-5 февраля 2011 года 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  

 

УДК______ 

ББК______ 

Қ________ 

 

 

Бас редакторы/Главный редактор 

 

Редакция алқасы/Редакционная коллегия 

 

Басылымға жауапты/Ответственные за выпуск 

 

«Дене  тәрбиесі  және  спорттың  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселелері»:  VII  –  Қысқы 

Азия  ойындарына  арналған  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 

материалдары  (4-5  ақпан,  2011  жыл)/  Жалпы  ред.  Басқарған  А.Ә.Жұмаділханов.  – 

Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.-218 бет 

 

 

«Современные проблемы физической культуры и спорта»:  



Материалы  международной  научно-практической  конференции  посвященной    7-ым 

Зимним  Азиатским  играм  4-5  февраля  2011  года  (4-5  февраля  2011  года)/  под  общей 

ред. А.А.Жумадилханова. – Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011.-218 стр. 

 

 

 

 

ISBN________________ 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында VII – Қысқы 

Азия  ойындарына  арналған  «Дене  шынықтыру  және  спорттың  қазіргі  кездегі  өзекті 

мәселелеріне»  арналған  баяндамалар  беріледі.  Жинақ  материалдарын  жоғары  білім 

саласындағы ғалымдар, қызметкерлер, ізденушілер мен студенттер өздерінің ғылыми-

зерттеу жұмыстарында қолдана алады.  

В 

материалах 



международной 

научно-практической 

конференции 

предоставлены  доклады  посвященные  7-ым  Зимним  Азиатским  играм  «Современные 

проблемы  физической  культуры  и  спорта».  Опубликованные  материалы  могут  быть 

использованы 

в 

научно-исследовательских 



и 

практической 

деятельности 

специалистами,  работающими  в  области  высшего  образования,  учеными, 

соискателями.  

ISBN _________                                                           УДК_____ 

Қ ____________                                                            ББК__________ 

 

 

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011



 

 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘРБИЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ӘДІСТЕРДІ 

ҚАРАСТЫРУ 

 

Е.Б. Омаров 

П.ғ.к., доцент, профессор міндетін атқарушы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы 

        


     Кіріспе. 

Студент  жастарды  тәрбиелеуді  әлеуметтік-жеке 

тұлғалық  басқару  тұжырымдамасының  маңызды  құрауыштарының  бірі 

тәрбиелік  міндеттерді  шешуде  дене  шынықтыру-спорт  қызметінің 

тәсілдерін қолдану әдісі болып табылады. 

      Спорттық-педагогикалық  әдебиеттерді  талдаудың  нәтижесіне 

сүйенетін  болсақ,  онда  (В.А.  Щеголев  [1],  С.В.  Николаев  [2],  Ю.Н. 

Щедрин [3] және т.б) пікірлеріне сәйкес, дене шынықтыру және спорттық 

қызметтің жағыдайында тәрбие беру дегеніміз – жеке тұлғаның үйлесімдік 

дамуын  тәрбиелеудің  міндеттерін  тиімді  шешуді  қамтамасыз  ете  келіп 

олардың  бойында  әлеуметтік  және  кәсіптік  маңызды  қасиеттерді 

қалыптастыру мақсатында студенттерге ұстаздық-психологиялық әсер ету 

әдістерінің жүйесі деп түсіну керек. 

     Мақсаты.  Дене  шынықтыру-спорт  саласында  студенттерге 

тәрбиелік  ықпал  ететін  әдістердің  кең  тараған  түрлері:  сендірулер, 

жаттығулар,  көтермелеулер,  еріксіз  көндірулер,  үлгі-мысалдарды  сияқты 

тәсілдерді қолдану жолдарын талдау. 

    Тәрбиелік 

әсер  ету  әдістерінің  әр  қайсысы  жекелеген 

студенттердің  психологиясын  тек  белгілі  бір  бағытта  ғана  қайта 

қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін,  әрбір  әдіске  сәйкес  айла-тәсілдер 

жиынтығын қамтиды. 

Дене  шынықтыру  жүйесінде  сендіру  әдісі  ерекше  орын  алады, 

өйткені сендіру әдісі төмендегі іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді: 

−  студенттердің  сана  сезіміне  мақсатты  әсер  етуге,  олардың 

бойында моральды-жігерлі сендірулерді, білім беру қызметінің, қоғамдық 

жұмыстың  және  мінез-құлықтың  жоғары  мотивтерін  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді; 

−  төтенше  жағдайлардағы  іс-әрекеттерге        студенттерді 

жұмылдыруға,  білім  алуда  тұрақты  көрсеткіштерге  қол  жеткізуге,  дене 

қасиеттерін  физикалық  тәрбиелеудегі  тапсырма  міндеттерді  орындауға 

жәрдем береді; 

− қоғамдық пікірге және студенттік ұжымның тиімділігінің басқа да 

көрсеткіштеріне әсер етуге, оларды біріктіруге мүмкіндік береді; 



−  студенттерді  өзін-өзі  тәрбиелеулеріне,  өздерінің  жігерлі, 

физикалық 

қасиеттерін 

және 


қолданбалы 

дағдыларын 

саналы 

жетілдірулеріне ниеттеуі мүмкін. 



Сендіру  әдісінің  мұндай  кең  мүмкіндері  оның  көп  түрленген 

қызметтілігімен    түсіндіріледі.  В.К.Бальсевичтің  (2003)  пікірінше, 

белгілінген  шарттарда,  оның  қызметтері  тәрбие  беру  үрдісінің  барлық 

функцияларын әр қырлы деңгейде бейнелеуі мүмкін. 

Сендіру  әдісіне  сүйене  отырып,  оқытушы  кез-келген  қызметтің, 

сондай-ақ  дене  шынықтыру-спорт  қызметінің  тәрбиелік  рөлінен 

туындайтын бірнеше заңдылықтарды білуі тиіс: 

1.Қызметтің 

барлық 

түрлері 


белгілі 

тәрбие 


берушілік 

мүмкіндіктерге ие. Дегенмен әрбір қызмет өзіне сәйкес келетін білімдерді, 

тәжірибені,  дағдыларды  ғана  қалыптастыруы  мүмкін.  Бір  қызмет  түрі 

басқа  барлық  қызмет  түрлерін  ауыстыра  алмайды.  Сондықтан  тәрбие 

беруді қызметтің барлық түрлерінде жүзеге асыру қажет. 

2.  Егер  қызмет  түрі  тәрбиеленушіге  ешқандай  қызығушылық 

тудырмаса,  онда  ол  ешқандай  оң  тәрбиелік  әсер  қалыптастырмайды. 

Қызметтің ынта қалыптастырушы мотиві жеке тұлғаның оған қатынасына 

дәлме-дәл, сәйкес  болуы маңызды. 

3.  Тәрбиелік  әсер  етудің  нәтижесінде  студенттердің  бойында 

алдарына  қойған  мақсаттарына  жету  дайындығы  қалыптасады.  Мақсат 

адам үшін оның әдістерін, іс-әрекеттің мазмұнын анықтайтын және өзінің 

ерік-жігерін бағындыра білетін заң секілді күш болып табылады. 

4.  Студенттің  жеке  тұлғасын  тәрбиелеуге  қатысты  іс-әрекет 

бейтарапты  үрдіс  болып  қалады,  егер  оның  ұстаздық  әсерлерінің  сәйкес 

келетін  әдістері  табылып,  олар  жүзеге  асырылмаса.  Мұндай  әсер  етуде 

студентерді  ниеттеуді,  оқытуды  және  жаттықтыруды,  қоғамдық  пайдалы 

тәжірибені  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін,  әртүрлі  тәсілдер  мен 

әдістердің белгілі бір деңгейде үйлесуі қажет. 

Осылайша,  сендіру  әдісі  –  тәрбие  берудің  маңызды  міндеттерін 

шешуге,  студенттердің  бойында  білім  алу  қызметіне  деген  жоғары  ынта 

мен саналы қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Дене  шынықтыру-спорт  қызметінде  қолданылатын  жетекші 

әдістерінің бірі – жаттығу әдісі болып табылады.  

Дене шынықтыру-спорт қызметі өзінің мазмұны бойынша адамның 

рухани және физикалық күштерінің  күштелуін талап ететін, іс-әрекеттер 

мен  амалдар  жүйесі.  Бұл  қысым  күштердің  жүйелі  нығаюы  олардың 

тұрақталуы  мен  жетілуін  қамтамасыз  етеді.  Барлығы  жүктемелердің 

мерзімділігі мен сипатына, яғни жаттығулардың жүйесіне байланысты. 

Студенттерді  жаттықтыру  дегеніміз  –  олардың  амалдар  мен  іс-

әрекеттер  жүйесін  саналы  жасауларын,  соның  арқасында  өздерінің 

бойында  қажетті  жеке  тұлғалық  және  басқа  да  қасиеттерді 

қалыптастыратын шарттарға қою. 


Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуы  –  жаттығу  әдісінің  негізгі 

функциялары.  Дене  шынықтыру  жаттығулары  арқылы  студенттерді 

тәрбиелеу мүмкіндіктері өте жоғары. 

Біріншіден, жаттығу әдісі – студенттердің бойында физикалық дене 

қасиетері  мен  қолданбалы  дағдыларды  тәрбиелеуде  таптырмайтын  әдіс. 

Тек  жаттығу  әдісі  ғана  қажетті  деңгейге  дейін  негізгі  және  арнайы  дене 

қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді. 

Екіншіден, жаттығу әдісінің көмегі арқылы әртүрлі іс-әрекеттер мен 

амалдарды  жасауды  (кросстар,  ұзақ  жүгірулер,  жекпе-жектер,  судағы 

бөгеттер мен басқа да шектеу қамалдарды алу) жоғары тиімділікпен келесі 

жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға болады: ерік-жігер, төзімділік, 

мақсаттылық,  шыдамдылық  және  жиынтығында  адамның  еңбек 

қабілетінің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ететін,  жағымсыз  себептерге 

ықпал ету тұрақтылығы. 

Үшіншіден,  осы  әдісті  қолдана  отырып  топ  құрамында  жаттығу 

жасауда  топтық  динамикаға,  топтық  өзара  әрекеттесуді,  жолдастықты 

және басқа да топтық қасиеттерді нығайтуға мақсатты әсер етуге болады. 

Студенттерге  сабақ  беретін  дене  шынықтыру  маманы  бірнеше 

айқындалған  шарттарды  қолданғанда  ғана,  жаттығу  әдісі  тәрбиелік 

міндеттерді  шешуге  тиімді  әсер  ететіндігін  ескеруі  қажет.  Оларға  келесі 

шарттар жатады: 

1. Әдетте жаттығуды жүргізу үшін – студенттерге талап етілетін іс-

әрекеттердің  мазмұны  мен  жасау  тәртібін  оларға  түсіндіруді  қажет  етеді. 

Жаттығулар бағытты сендірулердің үйлесімінсіз бос әуреге айналады. 

2.  Тәрбиеленушілерді  жаттықтыра  отырып,  күш  пен  қуаттың 

жоғары  қарқынына  қол  жеткізуде,  олардың  жаттығулар  талаптарға  сай 

орындауларына  үнемі  ынталандыру  өте  маңызды,  әсіресе  жаттығуларды 

өздігінен  орындайтын  қажеттілікке,  яғни  өзін-өзі  тәрбиелеу  сатысына 

айналдыру керек. 

3.  Жаттығу  әдісін  қолданғанда  студенттердің жеке  ерекшеліктерін, 

физикалық және ерік-жігер қасиеттерінің даму деңгейін, жеке адам аралық 

қарым-қатынас  сипатын,  ұжымдағы  әлеуметтік-психологиялық  ортаны 

ескеру қажет. 

4.  Физикалық    дене  дайындығы  нашар  студенттерге  ерекше  көңіл 

бөлу  керек.  Осы  студенттердің  физикалық  дайындық  деңгейі  жалпы  топ 

студенттерінің  деңгейіне  жеткеннен  кейін  ғана  топтық  сипаттағы 

жаттығуларды қолдануға болады. 

Осылайша, жаттығу әдісі студенттердің бойында жоғары моральді-

жігерлі  және  физикалық  қасиеттерді  қалыптастыруда,  ұжымдық  және 

кәсіптік  өзара  қарым-қатынасты,  салауатты  психологиялық  ортаны 

тәрбиелеуде  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  әдісінің  тиімділігі  көбінде 

оқытушының  жеке  басының  үлгісіне,  оның  талап  етуіне,  көтермелеу 

шараларын тиімді қолдана білуіне байланысты. 


Студенттерді  тәрбиелеуді  әлеуметтік-жеке  тұлғалық  басқарудағы 

көтермелеу әдісі  – студенттердің алдарына қойған міндеттерін шешудегі, 

олардың  іс-әрекеттері  мен  жетістіктерін  моральды  және  материалды 

ынталандыруларын нығайтуды қамтиды. 

Көтермелеу – жеке тұлғаның психологиясына әсер етудің өте тиімді 

әдісі. Оның негізгі функциялары: студенттердің іс-әрекетін, мінез-құлқын 

және өзін-өзі тәрбиелеулерін ынталандыру, жаңа тәжірибелерді меңгеруге 

бағыттау,  дене  шынықтыру  және  спорт  жаттығуларына    белсенді,  оң 

көзқарасты  қалыптастыру. 

Көтермелеу  шын  мәнінде  студенттерді  белсенді  қызметке 

ынталандыруы үшін  бірнеше ұстаздық шарттарды сақтау қажет. 

Бірінші  шарт  –  қызметтің  негізгі  міндеттерін  шешу  үшін, 

жаттығушыларды  мобилизациялауда  көтермелеуді  мақсатты  түрде 

қолдану. 

Екінші  шарт  –  көтермелеудің  негізділігі.  Әрбір  көтермелеу  қайсы 

бір студенттің шынайы жетістіктеріне сәйкес келуі тиіс. 

Үшінші    шарт  –  көтермелеудің  жариялылығы.  А.С.Макаренко 

«көтермелеу» сөзіне «жұмылдыру идеясын» қосты. 

Үлгілі,  үздік  студентті  көтермелей  отырып,  біз  оған  ұжымның 

барлық  мүшелерінің  көңілін  аударамыз.  Көтермелеудің  жариялылық 

қағидасы  оқытушыға  жақсылап  жан-жақты  ойластыруды,  кімді,  қалай 

және  қандай  жағдайда  мақтауды,  сондай-ақ,  оны  үлгі  ретінде  көрсете 

білуді ескере алуды, марапаттауды мұқият таңдауды міндеттейді. 

Төртінші  шарт    –    көтермелеудің  дер  кезінде  және  өз  уақытында 

жасалуы, аса маңызды. 

Бесінші  шарт  –талаптылықты  бір  мезгілде  көтере  отырып, 

студенттердің алдына жаңа, неғұрлым қиын мәселелерді қою. 

Дене  шынықтыру-спорт  қызметі  үрдісінде  көтермелеу  әдісімен 

қатар,  басқа  да  тәрбиеге  ықпал  етудің  еріксіз  көндіру  әдісі  де  маңызды 

орын алады. 

Тәрбие  беру  әдісі  ретінде  еріксіз  көндіру  дегеніміз  – 

оқытушылардың  және  басқа  да  дәрежедегі  тәрбиешілердің  қызметіне, 

студенттердің  мінез-құлығы  мен  тәрбиелеулеріне  тұрақты,  жоғары 

талаптылығы,  сонымен  қатар  мораль  қалыптары  мен  заң  ережелеріне 

қарсы  болатын  студенттердің  іс-әрекеттері  мен  амалдарының  алдын  алу, 

жою болып табылады. 

Еріксіз  көндіру  әдісі  тиімді  болуы  үшін,  бір  қатар  ұстаздық 

шарттарды сақтау қажет. 

Бірінші  шарт  –  қандай  да  бір  дұрыс  емес  іс-әрекеттің  жолын  кесу 

немесе  алдын  алу  шараларын  студенттік  ұжымның  мүддесіне,  тәртіпті 

мығымдауға, білім беру сапасын арттыруға бағындару. 

Екінші    шарт  –  еріксіз  көндіру  шараларының  мақсаттылығы  мен 

негізділігі. 


Үшінші    шарт  –  оқытушының  талаптары  мен  тәртіптік  әсер  ету 

шараларын студенттік ұжымның бір адамдай қолдауы. 

Төртінші шарт  –  тәртіптік тәжірибенің тиімді орнатылуы. 

Бұрмаланудың  алдын  алу  үшін  төмендегі  ережелерді  басшылыққа 

алу керек: 

−  еріксіз  көндірудің  басқа  шаралары  қолданылғаннан  кейін  ғана 

жазалауды қолдану; 

−  барлық  жазалаулар  бұзықшылық  жасаған  адамның  кінәсінің 

деңгейі мен ауырлығына сәйкес болуы қажет; 

−  тәртіптік билік пен жазалаудың ақырғы шараларымен әуестенуге, 

құмарлануға болмайды.  

Тағайындалған жазаның міндетті түрде орындалуы тиіс. 

Еріксіз  көндіру  әдісінің  бесінші  және  ең  негізгі  шарты  –  

оқытушының өзіне деген жоғары талаптылығы. 

Сонымен,  тәрбие  беру  әдісі  ретінде  еріксіз  көндіру  әдісін 

қолданғанда  барлық уақытта студенттерге әсер етудің  ұстаздық мақсатты 

тәсілдері мен құралдарын таңдау қажет. 

Үлгі  көрсету  мен  тәрбиелеу  әдісінің  мысалы  ретінде    студенттік 

ұжымға және ұжымның әрбір мүшесіне әсер етудің ең тиімді әдісі, өйткені 

оның  негізінде  еліктеу  рефлексі  мен  өзара  жұғудың  әлеуметтік-

психологиялық заңы жатыр. 

Бұл  механизмдер  жеке  адам  аралық  өзара  әрекеттесудің 

бағдарланған және әсершіл түрлері деңгейлерінде жүзеге асырылады. 

Дене  шынықтыру  және  спорт  сабақтары  үрдісінде  топ  ішіндегі 

кейбір  жат  қылықтардың  біреуден  біреуге  жұғуы,  яғни  пайда  болғаны 

немесе  басқаларға  еліктеулер  сияқты,  өте  күшті  қозғаушы  әлеуетке  ие 

болдыруы  мүмкін.  Әдетте,  көбінесе  елктеу  әдеті  топ  көшбасшысына,  аса 

белсенді  мүшесіне  немесе  көпшілігіне  қарай  еліктеу  қасиетінің  болуы 

мүмкін. 

Дегенмен, 

мотивациялық 

қарым-қатынастың 

мұндай 

механизмдері  студенттік  топта  басымдырақ  болса,  көп  жағдайда  жеке 



тұлға  топ  қызметіне  шығармашылықпен  қатыспай  енжарлы  атқарушы 

болып 


қалады. 

Сондықтан 

ұжымдағы 

мотивация 

үрдістерінің 

ықшамдалуы  дене  шынықтыру-спорт  қызметі  саласындағы  орталық 

компонент ретінде топтық мақсатты сеніммен байланысты. 

Сонымен  қатар  үлгі,  сендіру,  көтермелеу,  және  еріксіз  көндіру 

әдістерінің  құрамдас  бөлігі    және  олардың  іскерлігінің  міндетті  шарты 

болып табылады.  

Дене шынықтыру-спорт қызметінде бұл әдіс –  ең тиімді әдіс. Дене 

шынықтыру  жаттығуларын  үлгілі  орындау  еліктеушілік  қасиетін 

туғызады,  тәрбиеленушілерден  көзге  көрнекілік  ұстанымдылықты 

қалыптастырады. 

Осылайша, дене шынықтыру-спорт қызметі үрдісінде студенттерге 

тәрбиелік ықпал етудің негізгі әдістерін қарастырдық.  



Қортынды.  Дегенмен,  осы  жұмыстың  ауқымында  талдана 

қарастырылған үрдістер, тәрбиені басқарудың басқа да әдістері тартымды 

тұжырымдармен  жіктеледі.  Мұндай  жағдайларға  қалай  қарау  керек? 

Бұларды ең алдымен, заңды құбылыстар секілді қабылдай алуға қалыптасу 

қасиетінің  тұрақтануы.  Тәрбие  беру  дегеніміз  –  үнемі  жетілуді,  жеке 

тұлғаға және ұжымға ұстаздық әсер етудің әдістері мен тәсілдерінің тиімді 

жүйесін  іздеу  мен  жаңартуды  қажет  ететін  шығармашылық  іс-әрекет 

екедігі  талданды.  Сондықтан  әдістердің  кез-келген  жүйесіне  сын  көзбен 

қарап,  ұстаздық  мән  мағаны  іздеу  керек  және  оны  тәжірибе  жүзінде 

қолданғанда шығармашылық әдісті көрсету керек. 

    Қарастырылып 

отырған 


тұжырымдаманың 

ең 


маңызды 

теориялық  ережелерінің  бірі  студенттерді  тәрбиелеуді  басқару  үрдісінің 

әлеуметтік-жеке тұлғалық бағыттылығы болып табылды. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 

Щеголев  В.А.  Физическая  культура  и  спорт  в  воспитании 



студентов. — Великие Луки, 1999. — 52 с.  

2.

 



Николаев  СВ.  Социализация  военнослужащих  в  процессе 

физ- 


культурно-спортивной  деятельности.  —  СПб.:  ВИФК,  2002.  -  С.  144-

158. 


3.

 

Щедрин  Ю.Н.  Развитие  лидерских  качеств  у  курсантов 



военно- 

учебных 


заведений 

в 

процессе 



физкультурно-спортивной 

деятельности: 



Автореф. дис. докт. пед. наук. - СПб., 2003. - 49 с. 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 84.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет